Ағаш тектес өсімдіктерінің ауруларын болжау



1 Аурудың дамуына болжау жасау
2 Метерологиялық жағдайлардың кері әсері.
3 Температураның әсері
4 Шаруашылықтардан шығатын қалдықтардың кері әсері
Ауруды болжау – олардың жаппай таралуын және зияндылығын алдын-ала білу. Ауруджың болуы экологиялық, метеорологиялық және т.б. факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Болжау орман шаруашылығының алдын-ала жасалатын шараларын жасап жоспарлауда өте маңызды роль атқарады.
Мақсатқа байланысты қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, көпжылдық болжауларды ажыратады.
Қысқамерзімді болжау – қысқа мерзім ішінде аурудың жаппай таралуын болжап білу. Бұл болжау аурудың динамикасын, инкубациялық мерзімін, қай уақытта патогеннің жаппай спора шашуын анықтайды. Талдаудың қорытындысы бойынша математикалық модельдер құрылып, химиялық өңдеудің мерзімдері белгіленеді. Қысқа мерзімді болжауды құру барысында өсімдік пен иесінің фенологиясына бақылау жасау қажет, сонымен қатар патогеннің жағдайын, инфекциияның қорын, ауа-райы жағдайларын қадағалау қажет.
Ұзақмерзімді болжау. Аурудың көп уақытқа созылуын болжау. Ұзақмерзімді болжауды талдау үшін алдыңғы жылғы метеорологиялық факторларды білу қажет. Ауа-райы факторларынан температураны, ауаны және топырақты, ауа ылғалдылығын, қалдықтарды, қалдықтардың түскен күндері, күннің түсуі қар жамылғысының қалыңдығы алынады.
Көпжылдық болжау. Аурудың жаппай таралып көп уақытқа созылуы. Көпжылдық ауруды эпифитаттар деп таалады (некроздар, ісіктер). Бұл үшін зақымдалған өсімдіктердің орташа көрсеткіші алынады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ағаш тектес өсімдіктерінің ауруларын болжау
Аурудың дамуына болжау жасау. Ауруды болжау - олардың жаппай таралуын және зияндылығын алдын-ала білу. Ауруджың болуы экологиялық, метеорологиялық және т.б. факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Болжау орман шаруашылығының алдын-ала жасалатын шараларын жасап жоспарлауда өте маңызды роль атқарады.
Мақсатқа байланысты қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, көпжылдық болжауларды ажыратады.
Қысқамерзімді болжау - қысқа мерзім ішінде аурудың жаппай таралуын болжап білу. Бұл болжау аурудың динамикасын, инкубациялық мерзімін, қай уақытта патогеннің жаппай спора шашуын анықтайды. Талдаудың қорытындысы бойынша математикалық модельдер құрылып, химиялық өңдеудің мерзімдері белгіленеді. Қысқа мерзімді болжауды құру барысында өсімдік пен иесінің фенологиясына бақылау жасау қажет, сонымен қатар патогеннің жағдайын, инфекциияның қорын, ауа-райы жағдайларын қадағалау қажет.
Ұзақмерзімді болжау. Аурудың көп уақытқа созылуын болжау. Ұзақмерзімді болжауды талдау үшін алдыңғы жылғы метеорологиялық факторларды білу қажет. Ауа-райы факторларынан температураны, ауаны және топырақты, ауа ылғалдылығын, қалдықтарды, қалдықтардың түскен күндері, күннің түсуі қар жамылғысының қалыңдығы алынады.
Көпжылдық болжау. Аурудың жаппай таралып көп уақытқа созылуы. Көпжылдық ауруды эпифитаттар деп таалады (некроздар, ісіктер). Бұл үшін зақымдалған өсімдіктердің орташа көрсеткіші алынады.
Көп жылдың мәліметтеріне қарай талдау жасалынып, математикалық модель құрылады. Әр түрлі орман қорғау шараларына осы мәліметтер арқылы жоспар құруға болады.
Метерологиялық жағдайлардың кері әсері.
Желдің әсері. Желдің әсерінен орман шаруашылығына көптеген зиян келеді. Олар сонымен қатар топырақтың беткі қабатын ұшырып әкетіп, отырғызылған көшеттердің дұрыс өсуіне кері әсерін тигізеді.
Желдің ұшыруы тамырдың топырақта әлсіз бекінуіне байланысты желмен ағаштарды ұшырып әкетеді. Желдің ұшыруына тұрақты қарсы төтеп беретінқылқан жапырақтылардың ішінде шырша, жапырақтыларда - қайың, бук. Желмен көбінесе таулы аймақтың ағаштарына зиян келеді. Желге қарсы төзімділік көшеттерді араластырып отырғызу. желмен көбінесе тамырлардың шіруі кездеседі.
Жел сонымен қатар ағаштардың бұтақтарын сындырып, зақымдайды. Осында сынуға өте төзімді болып келетін ол қылқан жапырақтылар. Мысалы, Мурманск облысында шырша ағаштың 100%-ті шіріген ағашқұлақпен зақымдалған. Бузулук бағында көктеректің 75%-ті қара ісікпен зақымдалған, Ростов облысында шағанның 75%-ті эндокелин ісігімен зақымдалған.
Құлаған ағаштарды уақытында алып тастамаса зақымдаушы жаппай басып кетуі мүмкін.
Жел сонымен қатар топыраққа да кері әсерін тигізеді. Егер үнемі жел болатын болса, топырақты кептіріп ағаштың өсуін қиындатады.
Қалдықтардың кері әсері. Қалдықтар қар, бұршақ, жауын-шашын түрінде берілсе, орман шаруашылығына көп зиянын тигізеді. Егер қар ағаштың бұтағында көп жиналса, бұтақ көтере алмай сынуы мүмкін.
Қардың көп жиналуы температураның тез өзгеруіне әсер етеді. Жылы желді күндері қар қалың жапалақтап жауса, бұтақтарға жабысып, температура күрт төмендесе қатып қалады. Қардың көп жауып басып қалуы жаңа жас отырғызылған көшеттерге әсерін тигізеді. Мысалы, Карпатта қарағайлардың жаппай зақымдалуы шойырлы ісікпен ауруға шалдықтырды.
Таулы аймақтарда қар көшкінімен қардың көп болып түсуі үнемі болып отырады. Қардың борап көп түсуі әр түрлі аруулардың, ағаштың құрауына әкеп соғады. Ауа-райының күрт өзгеруі қыста ағаштың діңінде мұздың қатуына себепші болады.
Бұршақта ағаштарға көптеген зиянын тигізеді. БҰршақ көбінесе ағаштың нәзік мүшелерін, жапырағын, қылқанын, гүлін, тұқымын, бүршігін және жұқа қабатын зақымдайды. Бұршақпен зақымдалған жерден аурудың қоздырығыштары кіреді.
Температураның әсері. Барлық жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің, олардың жеке мүшелерінің өсіп жетілуіне белгілі бір температура қажет. Ағаш тектес өсімдіктерде, оптималды, минималды, максималды температура қалыптасқан. Минимумнан максимумға дейін немесе температураның күрт өзгеруі өсімдікте патологиялық өзгерістерге сонымен қоса өсімдікті өлімге дейін әкеледі.
Төменгі температурада сүрек, тамыр үсіп кетуі мүмкін. Содан барып ағаш жарылып, сол арқылы аурудың қоздырғыштары кіріп, өмір сүреді.
Егер қыста үнемі -30[о] - дан -40-45[о]С-ға дейін болса, бүршіктердің үсіп кетуіне әкеледі. Көбінесе аяздан жас өсімдіктер зиян шегеді. 1939-40 және 1941-42 жылдары солтүстікте орналасқан емендердің жаппай өлімге ұшырауы осыған байланысты. Өлмей, өте әлсіреген ағаштарда зақымдаушылармен саңырауқұлақпен берілтені аурулар зақымдады. Ағаштектес өсімдіктерге кеш түскен көктемде және ерте түскен күздегі аяздарда көп әсер етеді.
Көктемгі аяздар ағаштардың жас жапырақтарын, бұтақтарын зақымдайды. Өсімдіктің зақымдалған бөлігі қарайып түсіп қалады.
Қыста температураның күрт өзгеруі ағаштардың аяздан діңі жарылып кетеді. Аяздан ағаштың діңінің жарылуы қылқан жапырақтыларда, барлық ағаш түрлерінде кездеседі.
Аязбен зақымдалған жаралардың пайда болуы бара-бара ісікті жараларды тудырады. Күн қатты ыстық болғанда қабығы күйіп кетуі мүмкін. Күйген қабық жараға айналып, сол жарадан фитопатогенді саңырауқұлақтар кіріп зақымдайды.
Ерте көктем мезгілінде, қыста егер қар аз болса, температура күндіз және түнде құбылмалы болып тұрса, қылқан жапырақтыларда қылқаны сарғайып түсіп қалады. Егер ауаның температурасы күндіз 15-18[0]С-дан көтерілсе, ал топырақтың температурасы 4[0]С-дан жоғары емес. Сонымен қатар өсімдікке үнемі күн түсіп, ылғалдылық жетіспеген жағдайда тамырда өте белсенді булану өтіп, өсімдікті одан әрі әлсіретеді. Қорытындысында қылқандары қызыл-қоңыр түске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман ағаштарының ауруларын анықтау және зерттеу тәсілдері
Өсімдіктерді, ағаштарды зақымдайтын саңырауқұлақ аурулары
Орман фитоптологиясының шығу тарихы
Жалпақ жапырақтылардың жапырақ зиянкестері
Орман фитопатологиясы - ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу
Өсімдік ауруы туралы түсінік
Псаммофитті өсімдіктер және олардың биологиялық екрешеліктері
Суккулентті бөлме өсімдіктерін өсіру
Ауыл шаруашылық дақылдардың аурулары
Фитопатогендік микроағзалар және олардың анатгонисттері
Пәндер