Инвестиция және инвестициялық тартымдылық



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
1.1 Инвестициялық және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Шет ел инвестицияларын тарту ерекшеліктері ... ... ... ..

ІІ Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері..
2.1 Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі ... ... ... .
2.2 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын
тартудың қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ

Дамып келе жатқан немесе өтпелі экономикалы елдердің экономикалық дамуы - бұл жай ғана ішкі жалпы өнімнің адам басына шаққандағы өсу қарқыны емес, бүл экономиканың өсуі. Ішкі жалпы өнімнің сапалық тұрғыдан да өсуі. Жаңартылған өскелең өндіріс аппараты, жаңа алдыңғы қатарлы технологиялар, өндірістің жоғары ғылыми-техникалық деңгейі, экономиканың шикізат өндіруге емес, жоғары деңгейлі технологияға және ғылыми молыққан инновациялық жүйеге құрылуы, яғни әлемдік рыноктың толқымалы конъюктурасына байланған бәсекешілдігі жоғары өнімдерді өндіруі - осы саланың көрінісі болып табылады.
Өндіріс пен экспортқа бағытталған шикізат ресурстары ұлттық экономиканың дағдарысынан өтті және соңғы жылдардағы жоғары экономикалық өсімді қамтамасыз етіп келеді. Демек, осы өсім болашақта экономикамызды постиндустриялдық дамудан қызмет көрсету мен технологиялық даму жолына шығарады. Экономикамызды сыртқы факторлардан сақтау үшін де елімізде жоғары технологиялық өндірістің діңгегін қағуымыз керек. Оның басты бағыттары Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында, Индустриялық-инновациялық стратегияда көрсетілген. Мақсаты - бәсекелестікке шыдайтын, экспорттауға бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын күшейту. Біз көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металдар рыногында берік орнықтық, деді Елбасы өз Жолдауында. Сонымен бірге біз республика экономикасының жоғары қосымша құнды өнімдерімен халықаралық еңбекті бөлуде де лайықты орын алуы үшін ұмтылатын боламыз. Елімізде индустриялық-инновациялық даму стратегиясы жасалып, бекітілді жэне іске қосылды. Оның басты мақсаты экономиканың басты салаларын дифференциалдау, оны неғұрлым жоғары өнімділік пен жаңа технологияларды қолдануға бағдарлау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өз Жолдауында «Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған Индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыра бастадық. Бұл болашақтың бағдарламасы.» 18 ақпан Жолдауында Ел басымыз нарықтық туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластер жасау мен дамытудың жоспарына көп көңіл бөлінген. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030 » стратегиялық Жолдауы. Алматы, 2003 жыл.
2. «Бэсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, 2007 жыл.
3. «Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңарту жолында» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, 2005 жыл.
4. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы. Алматы, 2004 жыл.
5. Инвестиция туралы: Қазақстан Республикасының Заңы.// Заң, 2003 жыл.
6. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет. Алматы, 2003 жыл.
7. Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет туралы» Заңы. -Астана, 2002.
8. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылға арналған инновациялық саясатты жетілдіру бағдарламасы. -Алматы, 2003.
9. Оңтүстік Қазақстан облысының статистикалық жылнамасы. Шымкент, 2003 жыл.
10. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық дамуы 1991-2000жж. Статистикалық жинақ. Шымкент, 2001 жыл
11. Н.Оңтүстік Қазақстан облысының 2002 жылғы әлеуметтік экономикалық дамуы. Шымкент, 2003 жыл
12. Краткий статистичекий ежегодник Казахстана. Алматы, 2003 г.
13. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең жаңа - жаңа экономика.// Егемен Қазақстан. Газет ішіндегі кітапша.-2004 ж. 6 – желтоқсан.
14. Даржанова М.Ш.,Икматова Е.Б., Қалдыкөзова Қ.Е. Аймақ жағдайындағы инновациялық іс-әрекет. Шымкент, 2004 жыл.
15. Нұрақым Райхан. Дамудың индустриялық-инновациялық стратегиясы. // Ақиқат.-2004 ж.-№7
16. Сапарбаев Ә. Инновация - негізгі қозғаушы күш. //Егемен Қазақстан.-2004ж.-№ 18
17. Жарқынбек О. Инвестиция экономиканы сауықтыра ала ма? // Егемен Қазакстан.-1999ж.-№ 29
18. Сараев А. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері. //Ақиқат.-2000ж.-№ 4
19. Қаженбаев С. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері. //Ақиқат.-2000ж.-№ 6
20. Сараев А. Басты мақсат - шетел инвестициясын тиімді пайдалану. //Ақиқат.-2000ж.-№ 3
21. Темірханов Е. Қазақстан экономикасының инвестициялық ресурстары.// Жас алаш.-1998ж.-№ 39
22. Қаженбаев С. Инвестициялық қорларды тиімді пайдаланудың жолдары. //Наука Казахстана.-1998ж.-№ 11
23. Демесинова Г. Методы исследование инновационной деятельности предприятия. // Финансы кредиты.-2004г.-№ 3
24. Махницкая Е. Факторы развития инновационных процессов в экономике Казахстана. // Саясат.-2004г.-№ 3
25. 25.Кучукова Н. Инновации - важный фактор экономического роста. //Рынок ценных бумаг Казахстана.-2004г.-№ 2
26. Нос И. Инновации: статегический потенциал.// Казахстанская правда.-2003г.-№363
27. Алагузова Р.Ж., Музапарова Л.М. Проблемы развития инновационной деятельности предприятий малого бизнеса в Казахстане. // Аналитик. -2003г.-№6
28. Қаженбаев С. Инвестициялық қорлар тиімді пайдалану жолдары мен қосымша көздері. // Ақиқат-2000ж. - № 6
29. Цыганков А. Региональная инвестиционная программа.//Саясат.-2001 .-№2

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
... ... ... ... ... ... ... ... ..

І Инвестиция және инвестициялық тартымдылық 6
1.1 Инвестициялық және оның 6
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.2 Шет ел инвестицияларын тарту ерекшеліктері ... ... ... ..
14
ІІ Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері.. 14
2.1 Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі ... ... ... .
2.2 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын 19
тартудың
қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
..
28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Дамып келе жатқан немесе өтпелі экономикалы елдердің экономикалық дамуы
- бұл жай ғана ішкі жалпы өнімнің адам басына шаққандағы өсу қарқыны емес,
бүл экономиканың өсуі. Ішкі жалпы өнімнің сапалық тұрғыдан да өсуі.
Жаңартылған өскелең өндіріс аппараты, жаңа алдыңғы қатарлы технологиялар,
өндірістің жоғары ғылыми-техникалық деңгейі, экономиканың шикізат өндіруге
емес, жоғары деңгейлі технологияға және ғылыми молыққан инновациялық жүйеге
құрылуы, яғни әлемдік рыноктың толқымалы конъюктурасына байланған
бәсекешілдігі жоғары өнімдерді өндіруі - осы саланың көрінісі болып
табылады.
Өндіріс пен экспортқа бағытталған шикізат ресурстары ұлттық
экономиканың дағдарысынан өтті және соңғы жылдардағы жоғары экономикалық
өсімді қамтамасыз етіп келеді. Демек, осы өсім болашақта экономикамызды
постиндустриялдық дамудан қызмет көрсету мен технологиялық даму жолына
шығарады. Экономикамызды сыртқы факторлардан сақтау үшін де елімізде жоғары
технологиялық өндірістің діңгегін қағуымыз керек. Оның басты бағыттары
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында, Индустриялық-инновациялық
стратегияда көрсетілген. Мақсаты - бәсекелестікке шыдайтын, экспорттауға
бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын
күшейту. Біз көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металдар рыногында
берік орнықтық, деді Елбасы өз Жолдауында. Сонымен бірге біз республика
экономикасының жоғары қосымша құнды өнімдерімен халықаралық еңбекті бөлуде
де лайықты орын алуы үшін ұмтылатын боламыз. Елімізде индустриялық-
инновациялық даму стратегиясы жасалып, бекітілді жэне іске қосылды. Оның
басты мақсаты экономиканың басты салаларын дифференциалдау, оны неғұрлым
жоғары өнімділік пен жаңа технологияларды қолдануға бағдарлау арқылы
тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өз Жолдауында
Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған Индустриялық-инновациялық
стратегияны іске асыра бастадық. Бұл болашақтың бағдарламасы. 18 ақпан
Жолдауында Ел басымыз нарықтық туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ
және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және
құрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластер жасау мен
дамытудың жоспарына көп көңіл бөлінген. Ел экономикасының шикізаттық емес
салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болды.
І ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ
1.1 Инвестициялық және оның түрлері.

Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде
пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде
жалпы капиталдық салынымдар деген түсінік қолданылатын, осы түсінік
бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына
(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа
(өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар
түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,
акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды
бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге
жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір
жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның
мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік
жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан,
инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық
экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында
инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана
айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі
дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып
табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда
инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын
қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған
елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы
қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де
қолданылады.
Инвестиция термині латынның жұмылдыру сөзінен алынған. Бұл термин
ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми
әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон
инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз қоғамның нақты капиталының таза
өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс-материалдық
запастар және т.б.) таза инвестицияландыру немесе капитал қалыптасуы деп
атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе
меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады.
Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі
инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза
инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.
У.Шарп инвестицияны былайша анықтайды: Нақты инвестицияларға әдетте
қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді,
мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда
жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар
сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі
бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың
үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық
инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне
едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-
бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға
жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық
іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі есімі
алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық
ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған
капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.
Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз
бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық
игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға
болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды,
себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да
табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын
әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық
міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен;
қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.
Инвестициялардың жіктелуі. Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны
жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған.
Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) меншік түрлері;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
• ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды
қағаздар;
• жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
• авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды
құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
• жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да
мүліктік құқықтар;
• қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген ноу-хау емес)
ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде
рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша
бөлінеді:
• нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы,
яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын
қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым.
Материалды активтер - ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық
бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
• материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар
белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
• қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша
құралдарының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі
түрлерге бөлінеді:
• тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын
салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен
қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның
ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру
объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
• жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді
орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы
(инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар
инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын
клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын
салынымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезендері бойынша инвестицияларды мына түрлерге
бөледі:
• қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді
депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
• ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
• азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың,
өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
• мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет
көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
• қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе
шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі
меншік қоғамына үлестік қатынас);
• инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық
жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
• жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы
немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
• табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да
мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
• тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа
мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал
олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз
қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау
ретінде қолданылады;
• тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе
белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға
тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу
нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы
мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың
мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру,
өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік
тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар
болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты
жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа
ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін:
• жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып
жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
• шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс
қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың
екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және
өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген
кәсіпорындарды кеңейту;
• шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру -моральды тұрып
қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа
өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе
жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
• техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген цехтардың,
өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін
арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау
концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты
бағалау үшін қажет.

1 сызба.

2 – сызба

3 – сызба.

1.2. Шетел инвестицияларын тарту ерекшеліктері

Нашар зерттеген аумақтарды аса тереңде жатқан қабаттарды мұнайлылығы
мен газдылығын, келешегін бағымдауды жеделдіру және Республиканың мұнай газ
әлеуетін шетелдік озық техникамен технологияны қатыстыра отырып игеру үшін
шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында:
Мына учаскелерге
Батыс Қазақстан Республикасында:
көлемі 2795 шаршы шақырым Каменка учаскесінде
көлемі 5840 шаршы шақырымы Шынар учаскесінде
Ақтөбе облысында
Көлемі 12190 шаршы шақырым Бейғанин учаскесінде конкурс жариялансын.
Қазақстанның нашар зертелген нашар аудандарында теңіз апатының
терістік бөлігі шетелдік инвестицияларды қатыстырып, алдын ала жүргізілген
геофизикалық жұмыстар жүзеге асырылып, кейін бұл аумақта аталған жұмыстарды
қаржыландыруға қатысқан фирмалар арасында конкурс жүргізілсін.
Ашық конкурс өткізу және биологиялық барлау жұмыстары жөніндегі
әріптесті таңдап алып, кейін анықталған мұнай газ кен орындарын өнімді бөлу
шарттары продакш - шеринг негізінде игеру ұйымдастыру коммитеті қосымша
сәйкес құрылған.
Ұйымдар коммитетке конкурсты өткізу кезінде пайда болатын барлық
мәселелерін бойынша шешім қабылдау құқы және материалдар мен жұмыс істеуге
республикалық министріліктердің ведомостары мен ұйымдармен мамандар, сондай
ақ шетел фирмаларына сарапшылар мен консультанттар қатыстыру жөніндегі
өкілеттік берілсін.
Ұйымдастыру коммитетінде
1992 жылы 1 қарашаға дейінгі мерзімде конкурстар ұйымдастырылды.
Шарттар мен әзірлеп, оларда геологиялық барлау жұмыстарын тиімді жүргізу
кен орындарын жайғастыру аймақтық инфрақұрылыммен дамыту айнасындағы ортаны
қорғау жөніндегі талаптарды көздеу.
Аталған аумақтарда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мұнай мен газ
өндіру үшін шетелдік фирмаларды таңдап алу жөнінде конкурс жариялау және
конкурс шарттарын ықтимал әрісптестерге жіберу.

ІІ Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
2.1 Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі

Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу сапалы
жана инвестициялық саясатпен қамтамасыз етілуі қажет. Себебі, қатынастардың
жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері түпкілікті өзгереді. Егер
реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай, катаң
орталықтандырылған қайнар көзге - КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді
болған болса, ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі, ең алдымен меншік
көздерге бағдарланады.
Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи
тәжірибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жэда
мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру көлемінде республика
дамуының жалпы деңгейі меи қарқыны, оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді
және нақты, потенциалды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес
келмеді. Бұл кезенде экономикада елеулі алға басулар болмады. Қазақстан
жақсы тұрмыс жағдайынын көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша бұрынғы КСРО
елдері үшін орташадан төмен деңгейде тұрды. Қоғамдық еңбек өнімділігінін
өсу қарқыны мен өнімнің көптеген түрлерінің сапасы біршама артта қалды.
Әлемдік деңгейге жабдықтың тек 2-3%-зы ғана сәйкес келді, ал
материалдардың, энергиянын үлестік шығыны әлемдік көрсеткіштерден шамамен 2-
3 және одан да көп есе артық болды.
Сол кезеңдегі инвестицияларды басқару ерекшелігі, олардың соңғыға емес,
аралық өнімге бағдарлануы болды. Инвестицияның негізгі бөлігі өндірістік
салаға бағытталынды.
Капитал салымдары көлемінің басым бөлігін өндірістік бағытталған
қаражаттар құрады, яғни өндіріс құралдарын өндіруге бағытталынды, бұл әрине
қоғамдық өндірістің бірінші мен екінші бөлімшелері арасындағы
сәйкессіздікке әкелді. Бұл қоғамның әлеуметтік жағдайына кері әсерін
тигізбеуі мүмкін емес.
Республикада инвестициялык процесс көптеген дербес бағыттар бойынша
жүрді. Бұл процеске қатысушылардын басы бірікпеді, ал инвестициялық
экономикалық механизм жоғарғы түпкі нәтижелерге жетуге жұмылдырылмады.
Республикада құрылысты өз күшімен 50-ден артық әр түрлі министрліктер
жүргізді.
Республиканың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті
жана жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші
болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады.
Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды
құру, сондай-ақ. республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел
инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.
Қазақстандағы мемлекетгік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен
инвестицияларды басқарудын заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы
мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, Шетел
инвестициялары туралы Заң (1991 ж.): Инвестициялық жекешелендіру қорлары
жөніндегі Ереже (1993 ж.); Қазақстан Республикасының шетел инвестицияла-
ры бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ҚР Президентінің Жарлығы (маусым
1992 ж.); Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі
ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996 ж.); Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық қорлар туралы ҚР-ның Заңы (наурыз 1997 ж.) және жекеленген
жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.
Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады;
жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, елдің өнеркәсіптік және
техникалық потевдиалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында
мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық
мәселелерді шешудегі органдардын дұрыс жүйесін, олардың функциялары мен
міндеттерін анықтады.
Өткен кезеңдердің инвестициялық саясатын талдау экономикаға
инвестицияларды тарту бойынша басқару тиімділігінін төмендігінін бірқатар
негізгі кемшіліктерін анықтады. Олар мына төмендегіге саяды: шетел
инвесторларымен жұмыс тәжірибесінің жоқтығы; несиелер бөлу, әсіресе,
алғашқы кезеңде, оларды бөлудің мақсаттылығы мен қайтарымдылығын қамтамасыз
етудің сарапшылық бағалауынын жеткіліксіздігінсіз несие бөлу; Қазақстанда
тартымды инвестициялық климат құру бойынша ынталандыру жүйесінің
жетіспеушілігі; шетел несиелерін беру мен олардың мақсатты қолдануын
бақылау механизмі қатысында нақты құрылған стратегияның жоктығы;
әлеуметтік, өндірістік, нарықтын инфрақұрылымнын жетілмегендігі; нарықтық
жағдайларға көшу барысында кәсіпорындарды басқару бойынша маман
қызметкерлердін жетіспеушілігі.
Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық
белсенділікті қамтамасыз ету кіреді. Бұл елдің экономикасына отандық пен
шетелдік капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды.
Ынталандыру құрамына келесілер кіру кажет: шетел мен отандык инвесторлар
үшін қолайлы климат жасау; жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал
салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын
пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлу есебінен; әрбір инвестициялық
жобаны әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына
сәйкестігін алдын-ала міндетті сарапшылдаудан кейін, жарыс (конкурстық)
негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру; халықаралық
ұйымдармен бірлескен мемлекеттік-коммерциялық қаржыландыру мен қайта
қаржыландыру практикасын едәуір кеңейту.
Инфрақұрылымға салынған капиталдағы инвестицияның экономикалық өсуі мен
өндіріс көлемін қалпына келтіре алған елдің мысалын тарих әлі білмейді.
Сондықтан республикада жақын болашақта шамамен мемлекеттік инвестициялық
ресурстардың 70%-зы өндірістік инфрақұрлымның кәсіпорындары мен
объектілерін қолдауға бағытталынады. Бұл қаражаттар көбінесе әрекеттегі
кәсіпорындар мен импортты алмастырушы өндірістерді реформалаумен байланысты
жобаларды қаржыландыруға бағытталынады.
2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша
отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудын басым бағыттарына
төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің,
агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының, машина жасаудың, құрылыс
материалдары өнеркәсібі мен мұнай, химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын
салу мен реформалар жүргізу.
Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала
объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде
жүзеге асыру қарастырылады.
Мемлекеттік инвестииияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы
қажет:
1. Жоспарлау;
2. Бағдарламалау;
3. Бюджетті дайындау;
4. Орындау.
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді
бағдарламасы мен оны макроэкономикалык деңгейде, сондай-ақ, әрбір секторға
қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл
кезеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды таңдау мен алдын
ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрлікгер
жобаларды қаржылық-экономккалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі
негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет,
жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы
керек.
Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат - жоспарда бекітілген
мақсаттарды қызметтін мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік
инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту
бюджеттік процеске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның инвестициялық тартымдылығын сараптау
Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы
Аймақтың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен мемлекеттік реттеу
Шетел инвестицияларын сақтандыру
Инвестициялық тартымдылықты талдау әдістері
Инвестициялық іскерлікті талдаудағы қолданылатын,негізгі инвестициялық топтар жүйесі
Қазақстан Республикасындағы шет елдер инвестициясы
Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
Ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі
Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдаланудағы саясаты
Пәндер