Стиль және сән


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Стиль және сән

Стиль (ағылш. style) - сөзінің астарында көркем идеялық мағынаға негізделген шығармашылық тәсілдер, айқындалған көркемдеу құралдары, тарихи негізделген жалпы белгілер, тұрақты бейне жүйелері деген мағына жатыр. Осы ортақ белгілер сәулет өнерінде, әдебиетте, сурет, кескіндеме өнерінде, костюм үлгісінде көрініс тапқан.

Стиль жүйесінің тұрақты:

- формальды;

- көркем-бейнелі;

-әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары бар.

Формальдылыққа талапқа сәйкес силуэтті сызықтар конструктивтік және композициялық құрылым, орындау техникасы, декорациялық және түстік өрнектеу шешімі жатады.

Көркем-бейнелі сипаттама адам пропорциясы, этникалық менталитетке негізделген сұлулық типі мен идеалы жөніндегі түсінік.

Әлеуметтік-психологиялық аспект адамның мінез-құлқының, жас ерекшелігінің киім үйлесімділігіне сай келуін қарасырады.

Әрбір ғасыр стиль, мәдениет, қоршаған орта және киімнің, сәулет өнері мен қолданбалы өнердің арасындағы байланыстың міндетті түрде болуын талап етеді. Қоршаған ортадағы заттар мен сәулет өнерінің костюммен үйлесімділігі мәдениеттің стильдік белгісі боп саналады. Негізінде, стильде сол заманға сәйкес сұлулық иделы көрініс табады. Стиль қоймасы - өз идеяларын айқындауға ұмтылған суретшілер тудырған бейнелер мен пішіндер. Кез келген тарихи кезеңде костюм пішіні идеясының негізіне бейне мен адамның толық не артық дене бітімі есепке алынады. Дене бітім сәулет өнерінде де модуль ретінде саналады. Ежелгі сәулет өнерінде жеке стиль мен алғашқы бейне негізге алынған. Әрбір ғасырда адамның дене бітімінің эстетикалық идеалы, пропорциясы мен масштабы, түстің және геометриялық пішіннің көлемі дамытылған.

Стиль және сән - өзара байланысқан жүйе, олар бір-бірінсіз дамып, өрби алмайды. Әдетте, әр заманда бір уақытта бір неше стиль өмір сүреді. Атап айтқанда, оларға қоданыстан шыққан, дәл сол кезеңде салтанат құрған және болашақ стильді қалыптастыратын элементтері ба стиль жатаы. Әрбір елде басқа елдермен мәдени қарым-қатынас дәрежесіне қарай, саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуына, мәдениеттінің өркендеу дәрежесіне байланысты көркемдік стильді даму эволюциясы бар.

Мысалы: 1890-1900 жылдары «жаңа готика», «жаңа орыс», т. б. стильдер: «арт деко» стилінде (120ж) - «орыс», «африкандық», «геометриялық» стильдер, т. б. болған.

ХХ ғасырда киім үлгісінде классикалық, романтикалық, спорттық және фольклорлық стильдер қалыптасып, орныққан. Өткен дәуірлердегі көркем стильдерге қарағанда аталған стильдер функционалдылығымен және костюмді орынды пайдалануымен сипатталады.

Адам өнері мен қоғамның қарқындап дамуы, ақпараттық процестердің өсуі, жаңа технология мен көпшілік нарықтың көбеюінің әсері адамзатқа бір ғана стиль емес, бірнеше стиль пішіні мен пластикалық үлгілерді таңдауын әкеледі. 1940 жылдары АҚШ-та сәнді костюм үлгісінде «кантри», «вестерн», «латынамерикандық» стильдері, 1950 жылдары «нью лук», «шанель», 1960ж «космостық», 1970ж «романтикалық», «ретро», «фольклорлық», «этникалық», «спорттық», «джинсылық», «диффузиялық», «»әскери, «іш киімдік», «диско», «сафари», «панк-стиль», 1980ж «экологиялық стиль», «жаңа пираттар», «жаңа классика», «жаңа барокко», «секси», «корсетті», «этникалық», 1990ж «гранж», «гламур», «нео-панк», «кибер-панк», «нео-хиппи», «минимализм», «милитари», т. б. стильдер болды.

Қазіргі заманғы сәнді стиль көптігі ерікті түрде туды деп айтуға болмайды. Саяси оқиғалармен, адамзатты толғандратын әлеуметтік мәселелермен байланысты туған стильдер дамып, құндылығын арттыруда. Жаңа стильдердің пайда болуына әсерін тигізеді.

ХХ ғасырда сән мен костюмге айтарлықтай әсер еткен ағым - эклектизм болды. Эклектиканың басты белгісі - стильдер қосындысы, мысалы, романтикалық пен спорттық стильдің үйлесімді байланысы.

Соңғы онжылдықтағы киім үлгісінде, әсіресе эклектика ағымы күшейді. Бүгінгі күнгі диайнда дәстүрдегі қиыспайтын нәрселерді қиыстыру әдісінің алатынорны ерекше. Суретшілер жаңашылдық іздеудің шексіз мүмкіндігін қарастыруда. Әлемдік сән мінбесіне жібек пен қалың жайма, табиғи тері мен жұқа шифон, қамқа мен қарапайым ағылшын твидін киген модельдер терілуде.

Зерттеушілердің сипаттамасы бойынша, стиль - сәнге қарағанда тұрақты әлеуметтік феномен, бірақ қазіргі қоғам үшін сәннің маңызы өте зор.

Сән қоғамдағы барлық (материалды жене рухани құндылығы бар) мәдени көріністерге қатысты, атап айтатқанда: өнер, әдебиет, медицина, элеуметтану, экономика, философия, техника, саясат, спорттың дамуына байланысты өзгеріп отырды. Сән механизмінің белсенділігі, әсіресе мәдениет саласында, түптеп келгенде, костюм дизайнында керініс табады.

Әр еуропалық тілде сән - мода сөзінің аналогы бар: латынша “modus” (өлшем, әдіс, ерсже), французша “mode”, итальянша “mode”, немісше “mode”, ағылшынша “mode” және “fashion”.

Сән ұғымының бірнеше анықтамасы былайша беруге болады:

Сән - белгілі бір қоғамдық ортада қандайда бір көз қарастың, тұрмыстың сырт пішінге, әсіресе костюмге қысқа мерзімді үстемдігі.

Сән - бұл айрықша әдіс, бейне, әлеуметтік ақпаратты өңдеудің өлшемі.

Сән - адам тіршілігінің енрдегі, тілдегі, киімдегі мезгілдік өзгерістері.

Сәндік өзгерістер өздерінің айқын, ашық үстемділігіне қарамастан ұзақ сақталмайды, өйткені адам баласы әр уақытта жаңалыққа, түрленуге ұмтылады. Сәннің ауысып отыруы, өмірдің тынысы тәрізді, ырғаққа бағынышты. Сәнді киімге әр түрлі себептер, мәселен, көркем бағыт та, әлуеуметтік оқиғалар да, тоқымашылардың экономикалық құлығы да, ұрпақтардың қақтығысы да, өткенге деген сағыныш та әсерен тигізеді.

Өткен ғасырларда костюмдегі өзгерістер өте баяу өтетін, сәннің үлгілері ондаған немесе жуздеген жылдар бойы езгеріссіз қалып отырған. Киімнің негізгі пішіні мен конструкциясы өз қалпында болып, тек аксессуарлары, матасы, жаға - жеңнің әшекейлері турленіп отырған.

Бүгінгі кунгі сәннің өміршендік айналымы өте қысқа. Устем стильдің аясында жаңа идеялар туындап, жаңа сән үлгілері күшіне еніп, керкемдік ерекшеліктерін шыңдап, өзінің ізашарын ақырындап ығыстыра бастайды. Ал үш - төрт жылдан кейін шыңына шығады және сол шыңда бес жылдай устемдігін ұстайды. Сәннің ішіне әр түрлі вариациялар, ұсақ - туйек өзгерістер, «бір сағаттык калифтер» туындап отырады. Бірақ сән өзәндегі барды толығымен шығармай өзінің негізгі бағытын өзгертпейді. Осылайша, бір сәннің орнына келесі сән алмасып келіп отырады, сәнді киім стилінің алмасу процесі он жылдай уақытқа созылады, бұл циклдар XX ғасырда кунтізбелік онжылдықтармен сәйкес келіп отырады, сондықтан «20 - жылдардын сәні», «50 - жылдардың сәні», т. б. айтады.

Сәннің қызметі және құрылымы

Сән барлық әлеуметтәк өзгерістер ішіндегі ең сезімтал «құрал», курделі психологиялық құбылыс.

Өнертанушылар сәннщ әлеуметтік құбылыс ретінде пайда болуын ежелгі орта ғасыр деуірінен, делірек айтқанда, XIV ғасырдын, соңы мен XV ғасырдын, жарты жылдығының басынан басталады деп есептейді. «Сән» құбылысының шын мәнін түсіну үшін, оның пайда болуы мен қызметінің терең механизмін ашу үшін қоғам да сәнді зерттеуге әлеуметтік жағдай жасалынды. XIX-XX ғасыр аяғында сән зерттеушілері оның шығуы мен дамуының, әлеуметтік себептерін, сән қолданысының экономикалық жене мәдени салдарларын талдай келіп, оны әлеуметтік феномен ретінде қарастырды. Сәнді әр түрлі көзқарас тұрғысынан, атап айтқанда, әлеуметтік психология, психологиялық талдау, нарық капитализмінің экономикасы жене мәдениеттану тұрғысынан зерттеді. Қай тұрғыдан алып қарасақ та, сән - қоғам дамуын анықтайтын қозгалыс ретінде адамзат өмірінде маңызды рөл атқарушы компоненттердің бірі.

Көп бейнелілік, плюрализм, постмодерннің принциптік эклектизмі қазіргі сән үлгісінде бұрынғыдай жалпыға ортақ сән стандарттарының пайда болуына әсер етті. Әр турлі әлеуметтік топтар үнемі өзгеріп отыратын, әрі сансыз көп сән стандарттары мен құндылық жүйелерін пайдаланады. Осылайша, өмір салтына, белгілі бір әлеуметтік топтардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты «бір сән үлгісінің» орнын «көп сән үлгісі» иеленді.

Сонымен, сән құрылысы келесі элементтерден тұрады:

  • Қимыл - қозғалыс пен мінез - құлықда үлгі немесе тәсіл болған сәндік стандарттар;
  • эстетика, идея, сөз, олардьі қасиеті сияқты материалдың жене материалдық емес сән объектілері;
  • сәндік стандарт немесе объектінің сәндік мағынасын жоғалтса, «сәннен шығып қалатын» сән маңызы немесе саннің тұтастығы;
  • сәндік стандартқа, объекті мен құндылыққа бағытталған мінез - құлық - сәнқойлардыц мінез - құлқы.

Қазіргі сән үлгілері бірқатар қызметтер атқарады:

  • инновациялық - көптеген мәдени модельдердің ішінен белгілі бір уақыт талабына екшеленген, өмір салтына лайьқ, жаңа мінез - құлыққа сәйкес жаңа сәннің енуі;
  • регулятивтік - сән үлгісі бұрынғы кезең мен жақын кезеңнің арасын беліп, регулятивтік - таяу болашақтағы сән үлгісін дайындайды;

- психологиялық - сән адам қиялы мен өзіндік ойының, жаңашылдыққа, ұмтылуының психологиялық қажетін өтейді. Сән жұртшылыққа эмоциялық күш береді, дайын сән үлгілерін жеке адам арқылы ұсына отырып, психологиялық әрекет жасайды;

- әлеуметтік - сән белгілі бір әлеуметтік ортада элеуметтік норма мен құндылықты, әлеуметтік және мәдени мұраларды қабылдай білуге үйретеді. Сән әлеуметтік теңсіздікті әрі көрсете, әрі теңдестіре отырып, қоғамдық шиеленісті реттейді;

- мәртебелік - сәндік стандартқа жэне жоғарғы әлеуметтікк топтарға - бекзаттарга еліктей отырып, өз бойындағы кемсіну сезімдерін жеңе білуі;

- коммуникативтік - сәннің қарым - қатынастық қызметінің көпшілік бұқаралық қарым - қатынасқа жол ашуы;

- экономикалық - тұтыну саласында сән адамныц мінез - құлқына әсер етсе, белгілі бір тұтынушылық құрылымының, қалыптасуына ықпал жасайды;

- эстетикалық - көпшіліктің эстетикалық талғамын, қажеттілігін қанағаттандыру, сәннің нәтижесінде эстетикалық бағаға ие болу.

«Орыс өзенінің маржандары» сөн үлгісіне лекала дайындау

Киім бөлшектері лекалосының сызбасы деп бөлшектердің пішіні мен өлшемін, конструкциясын, олардың өңдеуінің техникалық шарттарын және пішілуін анықтайтын техникалық құжатты атаймыз.

Лекало сызбасын құру барысында жалпы техникалық жағдайларда ұсынылған техникалык құжаттама пайдаланылады. Киім бөлшектері лекалосынын, сызбасын жасауға арналган бастапқы мәліметтер ретінде бұйымның модельдік конструкциясының сызбасы, бұйымды дайындауға ұсынылатын материалдардың қасиеттері жене таңдалған технологиялық өңдеу әдістері саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кэжуал стильдің ерекшеліктері
XX ғасырға дейінгі киім стилі
Сән
Костюм композициясының элементтері
Биыл сәнде баулы аяқ киімдер
Стиль, сән және костюм туралы түсінік
Костюм нақты уақыттағы адамның рухани және моральді сапасын көрсету құралы
Мұсылман киімінің дизайн концепциясы мен стилінің дамуы кэжуал стиль
«Ақ-жүніс» атты Прет-а-порте стиліндегі қыз келіншектерге арналған киім жиынтығын жобалау
Қазақстандағы сән әлемінің дамуы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz