Саяси жүйе туралы ұғым



1 Саяси жүйе
2. Саяси жүйенің құрылымы.
3. Саяси жүйенің жіктелуі
«Жүйе» ұғымын ХХ ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л.Фон Борталанфи (1901-1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды.
Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Социологияда қоғамды жүйелік түрде талдаған – Т.Парсонс. Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Итсон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.
«Кірістің» 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау және т.б. М ұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.
Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға, мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене қатысу, қабылданған шешімдерді, заңдарды уақытында бұлжытпай орындау және т.б. жатады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Саяси жүйе

1. Саяси жүйе туралы ұғым.

Жүйе ұғымын ХХ ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш
енгізген неміс биологы Л.Фон Борталанфи (1901-1972). Ол бұл терминді
клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым
жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде
қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді.
Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына
жауап қайтару арқасында дамиды.
Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла
бастады. Социологияда қоғамды жүйелік түрде талдаған – Т.Парсонс. Ол
қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси,
әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіктің әрқайсысы белгілі бір
қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап
қайтарады. Олар қосылып жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп болған жоқ. Оны
ХХ ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Итсон ойлап
тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе
сыртқы ортамен кіріс, шығыс принциптері арқылы байланысады.
Кірістің 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты
халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының,
қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы
пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір
қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады.
Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны
көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен
еркіндігін қорғау және т.б. М ұндай талаптар көбейіп, оларға билік
органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.
Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін,
адалдығын, саяси институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп
отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға, мысалы, салықты дер кезінде
төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене
қатысу, қабылданған шешімдерді, заңдарды уақытында бұлжытпай орындау және
т.б. жатады.
Халықтың әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жүйе
қандай типке жатуына байланысты әр түрлі қарайды. Мысалы,
антидемократиялық, тоталитарлық саяси жүйе адамдардың талап-тілектеріне
билікке көрсетілген наразылық ретінде қарайды.сондықтан олардың әділдігіне
сенімсіздік білдіріп, әр түрлі айла-тәсілмен басып-жаншуға тырысады.
Демократиялық, конституциялық саяси жүйе халықтың мұқтаждығына, тілек-
талаптарына жауап беруді, оларды мүмкіндігінше қанағаттандыруды өз қызметін
атқару дап түсінеді.
Шығыс – саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйе
түскен талап-тілектерге сәйкес саяси шешімдер қабылдайды, оларды жүзеге
асыру жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап-тілектеріне жауп деп
түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан заңдарды, атқарушы
биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін және т.б. жатқызуға болады. Саяси
жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарламаларды қарастырып, оларды
нақтылы шешімдерге айналдырады. Олар жаңа талаптарды тудыруы мүмкін. Сөйтіп
кіріс пен шығыс әрдайым бір-біріне әсер етіп отырады. Саяси өмірдегі
бұл кері байланыс қабылданған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды
түзету, қателерді жою, қолдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар. Кері
байланыстың бұрын таңдалған бағыттан бас тартып, басқа бағдар алуға, жаңа
мақсат қойып, оған жету жолын таңдауға да мәні зор.
Егер билік басындағылар қоғам мүшелерінің талаптарын тыңдамаса,
оның шешімдері қолдау таппайды. Егер талаптар шамадан тыс болмаса
және кіріс пен шығыстың әрекеттері дер кезінде өзара үйлестіріліп
отырса, саяси жүйе тиянақты қызмет атқарады.
Д. Истонның идеяларын Г. Алмонд одан әрі дамытты. ХХ ғ. 50-60
жылдары көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Америкасы
елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардың біразы батыс
саяси жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д. Истон
соны зерттеді. Батыс елдерінің саяси институттары бөтен әлеуметтік-
экономикалық және мәдени-діни ортада өзінің көптеген қызметтерін
ойдағыдай атқара алмады. Ең алдымен қоғамның тұрақты дамуына қол
жетпеді. Мұндай тәжірибені сараптау негізінде салыстырмалы зерттеулер дами
бастады. Оған Д. Истон басшылық етті.
Ол саяси жүйеге рөлдер мен олардың өзара қатынасының жиынтығы
ретінде қарады. Олар үкіметтік институттар арқылы ғана емес, басқа да
саяси астары бар құрылымдар арқылы да жүзеге асырылады. Бұл құрылымдар
талданғанда ол 2 деңгейді – институционалдық және бағдарлық – баса айтты.
Егер біріншісі мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды
зерттеуге көңіл бөлсе, екінші саяси мәдениетті құрайтын саяси құрылымды
зерделеді. Құрылым деп Д. Истон өзара байланысты рөлдер жиынтығын
түсінді.
Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар. Д. Истон мен Г.
Алмонд (1911 жылы туған) олардың төрт түрін көрсетеді: 1) топтар мен
жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;

2) өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды
табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3) қорларды, игіліктерді,
қызметті, үздік (озаттық) белгілерді эәне т.с.с. бөлу және қайта бөлу
мүмкіндігі; 4) әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік,
өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі. Үндістан саясатшысы
П. Шарон бұл төртеуіне бесіншісін – ішкі жағдайын басқара алатын өзін-
өзі реттеу мүмкіндігін қосады. Осының бәрі, сайып келгенде, үстемдік
етіп отырған қоғамның біртұтас өзін-өзі басқаратын әлеуметтік
организм ретінде қызмет етуін қамтамасыз етуі керек.
Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:
1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси
билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірген, ережелерде,
қалыптарда бекітілген, яғни институционалдалған түрі. Сондықтан ол
конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы
қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара
қолданылады.
2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген
әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес
адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол
әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың
негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.
3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті
атқарады. Ол ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттар мен құндылықтардың
айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір
бірлестігін қамтамасыз етеді.
4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті
саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік
түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық
саясатын жүргізеді.
5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш
әрекетерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан
(әскери, экономикалық, информациялық) және т.с.с.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда
тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар,
ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар
мен мекемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі
мемлекеттік істер алға қойған мақсатты, амал-әдістерді, оларға жету
жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы
жүзеге асырады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Өйткені оған
мемлекеттен түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттік
емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі
көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді.

2. Саяси жүйенің құрылымы.

Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды:
1) Саяси институттар;
2) Саяси қатынастар;
3) Саяси ережелер;
4) Саяси мәдениет;
Соларға кішкене сипаттама берелік.
Саяси институттар (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар,
кәсіподақтар, коорперативтік, жастар, әйелдер т.б. ұйымдар мен
бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық,
жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда
болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін
құралады. Солардың ішіндегі ең негізгісі – мемлекет. Ол қоғамда
белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және
әлуеметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты,
еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, милиция және
т.б.) болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс-тұрыс, іс-
әрекетін реттейді. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы
саясатын атқара алады.
Мемлекттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси
өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар – саяси партиялар. Олар мемелекеттік
билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды,
қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.
Қоғамның ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың
ықпалы әр елде әр түрлі. Біздің елімізде олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы
Қоғамтану
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы теориялар
Қоғамның саяси жүйесі
Саяси жүйе құрылымы
Құқықтың түрлері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
Саяси ойдың даму кезеңдері
Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері
Пәндер