Тұйықталған, желдетілмейтін кеңістіктегі организмнің тіршілік әрекетін зерттеу


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
ТҰЙЫҚТАЛҒАН, ЖЕЛДЕТІЛМЕЙТІН КЕҢІСТІКТЕГІ ОРГАНИЗМНІҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ЗЕРТТЕУ
Адамның еңбектегі іс - әрекеті қоршаған ортаның газдар қоспаларының өзгерістеріне де тәуелді болады. Егер қоршаған орта ауасындағы оттегінің коцентрациясы кемісе, көмір қышқыл газының концентрациясы артады. Мұндай жағдай нашар желдетілетін үй-жайларда болады. Бұл жағдайда адамның өзі ауадағы газдар концентрациясын бір жаққа қарай өэгертуші болып табылады. Тыныс алу нәтижесінде қоршаған ортада О 2 парциальдық қысымы төмендеп, ал СО 2 концентрациясы артады.
Қоршаған ортадағы газдар концентрациясының белгілі бір өзгеріс сатысында организмнің қорғаныш-бейімделүшілік механизмдері іске қосылады. Организмде гипоксия мен гиперкапнияның дамуы тыныс алу жиілігі мен тереңдігінің біртіндеп артуына, жүрек соғуының жиілеуіне, систоликалық кµлемнің артуына, қанның химиялық құрамының өзгеруіне т. б. әкеп соғады. Егерде ары қарай да, О 2 парциальдық қысымы төмендеп, СО 2 концентрациясы артатын болса, орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылады, кейбір денені қалыпты жағдайда ұстауды қамтамасыз ететін рефлекстер жоғалады. Тырысу-дірілдеу пайда болады, біртіндеп жүрек қызметі мен тыныс алу тоқталады.
Тұйықталып, шектелген кеңістікте тіршілік ұзақтығы, біріншіден, тұйықталған кеңістік ауданының организм салмағына, түріне, жасына т. б. сипатына қатынасына тәуелді. Организмнің тұйықталған кеңістіктегі іс-әрекетінің де айтарлықтай мәні бар. Жоғары қимылдық белсенділік тұйықталған жабық кеңістікте тіршілік уақытын қысқартады. Себебі, бүл жағдайда оттегінің жұмсалуы тездеп тыныс шығару ауасыда СО 2 концентрациясы артады.
Жұмысқа қажетті құралдар : көлемі 150, 500, 1000 мл болатын резиналы тығынды шыны ыдыстар, электротермометр, секундомер.
Зерттеу объектісі - егеуқұйрық, тышқан.
Жүмысты жүргізу әдістемесі.
Эксперимент алдында дененің температурасын өлшеп, тыныс алу жиілігін санайды.
1. Гермокөлем жағдайындағы жылы қанды жануарлардың тіршілік уақытына салыстырмалы анализ жасау. Жануарларды шыны ыдыс ішіне жіберіп, 1-2 минут бойы оның іс-әрекетін бақылайды. Бағдарлу-зерттеу реакциясы µшкенннен кейін шыны ыдыстың аузын резина тығынмен жабады. Осы кезден бастап гермокөлемдегі тіршілік уақыты есептеледі. Тыныс алу жиілігі қайта-қайта өлшеніп саналып отыруы керек. Жануардың іс-әрекеті бақыланып, хаттамаға тіркеледі. Ыдысты 30, 45, 90 градусқа еңкейтіп, жануардың дене қалпын ұстайтын рефлекстерін анализдеп, рефлекстердің қалыптыдан өзгеруінің уақытын белгілеп, дірілдеудің пайда болу уақытын тіркеп, оны сипаттайды. Дірілдік тыныс алу пайда болған кезде оны гермокөлемнен алып шығып, дене температурасын өлшеп, дене қалпын ұстайтын рефлекстерінің қалыпқа келген уақытын анықтайды. Қалыпқа келу кезеңінде қайталап тыныс алу жиілігін қайта-қайта санап, тыныс алудың толық қалыпқа келу уақытын анықтайда. (Бүл сияқты экспериментті суық қанды жануарда жасап, гермоколем жағдайындағы суық қанды және жылы қанды жануарлардың тіршілік ету уақытына салыстырмалы анализ жасауға болады. )
2. Сиымдылығы әр түрлі гермокөлем жағдайындағы тіршілік ету уақытына баға беру. Сиымдылығы 150, 500, 1000 мл болатын шыны ыдыстарға салмақтары біркелкі тышқандарды қамайды. Тәжірбиеге дейін температураны тіркеп тыныс алу жиілігін санайды. Ары қарай экспериментті алдыңғы эксперимент секілді жүргізеді.
3. Гермокөлем жағдайында организмнің жекелік орнылықтылығын бағалау. Сиымдылығы 150 мл үш шыны ыдысқа салмақтары бірдей үш тышқанды жібереді. Шыны ыдыстар бір уақытта беті тығынмен жабылып, алдыңғы тәжірбиелердегі талап бойынша бақылаулар мен тіркеулер жүргізіледі. Дірілді тыныс алу байқалғанда жануарды ыдыстан алып шығып, температурасын өлшеп, дене қалпын үстайтын рефлекстердің қалыпқа келу уақытын анализдейді.
Нәтижелерді ұсыну.
Эксперименттердің сәйкесінше схемасын салыңыз. Тыныс алу жиілігі мен температурасының тәжірбиеге дейінгі динамикасына анализ жүргізіңіз. Әр түрлі эксперимент жағдайында жануардың тыныс алу жиілігі мен температурасының қалыпқа келу уақытына аса көңіл бөліңіз. Алынған нәтижелерді анализдеуден кейін сәйкесінше график түрғызып, қорытынды жасаңыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz