Жаңа инновациялық технологиялар жайлы түсінік



1 Инновациялық құбылыстар білім беру
2 Модификациялық инновация
3 Жаңа инновациялық оқыту технологиясы
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
"Инновация" ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: "Инновация-нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея". Майлс "Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз », - дейді.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. "Масырова Р.Линчевская Т -" Жаңару "дегенімізді былай деп түсіндіреді:" Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. - / / Қазақстан мектебі, № 4, 2006 год.
2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. -. А, 2004
3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі - сапалы білім. - / / Қазақстан мектебі, № 4, 2008
4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. - А: Өркен 2007 года.
5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. - А:. Білім 2008 года.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
4 лекция тақырыбы: Инновацияның жіктелуі
  Лекцияның мақсаты: Студенттерге инновацияның мәнін түсіндіріп, жаңа
инновациялық технологиялар жайлы түсінік беру.
Лекцияның мәтіні:
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру
парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен
білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық
негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін,
талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол
бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір
оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық
технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік
білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің
бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы
педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар
инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана
отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
"Инновация" ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі
анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді:
"Инновация-нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея". Майлс "Инновация
- арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын,
шешімдерін күтеміз , - дейді.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші
жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті
мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты
шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға
жетелейді. "Масырова Р.Линчевская Т -" Жаңару "дегенімізді былай деп
түсіндіреді:" Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі
ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен
анықталатын жаңа идея.
Қазақстанда ең алғаш Инновация ұғымына қазақ тілінде анықтама берген
ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол "Инновация, инновациялық үрдіс деп
отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану
және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы
ұсынады. Н.Нұрахметов "Инновация" білімнің мазмұнында, әдістемеде,
технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда
көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта
жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-
бірімен байланыспаған) , модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен
байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың
инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап
көрсеткен:
- Дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін
игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке
тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
- Қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- Оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа
қабілет;
- Саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен
әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның
инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
- Ақпараттық бағдарламалап оқыту - оқытудың мазмұнын пәнаралық
байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
- Иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда адам-қоғам-табиғат" үйлесімдік
бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
- Ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы
ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде бала-субъект, бала-объект тұрғысынан
енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік
жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш
түрге бөлуге болады.
Модификациялық инновация - бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін
өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек
конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме
элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі
әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу
жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді,
параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін
қалыптастырады.
Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты
өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік
алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы,
ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар
бар.Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім
алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап,
тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс
жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-
тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.
Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады:
енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық
әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі
болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық
аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен
қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін
жұмыс.Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру
барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда
болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру
мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтай біз болашақ
педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды
қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін
жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық
технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді
қамтиды:
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі
жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас,
болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологиямен оқытудың ерекшеліктері
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Мектептегі химияны оқыту барысында инновациялық технологияны пайдалану
Кәсіптік оқытуда жаңа оқыту технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
Әл Фарабидің бақытқа ұмтылу және оған жету жолдарын іздеуге негізделген идеялары
Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы
Дамыта оқыту технологиясының түрлері
Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары
Пәндер