Қышқылды-негіздік әдіс бойынша VI аналитикалық топ катиондарының жіктелуі мен сапалық реакциялары


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Катиондарды топтарға бөлу

Бейорганикалық заттардың сапалық анализін жүргізу үшін, оны ерітіндіге айналдырады содан соң катиондар мен аниондар анықталады.

Егер анализденетін ерітіндінің құрамы белгісіз әрі күрделі болса, онда катиондар мен аниондарды зерттеу үшін жүйелі анализ әдісі қолданылады.

Егер ерітіндінің құрамы қарапайым болса, анализді бөлшектеу әдісімен жүргізуге болады.

Анализдің бөлшектеу әдісі Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіне сүйенеді. Барлық катиондар үш топқа бөлінеді, оған s, p, d- элементтері де кіреді. Бөлшектеу анализінде басқа иондар қатысында зерттелетін ерітіндінің жеке ионын анықтауға тән реакциялар мен реактивтер қолданылады.

Жүйелі анализді орындағанда операциялардың жасалуының бірізділігін сақтайды, алдымен заттарды топтарға бөледі, содан соң әрбір затты топ ішінен бөліп, анықтайды. Ол үшін қосылыстар немесе иондар қасиетінің ұқсастығына негізделген бөлу реакцияларын пайдаланады. Заттарды топтарға бөлу топтық реагенттермен әсер етіп жасалады.

Анализдің жүйелі әдісінің аталуы топтық реагентпен анықталады.

Әрбір жүйелі әдістер өзінің аналитикалық топтардың катиондарына жіктеледі. Әрбір катиондардың тобында, сол топтың барлық катиондармен әрекеттесетін, ұсынылған топтың катиондарын айқын бөліп алатын және оның құрамына кіретін катиондарды анықтайтын өзінің топтық реактиві болады.

Жүйелі анализ әдістердің бірнеше түрі бар. Күкіртсутекті әдіс H 2 S-пен тұздардың әрекеттесу кезінде сульфидтердің түзілуіне негізделген. Қазіргі кезде күкіртсутексіз әдістерді кеңінен қолданады: қышқылды-негіздік және аммиакты-фосфатты әдістерді.

Осы оқу-құралда қышқылды-негіздік әдіс бойынша катиондардың жіктелуі қарастырылады.

Бұл әдіс - хлоридтер, сульфаттар және гидроксидтердің суда, артық сілтіде және аммиактың судағы ерітіндісінде әртүрлі ерігіштігіне негізделген. Катиондар 6 топқа бөлінеді.

VI аналитикалық топ катиондарына жалпы сипаттама .

VI аналитикалық топ катиондарын Cu 2+ , Cd 2+ , Hg 2+ , Ni 2+ , Co 2+ құрайды. Бұл катиондарға топтық реагент болып аммиак ерітіндісі алынады. Аммиактың эквивалентті мөлшерімен әсер еткенде түрлі түсті тұнбалар түзіледі: ақ түсті -Cd(OH) 2 , көк түсті -CoOHCl, ашық көк(CuOH) 2 SO 4 , жасыл - Ni(OH) 2 , ақ -HgNH 2 Cl .

CoO -жасыл-сұр, Со 2 О 3 - қоңыр, Со 3 О 4 - қара түсті оксидтер түзеді. СоО- қышқылдарда еріп тұздар түзеді. Со 2+ хлоридтері, нитраттары, сульфат ацетаттары суда жақсы ериді.

Ni 2. O 3 - таза күйінде алынбаған, бірақ оның гидроксидін Ni (OH) 3 алуға болады. Ол үшін Ni(OH) 2 әрі қарай тотықтырады.

Никельдің хлорид, сульфат, нитрат, ацетат тұздары суда жақсы ериді.

Cu- сыртқы электрондық қабатында электроны бар, бірақ сілтілік металдардан да, күміспен алтынан да өзгеше келеді. Мыстың химиялық қасиеттері никель қасиетіне ұқсас келеді. Мыс ауыспалы тотығу дәрежесін көрсетеді, екі түрлі оксид түзеді. Cu 2 O- қызыл -қоңыр түсті және CuO- қара түсті. Олардың гидроксидтері суда ерімейді, қышқылдармен әрекеттесіп тұздар түзеді. Мыс тұз қышқылында ерімейді, азот қышқылында ериді. Мыстың комплекс түзу қабілеті жоғары.

Hg- екі түрлі оксид түзеді. Hg 2 O- қара түсті ұнтақ, HgO- сары түсті( кейде қызыл түсті) . Сынаптың тұздары нашар еиді( тек нитраттарда ғана жақсы ериді) . Сынап (I), (II) тұздарының судағы ерітінділері гидролизденеді, әсіресе қыздырған кезде.

Cd-бір ғана оксид түзеді CdO, гидроксиді Cd(OH) 2

CdO және Cd(OH) 2 - қышқылдарда жақсы ериді, сілтілерде ерімейді, демек негіздік қасиеті жоғары. Кадмий тұздарының ішінде сульфт, нитрат, ацетат, галогенидтері суда жақсы ериді.

VІ аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Катиондар: түсінік, қышқылды-негіздік әдіс бойынша жіктелуі және сапалық талдау реакциялары
Қышқылды-негіздік әдісі бойынша V аналитикалық топтағы катиондардың жіктелуі мен сапалық реакциялары
Аналитикалық химия: V аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары - лабораториялық әдістемелік нұсқау
Катиондар және II аналитикалық топ (Ag+, Pb2+, Hg22+): қышқылды-негіздік әдіс бойынша жіктелуі мен анықталуы
Катиондардың анықтамасы мен жіктелуі: қышқылды-негіздік әдіс және I аналитикалық топ (Li+, Na+, K+, NH4+) реактивтері мен қасиеттері
Бірінші аналитикалық топ катиондары (Li+, Na+, K+, NH4+): қасиеттері және сапалық анықтау реакциялары
Бейорганикалық заттардың сапалық талдауы: бөлшектеу мен жүйелі әдістер, катиондар мен аниондардың аналитикалық реакциялары
Сапалық химиялық анализ: катиондар мен аниондардың қышқылдық-негіздік әдісі бойынша жіктелуі және жүйелі-бөлшектеу әдістері
Катиондардың жүйелік сапалық талдауы: I-III аналитикалық топтардың реакциялары мен зертханалық әдістері
Жүйелі сапалық талдаудағы IV аналитикалық топ катиондары (Al3+, Sn(II,IV), Cr3+, Zn2+, As(III,V)): қасиеттері және топтық реактивтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz