Қазақстан Республикасының климаты


Жоспар.
Кіріспе . . . 3
I. Климат туралы негізгі түсініктер.
І. І. . . . 4
1. 2. Климаттық негізгі көсеткіштер . . . 6
П. Қазақстан Республикасының климаты.
2. 1. Климат қалыптастырушы факторлар . . . 8
2. 2. Қазақстан жері ылғал және жылу қорына қарай агроклиматтық
Аудандастыру . . . 22
Ш. Оңтүстік Қазақстан климатының ерекшеліктері.
З. І. Оңтүстік Қазақстан обылысының климатын қалыптастыру негізгі факторлар . . . 24
3. 2. Оңтүстік обылысының климаты . . . 30
3. 3. Агроклиматтық аймақтары . . . 38
Қорытынды . . . 40
Әдебиеттер . . . 42
Кіріспе.
Қазақстанның климаты өте континентті. Солтүстігінде Коңыржай суық, қиыр оңтүстігінде- қоңыржай жылы. Климаттың континенттігі республиканың көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, атмосфералық жауын-шашынның аз жауатынынан байқалады. Не себептен Қазақстан орналасқан ендіктерде, достастық елдердің еуропалық бөлігінде қоңыржай-континентті климат
Қазақстан климаты күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы және жер беті жамылғысының әсерінен қалыптасады. Климатқа әсер ететін жер беті жамылғысы (жазық, тау, топырақ, өсімдік, қар, су) туралы климат эле-менттеріне сипаттама берген кезде айтылады.
Күн радиациясы. Күн радиациясының түсу мелшері жердің географиялық ендігіне, атмосфераның мөлдірлігіне және күн сәулесінің түсу ұзақтығына байланысты. Қазақстан территориясы 41°-55° с. е. аралығында жатқандықтан, күн сәулесінің түсу ұзақтығы солтүстікте (Қостанай - 2058 сағат) оңтүстікке қарағанда (Шымкент - 2892 сағат) кем болады. Ашық күндер саны жылына солтүстікте 120, ал оңтүстікте 260 күн екені байқалады. Ал бұлыңғыр күндер саны жылына солтүстікте 60 күн, оңтүстіктегі Балқаш ойысында 10 км. шамасында. Сол сияқты. жылдық жиынтық радиацияның мөлшері өзгеріп отырады. Солтүстікте ол жылына 1 шаршы см-де 100 килокалорияға тең болса, ал оңтүстікте - 150 килокалориядан асады. Жиынтық радиацияның әсері жазда өте зор болады. Бұл кезеңде ауа температурасының жоғарылайтыны соған байланысты. Қыс кезінде күн сәулесі түсу бұрышының аздығына және күннің қысқалығына, ақ қардың күн сәулесін шағылыстыратынына орай күн радиациясының мөлшері азаяды.
Республика территориясына негізінен ауа массасының үш типі әсерін тигізеді: арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары. Қазақстан қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан.
I. Климат туралы негізгі түсініктер.
1. 1. Клилиматологиялық түсініктемелер.
В. Кеппен климаттарды температуралық режим мен ылғалдану дәрежесі бойынша жіктеген. Ол жер шарын сегіз климаттық белдеулерге бөлді: ылғалды тропиктік климат (ылғалды тропиктік ормандар климаты, саванна климаты), екі жарты шарда - құрғақ климат (дала климаты, шөлдер климаты), екі қоңыржай жылы климат (қоңыржай жылы құрғақ қысты, қоңыржай жылы құрғақ жазды, қоңыржай жылы біркелкі ылғалды), солтүстік шарда бір қоңыржай салқын климат (қоңыржай салқын құрғақ қысты, қоңыржай салқын біркелкі ылғалды), екі полярлы климат (тундра климаты, тұрақгы аязды климат) .
Б. П. Алисов климатты аймақтар мен облыстарға атмосфераның жалпы айналымы жағдайына байланысты жіктеді. Ол жер шарын, жыл бойы бір ауа массасының басымдылығымен сипатталатын, негізгі жеті климаттық аймақгарға бөлді: экваториальді, екі тропиктік, екі қоңыржай және екі полярлық климаттар. Олардың арасында ауа массаларының маусымдық алмасуымен сипатталатын алты өтпелі аймақгар бар: екі субэкваториальді (тропиктік муссондар аймағы), екі субтропиктік, субарктикалық және субантарктикалық аймақтар климаты. Әрбір негізгі климаттық аймақтар төрт түрге бөлінеді: құрлықтық, мүхиттық, батыс жағалау климаты және шығыс жағалау климаты.
Климатологиялық материалдар. Ауарайы мен климат туралы алғашқы мәліметтер станциялардағы (метеорологиялық, аэрологиялық, а) авметеорологиялық және т. б. ) бақылаулардан алынады және арнайы бақылау кітапшаларына жазылады (КМ-1, КАЭ-3, КСХ-1 жоне т. б. ) . Бақылау кітапшаларының негізінде айлық таблицалар (ТМ-1, ТАЭ-3, ТСХ-11) құрастырылады. Оларда метеорологиялық элемеіптердің тәуліктік, декадалық және айлық мәндерінің орташа, жиынтық және эктремальді мәндері, сонымен
қатар метеорологиялық құбылыстар байқалған күндер саны мен қайталанушылығы келтіледі.
Метеорологиялық мәліметтерді үнемі кажет ететін тұтынушыларға ұсынылатын негізгі басылым болып "климаттық анықтамалар" табылады. Олар жеке жылдық және орташа көпжылық болып бөлінеді.
Жеке жылдық климатгық анықтамаларда метеорологиялық элементернің жеке жыддардың айлары бойынша орташа ж2не жиынтық мәндері, максимальді және минимальді мәндері, құбылыстардың қайталанушылығы туралы т. б. мәліметтер беріледі.
Орташа көпжылдық анықгамаларда мегеостапиияларда бақыланған метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың 50-100 жылдар аралығындағы орташа мәндері келтіріледі.
Климаттық анықтамалар негізінде, маңызды метеорологиялық көрсеткіштер бойынша климатгық карталар жасалады. Ондай климаттық карталар географиялық атластарда жинақгалған. Климаттың әртүрлі жағы сипатталған арнайы климаттық атластар да бар.
Сонымен қатар арнайы басылымдар да бар: агрометеорологиялық аны0тамалар; жылу балансы атласы; агрометеорологиялық, аэрологиялық және актинометриялық жыл сайынғы анықгамалар.
1. 2. Климаттық негізгі көрсеткіштер.
Климатты сипаттау үшін ең алдымен метеорологиялық элементтердің (температура, ылғалдылық, қысым, т. б. ) көпжылдық орташа мәндері қажет. Мысалы Жер шарының жерге жақын ауа температурасы (теңіз деңгейіне келтірілген) орташа алғанда 14, 2 °С-ға тең, солтүстік жарты шарда - 15, 2 °С, оңтустік жарты шарда - 13, 8 °С. Январдың температурасы солтүстік жарты шарда - 9, 0°С, оңтүстік жарты шарда - 16, 4 °С. Июльдің температурасы солтүстік жарты шарда - 22, 4 °С, оңтүстік жарты шарда-11, 4С.
Элементтердің орташа мәндерінің климатологиялық маңыздылығы,
оның абсолюттік дәлдігінде емес, үлкен территория немесе планета
масштабында олардың бір-бірімен салыстырылымдығында.Температура. жауын мөлшері және т. б. орташа мәндерін, берілген географиялық ауданның шамамен алған "климатологиялық нормасы" ретінде құрастыруға болады. Себебі, орташа мәндер басым кездесетін мәндер болып табыла бермейді.
Көпжылдық орташа мәндер, жеке метеорологиялық элементтердің
тәуліктік және жылдық тербелісін зерттеуге мүмкіндік береді.
Элементтердің жылдық жүру жолы қисықтарын салыстыру, берілген территория климатының маңызды ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, Қызылорда станциясындағы ауа температурасының және салыстырмалы ылғалдылығының, жауын-шашын мөлшерінің жылдық жолын кұрастырайық (суреттен) . Графиктен көреміз, Қызылордада ең салқын ай қантар (минус 9, 6 °С), ең жылы ай шілде (24, 6 °С) болып табылады. Температураның жылдық амплитудасы - ең жылы және ең салқын айлардьщ орташа температураларының айырмашылығы - 34, 2°С құрайды. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 0 °С-тен жоғары қарай наурыздың ортасында, төмен қарай қарашаның ортасында өтеді.
![]()
І. Ауа температурасының (і) және жауын- шашынның (К) жылдық жолы.
Жауын-шашынның жылдық жиынтығы 114 мм құрайды және оның басым бөлігі (66мм) салқын маусымда (қараша-наурыз) жауады. Жазда тропосферада, температура өте жоғары құрғақ ауа массы тұрақтанатындықтан (жылулық температурасының абсолюттік максимумы 46 , 0 °С 1912 және 1983 жылдары июльде байқалды. Абсолюттік мәндер климатты сипаттауга келмейтіндіктен, максимальды және минимальды мәндердің. орташасы анықталады. Олар климатологиялық анықтамаларда көбіне тек ауа температурасы бойынша беріледі.
Айлық орташа максимальды және орташа минимальды мәндер, әрбір тәуліктің максимальды жөне минимальды температуралары бойынша анықталады. Олар тәуліктің ең салқын және ең жылы уақытының температуралық режимін сипаттайды және температураның тәуліктік ампилитудасын анықтайды. Мысалы, Кызылордадағы орташа максимальды және орташа минималады ауа температурасының жылдық жолын қарастырайық . Суреттен көрініп тұр ? шідеде ауа температурасы күндіз орташа алғанда 34Д °С-ға жетеді, түнде 18, 4 °С-ге дейін төмендейді, ал тәуліктік амплитуда 15, 7 °С карайды. Қантарда ауа температурасы күндіз минус 4, 7 °С-ға жетеді, түнде минус 13 5 С-ғе
II. Қазақстан Республикасының климты. 2. 1. Климат қалыптастырушы фактолар.
Жерінің аумағынның ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның климаттық жағдайы өте күрделі. Республика территориясының солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзаққа созылуына байланысты, мұнда біртіндеп далалық зонаның климатынан (қиыр солтүстікте) шөлдік зона (оңтүстігінде) климатына дейін ауытқу байңалады. Қазақстан климатына тән басты ерекшелік - оның мұхиттардан, әсіресе СССР территориясына ылғалдың көбін әкелетін Атлант мұхитынан алшнақ жатуы; бұл жағдай республика климатының жалпы қүрғақ және тым континентті болуына себепші болуда. Тек Алтай мен Тянь-Шаньның биігірек жел жақ беткейлеріне батыс ауа массалары еркін өтіп, біршама ылғалды климат қалыптасады.
Климат қалыптастырушы факторлар, кез келген өңірдің климаты көптеген факторлардың негізінде қалыптасады. Қазақстан климатын қалыптастыруда радиациялық факторлардың ролі ерекше. Күннің жиынтықрадиациясы - жер бетіне түсетін радиациялық баланстың маңызды элементі. Жиынтық радиацияның айлық мөлшері оның ең басты көрсеткіші болып табылады. Республика жерінің кең-байтақтылы-ғына байланысты айлық радиацияның мөлшері негізінен ендік зоналық бойынша таралады. Кейде бір ендіктің батыс және шығыс бөліктерінде, орталығына қарағанда, күн радиациясы ағнының әлсіреуінен бұл заңдылық бұзылады. Процестің бұлайша өзгеруі - атмосфера-циркуляциялық және орограникалы. жағдайға байланысты ендіктің батыс және шығыс бөліктеріндегі бұлттылық пен ауа ылгалдылығының артуының нәтижесі. Солтүстіктен оңтүстікке қарай жылдық радиацияның мәні 100-ден 160 ккал/см-те дейін артады. Республика таулы аудандарының беткейлеріндегі жиынтық радиацияның мөлшері бұлттылыққа байланысты өзгеріп отырады. Жел жақ беткейлерде бұлтъң қалың қалыптасатын биіктік шегіне дейін (1, 5-2 км) жиынтық радиацияның мөлшері
кемиді, бұл деңгейден жоғары қарай кұрт артады. Қазақстанның көпшілік бөлігіндегі жылдық жиынтық радиацияның максимумы июнь айында, барлық жерде жиынтық радиацияның минимумы декабрь. айында байқалады.
Шашыранды радиацияның жылдық және айлық мөлшері Жергілікті жер ендіктеріне байланыссыз таралады, оның жиынтық радиациядан айырмашылығы Қазақстан территориясы үстінде өзгеріске онша ұшырамайды. Шашыранды радиацияның жылдық жиынтық мәні Қазақстанның оңтүстігінде 45, 5 ккал/см -деп солтүстік бөлігінде 48, 8 ккал/см 2 аралығында өзгеріп отырады. Шашыранды радиацияның жылдық айналымдағы ең жоғарғы айлық мәні көктем - жаз маусымдарына келеді. Таулы аудандарда бұлттың ең калың түзілетін деңгейінің жоғары жағында атмосфера ауаның мөлдірлігінің артуынан және шашырату бөлшектері мөлшерінің азаюынан шашыранды радиация мөлшері тез кемиді. Тек қарлы шыңдар үстінде қар жамылғысынан шағылысу салдарынан түзілетін күи радиациясы нәтижесінде шашыранды радиацияның әжептәуір артуы байқалады.
Күн радиациясы энергиясының жер бетіне келіп жететін бөлігі өзі түскен бетті және соған жапсарлас атмосфера қабатындағы ауаны жылытуға кетеді. Күн энергиясының бұл бөлігі жұтылған радиация деп аталады. Радиацияның бұдан өзге бөлігі жер бетінен қайта шағылысады. Жұтылған және шағылысқан радиациялар мөлшерінің ара қатынасы альбедо шамасымен сипатталады. Бұл шама жылу жұтатын беттің шағылыстыру ерекшеліктеріне байланысты түрліше болады. Қыс маусымындағы альбедоның ең жоғарғы мәні тұрақты қар жамылғысы қалыптасатын Қазақстанның солтүстік бөлігінде және таулы өңірлерінде байқалады, оның шамасы декабрь. - февраль аралығында 70-80%-ке жетеді. Қар жамылғысы тұрақсыз шөлейт зонада альбедоның қысқы шамасы 50-70%-ке дейін кеміп, жоғарғы мәнді альбедоның ұзақтығы 1- 2 айға дейін қысқарады. Жазда альбедоның аз мөлшерде (16-18%-ке
дейін) Қазақстанның қиыр солтүстігінде байқалады, ал қиыр оңтүстікте бұл шама 25%-ке дейін артады. Альбедоның жаз маусымындағы ең жоғарғы шамасы (30- 35%-ке дейін) шөл зонасында, әсіресе өсімдік жамылғысына кедей тасты және сазды өңірлерде байқалады.
Атмосферадағы термиялық процестердің сипаты мен қарқындылығы және жалпы ауа райы мен климаттың қалыптасу процестері көп
жағдайда радиациялық баланспен анықталады. Республика
территориясының көпшілік белігінде радиациялық баланстың жылдық
таралуы зоналық сипаттан ауытқиды. Қыс айларында Қазақстан территориясындағы радиациялық баланстың айлық мәнінің ендік зоналық бойынша таралуы анық байқалады. Декабрь- январьда республиканың көпшілік бөлігінде радиациялық баланс мөлшері теріс мәнінен қиыр оңтүстік аудандарда оң мәніне дейін өзгереді. Жаз айларында Қазақстан территориясында радиациялық баланс мөлшері зона бойынша таралмайды. Июнь айында б. ұл мөлшер барлық жерде 8-9 ккал/см 2 -те тең келеді. Радиациялық баланстың айлық мәнінің жылдық айналымындағы ең төменгі көрсеткіші неғізінен декабрьде байқалады. Радиациялық баланстың айлық мэнінің жылдық ауытқу амплитудасы орташа есеппен 9-10 ккал/см 2 -ге жуық болады.
Республиканың климат жағдайына циркуляциялық фактордардың тигізетін әсері күшті. Қазақстан территориясы үстінде қалыптасушы барикациркуляциялық жағдай радиациялық элементтермен тығыз байланысты. Жылдың суық маусымында Қазақстан жері үстіндегі барикациркуляциялық жағдай негізінен антициклонының батыс тармағына байланысты анықталады. Сондықтан қыстың 50-60%-ке жуық мезгілінде республика территориясы үстінде атмосфера қысым мен ауа райының антициклондық режимі үстемдік етеді. Кейбір жылдың қыс маусымында барикациркуляциялық әрекет рөлі күшейіп, ал кейде, керісінше әлсіреп қалады. Антициклондық жағдай әрекетінің басым ( қыс маусымында ауа райы режйінің қалыптасуына көп әсер
етеді. Қыста цйркуляцияның циклон ерекшеліктерінің күшеюіәнен, яғни ат- мосфера шептін өту жиілігінің артыуы жоғары қысымдық жағдай өзі отырады. Сондықтан кейде (Батыс қазақстанда) ауаның тәуліктік темперарасы 20°С-қа дейін шұғыл ауытқып жазда Қазақстанның оңтүстік бөлігі күн радиациясының мол түсу ауаның қызу қарқыны үдеп, атмосфера шептен ажыраған, кең өңірді қатитын термиялық депрессия қалыптасады. Жалпы термиялық депрессия орталығы көбінесе Қазақстанның бөлігі үстінде* қалыптасады, мұндай жағдайда оның әрекетіне республиканың орта белдеуі де ұшырайды. Дипрессия әсіресе июнь - августь аралында жиі байқалып, жауын-шашын ашық, ыстық ауа райының қалын суына себепші болады. Антициклоның қайталануы жаз кезінде әлдеқайда сирейді.
Қазақстанның таулы рельефі жағдайында ауа райының қалыптасу процесіне үлкен ықпал жасайтын қатар жергілікті циркуляциялық ер-шеліктер байқалады. Бұлардың арасында суық шептің таулы қырат беткейіне ұласқан жерінде дамуы толқынның қалыптасу процесінің маңызы күшті. Бұл процестер ауа рай шүгыл өзгертеді: бүлт қоюлана; атмосфера жауын-шашын түседі, және әсіресе тәуліктік ауарайы режим әсер етуші тау-аңғарлық жел күшеді. Бірқатар ерекшеліктеріне байланысты тау-аңғарлық желге Қазақстанда көбіне (шығысында) жылы маусымдар кезінде болатын тау алды жазықтық, беткейлік, тау аралық қазан шұңқырлық, мұздық желдері өте ұқсас болады. Ірі су айдында] жағалауының ауа райын қалыптаструда бриз желі үлкен роль атқарады Бриздік әрекет көбіне жылы маусында күшейеді де, ауаның ылғалдық арттырады, бұлттылықты күшейте; Сөйтіп, жергілікті циркуляция аурайының қалыптасуына зор ықпалы тигізеді.
Климаттың жеке элементтерініқ ірежимі Жел. Бүның режимі барика-циркуляциялық жағдайға байланысты және негізінен жылдың жылы маусымынан суық кезеңге өтер аралықта өзгереді. Жылдың салқын мезгілінде, әсіресе қыс айларындц Қазақстанның көпшілік бөлігінде қысым
таралатын ауа ағыстары Азия антициклонына және оның батыс тармағына тәуелді. Соған байланысты Қазақстанның орманды дала және далалық аймақтарында (Мүғалжардан Алтайға дейін) оңтүстік батыстан соғатын желдер басымырақ келеді. Республиканың шөл зонасы мен тау алды белдеулерінде солтүстік-шығыс бағыттындағы желдер үстемдік етеді. Таулы өңірлердегі үстем желдің бағыттары өзен аңғарлары және тау аралық ойпаңдармен бағыттас келеді және жергілікті жел басым таралады. Жылдың суық маусымдарында мұнда күшті жел жиірек қайталанып отырады. Мұндай желдерге Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі, Іле ойысындагы Шелек желі т. б. жатады. Жылдың жылы маусымдарыыдагы жел режимі Қазақстан үстінде қалыптасатын, бірақ әлсіз сезілетін барикалық депрессияға байланысты болады. Соңдықтан республиканың солтүстігінде солтүстік-батыс бағыттағы жел, оңтүстігінде солтүстік және солтүстік-шығыс жел басым соғады. Дала зонасындағы желдің орташа жылдық жылдамдығы 4, 5-5, 0 м/сек, одан оңтүстігіректе (Орталық Қазақстанда) 4, 0-4, 5 м/сек, шөл зонасында 3-4 м/сек.
Ауа температурасы. Қазақстанда ауаның январьдағы орташа температурасы қиыр оңтүстікте -1°, -5°С, солтүстік. жағында -19°, - 20°С аралығында ауытқып отырады. Территорияның көпшілік бөліғінде қысқы изотермалар ендік бағытқа жақын орналасады. Бірақ бұл заңдылың қыраттар мен тау массивтерінің әсерінен жэне Орта Азияның оңтүстігінен республика жеріне жиі өтетін жылы ауа массаларына байланысты бұзылып, изотермалар солтүстікке қарай сәл жылжып, солт-батыстан оңт-шығысқа қарай бағытталады. Тау жүйелері қарқынды инверсияларының қалыптасуын тездетеді. Қыста суық ауа ағыстарының тау алдында және тұйық аңғарларда жиналуынан таулы өңірлерде радиациялық суыну байқалады. Республикадағы қысқы ең қатты суыну Алтайдың тау аралық қазан шұңқырларында болады. Қазақстанда январь айындағы ауаның ортаиіа температурасының ең төменгі көрсеткіші (Орлов поснде - 27, ГС, Марқакөлде -25, 9°С) осында. Абс. минимум кейде-47°С-қа, тау аралық
қазан шұңқырларда -54°С-қа дейін төмендейді. Апрельде республиканың жазық бөлігі үстіндегі ауаның орташа айдың темпрасы нөлден жоғары болады, май айында барлық өңірде 10°С-тан жоғары көтеріледі. Ең ыстық ай - июль, биік таулық аудандарда - авг. Жазық өңірде июльдің температурасы 18°- 29, 3°С аралығында. Республика территориясының көлшілік бөлігінде абс. максимум 42-44°С-қа, қиыр Солтүстікте 47°С-қа дейін жетеді. Аязсыз маусымның ұзақтығы республиканың жазық бөлігінде 110-190 күндей, таулы аудандарда биіктікке және орналасу ерекшеліктеріне қарай күрт кемиді.
Бұлттылық. Республика территориясыида бұлтсыз ашық күн саны (шарбы бүлтты қоса есептегенде) солтүстікте жылына 120 күн, оңтүстікте 260 күндей; жауын-шашынды күн саны 10-нан (Балқаш ойысында) 60 күнге (солтүстікте) дейін өзгереді. Орт. Қазақстағның ұсақ шоқылығы үстінде ашық күн жиі байқалады. Қыстыгүні бұлттылық дәрежесі батыстан шығысқа, жаздыгүні солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Жазда Қазақстан бүкіл СССР бойынша ең бұлтсыз өңір есептеледі, сондықтан да біздің республикамыз «күншуақты» өлке аталады. Республика территориясында қалың бұлттылық негізінен жылдың суық маусымдарында байқалады. Қыс айларында жалпы және шамалы бұлттылық максимумы таңертеңгілік уақытта қалыптасады. Будақ бұлт пен нөсерлік бұлттар көбіне оңт. өңірлерде, жаз маусымында кешкітұрымда қалыптасады. Жазғы конвекциялық бұлттылықтың максимумы Солтүстік Қазақстанның оңтүстік бөлігінде және республиканың оңтүстік-шығысында басым байқалады.
Атмосфералық жауын-шашын. Қазақстан жері (биік таулы аудандарды ескермегенде) жалпы қуаң келеді. Жауын-шашынның таралу мөлшеріне көп жағдайда жергілікті рельеф зор әсер етеді. Мысалы, жауын-шашын тау мен қыраттың жел жақ беткейлеріне молырақ, ықжағына кемірек түседі. Қазақстанның далалық зонасында жылына орта есеппен 250- 300 мм жауын-шашын түседі. Осы зонаның орманды-дала бөлігі мен Сарыарқаның солт. беткейлерінде бұл мөлшердің кейде молаюы байқалады. Орт.
... жалғасыҚазақстанның көшпілік бөлігіне орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 125- 250 лш-ден келеді. Республикадағы жауын-шашынның ең аз (100 мм-дей) түсетін жері - Балқаш көлі жағалауы мен Арал маңындагы Қарақүм өңірі. Үстірттің көтеріңкі батыс бөлігі мен Маңқыстау түбегінде 150 мм-де, бүған жапсарлас шөлді аудандарда 100-125 мм ылғал түседі. Тау жоталарына жақындаған сайын жауын-шашын мөлшері шүғыл артады. Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығығыс биік таулы аудаыдары ылғалы мол өңір болып саналады. Биіктікке және рельеф пішіндеріне байланысты Қа-зақстанның биік таулы аудандарында жылына орташа есеппен 400-1000 мм, ал Алтайдың батыс беткейлершде 1500 мм-ден артық ылғал түседі. Алтайдың тау аралық қазан шұңқырлары мен ішкі ық жақ беткейлері жауынға-ша-шынға тапшы (орта есеппен 400-450 мм) келеді. Алтай мен Тарбағатай тау жүйелері аралығында жатқан Зайсан қазан шүңқырына жылына 160 мм-те жуық жауын-шашын түседі.
Жоңғар Алатауының ық жақ беткейлеріне де жауын-шашын аз жауады (300-500 мм) . Іле Алатауының солтүстік беткейлерінде жылдық жауын-шашын мөлшрі 900 мм-ден артпайды.
Республиканың солтүстік жартысынан. көпшілік бөлігіне түсетін жылдық жауын шашын мөлшерінің 70-80%-кө жуығы жылдың жылы мезгіліне келеді. Оңтүстікке жылжыған сайын суық маусымда түсетін ылғал мөлшері артып, Қазақстанның қиыр оңтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшерінің орташа есеппен 60-65%-тейі салқын мезгілде жауады. Қазақстанның орманды дала зонасындағы жыл-дық жауын-шашын айналымында июльдік максимум жақсы байқалады. Шөл зонасының орталық бөлігінде бүкіл жыл бойынша ылғал біркелкі таралады. Қазақстанның шөл зонасында, оңтүстік және оңтүстік-шығыс тау алдыларында жауын-шашын таралуьшың жаздық минимумы және көктем мен күздік максимумдары айқын қалыптасқан.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz