Саяси мәдениет және жастар саясаты



І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім

1. Саяси мәдениет және жастар саясаты
2. Саяси мінез.құлық саясаттанудың пәндік мазмұнын құрайды.
3. Саяси мәдениеттің жіктелуі
4. Саяси мәдениет құрылымы
5. Саяси сана
6. Саяси сана деңгейлері
7. Саяси сананың функциялары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі – адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпыадамзаттық қазыналарды ту етіп көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл еркшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның саяси өмірді оңды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен қоғамдық өмірдегі әртүрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
«Саяси мәдениет» ұғымының саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. Дегенмен, ежелгі ойшылдар: Платон, Аристотель, кейінірек Н.Макиавелли, Ф.Бэкон, Ш.Монтескье және басқа ғалымдар әрқилы салт-дәстүрлерге тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе жинақтаған адамдардың бірыңғай, біртектес жағдайды әртүрлі сезінетіндігі, оған санқилы жауап қайтаратындығы неліктен деген сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын айқындап, дәйекті пікір түзуге М.Вебер, Э.Дюркгейм, Т.Веблен, Т.Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен социологтары елеулі үлес қосса, «саяси мәдениет» деген категорияны ғылымда алғаш қолданып, әдебиетке енгізуші ХYIII ғасырдағы неміс ағартушысы, философ Иоганн Гердер болды.
Саяси мәдениет деп өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесін айтады. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың топтардың, таптардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени білуі, осы жүйенің аясында жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет адамның белсенді саяси өмірге дайындық дәрежсін де білдіреді.
1 Қазақстан Рспубликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Алматы ақшамы 2.03.06ж. №41-43. 3б.
2 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Егменді Қазақстан 1.03.07ж. №55. 5б.
3 Пушкарева Г. В. Политический менеджмент: Учеб.пособие. М.: Дело,2002
4 Политический менеджмент /Под общ.ред. В. И. Жукова, А. В. Карпова, Л. Г. Лаптева, О. Ф. Шаброва. М.,2004
5 Горчева А. Ю. Политический менеджмент: историйческий опыт России. М.2002
6 Абдигалиев Б. Б. Социально – политический менеджмнт (Темиртауский опыт), Алматы 2003

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім

1. Саяси мәдениет және жастар саясаты
2. Саяси мінез-құлық саясаттанудың пәндік мазмұнын құрайды.
3. Саяси мәдениеттің жіктелуі
4. Саяси мәдениет құрылымы
5. Саяси сана
6. Саяси сана деңгейлері
7. Саяси сананың функциялары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Саяси мәдениет және жастар саясаты
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние,
образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік
қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни,
өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан
саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық,
қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған
ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-
өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси
мекемелердің мәдениеті кіреді.
Қазіргі заманның елеулі ерекшеліктерінің бірі – адамзат қоғамының
демократиялық даму жолына түсуі, жалпыадамзаттық қазыналарды ту етіп
көтеріп, оларды басшылыққа алуы. Бұл еркшеліктердің ойдағыдай өрістеп,
жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның саяси өмірді
оңды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен қоғамдық
өмірдегі әртүрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау ерекшеліктерін, қандай
болмасын мемлекеттік құрылыстың сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің сын-
сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік
береді.
Саяси мәдениет ұғымының саясаттануға енгеніне көп болған жоқ.
Дегенмен, ежелгі ойшылдар: Платон, Аристотель, кейінірек Н.Макиавелли,
Ф.Бэкон, Ш.Монтескье және басқа ғалымдар әрқилы салт-дәстүрлерге
тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе жинақтаған адамдардың
бірыңғай, біртектес жағдайды әртүрлі сезінетіндігі, оған санқилы жауап
қайтаратындығы неліктен деген сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын айқындап, дәйекті пікір түзуге М.Вебер,
Э.Дюркгейм, Т.Веблен, Т.Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен
социологтары елеулі үлес қосса, саяси мәдениет деген категорияны
ғылымда алғаш қолданып, әдебиетке енгізуші ХYIII ғасырдағы неміс
ағартушысы, философ Иоганн Гердер болды.
Саяси мәдениет деп өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына
байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-
өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесін айтады. Саяси мәдениет
қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған алдымен саяси
сананың мәдениеті, адамдардың топтардың, таптардың, ұлттардың өзін-өзі
мәдени білуі, осы жүйенің аясында жұмыс істейтін саяси мекемелердің
мәдениеті кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет адамның белсенді саяси
өмірге дайындық дәрежсін де білдіреді.
Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі.
Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің
алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады.
Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола
алады.
Жалпы қоғамның және жеке адамның саяси мәдениетінің дамып, жетілуін
еңбекші халықтың білімін көтерумен тығыз байланыстырған абзал. Білімді
арттыруда алдымен сауаттылық қажет. Осы орайда В.И.Ленин былай деп жазды:
Сауатсыз адам саясаттан тыс тұрады. Оған әуелі әліппені үйрету керек.
Мұнсыз саясат болуы мүмкін емес, мұнсыз саясат емес, тек неше түрлі
қауесет, өсек, ертегі, соқыр сенімдер ғана бола алады. (В.И.Ленин, ШТЖ, 44-
том, 188 б.)
Сондай-ақ, дүниетанымдық белсенділік жеке адамның саяси мәдениеті
үшін айқындаушы рөл атқарады. Өйткені мұнда таптық, жалпыхалықтық
мүдделер барынша көрініс тауып, соның нәтижесінде жеке адамның қоғамдық,
саяси позициясы қалыптасады.
Саяси мәдениет категорияларының құнды қатынастары құрылымындағы
келесі деңгей өкімет пен өкімет қатынастары мәселелеріне байланысты.
әрбір адамның азаматтық міндетттері мен құқықтарына деген көзқарасы оның
билік институттарындағы іс-әрекеттеріне баға беруі арқылы қалыптасады. Бұл
орайда, саяси мәдениет құрылымының қалыптасу детерминаты ретінде өкіметтің
өз мәдени деңгейі көрінеді.
Саяси мәдениеттің атқаратын қызметі. Өмірде саяси мәдениет мынандай
қызмет атқарады:
1) Танып-білу міндеттері. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы
субъектілер саяси салада ойдағыдай қызмет етерлік біліммен қаруланады.
Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және сасаттың өзін айқындайтын заңдар мен
негіздерді танып біледі. Бұл міндеттер қоғамдағы басқарудың әдіс-
тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет
пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай қатыстыру керектігін
қамтиды.
2) Аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап алып, оны
одан әрі жалғастыру міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің
тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе қоғамдық
саяси қозғалыс болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси
тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның арқасында
олар алдағы ағалардың қателіктерін қайталамай, алға қойған мақсаттарына
тезірек жетуі мүмкін.
3) Саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру міндеттері. Олар саяси
жүйенің дұрыс жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы
түрде нығаюын, саяси тұрақтылықты, кемшіліктерге төбестікті, қоғам
алдындағы жауапкершілікті, ұлттық және әлеуметтік –таптық қатынастарды
реттеуді қатамасыз етеді.
4) Саяси психологияны дамыту міндеттері. Олар адамдарды қоғамдық-саяси
қызметтерге қатысуға ынталандырады, саяси белсенділікті арттырады,
белгілі бір тосын саяси жағдайларда өзін-өзі қалай ұстап, жылдам шешім
қабылдауға тәрбиелейді.
5) Қарым-қатынас, байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті игеру
арқылы тілек, мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси
қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси
әңігмеге келіп, тіл табыса алатындай шеберлікке дағдыланады.
6) Қазыналық міндеттер. Олар жеке адамға (топқа, ұйымға) саяси
өмірдің қазына жүйесінен өз мақсат, мүдделеріне сай келетін ең құндыларын
таңдап алуына мүмкіндік жасайды. Бұл міндеттер елдің жедел алға басуына
және қоғамның өзін-өзі билеуіне бағытталған талаптарын ақтайтын саяси
қазыналарды қорғап, сақтауға жәрдемдеседі.
Саяси сананың тағы бір ерекшелігі – мемлекетке, саяси партиялар мен
ұйымдарға қатынасты болуында жатыр. Айталық, американдықтар мемлекетке
сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса мемлекетке әрқашан
түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты, қатынасты алайық.
Францияда бірпартиялық – жөнсіз, қисынсыз болып саналады. Сондықтан онда
бірпартиялық бола қоюы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде бірпартиялықтың
ешқандай сөкеттігі жоқ. Саяси сананың мәдениеті еркіндік, теңдік,
әлеуметтік қорғау, автономия, төзімділік т.б. сияқты саяси
қазыналардың қайсысына бірінші орын беріп, артық көруінен де байқалады.
Оңшылдар, солшылдар, радикалдар, либералдар деп бөліну де содан келіп
шығады.
Саяси мәдениетке тікелей қатысты тағы бір ұғым – ол саяси мінез
туралы категория. Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық - басқару
процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимылдары болып табылады. Саяси
мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни, ішкі
әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді.
Сайлауға қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен науқандарға
қатысуы. Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында,
бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы мүмкін. Алайда, бұл термин
мемлекеттік инстиуттар шеңберінде өрістейтін іс-қимыл әрекетіне
байланысты қолданылады.
Сяси мінез саясаттану пәнінің бағдарламасына кіретін саяси тұлға,
саяси талап және қоғамдық пікір, сайлаушылар мінезі, саяси партиялар мен
мүдделі топтар, саяси әлеуметтендіру, саяси мәдениет, бірлестіктегі
билікті айқындайтын формуланы қолдануға қажет болады. Аталған
мәселелерден байқалғандай, саяси психология мен саяси әлеуметтік мүдделер
де саяси мінездің зерттеу саласына жатады. Саяси мінез-құлық ғылыми пән
ретінде, жалпылама алғанда, саясатты бихевпоралдық (мінез-құлықтық)
зерттеудің синонимі ретінде қолданылады.

Саяси мінез-құлық саясаттанудың пәндік мазмұнын құрайды.
Саяси сана мәдениетінің тағы бір маңызды элементі – саяси тіл. Жалпы
тілдің қолданысында да мәдениет болатындығы белгілі. Тіл мәдениетіне
тікелей қатысты бұл күндері жиі айтыла басталған мәселе – сөздерді орнымен
жұмсамау, мән-мағынасына жете үңілмеу, мақал-мәтел, фразеологизмді өзгертіп
қолдану сияқты сәтсіздіктер. Тағы бір мәселе, шаршы топ алдында аузыша
сөйлеу жайы. Бұл күндері теледидар мен радиодан немесе жиын-жиналыс
мінбелерінде, қысқасы, шаршы топ алдында ойымызды еркін, жатық, әсерлі
етіп айтып беру дағдымыз мәз емес. Көбіміз топ алдында мүдірмей, жинақы
түрде әсем сөйлей алмаймыз. Енді-енді жандана бастаған бұл істе тілге
деген жауапкершілік пен ықылас болса, орысша сөйлеп келген адам қазақша да
сөйлеп, тыңдаушысын сүйсіндірер еді.
Өйткені қазақ тілі өте бай тіл. Оралымды, ырғақты, теңеу-
бейнелеулері ерте туған тіл. Пушкин, Лермонтов шығыармаларын ХIХ ғасырда-
ақ көп елдерден бұрын аударуға жараған тіл... Біз Маркс, Ленин
еңбектерін көп елдерден бұрын аудардық. Поэзияда Абай, Ілияс сияқты
алыптар туғызған тіл. Осындай тілді таза ұстаған жөн. Оның үстіне, тіл –
саясат құралы емес, таным құралы. Талайлардың қателігі осында, таным
құралын саяси қаруға айналдыруда жатыр. Тіл ешуақытта саясаттың
нысанасына айналдыруға болмайтын киелі, қасиетті ұлттық ұғымдардың
қатарына жатады. Ол саясаттан да жоғары тұруы тиіс.
Сондықтан тілді орнымнен пайдалану үшін, әрине, едәуір қам-қаракет
істеу керек. Ең алдымен мектепке балалар білімінің тек теориялық
негідерін жаттап өспей, сол білімді іске асыратын болып тәрбиеленуі
керек болса, соның бір жолы - оқушының ойын дұрыс айтып бере білуге
үйрету. Ол үшін мектеп бағдарламаларына Тіл мәдениеті, Шешен сөйлеу
үрдісі сияқты пәндерді енгізу керек деп санаймыз.
Аталған іс-шараның орындалуын қадағалап, міндеттеп отыруды тіл
шаруасын тәртіпке шақыратын құқы бар ресми орын – Тіл комитеті қолына алуы
қажет. Тек осындай жолмен ғана біз тілдің мәдениетін кемелдендіріп, оның
қолданыс ауқымын кеңейте түсеміз.
Айталық, саяси тілде әскери өнеркәсіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жастар саясаты
Қоғамның саяси саласындағы жастар
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері
Жастар саясаты
Жастардың құқықтық мәдениеті
Қазақстандағы жастардың саяси әлеуметтенуіндегі өзгерістер
Жастар саясаты туралы
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары
Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны
Жастар әлеуметтануы
Пәндер