«Ай-ару» ұлттық киім үлгілері зерттеулері
КІРІСПЕ
1. «АЙ.АРУ» КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 «Ай.Ару» сән үлгілерінің шығу тарихы
1.2«Ай.Ару» сән үлгілерінің қызметі және дизайн обьектісі. Стиль және сән бағыты 2015ж
1.3Костюм композициясының түсі, декоры және фактурасы
1.4 «Ай.Ару»сән үлгілерінің көркем бейнесін әзірлеу
1.5 «Ай.Ару» сән үлгілерінің техникалық эскизі, сырт түрінің сипаттамасы
2. «АЙ.АРУ»СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ КОНСТРУКЦИЯЛАУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Конструкциялау әдістемесін таңдап негіздеу
2.2 «Ай.Ару» сән үлгілерінің сызбасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтерді, қосымшаларды таңдап негіздеу
2.3 «Ай.Ару» сән үлгілерінің сызбасын құрастыру
3. «АЙ.АРУ»СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3.1 «Ай.Ару» сән үлгілеріне өңдеу әдістерін және құрал.
жабдықтарды таңдау
3.2 «АЙ.АРУ» СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТҮЙІНДІК ӨҢДЕУЛЕРІ
3.3 «АЙ.АРУ» СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БІРІЗДІЛІГІН ӘЗІРЛЕУ
3.4 «Ай.Ару» сән үлгілеріне кеткен материал шығынын мөлшерлеу.

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауын жариялады. «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі.Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.Ел Бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!Еліміздің тәуелсіздік даңғылындағы дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі әйел киімдерінің мән-мағынасын айқындаудың өзектілігі қазіргі өркениет мәдениетінде туындап жатқан объективті-әлеуметтік және субъективті-психологиялық қайшылықтар жағдайынан көрініс табады. Бұл мәселелердің барлығы да қазақ халқының бүгінгі рухани ахуалын жан-жақты, әрі қилы қысымға ұшырап отырғанын да дәлелдейді, ол қазіргі мемлекет тарапынан атқарылып жатқан істерде, яғни рухани дербестікті қалпына келтіру, нығайту, дамыту секілді үлкен мәселе болып отыр. Өркениет жағдайынан туындайтын қайшылықтар, соның ішінде киім үлгілеу өнерінің сапалы белгілеріне ұлттың сана сезімін бүлдіретін бөтен үлгілерді талғамсыз, шатастырып пайдаланудан басталады деуге болады
1.Егемен Қазақстан газеті 11 Қараша 2014
2.Ай мен Кун ертегіwww.szh.kz
3.Алматы кітап "Қазақ халқының ұлттық киімдері" 2007 жыл, Ханият Б.; Сужикова А.
4.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
5.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
6.Хинаят Б. “Қазақ халқының ұлттық киімдері”. Алматы “Алматы кітап” – 2007.
7.Ә.Марғұлан. I, II, III – том. “Қазақатың ұлттық қол өнері”. Алматы 1986ж., 1975ж., 1995ж.
8.С.Асанова “Сымбат сән академиясы ұлттық киімдері”. Алматы 1993ж.
9.Арғынбаев Х. “Қазақ халқының қол өнері”. Алматы “Өнер баспасы” 1987ж.
10Қасиманов С. “Қазақ халқының қол өнері” Алматы 1989ж.
11Тәжімұратова Ә. “Шебердің қолы ортақ”. Алматы 1976ж.
12Оразбаева Н.А. “Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері” “Аврора”. Ленинград 1970ж.
1. «Қазақтың дәстүрлі киім- кешектері» Халық баспасы 2006ж.
2. А. Құралұлы «Қазақы тиымдар мен ырымдар» Алматы Өнер 1998ж.
3. О. Жәнібеков «Культура казакского ремесла» Алматы 1982ж.
4. О. Жәнібеков «Қазақ киімі» Алматы Өнер 1996ж.
5. Ө. Жәнібеков «Уақыт керуені» Алматы 1992ж.
6. Ж.Кейкін Қазақтың ұлттық киімдері// Қазақстан сарбазы 1997ж.
7. С. Кенжеахметұлы Қазақ халқының салт дәстүрлері Алматы Кітап баспасы 2005ж.
8. Қазақтың дәстүрлі киім- кешектері – Іле халық баспасы 2006ж.
9. Төлеубаева К.М. XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр бас кезіндегі қазақтардың дәстүрлеріндегі қыз көру қалыңдық айттыру. Хабаршы тарих сериясы 126 бет.
10. Төленбаев С. Қазақтың ою-өрнектерінің жасалу жолдары Алматы 1993ж.
11. Шойбеков Р.Н. Қазақтың зергерлік өнерінің лексикасы Алматы 1993ж.
12.
13. Корпушина Г.Л. «Модели одежды». Москва «Легкая индусрия» 1976 год.
14. Барзам – Фина «Мода және сұлулық» Е.И. Зильберманова Москва «Легкая индустрия» 1966 ж.
15. Козлов В.Н. “Основы теории пректирования костюма”. Москва “Легкая индустрия” 1970г.
16. Козлова Т.В. “Моделирование и художественное оформление женской одежды”. Легпромиздат. Москва 1990г.
17. Пормон Ф.Н. “Композиция костюма”. Москва 1985 г.
18 Ералин.К.,Махмудова Г.,Садибек А..Сурет және костюм композициясы негіздері
19Литвинова И.Н., Шахова Л.А «Изготовление женской верхней одежды» Москва «Легпромбытиздат» 1991 год.
20.Рытвинская Л.Б. «Моделирования конструирования и технологическая обработка головных уборов» Москва «Легпромбытиздат» 1985 год.
21.Коблякова Е.Б. «Основа конструирования одежды» Москва: «Легкая индустрия» 1980 год.
Янчевская Е.А. «Конструирования верхней женской одежды»
22.Крючкова Г.А.Москва. Академия 2003г. «Конструирование мужской и женской одежды».
23.ЦОТШЛ.Единый метод конструирования мужской иженской одежды.Ч.1.ЦБНТИ. 1982 г.
24.Е.Б.Булатова,М.Н.Евсеева,Конструктивное моделирование одежды.М., Академия,2003г.
25.ГОСТ 41 03-82.Изделия швейные. Методы контроля качества.М., 1982г.
26. ГОСТ 17916-86 Фигуры девочек типовые.Размерные признаки для проектирование одежды. М., 1986г.
27. «Ателье» журналдары.
28.Никитина Екатерина Дмитриевна,Талғатбекова Ақмаржан Жеңісбекқызы Киімді конструкциялау.
29.Е. Никитина, А.Талғатбекова. Киімді кострукциялау.
30.Амирова Э.К., Сакулина О.В., Москва 2001г.Конструирование одежды.
31. ЦОТЩЛ. Единый метод конструирования одежды с втачными рукавами для девочек , изготавливаемый по индивидуальным заказам.М. ЦБНТИ.,1980г.
32.Ералин К.,Махмудова Г.,Садібек А. Материалтану.

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Мәңгілік Ел идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі.Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.Ел Бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға Нұрлы Жол Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!Еліміздің тәуелсіздік даңғылындағы дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі әйел киімдерінің мән-мағынасын айқындаудың өзектілігі қазіргі өркениет мәдениетінде туындап жатқан объективті-әлеуметтік және субъективті-психологиялық қайшылықтар жағдайынан көрініс табады. Бұл мәселелердің барлығы да қазақ халқының бүгінгі рухани ахуалын жан-жақты, әрі қилы қысымға ұшырап отырғанын да дәлелдейді, ол қазіргі мемлекет тарапынан атқарылып жатқан істерде, яғни рухани дербестікті қалпына келтіру, нығайту, дамыту секілді үлкен мәселе болып отыр. Өркениет жағдайынан туындайтын қайшылықтар, соның ішінде киім үлгілеу өнерінің сапалы белгілеріне ұлттың сана сезімін бүлдіретін бөтен үлгілерді талғамсыз, шатастырып пайдаланудан басталады деуге болады.Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда.Бір сәт тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі қалыптасқан. Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады және бұл киім тарихында сән ағымы деп аталады. Сән ағымына байланысты киім жаңарып, жетіліп отырады.ХХI ғасыр Ғылым мен өнердің өркен жайып адамзаттың инновациялық тәсілдерді көптеп қолдану ғасыры. Ұлттық дәстүр мен қол өнерге баули отырып оны сапалы түрде қабылдауға тәрбие ала білу біздің ұлттық болмыстың басты мақсаты және міндеті. Өз ұлтына, осы ұлттық дәстүріне, ұлттық қол өнерге деген сүйіспеншілік - ол ұлттық үлкен қоғамдық - әлеуметтік мүдде. Енді қазіргі Қазақстанда сән мен сымбат,әдемілік пен әсемдіктің бірден-бір ордасы болып отырған үлкен сән орталықтарының,сән үйлерінің,тігін ательелерінің бірінші кезектегі міндеті халықтық киім тіктіру,сатып алу және киіну мәдениетін көрсету.Көшеде сатылып жатқан киімнің бәрі сәнді еместігін тусіндіріп,халыққа бағыт беру дизайнерлер міндеті[1].
Диплом жобасының мақсаты:
Ұлттық киім үлгілері зерттеулеріне шолу жасап, киім үлгілеріндегі әшекей, сәндік бұйым, кесте өнері, зерлеп тігу арқылыұлттық киім үлгілерінің жаңа топтамасын жасап көрсету.
Диплом жобасының міндеті:
1) Ою-өрнек көшірмелерін жасау.
2) Жаңа үлгідегі ұлттық киімдерге шығармашылық ізденіс жасау.
3) Жасалынған көшірме эскиздерді негізге ала отырып, жаңа киім үлгісін жобалау.
4) Бұйымды модельдеу, конструкциялау, үлгілеу және өңделу технологиясын ашып көрсету зерттеудің іс жүзіндегі мақсаты мен маңыздылығы киім дизайны жобалау әдістері негізінде ұлттық киімдерді жаңарту, жаңа үлгілер жасап шығару.
Зерттеудің нысаны:
Ұлттық киім үлгілерін конструкциялау және әзірлеу үдерісі.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, сызбалар, эскизден, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
1. АЙ-АРУ КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ай-Ару сән үлгілерінің шығу тарихы
Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған. Олар пайдалану, қолдану ерекшеліктеріне байланысты күнделікті және сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болып бөлінеді. Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз боз бала дәуірінің киімдері, орта жас, сар кідір кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай -- жұмыс киімдері, бір киер сәндік киімдер, үй киімдері, іш киімдер, сырт киімдер, аңшы, малшы, басшы, жауынгер киімдері деп те бөлінеді. Жыл мезгіліндегі тұтынысына қарай жаздық, қыстық, күз-жазғытұрымғы (демисезондық) киім деп ажыратылады. Адамның дене мүшелеріне сәйкес бас киім, ұлы дене киім, аяқ киім деп жіктеледі.Сондай-ақ қазақ халқында қалыптасқан дәстүр бойынша әр рудың, әр қоғамдық жiктiң, кәсiп иелерiнiң киiм киюiнiң өзiндiк ерекшелiктерi сан алуан. Мысалы: сал-серiлердiң, қожа-молдалардың, байлар мен билердiң, бақсы-балгерлердiң, кедей шаруалардың, аңшы-саятшылардың т.б. киiмдерi бiр-бiрiне мүлде ұқсамайды. Осындай ерекшелiктердi бас киiм кию дәстүрiнен де байқауға болады.[2].
Қазақ киімдері іштік-сырттық, сулық, біркиер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдер - көйлек, дамбал, желетке, камзол, кәзекей, сыртқы киімдерге - шапан, күртке, тон, шиделі: сулық киімдерге - шекпен, қартал шапан, берзент, кебенек, сырттық жатады. Қазақстанның орталық аймақтарында тон, ішік, тайжақсы сияқты сыртқы киімдерді оң киімдер деп де атады. Бір киер кіим деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той думандарға, жиын тойларға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың "Танылған жерде - бой сыйлы, танылмаған жерде - тон сыйлы" дейтін мәтеліде осыны аңғартады. Қазақ салтында ержігіт егіске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең көріктісін киген. Еркек киімдерінің ең қымбатты - аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес, бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінеді. Аң терісінен тігілген ішіктерін сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көкберен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалыда ширақты маталармен тысталған, кейде осы материалдарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелер, су моншақ, маржан тізген жіптер бастырып, етек жеңіне алтын, күміс зер ұстар, кейде бөлек қапталған кестелер мен сыртынан қаптап киген. [3].
Қазақстандағы оңтүстік өңірде шапанның да, ішіктіңде, ойып етек түрлері кездеседі. Ондай ойық кейде тұра арт бойдың етегінен, кейде екі жақ шабудың үстінен жасалады да айналасы жұрындалып, кестеленіп, әдемі өрнектер мен әшекейленеді. Шалбарды барқыт, пүліш, шұға, тібен трико, шөшінше, шибарқыт, шегрен, ләмбас, қырмызы, көк мауыт сияқты ширақы маталардан, қой, ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп-тұруға молдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы етік қонышының ішіне салынатыны да бар, кейде қоныштың сыртындада жүреді. Жеңіл шапан мен бешпеттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарланып алады. Шалбардың балағы екі жағынан ойық болып, ол кестеленіп қойылатын. Сондықтан да шалбар өте сәнді, көрікті киімдердің бірі болып саналады. Еркектер көбінесе сырт киімдерін түймесіз, тек белбеумен ғана киген. Белбеуден бірнеше метр оралған. Белдік пен кісені қайыстан, қабатталған былғары, білезіктермен, терме, белбеулер де болған.
Әйелдер киімдері де әр айшықта әр түрлі болған. Олардың түрлері де әр алуан болған. Солардың ішінде қазаққа тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, кебіс, мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйелдер киімдері әшекей ажар жағынан жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер қарт бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға-жеңдері кестелі көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты, аяқ киімдері өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтар мен әшекейленеді. Қыздар көбінесе құндыз бөрік, қатипа тақия киіп, шолпы тағып жүреді. Қыздар төсін жасыру үшін көкірекшесімен кеудесін қатты тартып тастап жүрген. [4].
Қазақтың ұлттық киімдері өзінің сипаты мен сыры мен, сұлулығы мен сәнімен сан ғасырлық тарихтық куәсі ретінде бізге жеткен асыл мұра, ерекше өнер түрі. Киім үлгісін жасауда халықтың әдеп- ғұрпына үлкен мағына беріледі және ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы мұра етіп келген өнерін көрсете білу.Дипломдық жобадағы "Ай-Ару" киім жиынтығы эксклюзив стильде таңдалынып алынды, сонымен қатар тасқа қашап жазу мәдениеті арқылы қазіргі заман талабына сай өзгере келе қайта жанданып иновациялық тәсіл мен орындалып дүниеге келген киім жиынтығы. Әрине терең зерттеулері қажет ететін "Ай-ару" тақырыбын таңдау өте үлкен талғампаздық пен ізденімпаздықты талап етеді. Өнердің қарапайым тіршіліктен бастау алып, кейін мүлде бөлек жалпы тіршіліктен жоғарғы ұғымға айналуының өзі адамзат ұрпағының алғашқы бастамаларынан бері қаншалықты дамып, жетілгенін қапысыз байқатса керек.
Қазақ ою-өрнектерінің көп қолданылатындарына тоқталып өтейік
"қазтабан", "қазмойын", "құстұмсық", "құсмойын", "құс қанаты", "құс
құйрық", "құс жолы", өрнектері аңшылық кәсіпке байланысты құсты ,
құстардың дене мүшелерін тұспалдаудан туған. Бұлар көбінесе мүйіз
мәнерімен жасалады. Мысалы, "қазмойын", "құсмойын", "құс жолы"
өрнектері иім келген доғал тармақты мүйіздерден, ромбалардан, сызықтардан
құралады. Құс атымен байланысты өрнектер қолөнер үлгілерінің барлық
үлгілерінің барлық түрлерінің әшекейіне тән. Соғып құйып істелетін алтын күміс сақиналардың бір түрін "құс мұрын" сақина деп атайды.
"Қошқар мүйіз", "арқар мүйіз", "ай мүйіз", "қос мүйіз", "арқар мүйіз",
"сынақ мүйіз", "қырық мүйіз", "марал мүйіз", "өркеш мүйіз", "сыңарөкше",
"сырға", "төрт құлақ", "түйемойнақ", "шиыршық" сияқты байырғы түрлері бар. Енді осы мүйіз тектес өрнектердің бірқатарын сипаттап өтейік. Олардың әрқайсысына жеке-жеке түсінік беріп, қай жерлерде қолданылатын, қандай нәрсеге ұқсайтынын айтуға болады.
"Қошқар мүйіз". Мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екіжаққа иіріле түскен мүйізі тәрізденіп келеді де кейде осы мүйіздің
қолтығында қойдың құлағын далбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын
тұрады. Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
"Арқармүйіз". Бұл - "қошқармүйізге" жақын бейнелес ою. Бірақ одан
айырмашылығы "арқармүйіз" өте шиыршықтанып келеді. Кейде тармағында
көбейе түседі. "Қырықмүйіз" - бір-бірімен қосылған бірнеше тармақтан көп мүйізді оюлардан құралады. "Қырықмүйіз" оюы кейде дөңгелек немесе шаршы пішінде, кейде бұтақты ағаш тәрізді болып кесіле бейнеленеді. "Қырықмүйіз" көбінесе түскиіз, тон, кежім сияқты заттардың кестесінде, сырмақ текеметтерде архитектура сәулеттерінде молырақ кездемеді."Төртқұлақ"- бұл "қошқармүйіз" оюының төрт тармақтан құралып, ортасы крест бейнесін жасап келген түрі. Мұны көбінесе оюлардың ортасын не ешт бұрыштарын кебеже, жүкаяқ, аяққап бетін, батырлардың шапанының жауырынын, қалқандарын кейде шалбардың тізе тұсын әшекейлеуде жиі қолданылады. Осы айтылған өрнектердің бір сынары жақсы анық түрлері 1939 жылы Мәскеуде шыққан "Казахский народный орнамент" деген альбомда берілген
Қазірде ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір
жүйеге келтіру үшін ғалымдар ою-өрнекті төрт топқа бөледі:
зооморфты, өсімдік пішіндес, геометриялық және космогониялық оюлар
Сурет-1 Ою-өрнек түрлері
Әр ою-өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: қошқар
мүйіз оюы молшылықты меңзейді, ағаш оюы ынтымақ бірлікті,
ирек оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, шеңбер оюы жарық
өмір жолы дегенді білдіреді .[5]
Камзол, кәзекей, сыртқы киімдерге - шапан, күртке, тон, шиделі: сулық
киімдерге - шекпен, қартал шапан, берзент, кебенек, сырттық жатады. Қазақстанның орталық аймақтарында тон, ішік, тайжақсы сияқты сыртқы киімдерді оң киімдер деп де атады. Бір киер кіим деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той думандарға, жиын тойларға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың "Танылған жерде - бой сыйлы, танылмаған жерде - тон сыйлы" дейтін мәтеліде осыны аңғартады. Қазақ салтында ержігіт егіске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең көріктісін киген. Еркек киімдерінің ең қымбатты - аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес, бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінеді. Аң терісінен тігілген ішіктерін сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көкберен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалыда ширақты маталармен тысталған, кейде осы материалдарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелер, су моншақ, маржан тізген жіптер бастырып, етек жеңіне алтын, күміс зер ұстар, кейде бөлек қапталған кестелер мен сыртынан қаптап киген. Қазақстандағы оңтүстік өңірде шапанның да, ішіктіңде, ойып етек түрлері кездеседі. Ондай ойық кейде тұра арт бойдың етегінен, кейде екі жақ шабудың үстінен жасалады да айналасы жұрындалып, кестеленіп, әдемі өрнектер мен әшекейленеді. Әйелдер киімдері де әр айшықта әр түрлі болған. Олардың түрлері де әр алуан болған. Солардың ішінде қазаққа тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, кебіс, мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйелдер киімдері әшекей ажар жағынан жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер қарт бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға-жеңдері кестелі көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты, аяқ киімдері өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да
Алтын,күміс, меруерт моншақтар мен әшекейленеді. Қыздар көбінесе құндыз бөрік, қатипа тақия киіп, шолпы тағып жүреді. Қыздар төсін жасыру үшін көкірекшесімен кеудесін қатты тартып тастап жүрген.[6].
Ай мен күн өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сеннен мен сұлумын! - дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! - деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.[7].
Ай- деген аспандағы түнде жан жағына сауле шашып тұратын аспанның бір дүниесі. Ай дегенде оған қол жеткізу мүмкін емес. Кейбір өлең шумақтарында бар
... .Гүл сыйлар едім күзде гүлдер солмайма,
Ай сыйлар едім айға жетер жол барма ... ...
Айға кез келген жанның қолы жетпейді. Ай есімімен журген адамдар олар ата аналары үшін қымбат жан екендеріңді ұмытпаңдар.Тарихи деректерге сүйене отырып қазақтың ұлттық киімдері өзінің сипаты мен сыры мен, сұлулығы мен сәнімен сан ғасырлық тарихтық куәсі ретінде бізге жеткен асыл мұра, ерекше өнер түрі. Киім үлгісін жасауда халықтың әдеп- ғұрпына үлкен мағына беріледі және ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы мұра етіп келген өнерін көрсетіп дипломдық жұмыстың тақырыбы Ай-Ару деп зертелетін болды.
Ай-Ару тақырыбындағы дипломдық жобаны зерттеуді бастауда көптеген тарихи деректерге сүйену қажет болады, өйткені киім жиынтығындағы бүкіл ою өрнектер ерте заманындағы дүниеге келген мәдениеті арқылы зерттелініп барып жобаланды. Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы -- киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату,келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) , сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Алматыдағы Қазақстан магазинінде, облыс орталықтарында ұлттық киімдер (шапан,мәсі, бөрік, қамзол т. б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз. Қазақта бүрмелі көйлек, қос етек көйлек деген көйлектің түрлері баршылық. Киіз мекемесі соңғы жылдары тіпті тігінен желбір салып, қазақша көйлектерді сатылымға шығарды. Әдемі. Ендеше қазақ көйлегіне әлемдік сән үлгілерінде бар әдіс-тәсілдерді пайдаланудың еш ерсілігі жоқ деп ойлаймын. Мәселен, желбірі кеуде тұсына дейін жалғасқан замануаи сәнді көйлектер бар емес пе? Сондықтан қос етек емес, бірнеше етекті, ондаған етекті дүниелер туындауы мүмкін. Дегенмен көйлектің тобықтан түсіп тұруы, шынтақты, кеудені жауып тұруы шарт. Көйлектің жеңіне де назар аударған жөн. Себебі күнделікті тұрмыстағы қыз-келіншектердің жүріп-тұруына, қызметіне ыңғайлы болғаны абзал. Көйлектің түсіне де шек қойылмауы тиіс.
Себебі әр адамның бет-әлпеті, тұрқы әртүрлі, әр аймақтың өз ерекшелігі бар.[8].
Қазақтың қыздары гүлдей жайнап, түрлі-түсті киінді дегенмен, ауылды жерлерде мұндай ашық түстер ерсі немесе климаттық ерекшеліктерге сай болмауы мүмкін. Сонымен қатар, қысты күндері, көктемнің лайсаң күндерінде қою көк, қара көк, сұр түсті дүниелер ыңғайлы екендігі даусыз. Ресей этнографиялық мұражайында сақталған ХХ ғасырдағы қыз-келіншектердің көйлектері де тамаша жолбастар. Қамзол (камзол) -- әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт,пүлыш,макпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Қамзолды кей жерлерде жеңсіз бешпент немесе кәзекей деп те атайды. Қамзолда жеңде, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астарлан тұрады. Қамзолдық астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылады. Оның екі өңірі біріне-бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түймеорнына қамзолдық алдына зергерлер әшекейлен жасаған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадалады. Қамзолдық желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді.Қыздар мен жас келіншектер киетін қамзол өте-мөте сәнді болады. Оның екі омырауына алтын, күміс жалатқан көз алар, шарбақ түймелер, меруерт, маржандар тағылады. Кейбір жерлерде күміс теңгелерді тесіл тағыл қояды. Қазіргі кезде жергілікті өнеркәсіп орындары барқыт пен пүліштен сәндел тіккен қамзол шығаратын болды. Қыздар үйлерінде оң жағында болған кездері орамалсыз ақ жүре берген, тақия, үкілі бөріктер киетін болған, ал тұрмыс құрған соң бір құрсақты болғанша бастарына жеңіл орамал, жаулықтар салған.[9,10].
Дипломдық жобадағы "Ай-Ару" киім жиынтығы эксклюзив стильде таңдалынып алынды, сонымен қатар тасқа қашап жазу мәдениеті арқылы қазіргі заман талабына сай өзгере келе қайта жанданып иновациялық тәсіл мен орындалып дүниеге келген киім жиынтығы. Әрине терең зерттеулері қажет ететін "Ай-Ару" тақырыбын таңдау өте үлкен талғампаздық пен ізденімпаздықты талап етеді. Өнердің қарапайым тіршіліктен бастау алып, кейін мүлде бөлек жалпы тіршіліктен жоғарғы ұғымға айналуының өзі адамзат ұрпағының алғашқы бастамаларынан бері қаншалықты дамып, жетілгенін қапысыз байқатса керек.Өз ұлтыңа, өз ұлтының дәстүріне, ұлттың қол өнеріне деген сүйіспеншілік, - ол ұлттық үлкен қоғамдық әлеуметтік мүдде. Киім дизайны өнерінің жаңа тәсілдерін ойластырып, олардан жаңадан киім үлгілерін жасап шығару кезеңі келіп жеткен сияқты. Бұдан шығатын тұжырым жас ұрпақты өз халқының салт дәстүрін, ұлттық өнерін, өнер сүйер өнерлі жастардың жүрегіне ұялатып, жаңа деконструкциялық, инновациялық, авангард киім жиынтықтарын ұлттық бағытта жасап шығару болып табылады. Киім үлгісін жасауда халықтың әдеп- ғұрпына үлкен мағына беріледі және ата-бабаларымыздан ғасырлар бойы мұра етіп келген өнерін көрсете білу. Алғашқы адамдар үшін тірі қалу жолындағы құбылыстар бұл күнде бір-бір үлкен өнерге айналып отыр. Алғашқы адамдар үңгірді мекендеген кезде, қазіргі өмірдің бірде-бірін ойлаған жоқ. Олар үшін үңгір суықтан пана, желден ық, табиғат құбылыстарынан қорғаушы ғана болды. Шалқар дала, сағымды белдердегі тіршілік көшпелі жұрттың желдің сыбдырыла, аттың дүбірі мен найзағайдың гүріліне, ағыстың шуылы мен қанаттың суылыны құлақ түріп қойса, кейін сол далада ғажайып күймен бірге үлкен өнер пайда бола бастады. Міне алғашқы адамдар үшін киімнің керектігі неде ? - деген сұрақ осы тұста пайда болса керек. Әрине ол тұста адамзат сұлу көріну және сәнді көріну үшін киінбегені ақиқат. Олар суықтан пана болар, ұятты жерлерін жабу, жауларынан қорғану үшін аң терілерін пайдаланды. Біртіндеп теріні сол қалпы емес илеп, жүнді түтіп басып, иіріп, тоқып пайдалану сияқты ілгерілеу пайда бола бастады. Осылайша адамзатқа қызмет ететін, сонымен бірге жасасып келе жатқан өнердің қатарына тағы бір сән өнері қосылды. Сән өнері адамзат өнеріне қызмет етуде басқа сән өнерінен кем соққан жоқ. Қайта ол басқа өнер түрлеріне қарағанда күнделікті қолданыста жүргенін және сан алуан сапалық жағынан керек болғанын айтуымызда, мойындауымыз да қажет. Дипломдық жоба қазақтың ұлттық киімін зерттеп барып барлық әшекейлер мен ою- өрнектер тасқа шегіп жазу мәдениеті арқылы алынды. Жалпы дипломдық жобаның концепциясы петроглифтермен ұлттық киім тарихы болып табылады. ХХI - ғасыр ғылым мен өнердің өркен жайып қанаттанып адамзаттың инновациялық тәсілдерді көптеп қолдану - ғасыры. Ұлттық дәстүр мен қол өнерге баули отырып оны сапалы түрде қабылдауға тәрбие ала білу біздің ұлттық болмыстың басты міндеттері. Ата-бабаларымыздан қалған қол өнер мұрасы бізге жеткен шексіз қазына. Осы шексіз қазынамызды төгіп шашпай, жаңа инновациялық тәсілдермен іздестіру бұл қос қиял емес - бұл үлкен жетістік. Сондықтан дипломдық жобаны тарихи деректер арқылы іздентіру басты мақсат.
1.2Ай-Ару сән үлгілерінің қызметі және дизайн обьектісі. Стиль және сән бағыты 2015ж
Қазақ халқының мәдениетінің ішінде киім мәдениеті ерекше орын алады. Ұлттық киімде адамның жан дүниесінің сұлулығы қоршаған ортамен ұштасып жатыр. Бірнеше ғасырлар бойы адамдар киім тарихын ойлап шығарды, әр адам осы процесске өз үлесін қосты. Олар костюмге өз бойындағы өнерін, қиялын сұлулыққа деген құштарлығын көрсете білді. Қазақстан сән әлемінің бесігі десе болады. [11].
Өйткені ата-бабамыз ғасырлар бойы келе жатқан салт пен мәдениетті киім
арқылы көрсете білді. Сән барлық қазіргі жаңа көріністерінің құндылықтары мен олардың бір-бірімен жинақталмай өзгерісте болуын талап етеді. Сәннің әрбір түркі нұсқасының негізінде тұтыну бағалылығы әр түрлі. Көптеген көшірмелер аяғында түп нұсқалар жоқ болып кетеді. Негізгі өзінің қолданылуына қарай мәнін де жоғалтады. Сән мен эканомика өзара түсіністіктермен байланысты, бірақ белгілі бір дәрежеде олар қарама-қарсы қайшылықтарда да болады. Нақты эканомикалық есепте бірақ сән қоғамға пайда әкеледі. Өз тарихымызда сән белгілі, мысалы оның қолдану механизмінің арқасында көптеген жаңа формалар дами бастады.
Көптеген моделдер қазақ халқының ұлттық костюмдерін және қолданбалы қол өнерін зерттеп оның шешуші тұжырымын, білікті мамандар мен жай көрермендермен жақсы деген баға алып отыр. Қазіргі кездегі сән әлеміне қазақтың салт-дәстүрі, мәдениеті таусылмастай жалдарды біз мәнді және нәтижелі өткіздік. Біріккен ұлттар ұйымы отанымызды бір қалыпты, ұйымшыл, бірнеше ұлт өкілдеренің басын қосып отырған мемлекет ретінде қабылдады. Алыс және жақын шет елдермен қызметтік байланысты нығайып отыр.[12].
Қазіргі біздің жадайымызда, ерлер арасындағы үлкен мәдени хабарлар, көптеген барлық объектілік көзқарастар негізгі мәселе болып отыр. Әсіресе бұл көзқарастар киім сәнінде де кездеседі. Тұрмыстық өнеркәсіптік өндірісте әдістемелік жобалау негізі ауа-райына, ассортименттеріне, жоспарына, материалына барлық бояу түрлерінің формаларын құруда өте қажет. Әрбір адам өзінің өмір ағымындағы өзгеріс айналымын анықтап, із қалдырып отырады. Суретші модельер А.А.Левашова "мода - бұл сәнді залдылығы көрініс емес, ол көрмедегі түрлі талапқа сай, көркем суретшінің режисерлік етуімен көшені басқаруы қажет, әрі ол елдегі барлық мүмкіндікті білетін әрі ертеңгі күнгі талғамды қалыптастыруы керек" деген ойын білдіреді. [13].
Ф.М.Пармон "Қазіргі заман адамы костюмге жоғары талап қойып, басқалардан әсемдігі мен жоғары қолайлылығымен айрықша болу жағын ойлайды" деген. Өндірістік бұйымдардың сапасын жоғарылату үшін эстетикалық факторлар әсер етеді. Адамдарды қоршаған заттық ортаны эстетикалық талапқа сай түрлендіру, өндірістік өнімдердің көркем - конструкторлық деңгейін жоғарлату елімізде басты мәселе болып есептелінеді. Жеке адамының эстетикалық талғамы оның киім кие білуінде ғана емес, сонымен қатар оның жүріс тұрысы, сөйлеген сөзі, адамдармен қарым қатынасы, қандай салада болсын кәсіби іс әрекетін атқаруында ол қоғамға қандай пайда әкеліп әрі өзін тартымды ұстану нәтижесінде байқалады. Жаңа сән үлгілері заман талабына сай жоғары дамыған талғамға ие. Адамдардың сырт пішіміне қарап олардың жастарын немесе қай маман иесі екнін ажырату қиын. Костюмнің эстетикалық рөлі адамның сұлулығы мен рухани құндылығын айқындау, сыртқы ортамен үйлесімділігін табу. Ай-Ару тақырыбындағы киім үлгілерін жоғарғы заман талабына сай ұлттық стильді жарнамалайтын стиль ретінде қарастыруға болады.
Киім жиынтығының формасы, көлемі үлкен сахна шарттарына жауап бере алады, ондағы конструктивті сызықтар, сәндік тігістер, ою- өрнектер өте сауатты орындалған. Бүгінгі күні Қазақстан сән өнеріне және оның өркендеуіне аса зор мән беріп отыр. Оның дәлелі көптеген сән үйлері, сән агенствалары және суретші моделдердің қатысуымен үлкен конкурстар өтуде. Сән тұғыры да пайдалы бизнеске айналып отыр. Қазақстан биік сән ағымына қосылып келеді. Осы жылдар ішінде Недели высокой моды өтіп, оған аты шулы Француз, Италия және Ресей сән тарландары қатысты. Қазақстан стилистер мен дизайнерлерге өте бай, олар тұғырлы жарыстарда біздің еліміздің намысын қорғап жүр. Оның бір дәлелі Қазақстанның моделері Светлана Сакалова (Модельное агентство San Bell г.Алматы) Әлем аруы 2000 байқауында ең керемет деген атаумен марапатталған көйлек иесі.
Қазақстан сәнінің ерекше тағы ұлттық сән мен қазіргі кездегі әлем сәні үйлесімін тауып жатыр. Көне заманнан келе жатқан қазақ халқының кестелеп, оюлап тіккен қалпақ, тақия және әйелдердің нымша комзолдарын айтуға болады. Олардың бір-біріне сыйға тартатын қымбат бағалы маталары, бас киімдері ұмытылмас салт-дәстүрімізді байқатады.[13].
Киім адам үшін бірегей қажет нәрсе болып табылады. Ол адам
тәнінің 80 проценттен астам жерін жауып тұрады және сыртқы ортаның
қолайсыз жайттарынан қорғайды, организмді күйлі ұстауға көмектеседі,
сондай-ақ адамға көрік береді.Адамзат баласы ұрпақ сабақтастығын жалғастыру үшін тынымсыз күресіп келеді. Адам өмірінде жейтін тағам және тұрғын үй өте маңызды болатын болса, киім де сол тәрізді өте қажеттілік болып есептеледі. Өйткені, киім адамды ауа райының қолайсыз жағдайларынан, табиғат құбылыстарынан: ыстықтан, суықтан, жауын - шашыннан, желдің өтінен т.б. қорғайды. Киім дегеніміз адамның денесін толық немесе жеке бөліктерін жауып тұратын жамылғылар жиынтығы, яғни адам киюге арналған зат. Киімнің адамды қорғау ғана емес, оның қандай қызмет атқаратынын, жас айырмашылығын, этникалық ортасымен дәстүрін және әлеуметтік ерекшеліктерін де хабарлайтын қызметі бар [14].
Киім - адамның материалдық мәдениетін де анықтайтын құрал. Киімнің эстетикалық қызметі адамның ажарын ашу, дене сұлулығы мен сымбаттылығын айғақтау үшін керек. Сонымен, киім тек қана қолданыс үшін ғана емес, ол сәндік өнері шығармашылығының сапалық жағынан ілгерілеуі ретінде қарастырылады. Қоғам дамыған сайын сән үлгілері де дамып, үнемі жаңарып отырады. Әр дәуірге, әр тарихи кезеңдерге сай киімнің өзіндік ерекшелігі бар. Қазіргі заман киім үлгісін дайындау үшін алдымен оның ыңғайлылығын, үнемділігін, тиімділігі мен эстетикалық сапасын ескеру қажет.Сән үлгісінің әсерінен өнер саласы сияқты бүгінгі костюм үлгісі де әр түрлі көркем бейнелік бағытымен сипатталады. Стиль мен сән өзара байланысты, дегенмен стиль анағұрлым тұрақты белгі (критерий) ретінде маңызды болады.
5идеялық-көркемдік ерекшеліктерін білдіреді. Стиль - грек тілінен
аударғанда stylus-балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша деген мағынаны
береді. ХХ ғасырда нақты қалыптасып, бекіге киім үлгісіндегі стильдік
бағыт ХХІ ғасырда да өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Бұлар - классикалық, романтикалық, спорттық жә не фольклорлық стильдер.Бұлардың барлығының да алдыңғы дәуір кезеңінің тарихи көркемдік стилінен айырмашылығы - негізінен, костюмнің функционалдығы менмақсатында.Сән ағымының өзгеруіне қарамастан, алдыңғы айтылған стильдер өткен жүз жылдықтың барлық кезеңіндеқолданылады, сондықтан оларды дәстүрлі стильдер деп атауға негіз бар. Сән үлгісінің негізіне классикалық стиль алынады. Бұл стильді ағылшын стилі деп те атайды, себебі ол Англияда пайда болған. Бұл стильдің киімі кең тараған және ол сапасы жағынан ең төзімді әрі асыл матадан - табиғи жүннен, жібектен, зығырдан, сондай -ақ аралас және табиғи тәріздес жасанды матадан жасалады.Классикалық стиль - бұл негізден алынады, сызықтардың қарапайымдылығы бұйымға қатаң бейне беретін, қаншама жылдар бойы ағымнан тыс қалмайтын жұмысқа, белгілі бір маман иесіне арналған киім үлгілерін қамтыды. Бұл стильдегі киімдер бір түсті, клеткалы маталардан тігіледі, мәселен, - костюмдер, тік, тар, кең болып келетін белдемшелер және дәстүрлі шалбарлар. Бұл аталған киім түрлері әр қайсымыздың гардеробымызда кездеседі, өйткені бұл костюмдер жарасымды және бәріңізге киюге ұсынылады. Сонымен бірге бұл стиль іскер адамның бейнесін жасайды Бұл стильдегі киім көзге бірден шалынбайды, матасының сапасымен және тігілу сапасымен қызықтырады. Қлассикалық стиль әрі ашық емес түсті тегіс маталарды қажет етеді: бұлматаларға өрнектер - тар долақты, тор көзді (клеткалы), ұсақ фонды суреттер жатады.Классикалық стиль Бәрі бар, бірақ артық ештеңе доқ деген ұранға сүйенеді. Бұл стильде ешқандай артық нәрсе, функционалды емес бөлшектер болмайды. Ол сәннен тыс нәрсе сияқты: әшекейлер өте шектеулі мөлшерде қолданылады, сәнге табынушылар талғаммен киініп, әрі әрқашан сыпайы да қарапайым киініп өз бағытынан таймайды.Классика сәнді пішіндерде, әрлеп-өңдеуде, аксессуарында онша көп түрлене қоймайды. Сән күрт өзгерістерді негізбейді, дегенмен де, иық қалпының ені дене бітіміне тығыз болып қонымдылыққа қарай өзгеруі мүмкін. Жартылай қынама киімдер классикалық болып саналады, өйткені кез келген дене бітімдегі әйелге не еркекке сәйкес келеді, әрі кез келген бағыттағы сән үлгісіде сәндік киім боп саналады. Классикалық стильдегі киім ұстамдылықты сипаттайды және іскер, салтанатты жағдайда киілетін киім үлгісі ретінде пайдаланады [15].
Қазақ халқының өмірінде ою-өрнек өнері - басты тәрбие құрамының бірі, оның бүгінгі таңдағы тәлім-тәрбиеге әсері басым. Тілімізде ою - өрнек деп қосарлана айтылатын сөз бар. Ол тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын өрнек. Ою-өрнек ісі ерте заманнан бастап - ақ қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою мен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағынаны береді. Сонымен, ою-өрнек дегеніміз- әдемі ырғақ арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері. Қазақ халқының Ою-өрнектерін белгілі ғалымдар Ә.Марғұлан, Т.Бәсенов, Е.Масанов, С.Қасиманов, Ө.Жәнібеков, В.Куррер, С.В.Иванов, Б.Т.Тұяқбаева, Б.Әлмұқанметов, Б.Ибраев және т.б. ғалымдар зерттеген. Әрине, киімнің кез келген жеріне кесте тігуге немесе жапсырма жапсыруға болмайды. Бөрі ретіне қарай, өз орнымен қолданылып биік Ою-өрнектердің көлемі, түсі киімнің жалпы түсімен, көлемімен және салмағымен сәйкес келуі кажет. Жапсырманың гүл түріндегі формалары көбінесе сол жақ омырау тұска жапсырылады. Ал, көйлектердің етектеріне негізінен түрлі кестелер төгіледі, желбірлер тігіледі.Киімді өрнектеуден бұрын оның дәл орнын аныктау керек. Әр нәрсе тек өз орнында түрғанда ғана тартымды болатыны аян.Қазақ ұлттық киімдеріне әшекейленетін космогониялық ою-өрнектерКосмогониялық ою-өрнектерге ғарыш, аспан көріністерін, күн, ай, жұлдыз қозғалыстары мен құбылыстарын бейнелейді. Киімдерге күннің шеңбері, шашағы, құйыны, сәулесі ою-өрнектер түрінде әшекейленген. Күн шапағы мен күн құйыны сипатты кестелер ер адамның салтанатты шапандарына қолданылған. Сол сияқты мүндай киелі нәрсе ерге қуат береді деп есептеліп, белдіктерге, қару-жараққа да бедерленген. Киімге салынатын күнге қатысты өрнек түрлеріне - Күн көзі, Күн сәулесі, Шыққан күн, Күн шеңбері және т.б. ою-өрнектер жатады.Сондай-ақ, түнгі аспанды бейнелеуден туған ши-май және бітпес өрнектері де киімге салынады.Түнгі аспанның басты тұлғасын бейнелейтін Айшьқ, Ай гул атты өрнектер де киімді әшекейлеуде қолданған.Жұлдыздарды бейнелейтін Жұлдыз гул, топ жұлдыз, жұлдыз өрнек сияқты ою түрлері де сырт киімдерді - бешпент, шапан, тон өрнектеуге пайдаланады.Қазақ ұлттық киімдерінде әшекейленетін геометриялық ою-өрнектерҚазақ ою-өрнек өнеріндегі түзу, қисық, доға, ирек сызықтар - өмірдің тоқтаусыз, қозғалыстағы күйін бейнелей киімдерге де кестеленеді. Мұндай өрнектер киімнің айқын көрінетін жеріне - киім өңірлеріне түсіріледі. Толқын тәріздес үзілмей өшекейленетін өрнектер жануарлар немесе аспан әлемінен алынған күрделі өрнектердің екі шетін қаусырып түру үшін қол-данылды.Бүгінгі таңда алшымбар және үтір тәріздес өрнекті әйелдер жаулы -ғының, кимешектердің, бешпенттердің шетіне кестелеп жүр. Осы өрнек -бақыттың, табыстың, ақ жолдың белгісі.
Қазақ ұлттық киімдеріне әшекейленетін өсімдік тектес ою-өрнектерДала табиғатының гүлдері мен түрлері халық санасында берік ұғымдар қалыптастырып қана қоймай, ою мен өрнек түрінде үй заттарына, киімдергесалу соңғы кезде көп қолданыста.Киімге қолданылатын өсімдік тектес ою-өрнектер өз кезегінде екі топқа бөлінеді. Олар - негізгі және жанама түрлері.
Өсімдік тектес ою-өрнектің негізгі тобына - ағаш, алмагүл, масақ,
шырмауық, қызғалдақ, бадам атаулары жатады. Мұндай өрнектер әйел және
ер адам киімдеріне молынан қолданылады. Оюлардың бүл түрі сан түрлі қиялдарға арқау болды. Олармен безендіру қайталанбас көрік береді. Мұндай өсімдік тектес өрнектерді тығыз және басып кестелеу арқылы түсіреді. Кейде жапсырма (аппликация) әдісі қолданылады. Қазіргі сән түрлерінің ерекшілігі сол - бірден осы екі, тіпті үш тәсіл қатар қолданылуы мүмкін.Киімдерді безендіруде өсімдік тектес топтың жанама түрлері жиі қолданылады. Жанама түр дегеніміз өсімдіктің тұтас емес, оның бір ғана бөлшегінің қолданылуы. Мәселен, жапырақ тектес безендіру түрі киімдердің етек-жеңінде көптеп кездеседі. Жапырақ гүл, жапырақ ою, түйе жапырақ, қос және үш жапырақ, бес жапырақ, күлте түріндегі де көптеп кездеседі. өрнектер жолығысады.[16].
1.3Костюм композициясының түсі, декоры және фактурасы
Композиция (лат. соmpositiо) - элементтердің жазықтықта немесе
кеңістікте бірігуі мен байланысынан құрылған жүйе. Көркемдік пішіннің ең
басты элементі ретінде композиция бұйымға бірлік пен тұтастық береді,
оның компоненттерін өзара бағыныңқылыққа және тұтастыққа келтіреді.
Киім дизайнында композиция пішін құрылымының жалпы
заңдылықтарын айқындайды. Композиция мақсаты - конструктивті,
функционалды, эстетикалық құндылығы бар утилитарлық аяқталған заттың пішінін жасау.[17].
Киім композициясы - киім бөліктерінің бейнелі, көркем-идеялық
мағынасын аша отырып, тұтастығын біріктіру. Костюм құрастыру өнерін
сәулет өнерімен теңдестіруге болады. Сәулет өнерінде түрлі сәндік элемент-
терге жарты колонна, пилястр, ою-орнекті фриздер жатады. Ал костюмге
көркемдеу, фурнитура, кесте, ою-өрнек, тағы да басқа жатады.
Киім композициясының негізін киім бөліктерінің көлемі, арақатыстығы,
киімнің жалпы пропорциясы ж:әне силуэті құрайды. Киімде әр пішіннің
пропорциялық дене бітіммен арақатынастары маңызды рөл атқарады. Олар пішінге, яғни силуэтке белгілі сипат береді.Мысалы, киімде тік пішіндер сымбаттылық пен жеңілдікті керсетсе, көлденең сызықтар дене бітімді аласа, ауырлау ете түседі.Киім бөліктерін пішінге келтіру процесі құрастыру арқылы іске асырылады. Пішін күрделі болған сайын, құрылымды сызықтар да әрқилы болады [18].
Костюм композициясында басты пішіндер ретінде киім негізін
құрайтын нымша, белдемиіе, жеңді және модельді әрлендіріп байытатын
пішіндер түрін ерекше атауға болады. Оларға: кестенің декорациялық
элемент-тері болып саналатын шілтер, күлте, желбіреуіш, үлбір, сонымен
қатар киім бөліктері - жаға, қалта, қаттама, қақпақша, т.б. жатады.
Пішіннің бірінші түрі - басты пішін, екіншісі - сәндік-костюмдік деп
аталады. Сәндік-костюмдік пішін жеке өзі қызмет ете алмайды. Сонымен, киім компоненттеріне пішін (форма), силуэт, конструктивтік және декоративтік сызықтар, түс, киімнің жеке бөліктері, декор жатады. Композициялық әдістерге пропорция, статика, динамика, симметрия, асимметрия, ырғақ, қара-мақайшылық жатады.Композицияның қасиеттеріКиім композициясының да өз заңы мен ережелері бар, ол кез келген костюм түрінде орындалуы тиіс:
1) келісімділік - композиция компоненттері мен композициялық құралдардың киім мақсатына бағынылуы;
2) композицияның барлық бөліктері мен компоненттерінің өзара және адам дене бітімімен өлшем пропорциялылығы;
3) композицияльң орталыныныц болуы;
4) композиция тұтастыгы (қатар бағыну).
Киім композициясы мен композициялық құралдарының мақсатқа бағынушылық ережесін келісімділік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz