Ежелгі грек сурет өнері



Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.
1. Ежлгі Грециядағы сурет салу әдістемесі.
2. Ежелгі Грек сурет өнері.
3. Ежелгі Грециядағы сурет салу ерекшелігі

ІІІ. Қорытынды.
Кіріспе.
Ежелгі Грецияға сурет өнері де кең тарады, бірақ, өкінішке орай, ол біздін, уақытқа дейін мүлде сақталған жоқ деуге болады. Грек суретшілері өз фрескалары мен мозаикаларына мифологияның оқиғаларын арқау етті, бірақ суреттер сонымен бірге сол кездің оқиғалары мен гректердің тұрмысын да бейнеледі. Біз қазіргі кезде археологтар Италияның оңтүстігінен және СССР-дің оңтүстігінен тапқан табыттардағы фрескалардан қызыл және қара түсті фигуралармен әшекейленген, көп мөлшерде бүгінге дейін келіп жеткен вазалардан гректердің монументтік және станокты сурет өнері жөнінде түсінік аламыз. Ежелгі қара фигуралы вазаларда күйдірілген саз балшықтың қызғылт фонында қара фигуралармен әр түрлі сюжеттер бейнеленеді. Едәуір кейінірек күйдірілген саз балшықтан қызғылт түсті фигураларды қара фон қоршап түрған қызғылт фигуралар вазалар жасала бастады. Ваза жасаушы суретшілер осылайша сюжетті неғұрлым дәл бере алды. Едәуір кейінгі уақыттардағы кейбір фреска — мозаикаларды молалардан табуға болады, Осыдан аз уақыт бұрын Италияның оңтүстігіндегі грек зираттарынан клас-сикалық дәуірдегі фрескалар табылды.
Ежелгі дүние бейнелеу өнерінің ескерткіштері сол кездегі қоғамдық өмірдің көрінісін береді. Мәселен, көлемі шағын суреттер шайқастарды, жарыстарды, цехтық шеберханаларды, бейнелейді; қытай бедерлері мен миниатюралары байдың үйіндегі той-думанды, белі бүгіліп, шаршаған адамдардың тұз өндіретін жерлердегі еңбегін, жібек пен қағаз ендірісінің процестерін; египет суреттері — салық төлеушілерді ұрып-соғуды, тұтқынға алуды және т. б. көр-сетеді.
Ежелгі грек бейнелеу өнерінің ескерткіштерін тарих жөніндегі оқу құралдары ретінде пайдалану сол кездегі адамдардың идеясын, көзқарасын, діни сенімі мен тілек-талабын нақты және кез жеткізе ашуға көмектеседі. Ежелгі грек ғасырлардағы өнердің көптеген ескерткіштері тарихи құбылыстарды суретшінің оларды өз көзімен көргеніндей және өз табының мүддесі тұрғысынан түсінгеніндей етіп немесе бұл құбылыстарды көрермен суретшінің қалауынша түсінетіндей етіп бейнелеген күйінде жеткізеді. Ежелгі грек суретші көбінесе адамдардың нағыз өзін емес, ойындағы адамдарды бейнелеген. Мәселен, грек мүсіншісі өз статуяларында сұлулық пен батылдықтың эллиндік идеалын білдірген, ежелгі грек суретші икондарда әулиелік пен аскетизмнің шіркеулік идеалын білдірген, ал Қайта өрлеу дәуіріндегі суретші әулие арқылы шіркеудің идеялық шырмауынан азат бола бастаған өз дәуірінің адамын мадақтаған. Ілгеріде атап көрсетілгеніндей, суретшілер ойдан шығарылған фактілер мен ертегілердегі пенделерді бейне-леген.
Г. Р. Косова жүгізген зерттеулер алғашқы адамдарда өнердің шығу фактісінің өзі оқушылар үшін алғашқы адамдардың қалай өсіп дамығанын көз жеткізе дәлелдеуге қызмет ететінін көрсетті. Мектеп оқушылары үңгірге сурет салып, жоғары палеолиттің скульптурасын жасау үшін, адамның жетілген қолы мен ақылы қажет болғанын және бұл шығармаларды жасаушылар өздерінін; ежелгі ата-ба-баларынан әлдеқайда озық болғаны?! түсінеді.
Сонымен ежелгі грек өнер шығармаларын тарих женіндегі көмекші оқу құралдары ретінде пайдалану оларда бейнеленген тарихи шындықты жақсы білуге, тереңірек сезіп, жете түсінуғе көмектеседі.
Ежелгі грек өнер шығармалары сурет жөніндегі көмекші оқу құралдары ретінде мектеп оқушыларына өнер әлемін аралатуға және оларға эстетикалық тәрбріе беруге жәрдемдеседі . Оқушылардың ежелгі грек өнер жайында суреттің мектептегі курсынан алған білімдері өнердің қоғамдық құбылыс ретіндегі мәнін тереңірек түсінуге көмектеседі, өйткені нақ осы дәуірлердің өнерінде оның Қоғам дамуымен байланысы және өнердің таптық сипаты ерекше айқын керінеді. Өнердің документ шығармаларымен жұмыс істеу.
бағыну, наным-сенімдер және дуагерлік негізінде емес, өзі түйген ұғымдар негізінде пікір айтатын ең жоғары ақыл иесі ретінде сезінді. Сөйтіп ол өз өмірін өзіне неғұрлым дұрыс көрінгеніндей құрды.
Грек дүниесінің рухани бірлігі әсіресе өнер саласында ерекше көрініс тапты.
Бізге жеткен алғашқы грек мүсіндерінен Египет ыңпалы әлі де айңын аңғарылады: қарсы алдынан көрсету және алғашңы кезде алға басылған оң аяқ немесе кеудеге қойылған қол арқылы қимылсыздықты ұяң ғана жеңе бастау. Эллада да кездесетін мәрмәрден жасалған осы мүсіндер, адам түсіндіре алмайтын сүйкімділікке толы. Олардан жастың лебі, суреткердің шабытты ұмтылысы, оның табанды да тынымсыз еңбек пен шеберлігін үздіксіз жетілдіру арқылы табиғат берген материалды толың игеруге, табиғаттың бүкіл, кейде жасырын жатқан сұлулығын аша аламын деген жан тебі-рентерлік сенімі есіп тұрады.
Адамның бойынан төрт есе үлкен алып мәрмәр мүсіннен (б. э. бұрынғы VI ғасырдың басы) «Мен түгелімен — мүсін де, тұғыр да — тұтас бір тастан жасалған деген мақтанышқа толы жазуды оқуға болады. Суреткер өзінің бойын билеген қуанышты осылай білдіріп, ұзақ еңбек арқылы материя массасын өз қалауынша билеп алуды үйренген өз қолының шеберлігін маңтан етеді, өйткені оның ұмтылып, өресі биік қолөнерде қолы жеткен — өнер деп аталған шабыты асқақ еді.
Грек шеберінің өз жұмысына осылай, салмақты, сүйіспеншілікпен және жіті қарауы Элладаның көркем творчествосының негізінің өзінде жатыр.
Архаикалың мүсіндер кімдерді бейнелейді? Олар — жалаңаш бозбалалар (куростар), атлеттер, жарыс жеңімпаздары. Дене тәрбиесі мен өнердің игілікті қабысуы! Эллада мүсіндері стадионда туған деу тіпті де асылық емес. Тұрақты, көбіне жалпы гректік жарыстар жігіттердің бұлшық етін, қимыл әбжілдігін жетілдірді. Суреткер әбден шыныққан, серпінді дене сұлулығынан шабыт алды, ал тамаша мүсіндер жастарды жаттығуға құлшындырып, оларға дене мүлтіксіздігінің үлгісін берді.
Мыналар коралар — хитон немесе сулың киген жас әйел-дер. Ол кезде әдетте грек әйелдері спорттың жарыстарға қатыспайтын, сондықтан жалаңаш әйел денесінің сұлулығы өнерде бірден жарқырап кете алған жоқ.
Көп нәрсені аңғартатын белгі мынау: грек өнерінің арайлы таңында-ақ құдайлардың мүсіндік бейнелері адам бейнелерінен ішінара эмблемалар арқылы ғана ажыратылатын. Соңдықтан сол бозбаланың мүсінін біз көбіне-көп бірде атлеттің, бірде жарың пен өнер құдайы Фебтің өзін — Аполлонның мүсіні деп қабылдауға бейім тұрамыз.
Әдебиеттер.

1.Л.Любимов.Ежелгі дүние өнері.-Алматы,1980.
2.Өнер өрісі.-Алматы,1999.
3.V-VI кластарда ежелгі дүние тарихын оқыту методикасы.-Алматы,1994.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Ежлгі Грециядағы сурет салу әдістемесі.
2. Ежелгі Грек сурет өнері.
3. Ежелгі Грециядағы сурет салу ерекшелігі
ІІІ. Қорытынды.

Кіріспе.
Ежелгі Грецияға сурет өнері де кең тарады, бірақ, өкінішке орай, ол
біздін, уақытқа дейін мүлде сақталған жоқ деуге болады. Грек суретшілері өз
фрескалары мен мозаикаларына мифологияның оқиғаларын арқау етті, бірақ
суреттер сонымен бірге сол кездің оқиғалары мен гректердің тұрмысын да
бейнеледі. Біз қазіргі кезде археологтар Италияның оңтүстігінен және СССР-
дің оңтүстігінен тапқан табыттардағы фрескалардан қызыл және қара түсті
фигуралармен әшекейленген, көп мөлшерде бүгінге дейін келіп жеткен
вазалардан гректердің монументтік және станокты сурет өнері жөнінде түсінік
аламыз. Ежелгі қара фигуралы вазаларда күйдірілген саз балшықтың қызғылт
фонында қара фигуралармен әр түрлі сюжеттер бейнеленеді. Едәуір кейінірек
күйдірілген саз балшықтан қызғылт түсті фигураларды қара фон қоршап түрған
қызғылт фигуралар вазалар жасала бастады. Ваза жасаушы суретшілер осылайша
сюжетті неғұрлым дәл бере алды. Едәуір кейінгі уақыттардағы кейбір фреска —
мозаикаларды молалардан табуға болады, Осыдан аз уақыт бұрын Италияның
оңтүстігіндегі грек зираттарынан клас-сикалық дәуірдегі фрескалар табылды.
Ежелгі дүние бейнелеу өнерінің ескерткіштері сол кездегі қоғамдық
өмірдің көрінісін береді. Мәселен, көлемі шағын суреттер шайқастарды,
жарыстарды, цехтық шеберханаларды, бейнелейді; қытай бедерлері мен
миниатюралары байдың үйіндегі той-думанды, белі бүгіліп, шаршаған
адамдардың тұз өндіретін жерлердегі еңбегін, жібек пен қағаз ендірісінің
процестерін; египет суреттері — салық төлеушілерді ұрып-соғуды, тұтқынға
алуды және т. б. көр-сетеді.
Ежелгі грек бейнелеу өнерінің ескерткіштерін тарих жөніндегі оқу
құралдары ретінде пайдалану сол кездегі адамдардың идеясын, көзқарасын,
діни сенімі мен тілек-талабын нақты және кез жеткізе ашуға көмектеседі.
Ежелгі грек ғасырлардағы өнердің көптеген ескерткіштері тарихи құбылыстарды
суретшінің оларды өз көзімен көргеніндей және өз табының мүддесі тұрғысынан
түсінгеніндей етіп немесе бұл құбылыстарды көрермен суретшінің қалауынша
түсінетіндей етіп бейнелеген күйінде жеткізеді. Ежелгі грек суретші
көбінесе адамдардың нағыз өзін емес, ойындағы адамдарды бейнелеген.
Мәселен, грек мүсіншісі өз статуяларында сұлулық пен батылдықтың эллиндік
идеалын білдірген, ежелгі грек суретші икондарда әулиелік пен аскетизмнің
шіркеулік идеалын білдірген, ал Қайта өрлеу дәуіріндегі суретші әулие
арқылы шіркеудің идеялық шырмауынан азат бола бастаған өз дәуірінің адамын
мадақтаған. Ілгеріде атап көрсетілгеніндей, суретшілер ойдан шығарылған
фактілер мен ертегілердегі пенделерді бейне-леген.
Г. Р. Косова жүгізген зерттеулер алғашқы адамдарда өнердің шығу
фактісінің өзі оқушылар үшін алғашқы адамдардың қалай өсіп дамығанын көз
жеткізе дәлелдеуге қызмет ететінін көрсетті. Мектеп оқушылары үңгірге сурет
салып, жоғары палеолиттің скульптурасын жасау үшін, адамның жетілген қолы
мен ақылы қажет болғанын және бұл шығармаларды жасаушылар өздерінін; ежелгі
ата-ба-баларынан әлдеқайда озық болғаны?! түсінеді.
Сонымен ежелгі грек өнер шығармаларын тарих женіндегі көмекші оқу
құралдары ретінде пайдалану оларда бейнеленген тарихи шындықты жақсы
білуге, тереңірек сезіп, жете түсінуғе көмектеседі.
Ежелгі грек өнер шығармалары сурет жөніндегі көмекші оқу құралдары
ретінде мектеп оқушыларына өнер әлемін аралатуға және оларға эстетикалық
тәрбріе беруге жәрдемдеседі . Оқушылардың ежелгі грек өнер жайында суреттің
мектептегі курсынан алған білімдері өнердің қоғамдық құбылыс ретіндегі
мәнін тереңірек түсінуге көмектеседі, өйткені нақ осы дәуірлердің өнерінде
оның Қоғам дамуымен байланысы және өнердің таптық сипаты ерекше айқын
керінеді. Өнердің документ шығармаларымен жұмыс істеу.
бағыну, наным-сенімдер және дуагерлік негізінде емес, өзі түйген ұғымдар
негізінде пікір айтатын ең жоғары ақыл иесі ретінде сезінді. Сөйтіп ол өз
өмірін өзіне неғұрлым дұрыс көрінгеніндей құрды.
Грек дүниесінің рухани бірлігі әсіресе өнер саласында ерекше көрініс
тапты.
Бізге жеткен алғашқы грек мүсіндерінен Египет ыңпалы әлі де айңын
аңғарылады: қарсы алдынан көрсету және алғашңы кезде алға басылған оң аяқ
немесе кеудеге қойылған қол арқылы қимылсыздықты ұяң ғана жеңе бастау.
Эллада да кездесетін мәрмәрден жасалған осы мүсіндер, адам түсіндіре
алмайтын сүйкімділікке толы. Олардан жастың лебі, суреткердің шабытты
ұмтылысы, оның табанды да тынымсыз еңбек пен шеберлігін үздіксіз жетілдіру
арқылы табиғат берген материалды толың игеруге, табиғаттың бүкіл, кейде
жасырын жатқан сұлулығын аша аламын деген жан тебі-рентерлік сенімі есіп
тұрады.
Адамның бойынан төрт есе үлкен алып мәрмәр мүсіннен (б. э. бұрынғы VI
ғасырдың басы) Мен түгелімен — мүсін де, тұғыр да — тұтас бір тастан
жасалған деген мақтанышқа толы жазуды оқуға болады. Суреткер өзінің бойын
билеген қуанышты осылай білдіріп, ұзақ еңбек арқылы материя массасын өз
қалауынша билеп алуды үйренген өз қолының шеберлігін маңтан етеді, өйткені
оның ұмтылып, өресі биік қолөнерде қолы жеткен — өнер деп аталған шабыты
асқақ еді.
Грек шеберінің өз жұмысына осылай, салмақты, сүйіспеншілікпен және жіті
қарауы Элладаның көркем творчествосының негізінің өзінде жатыр.
Архаикалың мүсіндер кімдерді бейнелейді? Олар — жалаңаш бозбалалар
(куростар), атлеттер, жарыс жеңімпаздары. Дене тәрбиесі мен өнердің
игілікті қабысуы! Эллада мүсіндері стадионда туған деу тіпті де асылық
емес. Тұрақты, көбіне жалпы гректік жарыстар жігіттердің бұлшық етін, қимыл
әбжілдігін жетілдірді. Суреткер әбден шыныққан, серпінді дене сұлулығынан
шабыт алды, ал тамаша мүсіндер жастарды жаттығуға құлшындырып, оларға дене
мүлтіксіздігінің үлгісін берді.
Мыналар коралар — хитон немесе сулың киген жас әйел-дер. Ол кезде әдетте
грек әйелдері спорттың жарыстарға қатыспайтын, сондықтан жалаңаш әйел
денесінің сұлулығы өнерде бірден жарқырап кете алған жоқ.
Көп нәрсені аңғартатын белгі мынау: грек өнерінің арайлы таңында-ақ
құдайлардың мүсіндік бейнелері адам бейнелерінен ішінара эмблемалар арқылы
ғана ажыратылатын. Соңдықтан сол бозбаланың мүсінін біз көбіне-көп бірде
атлеттің, бірде жарың пен өнер құдайы Фебтің өзін — Аполлонның мүсіні деп
қабылдауға бейім тұрамыз.
Осынау архаикалық куростардың, Аполлондар мен коралардың жүзін күлкі
нұрландырып тұрады: сол замандардың алғашқы мүсіндері ашылған өткен
ғасырда талай-талай пікір туғызған атақты архаикалық күлкі. Ғажайып
күлкі! Оған дәл эпитет табу қиын. Шаттың күлкісі ме? Жоқ, әлі шаттық
күлкісінің сәті соққан жоқ. Архаикалық күлкіде әзіл мен әжуа табы
байқалады, бірақ оны анық мысқыл деп тағы айта алмайсың. Бұл күлкі
мүсіннің көрерменге, сыртқы дүние-ге күлуі ме немесе көңіліндегіге өзінің
жасырын сырына қуанудан туған ба? Бұл күлкі табы ғана, әлі шын күлкі
емес. Сондықтан куростың немесе кораның бейнесі нағыз тірі адамның жүзін
көргендей әсер қалдырмайды. Жоқ, бұл әлі жүз емес, ежелгі Шумердегі бет-
әлпет қана. Дегенмен осы бір жұмбақ архаикалық күлкі суреткердің адам
кескінін жандандыру, оны ішкі сәулемен нұрландыруға ұмтылысының дәлелі
емес пе екен? Біздің алдымыздан жақсы шыныққан жалаңаш атлеттің ғана
емес, санамен нұрланған жас азаматтың шығуын қалаған болар... Шартты
күлкі, онда бүкіл бейнеге сәулесін төгіп тұрған ерекше өткірлік, ерекше
сүйкімділік бар.
Біз прогресс деген үғымды өнерге колдану қиын екенін айттың. Өйткені
мәселен, тас ғасырында жартасқа салынған құдіретті, кейде кемеңгер бейнелеу
өнері пропорцияны немесе перспективаны жақсақ берді екен деп өнердің нашар
түріне жатқызылмайды. Мәселенің түп төркіні суреткердің мақсатында, оның
творчестволық шабытының мақсаттылығы мен күшінде.
Адам кескінін бірден әр түрлі нүктеден көруге болатын етіп бейнелеген
Египет суретшісі немесе мүсіншісі оптика заңын елемегенмен, өнерге қиянат
жасаған жоқ, ол көз аясындағыны емес, оның өзі бейнелейтін адам туралы
білетін ңәрсесін бергісі келді. Ал бұл үшін оған өзі меңгерген көркем
тәсілдер жеткілікті еді. Архаикалың дәуірдегі грек суретшісі өнерде жаңа
жол салып келе жатңан, ол адам кескінін өзі қалай көрсе, сол қалпында
бейнелегісі келді. Сондықтан да дәстүрлі ңарсы алдынан бейнелеуден, позаның
шарттылығынан, бейнелеу өнерінде немесе бедерде бетті қырынан көрсет-
кенмен, денені ңарсы алдынан көрсетуден бас тартуды ол таңдаған жолдағы
прогресс, өнердің жаңа мазмүнынан туған жаңа бейнелеу әдісін игерудегі
прогресс деп тануымыз керек, Әйтсе де осы арада да бір жай сұранып тұр.
Келесі ғасырда (б. э. бұрынғы V ғ.) грек мүсіні әлі ешкім жете алмаған
мүлтік-сіздік шыңына шыққан кезде, жаңа мұратты мүлтіксіз де үйлесімді
бейнелеу жолындағы шабытты күресте суреткер барлық қиыншылықты жеңген кезде
архаикалық өнердің жүрек қылын қозғайтын сүйкімділігі жаз жақындағанда өте
шығатын табиғаттың оянуы жөніндегі түла бойды түгел билейтін сияқты
адастырып кетеді. Сондықтан да архаикалық өнер бізді мүлтіксіздікке кешу
сатысы ретінде ғана емес, өздігінен де баурап алады: одан көктемнің нәзік
лебін сезінесің.
Мұны тағы бір атап көрсетейік: архаикалық дәуірдің өзінде грек суретшісі өз
алдына бейнені стильдендіріп көрсету, символдар арқылы әлде-не сенімдер мен
түсініктерді білдіру мақсатын емес, көз аясындағы, жер бетіндегі сұлулықты
ашу мақсатын қояды. Ол сонда нені жақсы біліп, нені көрсетуі керек еді?
Әлемдегі бүкіл әдемілік нышаны бар адам сұлулығын көрер көзге шынайы
жеткізу үшін өнерге қажет нәрсенің бәрін: кеңістіктегі көлемділікті, яғни
үш өлшемділікті: пропорцияның дәлдігін, бейненің еркіндігін, қимылдың
табиғилығы мен ширақтығын біліп, көрсетуі керек еді.
Сонымен бірге бейненің шыңы ретінде — ол, суретші, өзінің рухани
көзімен, өзінің шабытымен дүниеден аңғарып-сезіне білгенін, өз жанында
әлпештеп, өнерімен бейнелеп кетуге тиіс сұлулықты, үйлесімділікті білдіруі
керек. Өйткені кез келген бейнелеу өнеріне, тіпті ең реалистік өнердің
өзіне өткен ғасырдағы тамаша неміс суретшісі Каспар Давид Фридрихтың сурет
өнері жөніндегі мына пікірін бөліп жармай тұтас қолдануға болады. Суретші
көз алдында көрініп тұрғанды ғана емес, өз бойынан көретінін де бейнелеуге
тиіс. Ал егер ол бойынан ештеңе көрмейтін болса, онда сурет өнерін
тастасын.
Грек суретшісі өз бойынан дүние жөніндегі бүкіл түйсігінен табиғат ісін
сұлулықпен аяқтауға мүмкіндік беретін нәрсені көре алды.
Б. э. бүрынғы 600 жылдары жасалған курос немесе Аполлон бейнесі (Нью-
Йорк, Метрополитен музейі) тіп-тік те сабырлы. Оның әлпетін қиыннан
қиыстырып шаршы әдіспен өрілген ұзын шаш, қатты парик сияқты көмкеріп тұр,
және бізге ол құдды бір тіп-тік келген кең иығын, қимылсыз түп-түзу ұзын
қолдарын, теп-тегіс жіңішке белін мақтаныш тұтып, әдейі көрсеткісі келіп
тұра қалғандай.
Дегенмен, бәрібір бұл Египет туындысы емес. Дененің мүлдем жалаңаштығы,
осы арқылы көрінген мүсіннің барлық мәні, барлық ішкі ақталысы, оның барлық
мағыналылығы Шығыс білмеген жаңа көркемдік мұрат туралы баяндайды.
Самос аралындағы Гера мүсіні шамасы б. э. бүрынғы VI ғасырдың екінші
токсанының басында жасалған сияқты (Париж, Лувр). Суретші бұл әйел құдайдың
жүзінде күлкі ойнатты ма, жоқ па, оны біз білмейміз, өйткені мүсін (ежелгі
ағаш мүсіндерге еліктеп тастан жасалған) бізге бас бейнесіз жетті. Төменнен
беліне дейін жұмыр ұстын сияқты етіп жасалған бұл мәрмәр мүсін бізді
асқақтығымен баурап алады. Хитонның қатаң параллель қатпарлары астынан,
сулықтың сәндік ретінде жинақ-талған қатпарлары астынан өмір әрең-әрең
білінеді. Бірақ бұл тағы да Шығыс өнерінің туындысы емес, өйткені сурет-
кердің творчестволық объекті адам кескінінің монументтік сымбаттылығы.
Эллада өнерін ол ашқан жолда ерекшелендіретін тағы бір нәрсе мынау — өнер
стилінің өзінің түбегейлі өзгеруімен қатар бейнелеу әдістерін жетілдірудің
ғаламат шапшаңдығы. Бұл шапшаңдық Вавилондағыдай емес, стиль мыңдаған
жылдар бойы мызғымаған Египеттегіден тіпті мүлдем басқаша. Б. э. бұрынғы VI
ғасырдың ортасы. Бұдан бұрын біз сөз еткен мүсіндерден Теней Аполлоны
(Мюнхен, Глиптотека) не бары ондаған жылдар ғана кейін жасалған. Бірақ
әбден сұлулықпен нұрланған осы бір жігіттің кескіні қаншалық жанды,
қаншалың көркем десеңізші! Ол орнынан әлі қозғала қойған жоқ, бірақ жүріп
кетуге түгел дайын. Белі мен иығының нұсқасы нәзіктеу, қалыптылау, ал
күлкісі архаика өнеріндегі ең жарқын, қарапайым шаттықтың нышанындай.
Атақты Мосхофор — бұзау арқалаушы деген сөз (Афины, Акрополь музейі).
Бұл жас эллиндік құдайға мінәжат етіп бұзау әкелген. Иығындағы жатқан
бұзау аяғын кеудесіне қысқан қолдары, жігіт қолы мен бұзау аяғының
айқастыра ұштастырылуы, құрбандыққа шалынар бұзаудың пәк тұмсығы, құрбандық
шалушының ойлы, сөзбен айтып жеткізе алмастай сырға толы көзқарасы — бәрі-
бәрі үндесіп, бөлінбес ішкі тұтастың, бізді мүлтіксіз сымбатымен, мәрмәр
тастағы музыкалылығымен сүйсіндіретін тұтастық туғызады.
Мүсіннің тұңғыш иесінің есімімен аталған Рампен басы (Париж, Лувр, Афины
музейінде басы жоң мәрмәр бюст бар, осы 'бас соған дәл келетін сияқты). Бұл
жарыс жеңімпазының бейнесі, венок соның дәлелі. Күлкі болмашы зорланудан
туғандай, бірақ ойнақы. ІІІашы өте ұқыпты, әдемілеп өрілген. Бірақ бұл
бейнедегі басты нәрсе—басының сәл бұрылып тұрғанды-ғы: мұның өзі қарсы
алдынан бейнелеуді бұзу, қозғалыста бүғаудан босану және шынайы азаттықтың
ұяң хабаршысы. Б. э. бұрынғы VI ғасырдың аяғында жасалған Странгфорд
куросы (Лондон, Британия музейі) тамаша. Оның күлкісі мақтанға, салтанатқа
толы. Бұл оның денесі соншалық сымбатты және ер жүрек, біздің алдымызда
барлық өзі білетін сұлулығы-мен емін-еркін дерлік тұрғандығынан емес пе
өкен?
Куростарға қарағанда коралар бізге көбірек жетті. 1886 жылы археологтар
жер астынан он төрт мәрмәр кора қазып алды. Б. э. бүрынғы 480 жылы парсы
әскерлері қаласын қиратада афинылықтар көміп тастаған коралар бояуын
ішінара сақтаған (бояу ала-құла болғанмен, тіпті де табиғи емес: олардың
еріндері ғана емес, шаштары мен көздері де қызыл түсті). Бұл мүсіндердің
бәрі жиналып бізге б. э. бұрынғы VI ғасырдың екінші жартысындағы грек
мүсіні туралы айқын түсінік береді (Афины, Акрополь музейі).
Бірде жұмбақ сырлы, елжірей, бірде ақжарқын, тіпті аңқау, бірде анық
ойнақы күліп тұрған бейнелер. Малынып киінген, әдемілеп боянған,
білезіктер мен моншақ таққан, сұлулығымен еліктіретін, кейде ойлы, әрең-
әрең байқалатын күлкі арасынан сезіліп қалатын мұңды бейнелер. Олардың
кескіндері сымбатты да асқақ, сан алуан етіп тарап жиған шаштары
ауқаттылық табын аңғартады. Біз олармен тұстас куростардың мүсіндері
бұрынғы ебедейсіздіктен арыла басатағанын көргенбіз: жалаңаш дене
жандана, үйлесімді бола бастаған. Мұнан кем соқпайтын прогресс әйелдер
бейнелерінен де айқын аңғарылады: киімшең дене қимылын, өмір тынысын
айқынырақ беру үшін киімдердің қатпарлары барған сайын шөбер
орналастырылады.
Реализмде қажымай-талмай жетіле беру, сол кездегі бүкіл грек өнерінің
дамуына тән нәрсе шығар. Оның терең рухани бірлігі Грецияның әр аймағына
тән стильдік ерекшеліктерді бір арнаға отырды.
Грек өнерінің жалпы бағытын бұра алмағанмен, әсемдіктің осындай нұсқалары
жалпы гректік көркемдік мұраттарды сапалық жағынан байыта түсті.
Осы мұраттың әр түрлі бояуларын білдіретін стильдік ерекшеліктер
архаикалық мүсіндерге тән, бірақ олар ұлы грек архитектурасының
ескерткіштерінде—әттең, бізге жартылай бүлінген қалпында жеткен—неғұрлым
айқын аңғарылады. Элладада пайда болған стиль күні бүгінге дейін сақталып
келеді.
Криттік, сарайлық архитектурадан өзгеше грек архитектурасы ең әуелі
храмдық болып келді. Біраң грек храмддрының міндеті әу бастан-ақ мүлдем
басқаша болатын. Оларға мінәжат етушілер жиналмайтын, өйткені діни ресімдер
құрбандық орнының алдында, далада өткізілетін. Грек храмы тек қана құдай
мүсіндері тұратын орын ретінде пайдаланылды. Мұндағы храм Вавилон
зиккуратының жоғарғы мұнарасы сияқты құдай үйі емес, оның ер кісі немесе
әйел бейнесіндегі асқақ мүсіндерінің мекені еді. Сөйтіп храм өшпес
сұлулықтың тағы да қайталап айталық, табиғат өзі жасай алмай, адамның
жасауына калдырған мекені, архитектуралық алқасы болды.
Ешбір мүлтіксіз өнер туындысы: адам кейпін қайталайтый және санада құдай
саналған адам бейнесімен біте қайнасып кететін құдай бейнесі тұратын бұл
ғимарат қаншалық тамаша болуға тиіс еді десеңізші...
Грек храмдары микены мегаронынан туды. Құдайдың мүсіні киелі орында
тұрды, ол архитектуралық жағынан ошақ тұратын патша мегаронының залына
сәйкес келетін. Целлеге жарық тек есіктен ғана түсетін, сондықтан оның іші
ерекше салтанатты көңіл күйін туғызатын қаракөлеңке болып тұратын. Бірақ
біз жалпы алғанда целле туралы ештеңе дерлік білмейміз, өйткені, ең жақсы
дегеннің өзінде оның нұсқасыз қалдыңтары ғана сақталған.
Грек храмдары туралы біздің түсінігіміздегі басым нәрсе— целлені
салтанатпен көмкеріп тұратын колонналар.
Архаикалық дәуірдің өзінде грек архитектурасында екі стиль, немесе, атау
ретінде қабылдағаныңдай екі: дорий және ионий ордері анық айқындалды. Ордер
(сап, тәртіп деген сөз) колонналар мен төбелі ғимараттың колонналарды
таяныш ететін жоғарғы бөлігінің құрылымын айқындайды.
Грек архитектурасының дамуындағы негізгі стиль деп санауға болатын
дорийлік стиль ішінара өнерінен бастау алып, дорийлер басқыншылығы кезінде
енген бастауды бейнелейді және Пелопоннес пен ұлы Греция (Сицилия мен
Оңтүстік Италиядағы грек мекендері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гректің классикалық дәуірінің мәдениеті
Ежелгі Грекия өнері жайлы
Греция
Бейнелеу өнерінен дәрістер жинағы
Сурет салу өнері
Ежелгі Грекия
КӨРКЕМ ЕҢБЕК ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ пәнінен лекциялар жинағы
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б. з. д. VIII— VI ғ. )
Сақтардың бейнелеу өнері
Пәндер