Кәсіптік педагогика пәнінен дәрістер жинағы


Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары»
Дәріс жоспары:
- Кәсіптік педагогика туралы ұғым
- Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым
Кәсіптік педагогика - жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Жалпы педагогика атауы ескі грек сөзінен «пайдос» - бала және «аго» - жетелеу ұғымын береді. Сөзбе - сөз аударғанда «бала жетелеу» деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі Грецияда педагог деп өз қожайынының баласын мектепке жетектеп апарып, әкелетін құлды айтқан. Ал мектепте дәріс беретін құлды ғалым деп атаған.
Бертін келе педагогика сөзі қазіргі мәніне жақын «баланы өмірге жетелеуші» ғалым ретінде қалыптаса бастады, яғни оны оқытып, тәрбиелеп жаны мен рухын дамытатын өнер деп қалыптасты. Атақты адамдардың қасына оны тәрбиелеген ұстаздарының аты да қоса айтыла бастайтын болды. Бертін келе балаларды тәрбиелеу туралы ғылым да өзгешеленіп, дараланды.
Осылайша педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым ретінде қалыптаса бастады.
Педагогика туралы бұл көзқарас XX ғасырдың ортасына дейін сақталды. Тек соңғы онжылдықта ғана кәсіптік педагогикалық біліктілік тек балаларға ғана емес, оның үлкендерге де қажет екендігі сезіле басталды.
Қазіргі педагогиканың нақты және дәл анықтамасы - адамды тәрбиелеу жөніндегі ғылым екендігінде. Бұл жерде тәрбие сөзі кең мағынада берілген, ол: оқыту, білім беру, тәрбиелеу және жеке тұлғаны жан - жақты дамыту.
Сөйтіп, «тәрбие» түсінігінің аясының кеңуі оның ғылым ретінде қалыптасқан бастапқы мағынасына қайшы келіп отыр. Сондықтан, әлемдік педагогика лексиконына жаңа термен:
«андрогогика» (грек сөзі «андрос» - ер, «аго» - жетелеу) немесе «антропогогика» - адам жетелеу деген ұғым пайда болды.
Кәсіптік педагогика немесе кәсіби білім беру педагогикасы деп, адам баласының жасын, білім деңгейін және оның еңбегі мен кәсіптік іс-әрекетінің сипатын ескермей-ақ, оның кәсіби даярлығын жетілдіруге қажет теориялық, практикалық білім жүйесі десе болады.
Бұл анықтама адам баласының қалыптасуына қажет жалпы білім жүйесіндегі кәсіптік даярлықтың рөліне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Кәсіптік педагогика - педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.
Қазіргі ғылымның дамуы оны дифференциялау және интеграциялау үрдісімен сипатталады. Ғылымның дифференциялануы деп кейбір ғылым салаларының өзі дербес ғылым ретінде танылып, тың мәнге ие болуы. Ғылымның тоғысында олардың құбылыстар мен болмыстардың мәнін анықтаудың жалпы заңдылықтары анықталып, зерттеудің ортақ ғылыми әдіс - тәсілдері саралана түсуін интеграциялану десек болады. Бұл педагогика ғылымына да тән құбылыс. Атап айтатын болсақ, соңғы кезде ғылымның дифференциялануы арқылы педагогиканың мына салалары даралық сипат бере бастады:
- мектеп алды педагогикасы;
- жасөспірімдер педагогикасы;
- жалпы білім беретін мектеп педагогикасы;
- кәсіптік педагогика (кәсіптік мектептер педагогикасы) ;
- мектептану (білім және оқу - тәрбие мекемелерін басқару) ; т. б
Осыған орай кәсіптік педагогиканың да өз салалары қалыптаса бастады.
- бастауыш кәсіптік білім беру педагогикасы (кәсіптік мектептер мен лицейлердегі тәрбие мен оқыту мәселелерімен шұғылданады) ;
- орта кәсіптік білім беру педагогикасы (колледждердегі тәрбие және оқу мәселелерімен айналысады) ;
- жағары білім педагогикасы (институт, университет және академияларда тәрбиелеу мен оқыту ісімен айналысады) .
Атап кету керек, кәсіптік педагогика жалпы білім беретін мектеп ісімен шектеліп, жалпы педагогика аясында қала алмайды. Оның қалыптасуы, техниканың, ғылымның, экономика мен өндірістің өркендеуімен тікелей байланысты. Жалпы педагогика аясында кәсіптік педагогика іргелі ғылым ретінде мына салаларды да қамтиды:
- жалпы және педагогикалық психология;
- инженерлік психология ;
- еңбек психологиясы;
- еңбек физиологиясы;
- акмеология (кәсіптік шеберлік шыңына жету туралы ғылым)
Бұдан басқа кәсіптік педагогика тиісті техникалық және экономикалық ғылымдарға да арқа сүйейді.
Кәсіптік педагогиканың пәндік зерттеу нысандары мыналар:
- Кәсіптік мектептердегі тәрбиенің мақсаты мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы педагогика арасында сабақтаса жүргізілудің тиімділігін зерттеу;
- Кәсіптік білім мазмұны;
- Жеке тұлғаға ғылыми - техникалық білімнің және кәсіптік біліктілік дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктерін меңгерту;
- Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу - тәрбие үрдісін басқару.
Жоғарыдағы аталған мәселелерді тұжырымдай келе, кәсіптік педагогика саласына мынадай анықтама беруге болады.
Кәсіптік педагогика - жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіптік біліктілікті қалыптастырудың заңдылықтарын зерттейтін, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыратын ғылымының негізгі саласының бірі.
2. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары (кәсіптік білім, кәсіптік оқыту және кәсіптік тәрбие) мен оның басты ұғымдары (кәсіп, мамандық, біліктілік және құзыреттілік, құзырлылық) оның тезаурусын құрайды.
Кәсіптік педагогиканың негізгі категорияларын анықтайық.
Кәсіптік білім - бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібі.
Кәсіптік оқыту - бұл оқушы мен инженер - педагогтың кәсіп бойынша ғылыми - техникалық ілімді игеру мен кәсіптік білік, дағды қалыптастыруда бірлескен іс - әрекеті.
Кәсіптік тәрбие - оқушы мен инженер - педагогтың белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін - өзі алып жүру ережелері мен нормаларының жиынтығын қамтитын әлеуметтік құбылыс.
Кәсіптік педагогика негізгі ұғымына жататындар: кәсіп, мамандық, біліктілік, құзыреттілік және құзырлылық болып табылады. Енді осыларға жеке анықтама берейік:
Кәсіп - қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпы адамзаттық мораль нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер бастамасы. Кәсіп саласына қарай еңбек бөлінісіне ие. Мысалы: слесарь кәсібі мына түрлерге бөлінеді: слесарь - құрастырушы; слесарь - жөндеуші және аспапшы - слесарь т. б. Сондықтан кәсіп саласы белгілі бір мамандықтар бойынша еңбек бөлінісіне ие болады.
Мамандық - белгілі бір кәсіп саласы бойынша шағын ауқымды еңбек түрін қамтиды. Кейбір кәсіп саласының қызыметіне орай мамандандыру процесі жүргізіледі.
Кейбір кәсіп саласындағы мамандық қызметінде мамандандыру процесіде жүргізіледі. Мысалы: дәрігер кәсібінің оташы мамандығы және оның нейрохиругия (бас сүйекке операция жасаушы) бойынша маманданады . Сөйтіп, мамандық - кәсіп қызметіне қарағанда ұғымы тар, ол мамандану - мамандыққа қарағанда әлдеқайда тар ұғым.
Біліктілік - бұл белгілі бір кәсіптік қызмет саласын атқаруға тиісті дайындық деңгейі бар адам. Яғни, біліктілік дегеніміз - кісіпті тиісті дәрежеде игеру дағдысы.
Академик В. С. Леднев кәсіптік даярлықтық біліктілік деңгейін мына төмендегідей етіп көрсетеді:
0 - дік деңгейі - біліктілігі жоқ жұмысшылар;
1 - ші деңгей - жұмысшы мамандар;
2 ші деңгей - орта дәрежелі мамандар (техниктер)
3 - ші деңгей - жоғары дәрежелі мамандар. (инженерлер,
дәрігерлер, мұғалімдер)
4- деңгей - ғылыми дәрежелі мамандар(ғылым саласы бойынша кандидаттар мен докторлар)
Жұмысшы мамандығының кәсіптік біліктілігі игеру деңгейінің тиісті разрядтары арқылы белгіленеді. 2 - 3 ші деңгейдегі мамандар біліктілігін санат класқа бөлу орныны анықтайды. Мысалы, 1 - ші санатты мұғалім, жоғары санатты дәрігер, 3 ші санатты заңгер.
Белілі бір кәсіп, не мамандық саласы бойынша дайындық деңгейі кәсіптік біліктілік сипаты арқылы айқындалады.
Біліктілік сипаттамасы - тиісті кәсіп саласы бойынша мамандардың білім, білік және дағдысын белгілейтін мемлекеттік құжат. Жұмысшылардың кәсіптік біліктілігі 2 нәрсе арқылы сипатталады. Кәсіп саласы бойынша білім деңгейін анықтау үщін «білуі тиіс» нәрселер мен білік пен дағдыға байланысты «істей алатын» нәрселер. Мұның барлығы бірыңғай тарифты - біліктілік анықтамасында белгіленіп, жинақталған.
Құзыр - белгі бір кәсіптік таным саласы бойынша шешім шығаруға лауазымдық құқы бар маман.
Құзыреттілік - тиісті кәсіп саласы бойынша білім, білік және дағдысы жоғары деңгейде қалыптасқан, оны саналы атқара алатын маманның қабілеттілігі.
Дәріс № 2. Кәсіптік білім негізін қалыптастыру. Кәсіптік білімді басқару теориясы.
Дәріс жоспары:
- Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
- Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері
- Кәсіптік білімді басқару теориясы
1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Кибернетика ғылымы кез-келген жүенің басқару органдарының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Биологиялық, әлеуметтік және автоматтандыру жүйелерінің басты материалдық қасиеттері қоршаған ортамен өзара бірлікте болып табылады. Ол бірлік басқару органдарының ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау және жіберу мүмкіндігінің өзара ұқсастығында. Басқару жүйелерінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол заңдылықтарды биологиялық, әлеуметтік не техникалық деп ажыратуға болады.
Бірақ кибернетика ғылымы үшін бұл іргелі ғылымдар интегралды мәнге ие. Бұл дегеніңіз кибернетика ғылымының негізі болып табылатын адамдардың ғылыми дүниетанымдық ұстанымы басты мәнге ие екендігін көрсетеді.
Кибернетика, әсіресе, техниканы басқару автоматты құрылғылар мен олрадың жұмыс істеу принципін үйренуде, адам еңбегін автоматтандырудың мәнін түсінуде зор рөл атқарады.
Сөйтіп, кибернетика мына төмендегі танымдық процестердің қалыптасуына ықпал етеді:
- дүниенің біртұтастығына;
- түрлі табиғи бірліктердің ақпараттық байланыста болатындығына.
Кибернетиканың модельдеудегі құбылыстарына сипаттама беру үшін (тірі ағза, сана, қоғам, тіл т. б. ) біз қызметтік модельді таңдап аламыз да оған ұқсас элементтерді қарастыра бастаймыз.
XX ғасырдың 40 - шы жылдарында пайда болған кибернетикалық бұл тәсілді функциональдық ұқсастық әдісі деп атап кетті. Бұл әдісті іске асыру үшін әрине, автомат пен жанды организмнің, автоматты жүйелер мен қоғамның, ЭЕМ мен ми құбылысының арасындағы байланысты, олардың жалпылама қасиеттерін біуіміз керек. Ал, кибернетика бұл ұқсастықты біле алады, күрделі динамикалық құбылыстарды басқара алады. Олардың сыртқы және ішкі реакцияларын байқау қабілеті бар. Осы құрылғылар жүйесін қоршаған ортаға икемдеп қайта құра алады. Кибернетиканың осы процесті атқаруын автоматты жүйелерді басқару механизмі деп атайды.
Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.
Мұнда өз бетінше қызмет атқара алатын екі жүйенің ұқсас әрекеттері берілген. Машина мен адамның қызмет атқаратын органдарының ұқсас екендігі көрініп тұр.
2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері
Педагогикалық жүйе - бұл көптеген құрылымдық және қызметтік компоненттердің өзара үйлесімділігінен тұратын және оларды бір мақсатқа жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеуді көздейтін жүйе.
Педагогикалық жүйенің қызметі мен қалыптасуының алғы шарттары мына төмендегідей:
- Педагогикалық жүйе қоғамның белгілі бір топтарын (балаларды, жеткішектерді, ересектерді) тәрбиелеу мен оқыту қажеттігі туындаған жағдайда пайда болды. Басқаша айтқанда, педагогикалық жүйе қажетті анықталған адамдар тобына білім беруді мақсат еткенде ғана пайда болады.
- Педагогикалық жүйе қоғамда айқындалған ақпараттық білім кеңістігінін игере алатын топтар пайда болғанда ғана туындайды.
- Педагогикалық жүйе белгілі бір оқушылардың мақсатына жететін педагогикалық әсердің құралдары, әдістері мен формалары табылған жағдайда ғана, оларды игеру мүмкіндігінен туындайды.
- Педагогикалық жүйені іске асыру үшін білім алушылар белгілі бір топқа бірігіп, яғни оқушылар тобын құрастыруы керек.
- Педагогикалық жүйеде оқушыларды білім нәрімен сусындататын, тиісті педагогикалық және психологиялық ілімі бар, олармен жұмыс істей алатын әдіс - тәсілдер негізін игерген, алдына мақсат қоя білетін педагогтар болуы қажет.
- Педагогикалық жүйе, сайып келгенде, қоғамдағы белгілі бір топ өкілдерінің әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы қажет және бұл оның түрлі нәтижесі болуы тиіс.
Бұл қоғамдық компоненттер - оның негізгі базалық сипаттамасы, олардың үйлесімділігі оны басқа салалардан өзгешелендіріп тұрады.
Ол компоненттер: оқу ақпараты, мақсаты, педагогикалық байланыс тәсілдері, оқушылар, педагогтар.
Төменгі сұлбада педагогикалық жүйенің компоненттерінің өзара байланыстылығы көрсетілген.
Кәсіптік мектеп - педагогикалық жүйенің бір саласы.
Кәсіптік мектеп - кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.
Кәсіптік мектеп - педагогикалық жүйенің барлық белгілеріне ие.
Кәсіптік мектептің құрылымдық компонентері, педагогикалық жүйесі іспеттес (жоғарыдағы сұлбаға назар сал) .
Оның мақсаты - азаматтарды жұмысшы мамандығына даярлауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даяарлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.
Білім беру ақпараты - белгілі бір кәсіп саласы, не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми - техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету.
Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы - оқушыларға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде құрал жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану қажет. Бұған оқыту мен тәрбиелеу әдістерінен басқа, ауызша және басқа да жолдармен берілетін оқыту, әрекет ету қызметтері де кіреді.
Кәсіптік мектептердегі оқыту құралдарына - жалпы білім беретін орта мектептегіден басқа оқу құрал жабдықтарымен қатар (машиналар, механизмдер, құралдар мен жабдықтар, аспаптар т. б. ) нақты заттық бөлшектер, кескіндер, макеттер сондай - ақ практикалық дағды қалыптастыратын түрлі оқу тренажерлері де жатады.
Кәсіптік мектеп білім алушылары (оқушылар) бұлар белгілі бір кәсіп саласына қызығушылығы бар негізгі және орта мектеп бітірген жастар.
Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі - 3 жыл, ал толық орта білімді жастар үшін - 1, 5 жыл. Бұл жөнінде кейінгі тарауларда «Кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» және «Тәрбие жұмысының ерекшеліктері» деген тақырыптарда толығырақ сипаттама беріледі.
Кәсіптік мектеп педагогы - бұл кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің негізін меңгерген, өз пәні бойынша білім, білік және дағдылық дайындығын толық меңгерген инженер - педагог.
3. Кәсіптік білімді басқару теориясы
Басқару теориясы туралы жалпы ұғым. Жеке тұлғаны дамытуда оның бойына білім, білік және дағды негіздерін қалыптастырып, сонымен бірге жалпы адамзаттық құндылықтар туралы мәліметер беріп, оларды пайдалана білуді үйрету ережелері мен нормаларын білім үрдісі десек болады.
Педагогикалық басшылық дегеніміз оқушы, не студентке авторитарлық (үстемшіл) әсер ету емес, оларға жалпы не кәсіптік ерекшеліктерін дамытуда жан - жақты, әрі үйлесімді ықпал ету, соған мүмкіндік пен алғы шарттар жасау. Алдымен, басқару теориясының мына төмендегі жалпы ұғымын анықтау қажет, олар:
- басқару
- басшылық
- басқару қызметі
- басшылық принциптері
- басқару әдістері
Қазіргі таңдағы басқару теориясы - басшылық шешімдерін қабылдау мен оны жүзеге асыру, ақпараттарды қозғалысқа келтіру, тікелей әрі байланыс процесіне басшылық жасау болып отыр. Олар: өзара әсер етуші екі жақ, яғни басқарылатындар мен басқарушылардан тұрады. Сөйтіп, жүйенің өзін - өзі басқару біртұтастығы пайда болады. Ол қоршаған ортамен әрекет етуіне де игі әсерін тигізеді.
Қазіргі заманда басқарудың сан түрлері бар, бірақ біздің пайымдауымызша оның жүйелі түрін таңдағанымыз дұрыс сияқты. Сондықтан басқаруға байланысты мына анықтамаларды пайдаланамыз:
Басқару - басқарушы жүйелердің басқарылатындарға, олардың қызметіне әсер ету арқылы түпкі нәтижеге жету үшін тиімді басшылық жасау екенін аңғарамыз. Басқару негізі ақпараттық процестерден тұрады. Оны қабылдау, өңдеу және сыртқы ортамен байланыс арқылы дамиды. Одан белгілі бір нысандар туралы мәлімет біле аламыз. Бұл жүйелерді басқаруда, оны жұмыс істеп тұрған жүйелеріне қосу арқылы және қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және жіберу арқылы ақпараттарының тиімділігін арттырамыз. Басқарудан туындайтын екінші бір ұғым бар. Ол - «басшылық жасау». Бұл кең ұғым, бірақ ол мынадай анықтамаларды қажет етеді:
- белгілі бір жүйелі мақсат қою;
- жұмыстың негізгі бағыттары мен мазмұны бойынша нақты міндеттер белгілеу;
- арнайы қызымет әзірлеу;
Басқару әкімшілік қызыметіне басшылық жасау болып табылады, басқаша айтқанда басқару - объективті, ал басшылық жасау - субъективті сипаттамаға ие.
Басшылық - басқару ісінде жеке субъектінің өзін - өзі басқару жүйесіне әсерін көрсетеді, яғни мақсатқа жету жолындағы жеке тұлғаның біліктік іс - әрекеті.
Кәсіптік мектептің педагогикалық үрдісін жүзеге асырудағы басқару қызыметі туралы бірер сөз айталық.
Басқару қызыметі деп еңбек бөлінісін анықтау мен басшылық аясын мамандандыруда ерекше мәртебеге ие қызмет.
Басқару қызыметінің қазіргі таңда жетілдірілген мынадай түрлері бар:
- Жоспарлау
- Ұйымдастыру
- Реттеу
- Бақылау
- Есеп алу.
- Талдау.
Осы қызыметтерге жеке - жеке тоқталсақ:
Жоспарлау - белгілі бір мақсатқа жету жолында қойылатын міндеттер. Ол жүйені болжау, ағымдағы қызыметтер және нақты бағдарламалау сияқты бөлімдерден тұрады.
Ұйымдастыру - қайсыбір басшылық шешімдерді іске асыруда жүйелер элементтерінің өзара байланысын ұйымдастырып, басқару процесін ретке келтіруге бағытталады.
Реттеу - жүйе бөліктері арасындағы сәйкессіздік жағдай пен үйлесімділікті қамтамасыз етуге арналған. Ол тиісті сәйкессіздіктерді бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер ақпарынан соң жүзеге асырылады. Негізгі күштерді қалай және қайтіп орналастыру керек екендігін жедел шешуге жұмылдырады.
Бақылау - процестерді жоспарлаудың, нұсқаудың және шешімдерді нақты жүзеге қалай асып жатқандығы жөніндегі сәйкестікті тексереді. Бақылау - істің кері байланыс арқылы мәліметін білетін тәсіл. Басшыланбайтын процесс - басқарылмайтын процесс.
Есеп алу - басқару процесі негізінде нәтижеге қол жеткізу үшін алынатын сандық жеке сапалық баға көрсеткіші. Ол шаралардың қаншалықты жүзеге асып жатқандығының өлшеуіші. Есепті бақылаудан ажыратуға болмайды, бірақ ол оған тәуелді құбылыс.
Талдау - басқару жүйесін жетілдіруде кейбір бөлім қызметеріне объективті баға береді, ұсынысын білдіреді. Әрбір басқару циклы талдаумен аяақталады және нәтижелі болу үшін бұл цикл қайталана береді.
Оқыту мен бақылаудың жалпы заңдылықтарына ой жүгіртіп әрі мұқият оқыңдар. Олардың қызметін, әсіресе бақылауда орын алған кемшіліктер мен оларды түзету шараларын жүзеге асыру жүйесі іске асырылады. Бұған мысал ретінде, Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы білім беру орындарына 2003 жылы ендірілген тестілеудің бірыңғай Ұлттық жүйесін келтіруге болады.
Дәріс № 3. Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылысы
Дәріс жоспары:
- Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелері
- Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі
1. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелері
Кәсіптік білім беру жүйесі - бұл кәсіби және жоғарғы білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми - әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесінің мен қоса жиынтығы.
Кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы мына төмендегідей:
- Бастауыш кәсіптік білім;
- Орта кәсіптік білім;
- Жоғары кәсіптік білім;
- Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім;
- Қосымша кәсіптік білім.
Қазақстан Республикасында «Білім беру туралы» Заңының 22 - бабына сәйкес мына төмендегі білім беру деңгейлері жүзеге асырылады:
- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
- Орта білім;
- Жоғары кәсіптік білім;
- Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz