«Халық педагогикасы», «халықтық дәстүр» ұғымдарының психологиялық-педагогикалық мәні


«Халық педагогикасы», «халықтық дәстүр» ұғымдарының . . психологиялық-педагогикалық мәні
Қ. Әбдіразақов - филология ғылымдарының кандидаты,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Бүкіл адамзат баласы мен барлық жаратылыс иесі қай замандарда болмасын өзінің өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпағына мирас етіп қалдырып отырған. Этнопепагог ғалымдардың пайымдауларына қарағанда, халық педагогикасы өзінің ілкі бастауларын адам саналы әрекетке қадам басқан «Тас» дәуірлерінен алатын көрінеді. Соған қарағанда, әр ұлыс пен ұлттың халықтық тәрбиесінің сан мыңдаған ғасырлық тарихы бар.
Халық педагогикасы, халықтық тәрбие ұғымдары көптен бері педагогика ғылымының арнайы зерттеу пәні ретінде қарастырылып (қоғамының күнделікті өмір сүру мазмұнына көбірек ие болуымен ерекшеленіп), көптеген педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарына арқау болуда. Солардың бірінде ғалым С. Ғаббасов - халық педагогикасы дегеніміз, адамның жан дүниесін тәрбиелейтін ілім десе, . . . ал «этнопедагогика» - адамның тән құрылысының дұрыс жетілуіне әсер ететіндігін, ерекше даралап бөліп айтады.
Автор өзінің зерттеу еңбегінде, адам тәрбиесінің дамуын физиологиялық кезеңдерге бөліп, оны халық педагогикасы ұғымымен кіріктіріп, халық педагогикасының жеті түрлі негіздерін ұсынады. Және оларды былайша тарқатқан:
халық педагогикасының 1-ші негізі - семья құруға дайындық, ұрық тазалығы; 2-ші негізі - ана құрсағындағы тоғыз ай; 3-ші негізі - нәресте кезеңі; 4-ші негізі - балбөбек кезеңі; 5-ші негізі - балабақша жасындағы кезең; 6-ші негізі - бастауыш мектеп кезеңінің тәрбиесі; 7-ші негізі - орта білім мен кәмәләттік кезеңнің тәрбиесі.
Демек, қоғамдағы тәрбие үдерісінің әрбір сатысы жалаң тәрбие ұғымымен ғана шектеліп қалмай, ол қоғамдық мәнге ие болып, халықтық сипатқа айналып отырған. Яғни, тәрбие ұғымының халықтық деген мән-мағынамен тіркесуі де осыдан болар.
Халық педагогикасының бастаулары алғашқы қауымдық құрылыстан бастау алған. Алғашқы қауымдық құрылыс - адамзат қоғамы тарихының бастапқы дәуірі. Бұл дәуірдегі ұрпақ тәрбиесі туралы әртүрлі тарихи, этнографиялық және әдеби көздердің, сондай-ақ археологиялық қазбалардың негізінде ой өрбітуге болады. Тәрбиенің пайда болуы туралы сұрақ, қалпына келтірілген материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерінің сырын, алғашқы қауым дәуіріндегі тәрбиенің түпкі мән-мазмұнын түсінуде аса маңызды. Алғашқы қауым дәуіріндегі тәрбиені білдіретін заттардың қатарында археологтар тапқан еңбек және тұрмыс құралдарын, балалардың ойыншықтарын, тасқа салынған таңбаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, сол дәуірдегі халық ойындары, салт-дәстүрлер, ойын-сауықтар, фольклор (мақал-мәтелдер, эпостық жырлар), жазу пайда болғанға дейінгі құралдар тәрбиені сипаттайтын көздер болып табылады[1. 5] .
Қазақ Кеңес энциклопедиясының 2-ші томында: «Халық педагогикасы - тәрбие жөніндегі халықтың білімі, тәжірибесі. Халық педагогикасы дегеніміз ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәжірибесіндегі ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени ойлау процесінің озық үлгілерінің жиынтығы» - делінеді.
Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: Халықтық педагогика - тәрбие жөніндегі халықтың тәжірибесі деп қысқа қайырған.
Қ. Жарықбаевтың пайымдауынша: Халықтық педагогика - халықтың тәрбиелеу және оқыту туралы педагогикалық білімдерінің қосындысы.
«Халықтық педагогика - ұрпақтан-ұрпаққа көбіне ауызша түрде халық шығармашылығы арқылы берілген тәрбие мен оқыту саласындағы халықтың білімдері, іскерліктері, дағдыларының жиынтығы» - дейді С. А. Ұзақбаева.
Халық педагогикасы жайлы ой-пікірлердің бала тәрбиесіне тигізер әсері бүгінгі күні қазақстандық ғалымдарымыздың зерттеу тақырыптарына арқау болуда. Б. Ж. Мұханова, Р. Қ. Ильясовалар бірігіп жазған этнопедагогика оқулығында: «Халық педагогикасы - ғасырлар бойы халықтың халық болып тарих сахнасына шыққан күннен бергі жас ұрпақты рухани және материалдық мәдениетті меңгеруге жұмылдыратын тәлім-тәрбие құралы, ұлт мәдениетінің негізі[2. 10] .
Қ. Бөлеев: Халықтық педагогика - халық бұқарасының тәрбиелеу және оқыту туралы ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелері мен білімдері, өйткені халық « ғылым негізі - тәжірибе, даналық негізі - білім» -деген.
Е. Сағындықов: « Халық педагогикасы дегеніміз - халықтың өзіне ғана тән ерекшеліктеріне негізделген өзін қоршаған қоғамдық-әлеуметтік орта мен табиғат жағыдайына бейімделе қалыптасқан, халықтың шаруашылық-экономикалық жағдайына байланысты атадан балаға мұра болып келе жатқан тәрбие туралы ақыл-ой үлгілерінің жиынтығы».
Халық педагогикасының қыр-сырын көптен бері зерттеп келе жатқан сөз зергерлерінің бірі, ақын М. Әлімбаев өзінің «Халық - ғажап тәлімгер» атты еңбегінде: «Халық педагогикасы -ғасырлар бойы қалыптасып, қорлана байып келе жатқан ғылым » - деп жазды.
М. Әлімбаев: Халық педагогикасы дегеніміз, ол - халықтың рухаи мәдениетіне толқын-толқын ұрпақтардың көп болып, қауымдасып қосқан шығармашылық үлесінің нәтижесі. Халық педагогикасы - халықтың рухани мәдениетінің бір бөлігі, еңбекқор қалың көпшілік мұддесінің айқын көрінісі. Халықтың мұң-мұқтажына, қажетіне сай бұл педагогика тәрбиенің ең адамгершіл, ең демократияшыл мұраттарын ұсынады.
К. Ж. Қожахметованың зерттеулерінде А. Э. Измайловтың пікірлері келтіріліп, ол: «халық педагогикасының жалппы қабылдаған, жалпыадамзаттық нормалары, оқыту мен тәрбиенің тәжірибелеріне сүйене отырып, біріңғай негіз болады, яғни ғылым мұнда халық педагогикасының жалпыадамзаттық белгілеріне ерекше зейін аударады » - делінеді[3. 50] .
К. Ж. Қожахметова көптеген ғалымдар пікірлерін басшылыққа ала келіп, халық педагогикасы жайлы: «біз халық педагогикасын халықтың біліміне шоғырланған халықтың тәрбие тәжірибесінің және педагогикалық ой-пікірлерінің жиынтығы ретінде қарастырамыз» - дейді.
Халық педагогикасы, халықтық педагогика ұғымдарының мән-мағынасына отандық ғалымдармен қатар, (бізден де ертерек ) алыс-жақын шетелдік ғалымдар өз пікірлерін білдіріп отырған.
Е. Л. Христова: «Халықтық педагогика - халық бұқарасының, таптың педагогикалық санасы, олардың мүддесін көздеп, әлеуметтік теңдік үшін күресе білетін адам қалыптастыруға бағытталған педагогикалық қызметі. Дәстүрлі педагогикадан айырмашылығы жеке ұлттарға қызымет етуінде» - деп анықтама береді. Ал И. Ф. Харламов өзінің «Педагогика» атты оқу құралында халық педагогикасы мен этнопедагогиканың ара-жігін ажыратып береді: «тәрбиенің халықтық және ұлттық ерекшеліктерін зерттеу ерекше педагогикалық пәннің - этнопедагогиканың зерттеу пәні болды . . . Кейде жеке басылымдарда халық педагогикасы мен этопедагогика синонимдер ретінде қарастырылады. Бұл - дұрыс емес. Жоғарыда аталып өтілгендей, халық педагогикасы - бұл тәрбие туралы алуан түрлі этностардың (халықтар, ұлттар) халықтық тәжірибесі мен санасында қалыптасатын идеялар мен көріністердің жиынтығы. Ал этнопедагогика - бұл осы халық тәжірибесін және көріністерді зерттеумен айналысатын арнайы ғылыми пән»[4. 21] .
Я. И. Ханбиков: «халықтық педагогика - халықтың эмпирикалық білімдер саласы, оларда тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, еңбекшілердің кең бұқарасы қолданатын тәрбие мен оқытудың халықтық құралдарының іскерліктерінің және дадыларының жиынтығы көрініс тапқан» - деп тұжырымдаса, ғалым М. И. Стельмаховичтің пікірінше: халық педагогикасы ұғымы эмпирикалық педагогикалық білімді, және нақты этникалық қауымға қатыссыз құралдарды қамтиды.
В. А. Сухомлинскийдің пайымдауы бойынша, «халықтық педагогика» - бұл халықтың рухани өмірінің ортасы. Ол халық педагогикасында ұлттық мінездің ерекшеліктері мен халықтың бет-бейнесі қарастырылатындығын айтумен қатар, «біздің еңбекші халқымыздың адамгершілік идеяларын және содан туындайтын педагогикалық көзқарастарын зерттеу қажет» - деп жазды.
Халық педагогикасы, ( этнопедагогика) жайлы ой қозғағандардың алғашқыларының қатарында чуваш ғалымы Г. Н. Волков бар. Оның әдіснамалық тұжырымында халық педагогикасы мен халықтық тәрбие ұғымдары былайша жіктеле түскен: «халық педагогикасы мен халықтық тәрбиенің, тәрбие сферасындағы идея мен болмыстың, педагогикалық ой-пікір мен педагогикалық тәжірибе арасындағы тікелей, біржақты сәйкестік болмайды». «Халықтық педагогика - халық ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрінде, балалардың ойынында т. б. көрініс тапқан педагогикалық деректер мен тәжірибенің жиынтығы, біртұтас ұлттық мәдениет.
А. Э. Измайлов: Халықтық педагогика - халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа көбінесе ауызекі беріліп келлген, жинақталған және практикада тексерілген эмпирикалық білімдердің, мағлұматтардың, іскерліктердің және дағдылардың жиынтығы.
А. Ш. Гашимов: Халықтық педагогика - кең мағынада алғанда халық бұқарасының тәрбие мәселелері жөніндегі көзқарастарының, идеяларының, салттарының, дәстүрлерінің жиынтығы.
Г. С. Виноградов «Народная педагогика» (1926) атты еңбегін жазып, ол қазіргі педагогика мен ежелгі мәдениетті біріктіріп, ең алғаш рет «халықтық педагогика» деген атау-ұғымды енгізеді. Оның тұжырымы бойынша: «халық педагогикасы ырымдарды, діни сенімдерді сіңіре отырып, халықтың әлемді қабылдауына, халық философиясына сүйенеді». Яғни, халық педагогикасы - ұрпақтар тәжірибесімен жинақталған өнер-білім жиынтығы екенін айтады. Г. С. Виноградов: «Халықтық педагогика» - тұлғаны қалыптастыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығы, яғни халықтың тәлім-тәрбие тәжірибесі» - деген.
Халықтық педагогика ұғымының бастауларын педагогиканың негізін қалаушы, «педагогика ғылымының атасы» атанған чех халқының педагог- гуманисті А. Я. Коменский еңбектерінен кезіктіреміз. А. Я. Коменский «Чех тілінің қазынасы» (1612) деген тұңғыш еңбегінің өзінде халқына қызмет етуге ұмтылысын байқатқан. Ол өз халқының өмірін бақылай отырып, тарихты, географияны (Отанының картасын құрастырып) зерттейді, чех мақалдарын жазып алады. А. Я. Коменский сол заманның өзінде халық және халықтық тілдер аса бір жеккөрінішті нәрсеге айналғанын қынжыла жазып, осыған қатты ренішті екенін, барлық нәрсе әрбір халыққа оның өз тілінде берілуі тиіс екенін білдірген.
Оның «Қарт чехтардың даналығы», «1653 жылы жастарға арнап жинаған мінез-құлық ережелері», «Мектепті кертартпалықтан арылту туралы», т. б. үздік туындыларында халықтың педагогикалық мәдениетіне деген зор құрметі көрінеді . . . А. Я. Коменский балаларды ана тілінде оқытудың маңыздылығын баса айтып, «ана мектебінде» саналы түрдегі мектепке дейінгі тәрбиенің жеке халық өміріне байланысты біліммен қаруландырудың, еңбек етуге даярлаудың, балаларға мейрімділік танытудың, олардың жасы мен жеке бас ерекшеліктерін ескерудің қажет екенін қөрсетті.
Ұлы педагог-гуманист тәрбиенің халықтық дәстүрлерін, педагогикалық құбылыстарды ұғынып, оларды өзінің педагогикалық жүйесіне қосып алып қана қойған жоқ, тәрбиенің мәні, тәрбие мекемелері, оқулықтар, мектепке дейінгі тәрбие, жалпы білім беретін мектеп ұғымдарына жаңа мазмұн беріп, шығармашылықпен дамытты[5. 9] .
А. Я. Коменский балаларды ана тілінде оқыту олардың ұлттық санасын жаңғыртудың, ұлттық мәдениетін арттырудың құралы деп білді. Оның «Табиғилық» принцпі хаықтық тәжірибеден алынды. Ұлы педагогтің «Адами істерді түзету бойынша жалпыға бірдей кеңес» кітабы 7 бөлімнен тұрады. Шығарманың ең басты негізгі бөлімі болып саналатын, үшінші пансофиялық (даналық, барлығын білушілік) мектепте - халық әңгімелерінен алынған адамгершілік тақырыбындағы әңгімелер, жұмабақтар айту, халықтың әдет-ғұрыптарын насихаттау мектептегі білім беру мазмұнының негізін құрады.
А. Я. Коменский тұжырымдаған халықтық ұстанымды орыстың ұлы педагогі К. Д. Ушинский әрі қарай дамытады. Тәрбиенің қоғамдық мағынасының идеясы К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде халықтық принцп тұрғысында ашылады. Бұл оның педагогикалық тұжырымдамасының діңгегі.
К. Д. Ушинский өзінің педагогикалық жүйесінде орыс классикалық педагогикасының негізгі белгілерін жүзеге асырды және халықтық принцпін негіздеді. Сөйте отырып, К. Д. Ушинский саралаушылық тұрғыда халықтық принцпін екі прицпке бөліп қарастырды: 1) педагогика ғылымындағы халықтық принцпі; 2) тәрбиедегі халықтық принцпі. Осы аталған принцптерге ерекше зейін аударып, ол былай деп жазды: « Ғылым тәрбиемен араласпауы қажет », ол барлық халықтар үшін ортақ, алайда барлық халықтар мен барлық адамдар үшін өмірдің мақсаты мен нәтижесі болып табылмайды».
Халықтық принцпі ретінде халықтың өзінің ұлттық «Менін» сақтауға ұмтылысын және оның қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық салаларындаалға қарай дамуына ықпал етуге ұмтылысын түсіндіре отырып, К. Д. Ушинский былай деп жазды: «Халықтық рухы жоқ халық - жаны жоқ дене сияқты, оған тек бұзылу заңына сүйеніп, өзіндікбейнесін сақтаған басқа денелерде жоғалу ғана қалады».
Халық дәстүрлеріне ғылыми тұрғыда өзіндік ықпал еткен орыс педагогикасының басқа да өкілдері болды, атап айтсақ, Н. К. Крупская және А. С. Макаренко. Кейінірек олардың идеялары мен тәжірибесіне сүйене отырып, В. А. Сухомлинский халықтық принцпін ғылыми тұрғыда толыққанды негіздеді.
А. С. Макаренко халықтық тәрбиенің рөлін жоғары бағалай отырып, кеңес ғалымдарының ішінде ең алғашқылардың бірі болып «халық педагогикасында таптық элементтердің айқын көрінетінін атап көрсетті, сонымен бірге халық педагогикасы - ұлттық» деп негіздеді.
Жалпы алғанда, халықтық педагогика жайлы түйінді ой-пікірлерді алыс-жақын шетелдік ғалымдар: А. Я. Коменскийдің, И. Г. Песталоццидің, К. Д. Ушинскийдің, А. С. Макаренконың, Е. Л. Христованың, И. Ф. Харламовтың, Я. И. Ханбиков, М. И. Стельмаховичтің, В. А. Сухомлинскийдің Г. Н. Волковтың А. Ш. Гашимовтің, Г. С. Виноградовтың, В. Ф. Афанасьевтің, И. А. Шоровтың, И. Т. Огородниковтың, Т. А. Ильинаның және қазақтың педагог ғалымдары Қ, Б. Жарықбаевтың, С. К. Қалиевтің, С. Ғаббасовтың, С. Қ, Әбділдина, С. А. Ұзақбаеваның, З. Әбілованың, Ә. Табылдиевтің, Е. Сағындықовтың, Қ. Бөлеевтің, М. Әлімбаевтың, тағы басқа ғалымдар еңбектерінен кездестіреміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz