“Педагогика тарихы ”курсының теориялық әдіснамалық негізі
№1.Тақырып ”Педагогика тарихы”курсы пәні және міндеті
Тақырыбы.2 Шетел педагогикасы мен мектептерінің тарихы
Алғашқы қауымдағы тәрбие
Тақырып .3 Ежелгі мектеп және тәрбие
Тақырып.4 Орта ғасырлардағы тәрбие және мектеп және педагогикалық ойлар
Тақырып.5 Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие(ХҮІІғ орт.ХҮІІІғ аяғ)
Тақырып.6 Я.А Коменскийдің педагогикалық теориясы
Тақырып.7 Д.Локк және Ж.Ж Руссоның педагогикалық көзқарастары.
Тақырыбы.8 Клод Адриан Гельвецийдің педагогикалық мұрасы
Тақырып.9 Батыс европа елдеріндегі ХІХ.ХХғ мектеп және тәрбие
Тақырып.10 И.Г Песталоццидің ,Ф.А.В Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжрибесі.
Тақырып.11 Ресей тарихындағы тәрбие мен мектеп және педагогика.
Х.ХҮІІғ Ресейдегі тәлім тәрбие мен білім беру
Тақырып.12 ХҮІІІғ Ресейдегі ағарту ,мектеп және педагогика.
Тақырып.13 ХІХ.ХХ ғ басындағы Ресейдегі тәрбие мен білім беру
Тақырып.14 К.Д.Ушиннский.ғылыми педагогиканың негізін салушы
Тақырып.15 Л.Н Толстой .Н.И Пираговтың педагогикалық көзқарастары

Педагогика тарихы – тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдау үрдісінде қалыптасқан қоғамдық ғылымдар арасында өз орны бар ғылым.
Педагогика тарихы ғылым ретінде – тарих және педагогика ғылымдары түйісінде, кейіннен философия салалары – әлеуметтану, мәдениеттану және этнография ғылымымен кіріктіре байланысу негізінде ауқымын кеңейтіп дамуда. Ал, Қазақстан педагогика тарихы болса, ол дүниежүзілік тарихи-педагогикалық үрдіспен өзара байланыста және оның құрамдас бір бөлігі болып, өзінің даму жолында ерте кезден осы күнге дейінгі аралықтағы әр тарихи кезеңдегі тәлімдік ой-пікірлерді талдап, тәрбие мен білім беру мәселесінің дамуын зерделейтін педагогика ғылымдарының бір саласы ретінде қарастырылады.
«Педагогика тарихы» пәні – әр тарихи дәуірдегі, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды, педагогикалық идеялар мен ойларды, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі мектеп тарихының дамуын, өзара ықпалын, кемшіліктері мен жетістіктерін, жеткіншектерді дамыту үрдісіндегі мақсатты ұйымдастырылған қисынды шаралары мен шарттарын, белгілері мен заңдылықтарын талдау негізінде жүйеленіп, болашақ мұғалімдердің педагогикалық дүниетанымын және шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастырады.
Пәннің мақсаты – жас ұрпақтарға тәрбие мен білім беруде дүниежүзіндегі педагогикалық ойлар мен тәжірибенің пайда болып, тарихи қалыптасуы мен дамуынан мағлұмат беру және жалпы адамзаттық құндылықтарды игертіп, студенттердің тарихи педагогикалық мұраларға деген ынталы қызығушылықтарын арттырып, ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұндық құрылымын жетілдіруге, педагогикалық танымын және педагогикалық ойлау қабілетін дамыту және педагогика тарихының негізгі категорияларын: тәрбие, оқыту, білім беру, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой-пікірлер, педагогикалық көзқарастар, педагогикалық теория, этнопедагогика, халықтық тәрбие, т.б. игерту.
«Педагогика тарихы» пәнінің дүниежүзілік және ұлттық мұраларымен таныстырудағы басты міндеттері:
- дүниежүзілік тарихи-педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері мен даму белгілерін, жағдайлары мен алғышарттарын, оның бірлігі мен жан-жақты байланысын, сонымен қатар, бастау көзі мен зерделеу әдіс-тәсілдерін және өткен дәуірдегі құнды педагогикалық бағыттарын сұрыптап, педагогика тарихының ұғымдарын қалыптастыру;

1. Проблемы методологии педагогики и методики исследований. /Под ред. М.А.Данилова , Н.И.Болдырева. – М.: Педагогика, 1971.
2. Полонский В.М. Оценка качества научно-педагогических исследований. М. : Педагогика, 1987.
3. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. –Алматы: Рауан, 1998.
4. Всемирный историко-педагогический процесс: концепции, модели, историография. /Под ред. Г.Б.Корнетова и др. - М.: 1996.
5. История педагогики как учебный предмет / Под ред. К.И.Салимовой. - М.: 1989.
6. Рахимова М.Р. и др. История образования и педагогической мысли. – Бишкек, 2002.
7. Теоретико-методологические вопросы истории педагогики. /Под ред. Б.М.Бим-Бада и др. - М.: 1986.
8. Общенациональная идея Казахстана: опыт философско- методологического анализа. – Алматы: Компьютерно-издательский центр Института философии и политологии МОН РК, 2006. - 412с.
9. Методология истории: Учебное пособие для студентов вузов. /Под ред. А.П.Алпеева и др.- Мн.: НТООО «Тетрасистеме», 1996.- 240с.
10. Бержанов К.Б., Мусин С.М. Педагогика тарихы. Алматы, 1984. – 256 б.
11. Константинов Н.А., Медынский Е.И., Шабаева М.Ф. История педагогики. – М.: Просвещение, 1982.
12. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы, 2002.- 256 б.
13. Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли Казахстана. Алматы, 1998.- 168 с.
14. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь М., 2000. – 176 с.
15. Саипова А.А. Методические особенности историко- педагогических исследований. //Вестник АГУ им.Абая, серия «Психолого- педагогические науки» 2002, №1. С.–93-94.
16. Шкабала И.С. Проблемно-генетический анализ как метод историко-педагогического исследования. // Педагогика. - 2003. - №7. - С. 21-25.
17. Кешелева О.Е. Заметки об историко-педагогическом исследовании // Современная педагогика. - 1991. №6. - С. 85-90.
18. Источниковедение: Теория. История. Методология. Источники российской истории: Учебное пособие / И.Н. Данилевский и др./ - М.: Российский гос. гуманитарный университет, 1998. - 702с.
19. Овчинников А.В. О научных подходах к изучению истории просвещения. // Педагогика.- 2001. №2 С. 66-70.
20. Королев Ф.Ф. Логические и исторические в педагогических исследованиях. //Советская педагогика . - 1970. №3. - С.83-94.
21. Беликова А.П. Теоретико-методологические вопросы региональных историко–педагогических исследований. //Сибирский педагогический журнал. – 2004. №2. - С. 106-109.

9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
№1-Тақырып
“Педагогика тарихы ”курсының теориялық әдіснамалық негізі. ”Педагогика
тарихы”курсы пәні және міндеті
Жоспар:
1. “Педагогика тарихы ”ғылым ретінде
2. Педагогика тарихы” пәні және міндеті.
3. Педагогика тарихының философиямен ,мәдениет тарихымен азаматтық
тарихпен ,әлеуметтанумен, мәдениеттанумен,әдебиетпен және басқа
ғылымдармен байланысы.
Лекцияның мәтіні:
Педагогика тарихы – тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда
болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теорияларды
жүйелеп талдау үрдісінде қалыптасқан қоғамдық ғылымдар арасында өз орны бар
ғылым.
Педагогика тарихы ғылым ретінде – тарих және педагогика ғылымдары
түйісінде, кейіннен философия салалары – әлеуметтану, мәдениеттану және
этнография ғылымымен кіріктіре байланысу негізінде ауқымын кеңейтіп дамуда.
Ал, Қазақстан педагогика тарихы болса, ол дүниежүзілік тарихи-педагогикалық
үрдіспен өзара байланыста және оның құрамдас бір бөлігі болып, өзінің даму
жолында ерте кезден осы күнге дейінгі аралықтағы әр тарихи кезеңдегі
тәлімдік ой-пікірлерді талдап, тәрбие мен білім беру мәселесінің дамуын
зерделейтін педагогика ғылымдарының бір саласы ретінде қарастырылады.
Педагогика тарихы пәні – әр тарихи дәуірдегі, әлеуметтік-
экономикалық жағдайларды, педагогикалық идеялар мен ойларды, жас ұрпақты
тәрбиелеу мен білім берудегі мектеп тарихының дамуын, өзара ықпалын,
кемшіліктері мен жетістіктерін, жеткіншектерді дамыту үрдісіндегі мақсатты
ұйымдастырылған қисынды шаралары мен шарттарын, белгілері мен
заңдылықтарын талдау негізінде жүйеленіп, болашақ мұғалімдердің
педагогикалық дүниетанымын және шығармашылық ойлау қабілеттерін
қалыптастырады.
Пәннің мақсаты – жас ұрпақтарға тәрбие мен білім беруде дүниежүзіндегі
педагогикалық ойлар мен тәжірибенің пайда болып, тарихи қалыптасуы мен
дамуынан мағлұмат беру және жалпы адамзаттық құндылықтарды игертіп,
студенттердің тарихи педагогикалық мұраларға деген ынталы қызығушылықтарын
арттырып, ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұндық құрылымын жетілдіруге,
педагогикалық танымын және педагогикалық ойлау қабілетін дамыту және
педагогика тарихының негізгі категорияларын: тәрбие, оқыту, білім беру,
ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой-пікірлер, педагогикалық
көзқарастар, педагогикалық теория, этнопедагогика, халықтық тәрбие, т.б.
игерту.
Педагогика тарихы пәнінің дүниежүзілік және ұлттық мұраларымен
таныстырудағы басты міндеттері:
- дүниежүзілік тарихи-педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері мен даму
белгілерін, жағдайлары мен алғышарттарын, оның бірлігі мен жан-жақты
байланысын, сонымен қатар, бастау көзі мен зерделеу әдіс-тәсілдерін және
өткен дәуірдегі құнды педагогикалық бағыттарын сұрыптап, педагогика
тарихының ұғымдарын қалыптастыру;
- әртүрлі тілді, мәдениетті халықтардың әрбір тарихи дәуірлердегі
білімінің мән-жайы, мүмкіндіктері мен ауқымы, оны жүзеге асырудың жолдары
мен құралдары, дәрежесі мен жағдайы, педагогикалық идеялардың өзгешеліктері
мен мазмұндық ерекшеліктерін айқындап, тәрбие мен оқыту мәселелерін шешудің
шаралары жайлы түсініктерді нақтылап, оны толықтыруға обьективті жағдайлар
жасау;
- білім берудің мақсатын, міндеттерін белгілеу мен ұйымдастырудың
түрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана білуге және оны нақты педагогикалық
дәстүрлермен ұштастырып, “адам-қоғам-табиғат” жүйесінің байланысын
рухани-адамгершілік, эстетикалық, т.б. тұрғыдан түсінуге, жүйелі
тарихи-педагогикалық білім, әдістемелік дағды мен іскерлікті
қалыптастыру.
Педагогика тарихының әдіснамасы философиялық диалектикаға негізделеді.
Заттар мен құбылыстардың арасында әр түрлі байланыстар болады. Әлеуметтік
ғылымдарда сан қырлы қоғамдық құбылыстардың байланыстары мен тәуелділіктері
ашылады. Ғылым кез келген заттар мен құбылыстардың өзара сан алуан
байланыстарын зерттей отырып, ең алдымен олардың ішінен сол заттар мен
құбылыстар үшін анағұрлым маңыздысын, оларда болып жатқан үдерістерді
басқаратындарын бөліп алады. Бұл байланыстар заңдар деп аталады.
Сонымен заң дегеніміз – құбылыстардың өздеріне ғана тән қайталанып
тұратын және біршама тиянақты байланысы.
Адамдар өз қалауынша заң атаулынының қандайын болса да өзгертіп, жойып
жібере алмайды. Олар тек бұл заңдарды танып біліп, зерттей алады және
алған білімдерін өзінің қызметіне пайдаланады.
Диалектика – дүниенің барлық саласындағы заттар мен құбылыстарға тән
жалпы заңдарды ашуды өз алдына мақсат етіп қояды. Ол табиғат құбылыстарын,
қоғамдық құбылыстар, адам санасы да бағынатын жалпы заңдар жайындағы
ғылым. Диалектиканың түпкі қасиеті – қозғалыс, өзгеріс.
Қозғалыс заттарда болатын алуан түрлі үдерістерді қамтиды, осы
үдерістер нәтижесінде заттардың жағдайы өзгеріп, олар қайсыбір
қасиеттерін жойып, жаңа қасиеттерге ие болады, сөйтіп мүлде басқа зат
болып шығады. Өзгерістердің күрделі формасы – даму. Заттар мен құбылыстар
даму үдерісінде сапа жағынан мүлде түбегейлі өзгерістерге түсіп, олар бір
сатыдан екінші сатыға өтеді.
Даму үдерісінде заттар мен құбылыстар қандай өзгерістерге ұшырайды, бұл
өзгерістердің өзара байланысы қандай, даму үдерісін, заттардың арасындағы
әр түрлі байланысты адам өз санасында қалай бейнеленетінін түсіндіретін -
диалектикалық әдіс.
Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен
күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне және кері айналуы, терістеуді
терістеу.
Диалектиканың ұғымдары: кеңістік пен уақыт, жекелік және жалпылық,
себеп пен салдар, мазмұн мен форма, мән мен құбылыс, қажеттілік пен
кездейсоқтық, мүмкіндік пен шындық.
Зерттеушінің тиімді нәтижелерге жетуі үшін, қандай ғылымның болса да,
белгілі бір ізденісті қалай, қандай мақсаттар үшін жүргізетіні туралы
нақты, мүлтіксіз түсінігі болуы керек. Мұның өзі таным қызметін
ұйымдастыруға, танымның белгілі бір “әдістер жүйесін” таңдап алуға
көмектеседі.
Педагогика тарихында қолданылатын философиялық диалектикалық әдіс
педагогикалық құбылыстардың өтетін орны мен нақты жағдайларын, қоғамдық
өмірдің басқа құбылыстарымен байланысын өзара әрекеттестікте қарастыруды
талап етеді. Әр құбылыс өзінің даму барысында зерттелуі тиіс. Зерттеуші
осы құбылысқа қандай жаңалық енгізетінін әрқашан анықтап алуы керек.
Диалектикалық әдіс құбылыстарға тек жалпы қарауды анықтайды. Осы
негізде әр ғылымға әдіснама жасалады, зерттеліп отырған құбылыстар мен
фактілерге сай келетін зерттеудің нақтылы, лайықты жұмыс тәсілдері
іріктеліп алынады. Зерттеу құбылыстарының ішкі қайшылықтарына бойлай еніп,
қанығып, жаңа мен ескі сапалардың арасындағы қайшылықтардағы жетекші
негізгі күшті анықтай отырып жүргізіледі. Педагогика ғылымының да өзіне
тән әдістері болады.
Зерттеуші педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында ғылыми
ізденістің екі бағытына сай әдістерді қолданады. Біріншісі – педагогика
мен оған іргелес ғылымдар саласының мүмкіншіліктерін қолданады, негізгі
әдебиеттерден керекті тұжырымдар талданып алынады. Ғылыми-педагогикалық
ізденістің екінші бағыты – оқыту мен тәрбиенің нақтылы үдерісін ғылыми
түсініктермен сипаттау, яғни бұған сай келетін зерттеу әдістерінің
ерекшеліктерін анықтап алу. Сонымен бірге, мұғалімнің шығармашылық еңбегі,
шеберлігі, педагогикалық жетістіктері, жаңалықтары мен баспасөз бетіндегі
еңбектерін педагогикалық теория тұрғысынан ой елегінен өткізу де маңызды
болып табылады.
Педагогика тарихын ғылыми зерттеп, анықтауда диалектикалық философия
басшылыққа алынады. Осыған орай, П.В.Плеханов әдіснамалық мынадай
қағидаларды ұсынады:
1. Идеялардың (ой-пікірдің) жалпы қоғамның әлеуметтік даму үдерісіне
тәуелді екендігін айқындау.
2. Ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің даму
тарихын қоғамның дамуымен ұштастыра қарастыру.
3. Тарихтың әр кезеңінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтынын және
әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік
ерекшелігінің бар екенін ескеру.
Түйіндей келе, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізіне
философиялық тұрғыдан тарихи, әлеуметтік, рухани-адамгершілік,
психологиялық, педагогикалық және басқа да оқушыны қалыптастыратын
құрылымдар алынады. Оқыту мен тәрбиенің мәні, құрылымы, қағидаларының
теориялық жақтары ескеріледі. Тарихи танымал, педагогика саласына зор үлес
қосқан тұлғалардың жаңашыл идеялары мен қызметіне, қоғамдағы орнына,
ұлттық мәдениеттің дамуына, қоғамдық жағдайларды қарастыратын тұжырымдар
мен диалектикалық заңдылықтарға, тарихи жағдайдың өзгергеніне, бүгінгі
таңда қандай деңгейге келгеніне тарихи талдау жасалады.
Ғылым әр уақытта жаңа дәйектермен толықтырылып отырғанда ғана дамиды.
Ғылыми деректер жинақталып қалған кезде оларды ғылыми-зерттеу әдiстерi
арқылы талдау және теориялық ұстанымдарға негiздеп зерделеу ғылымда
әдiснама деп аталады.
Философиялық энциклопедиялық сөздiкте әдiснамаға “теориялық және
практикалық iс-әрекеттердi құру мен ұйымдастырудағы ұстанымдар мен
құрылымдар жүйесi” деген анықтама берiледi.
Әдiснама деген ұғым – ғылыми-танымдық iс-әрекеттердi құрудың
ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы iлiм.
Әдiснамалық бiлiмдер құрылымын Э.Г.Юдин төрт деңгейге: философиялық,
жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық деп бөледi. Бiрiншiсi,
философиялық әдiснаманың деңгейлiк мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның
категориялық аппаратын құраса, сонымен бiрге философиялық бiлiм жүйесi
әдiснамалық қызмет атқарады. Екiншi деңгейде жалпы ғылыми-әдiснама
теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге бағыт-бағдар
бередi. Үшiншi деңгей – нақты ғылыми әдiснама, бұл арнайы ғылыми пәннiң
әдiстерiн айқындап, зерттеудiң ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын
белгiлейдi. Төртiншi деңгей – технологиялық әдiснама, зерттеудiң әдiстемесi
мен техникасын құрайды. Мысалы, тәжiрибелiк-эксперимент материалдарын
жинақтау, оларды алғашқы талдау, қорытындылау, ұсыныстар беру, т.б. жатады.
Сонымен, әдiснаманың барлық деңгейлерi бiр-бiрiн толықтырып тұратын жүйенi
құрастырады.
Ал, педагогика тарихы мәселесiне байланысты алғанда жалпы бiлiмдер
әдiснамасы (педагогика), жеке бiлiмге (педагогика тарихы) қатысты
әдiснамалық бағдар ұсынады. Жалпы қағидалар (теория, ұстанымдар) жеке
қағидаларды түсiндiрiп, бағалап, олардың бағыт-бағдарын, жолдарын айқындап
бередi (Ж.Әбдiлдин, Б.Гершунский, Н.Никандров). Түптеп келгенде, нақты-
ғылыми әдiснама ретiнде педагогиканың заңдары, заңдылықтар мен ұстанымдары
педагогика тарихына негiз болады.
Әдiснамалық белгiлерiне қарай педагогика тарихының әдiснамасы жеке
ғылымилық тұрғыда педагогика ғылымына жатады. Ал пәндiк мазмұны жағынан
педагогика тарихының бiлiмдерiн жинақтайды, педагогикалық пәндер жүйесiнде
педагогика тарихы (пәнi, оның мiндеттерi, ерекшелiктерi) сипатына қарай
танымдық құралдар мен практикалық әдiс-тәсiлдерiн, қазақ педагогика
тарихының ұғымдық құрылымын анықтаумен қатар басқа ғылымдардың (этнология,
этнопсихология, фольклор, мәдениет теориялары, т.б.) жетiстiктерiн,
тәжірибесін зерттеу жұмыстарын да пайдаланады.
Педагогика тарихының әдiснамалық негiзi философиялық диалектика, ол
ғылыми әдiснама ретiнде жеке тұлға және таным теорияларының қалыптасып
дамуына негiз болып, шындықты бейнелеудiң басты жолдарын анықтайды. Яғни,
жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуында, оған сан-салалы әлеуметтiк
байланыстар жиынтығының ықпалды әсер етуiнен, бiр жағынан, әрбiр адам
қоғамдық қарым-қатынастардың жемiсi болса, екiншi жағынан, қоғамды дамытуда
өзiндiк үлес қосатын жеке тұлға болып қалыптасады.
Қоғамның тарихи, әлеуметтiк-мәдени дамуында жеке тұлғаны
қалыптастырудың басты философиялық қағидалары бар: бүкiл адамзат қоғамының
даму тарихында ғылыми-зерттеу жұмыстары дәлелдегендей, адам және оны
тәрбиелеудiң мәселелерiнiң өзектiлiгiмен (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев,
Д.Б.Эльконин, С.М.Жақыпов, т.б.) анықталады;
- философиялық, тарихи, әлеуметтiк, психологиялық және педагогикалық
ғылыми зерттеулердi ретроспективтi талдау нәтижесiнде адамның
тұлғалық құрылымында ерекше орын алатын басты қасиет – адамның өзiн-
өзi тануы, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және олармен
рухани-адамгершiлiктi байланыстар жасауы (Ж.Әбдiлдин, В.Г.Афанасьев,
Ә.Нысанбаев т.б.) екені анықталды;
- әрбiр тарихи, әлеуметтiк-мәдени орта жағдайында адамның мораль
тұрғысынан қалыптасуына өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның және
әлеуметтiк ортаның, шағын ортаның (отбасы, мектеп, жолдастары, т.б.)
тәрбиелiк ықпалы зор (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, Б.Ф.Ломов,
М.Мұқанов, т.б.).
Сонымен, ғылымның әдiснамасы – бұл қағидалар, қорытындылар,
ұстанымдар, танымдық әдiстер арқылы әр жақты жағдайлар тоғысында шындықты
бейнелеу ақиқатын зерделеп түсiндiретiн iлiм.
Педагогика тарихының әдiснамасы әр тарихи дәуiрдегi педагогикалық бiлiм
мен тәрбиенi, ойлар мен идеяларды талдап жүйелеу, оларды ұғындыру,
тұжырымдар жасау арқылы педагогикалық үдеріске өзгерiстер енгiзу немесе
жетiлдiру мақсатын іске асыратын педагогика ғылымының бiр саласы.
Педагогика тарихының әдiснамасы төмендегiдей жүйелi құрылымнан
тұрады:
- тарихи-педагогикалық бiлiм құрылымы мен қызметтерi;
- педагогикалық идеялар, ой-пiкiрлер, iс-тәжiрибелер, үлгiлер,
негiзгi педагогикалық қағидалар (идея, болжам, тұжырымдама,
теория);
- тарихи-педагогикалық бiлiм мен тәрбиенi өңдеп жетiлдiрiп, педагогикалық
үдеріске ендiру.
Осындай үлгi тарихи-педагогикалық, психологиялық және педагогикалық
ғылыми-зерттеу жұмыстарында жалпы ғылыми ұстанымдарға негiзделе
жүргiзiледi. Ғылыми зерттеу ұстанымдары мен оларға қойылатын талаптар
әдiснамалық бiлiмде ерекше орын алады. Өйткенi, олар тарихи-педагогикалық
бiлiмдi, теория мен практиканы бiрiктiрiп, бiлiм беру мекемелерiне ғылыми
негiзделген бағдар бередi. Қандай бiр ғылыми жұмыстар болсын, олардың тiрек
ұстанымдар қатарына жататын ең басты, негiзгi әдiснамалық ұстанымы –
жүйелiлiк. Сондықтан жүйелілiк жалпы ғылыми-әдiснамалық зерттеудiң бiр
құралы ретiнде оқу-тәрбие үдеріске және бiр-бiрiмен байланысты құбылыстарды
жүйелi зерттеуге өзiндiк сапалылығымен сипатталатын ғылыми тұғыр болып
табылады. Жүйелiліктiң мәнi төменде көрсетiлген қағидалар бойынша
айқындалып, жүйелi объектiлердiң сапасын және оны жетiлдiру жолдарын
анықтауға көмектеседi. Олар:
- сыртқы ортаға байланысты жүйенiң тұтастығы және оны ортамен бiрлiкте
зерттеу. Мысалы, бiлiм берудiң мәселесiн жүйелiлік тұғыры арқылы
зерттегенде бұл тақырыпты елiмiздегi әлеуметтiк және экономикалық даму
үдерісіне байланыстыра және қоғамның сұранысына ұштастыра зерттеу;
- тұтас педагогикалық үдеріс бөлшектелiп, элементтерге бөлiнiп құрылуға
тиiс, өйткенi элементтердiң сапалық қасиеттерiнiң өзi де белгiлi бiр жүйеге
байланысты болады. Ал жүйенiң сапалық қасиетi, оның элементтерiнiң өзара
байланысындағы нәтижелерi кейде бiр-бiрiмен ұштаспай жатуы мүмкiн;
- жүйенiң барлық элементтерi бiр-бiрiмен өзара байланыста болғанымен,
олардың iшiнен ең басты анықтаушы, жүйе құрушы элементiн iрiктеп алу керек;
- элементтер жиынтығынан объект жүйесiнiң құрылымы мен ұйымдастыру
технологиясы жайлы түсiнiктер беру;
- жүйе элементтерiнiң бiр-бiрiмен байланыстарын арнайы реттеу және
олардың өзгерiстерiн басқару (мақсат қою, құралдарды таңдау, бақылау және
түзету, қорытындысын талдау).
Тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын маңызды әдіснамалық
талаптардың бірі - деректердің барлық түрін кешенді пайдалану, сол арқылы
бір-бірін тексеру, толықтыру, барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау,
оларды зерттеуде шектес ғылымдардың зерттеу әдістері жиынтығын кешенді
түрде пайдалану, сөйтіп, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет.
Педагогика тарихының ғылыми-зерттеу ұстанымдары тарихи білім,
педагогикалық теория мен тәжірибені біріктіріп, білім беру ұйымдарына
ғылыми негізделген бағдар береді.
Педагогика тарихының негізгі әдіснамалық ұстанымы – ақиқаттылық, ол
зерттеу объектісі жайлы шынайы білім алу үшін, зерттеу барысында оның
әрбір құбылысына ықпал ететін, дамытатын жағдайларды, шарттарды ескеріп,
зерттеу құралдары мен тәсілдерін дұрыс қолданып, жинаған дәйектерді
бағалап, қорытындысын шығаруда ақиқатты ұғымдар мен түсініктер жасауға
мүмкіндіктер береді.
Ақиқаттылықты тану ұстанымы зерттеу жұмысының алғашқы болжамына, қисынына
және оның қорытындысына дәлелді талап қоятындықтан, дәйектерді іріктеу,
оларды талдау нәтижесінде жасайтын тұжырымы ғылыми айналымға түсетіндіктен
шындық тұрғысынан қарастырылуы тиіс.
Ғылыми ізденістердің объектісін баламалық ұстаным тұрғысынан
қарастырғанда және оған дәлелді талап қойғанда, тарихи-педагогикалық
материалдарды немесе көзқарастарды талдағанда, күрделі педагогикалық
үдерістердің шешімін табу үшін әр түрлі көзқарастар айтылады. Ондай
көзқарастардың шынайы болуы немесе оған қарсы пікірлер айтылуы мүмкін.
Мұндай жағдайдағы баламалық ұстанымның мәні – мәселенің шешімін
іздестіргенде және объектінің жұмысын ұтымды ұйымдастырғанда алға қоятын
мақсаттың нәтижелі орындалып, соның негізіндегі нақты жетістіктердің
ауқымын анықтайды.
Баламалық ұстанымға жақын әдіснамалық ұстанымның бірі – мәндік талдау
ұстанымы. Әрбір қарастырылатын құбылыстардың жалпылығы, ерекшелігі және
бірегейлігін анықтап, объектінің ішкі құрылымына, атқаратын қызметі мен
даму заңдылықтарына, шарттары мен даму жағдайларына талдау жүргізіп,
олардың мақсатты түрде өзгерістерге ұшырау мүмкіндіктері талданады. Бұл
ұстаным зерттеу қисынын нақты жазудан бастап, жан-жақты түсіндіруге, одан
педагогикалық құбылыс пен үдерістің, болжамның дәлелденуі дейінгі кезеңді
қарастырады. Сондықтан педагогикалық жүйені тұтас қарастырғанда оның
зерттелетін даму элементтерінің үздіксіз өзгеріске түсіп тұруын есепке алу
– қойылатын талаптың бірі. Себебі, көптеген элементтердің қызметі жүйенің
даму үдерісіне өзгеріске түссе, кейбір элементтері қарама-қайшы күйге
түседі.
Тарихи-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық зерттеулерде
генетикалық ұстанымды қолдану керектігін тәжірибе көрсетуде. Тарихи-
генетикалық ұстанымның мәні – педагогикалық дәйектерді немесе құбылыстарды
зерттегенде, олардың пайда болуын, онан кейінгі дамуын түрлі саяси-
экономикалық жағдайлардағы білім беру үрдісінің бір сапалық деңгейден
екінші сапалық деңгейге ауысуы жан-жақты қарастырылады.
Тарихилық және қисындылық ұстанымы – зерттеу жұмыстарында объектінің
тарихын ( генетикалық қыры), теориясын (құрылымы, қызметі, объектінің
қазіргі жағдайы) және оның даму болашағын бірлікте зерттейді. Тарихи
талдаудың қажеттігі – объектінің құрылымы мен қызметін талдау, белгілі бір
ғылыми тұжырымдама жасау үшін керек. Ал теориялық талдау қажеттігі –
объектінің генезисін (пайда болуы, қалыптасуы) қарастырмай, ақиқатқа жетуі
мүмкін емес. Сондықтан да, тарихи-педагогикалық және теориялық-
педагогикалық зерттеулердің бір-бірінен айырмашылығы зерттеушінің ғылыми
болжамына байланысты болады. Қарастырып отырған ұстанымнан шығатын талап –
зерттеудің сабақтастығы, жинақталған тәжірибе, дәстүр, ғылыми жетістіктер,
бұрынғы зерттеу объектілерінің генезисін тарихи-педагогикалық тұрғыдан
талдаудан шығады.
Жалпы ғылыми ұстанымның бірі – тұжырымдамалық бірлік ұстанымы. Зерттеуші
ғылыми тұжырымдама жасау үшін басқа зерттеушілердің тұжырымдамалық
пікірлерін талдап, негіздеп, ізденіс жүргізу барысында зерттеудің алдына
қойған мақсат-міндеттерін, ғылыми болжамын анықтап, ғылыми ізденісін
жүргізетін болса, нақты ғылыми жетістіктерге жетуіне болады. Ол үшін
алғашқы ғылыми болжамын тексеріп, дамытып, қажет болса, іздену барысында
түзетулер енгізіп, тұжырымдамасын жетілдіреді. Сонда ғана ғылыми ізденіс
өз нәтижесін береді.
Әлеуметтік– педагогикалық үрдістің ішкі және сыртқы факторларының
қызметтері мен дамуы, олардың элементтері мен қарым-қатынастарының
байланысы тарихи-жүйелілік тұрғыда зерттелуі тиіс. Тарихи - жүйелілік
ұстанымы жалпы ғылыми әдіснамалық зерттеудің бір ұстанымы ретінде
педагогикалық үдерістің және бір-бірімен байланысты құбылыстарды жүйелі
зерттейтін өзіндік сапасымен сипатталатын ғылыми әдістердің бірі.
Тарихи - жүйелілік әдісі төменде ұсынылған қағидаларға негізделіп,
объектілердің сапасын және оны жетілдірудің жолдарын анықтауға
көмектеседі, олар:
- сыртқы ортаға байланысты жүйенің тұтастығы және оны ортамен бірлікте
зерттеу. Мәселен, білім беру мәселесін жүйелілік ұстанымы арқылы
зерттегенде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісімен қатар
қоғамның талабына орай ұштастыра зерттеу керек;
- біртұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлшектерін бөліп алып
зерттеу элементтердің сапалық қасиеттері белгілі бір жүйеге жатуына
байланысты болады, ал тұтас жүйенің сапалық жүйесі жеке
элементтерінің сапалық қасиеттерімен ұштаспайды;
- жүйенің элементтері бір-бірімен байланысты болғанымен де, олардың
ішінен ең басты жетекші жүйе құрушы элементті бөліп алып, қарастыру
қажет;
- элементтердің жиынтығы – объект жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру
технологиясы жайлы түсініктер береді;
- жүйе элементтерінің бірімен бірінің байланыстарын арнайы реттеу және
элементтердің өзгеріске түсуін басқару (мақсат қою, құралдарды
таңдау, бақылау, түзету, қорытындысын талдау).
Білім беру жүйесін біртұтастық ұстаным тұрғысынан зерттегенде
педагогикалық үдерістің кей қырларын, элементтерін, қарым-қатынастарын
бөлшектеп қарастырғанда өте сақтықпен қарастыру керек.
Тарихи және психологиялық-педагогикалық үдерістегі өзара байланысты
синергетика – қазiргi бiрлескен iс-әрекет теориясы зерттейдi. Бұл теория
тұтас жүйенiң тұрақты болмай, өзгерiске түсетiндiгiн ескерiп, тұтастықтың
жоспарланған басты бiр нұсқасын алып, болжамдалған нұсқаны нақты жағдаймен
байланыстыру синергетикалық үрдiстiң мағынасын ашады.
Педагогикалық жүйенiң бiр-бiрiмен байланысы: бiлiм мен тәрбие
мақсаты, оның тарихи аспектiсi, педагогикалық үдерістің субъектiсi,
педагогикалық идеялар мен ой-пiкiрлер, бiлiм мазмұндары (жалпы, базалық
және кәсiби мәдениет), материалдық базасы, т.б. бiрлiгi және құрылымдық-
функциялық қызметтерi тұтастық арқылы зерделенедi.
Ал мәдениеттану тұғыры– оқушының жеке тұлғасын зерттеп, құндылық
бағдарын қалыптастыруда аксиологиялық құндылық iлiмiне сүйенiп, нақты
ғылыми әдiснама ретiнде таным мен педагогикалық iс-әрекеттердi қайта құруға
немесе өзгерiстер енгiзуге бағыт-бағдар бередi. Мәдениеттану тұғыры арқылы
жеке тұлғаның мәдениетпен объективтiк байланысы негiзiнде оның мiнез-
құлқындағы құндылықтар жүйесiн зерттейдi. Өйткенi адам мәдениет арқылы
дамығандықтан сол мәдениетке жаңа элементтер енгiзуге үлес қосады. Сол
себептен адам мәдениет құндылықтарының жүйесiн игерiп өзiн-өзi дамытса,
екiншi жағынан, оның шығармашылықты жеке тұлға болып дамуына жағдай туады.
Этнопедагогикалық тұғыр мәнi – оқушы этностың бiрiне жататын
әлеуметтiк-мәдени ортада өмiр сүредi, бiлiм мен тәрбие алады. Халықтың
ұлттық салт-дәстүрiне, оның мәдениетiне, дiлiне, ұлттық-этникалық
психологиясына, әдет-дағдыларына сүйенiп, педагогикалық үдерістің жобасын
жасап, жоспарлап ұйымдастырады. Әртүрлi бiлiм мекемелерiнiң ортақ мақсаты –
оқушы-жастардың ұлттық мәдениетке ынта-ықыласын арттырып, оларға өзiн-өзi
тәрбиелеуге жағдай туғызу болып табылады, педагог бұл ортаны жан-жақты
зерттеп, әр этнос оқушыларының бiр-бiрiмен адамгершiлiк қарым-қатынас
жасауына жәрдемдесiп, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың тәрбиелiк
мүмкiндiктерiн пайдаланып отыруы керек.
Ғылыми – зерттеу iзденiсiнiң қисынына сай зерттеу әдiстерiн анықтауда
олардың тарихи, теориялық және практикалық әдiстер кешендерiнен құралатынын
және бiлiм беру үдерісі қиын да, көп қызметі болатындығын ескерiп, орнымен
қолдана бiлу керек. Осыған байланысты тарихи және педагогикалық
мәселелердiң аспектiлерi мен параметрлерi жан-жақты нақты түрде анықталып
алынуға тиiс.
Ғылыми-зерттеу әдiстерiн үш топқа: тарихи-теориялық зерттеу әдiсi;
педагогикалық ойлар, идеялар және тарихи-педагогикалық тәжiрибелердi
зерттеу әдiсi; математикалық және статистикалық әдiстер деп бөлiнедi.
Тарихи-педагогикалық зерттеу әдiсi мұрағат құжаттарын, тарихи-
педагогикалық құбылыстарды зерттеу арқылы педагогикалық ой-пiкiрлердi,
идеяларды, теориялар мен тәжiрибелердi жүйелеу негiзiнде ғылыми-тарихи
ақпараттар жинастыруды, олардың өзара байланыстарындағы заңдылықтарын,
қарым-қатынастарын айқындауды қамтамасыз етедi.
Тарихи-теориялық зерттеу әдiстерi - тарихи-педагогикалық
құбылыстардың кейбiр жақтарын, белгiлерi мен ерекшелiктерiн тарихи-
теориялық тұрғыдан талдайды. Кейбiр деректерді талдағанда оларды мазмұндық
жақтарына қарай топтастырып және жүйелеп, зерттеушiлер педагогикалық
құбылыстың жалпы белгілерін және ерекшелiгiн айқындайды. Тарихи-теориялық
зерттеулерде индуктивтi және дедуктивтi әдiстер қолданылады. Индуктивтi
әдiсте iзденушiнiң ойлау қабiлетiн жеке пiкiрден жалпы қорытынды жасауға
итермелесе, дедуктивтi әдiс – керісінше, жалпы пiкiрден жеке қорытындыға
келуге бағыттайды.
Тарихи-теориялық әдiс iзденушiнiң зерттеу мәселесiн анықтауға,
болжамын және жиналған дәйектерге баға беруде пайдаланылады. Бұл әдiс
деректерге байланысты әдебиеттердi талдаумен: жалпы адамтану мәселелерi
бойынша классиктердiң еңбектерін зерделеу және педагогика тарихы
әдiснамасын басшылықа алу; тарихи-педагогикалық жұмыстармен, мұрағат
құжаттарымен танысу; күнделiктi педагогикалық баспа бетiнде жарық көрген
материалдарды оқу; мектеп, оқу-тәрбие үдерісі және озат педагогикалық
тәжiрибелер жайлы жазылған монографиялық еңбектер және ғылыми әдебиеттер,
педагогика пәні оқулықтарымен, оқу-құралдарымен танысу.
Зерттеушiнiң ғылыми әдебиеттермен танысудағы жасайтын iс-әрекеттерi:
- зерттеу мәселесiне байланысты әдебиеттер тiзiмiн түзу;
- зерттеудің басты мазмұнына және басты идеялар мен қағидалардан қысқаша
конспект жасау;
- әдебиеттегi қажеттi сiлтемелердi, ой-пiкiрлердi, сандық мәлiметтердi
немесе дәйектерді мәтiннен сөзбе-сөз жазып алу.
Тарихи-педагогикалық тәжiрибелердi зерттеу әдiсi кейде дәстүрлi
педагогикалық әдiс деп аталады. Бұл әдiстердi кезiнде Платон,
М.Ф.Квинтилиан, Я.А.Коменский, И.Песталоцци де қолданған, қазiргi ғылымда
да пайдаланылады. Педагогикалық тәжiрибелердi зерделеу, бақылау,
әңгiмелесу, сауалнама жүргiзу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, мектеп
құжаттарын талдау, т.б. зерттеу әдiс-тәсiлдерi iзденiс жұмыстарында
қолданылады.
Байқау – жаңа педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдап,
оларды бұрынғы қоғамның даму кезеңдерiндегi мектептер мен педагогикалық
ойлардың даму сатыларындағы ұқсас құбылыстармен салыстырып, олардын
араларындағы сабақтастықты, оқыту мен тәрбиелеу үрдiсiндегi кемшiлiктер мен
жетiстiктерiн саралап дәлелдейдi. Байқау тәсiлi өте қарапайым
ұйымдастырылады. Бiрақ, оның кемшiлiгi, зерттеушiнiң тұлғалық ерекшелiгiне,
көзқарасына, ынтасына, психикалық күйiне орай субъективтiк қорытынды
жасалуы мүмкiн.
Әңгiмелесу – қосымша ақпараттар алуда педагог ғалымдармен, ағарту
саласына еңбегi сiңген адамдармен алдын-ала күрделi мәселелерге байланысты,
сұрақ-жауап түрiнде әңгiмелесу арқылы тиiстi жауаптар алынып, жүйеленедi.
Әңгiмелесуде жауап берушiнiң ақпараттары тiкелей жазылмай, сырласу
жағдайында күдiк туғызбайтындай түрде жүргiзiледi, зерттеушi материалдарды
есте сақтауға тырысады.
Сұхбат – бұл зерттеудiң дербестiк және қосымша әдiсi, байқаудың
жетiспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында
қолданылады. Бұл тәсiл – әлеуметтану ғылымынан педагогикаға енгiзiлген
әдiс. Зерттеушi алдын-ала беретiн сұрақтарын дайындап алып, сұхбаттасқан
адамға бiр жүйемен сұрақтар берiп, оның жауаптарын көзбе-көз жазып алады.
Мысалы, ағарту саласымен шұғылданатын тарихшы ғалыммен педагогика тарихы
жайлы мәселелер төңiрегiнде сұхбаттасқанда, сұхбатты қолма-қол қағазға
түсiредi.
Сауалнама жүргiзу – материал жинауда көпшiлiкке сауалнама сұрақтары
таратылып, дiттелген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алады.
Әңгiмелесу мен сұхбат бетпе-бет ұйымдастырылса, сауалнама – сырттай
берiлген сұрақтарға жазбаша жауап алатындықтан оларды математикалық әдiспен
талдап қорытынды шығаруға болады.
Байқау, әңгiмелесу, сұхбаттасу, сауалнама жүргiзудiң нәтижесi
берiлетiн сұрақтардың мазмұндары мен құрылымдарына байланысты болады.
Байқау объектiсiн белгiлеу мен сұрақтарды құру төмендегiдей
кезеңдерден тұрады:
- байқау мен сұрақтардың мақсат және мiндеттерiн белгiлеу, сұрау
объектiсiн және пәнiн, жағдайын, мүмкiндiктерiн таңдау;
- алынатын ақпараттардың бағдарын анықтау және қойылатын сұрақтардың
бiрнешеуiн алдын-ала құрастыру;
- алдын-ала жасалған сұрақтарды тексерiстен өткiзу, қажеттiк туғанда
оларға түзетулер енгiзу.
Математикалық және статистикалық әдiс – әр кезеңдегi тарихи-
педагогикалық материалдарды салыстыру, жалпы сұрақтар мен эксперимент
мәлiметтерiнiң қорытындысын шығаруда қолданылатын әдiс. Бұл әдiс
тәжiрибелiк-эксперимент жұмыстарының қорытындысын сенiмдiлiкпен бағалауға
жағдай туғызады. Ал, статистикалық әдiс көптеп жинақталған материалдарды
жүйелеп қорытуда арнайы формула арқылы есептеп, қорытындысын график,
диаграмма, кестелер арқылы шығаруға мүмкiндiк бередi.
Түйіндей келе, педагогика тарихының зерттеулерінде жоғарыда көрсетілген
әдіснамалық ұстанымдар негізінде тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері
қолданылады. Олар:
- кешенді әдістер (жалпы ғылыми әдіс – тарихилық және қисындылық);
- тарихи әдістер (тарихи-генетикалық, тарихи салыстырмалы, тарихи
жүйелілік);
- педагогикалық әдістер (теориялық педагогикалық талдау, педагогикалық
тәжірибені қорытындылау);
- архив құжаттарын оқып, талдау;
- мектеп құжаттарымен танысып, мамандардың құрамы мен оқушылардың
санын анықтау әдістері;
- зерттеу нәтижесі мен сапасын бағалау әдістері, т.б.
Тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасында (әдіснамалық тұғыр,
ұстаным, мәселелер, тарихи- педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық
қызметтері мен әдістері) тағы бір ескеретін жәйт зерттеудің тарихи көздері
(мәдениеттің өнімдері, адам әрекетінің объективті нәтижесі) барлық
гуманитарлық ғылымдар үшін ортақ болып келді де, олар ғылымаралық
зерттеулердің негізін құрайды, тарихи-салыстырмалы зерттеудің пәніне
айналады. Қазіргі уақыттағы әдіснаманың көптігі (полиметодологизм), тарихи
білімді гуманитарландыруға ұмтылу, интеграциялық үрдістердің күшеюі тұсында
тарихи- педагогикалық зерттеудің зерттеу көздері арқылы бағалануы
негізделуде, тарихи- педагогикалық зерттеу көздері де зерделенуде. Сондай-
ақ, тарихи- педагогикалық дерекнама, тарихнама, тарихи- педагогикалық
объектіні сапалық және сандық сипаттау, тарихи- педагогикалық дәйек,
құбылыс, үрдіс, жеке тұлғалардың жігін ажыратып, олардың шындықпен
бағалануы ең маңызды әдіснамалық мәселелер болып отыр. Тарихи-
педагогикалық зерттеулер жіктемесі де жасалуда: жалпы педагогика тарихы,
дидактика тарихы, мектептану тарихы, тәрбиенің әр түрлі салаларының тарихы;
орта және арнайы, жоғары, кәсіптік- техникалық білім тарихы; әр түрлі
педагогикалық мәселелер, ағымдар, бағыттар, білім мекемелері тарихы; жеке
тұлғалардың тарихы және т.б. Әлі де педагогика тарихында зерттелетін және
зерделенетін мәселелер көп-ақ. Педагогикалық құбылыстың мәніне нақты тарихи
көзқарас қалыптасып аяқталған жоқ. Өйткені, тарихи-педагогикалық
зерттеулердің талдану жүйесі көбінесе мемлекеттік идеологияның талаптарынан
асып кете алмады, себебі идеология білім мекемелерінде доктрина есебінде
іске асырылмады. Кеңес үкіметі кезінде таптық күрес доктринасы басым болды.
Соңғы уақытта тарихи- педагогикалық құбылысты ұлттық идея тұрғысынан
бағалау, ой елегінен өткізу жолдары ұсынылуда. Ұлттық білім беру жүйесі -
әлемдік білім беру жүйесінің бір бөлігі. Көп уақыт педагогика тарихында
партиялылық, әлеуметтік -таптық, мәдени-тарихи тұғырлар педагогикалық
фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді, нәтижелерді талдауда бірден-бір
басшылыққа алынған бағдарлар ретінде орын алды. Әрине мұндай жағдайда
тарихи-педагогикалық білім мен мәліметтердің бұрмалануы да орын алды.
Педагогика тарихы кейде ұлттық мүддеден тыс қарастырылды, негізінен Батыс
Европа мен Ресей педагогикасының тарихы мысалында зерделенді. Дегенмен,
тарихи-педагогикалық үрдіс нағыз ғылыми тұрғыда қарастырылып, зерттелуі
қажет-ақ.
Бүгінгі күндегі мектептегі білім берудің дамуы олардың негізі болған
кешегіні білмей, даму бағытын, заңдылықтарын білмей дұрыс түсінуге және
бағалау мүмкін емес. Тарихи–педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, кешегі
тарихымыз бүгінгі күннің педагогикалық құбылыстары мен жүйесінің негізін
құрады.
Тарихи-педагогикалық әдіснама тұтас тарихи- педагогикалық процестің
құрылымының сипаты мен құрамдас бөліктерін объективті ғылыми- тарихи
зерттеуді талап етеді. Осы жағдайда ғана, тарихи педагогика өз қызметін
атқара алады: а) теориялық танымдық; б) әлеуметтік-аксиологиялық; в)
дәлелдік-сындық; г) эвристикалық-прогностикалық; д) тәрбиелік; ж)
дәлелдеушілік және өлшемдік.
Осылайша тарихи-педагогикалық және қазіргі тарихи-педагогикалық үрдіс
тұтастай уақыттық компоненттерді құрайтын ішкі тұтастықпен анықталады.
Өткен тарихи педагогика – қазіргі кез – педагогикалық болашақ, олардың
ешқайсысы бөлек оқытылып нәтиже әкелмейді.
Ерте дүние тарихына жаңа әдіснамалық көзқараспен қарау дегенде, бұрынғы
кезеңдегі қоғамдық құбылыстардың ерекшеліктерін ескеріп ғылыми айналымға
түсіргенде, зерттеушілер сол кездердегі қоғамдағы қайталанбас жекелеген
құбылыстардың, бүгінгі өмір жағдайына байланысты өлшемдермен сәйкес
келмейтін өзгешеліктеріне ерекше саналы қарап, оны ғылыми талдауда ескеруі
тиіс.
Қазақстан Республикасы көп ұлтты ел болғандықтан, бірлік пен келісімге
құрылған мәдениетті тұлғаны тәрбиелеуде, тек жеке тұлғаның іс-әрекетіндегі
шығармашылық мәдениетін дамытумен ғана шектелмей, субъектінің қоғамдық
құндылығын тәрбиелейтін міндеттерін – ізгілік, бұқарашылық ұстанымдарына
құру қабілеттері дамытылуы керек.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар:
1. Педагогика тарихы ғылымы нені зерттейді?
2. Педагогика тарихының әдіснамалық негізіне не алынады?
3. Педагогика тарихының басқа ғылым салаларымен байланысын сипаттаңыз.
4. Педагогика тарихының қандай әдіснамалық ұстанымдарын және тұғырларын
білесіз?
5. Педагогика тарихының қандай зерттеу әдістері бар?
6. Жеке ғылыми-зерттеу әдiстерiн сипаттаңыз.
7. “Педагогика тарихы және оның әдіснамасы, тарихи педагогикалық
зерттеу әдістері” атты кесте құрыңыз.
Реферат тақырыптары
1. Педагогика тарихы ғылымының мақсаты, міндеттері, мазмұны, зерттеу
әдістері мен құралдары, көздері.
2. Педагогика тарихының басқа ғылым салаларымен байланысы.
3. Педагогика тарихын зерттеудегі - философиялық диалектикалық әдіс.
4. Қазақстан педагогика тарихының ғылым ретiнде қалыптасуы.
5. Тарихи-педагогикалық мәселелердi зерттеудiң әдiснамасы.
6. Ғылыми бiлiм жүйесiндегі педагогика тарихының мәнi.
7. Бiлiм беру тарихы мен педагогикалық ойлардың тарихи-педагогикалық
үдерiстегi бiрлiгi.
8. Тарихи- педагогикалық ғылыми-зерттеу әдiстерi.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Проблемы методологии педагогики и методики исследований. Под ред.
М.А.Данилова , Н.И.Болдырева. – М.: Педагогика, 1971.
2. Полонский В.М. Оценка качества научно-педагогических исследований. М. :
Педагогика, 1987.
3. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.
–Алматы: Рауан, 1998.
4. Всемирный историко-педагогический процесс: концепции, модели,
историография. Под ред. Г.Б.Корнетова и др. - М.: 1996.
5. История педагогики как учебный предмет Под ред. К.И.Салимовой. - М.:
1989.
6. Рахимова М.Р. и др. История образования и педагогической мысли. –
Бишкек, 2002.
7. Теоретико-методологические вопросы истории педагогики. Под ред. Б.М.Бим-
Бада и др. - М.: 1986.
8. Общенациональная идея Казахстана: опыт философско- методологического
анализа. – Алматы: Компьютерно-издательский центр Института философии и
политологии МОН РК, 2006. - 412с.
9. Методология истории: Учебное пособие для студентов вузов. Под ред.
А.П.Алпеева и др.- Мн.: НТООО Тетрасистеме, 1996.- 240с.
10. Бержанов К.Б., Мусин С.М. Педагогика тарихы. Алматы, 1984. – 256 б.
11. Константинов Н.А., Медынский Е.И., Шабаева М.Ф. История педагогики. –
М.: Просвещение, 1982.
12. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы,
2002.- 256 б.
13. Храпченков Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли
Казахстана. Алматы, 1998.- 168 с.
14. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь М., 2000. –
176 с.
15. Саипова А.А. Методические особенности историко- педагогических
исследований. Вестник АГУ им.Абая, серия Психолого- педагогические
науки 2002, №1. С.–93-94.
16. Шкабала И.С. Проблемно-генетический анализ как метод историко-
педагогического исследования. Педагогика. - 2003. - №7. - С. 21-25.
17. Кешелева О.Е. Заметки об историко-педагогическом исследовании
Современная педагогика. - 1991. №6. - С. 85-90.
18. Источниковедение: Теория. История. Методология. Источники российской
истории: Учебное пособие И.Н. Данилевский и др. - М.: Российский
гос. гуманитарный университет, 1998. - 702с.
19. Овчинников А.В. О научных подходах к изучению истории просвещения.
Педагогика.- 2001. №2 С. 66-70.
20. Королев Ф.Ф. Логические и исторические в педагогических
исследованиях. Советская педагогика . - 1970. №3. - С.83-94.
21. Беликова А.П. Теоретико-методологические вопросы региональных
историко–педагогических исследований. Сибирский педагогический журнал.
– 2004. №2. - С. 106-109.
Тақырыбы-2
Шетел педагогикасы мен мектептерінің тарихы
Алғашқы қауымдағы тәрбие .Тәрбиенің пайда болуы.
Жоспар
1. Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы.
2. Тәрбиенің әрекетінің ерекше түрі ретінде пайда болуы.
3. Жанұяның пайда болуы .Жанұядағы бала тәрбиесі.
4. Тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы.
Лекцияның мәтіні:
Жер бетінде алғашқы адамдардың қалай, қай жерде, қай заманда пайда
болғаны туралы ғылыми пікірталастар әлі де жалғасып келеді. Бұл
жөнінде бірқатар монографиялар, ғылыми-зерттеу еңбектер жазылғанымен,
белгілі бір түйінді тұжырым жасалған жоқ. Дегенмен ХІХ-ХХ ғасырларда
іргелі зерттеулер жүргізген палеонтология ғылымы саласында аталған
мәселелерге байланысты көптеген деректер жиналды.
Палеонтология ғылымының дамуына Молекулярлық биология мен
археологиялық ғылымдардың табыстары бұл ғылым саласының деңгейін көтеруге,
жер шары халықтарының мәдени мұраларының эволюциялық даму жолдарын
анықтауға көп септігін тигізді.
Жалпы палеонтология оқулықтары бүгінгі күндері адам баласының
құрлықтағы пайда болуы осыдан 1 миллион 600 мың жыл бұрын шамасында
шыққан деген түсінік береді. Кейбір деректерде адамның жер бетінде пайда
болуы 9 миллион жылдарға тең деген болжам айтылады.
Белгілі археолог Кемел Ақышевтың басшылығымен шәкірттерінің зерттеу
нәтижелері көрсеткендей, Ұлы даламыздың төсінде палеолит дәуірі
кезеңіндегі Алматы облысындағы Қарғалы және Шығыс Қазақстан облысындағы
Тарбағатай елді мекендерінде алғашқы адамдардың жатақтары табылған.
Еуразия даласында жақын арада табылған ең ежелгі алғашқы адам
тұрақтаған мекен анықталды. Қазба жұмыстары дәлелдегендей қазақстандық
белгілі археолог В.Волошин ашқан жаңалық адамзат тарихы жөніндегі бірқатар
теориялардың қайта қаралуына мүмкіндік туғызады. Аты аталған археологтың
басқаруындағы экспедиция соңғы 30 жылдың ішінде Сарыарқа өңірінен палеолит
кезеңінен 20-дан астам адам қоныстарын ашқан.
Ежелгі адамдардың қоныстарында еңбек құралдарымен қатар, осы заманғы
жылқының арғы тегі – гиппарионның тістері табылды. Соңғы деректер бойынша
Еуразия даласында жабайы жылқыны қолға үйреткен тайпаның Нұра-Есіл
аумағынан табылуы әлем палеонтологтарының назарын аударып отыр.
Сонымен алғашқы адамның мекен еткен жері Африкада ғана емес,
Еуразиядағы Ұлы далада алғашқы адамдар тұрағы болғандығын айқындайды.
Тарихи деректер Еуразияның Ұлы Даласында б.з.д. соңғы 5-6 мыңжылдықтың
ішінде халықтардың қоныс аударуы бірнеше рет қайталанғандығын көрсетуде.
Бірақ, тарихшы Қ.Салғариннің үш рет қоныс аудару болған деген пікірін
шартты түрде қабылдауға болады. Айтылған тұжырымды нақтылай түсуге
байланысты белгілі орыс академигі А.П.Окладников бастаған ғалымдар “Сібір
мәдениеті” деген атпен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Қазба
жұмыстары көрсеткендей, Алтай тұрғындары тұрмыс-тіршілікте пайдаланған
тас-құралдардың мезгілін радиоактивтік құралдар арқылы анықтау олардың
жүз мың жылдардан бұрын қолданылғандығын дәлелдеген.
Сібір археологтары анықтағандай энолит (мыс, тас) дәуірінде-ақ
солтүстіктің қалың орманының күнгей жағынан Алтайды Еуропаға
байланыстырған дәліздің болғандығы байқалады.
Еділ мен Жайық бойынан табылған заттар, құралдар мен бұйымдар
ертеде Сібір төңірегінде жасалынғанын, Еуропа аумағында табылған
бұйымдардың оларға ұқсастығы ежелгі адамдардың қоныс аударуына байланысты
екендігін айқындайды.
М.Аджидің деректерінде “...біздің жыл санауымыздан бұрынғы ҮІ-Ү
мыңжылдықтан кейін өздерін угор, фин, литван, эстон, кельт және викингпіз
деп атап жүрген жұрттың көпшілігі жоғарыда айтқан дәлізбен Азиядан Еуропаға
жол тартып, сол жерлерде өздеріне қоныс тауып, тұрақты мекендеп қалған.
Сол кездерде олардың бір-бірінен айырмашылықтары да жоқ болатын, бір-
біріне ұқсас өзен бойын, орман ішін мекендеп, аң аулап, балық ұстап,
бірге көшіп жүретін. Халық болып ұйымдасып қалыптасса да, ұлы қоныс
аударушылардың көш басы осылар болатын”,- деп баса көңіл бөлінген. Бұл
жасалған тұжырым шындыққа сәйкестеу. Өйткені Шығыс Еуропа елдерінің негізін
қалағандар, яғни Скандинавия түбегі мен Балтық бойындағы угор, фин, эстон,
литван және кельттер б.з.д. бірінші мыңжылдықтың ортасында бүкіл Галлияны
иемденіп, ҮІ-ІІІ ғасырларда қазіргі Испания, Британия, Италия, Германия,
Чехия және Венгрия жерлерінде орнығып қалғаны тарихтан белгілі.
Ал, Ұлы Далада мекен еткен көшпенділерге қатысты тарихи деректерге
сүйенсек, Ұлы қоныс аударудың қарбаласында үнемі екі бағытпен, яғни
солтүстік және оңтүстік бағыттар аралықтарында көшіп–қонғандығын
байқаймыз. Мысалы, жоғарыда айтқандай орман тайпалары солтүстік бағытпен
Еуропаға өтсе, дәл сол шамада оңтүстік бағытпен Батысқа қарай
қозғалғандардың ішінде орта азиялық тайпалар да болған, кейінірек ежелгі
түркілер (мықтар – сақтарға дейінгі елдің аты, ол туралы деректер аз) мен
сақтар аталып, олардың бір бұтағы атақты шумерлер Кіші Азияға қоныс
аударады. Олар дүниежүзі тарихында белгілі болғандай, Таяу Шығыста алғашқы
өркениетті құрған елдер қатарында аталады.
Екінші қоныс аудару – дүниежүзілік су тасқынынан кейінгі, б.з.д.
екінші мыңжылдықтан кейінгі, Батыстан Шығысқа қарай бағытталған қоныс
аударуға байланысты тарихи деректер жоқтың қасы. Сонда да, халықтың
санасында сақталған ауызша тарихи шежіре ретінде айтылатын аңыздар бар. Ол
аңыздардың бірінде дүниежүзілік су тасқынынан кейін Нұх пайғамбар аман
қалған үш баласын үш тарапқа – Хамды Үндістанға, Самды Иранға, Иафетті
Солтүстікке жібергендігі. Иафет қоныс іздеп жүріп, Еділ мен Жайықтың
арасын мекендегені айтылады.
Әбілғазының “Түрік шежіресі” кітабы Иафет 250 жыл өмір сүріп, қайтыс
болғанда оның артында Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих
атты сегіз баласы қалған, олардың ең үлкені Түрік елге патша болған
делінеді.
Атадан балаға жалғасқан мирастық дәстүр шежіреде Алансуоның
балаларына келгенде бұзылып, Алансуо өлерінде елде егіз туған екі баласына
– Татар мен Монғолға бөліп берген деп жазылады.
Адамзат тарихының әр кезеңдерiндегi тарихи-мәдени үрдiстердi талдауда
археологиялық және этнографиялық зерттеу нәтижелерiне сүйенемiз. Шамамен үш
миллион жыл бұрын жануарлар дүниесiнен гоминид тармағы бөлiнiп шығып, адам
ұрпағының бастауы – австралопитек және алғашқы адамдар архаентроп және
палеонтроптар тарихы қалыптасу барысында қазiргi адамдарға ұқсау нышандары
байқалынады.
Адамның пайда болуы мен даму кезеңдерiн геологиялық хронологияларға
негiздеу - тарих ғылымында берiк қалыптасқан жай. Геологиялық танымда
жердiң тарихы төрт дәуiрге бөлiнедi. Олар: архей, палеозой, мезазой,
кайнозой деп аталады.
Жер бетiндегi тiршiлiк сiлемi кайнозой дәуiрiнен басталады. Кайнозой өз
кезегiнде екi кезеңге, бiрi шамамен 60 миллион жылға созылған геологиялық
үштiк кезең, екiншiсi шамамен 1 миллион жылдан бүгiнгi күнге дейiнгi кезең
болып ажыратылады.
Сонымен саналы адамның тiршiлiгiнде тұтынылған тастар “тас дәуiрi”
шартты атаудан бастау алады. Адам танымы ғылыми тұрғыдан тас дәуiрiн ең
ежелгi кезең – палеолит, екiншiсi – мезазой (орталық кезең), үшiншiсi –
неолит (ең соңғы кезең) деп үш кезеңге бөледi.
Ал азиялық аумақта алғашқы адамдардың пайда болуы 9-7 мыңжылдықтар
шамасындағы ең ежелгi палеолит кезеңiнде Сiбiр, Қырым, Кавказ, Орталық Азия
және кейiннен Днестр, Дон жағалауларында пайда болған деген пiкiрлер бар.
Бұл тұжырым әлi де нақтылана түседi.
Сол деректерге қарасақ, палеонтроптар еңбек және аң аулау құралдарын
жасап, әртүрлi топтық-шаруашылық қарекеттермен айналысқан, үңгiрлерге, жер
үйлерге паналап алғашқы от жағу, тағам дайындау, жемiс-жидектердiң дәнiн,
тамырын жинау, сақтау, т.б. iстердi атқаруға үлкендермен қатар балалар да
қатыстырылған. Мұндай жағдайларда тәрбиенiң пайда болуы - заңды құбылыс.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде күнделiктi тәжiрибелерi жинақтала келе, тұрмыс-
тiршiлiгi тәрбиенiң қажеттiлiгiне және оны жетiлдiрiп отыруға
талаптандырды. Үлкендер мен балалардың бiрлестiк еңбектерi бағдарлы үйрету
қарекетiмен ұштасты. Тұрмыстық тiршiлiктiң барысы, алғашқысында аң және
балық аулау қауымдастықтарын қалыптастырса, егiн және мал шаруашылығымен (8-
5 мыңжылдықтан жаңа дәуiр аралығы) айналысуда адамдар өмiрiне мол
өзгерiстер енгiздi.
Осы аралықта аналық-рулық матриархат қауымдастығы өрбiдi. Балаларды
тәрбиелеу тайпа көсемдерiне, ақсақалдарға жүктелiп, ертегi айту, ойын
ұйымдастыру және өлең айту түрлерi, сол дәуiрдегi тәрбиенiң мазмұндық
құрамына айналды.
Кейiнгi алғашқы қауымдағы аңшылық шаруашылықтары адамдардың өндiрiстiк
формадағы егiншiлiк пен шаруашылық еңбектерiмен ұласты. Алғашқы қоғамдағы
шаруашылық және әлеуметтiк байланыстардың күрделенуi және өзгерiске түсуi
өндiрiс құралдарына иелiк ету, отбасының пайда болуына жағдай жасады.
Қоғамдағы билеушi топтар, көсемдер, ақсақалдар, дiн басылары балаларды
еңбекке баулу тәрбиесiне, есеп-шотты пайдалануға үйрету, тәрбие мазмұнын
кеңейтуге назарларын бөле бастады. Жер өлшеу, ауа райын, су тасқындарын
болжау, адамды емдеу, т.б. бiлiмдердi үйрететiн арнаулы мекемелер (мектеп
типтес) ашылды. Онда балалардың практикалық iскерлiктерi мен дағдылары
жетiлдiрiлдi.
Қауымдастықта қалыптасқан жағдайларға байланысты аңшыны, бақташыны,
диханды тәрбиелейтiн бағдарламалар белгiленiп, жасөспiрiмдердiң бiлiм,
практикалық дағдыларын дамытуға ат салысты. Қыз балаларға арналған
бағдарламаларда оларды үй шаруашылығына, үй кәсiбiне: жемiс-жидек жинау, ас
дайындау және сақтау, қолөнер, бейнелеу өнері, сурет салуға үйретiлдi.
Жастардың денесiн шынықтырумен бiрге ежелгi дәстүр-салттарын сақтауға
бейiмдеу қауымдық тәрбиеде басым болды, жастарды өмiрдiң жалпы ұстанымына
қажеттi бiлiмдердi, практикалық iскерлiк пен дағдыларды меңгеруге, рулық
аңыздар, мифтердi және ертегiлердi есте сақтауға ынталандырды. Қорыта
айтқанда, неолит дәуiрiнде тiршiлiк қажеттiлiгiн өтеу шаруашылығынан
өндiрiстiк өнiм шығаруға көшу адамзат тiршiлiгiне өзгерiстер ендiрiп, бала
тәрбиесiне тiкелей ықпалын тигізді.
Алғашқы қауымдастықта күнделікті өмір-тіршілікке, шаруашылыққа, елді
қорғауға қыз балалар да қатыстырылды. Қазақстанның территориясындағы
таулы-тасты жерлерде бедерленіп сызылған жүкті, балалы әйелдердің
бейнелері, садақ ұстап нысананы көздеген қыздардың мүсіндері салынған
деректер ұшырасады.
Рулық қоғамдастықта көсемдердің, жасы келген қариялардың,
ақсақалдардың жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысқандығын археологиялық және
этнографиялық зерттеу жұмыстары нақты деректермен дәлелдейді.
Жас ұрпақты тәрбиелеуге қауымдастықтың барлық мүшелері қатысқан,
оларды қауымдастықтың жалпы өмір тіршілігіне үйрету, балаларды ересек
адамдардың өмір қарекетіне даярлау мәселелері ортақ болған. 10-12 жасар
балалар үлкендер қатарына қосылу үшін тіршілікке қажетті іскерлік пен
дағдыларды игеруге тиіс болған. Ал бала 13-ке толғанда отбасы иесі деп
саналып, үлкендер қатарына жатқызылып, дене күшін дамыту және шаруашылық іс-
әрекеттер тәжірбиесін жинақтауға тәрбиеленген. Жастар тұрмыстық құралдарды
жасауға және қолдануға дағдыландырылған. Мәселен, балалар арасында қасиетті
аң-құстарды, үй жануарларын, адамдарды бейнелейтін ойыншықтар жасау кеңінен
тараған. Дон дариясының жанындағы Костенка ауылындағы ертедегі балалар
жасаған ойыншықтар палеолит дәуіріндегі қорғаннан табылған. Үлкендердің
бірлесіп аң аулағандарын көргендерін, білгендерін, оған қатысқаннан алған
сезім-күйлерін балалар осындай ойыншықтарды жасау арқылы өзіндік ой-
саналарын арттыруға мүмкіндік алған.
Сонымен қатар Тәңірге табыну сияқты тотемдік ырым-салтқа байланысты
балалардың магиялық ойлау бейнесін дамытқан. Былайша айтқанда, тотемдік
сенім, адамның қабілет-қасиеттілігі хайуанаттың қимыл-әрекеттеріне ұқсау
арқылы дамытуға болады деп есептеді. Тотемдік ырымдарға айырықша мән
берілді, балалар ол ырымдарды игеруге үйретілді.
Балалардың үлкендердің басшылығымен атқаратын жұмыстарында олардың
талғам-сезімдерін, ептіліктерін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz