Таблиғи жамағат ағымы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. 1 Таблиғи жамағат ағымының пайда болу тарихы

1. 2 Таблиғи жамағат ағымының сенімі және ғибадаттары

2. 1 Дінге шақыру әдістері тәсілдері

2. 2 Қазақстандағы таралу жағдайы

Қорытынды

Кіріспе

Дін (араб. دﻴﻥ, лат. religio- құрметті, діншілдік, тақуалық) - адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана- сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы. Адамзат танымының дүие мен жаратылысқа деген көзқарасын айқындайтын мифология, философия және ғылымның ерекше өзіндік бір тұрпаты. Адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс.

Діндер дәстүрлі және дәстүрлі емес деп бөлінеді. Дәстүрлі діндер деп- бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі, діни әдет- ғұрыптары, қоғамық қатынас нормалары мен отбасылық қарым- қатынасы және белгілі бір ұлттың дәстүрлі өмір сүру формасы мен мәдени құндылықтарын жоққа шығармай, өз ілімдері тұрғысынан қабылдап, оған қарсы келмей ұрпақтан- ұрпаққа мұра етіп қалдыратын ерекше құбылыс. Бірақ, дәстүрлі діндерге деген әр қоғамда әртүрлі көзқарастар туындауы мүмкін, оған мысал Ресейде дәстүрлі дін саналатын православия Жапонияда да дәстүрлі саналмауы мүмкін немесе керісіншеде болуы да ықтимал. Ал дәстүрлі емес діни қозғалыстар- қоғамда тарихи- мәдени тұрғыда қалыптасқан құндылықтарды, салт - дәстүрлерді танымайтын, оны жоққа шығаратын негізгі діндерден бөлініп шыққан діни ағым.

Дәстүрлі діндерден ХІХ- ХХ ғасырларда екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Батыс қоғамында көптеген өз алдына дербес «жаңа діни қозғалыстар» пайда бола бастады, олардың нақты санын анықтау мүмкін емес, себебі олар күннен- күнге көбеюде. Әлемде жүз алпыс миллионнан астам адам өздерін осы діни қозғалыстардың мүшесіміз деп санайды. Дәстүрлі емес жаңа діни қозғалыстар туралы ғылымда қалыптасқан ортақ бір атауы жоқ, діни- танымдық журналдарда, газеттер мен басқада бұқаралық ақпарат құралдарында және дінтанушы ғалымдардың еңбектерінде: «тоталитарлық секталар», «іріткі салушы топтар», «дәстүрлі емес діни ғұрыптар», «жаңа діни қозғалыстар»- деген әртүрлі тіркестермен беріліп жүр. Қазіргі қоғамда бұл құбылысты «діни секта» деген жалпылама атау берілуде. Бұл зерттеуде дәстүрлі ұлттық құндылықтар мен діни көзқарастар тұрғысында қарастырылады. Діни секта термині дінтануда «дәстүрлі емес діни қозғалыстар», - деп әлеуметтік мағынада қолданылса, ал құқықтануда бұл термин діни ұйым, діни бірлестік, қонфессия, деноминация ретінде қабылданады. Заңнамада секта термині қолданылмайды. Енді біз діни сектаға қатысты әлеуметтік және құқықтық тұрғыдағы көзқарастарға тоқталып өтейік:

Секта сөзі (лат. secta- ой жүйесі, ілім, бағыт, ) - қайсібір діннің өз ішінде оппозициялық топ. Шіркеуде болып жатқан түрлі жағдайға көңілі толмай, әдетте ерекше деп танылған, кейде шектелуге, тұйықтыққа, негізгі діни бағыттан қол үзушілікке бастайтын топ. Секта ежелгі гректерде де αίςεσις- ілім, бағыт, мектеп ұғымын білдірсе, этимологиялық мағынасы латынның sequi яғни, «артынан еру», «бағыну» деген сөзінен шыққан. Соңғы кезде Батыс дінтанушы ғалымдары алғашқы екі ұғымды («жалған ілім», «күпірлік») синоним ретінде қолданып жүр. Секта сөзі В. И. Дальдің терминологиялық сөздігінде, секта- жеке қауымдастық, дәстүрлі және әлемдік діндерден бөлініп шыққан діни ілім. Д. Н. Ушаков құрастырған сөздікте: 1. Дәстүрлі діндерден өз дербестігін алған діни ілім немесе түрлі әлеуметтік топтардан құралған ұйым; 2. Біз және басқалар деп қоғамнан бөлектеніп, өздерінше тұйық өмір сүрушілер. Құқықтану да секталардың қоғамдағы әрекеттеріне қарай «деструктивті немесе тоталитарлы секта» деген терминдік атау берілген. Деструктивті секта- дәстүрлі діндерден бөлінген оларды дін ретінде мойындамайтын, жеке көзқарастарымен діни догматикаларын қалыптастырған, мемлекеттің ішкі тұрақтылығы және қоғамдық құрылыстарға кері әсерін тигізуші тар шеңберлі көзқарастағы адамдардан құралған топ. Тоталитарлы секта- басшылары көбіне заңға қайшы келетін қылмыстық әрекеттерге барып, қарапайым топ мүшелерінің саналарын түрлі манипулияциялық амалдармен жаншып, тоталитарлық жолмен бағындыруға тырысады. Сондай дәстүрлі емес, қазақ халқына, қазақ дәстүрі мен мінез құлқына сай емес діни ағымдардың бірі “таблиғи жамағат” (қысқартып ТЖ ) ұйымы қазіргі таңда біршама елдерге тараған, сол елдердің ішінде сопылықты дәстүрге айналдырған Қазақстанда бар. соның ішінде ең көп тараған жәнеде еліміздің түкпір-түкпірне тарауына себеп болған жамбыл обылысы, Қырғызстан елімен қақпалас жатқан қордай ауданында ТЖ-ың ордасы десек жалған болмас.

1. 1 Таблиғи жамағат ағымының пайда болу тарихы

Араб тіліндегі «таблиғ» сөзі, «жеткізуші», «насихаттаушы» деген мағыналарға келеді. Олардың екінші бір аты - «дағуатшылар». Ал "дағуатшы" сөзінің мағынасы "белгілі бір адамды белгілі бір нєрсеге шақырушы, үгіттеуші" деген ұғымға келеді. "Дағуатшы" сөзі жалпылама ұғымды береді.

Бұл ағымның негізі - XIX ғасырда Үндістанның Дели шахарында дүниеге келген Исмаил Мұхаммед Илиястың (м. 1886-1944) пікірлері негізінде қалыптасты. Мұхаммед Илияс алғашқы жылдары медреседе ұстаздық қызмет атқарып, өзінің шәкірттерін жинап, алғаш «таблиғ» тариқатын құра бастайды. Мұхаммед Илиястың түсіндіруі бойынша, бұл жолды құру керектігі жайында, оған түсінде илхам арқылы білдірілгенін айтады. Ол шәкірттеріне «таблиғ арқылы дінге шақыру жолы маған түсімде көрсетілді» дінге шақыру тек бір жерде жасалумен болмайтынын, отанымыздан шығып, қалаларды, елді-мекендерді аралап, исламды тарату керектігін бұйырады. Мұхаммед Илиястың еңбектерінің бірінде «Мақсатымыз - Расулулаһтың сахабаларына айтқан нәрселерін адамдарға үйрету. Барлық елді аралап, намазды түсіндіру және насихат беруіміз - осы істің бастамасы» екенін айтады.

Олар саясаттан бойларын аулақ ұстайтындықтарын, партияға немесе басқа да бөлінулерге қарсы екендерін айтады. Ағым мүшелерінің басым көпшілігі діни білімі төмен адамдардан құралған.

Таблиғи жамағатының негізгі мақсаттары Ислам мемлекеттерін аралап, мұсылмандарға уағыз айту, адамдарды мешітке немесе өздерінің сұхбат жүргізілетін орындарына шақыру. Олар өздерін исламды таратушы топ екенін, ханафи мәзһәбында екенін айтады. Ислам құндылықтарын уағыздауды басты мақсат етіп қойған олар дінді өз ережелеріне сәйкес насихаттауды жөн көреді. Жамағатқа кіргісі келген адам кәлима шәһәдатты айтып, мағынасына сенген әрбір адам бұл жамағатқа мүше бола алады. Бұл жамағатқа кіретін адамның бағынатын тобы, қауымы және тұратын елі қандай болса да бәрібір. Өзін мұсылманмын деген әрбір адам, қадияни болсын, ахмади болсын тіпті адасқан топтардың бірінен болсын, оған қарамайды, жамағатқа мүше бола алады. Жамағатқа мүше болған әрбір таблиғшы тек хадистермен әрекет жасауы тиіс. Ақида (сенім), фыкых мәселесіне тоқталмайды, онымен қоймай діни ілімдерді үйрену де салғырттық танытады. Өздерінің тек пайғамбар жолын ұстанатанулары керектігі жайында айтады. [ 1]

Таблиғи жамағат (араб. : جماعة التبليغ ‎, урдуша: تبلیغی جماعت ‎, «(дін) тарату жамағаты») - Үндістандық Мұхаммед Ілияс Кандеһләуи (1303-1364) 1926 жылы Үндістанда құрған ағым. Исламға шақыру, Исламды тарату мақсатында құрылған. Бұл ағым өкілдері дін таратуға 3 күнге, бір жетіге, 40 күнге шығып, елді мекендерді аралап уағыз айтумен айналысады. Бұл ағымның негізін салушылар сопылық тариқаттардың өкілі болып, матуриди сенімін ұстанған . [ kk. wikipedia. org/wiki/Таблиғи_жамағат ]

1. 2 Таблиғи жамағат ағымының сенімі және ғибадаттары

Қазір күллі әлем Алланы тануды, оның сүйікті елшісі Мұхаммедті (с. ғ. с) тануды қажетсініп отыр. Сондықтан Ислам дінімен келген ақиқаттарды, діни міндеттерді, шариғат үкімдерін адамдардың бір-бірімен қатынасындағы заңдылықты кеңінен тануға сұраныс жылма-жыл артып келеді. Яғни, біз Ислам дағуатының адамзатқа аса қажет екенін сезе білуіміз керек. Ибн Әл-Қайим:"Адамдардың шариғатты қажетсінуі ішуді, жеуді айтпағанда, ауаны қажетсінуінен де артығырақ. Адамның тыныс алуы тоқтаса, әрі кеткенде денесі өледі, ал шариғат жоқ болса, жүрекпен бірге жан да жүнжіп, мәңгілік өлімнен де жаман хал кешеді. Бұл екеуінің арасындағы айырмашылық қандай орасан зор еді" . Сондықтан дағуат арқылы адамдарды Жаратушы Иеге бой ұғындыру керек. Дағуат-Алланың ақ жолына салатын ең тиімді әдіс, оның нәтижесі адамдарды ақиқатқа алып келеді.

Таблиғи жамағат ағым өкілдері адамдарға Алла дінін жеткізуде аянбай жұмыс жүргізіп келеді. Олар өз істеріне сондай адал, уағыздарын ықыласпен жүргізеді. Дін жетпей жатқан, Исламнан хабарсыз қалған бауырлары үшін қатты қапа болып, олардың сырттай қамын жейді. Ұдайы дұғада болады. өз істерінің дұрыстығына қатты сенеді. Олар өз мақсаттарына жету жолында қандай да бір қиыншылықтарға сабыр ете біледі. Бұл жамағаттың қатарында не бір жайсаң, жаны таза жандар бар. Мұның бәрі жақсы, сүннетке сай келеді деп айтуға болады. Алайда, олар амалдарының бәрін шариғаттың шартына сай атқарып жүр деп айту қиын. Олар адамдарға Алланың бір екенін айтып жеткізеді, бірақ, оның жүз түйеге жүк болатын мән-мағынасын түсіндіруді міндетіне алмайды. өйткені, оған олардың білімі жете бермейді. Сондықтан, олар адамдарды дінге Алла және Оның елшісін (с. ғ. с. ) сүю қажеттілігін сіңіру арқылы емес, өздерін өзгелерге жақсы көргізу арқылы тартуды көздейтін секілді. өйткені, олардың уағызында Алланы пәктеуден, ұлықтаудан да гөрі өздерінің ағымындағы адамдардың артықшылықтарын үгіттеп, үлгі етуге көп мән береді. Олар Алланың ұлылығын өздерінің басынан өткен кереметтермен ғана байланыстырып айтатын секілді.

Дағуатты неден бастаған жөн? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын әрине біз пайғамбарымыздың сүннетіне жүгінуге тиіспіз. Пайғамбарымыздың бір хадисінде былай деп хабарланады: "Алланың Елшісі Муғазды Йемен еліне жіберген кезде оған былай деген: "Сен кітап иелері қауымына барасың (яћудилер мен христиандар) . Ең бірінші оларды Алланы бірлеуге ("Алладан басқа Құдай жоқ" - деп, куәлік беруге) шақыр! Егер де саған осы мәселеде бағынса, онда оларға Алла Тағаланың әр күн мен түнде бес намазды парыз еткенін хабардар ет! Егер де олар саған осы мәселеде де бағынса, онда оларға Алла Тағала олардың байларынан солардың кедейлеріне алынып берілетін садақаны (зекетті) парыз еткенін хабардар ет! Егер де олар саған осы нәрседе де бағынса, онда олардың ең қымбатты мал-мүлкіне тиісуден (алудан) сақтан және зұлымдыққа ұшырағанның дұғасынан (қарғысынан) сақтан! өйткені, ондай дұға мен Алланың арасында ешбір перде болмайды" (әл-Бухари мен Муслим) . Алланы бірлеу Ислам негізі. Алланы бірлеудің антонимі ширк. Ал ширктің кешірілмейтін күнә екенін білеміз. Бұдан байқағанымыздай Ислам дағуаты Алланы бірлеуден басталатыны көрініп тұр. Алайда Алла Тағаланың аятына жүгінсек, бір Алладан басқа Тәңір жоқ деген куәлік сөзінен де бұрын білімнің тұратынын аңғарамыз. Бухари: "Білім сөз бен істің алдында тұрады" - деген. Бұған дәлел ретінде Құрандағы: (Мұхаммед (ғ. с) ! Енді біл! Шын мәнінде Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ" (47-Мұхаммед:19) - деген Алла Тағаланың қасиетті сөзін келтіреді. Одан әрі Бухари Алла Тағала сөз бен істі еске алмас бұрын білімді бастаған еді - дейді. Алланы бірлей білудің өзі де білім. Алла Тағала айтады: "(Мұхаммед (ғ. с) . Айт: "Менің жолым осы, Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ, серік қатушылардан емеспін" - де!" (12-Юсуф:108) .
Осы аятта айтылған «ашық дәлел» - білім болса керек. Білім - мағлұматты (информацияны) біліп, хабардар болу. Уағызды ақыл-парасатпен де байытатын - білім. Яғни, білімсіз дағуат айтуға болмайды. Хасан әл-Басри: "Білімсіз әрекет етуші білмейтін жолменен жүрген біреуге ұқсайды" - деп айтады. [2]

Ағым мүшелерінің түсіндіруіне қарағанда, барлық мұсылмандарға аптасына бір күн, айына үш күн, жылына қырық күн, сонымен қатар өзінің бүкіл ғұмырында төрт ай Алла жолында дағуат сапарына шығуға міндетті. Өз араларында әрбір мұсылман дағуат айтуға шығуы арқылы кәміл мұсылманға айналады деген түсініктерді қалыптастырған. Дағуат айтуға шыққан таблиғшы өзімен бірге төсек-орнын, керекті қаражатын да ала шығуға тиіс.

Ағым мүшелері сонымен қатар күнделікті екінді намазы мен ақшам намаздары арасында дағуатқа шығып тұрады. Өздері жүрген аймақтағы мешіттерге немесе көшелерді, үйлерді аралап өз-ара топ құрып, топқа үш кісіден бөлініп, әр топқа жеке басшы сайланады оған бойұсыну уәжіп саналады. Олардың әрқайсының өзінің атқаратын міндеттері бар. Бірі дағуат біткенше таспиғ тартып, Аллаға зікір етіп тұрады. Екіншісі көшеде кездескен адамдарды өздерімен таныстырады, немесе үйдің есігін қағып, үй иелеріне, өздерінің мешіттен екенін айтып, өз-араларында сайланған басшыларымен сөйлесуге шақыруды міндетіне алады. Топтың басшылары өздерінің хұтба немесе баян деп аталатын дін жайында қозғалатын сұхбаттарына шақырады. Өздерінің белгілеген уақыттарына дейін олар сұхбатқа жаңадан адамдарды шақыруды өздеріне міндет санайды. Уағыз соңында Алла жолында басқаларға да дінді үйрету үшін жиналғандарды өздерімен бірге жүруге үгіттейді. Егерде ниет білдірушілер шығып жатса өз қатарларына қосып ала кетеді. Олардың пікірінше дін әр адамға жеке-жеке жеткізілсе, қоғамымыз жамандық атаулыдан аулақ болатынын айтады.

«Білім - Ислам жаны, білім - иман тірегі» деген де хадис бар. Бұл - білімсіз Исламның өмір сүре алмайтынын көрсетеді. Білімсіз халық надандықтан құтыла алмайды. Ал, надандық бар жерде Ислам жоқ. Білімсіз адамның мұсылманшылығы толық деп айтуға болмайды. Білімсіз адам не үшін өмір сүріп, не үшін құлшылық жасап жүргенін өздері толыққанды түсіне алмайды. Ондай амалдарды Алла алдында қабыл болады деу қиын.
Ал, білім деп - Алла Тағаланың бізге білдірген хикметін, даналығын жєне Алланың Пайғамбары (с. ғ. с. ) арқылы бізге жеткен ой-нұсқа, үгіт-насихат, ақыл-кеңестерді айтамыз. Алла Тағала жєне Оның елшісінің (с. ғ. с. ) ємірлерін білу де - білімге жатады. Енді, осы Алланың білімін адамдарға жеткізу үшін оны дағуатшылардың толық меңгергені жөн болады. өйткені, білімсіз айтылған уағыз адамдарды адастырады.

Олардың іс-әрекеттерін зерттеген ислам ғалымдары ағым мүшелерінің әһли сунна мәзһәптарынан өзгешеліктерінің көп екенін айтады. Кейбір ислам ғалымдары мұсылмандардың бидғат өкілдерімен кездесулеріне, олармен сөйлесулеріне тыйым салады. Ағым мүшелері сонымен қатар күнделікті екінді намазы мен ақшам намаздары арасында дағуатқа шығып тұрады. Өздері жүрген аймақтағы мешіттерге немесе көшелерді, үйлерді аралап өз-ара топ құрып, топқа үш кісіден бөлініп, әр топқа жеке басшы сайланады оған бойұсыну уәжіп саналады. Олардың әрқайсының өзінің атқаратын міндеттері бар. Бірі дағуат біткенше таспиғ тартып, Аллаға зікір етіп тұрады. Екіншісі көшеде кездескен адамдарды өздерімен таныстырады, немесе үйдің есігін қағып, үй иелеріне, өздерінің мешіттен екенін айтып, өз-араларында сайланған басшыларымен сөйлесуге шақыруды міндетіне алады. Топтың басшылары өздерінің хұтба немесе баян деп аталатын дін жайында қозғалатын сұхбаттарына шақырады. Өздерінің белгілеген уақыттарына дейін олар сұхбатқа жаңадан адамдарды шақыруды өздеріне міндет санайды. Уағыз соңында Алла жолында басқаларға да дінді үйрету үшін жиналғандарды өздерімен бірге жүруге үгіттейді. Егерде ниет білдірушілер шығып жатса өз қатарларына қосып ала кетеді. Олардың пікірінше дін әр адамға жеке-жеке жеткізілсе, қоғамымыз жамандық атаулыдан аулақ болатынын айтады. Ағым мүшелерінің түсіндіруіне қарағанда, барлық мұсылмандарға аптасына бір күн, айына үш күн, жылына қырық күн, сонымен қатар өзінің бүкіл ғұмырында төрт ай Алла жолында дағуат сапарына шығуға міндетті. Өз араларында әрбір мұсылман дағуат айтуға шығуы арқылы кәміл мұсылманға айналады деген түсініктерді қалыптастырған. Дағуат айтуға шыққан таблиғшы өзімен бірге төсек-орнын, керекті қаражатын да ала шығуға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСМАТУЛЛАШЫЛАР. Шығу тарихы
Терминдер қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция
Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ
Шығыс әлеміндегі және Қазақстандағы дінаралық қарым-қатынас
Қазақстандағы дәстүрлі емес ислами ағымдар
Христиан дініндегі жеті құпия
Ислам. Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндер
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діни секталар)
«Таблиғи жамағат» ұйымы немесе дағуатшылар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz