Ырым мен тыйым



1 Тыйым
2 Ырым
3 Ырым.тыйымда заттар мен құбылыстар
Бағзыда адам әулетін бір-біріне қарама-қарсы екі лагерьдегі рухтар қоршап тұр деген наным-сенім болған. Олар әдетте ізгі және кесірлі рухтар. Адам осы рухтардың қатерінен қорғанып, сақтану немесе мейіріне ие болып, қолдауына жетуді көздеп әрекеттер жасаған. Өз іс-қимылдарын сол ие-киелерге үйлестіру, үндестіру мақсатында әр түрлі ырым-тыйымды ойлап тауып, тұрмыста қолдана бастаған.
Тыйым (табу) болатын белгілі бір қатерден адамды қорғандыру, сақтандыру, сол арқылы табиғат пен әлеуметтік күштердің ризашылығын алу үшін жасалды. Ырым мен тыйымның міндеті болашақты (істі) болжау, сәтті нәтижеге жету үшін алдын ала жоспар құру, белгілі бір қағида-ережеге бағынуды шарт етеді. Тыйым алғашқы қауым заманында магиялық түсінікпен тіндес басталғанымен уақыт өте келе қоғам дамыған тұста әлеуметтік заңи мәнге ие бола бастаған. Енді адамдар рухтарды емес, пәк-күнәһар, ақ-қара, обал-сауап категориясын алға тартқан. Тыйым – ол адам сөзсіз орындауға тиісті, талқылауға жатпайтын, қоғамда қатаң қалыптасқан, сірескен ережелердің жиынтығы. Оны адам бала кезден естіп, үйреніп-біліп, өле-өлгенше орындауға тиісті.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ырым мен тыйым
Бағзыда адам әулетін бір-біріне қарама-қарсы екі лагерьдегі рухтар
қоршап тұр деген наным-сенім болған. Олар әдетте  ізгі және кесірлі рухтар.
Адам осы  рухтардың қатерінен қорғанып, сақтану немесе  мейіріне ие болып,
қолдауына жетуді көздеп әрекеттер жасаған. Өз іс-қимылдарын сол ие-киелерге
үйлестіру, үндестіру мақсатында әр түрлі  ырым-тыйымды ойлап тауып,
тұрмыста қолдана бастаған.
Тыйым (табу) болатын белгілі  бір қатерден адамды қорғандыру,
сақтандыру, сол арқылы табиғат пен әлеуметтік күштердің ризашылығын алу
үшін жасалды. Ырым мен тыйымның міндеті болашақты (істі) болжау, сәтті
нәтижеге жету үшін алдын ала жоспар құру, белгілі бір қағида-ережеге
бағынуды шарт етеді. Тыйым алғашқы қауым заманында магиялық түсінікпен
тіндес басталғанымен уақыт өте келе  қоғам дамыған тұста әлеуметтік заңи
мәнге ие бола бастаған. Енді адамдар рухтарды емес, пәк-күнәһар,  ақ-қара,
обал-сауап категориясын алға тартқан. Тыйым – ол адам сөзсіз орындауға
тиісті, талқылауға жатпайтын, қоғамда қатаң қалыптасқан, сірескен
ережелердің жиынтығы. Оны адам бала кезден естіп, үйреніп-біліп, өле-
өлгенше орындауға тиісті.
Ал, ырым болса, жеке адамның немесе қауымның  жору, болжау арқылы
орындауға тиісті ережелері. Бұнда болашақты болжау, жору функциясы басым.
Халықтың ұғымында ырым екі түрлі болады:
1. Жақсы ырым. Мысалы:  а) аттың есінеуі;   ә) баланың тоңқайып жол қарауы;
б) сауысқанның шықылықтауы.
2. Жаман ырым. Мысалы: а) жақ таяну;   ә) қолды артқа ұстау;   б) тізе
құшақтау.
Жалпы,  ырымды табиғат пен әлеуметтік күштер тарапынан жеке адам бұлжытпай
орындау үшін хабардар етіп, сездірілетін тұтқиыл сигналдар, рәміздік
әрекеттер жүйесі деуге болады. Мысалы: 1. Жұлдыз ақса, оны көрген кісі
Менің жұлдызым жоғары деп айту керек;  2. Бала сүт тісі түссе, оны майға
орап Жасық тісімді алып, өткір тісімді бер деп итке беруі керек; 3. Үйдің
іргесіне ит сарыса, құт құйылады; 4. Ерттеулі тұрған ат сілкінсе, жын-
шайтанды үркітіп жатқаны; 5. Түнде жолыңда сиыр жатса, сапарың оң болмайды;
6.Оқпақ шақырса, бие құлын тастайды; 7. Алдыңнан түлкі қашса, сапарың сәтті
болады; 8. Сол құлағың шыңылдаса, біреу сені жамандап жатыр.
Ырымның келесі  бір түрлері – жеке адамның өзі істеуге тиісті емес деп
саналғанымен қауым тарапынан ескертілмесе, яки талап етілмесе, орындалмай
қалуы ықтимал,  бір ұшы тыйыммен тығыз байланысып жатқан ырымдар. Бұның 
ырымға жататыны, жеке адам абайсызда соны істеп отырса,  қауымның жөн-
жосықты білетін кісісі, оған тыйым салып, себебін жолай түсіндіріп,
кісіні сақтандырады. Мысалы: жақ таянба. Демек, ырымның бұл түрі  жеке
адам –  тыйым салынған әрекет – қауым мүшесінің жоруы деген үштікке
табан тірейді.  Тыйымды адам  бұлжытпай орындауға тиісті болса,  ырым (не
жақсы, не жаман) жеке адам тарапынан (әрекет пен сөз  арқылы) әбден көрініс
тапқан соң, оны қауым мүшесі жору, ескерту, түсіндіру түрінде талқыға
түсіретін құндылық болып саналады. Сонымен, ырым-тыйым жеке адам мен
қауымның кез-келген мүшесінің арасында белсенді сұхбат, еріксіз пікір
алмасуды  тудырып,  жедел реттелетін әлеуметтік-психологиялық категория.
Ырым-тыйымда заттар мен құбылыстар белгілі қауымның түсінігі
тұрғысынан рәмізделеді де дағдылы сөз тіркесі арқылы көрініс тауып, бағзы
мифтік ұғым жаңаша пішінге түсіп  жаңғыртылады. Ырымда шын мәнісінде 
болашақты болжау –  басымдыққа ие. Ол күнделікті өмірде жиі ұшырайды,
кездейсоқ сипатта және ауыз екі тілде жиі қолданылып, адамды адамдармен
қызу қатынастыратын  қабілетке ие.  Қайталап айтсақ, ырымның негізгі мәні –
болашақты болжау, болуға ықтимал қатерден адамды алдын ала сақтандыру, бір
сөзбен айтқанда, жаманшылықтан құтқару немесе  орындалуға тиісті шарапатты
көрегендікпен сездіріп, қуанышқа кенелдіру, сол қызметтері арқылы жеке
адамның әлеуметтік-психологиялық ахуалын  оңалдыру.
Сонымен, ырым-тыйымды  қазақ фольклорында кездесетін ең қысқа әрі ең
өміршең жанрдың бірі деп танимыз. Ол адамның күнделікті  тұрмыс-
тіршілігінде тұтқиылдан көрініс тауып,  қағылез бақылаушылар тарабынан
жария етілетін, қоғамдық санада бағзыда  қалыптасқан қасаң қағидалардың
түйіні, түйіршігі деуге болады. Оның ғасырлар керуеніне өтіп, бүгінгі
ұрпақтың зердесіне ұя салуы –  қысқа да ұшқыр, ұтқыр да тұтқыр сипатында
жатыр.
Ырым-тыйымдар кәріқұлақ естияр жандар тарапынан бақыланып, үнемі
қадағаланып отыратын қасиетке ие. Ол әлеуметтік-қоғамдық реттілікті,
тәртіпті қалыптастырушы, орнықтырушы бірегей жүйе. Бір сөзбен айтқанда, оны
заңға дейінгі заң  деп бағалауға болады.
Әрбір ырымның өзегінде бір замандарда  қоғамда  маңызды рөл атқарған
әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің сарқыны, қуатты қайнар көзі жатыр.
Ырымның негізгі ерекшелігі – ол  өте-мөте себеп-салдарлы. Оны  мифке
жақындатып тұрғаны дәл осы сипаты. Бір сөзбен айтқанда, бұнда қандай бір
әрекетті істесе не болады? немесе олай істеуге болмайды, оның себебі
мынадай деген  этиологиялық түсінік орын алады.
Ырым кейде қандай бір шұғыл әрекетке байланысты туындайды. Оған қауым мән
беріп, бір мезет назар аудару арқылы қарымта жауап (пікір-тілек, көзқарас,
баға) білдіреді. Мәселен, біреу оқыстан  түшкірсе, оған көңіл бөлініп,
мынадай сөздер айтылуға тиіс:
Бер Тәңір, бес жүз жылқы,
Асығып айттым, алты жүз жылқы,
Жетпей айттым, жеті жүз жылқы.
Жәрекімалла, жарылқа,
Құнан қойдан қабырға.
Ақтұш, ақ сиырдың сүтін іш,
Ақ сүт берер саған күш!
Шым-шым мөлдір суға түс,
Тұмау тисе, қуа түс!.
Мифтік танымда әлем қарама-қарсы екі жікке жарылып тұрады: жақсы-
жаман, адал-харам, ыстық-суық, обал-сауап, шарапат-кесапат және т.б. Ал,
барлық ырым осы керағар түсінікке табан тірейді.
Ырым-тыйым түрік-моңғол халықтарының барлығында кездеседі. Оны
әзербайжандар сынама, қырғыздар ырым-дарымдар, моңғолдар ёр, цээр,
қалмақтар йори, татарлар ырым-ишанулар, сынамыштар деп атаған.
Ырым-тыйымдар жекетоғай өмір сүре бермей  кейде мақал-мәтелге де  айналып
кетеді. Себебі, ырым-тыйым мен мақал-мәтел екеуінде де халықтың ғасырлар
бойы табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды бақылауында туған нәтижелер
қорытындыланады. Мәселен, молаға қарай жүгірме, асты қорлама,
жылағанға күлме деген тыйымдар Өлетін бала молаға қарай жүгіреді, Асты
қорлама құстырады, ерді қорлама састырады, Күлген күле жетеді, екі етегін
түре жетеді деген түрде мақал-мәтелге айналғанын көруге болады. Сонымен
бірге, кейбір ырым-тыйымдар қарғысқа да айналады. Айталық, құр бесікті
тербетпе деген тыйым құр бесікті тербетіп қал! пішінінде қарғыс сөз боп
айтылады. Тіпті ертегілерде кейіпкер кесе-көлденең тыйымдарға (әдетте үш
рет) тап болады, бірақ оны бұзғандықтан шым-шытырық шырғалаңға түседі,
демек көркем сюжеттің динамикалық қарқынмен өрбіп-өрістеуіне біз талдап
отырған нысан түрткі болады. Сонымен,  ырым-тыйым жеке дара тұйықталып
қалмай фольклорлық сан алуан басқа жанрларды да түрлендіріп, нәрлендіре
түсуге себепші болған.
Ырым-тыйым көбінде  бұйрық райда айтылады да кейде ақыл-кеңеске де
ұқсайды, рас ол бұл тұрғыдан мақал-мәтелге жақындағанымен түпкі мәнінде
ескерту, сақтандыру, болуға ықтимал қатердің алдын-алу шарасы жатыр. Бір
сөзбен айтқанда,  мақал-мәтелдер керсінше тарихта болған, бастан кешкен
жайттардың куәсі іспетті болса, ырым-тыйымда үнемі болашақ болжанады.
Айталық, Үй иен қалса, төсектің үстіне пышақ қойып кет деген ырым ақыл-
кеңеске ұқсайды. Ал,  түпкі себебін таратып айтсақ, дәстүрлі танымда  иен
үйге, бос төсекке жын-шайтан қонуы ықтимал, ондай рух-иелер өткір жүзді
саймандардан, пышақтан сескенеді, демек, ырымда пышақ арқылы қаскөй күшті
қуу магиясы тұспалданған.
Қорыта айтқанда, ырым-тыйым қазақ магиялық фольклорындағы шағын жанрлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жолға қатысты ырым - тыйымдар
Түркі халқына ортақ балаға қатысты ырым - тыйымдар
Қазақтың ырым, тыйым сөздері
Қазақы ырым-тыйымдардың – діни-философиялық астарлары
Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары
Қазақы ырым-тыйымдардың лингвомәдени мәні
Қазақ халқының ырым-тыйымдары
Тыйым сөздер мен ырымдардың мағынасы
Тыйым сөздер
Қазақ халқының ұлттық бас киімдері
Пәндер