Қағаз және картонмен істелетін жұмыстар


Ќағаз және картонмен істелетін жұмыстар .
Ќаѓаз жєне ќатырма ќаѓазбен ж±мыс бастаушы сынып оќушыларыныњ ењбегін оќыту ж‰йесінде мањызды орын алып, оќушылардыњ ењбек с‰йгіштігі ±ќыптылыќќа, жоѓарѓы талѓамдыќќа тєрбиелейді. Балалардыњ ±жымда µз ойын басќалармен сєйкестіре отырып, ж±мыс істеу ‰шін ж±мысыныњ кейбір т‰рлерін барлыќ балалар бірігіп орындайды. Ењбектіњ б±л т‰рін оќыту барысында аќыл-ойы дамыѓан балалардыњ ойындаѓы, зерттеу кемшіліктерді т‰зеуге ‰лкен м‰мкіншіліктер туады. Оќушылар сабаќта білімді кµлемде жалпаќ пішінді бір немесе бірнеше біліктерден т±ратын, ±йымдастырады. Сапасы єр т‰рлі ќаѓаздан жєне ќатырма ќаѓаздан балалар б±л ‰шін белгілі бір ќ±ралдарды пайдаланады. Б±йымды берілген ‰лгіге ќарап жасайды. Сондыќтан да, оќушылардыњ б±йымды талдап, оныњ ерекшеліктерін аныќтап, салыстырып ќарапайым т±жырым жасай білулерініњ мањызы зор. Б±йымды ќаѓаздан жєне ќатырма ќаѓаздан жасаудыњ белгілі бір бірізділігі бар, егер ол б±зылса оќушы б±йымды неден жасай алмайды немесе ж±мысты спасыз орындайды. Осыѓан байланысты балалардыњ жоспар ќ±ру оныњ іс-ж‰зіне асыру жєне істелген іс туралы ќортындылыѓын білу ќабілетін ќалыптастыру керек. Жазыќ жєне кµлемді б±йымдарды жазыќ материалдан істеуді ‰йрету м±ѓалімге балалдардыњ кењістік баѓдарламаныњ дамымауын т‰зеуге м‰мкіншілік береді. Сондыќтан балалар жапсырмаќ±раќпен ж±мыс барысында ырѓаќпен тепе-тењдік зањымен танысып, геометриялыќ формаларды тануѓа жаттыѓады. Балалар ќаѓаз бетіне бµліктерді орналастырѓанда ќаѓаз бетінде баѓдарлауѓа ‰йреніп жоѓарѓы тµмен оњ жаќ тура жоѓарѓы жєнет. б. сияќты кењістік ±ѓымдарды атайды.
Балалар ќаѓаз бен ќатырма ќаѓазбен к‰нделікті µмірде жиі кездеседі. Біраќ аќыл-ой дамымаѓан бірінші сынып оќушылары б±л материалда тура т‰сініктер мен маѓл±маттар болмайды. Оќушылар ќол ењбек сабаќтарында єр т‰рлі сападаѓы ќаѓаз ќатырмак ќаѓаз т‰птеу материалымен жєне олардыњ ќолданыс ќасиеттерімен танысады. Олар м±ќаба т‰птеуші мамндыѓы туралы ќарапайым т‰сінік алады. Балалар єр т‰рлі б±йымдарджы жасау ‰рдісінде ќаѓаз бен ќатырма ќаѓазды µњдеу тањбалаудыњ ќарапайым тєсілдерін оќу мењгереді. Балалар жєй жєне к‰рделі пішіндерді ќалыппен тањдауды кµп ќиындыќќа кездеспейді. Аќыл-ойы дамыѓан балалар ‰шін сызѓышпен белгілеу тєсілі белгілі бір ќиындыќты туѓызады. Сондыќтан да, тµменгі сынып оќушыларын тек бір тєсілге ‰йоету ±сынылады. Ол былайша орындалады: бірінші жоѓарыдан, содан кейін ќаѓаздыњ тµменгі б±рышынан, сызѓышпен керекті µлшемді белгілейцді. Белгіленген н‰кте сызѓыш арќылы ќосылады. Біраќ балалардыњ ‰йренген тєсілін єр т‰рлі жасайды. Ќолдану ‰шін, жаттыѓулар т‰рлерін т‰рлендіріп отыру керек.
Бейнелеу және құрастыру әрекетінің келесі түрі - сурет аппликация.
Аппликация сабақтары процесінде балалар өздері бөліктері мен силуэттерін қиып, жапсыратын алуан түрлі заттардың қарапайым да күрделі формаларымен танысады. Силуэетті кескінді жасау үлкен ой мен қиял жұмысын талап етеді, өйткені силуэетте кейде заттың негізгі белгілері болып табылатын детальдар болмайды.
Аппликация сабақтары математикалық түсініктердің дамуына мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі балалар аса қарапайым геометриялық формаларының аттарымен, белгілерімен танысады, заттардың және олардың бөліктерінің кеңістікте орналасуы мне көлемі туралы түсінік алады. Осы күрделі ұғымдарды балалар декоративтік ою-өрнек жасау процесінде немесе затты бөлік-бөлігі бойынша бейнелеген кезде оңай ұғып алады.
Сабақтардың барысында мектепке дейінгі балалардың бойында түсті, ритмді, симметрияны сезу дамиды және осының негізінде көркемдік талғам қалыптасады. Оларға түсті өздері жасау немесе форманы бояу керек емес. Балаларға түрлі түстер мен реңктегі қағаздарды бере отырып оларды әдемі үйлесімді таңдай білуга тәрбиелейді.
Ритм мен симметрия ұғымымен балалар сәби жастың өзінде-ақ декоративтік ою-өрнек элементтерін бөлген кезде танысады.
Аппликация сабақтары бөбектерді жұмысты жоспарлы ұйымдастыруға үйретеді, өйткені өнердің бұл түрінде композиция жасау үшін бөліктерді жүйелі жапсырудың үлкен маңызы бар.
Аппликациялық бейнелерді орындау қол бұлшық еттерін дамытуға, қимылдарды үйлестіруге жәрдемдеседі. Бала қайшы ұстауға, қағаз парағын бұра отырып, формаларды дұрыс қиып алуға, формаларды қағаз бетіне бір-біріне бірдей қашықтықта орналастыруға үйренеді.
Бейнелеу және құрастыру әрекетіне үйретудің негізгі мақсаты - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Балалардың айналадағы өмірден алған әсерлері бұл іс-әрекетінің мазмұны болып табылады. Сурет алу процесінде балада бейнелеушіге белгіл бір қатынас орнығып, қоршаған әлем жөніндегі білімі нақтыланып, көбейе түседі. Балалар сабақ кезінде түрлі материалдармен жұмыс жасауға дағдылар мен іскерліктерге ие болады, оларда болмыстың заттары мен құбылыстарын бейнелеу процесінде бұл іскерліктерді шығармашылықпен пайдалануға үйренеді.
Мектепке дейінгі ересек жастағы баланың айналасындағыны берудегі бейнелеу мүмкіндіктері шектеулі. Бала қабылдағанының барлығы бірдей оның суреті немесе мүсіні үшін тақырып бола алмайды.
Тақырыптық композицияны жасау міндеті өзара логикалық байланысы бар зататр тобын бейнелеуді талап етеді. Өмірде бала заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды оңай аңғарады, алайда бұл қатынастарды сурет немесе мүсін арқылы беру үшін мектеп жасына дейінгі бала ой мен ұиялдың үлкен жұмысын талап ететін бірқатар бейнелеу іскеліктерін меңгеруге тиіс. Бала бейнеде ненің басы, ненің екінші дәрежелі екенін анықтау; композициялық міндеттерді шешу қажет.
Бұл бейнелеу тәсілдерін меңгеру - ойды дамытуды талап ететін барынша күрделі міндет. Балабақшада бұл негізінен ересек топтарды шешіледі. Үйретудің маңызды міндеті ритмді, симметрияны, түсті ескере отырып, ою-өрнек жасай білуді дамыту болып табылады. Бұл міндет көбіне декоративтік сурет пен аппликация сабақтарында жүзеге асады. Мүсіндеуде жасалған ыдыстар мен декоративтік пластиндерді бояулармен боылған ою-өрнекпен нақыштау.
Бейнелеу өнеріне баулудың маңызды міндеттерінің бірі - түрлі материалдармен жұмыс жасау техникалық тәсілдерін меңгеру.
Бейнелеу іскерлігі затттың формасын, оның құрылысын, түсін және басқа сапаларын бере білу, нақышталатын форманы ескере отырып, ою-өрнек жасай білу қабілетінен тұрады. Бейнелеу іскерліктерімен техникалық дағдылар тығыз байланысты. Кез келген затты бейнелеу үшін кез келген бағытқа сызықтарды еркін және жеңіл жүргізе білу керек, ал осы сызықтардың көмегімен заттың формасын қалай беру керек - мұның өзі бейнелеудің міндеті болып табылады.
Бейнелеу өнеріне үйретудің әдістері мен тәсілдері:
- Бақылау.
- Заттарды пайдалану.
- Үлгіні пайдалану.
- Картиналарды пайдалану
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың табысты болуы олардың айналасындағыны бақылай білуі, болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды анықтап, жалпы және жеке белгілерді бөліп көрсете білуі қаншалықты дамитынына байланысты. Баланы арнаулы бейнелеу тәсілдеріне, түрлі бейнгелеу материалдарын пайдалану әдістеріне үйрету қажет. Тек сабақта жүйелі түрде үйрету процесінде ғана балалардың қабілеттері қалыптасады.
Балабақшада бейнелеу және құрастыру әрекеті жөніндегі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде шартты түрде көрнекі және сөздік деп бөлінетін тәсілдер пайдаланылады. Балалар бақшасына тән тәсілдер тобы ойын тәсілдерін құрайды. Ал үйрет у тәсілі сабақтардағы іс-әрекеттердің ерекшелігін анықтамайды бар болғаны тар көлемде үйрету маңызына ие, неғұрлым жеке, көмекші құрал.
Заттарды пайдалану.
Натурамен жұмыс жасау затты белгілі бір қашықтықта, сурет салушының көзіне қатысы жағынан ол қандай болса, сондай жағдайда бейнелеуді көздейді. Оны неғұрлым сипаты жағынан қабылдайтындай етіп орналастырады. Тәрбиеші натураны балалармен бірге егжей-тегжейлі қарап шығып, талдау процесіне бағыт беріп, оны сөзбен және ым-ишарамен жеңілдетіп отырған жөн. Мысалы, ересектер тобында шырша бұтағының натурасынан сурет салған кезде балалар бұтақшалардың орналасуын кеңістікте, сол жақ пен оң жақ бұтақшалар тармақтары мен көлемін беріп, қара қошқыл немесе ашық өңде қалың қылқан жапырақтардың суретін салады. Осы мақсатта жапырақтар, бұтақтар, гүлдер, жемістер мен ойыншықтарды пайдалануға болады.
Үлгіні пайдалану.
Натура сияқты үлгі де үйрету әдісі және жекелеген тәсіл ретінде де пайдаланылады. Бейнелеу іс-әрекеті түрлерінде көбінесе декоративтік және конструкциялық жұмыстарда үлгі үйрету әдісі ретінде қолданылады.
Балалар үлгілерден ою-өрнек элементтерін көшіріп алуға, элементтердің орналасуы және үйлестіруге үйренеді. Үлгілерді пайдалану сол сабақтардың алдындағы міндеттерімен анқталады. Мәселен, үлгі тәрбиешінің арнайы нұсқауынсыз ұсынылуы мүмкін, балалар оны көріп алып, өз беттерімен орындайды. Бұл жағдайда үлгіні қолдану баланың сыни тұрғысынан ойлауны арттырады.
Кейде үлгі үйрету тәсілі ретінде де пайдаланылады. Мысалы, заттың суретін салғанда, мүсінін жасағанда үлгі көшіру мақсатында емес, бейнелеп отырған зат туралы балалардың түсінігін нақтылау үшін пайдаланылады.
Картиналарды пайдалану.
Картиналар негізінен балалардың қоршаған болмыс туралы түсініктерін нақтылау үшін бейнелеу құралдары мен тәсілдерін анықтау үшін қолданылады.
Картина көркем шығарма ретінде образдарды әдемі әрі әсерлі береді. Осы кезде балалардың шығармашығын арттыру үшін сабақ барысында қандай да бір детальдарды нақтылау үшін картинаны кейбір балаларға көрсетіп алу қажет, бұдан кейін картинаны алып тастау керек. Себебі оны одан әрі көріп қабылдау көшіруге әкеліп соғады.
Олардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту мақсатында аяқталмаған картинаны ұсынуға болады. Тәрбиеші сұрақтар қойып нақтылау арқылы сурет салдыруға болады.
Балабақшада шығармашылық саласы аясында өтетін сурет салу, жапсыру, мүсіндеу сабақтары балаларды бейнелеу өнеріне баулуда жетекші роль атқарады.
Сурет алуды заттық, затқа қарап сурет салу, сәндік бейнелеу, сюжеттік сурет салу деп бөлеміз.
Сурет салуға үйретудің негізгі мақсаты - балалардың айнала қоршаған тіршілікті тануға көмектесу, олардың аңғарымпаздығын дамыту, сұлулықты сезінуге тәрбиелеу және бейнелеу тәсілдеріне үйрену. Сонымен бірге балалардың бейнелеу іс-әрекетінің басты міндеті - олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін бейнелеу құралдарының көмегімен әр түрлі заттардың анық, айқын образын жасау үстіндегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда жүзеге асады.
Бейнелеу өнерінің тағы бір түрі - мүсіндеу. Мүсіндеудің бейнелеу және техникалық құралдарын меңгеру сәбилер үшін қиынға соғады. Сондықтанда тәрбиеші мүсіндеуге арналған материалдарды мұқият іріктуіне үйретудің мазмұны мен тәсілдеріне ұқыпты қарайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz