Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... .2 бет
І бөлім. Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми негіздері
§ 1.1 Педагогикалық технологиялар деген не? ... ... ... ... ... ... ... 5 бет
§ 1.2 Педагогикалық технологиялар классификациясы ... ... ... .10 бет
ІІ бөлім. Орта мектепте физика және астрономия пәндерін оқыту әдістемесі
§ 2.1 Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзгерістер.
12 жылдық білім беруге көшу ... ... ... .12 бет
§ 2.2 Физика және астрономия пәндерінің бұрынғы
және жаңа бағдарламаларындағы айырмашылықтар ... ... ... ... .13 бет
§ 2.3 Педагогикалық технологияның өзім пайдаланып жүрген түрлері ... ... ... 14 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... 40 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... .44 бет
Қосымша ... ... ... ... ...46 бет
Адам ұрпағымен мың жасайды, - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді. Ел Президенті Н.Назарбаевтың «тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» - деген сөзіне орай, жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Кезінде Мұхаммед пайғамбар айтқан екен: «Егер келесі өмірде жақсы өмір сүргің келсе, онда осы өмірде тақуа бол, осы өмірде жақсы тұрмыс кешсем десең саудамен айналас, ал егер екі өмірде де жақсы өмір сүргің келсе, білім ізде», - деп. «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман» деп М.Дулатов айтқандай, келешек ұрпақты білім нәрімен сусындататын, білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл – ойын жан – жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға, әрі XXI ғасырдың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші – ұстаз.
Елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге орай, 12 жылдың білім беруге көшу табалдырығында тұрған сәтімізде, Президентіміз Н.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге лайықты 50 елдің қатарына кіруі туралы жолдауының талаптарына сәйкес мұғалімге атқарар істер де көп, көтеретін жүк те ауыр. Бұл республикамыздағы жаңа білім концепциясына сәйкес пәндерді оқып үйрену оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, оқушының жеке тұлғалық қасиеттері мен шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған үрдіс әрекетінде осының бәріне жетекшілік ететін, оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынастарды реттеп отыратын, өзінің іс - әрекетінде де барлығын түбегейлі жаңаша жасауы керек болатын, ізденгіш, талап қойғыш, кәсіби шеберлігі кемелденген, оқыту әдістемесінің барлық түрлерін меңгерген жан – жақты дамыған тәжірибелі мұғалім болу керектігін білдіреді. А.Дистервегтің баға беруінше – «нашар мұғалім оқушыға ақиқатты өзі береді (барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді), ал жақсы мұғалім оқушының ақиқатты өзі іздеп табуын үйретеді».
1. Қ. Аққошқарова, Н. Қойшыбаев.
Физика Алматы, «Атамұра» 2006 172 бет.
2. Қ.Қ. Аханова. 12 жылдық бiлiм беру экспериментi:
Жағдайы, проблемалары.
«Ұстаз» газетi №19, 2006 жыл 2 бет.
3. Б. Ахметова, Н. Қадыров, Н. Қойшыбаев.
Физиканы қайталайық, Алматы, «Мектеп» 1976 жыл 91 бет.
4. В.А. Балаш. Задачи по физике и методы их решения.
Москва, «Просвещение», 1974 год 290-300 стр.
5. И.Н. Баженова. Педагогический поиск .
Москва, «Педагогика» 1990 жыл 13-14 бет
6. Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Тоқбергенова.
7 класта Физика және астрономия пәнiн оқыту әдiстемесi,
Алматы, «Атамұра», 2003 жыл 3-10 бет
7. Л. Выготский. Мышление и речь. Москва, «Педагогика»,
1983 жыл 172 бет
8. М.Дүйсенбаев, Г.З. Байжасарова, А.А. Медетбеков.
Физика және астрономия. 8 класс. Алматы, «Атамұра»,
2004 жыл, 216-224 бет
9. М.Ю. Демидова, М.И. Павленко. Методика преподавания
физики. Москва, «Школьная пресса», 2004 жыл, 12-14 бет
10. В.Д. Дмитриева, П.И. Самойленко. Контрольные и
проверочные работы по физике. Москва, «Аквариум»,
1997 жыл, 111-117 бет
11. М.М. Жанпейiсова. Модульдiк оқыту технологиясы
Оқушыны дамыту құралы ретiнде. Алматы, 2002 жыл, 4-6
бет, 7-9 бет
12. Ү.Б. Жексенбаева. 12 жылдық. Диалог-1.
«Учитель Казахстана» газетi, №18-20, 2006 жыл, 8 бет
13. Б.А. Кронгарт, В.И.Кем. Физика 10 класс.
әдiстемелiк құрал. Алматы, «Мектеп», 2006 жыл, 3,11 бет
14. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта бiлiм
беру Тұжырымдамасы. «Казахстанская правда» газетi,
18.08.2005 жыл, 4 бет
15. Қазақстан Республикасының 2015 – жылға дейiнгi бiлiм
берудi дамыту Тұжырымдамасы. «Егемен Қазақстан» газетi,
26.08.2003 жыл, 2 бет
16. Г.Д. Луппов. Опорные конспекты и тестовые задания по
Физике. 11 класс. Москва, «Просвещение», 1996 жыл, 85-90
бет
17. В. Мегре. Пространство любви. Книга-3, Из серии
«Звенящие кедры России», Санкт-Петербург, «Диля»,
2002 жыл, 152, 165 бет
18. Э.Мулдашев. В поисках города богов. Iтом. Санкт-
Петербург, «Нева», 2005 жыл, 216 бет
19. Н.Ә. Назарбаев. Инновациялар мен оқу-бiлiмдi жетiлдiру
арқылы бiлiм экономикасына. «Егемен Қазақстан»,
27.05.2006 жыл, 2-3 бет
20. Р.С Немов. Психология. Москва, «Владос», 1995 жыл, 436
бет
21. Я.И. Перельман. Занимательная физика. Iч. Москва,
«Просвещение», 1976 жыл, 193-194 бет
22. П. Ричард. Критическое мышление. Москва, «Аквариум»,
1995 жыл, 89 бет
23. Е.И. Рогов. Настольная книга практического психолога в
образований. Москва, «Владос», 1995 жыл, 319 бет
24. Л. Фусу. Энергетика души. Москва, «Золотой теленок»,
2005 жыл, 58 бет
25. В.А. Шевцов. Пособие для подготовки к олимпиадам по
физике. Волгоград, «Учитель», 2002 жыл, 18-19 бет

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік
мектебі филиалы

Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану

(авторлық бағдарлама)

Физика пәнінің мұғалімі: Байсеитова С.Ш.

Семей қаласы

Байсеитова С.Ш. Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану авторлық
бағдарлама

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...2 бет
І бөлім. Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми негіздері
§ 1.1 Педагогикалық технологиялар деген не? ... ... ... ... ... ... ... 5
бет
§ 1.2 Педагогикалық технологиялар классификациясы ... ... ... .10 бет
ІІ бөлім. Орта мектепте физика және астрономия пәндерін оқыту әдістемесі
§ 2.1 Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзгерістер.
12 жылдық білім беруге
көшу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12 бет
§ 2.2 Физика және астрономия пәндерінің бұрынғы
және жаңа бағдарламаларындағы айырмашылықтар ... ... ... ... .13 бет
§ 2.3 Педагогикалық технологияның өзім пайдаланып
жүрген
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...14 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...40 бет
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .44 бет
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .46 бет

К І Р І С П Е

Адам ұрпағымен мың жасайды, - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен
адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді. Ел Президенті
Н.Назарбаевтың тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ - деген сөзіне орай,
жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Кезінде Мұхаммед пайғамбар айтқан
екен: Егер келесі өмірде жақсы өмір сүргің келсе, онда осы өмірде тақуа
бол, осы өмірде жақсы тұрмыс кешсем десең саудамен айналас, ал егер екі
өмірде де жақсы өмір сүргің келсе, білім ізде, - деп. Надан жұрттың күні
қараң, келешегі тұман деп М.Дулатов айтқандай, келешек ұрпақты білім
нәрімен сусындататын, білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай
игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл – ойын жан – жақты дамытуға ұмтылуға
тәрбиелеп, шығармашыл тұлға, әрі XXI ғасырдың белсенді жалғастырушысы
ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші – ұстаз.
Елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан
өзгерістерге орай, 12 жылдың білім беруге көшу табалдырығында тұрған
сәтімізде, Президентіміз Н.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге лайықты 50 елдің
қатарына кіруі туралы жолдауының талаптарына сәйкес мұғалімге атқарар істер
де көп, көтеретін жүк те ауыр. Бұл республикамыздағы жаңа білім
концепциясына сәйкес пәндерді оқып үйрену оқушының өз бетімен жұмыс
істеуін, оқушының жеке тұлғалық қасиеттері мен шығармашылық қабілетін
дамытуға бағытталған үрдіс әрекетінде осының бәріне жетекшілік ететін,
оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынастарды реттеп отыратын,
өзінің іс - әрекетінде де барлығын түбегейлі жаңаша жасауы керек болатын,
ізденгіш, талап қойғыш, кәсіби шеберлігі кемелденген, оқыту әдістемесінің
барлық түрлерін меңгерген жан – жақты дамыған тәжірибелі мұғалім болу
керектігін білдіреді. А.Дистервегтің баға беруінше – нашар мұғалім оқушыға
ақиқатты өзі береді (барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді), ал жақсы
мұғалім оқушының ақиқатты өзі іздеп табуын үйретеді.
Мұғалім әрдайым тек жеке бір пәнді оқытушы ғана емес, сонымен қатар
жеке тұлғаны қалыптастырушы да болып тобылады, сол себепті сабақ үрдісінде
тәрбиелік жағына да өте көп көңіл бөлу керек. Бүгінгі және ертеңгі
Қазақстанға өте білімді, өзіне нық сенімді, өз ісінің жетік маман шеберлері
қажет. Өз ісінің шебер маманы – ол үнемі ізденгіш, өз ісіне шығармашылықпен
қарайтын, өз жұмысын өте сүйетін және жақсы білетін әрбір жағайларда
шешімді жол тауып, жылдам да ұтымды қимыл - әрекет көрсететін адам. Ендеше
қазір мектептің алдында тұрған міндет – дәл осындай мамандарды тәрбиелеп
шығару. Сол мамаңдар арқылы экономикасы дамыған, әрбір тұрғыны өзін
әлеуметтік жағынан қорғанышта екендігін сезінетіндей гүлденіп дамыған ел
боламыз. Сол себепті білім беру жүейсінде болашақ мамандарды даярлай
алатын, өз пәніне оқушыларды қызықтыра білетін, мәдени және рухани жағынан
жоғары дамыған мұғалімдер жұмыс істеуі қажет.
Кезінде Ахмет Байтұрсынов айтқан екен: оқытудың үш жағы бар,
үшеуі үш нәрсеге тіреледі: біреуі оқу құралдарына, екіншісі ақша –
қаражатқа, үшіншісі жақсы мұғалімге, деп. Егер осы айтылған үш мәселенің
бірі біріне сай келіп жатса, оқыту үрдісінде қиындықтар болмас па еді? Мен
өзім мұғалімдік қызмет атқарып жүргендіктен, осы айтылған үш мәселенің
екеуі мұғалімге қатысты айтылған деп есептеймін. Осы орайда мұғалімге
тікелей қатысты мәселе – оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, ендеше буған
қол жеткізетіндей жолдарды іздестіру барысында мен осы жұмысымның тақырыбын
Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттырудағы жаңа педагогикалық
технологиялардың ролі деп алдым.
Зерттеу объектісі: орта мектепте физика пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: білім берудегі жаңа педагогикалық технологиялар;
Зерттеу мақсаты: педагогикалық технологиялардың ішінен тиімдісін, ұнағанын
таңдау бойынша оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру жолдарын
көрсету;
Зерттеу болжамы: егер жоғарыда айтылған А.Байтұрсыновтың сөзіндегі оқытудың
бір жағы оқу құралына тірелетіндігі бойынша: жаңа дидактикалық материалдар
жасалса (мұғалім арқылы), мұғалім педагогикалық технологияны тиімді
қолданса, оқу материалдарының арасындағы логикалық байланыстар ашылып
көрсетілсе, онда оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, материалдарды
нәтижелі әрі тиімді меңгереді, логикалық ойлау қабылеті артады, білім
сапасының деңгейі артады.
Зерттеу міндеттері: әр педагогикалық технологияның тиімді жақтарын бөліп
алу, модульдік технологияны қолдана оқыту арқылы пәнге қызығушылығын
арттыру жолдарын анықтау; педагогикалық технологияларды қолдану мемлекеттік
стандарт талаптарына сай келе ме, жоқ па, анықтау; мектептегі санитарлық –
гигиеналық жағдайларды сақтауға бола ма, жоқ па, анықтау; оқу – сабақ
режиміне сәйкес келе ме, жоқ па, соны анықтау.
Зерттеу әдістері: бақылау әдісі, салыстыру әдісі, анкета жүргізу, тестілеу.
Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық
белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы
білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының
бірі болып табылады.

І бөлім
Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми негіздері.

§ 1.1 Педагогикалық технологиялар деген не?
Білім беру технологияларының проблемасы педагогикалық инновациялардың,
авторлық мектептер мен новатор мұғалімдердің мол тәжірибесі әрдайым
жалпылық пен жүйелілікті талап етеді. Каркасты жүйелі түрде құратын негіз
ретінде педагогика үшін жаңа ұғым технология және педагогикалық
үрдістерді анализдеудің және жобалаудың жаңа жолын мақсатқа лайықты
қолданған жөн.
Қазіргі уақытта педагогикалық лексиконға педагогикалық технология ұғымы
берік енді. Дегенмен, оның қолданылуында үлкен, әртүрлі түсіндірмесі бар.
• Технология – қандай-да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдер
жиынтығы (түсіндірме сөздік).
• Педагогикалық технологиялар – оқыту мен тәрбие беру құралдарының арнаулы
жиыны мен формасы, әдіс-тәсілдерін үйлестіруді анықтайтын психология-
педагогикалық үрдістердің ұйымдастырушы әдістемелік құралы (Б.Т.Лихачев).
• Педагогикалық технология – оқу үрдісін жүзеге асырудың маңызды техникасы
(В.П.Беспалько).
• Педагогикалық технология – оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету
үрдісін суреттеу (И.П.Волков).
• Технология – бұл өнер, шеберлік, іскерлік, қалыпты жағдайды өзгерту және
қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы (В.М.Шепель).
• Оқыту технологиясы – бұл дидактикалық жүйенің құрама іс жүргізу бөлімі
(М.Чошанов).
• Педагогикалық технология – бұл оқушылар мен мұғалімдерді қолайлы
жағдайлар туғыза отырып, оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудегі
біріккен іс-әрекет моделі (В.М.Монахов).
• Педагогикалық технология – ол техникалық және адамзат ресурстары мен
олардың өзара әрекетін есепке ала отырып, білімді меңгеру және оқыту
үрдісін құрудың, қолдану мен анықтаудың білім беру формасының тиімділігін
өз міндетіне санайтын жүйелі әдіс (ЮНЕСКО).
• Педагогикалық технология – педагогикалық мақсаттарға жету үшін
қолданылатын барлық жеке, инструменталдық және методологиялық құралдардың
жүйелі жиынтығы мен функционалдау ретін білдіреді (В.М.Кларин).
Біздің түсінігімізде педагогикалық технология әртүрлі авторлардың
барлық анықтамалардың мағынасын қабылдайтын маңызды жалпылау болып
табылады.
Педагогикалық технология ұғымының үш жағы бар:
1. Ғылыми: педагогикалық технологиялар – оқытудың мақсаттары, мазмұны
мен әдістерінін зерттейтін және педагогикалық үрдістерді жобалайтын
педагогикалық ғылымның бір бөлімі;
2. Іс жүргізу-түсіндірмелі: оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жету үшін
мақсат, мазмұн, құралдар мен әдістер жиынтығын, үрдісті түсіндіру.
3. Іс жүргізу-әрекеттілік: Технологиялық үрдістерді жүзеге асыру, барлық
жеке, инструменталды және методологиялы педагогикалық құралдырды
функционалдау.
Сөйтіп, педагогикалық технология оқытудың неғұрлым тиімді жолдарын
зерттейтін ғылым ретінде, және оқытуда қолданылатын әдістер, приниптер мен
регулятивтер жүйесі ретінде және нақты оқыту үрдісі ретінде жұмыс істейді.
Педагогикалық технология ұғымы білім беру практикасында үш иерархиялы
бірлескен деңгейде қолданылады:
1. Жалпы педагогикалық деңгей: жалпы педагогикалық, жалпы тәрбие беру
технологиясы берілген регионда, оқу мекемесінде біртұтас білім беру
үрдісін оқытудың анықталған сатысында сипаттайды. Мұнда педагогикалық
технология педагогикалық жүйеге синонимдес:оған оқытудың мақсаты,
әдістері мен құралдарының жиынтығы, үрдістің объектілері мен
субъектілері іс-әрекетінің алгоритмі енеді.
2. Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: жеке пәндік педагогикалық технология
жеке әдістеме мағынасында, яғни бір пән, сынып, мұғалімдердің
шеңберінде оқыту мен тәрбие берудің анықталған мазмұнын жүзеге асыруға
арналған әдістер мен құралдар жиынтығы ретінде қолданылады.
3. Локальдық немесе модульдік деңгей: локальдық технология оқу тәрбиелеу
үрдісінің жеке бөліктерінің, жеке дидактикалық және тәрбиелік
міндеттерді шешу технологиясын береді.
Технологиялық схема – технологиялық үрдісті шартты бейнелеу, оны жеке
функионалдық элементтерге жіктеу және олардың арасындағы логикалық
байланысты белгілеу.
Технологиялық карта – қолданылатын құралдарды көрсете отырып, үрдісті
іс-әрекеттің қадамдық, кезеңдік тізбегі түрінде суреттеу.
Технологияларды неғұрлым іс жүргізу, сандық және есептік компоненттер,
ал әдістемеде – мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативті-бағдарлы
жақтары көрсетілген. Технология әдістемеден ұдайы өндіргіштігімен,
нәтижелердің орнықтылығымен, көптеген егердің (егер дарынды мұғалім, егер
қабілетті балалар, егер жақсы ата-аналар...) болмауымен ерекшеленеді.
Педагогикалық технологиялар құрылымы: берілген анықтамалардан шығатыны,
технология жоғары дәрежеде оқу үрдісімен – мұғалім мен оқушы іс-әрекеті,
оның құрылымы, құралдары, әдістері мен формалары байланыста. Сондықтан,
педагогикалық технология құрылымына төмендегілер енеді:
А) Концептуалды негізі;
Ә) Оқытудың маңызды бөлімі:
- Оқыту мақсаттары – жалпы және нақты;
- Оқу материалының мазмұны;
Б) Іс жүргізу бөлімі – технологиялық үрдіс:
- оқу үрдісін ұйымдастыру;
- мектеп оқушыларының оқу қызметінің әдістері мен формалары;
- материалды меңгеру үрдісін басқарудағы мұғалімнің қызметі;
- оқу үрдісінің диагностикасы.
Технологиялылық критерийі: кез-келген педагогикалық технология кейбір
негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек.
Концептуалдылық. Білім беру мақсаттарына жетудің философиялық,
педагогикалық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздемені
қамтитын анықталған ғылыми конепцияға сүйену әрбір технологияға тән.
Жүйелілік. Педагогикалық технология жүйенің барлық белгілеріне ие болуы
керек: үрдіс логикасы, оның барлық бөліктерінің өзара байланысы,
біртұтастық.
Басқарушылық. Оқыту үрдісін диагностикалық мақсатты ұйғару, жоспарлау,
жобалау мүмкіндігін, кезеңдік диагностика, нәтижелерді түзету мақсатында
құралдар және әдістермен түрлендіру мүмкіндігін болжайды.
Тиімділік. Қазіргі педагогикалық технологиялар бәсекелесе отырып жұмыс
істейді және нәтижелері тиімді әрі ыңғайлы болуы керек, оқытудың анықталған
стандартына жетуге кепілдік беруі қажет.
Ұдайы өнімділік басқа субъектілер арқылы педагогикалық технологияны
өзге біртипті білім беру мекемелерінде қолдану мүмкіндігін түсіндіреді.
Білім мазмұны мен технологиясы. Қазіргі уақытта педагогикада білім
беру жүйесінің маңызды және іс жүргізу компоненттерінің
( мақсаты, мазмұны, әдістер, оқыту формалары мен құралдары) бірлігі туралы
түсінік бекітілген.Педагогикалық технологияларды жүзеге асыру және
вариациялау үрдісінде олардың компоненттері кері тартпалылықтың әртүрлі
дәрежесін тудырады көбінесе оқытудың іс жүргізу аспектілері түрленеді,ал
мазмұн құрылымы, мөлшері, логикасы бойынша ғана өзгереді. Сондай –ақ,
білім мазмұны білім беру технологиясының маңызды бөлімі ретінде көбінесе
оның іс жүргізу бөлімін де анықтайды,бірақ әдістердің ең басты өзгерістері
мақсат,мазмұн мен формалардың терең түрленулерін қамтиды. Сонымен, білім
технологиясының іс жүргізу және маңызды бөлімдері бір-бірін теңбе-тең
бейнелейді.
Олардың арасында білім мазмұны, технологияның іс жүргізу бөлімін
анықтауда және олардың бірлігін жүзеге асыруда маңызды роль атқаратын енді
бір жанама компонент-маңызды дидактикалық құрал – мектеп оқулығы бар.Соңғы
жылдары біздің елімізде педагогикалық технологияларды таңдаудың әр түрлі
жолдарын байланыстыруда білім сапасының келешекте жоғарылауына теориялық
тұрғыдан мүмкіндік беретін көптеген вариативті оқулықтар шығарылды.
Технология және шеберлік.Бір технологияның өзі әртүрлі орындаушылар
арқылы неғұрлым адал , нұсқау бойынша дәл немесе творчестволық түрде жүзеге
аса алады.Осындай орындауда шебердің жеке компоненті,белгілі спецификасы
сөзсіз қатысады,бірақ материалды меңгеру заңдылығын,оқушылар іс әрекеті
тізбегі мен құрамын сипаттайтын анықтаушы болып табылады.Әрине,нәтижелер
әртүрлі болад ы,дегенмен берілген технологияға тән қандай да бір орта мәнге
жуық болады.Сонымен,жұмыс технологиясы жеке бастың қасиеттеріне сүйенеді.
Жаңа педагогикалық технологиялардың қайнар көздері және құрамды
бөліктері. Кез келген қазіргі педагогикалық технология педагогикалық ғылым
мен қоғамдық прогресте , гуманизация және қоғам демократизациясында пайда
болған дәстүрлі элементтерінің байланысы болып табылады. Оның қайнар
көздері мен құрама элементтері:
- әлеуметтік түрлену және жаңа педагогикалық ойлау;
- ғылыми-педагогикалық, психологиялық, қоғамдық ғылымдар;
- алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе;
- өткен тәжірибе, отандық және шетел тәжірибесі;
- халықтық педагогика (этнопедагогика).
Философиялық фундамент технологияларда барынша айқын білінеді, оның
қалыптасуы мақсаттар жүйесіне кіреді (мысалы, діни тәрбие, гуманистік
педагогика және т.б.).
Технологияларда идеологиясы бойынша бір-біріне мүлдем қарама-қарсы
әдістер қолданылуы мүмкін. Сондықтан бір технологияның өзі сол немесе басқа
философиялық негізге бейім болуы мүмкін (мысалы, ойын).
Гуманизм – адам құндылығын жеке бас ретінде, оның бостандыққа, бақытқа,
барлық қабілеттерінің пайда болуы мен дамуына құқығын мойындайтын
көзқарастар жүйесі. Бұл адам игілігін әлеуметтік құбылыстар бағасының
критерийі, ал теңдік, әділеттік, адамзаттық приниптерін – қоғамдағы
қатынастың қалаған нормасы деп есептейтін жүйе.
Гуманизм философиясына антропософия, педоцентризм, еркін тәрбие,
табиғат сәйкестілік, неопозитивизм, позитивтік экзистениализм сияқты
бағыттар жалғасады.
Теософия – діни бағыттағы мектептердің маңызды фундаменті болып
табылады. Теософиялық гуманистік парадигма халықтық педагогикада терең
тамырланып жатыр, жастарда мейірімділік пен зұлымдық, адамгершілік тәртіп
туралы түсініктерді жеткілікті түрде қалыптастырады.
Антропософия үшін діни емес, адамзаттық даналық маңызды. Антропософия
фанаттық құрылулармен де, сектанттықпен де ешқандай байланысы жоқ,
материалдық емес, рухани құндылықтарды зерттеуге бағытталған әлемді қатаң
түрде сырттай бағдарлау мақсатын көздейді.
Педоцентризм – тәрбие философиясындағы бағыт, ол баланың қажеттілігі
мен қызығушылық приоритетінен шығады, баланың дамуы үшін жағдай тудырудағы
педагогиканың негізгі міндетін көреді.
Экзистенциализм философиялық концепция өзінен-өзі істейтін адам
(человек есть то, что он сам из себя делает). Классикалық экзистенциализм
өкілдері экзистенция мәнісін, оның негативтік мінезге ие (қорқыныш, кінә,
өкініш) көңіл-күйлер мен сезімге деген адамгершілік жағын көрсетеді.
Прагматизм концепциясы (неопозитивизм, неофрейдизм философиялық
ағымдары да қосылады) жеке бастың интеллектуалдық және адамгершілік
қасиеттері, жеке тәжірибемен байланысты.
Кез-келген технология адамның психикалық дамуын анықтайтын қайнар
көздер, алғашқы себептер туралы түсініктерден шығады. Дамудың негізгі
басты факторына тәуелділігіне қарай технологияны төмендегідей бөлуге
болады:
- биогендік технологиялар; психиканың дамуы биологиялық тұқым қуалау
(генетикалық) коды арқылы анықталады; сыртқы орта тұқым қуалаушылық
белгілерін іске асырады деп ұйғарады.
- Социогендік; жеке басты адамның әлеуметтік тәжірибесі, оқыту нәтижесі
жазылатын tabula rasa ретінде көрсетеді;
- Психогендік; даму нәтижесі адамның өзімен, оның алдыңғы тәжірибесімен,
өздігінен жетілудің психологиялық үрдістерімен анықталады;
- Идеалистік; жеке бастың материалдық емес тегі мен оның сапасын болжайтын
технология;
Білімді меңгеру, дағды мен біліктіліктің қалыптасуы, қабілеттердің
дамуы мынадай кезеңдерді қамтитын логикалық тізбекке ие болады: а) оқу
материалын қабылдау, ә) ішкі байланыстар мен қарама-қайшылықты түсінуге
әкелетін ойлау; б) еске түсіру және есте сақтау; в) практикалық іс-әрекетте
меңгергенді қолдану. Төмендегі шарттарды қадағалағанда оқытуда жоғары
дәрежеге жетуге болады: а) оқушылардың оқуға деген белсенді ынтасын
қалыптастыру; ә) оқу материалын белгілі тізбекте беру; б) жаттығулар арқылы
ақыл-ой және практикалық іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін көрсету және
бекіту; в) білімді практикада қолдану.
Осы концепцияның көрнекті өкілдері мен жасаушылары – И.М.Сеченов,
И.П.Павлов, С.А.Рубинштейн, Н.А.Менчинская, Д.Н.Богоявленский, Ю.А.Самарин
және т.б.
В.В.Давыдов – Д.Б.Элькониннің маңызды жалпыла теориясы. Оқытудың бұл
концепциясының негізіне теориялық білімнің басты ролі туралы гипотеза
жатады, атап айтқанда, интеллектінің қалыптасуындағы маңызды жалпылау.
Баланың оқу-әрекеті теориялық-дедуктивтік тип бойынша құрылған танымдық іс-
әрекет ретінде түсіндіріледі. Оны жүзеге асыруға оқушылардың теориялық
ойлауын, оқу пәнін арнайы құру және танымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру
жолымен қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Оқыту үрдісінде жаңа ұғымдарды енгізу 4 сатыда жүреді:
1. Мұғалім ұсынған математикалық, лингвистикалық немесе басқа жағдаймен
танысу, оны бағдарлау.
2. Осындай материалдың берілген түрдегі есепті шешудің негізі қызметін
атқаратын неғұрлым маңызды қатыстарды айқындайтын үлгісін меңгеру.
3. Сол немесе басқа модельдегі формада анықталған қатынасты белгілеу.
4. Белгіленген қатынастың қасиеттерін айқындау, олар арқылы бастапқы
дербес есепті шешудің шарттары мен тәсілдерін анықтайды.
Теориялық тип бойынша құрылған оқытуды ұйымдастыру В.В.Давыдов және
оның жолын қуушылардың айтуынша, баланың ақыл-ойының дамуы үшін неғұрлым
қолайлы; сондықтан мұндай оқытуды олар дамыта оқыту деп атаған.

§ 1.2 Педагогикалық технологиялар классификациясы
Бүгінде мектеп жұмысының теориясы мен практикасында оқу-тәрбиелік
үрдістің көптеген нұсқалары жүргізіліп отыр. Әрбір автор және орындаушы
педагогикалық үрдіске өзінің жеке еңбегін енгізеді, осыған байланысты әрбір
нақты технологияны авторлық деп атап жүр. Бұл пікірмен келісуге болады.
Дегенмен, көптеген технологиялар өзінің мақсаты, мазмұны, қоладынлатын
әдістері мен құралдары арқылы жеткілікті түрде ұқсастыққа ие болады және
осы ортақ белгілері бойынша бірнеше жалпыланған топтарға жіктеуге болады.
Педагогикалық технологиялар төмендегі кластарға бөлінеді:
- Қолдану деңгейіне қарай жалпы педагогикалық, жеке әдістемелік, және
модульдік технологиялар.
- Философиялық негізі бойынша: материалистік және идеалистік, диалектикалық
және метафизикалық, ғылыми және діни гуманистік және антигумандық,
антропософиялық, және теософиялық, прагматикалық және экзистенциалистік,
еркін тәрбие және мәжбүр ету, т.б.
- Психикалық дамудың басты факторлары бойынша: биогендік, социогендік,
психогендік және идеалистік технологиялар. Бүгінде жеке бас биогендік,
социогендік және психогендік факторлардың әсерлер жиынтығының нәтижесі
болып табылады деп қабылданған, бірақ нақты технология олардың бірін ғана
ескеріп, немесе ұтыс жасайды, оны негізгі деп есептейді.
- Тәжірибелі меңгерудің ғылыми концепциясы бойынша: ассоциативті-
рефлекторлық, бихевиористік, гештальт технология, интериоризаторлық,
дамыта оқыту.
- В.П.Беспальконың танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және басқару типі
бойынша: мұғалімнің оқушымен өзара әрекеті алшақталған, циклдық,
шашыраңқы немесе бағытталған индивидуалдық және автоматтандырылған, яғни
оқу құралдарының көмегімен. Осы белгілердің байланысы технологияның
дидактикалық жүйесін анықтайды:
1. Классикалық дәстүрлі оқыту;
2. Аудио-визуалды техникалық құралдар көмегімен оқыту.
Практикада осы монодидактикалық жүйелердің әртүрлі комбинациясы
қолданылады, ең кең тарағаны:
- Я.А.Коменскийдің дәстүрлі классикалық класс-сабақтық жүйесі, мазмұндаудың
дәрістік әдісі мен кітаппен өз бетінше жұмыс комбинациясынан тұрады.
- Қазіргі дәстүрлі оқыту алдыңғыны техникалық құралдармен байланыстыра
қолданады.
- Оқытудың топтық және дифференциалдық әдістері, педагог барлық топпен
ақпарат ауыстыру, сондай-ақ жеке оқушыларға репетитор ретінде көңіл
аударады.
- Бағдарламалап оқыту, барлық басқа түрлерді жеке қолдана отырып,
басқарудың адаптивті бағдарламасына негізделеді.
Эзотерикалық технологиялар эзотерикалық білім, оған апаратын ақиқат пен
жолдар туралы оқуға негізделген. Педагогикалық үрдіс – ол хабарлама емес,
қатынас емес, ол ақиқатқа қосылу. Эзотерикалық парадигмада адамның өзі
әлеммен ақпараттық өзара әрекеттесудің орталығы бола бастайды.
Оқушылар категориясы бойынша неғұрлым маңызды және түпнұсқалы түрлері:
- Дәстүрлі мектеп технологиясы, орташа оқушыға арналған;
- Қозғалыстағы деңгей технологиясы, яғни пәндерді тереңдетіп оқыту
гимназия, лицей, арнаулы білім және т.б.
- Орнын толтыра оқыту технологиясы, яғни түзетулер жасау.
- Әртүрлі виктимологиялық технологиялар (сурдо-, орто-, тифло-,
олигофренопедагогика);
- Жаппай көпшілік мектеп төңірегінде ауытқымалы, қиын немесе дарынды
балалармен жұмыс технологиялары.
Сонымен қазіргі технологиялардың басым көпшілігінің атаулары
модернизация және модификация мазмұнымен анықталады, оларда маңызды
дәстүрлік жүйе кезедеседі.
Педагогикалық қатынастардың гуманизациясы мен демократизациясы
негізінде педагогикалық технологиялар. Бұл технологиялардың іс жүргізу
бағдары, жеке бас қатынастарының приоритеті, индивидуалдық жақындау, қатаң
емес демократиялық басқаруы және айқын гуманистік бағыттағы мазмұны болады.
Оларға ынтымақтастық педагогикасы, Ш.А.Амонашвилидің гуманды жеке бас
технологиясы, Е.Н.Ильиннің адамды қалыптастыратын пән ретінде әдебиетті
оқыту жүйесі, т.б.
Оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру
негізіндегі педагогикалық технологиялар. П.М.Эрдниевтің дидактикалық
бірліктерді ірілендіруі (УДЕ), В.С.Библер мен С.Ю.Кургановтың мәдениет
диалогы технологиясы, Л.В.Тарасовтың Экология және диалектика жүйесі,
М.Б.Воловичтің ақыл-ой іс-әрекетін кезеңдік қалыптастыру теориясын жүзеге
асыру технологиясы және басқалар.
II бөлім

Орта мектепте физика және астрономия пәнін оқыту әдістемесі.
§ 2.1 Қазақстан білім беру жүйесіндегі өзгерістер. 12 жылдық білім беруге
көшу.
Қазір біздің мемлекетімізде білім беру жүйесінде көптеген
өзгерістер болып жатыр, білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда,
бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.
Елімізде Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасы (концепциясы) қабылданды. Бұл тұжырымдаманың
мақсаты – 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта
білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.
Тұжырымдама мынадай міндеттерді қабылдады:
1) 12 – жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын,
мазмұны мен оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін атап
көрсету.
2) 12 – жылдық білім беруге көшудің қаржылық – экономикалық негіздемесін
дайындау.
3) Осы тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін айқындау. Одан әрі
Тұжырымдама қандай бөлімдерден тұратыны көрсетілген.
Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің
келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар
жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының
әзірленуі және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары
білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің еңгізілуі, білім
сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін
мынадай факторлар қалып отыр:
1. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттың болмауы;
2. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге
бағдарлануы;
3. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты
қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін
ескірген жүйенің сақталуы;
4. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің
жеткілікті дамымауы, өзін - өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік
қызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
Сонымен қатар Тұжырымдамада оны іске асыру жолдары көрсетілген. Бұл
Тұжырымдаманы әзірлеу жаңа экономикалық және әлеуметтік – мәдени
жағдайларда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру
сапасын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі
қайта өзгерістер нәтижесінде туындады. Жаңа ғасырдың балалары жаңа өмірге
бейімделген болуы керек, ол үшін жеке тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
креативтілік (өздігінен шығармашылықпен айналыса алуы), белсенділік,
әлеуметтік жауапкершілік, дамыған интеллект, жоғары білім дәрежесі,
кәсіптік сауаттылық дейді Ү.Б.Жексембаева 12 – жылдық білімді талқылау
туралы диалогта. Қалалық білім басқармасының физика пәні бойынша
әдістемелік жетекшісі Қ.Қ.Аханова: Біздің қаламыздағы үш орта
мектепте: 1) аралас мектеп Приречье орта мектебі; 2) №21 орта мектеп; 3) №7
мектеп-лицейінде 12 жылдық білімге өту эксперименті жүріп жатыр.
Эксперимент мақсаты – Қазақстан мектебінің жаңа сапаға көшуі, білім беру
жүйесін түбегейлі жаңарту, ХХІ ғасырда жалпы білім беретін орта мектептерде
оқушының жеке тұлғасын дамыту үшін жаңа үлгі таңдау. Осы орайда мына
шарттар жүзеге асуы тиіс:
1. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың, дидактикалық
тапсырмалардың біршама жүйеленіп, сапалық деңгейінің артуы;
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қабылеті қалыптасып, оқу әрекетінің
дамуы;
3. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде әр түрлі деңгейдегі әдістемелік
іс - әрекеттері, ойын түрлерін жүйелі және шебер қолдана білуі.

§ 2.2 Физика және астрономия пәндерінің ескі және жаңа бағдарламасындағы
айырмашылықтарға қысқаша шолу
Егер қазіргі жаңа және бұрынғы ескі бағдарламаларды салыстыратын болсақ,
айырмашылықтардың өте көп екендігі мұғалім емес адамға да бірден түсінікті.
Себебі, ескі бағдарлама бойынша физика жеке пән, астрономия жеке пән
ретінде оқытылатын, астрономия тек 11-класта ғана, бір жылдық курс болып
қарастырылатын. Ал жаңа бағдарламаға келсек, 7-9 кластарда осы екі пән бір
оқулыққа біріктірілген. Сонымен қатар 9-класта бұрынғыдан сағат саны да
кеміген, ал берілетін материалдың ауқымы бұрынғыдан екі есе көп. Мысалы,
бұрынғы астрономияда Кеплер заңдарына 2 сағат, планеталардың көрінерлік
қозғалысына 2 сағат беріліп, аспан денелеріне дейінгі қашықтықты анықтауға
1 сағат бөлінетін, ал қазіргі 9 класс бойынша Кеплер заңдары аса устірт
қарастырылып, астрономиялық қашықтықты анықтау деген екі тақырыпқа бір –
бір сағат қана бөлінген. Бұрын 5 сағатта оқылатын материалды оқушылар 2
сағатта меңгеріп шығуы қажет болады. Осы 9-класс оқулығында
механикалық тербелістерден кейін бірден электромагниттік тербелістер
беріледі де, оған екі-ақ сағат бөлініп, толқындарды да сәл осылай берген.
Сонда айнымалы электр тоғы, айнымалы магнит өрісі қарастырылмай тұрып,
электромагниттік толқын тақырыбын өту оқушыға өте түсініксіз болады. Ал,
бұрынғы 11-кластың физикасында өте кең ауқымда қарастырылатын
радиобайланысқа 1 ғана сағат бөлінген; атомның құрылысы мен кванттық
физиканы біріктіріп, 6 сағат қана берілген, бұрынғы бағдарламада кванттық
физиканың 1 өзіне ғана 9 сағат бөлінетін.
Ал, 9-класс пен 10-класс оқулықтарында кинематика екі рет
қарастырылады (жаңа бағдарламада), 10-класта жаратылыстану – математика
бағытымен оқытатын оқулықта оқушының өз бетімен қосымша оқып үйренуіне көп
материалдар берілген; жаттығулардың есептерінің көбі жұлдызшамен (*)
берілген. Ал * белгісі қиындығы жоғары есеп, яғни – олимпиада есептерінің
қатарына кіретін есеп деген сөз. Егер жаттығу сөзінің мағынасына келетін
болсақ, оқушы берілген формулаға ғана қойып шығарып, жаттығып көретін
есептер деген ұғымды береді. Ал, жаттығуға олимпиада есебін кіргізіп қоюдың
келеңсіздік жақтары да бар. 1-шіден, әзірге бұл жаңа оқулыққа есептер
жинағы, дидактикалық материалдар басылып шыға қойған жоқ, сол себепті
оқушыға үйге тапсырма беру кезінде оңай есептерді беру керек, ал бұл
оқулықта (Кронгарт, Кем) 10 класс жаттығу есептерінің кейбіреуінде
жартысынан астамы * мен берілген қиын есептер. Осы оқулықты
құрастырушылардың бірі – В.Кем – физика-математикалық мектептің мұғалімі.
Физика-математикалық бағыттағы мектептерде тек табиғи дарыны бар балалар
мен қабілеттілігі өте жоғары балалар ғана оқиды. Біздің мына күнделікті
қабылдайтын ақпарат көп дәуірде жай мектептің оқушылары – зейінділігі
шашыраңқы, класс оқушыларының дені 3 - тік бағамен ғана оқитын оқушылар.
Ондай оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалар ғана беру керек болады. Егер
оқушы қолындағы оқулықта жеңіл тапсырма болмаса, есеп жинағы болмаса,
ерксіз бұл жұмысты мұғалімнің өзі қолына алуы тиіс. Осы орайда инновациялық
технологияларға жүгінуге тура келеді. Сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысының
ең негізгі тірегі және қозғаушы күші-ұстаз.
Мектепті жаңарту, сондай-ақ физика мен астрономияны оқытудың жаңа
әдістемелік жүйесін жасау ең алдымен әрбір оқушының жан-жақты дамуына,
ойлау қабілетінің үздіксіз жетіліп, жаңа деңгейге көтерілуіне тиімді жағдай
туғызу бағытында жүргізілуі тиіс. Сондықтан адамның дарыны мен қабілетін
белсенді түрде дамытуды қамтамасыз ететін, әрбір оқушыға білім алудың
дербес жолдарын таңдау құқығын беретін оқу пәндерінің кешенін жасау
қажеттігі туады.

§ 2.3 Физика және астрономия пәнін оқытуда өзім қолданып жүрген
технологияның әдістер
Физика және астрономаия пәнін оқытудағы басты мақсаттар – оқушылардың
логикалық ойлау қабілетін дамыту, олардың диалектикалық – материалистік
көзқарастарын қалыптастыру мен политехникалық білімін, танымдық және
шығармашылық қабілеттерін арттыру, оқушылардың табиғатқа және техникалық
әлемге қызығушылығын арттыру болып табылады.
Мектеп оқушыларының ой толғанысы мен ойлау қабілетінің бүкіл оқу
жылының, оқу аптасының немесе күнінің барысында, тіпті сабақ үстінде де сан
құбылып отыратынын әр ұстаздың білуі қажет. Оқушының зейіні, ойлау қабілеті
өз деңгейінде болу үшін оқытудың әңгімелік, көрнекілік және практикалық
әдістерін үнемі өзгертіп отыру керек.
Біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі деңгейінде мұғалімнің ролі,
көтерер жүгі ерекше. Бұл Республикамыздағы жаңа оқу Тұжырымдамасының
мазмұнына сәйкес, оқушының көптеген тапсырмаларды өз бетімен ізденіп тауып
оқуына, оның жеке тұлғасының қасиеттерінің дамуына байланысты.
Қазір мұғалімнің алдында мынадай міндеттер аса маңызды:
1. оқушы сабақ оқығысы келуіне дағдыландыру (өз пәніне қызықтыра білу)
2. өз пәнінің мазмұнын жетік білу
3. оқыту әдістемелерінің сан салалы түрін меңгеру.
Осы орайда қазіргі Қазақстан Республикасы мұғалімінің келбеті мынадай болуы
керек деп есептеймін:
1) білімі өте кемелденген, жан-жақты адам болуы;
2) психологиялық тұрғыдан алғанда өте сыпайы, бала жанына жара түсірмей,
оған тек мейрімділікпен, жүрек жылуымен ғана оқушыны жеке тұлға деп
қарайтын мәдениеті аса дамыған адам болуы;
3) ата-аналармен болсын, оқушылармен болсын, өз әріптестерімен болсын –
қарым-қатынаста рухани білімі (духовность) өте жоғары дамыған болуы.
Осы үш қасиетті бойына дарытқан адам ғана мектепте мұғалім болып
істесе, өз миссиясын дұрыс орындап жүрген адам деп есептеуге болар еді.
Мен өз тәжірибемде жоғарыда айтылған педагогикалық технологиялардың
ішінен қолданып жүргендерім – Шаталовтың оқу материалын сызба, тірек-
конспектілер арқылы беруі және М.Жанпейісованың модульдік технологиясы.
Тірек-конспектілердің тиімді жақтары-оқушының мынадай мәселеге көңіл
аударуын қажет етеді:
1. Тірек-конспектіні мұқият оқып шығу. Егер түсініксіз сұрақтар кездесіп
қалса, оқулықтағы параграфты оқу.
2. Тірек-конспектінде берілген материалды жадында жақсы сақтап, меңгеру
үшін өзінің дәптеріне заңдар мен олардың математикалық
өрнегін,негізгі формулалар мен теңдеулерді, заңдылықтарды жазып алу.
3. Көру және жазу арқылы өзінің есте сақтау қабілетінің артуына көп
ықпалы болатынына.
Тірек – конспектіні пайдалану мұғалімнің уақытын үнемдейді, тақтаға
бормен жазып жатудың қажеттігі азаяды, барлық сабақ барысында оқушының көз
алдында тұрады, есте сақтау қабілетін арттырады, оқу мазмұнын қысқаша
баяндап шығу арқылы, көптеген оқушыны бағалау мүмкіндігі туады.
Модульдік технологияға келсек, мұнда білім берудің үш мақсаты –
оқыту, тәрбиелеу және дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық
қызметтер: үйрету, бағыттау, тексеру жүзеге асады. Материалды ең алғашқы
кіріспе сабақта қысқаша – тезистік лекция түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу
бөлімінде көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта
қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп
ізденіп тырысуына, әр деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық
дағдысы қалыптасуына, оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл коммуникативтігінің
артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді. Жеке жұмыс,
жұптық жұмыс, топтық жұмыстар жүргізу кезінде бір ғана сабақтың үстінде
дарынды оқушымен де, орташа оқушымен де, нашар оқушымен де байланыс
үздіксіз жүріп отырады.
Сонымен қатар оқушылар әр сабақта бағаланып, қорытынды бөлімде
олардың алдыңғы сабақтарда алған бағаларын жақсартуына мүмкіндік туады. Ең
бастысы – оқушы дәстүрлі сабақтағыдай 45 минут бойы бір орында тапжылмай
отыру, жалығу, шаршау деген сияқты жағымсыз жақтарды басынан кешірмейді.
Модульдік технология әрбір оқушыны белсенді оқушыға айналдырады,
білім сапасының көп жақсаруына жеткізеді. Бірақ әрбір модульді дайындау
алдында мұғалімнің де өте көп ізденуін, өте ауқымды материал құрастыруды,
әр деңгейге есептер ойластыру, әр ойынға сұрақтар ойлап табу, ол сұрақ,
тапсырма, есептердің жауабын дайындап жазып қоюды да талап етеді. Модульдік
технология оқушы мен мұғалімнің екеуінің біріге отырып әрекет етуіне
негізделген технология болып табылады.
Төменде осы модульдік технологияны қолданып өткізген тараудың
немесе сабақ жоспарларының бір-екі нұсқасы келтіріледі.

Тақырыбы: Физикалық немесе толқындық оптика. (10 сағат)
Модуль Сағат Модульдің мазмұны Уақыты Ескерту
құрылымы саны
Кіріспе 1-сабақ 1.Модульге кіру. 15мин. Оқушылар
2.Лекция: Жарықтың дәптерге
дисперсиясы. жазады.
3.Тірек-сызбасын түсіндіру.
2-сабақ 1.Жарықтың интерференциясы.
Жұқа қабыршақтағы интерфе-
ренция.
2.Интерференцияның техникада
қолдануы.
3.Тірек-сызбасын түсіндіру.
3-сабақ 1.Жарық дифракциясы.
2.Дифракциялық тор.
Сөйлесу 4-сабақ Зертханалық жұмыс № 3 45мин. Оқушылар
Интерференция, дифракция және тәжірибе
дисперсия құбылыстарын жасап,
бақылау бақылайды,
қорытынды
жазады.
5-сабақ Зертханалық жұмыс № 4 45мин. Оқушылар
Дифракциялық тор арқылы жарық тәжірибе
толқынының ұзындығын есептеу жасап,
қажетті
есептеулер
жүргізіп,
қорытынды
жазады.
4-сабақ Карлы кесек ойыны 45мин.
5-сабақ Жеке топтық жұмыс. 45мин. Дәптерге
Есептер шығару. жазады.
6-сабақ Өрмекші ойыны 45мин. Жауап жеке
парақтарға
жазылады.
7-сабақ Есептер шығару. 45мин. Дәптерге
жазады.
8-сабақ Брейн – ринг оқыта үйрету 45мин.
ойыны.
Қорытынды 9-сабақ Бекіту: 1.Блиц – турнир. 45мин.
2.Тест.
10-сабақ Бақылау жұмысы. 45мин.

Нені үйрену қажет? Физикалық құбылыстардың сырын түсіндіре білуге,
жарықтың дисперсия, дифракция, интерференция құбылыстарын зертханалық
жұмыста бақылауға, дифракциялық тор арқылы жарық толқыны ұзындығын
есептеуге үйренулері қажет.
Нені білуі тиіс? Жарықтың толқындық қасиеттері: дисперсия,
дифракция, интерференция, поляризациясы анықтамаларын, олардың қолданылуын,
дифракциялық тор, интерферометр, поляроид анықтамаларын, типтік әр
деңгейдегі есептер шығару, электромагниттік толқын шығару шкаласын білулері
тиіс.

Лекция тезистері

1. Жарық – электромагниттік толқын. Механикалық толқындар сияқты

олардың да толқындық қасиеттері бар.
10 Жарықтың дисперсиясы – сыну көрсеткішінің жарықтың түсіне немесе
жарық жиілігіне тәуелділігі. Ньютон тәжірибесі. Түстердің табиғатын
түсіндіру. Табиғаттағы дисперсия – жаңбырдан соңғы кемпірқосақ көрінісі.
Спектрлік аппараттар, спектроскоптың құрылысы.
Оптикалық диапазондағы жарық толқындарының ұзындығы
4 х 10-7 – 8 х 10-7 м. аралығында жатады.

Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде оның жылдамдығы мен толқын
ұзындығы пропорционал өзгереді де, жиілігі өзгермей, тұрақты болып қалады.
20 Жарық толқындарының интерференциясы болуы үшін қабаттасатын,
қосылатын толқындар когерентті толқындар болуы қажет. Когерентті толқындар
деп жиіліктері бірдей, фазалар айырмасы тұрақты болатын толқындарды айтады.
Толқындардың жол айырмасы туралы түсінік беру, интерференцияның
анықтамасы: кеңістіктің берілген нүктесінде когерентті толқындар
қабаттасқан кезде, толқындардың бірін-бірі күшейтуі немесе әлсіретуі.
Толқындар бірін-бірі күшейтетін болса, берілген нүктеде максимум
шарты орындалады, ал бірін-бірі әлсірететін болса, толқындар қабаттасқан
нүктеде минимум шарты орындалады.
Максимум шарты: толқындардың жол айырмасына жарты толқын ұзындығының
жұп саны сәйкес келуі, немесе толқын ұзындығының бүтін саны сәйкес келуі.
Жұқа қабыршықтағы интерференция, оның мысалы – сабын көпіршіктерінің
және шалшық – су бетіне тамған май тамшыларының түрлі түске құбылып ойнауы.
Ньютон сақиналары – екі шынының арасында қалған жұқа ауа қабатындағы
интерференциялық көрініс. Ньютон сақиналарын пайдаланып, жарық толқынының
ұзындығын есептеуге болады.
Интерференцияның қолданылатын жерлері – бұйымдар бетінің тегістігін
тексеру, интерферометрлер, оптиканың жарқылдануы – фотоаппарат,
киноаппарат, т.б. Оптикалық құралдардың объективіндегі шағылысу жарқылын
азайту.
30 Жарық тоқындарының дифракциясы – жарық толқындарының өз жолындағы
бөгеттерді орап өтуі. Дифракция құбылысының байқалу шарты, Юнг, Френель
тәжірибелері. Дифракциялық тор – мөлдір емес жолақтар мен мөлдір саңылаулар
жиынтығы. Дифракциялық тор ақ жарықты жеті түсті спектрге жіктейді.
Дифракциялық торға мысал: айқастырылған кірпіктер, құс
қауырсыны, капрон, батист маталар.
Тор периоды немесе дифракциялық тор тұрақтысы d – 1мм-гі штрих
санына қатынасы. Жарық толқындарының дифракциясы оптикалық құралдардың
үлкейту, көрсету мүмкіндігін шектейді.
Дифракциялық тор шағылдырғш және шашыратқыш болып бөлінеді.
Әр түрлі бөгеттерден дифракциялық көрініс.
Дифракциялық максимумдар шартын өрнектейтін формула: dsinf = kλ
d – тор периоды, f – ауытқу бұрышы,
k – спектр реті, λ – жарық толқыны
ұзындығы.
Осы максимумдар шартын пайдаланып, дифракциялық тордың көмегімен жарық
толқыны ұзындығын өте дәл есептеуге болады.
40. Жарық толқындарының поляризациясы.
Жарық – көлденең электромагниттік толқын. Жарық толқындарының
поляризациясы – жарық толқындарының тербелістері бір жазықта болып өтуі.
Күннен келетін ақ жарық, электр шамы беретін жарықтар поляризацияланбаған.
Поляризациялау ушін турмалин кристалынан немесе басқа минералдардан
поляроид жасайды.
Поляризация – жарықтың қөлденең толқын екендігін көрсететін толқындық
қасиеті. Түндегі уақытта автокөліктердің фарасы жарығы қарсы келе жатқан
жүргізушінің көзін қарықтырмауы үшін поляроидтар қолданылады. Ол автокөлік
фарасына немесе алдыңғы әйнектің жоғары жағына жалатылады.

Күтпеген жағдайлар немесе түстер неге әртүрлі болып кетеді?

Бөлменің бір бұрышында қою қызыл – сары матамен қапталған диван,
оның жанында жасыл скатерть жабылған стол тұр. Стол үстінде қызыл түсті
шарап құйылған графин тұр. Графиннің астында ақ салфетка бар. Бөлмеге
алдымен көзге үйреншікті электр шамының жарығын түсіреді. Сосын ол шамды
өшіре қойып, қызыл түсті жарықпен жарықтандырғанда бөлме іші мүлдем өзгеріп
сала береді: диван роза түстес болып, жасыл скатерть күрең қызыл түске
еніп, шарап түссіз болып су секілді болып көрінеді. Қызыл жарықты өшіре
қойып, бөлмеге жасыл жарық түсіргенде бөлме іші тағы өзгеріп сала береді.
Осы бір қызықты метаморфозалар Ньютонның түстер жайлы іліміне жақсы
иллюстрация бола алады. Бұл ілімнің мәнісі мынада: дененің түсі
бізге қандай болып көрінетіндігі бұл дене заты қандай түсті өзінен
шағылдырып, біздің көзімізге көрсететіндігінен. Диван, скатерть түстері ақ
жарықта, қызыл жарықта, жасыл жарықта әр түске еніп көрінеді. Олар қай
түсті жарықты өзіне жұтып, қай түсті жарықты шағылдыратындығында. Ал, қызыл
жарықта қызыл шарап түссіз болып, су тұрғандай көрінуінің сыры мынада:
графин ақ салфетка үстінде тұр. Егер осы салфетканы алып тастап қараса,
оның түсі қызыл болып көрінер еді. Салфетка үстінде түссіз болып көріну
себебі, қызыл жарықта салфетка да қызыл түске енеді, ал біз оны әлі ақ деп
қабылдауымызға байланысты, шарап оның үстінде мөлдір, түссіз болып көрініп
тұр.
Жарық – электромагниттік толқын. Ал әрбір толқын өзімен бірге
энергия тасымалдайды. Сол себепті заттың бетіне жарық түскенде бұл зат
өзіне жарықты жұтса, жұтылған жарықпен бірге энергия да алады. Сондықтан,
ақ түсті дене мен қара түсті денеге бірдей ақ жарықты түсіргенде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физиканы оқыту әдістері
Физика сабағында үлестірмелі дидактикалық материалдарды қолдану
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Белсенді оқытулар: жаңа тәсілдер. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері
Информатиканы оқыту әдістемесі
Модульдік технологияның гипотезасы
Биологияны оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық технологияның маңызы
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру
МАТЕМАТИКАЛЫҚ МАЯТНИК ТЕРБЕЛІСТЕРІН МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
Пәндер