«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» оқу-әдістемелік кешені
1. Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).
2. Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәні бойынша дәрістер кешені.
3. Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәні бойынша семинар тапсырмалары.
4. Студенттердің өздік жұмыстары.

Ғасырлар тоғысында білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі ол дамыған мемлекеттердің өркендеуінің негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Сондықтан күні бүгінге дейін педагогикалық категория ретіде саналган «білім беру» үғымы кең мағынада маңызды әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылуда. Білім беру мәселесімен тек педагогика ғылымы айналыспайды. Білім беруді философия, әлеуметтану, психология, экономика, мәдениеттану тағы басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар өз тұрғысынан қарастырып зерттейді. Сондықтан бүл ұғымның ауқымы кеңею үстінде.
Ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған әлеуметтік тәжірибені, көп жылдық мәдениетті сақтап, оны ұрпақтан ұрпақка жеткізе отырып меңгерту білім беру ұгымымен тығыз байланысты. Педагогикалық әдебиеттерде «білім беру» ұғымы 18-19 ғасырларда қалыптасып (Д.Локк, И.Г.Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып табылады.
Заман талабына сай білім беру процессі үздіксіз сипатқа ие болып келеді. Әрине білім беру үздіксіз болуы тиіс, себебі қазіргі таңда ақпаратгық технологиялардың жедел дамуына байланысты алған білімдер тез ескіруде, сондықтан адамзат баласы алған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Білім беру ұғымының мазмұны да езгерістерге ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында онын бірнеше анықтамалары бар.
- Кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын кұзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған процесс (А.Г.Асмолов).

1. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие - Алматы, 2009 - 190 с.
2. Решетников П.Е. Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: Рождение мастера.- М., 2000. - 304 с.
3. Концепция непрерывного педагогического образования педагога новой формации республики Казахстан. Алматы. 2005.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ереже. Астана, 2006. 68 бст.
5. Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология:Учебное пособие. Респ.изд.каб. Казахской академии образованияим. И.Алтынсарина. - Алматы, 2000. - 268 с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
СМЖ 3 - деңгейдегіПОӘК
құжаты
УМКД
042-1830-2013
Педагогикалық № 3-басылым
мамандыққа
кіріспе пәнінің
оқу-әдістемелік
кешені(студенттер
үшін)
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
(Барлық мамандықтарға арналған)
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы: 28.08.2013
п.ғ.к., доцент м.а. Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика
кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1 04.09.2013ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ Джанбубекова М.З.
2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1 05 09.2013ж.
Төрағасы: ________________ Ахметова Т.Ш.
3. БЕКІТІЛДІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік
кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1 18.09.2013ж.
ОӘК төрағасы: ____________ с.ғ.д. Искакова Г.К.
4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)
МАЗМҰНЫ
1. Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәні бойынша негізгі түсініктер
(глоссарий).
2. Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәні бойынша дәрістер кешені.
3. Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәні бойынша семинар тапсырмалары.
4. Студенттердің өздік жұмыстары.
1.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен
санаспай,қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы,тек өзінің айтқанын
орындауға бағытталуы.
Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір
адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қатынас).
Аксиология (грек тілінің ахіа - құндылық және logos-ілім) –
құн дылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы
философиялық ілім.
Антипатия - адамда басқа бір адам туралы теріс көзқарастың
қалыптасуы,оны жақтырмауы.
Әлеуметтік фрустрация-адамдардың болашақтың белгісіздігіне
алаңдаушылығы,мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі,жеке тұлғаның өзін
дәрменсіз,ешкімге қажетсіз сезінуі,балалар мен ересектердің әлеуметтік
қорғаныссыздығынан абыржуы,уайымға салыну сияқты психологиялық жағдайы.
Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір
топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.
Вербальсыз қарым-қатынас - мимика,ым-ишара,пантомима (дене
қозғалысы,қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас.
Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға
негізделген көзқарастар жиынтығы;тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға
бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын
ілім.Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы,ол адамның адами қасиеттерін сақтап
қалуға,тек жағымды,жақсы істерге бағыттайды.
Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша
қасиеттері,ешкімге ұқсамастығы,оның қайталанбастығы.
Демократиалық қарым-қатынас - оқушы білімді іздестіруде қарым-
қатынаста тең құқылы субьект ретінде қарастырылады.Оқушылар мен мұғалім
ынтымастық қарым-қатынаста болады.
Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның
әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол
құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің
санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен
сипатталады. Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге
индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы
ғана жеке тұлғаға айналады.
Индивид - адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде,биологиялық
тіршілік иесі ретінде қарастыратын ұғым. Индивид-жекелік,яғни көп
адамдардың біреуі.
Педагогика – адам тәрбиесі жайлы ғылым.
Педагогикалық үрдіс- оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын
білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет,ілгері
қозғалыс.
Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік
маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар.
Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру
бойынша тұлғаның саналы іс-әрекеті,бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын
өзі қалыптастыруы.
Шығармашылық – жаңа сапалы материалдық және рухани құндылықтарды
жасаудағы адамның іс-әрекеті.
Профессиограмма – маманның кәсіби даярлығына қойылатын талаптар
жүйесі; мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды
үлгісі, эталоны, моделі.
Педагогикалық парадигма дегеніміз нақты педагогикалық
міндеттерді шешудегі үлгі,стандарт,модель ретінде ұстанатын, негізгі
қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер,әдістер,теориялар,көзқа растар жүйесі.
Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық процесте жас ұрпақты
оқытып,тәрбиелеп,дамытуға,өздерін өздері іске асыруға және еркін
шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға
бағытталған кәсіби іс-әрекет.
Рефлексия – адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың
қалай қабылдайтаны жайлы өзін бағалауы.
Симпатия – бір адамның екінші адамға оң,жағымды көзқарасының
қалыптасуы.
Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-
күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы.
Перцептивті қарым қатынас – басқа адамның ішкі жан дүниесін
сезіне алу (perceptio – қабылдау,сезіну).
Ретиалды қарым қатынас – ақпаратты бір адамнан бір топ адамға
жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қатынас).
Интербелсенді қарым-қатынас – адамдардың өзара тығыз әрекетте
болуларын, тығыз байланыста,көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуіне
бағытталған қарым-қатынас.
Қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктернен туындайтын
және ақпараттармен алмасу,адамды адам қабылдау,түсінудіқамтитын адамдар
арасындағы байланыстарды орнату және дамытудың күрделі процесі.
Діл (менталитет) - тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір
социум дүниетанымның, дүниеге деген көзкарастарының және мінез-құлықтарының
терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Мәдениеттану
және философиялық әдебиеттерде діл белгілі бір кезеңдегі, географиялық
аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдар қауымы көзқарастарының,
сезімдерінің жиынтығы, тарихи және әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін
қоғамның ерекше психологиялық салты ретінде түсіндіріледі. Діл - рухани
кұбылыс.
Педагогикалық жүйе - жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға
бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық
ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдарының
жиынтығы.
Білім беру процессі - мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке
ақпаратты жеткізу.
Педагогикалық шығармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық
ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып
қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы.
Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің,
педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Әміршіл-әкімшіл(авторитарная) педагогика - көзсіз бағыну тәрбиесін
алға тартқан педагогика.
Ізгілікті (гуманистическая) педагогика – шәкіртті педагогикалық
үрдістің субъекті ретінде танып, адам менмдам арасындағы қатынасты ұлықтай
білген педагогика.
Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет
салуға,техникаға т.б.) байқатқан балалар.
Оқу – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдылары
мақсатты түрде меңгеру процесі.
2. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Дәріс №1. Білім беру кәсіби іс-әрекеттің жүйесі мен компонентті
маманның қалыптасу нәтижесі.
Мақсаты: болашақ ұстаздарға білім берудің түпкі мақсатын түсіндіру, оның
философиялық мәнін, әлеуметтік-гуманитарлық сипатын, көпаспектілігін ашып
көрсету.
Негізгі ұғымдар: білім беру философиясы, парадигма,
педагогикалық парадигма, құзыреттілік, діл (менталитет), құндылық.
Жоспары:
1. Қазіргі заманғы білім беру.
2. Білім беру ұғымына аспектілік жағынан келу.
3. Білім беру жүйелі негіздеу объектісі ретінде.
4. Білім беру құндылық ретінде.
5. Білім беру жүйесі.
Ғасырлар тоғысында білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде
өзгере бастады, себебі ол дамыған мемлекеттердің өркендеуінің негізгі
қозғаушы күшіне айналып отыр. Сондықтан күні бүгінге дейін педагогикалық
категория ретіде саналган білім беру үғымы кең мағынада маңызды
әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылуда. Білім беру мәселесімен тек
педагогика ғылымы айналыспайды. Білім беруді философия,
әлеуметтану, психология, экономика, мәдениеттану тағы басқа
әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар өз тұрғысынан қарастырып зерттейді.
Сондықтан бүл ұғымның ауқымы кеңею үстінде.
Ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған әлеуметтік тәжірибені,
көп жылдық мәдениетті сақтап, оны ұрпақтан ұрпақка жеткізе отырып
меңгерту білім беру ұгымымен тығыз байланысты. Педагогикалық әдебиеттерде
білім беру ұғымы 18-19 ғасырларда қалыптасып (Д.Локк, И.Г.Песталоцци),
бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып табылады.
Заман талабына сай білім беру процессі үздіксіз сипатқа ие болып
келеді. Әрине білім беру үздіксіз болуы тиіс, себебі қазіргі таңда
ақпаратгық технологиялардың жедел дамуына байланысты алған білімдер тез
ескіруде, сондықтан адамзат баласы алған білімін үнемі толықтырып,
жаңартып отыруы қажет. Білім беру ұғымының мазмұны да езгерістерге
ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында онын бірнеше
анықтамалары бар.
- Кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және
өмірлік жолын кұзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған
процесс (А.Г.Асмолов).
- Білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі
қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процесі және
нәтижесі (ЮНЕСКО, 1997) .
- Педагогикалық энциклопедияда білім беру ұғымы - жеке тұлға мен қоғам
мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған
әлеуметтендіру процессі {1999 ж).
- Білім беру - адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына
бағытталған тәрбие және оқыту процесі (Сластенин В.А.).
Осындай және тағы басқа білім беру ұғымына берілген
анықтамалардың көптігі оның кең мағыналылығының, көпқырлылығының,
маңыздылығының айқын дәлелі.
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты - тек білім, білік
дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік
құнды іс-әрекетке қатысуы үшін оның өзіне және қоғамға қажетті
қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан ойды өрбітетін болсақ, білім беруде тек
білімді меңгерту, білік пен дағдыларды қалыптастыру жеткіліксіз.
Керісінше білім, білік, дағдылар арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде
эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, дене
жағынан толыққанды дамуы маңызды. Білім беру барысында адам мәдени
құндылықтарды, ғылыми білімдерді меңгереді. Соның нәтижесінде
экономиканың, саясаттың, ғылымның, мәдениеттің, өнердің дамуына зор
үлесін қоса алады.
Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель
ретінде қабылданатын өзіндік теориялык, әдіснамалық ерекшеліктері болады.
Бұл жалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының
жиынтығы ғылыми тілде парадигма деп аталады. Парадигма ұғымың ең бірінші
болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген американдық
тарихшы Т. Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай
кезеңдер байқалады:
- парадигманың орнығуына дейінгі кезең,
- парадигманың қалыптасуы, орнығуы;
- ғылым сапасындағы дағдарыс, парадигмалардың ауысуы.
Білім беру философиясы көптеген сұрақтарға жауаптар іздестіреді.
Қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаның алатын орны қандай? Адамзаттың маңызды
мәселерін шешудегі білім берудің әлеуметтік рөлінің мәні неде? Қазіргі
кездегі білім беру саласы, оның даму бағыттары қандай? Ол болашақта
қандай болуы керек? Білім берудің қазіргі жағдайы қанағаттанарлық па?
Ал философия ертеден дамыған ғылымдардың бірі екені белгілі.
Философия-грек тілінен аударғанда (филео - жақсы көру,софия -
ақылдылық) - адамзат қоғамы мен ойлау табиғаты дамуының ең негізгі
заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырылады. Философия ғылымының
заңдары көптеген құбылыстарды зерттеуде, танып білуде, түсіндіруде
қолданылады. Осыған байланысты білім беру саласындағы көптеген
мәселелерді философиялық тұрғыдан түсіндіру көзқарастары қалыптасқан.
Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар
В.В.Краевский, Б.Л.Вульфсон, В.В.Кумарин, Б.С. Гершунский т.б.
Бұл ғалымдардың зерттеуінше білім беру философиясы үш тұрғыдан
қарастырылады:
1)Білім беру философиясы - қолданбалы философия ретінде қарастырылады.
Бұл тұрғыдан білім беру саласының даму заңдылыктарын
негіздеу үшін жалпы философиялық қағидаларды қолдану жеткілікті деп
есептелінеді.
2)Білім беру философиясының мазмұны педагогака ғылымының теориялық-
әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріледі
3)Білім беру философиясы дербес ғылыми білімдер саласы, оның негізін тек
білім беруге қатысты жалпы философиялық ілімдер ғана емес, білім берудің
барлық аспектілерінің қызметтерін қамтитын жеке шынайы даму заңдылықтары
құрайды.
Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру
саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті. Білім
беру ұғымының күрделілігі, көпжақтылығы оны жан-жақты қарастыруды кажет
етеді. Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С. Гершунский білім
беру ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді:
- білім беру құндылық ретінде;
- білім беру жүйе ретінде;
- білім беру процесс ретінде;
- білім беру нәтиже ретінде
Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады.
1) Білім беру - мемлекетік қңұлдылық;
2) Білім беру - қоғамдық құндылық;
3) Білім беру - жеке тұлғалық құндылық.
Білім беру жүйе ретінде. Дәстүрлі түсінігіміз бойынша білім беру
дегеніміз деңгейлерімен, кәсіптік бағыттарымен ерекшеленетін білім беру
мекемелерінің (мемлекеттік және мемлекеттік емес) жүйесі.
Бірақ білім беру мекемелерінің мұндай алуан түрлілігі оны әлі жүйе деп
тануға негіз бола алмайды. Себебі жүйе дегеніміз кез келген объектілердің
жиынтығы емес, олардың элементтерінің өзара сәйкестендіріліп байланысқан
жиынтығы. Қандай белгілер білім беруді жүйе ретінде сипаттайды? Ең
алдымен деңгейлеріне, профильдеріне қарамастан жүйені және оған кіретін
құрамды бөліктерді сипаттайтын жалпы, инвариантты сапалардың болуы қажет.
Мұндай сапаларға икемділік, тұрақтылық, болжамдылық, тұтастылық,
сабақтастық, вариативтілік, динамикалық сапалар жатады. Білім беру жүйесі
икемді және динамикалық түрде әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге
бейімделе алуы керек және өзіндік психологиялық-педагогикалық негізін
берік ұстануы маңызды. Жоғарыда аталған сапалардың өзі білім беру
жүйесінің күрделілігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесі
ретінде өзара бірлесе іс-әрекет ететін:
1) білім берудің деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының
жиынтығы;
2) білім беру бағдарламаларын типтеріне, түрлеріне, меншіктік
формаларына қарамастан іске асыратын білім беру ұйымдарының жиынтығы;
3) білім беру сапасының мониторингін жүргізетін ғылыми ұйымдар мен оқу-
әдістемелік қамтамасыздандыратын білім беруді басқару органдарының және
оған сәйкес инфраструктурасының жиынтығы қарастырылады.
Білім беру мекемелері төмендегідей деңгейлер бойынша сарапталады:
- мектепке дейінгг тәрбие мен оқыту,
- орта білім беру,
- орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
- жоғары кәсіптік білім беру.
- жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлері.
Білім беру - процесс және іс-әрекет ретінде. Білім берудің мәні
- мақсаттан нәтижеге карай жылжу процесі. Процесс деген сөздің өзі латын
тілінен аударғанда (processus - қозғалу, жылжу) - бір нәрсенің дамуындағы
құбылыстардың, жағдайлардың біртіндеп ауысуы; қандай болмасын
нәтижеге қол жеткізудегі іс-кимыдар жиынтығы деген мағынаны білдіреді.
Білім беру - педагог пен оқушы, студент арасындағы қарым-қатынас процесі.
Бұл процесс барысында оқушы немесе студент оқу, тәбие, даму процестеріне
жан-жақты белсенді қатысып педагогикалық қарым-қатынастың субъектісіне
айналады. Білім беру барысында педагог пен оқушы арасында ғана емес,
оқушылардың, студенттердің өзара біріккен әрекеттері де нығая түседі.
Аталып отырған педагогикалық процесс көптеген білім беру құралдары (оқу,
әдістемелік мәтіндер, көрнекілік құралдар, компьютерлер, аудио-видео
кұралдар, қашықтықтан оқыту аппараттары т.б.) арқылы арнайы
ұйымдастырылған (жеке, топтық, ұжымдық) түрде жүргізіледі.
Білім беру процесі үнемі мақсатқа бағытталған және күтілетін
нәтижелерге байланысты. Осы тұрғыдан білім беру процесін
технологияландырылған процесс деп те сипаттауға болады, себебі
педагогикалық технологияларда өзара сабақтасқан шағын және жалпы
мақсаттарға жетудің нақты кезеңдері, сатылары анықталады.

ақпаратты жеткізу арнасы. Сондықтан казіргі кезде білім беру саласында
ақпараттық технологиялар кең таралуда.
Білім берудің сапалық жағынан қарайтын болсақ ол тек құндылық,
тек жүйе, тек процесс емес. Білім беруді нәтиже ретінде де қарастыруға
болады. Оқу-танымдык процесс барысында әр адам білімнің бір сапалық
деңгейіне жетеді, ол оның нақты бір көлемдегі білімді игеруінің нәтижесі.
Бастауыш білім алу барысында адам сауаттылыққа ие болады.
Сауатты адам - өзінің білімдік әлеуетін ары қарай дамытуға, байытуға
дайын адам. Сауатты болу адамды білім беру саласында көп бастапқы
мүмкіншіліктермен қамтамасыз етеді. Сауаттылықтың негізгі педагогикалық
сипаты - оған барлық адамдардың қол жеткізе алуларында. Бірақ қазіргі
заманда тек сауатты адам ғана болып қалу жеткіліксіз.
Сауаттылық және білімділік ұқсас ұғымдар болғанымен екеуі тең мағыналы
ұғымдар емес. Бұл екі сапа адамның алған білім, білік, дағдыларының
көлемі, кеңдігі, тереңдігі жағынан, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерімен
ажыратылады. Адамдардың белгілі білім беру мекемелерінде алған, меңгерген
білімдерінің деңгейіне қарай бастауыш білімі бар адам, орта білімді адам,
жоғары білімді адам деп атайтынын көп естиміз. Білімділік - қоғам үшін
және тұлға үшін кажетті максимумға дейін жеткізілген сауаттылық.
Білімділік ұғымы қоғам мен адам өмірінің түрлі сұрақтары бойынша
дүниетанымның кеңдігі. Ол тұлғаның білім алу саласындағы жетістіктерімен
сипатталады.
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Қазіргі кездегі білім берудің мәні қандай?
2. Білім беру философиясы жайлы түсінік
3. Педагогикалык парадигма дегеніміз не?
4. Білім беру философиясының пәніне, нысанасына нені жатқызуға болады?
5. Білім беру құндылык екендігін қалай негіздеуге болады?
6. Білім беру жүйе екенін негіздеңіз,
7. Білім беру неліктен процесс, іс-әрекет ретінде карастырылады?
8. Білім берудің нәтижелілігін қалай түсінесіз?
Әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы заңы. Астана. - 2007.
2. Гсршунский Б.С. Философия образования для XXI века. - М. 1998.
3.Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік
Ғыл.жетекш. жасаған және жалпы ред. Басқарған проф. Ш.К.Беркімбаева,
проф А.Қ.Құсаинов. - Алматы; 2007. - 248 бет.
4. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика: учебное пособие. -СПб., 2007.-
304 с.
Дәріс №2. Кәсіптік білім беру саласындағы Педагогикалық мамандыққа
кіріспе курсының ролі мен орны.
Мақсаты: Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын және ғылыми-педагогикалық
білімдер саласындағы Педагогикалық мамандыққа кіріспе курсының
маңыздылығын, рөлін ашып көрсету.
Негізгі ұғымдар: мұғалімдік кәсіп, мамандық, кәсіпті таңдау, кәсіпті
таңдау мотивтері, педагогика тарихы.
Жоспары:
1. Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы.
2. Кәсіби білім беру саласындағы Педагогикалық мамандыққа кіріспе
курсының ролі мен орыны.
3. Студенттің мұғалімдік кәсіпті таңдауы және болашақ мамандығының
маңыздылығын түсінуі.
Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын зерттеу үшін әуелі педагогика деген
сөздің этимологиясына тоқталып өтейік. Педагогика деген сөз грек тілінен
аударғанда paida - бала, gogas - жетектеуші деген мағынаны білдіреді.
Жас ұрпақты тәрбиелеу - адамзат тәрбиелеу – адамзат қоғамына ғана тән
әлеуметтік құбылыс. Ежелгі Грецияда педагогтар деп баланы мектепке
жетектеп апарып қарап, қадағалап жүретін күтуші адамдарды атаған.
Ал кейінен қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу, және оларды еңбек
етуге даярлау қажеттілігі педагогтық кәсіптің пайда болуына негіз болды.
Сондықтан педагогтар деп балалардың өмірлік жетекшілері ретінде
тәрбиешілер мен мұғалімдер атала бастаған
Алғашқы қоғамның өзінде-ақ тәрбие еңбек пен өмір сүру процестерінің
негізінде пайда болды. Педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы тұрмыстық
бақылауларды жалпылауға, тәрбие мәселесіне байланысты әр-түрлі
пікірлердің жүйеленуіне негізделеді. Бұл қауымдық құрылыста үлкендердің
әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу еңбек іс-әрекетімен тығыз
байланысты еңбек құралдары да өзгере түсті.
Әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты адамзат
қоғамының әрбір даму сатысында тәрбие мен білім берудің мақсаттары мен
міндеттері өзгеріп отырған.
Тарихи мәліметтерге негізделетін болсақ ең алғашқы сандар, әріптер,
жазулар б.э.д. 2500 жыл бұрын пайда болған екен. Міне сол кездің өзінде
жаза алатын адамдар өз білімдерін жас буындар арасындағы таңдаулы
балаларға меңгертіп отырған.
Құл иеленушілік қауымдық құрылыстан бастап ең алғашқы педагогикалық
мәліметтер тәрбие мен оқыту міндеттері жайлы, әр-түрлі пәндер туралы
көзқарастар, ұстаз бен оқушыға қойылатын талаптар белгілі философ-
ойшылдардың көзқарастарында жүйелене бастағаны байқалады.
Педагогикалық ойлар философия, дін, қоғамдық саясат негізінде дамып
отырған. Қасиетті діни кітаптарда адамдардың мінез-құлқына қойылатын
талаптар, ата-ана міндеттері мен бала құқығы, адамдардың қарым-қатынас
ережелері, тәртіптері жайлы, жақсы мен жаманды ажырата білуге байланысты
ақыл-кеңестер жазылғаны белгілі.
Құнды тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Демокрит, Протагор, Сократ, Платон,
Аристотель, Квинтилиан сынды атақты философтардың еңбектерінде елеулі
орын алатыны анық.
Шығыс елдерінде орта ғасырларда тәлім-тәрбиелік ой-пікірлермен қатар
математикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами түсті.
Аты әлемге әйгілі шығыстың ғұлама ғалымы, ойшыл, философ, әлеуметтанушы,
математик, физик, астраном, лингвист, логик, музыка өнерінің зерттеушісі
Әбу Насыр әл-Фарабидің асыл мұрасында басқа мәселелермен қатар тәрбие,
тәртіп, этика, эстетика, ізгілік, адамгершілік мәселелері үлкен орын
алады. Оның Әлуметтік этникалық трактаттар, Бақытқа жету жолдары,
Азаматтық саясат, Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары сияқты
еңбектері әлі күнге дейінпедагогикалық білімнің, тәрбиенің қайнар көзі
деуге болады.
Орта Азияда түркі тілдес халықтар үшін аса маңызды, тәрбиелік мәні жоғары
құнды педагогикалық идеялар Махмұт Қашқаридің Диуани лұғат та-түрік,
Жүсіп Баласұғынның Құтты білік, Ибн Сина рубайлары, Әбу Райхан әл
Бирунидің тарихи тәлімдік, матиматикалық пікірлері, әл – Хогрезмидің төрт
ғасырдан Еуропа елдерінде оқу құралы ретінде қолданылған Ал- Джебр
еңбегі, Фирдеусидің Шахнамасы, Низамидің Ләйлі мен Мәжнүні, Қожа
Ахмет Яссауидің Диуни хикметі тағы басқа тәлім- тәрбиелік еңбектері
жастарды білім ғылымға шақыруға, адамгершілік қасиеттері мен гуманистік
көзқарастарын қалыптастырудағы асыл мұра, құнды мирас.
Орта ғасырларда көптеген мемлекеттерде тәрбие процесінің басым көпшілігі
діни сипсты болған. Педагогикалық кәсіптің пайда болыцсымен –ақ
ұстаздарға білімді берумен қатар тәрбиешілік міндет те жүктелді. Ұстаз
тұлғасы - әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші сияқты рөльдерді
қамтитін болды. Әр халықтың ойшылдары, қай ғасырда болмасын тәрбиемен
оқыту процестерін ажыратпас біртұтас процесс ретінде қарастыруды талап
еткен. Себебі тәрбие адамның бүкіл тағдырына әсерін тигізеді, оның
өмірінін рухани негіздерін қалайды. Адамға ең бірінші керегі білім емес,
тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қос жауы, ол келешекте
оның өміріне опат әкеледі - деген әл- Фарабидің сөздері қазіргі дамуы
жылдам қоғамызда да өзекті болып отыр.
Сонымен, педагогиканың ғылым ретінде дамуын адамдардың өмір мен еңбекке
дайындалуын объективті қажеттіліктері анықталады деуге болады.
Педагогиканың өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына XIIV ғасырда өмір
сүрген чех педагогы Я.А. Комескидің қосқан үлесі өте зор. Ол мектептерге
арналған ондаған оқулықтар, 200 ден астам педпгогикалық еңбектер жазып
оқытудың сынып – сабақ жүйесі жасаған адам. Қазіргі кезде сынып сағат
жүйесі, каникулдар, оқыту процестері осы педагоктың атымен тығыз
байланысты. Жалпы педагогикалық ғылымның дамуында, жетілуінде И.Г.
Песталоции, Ж.Ж. Руссо, К.А. Гельвеций, Д.Дидро, К.Д. Ушинский, А.С.
Макаренко, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, В.А. Сухомлинский
сынды педагоктар есімдері ерекше орынға ие.
Кәсіби білім беру саласындағы Педагогикалық мамандыққа кіріспе
курсының рөлі мен орны. Болашақ мұғалімдерді даярлауда арнайы пәндермен
қатар әлеуметтік – гуманитарлық пәндердің де алатын орны ерекше. Ал
тікелей ұстаздыққа байланысты білімдермен қаруландырытын және прпктика
жүзінде іскерлік пен дағдыларын қалыптастыратын педагогикалық пәндердің
маңызы зор. Педагогикалық мамандыққа кіріспе курсының мақсаты- болашақ
мұғалімдерді педагог қызметінің әлеуметтік жауапкершілігімен,
гуманитарлық маңыздығымен таныстыру және олардың бойында педагогикалық
қызметке қажетті педагогикалық бақыттылықты, кәсіби құзіреттілікті
қалыптастыру болып табылады.
Бұл пәннің негізгі міндеттері:
- қазіргі дүниежүзілік білім беру кесенесінде білім берудің әлеуметтік-
эканомикалық мәнін ашып көрсету;
- мұғалімдік кәсіпті меңгеруге деген жағымды ынтаны қалыптастыру;
- студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекеттерінің шығармашылық сипатына
саналы түрде мүмкіндік туғызу;
- әр студенттің мұғалімдік сапасын дербес қалыптастыруға, өздерін өздері
шыңдап іске асыруға жағдай жасау.
Педагогикалық мамандыққа даярлауда студеттердің жеке тұлға ретінде өсуі,
жан-жақты дамуы байқалады, себебі олар басқаларға тәрбие беру үшін ең
алдымен өздері тәрбиелі болуға тиісті. Педагогикалық мамандыққа кіріспе
сабақтарында студенттерге теориялық білімдерді меңгерумен қатар түрлі
треинингтер мен саулнамалар арқылы өздерін болашақ маман ретінде
зерттеуге үйрету көзделеді.
Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі бақылау үстінде болатыны анық.
Мұғалімдікті тандаған адам басқаларға үнемі үлгі -өнеге көрсете алу
керек, себебі бұрыннан бері халық арасында ұстаз беделі, ұстаз абыройы
жоғары бағаланған. Оның білімімен,ақылдылығымен қатар сөйлеген сөзі,
киінген киімі, жүріс –тұрысы,айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы
барынша үйлесімді,жарасымды болуы шарт. Осыдан талаптарға сай даярланған
болашақ ұстаздар тұлғасы жаңа сапалы деңгейлерге көтеріліп, жылдан жылға
дамып,бәсекеге барынша қабілетті,қоғам болашағына елеулі үлестерін қоса
алатын,кәсіби құзіретті болуы өте маңызды.
Болашақ мұғалімдерді даярлау барысында қарастырылып отырған пән негізінде
білім берудің әлеуметтік сипаты, мұғалім еңбегінің қоғамдық мәні, жас
мамандардың қоғам болашағы алдындағы жауапкершіліктері қарастырылады.
Бәсекеге қабілетті ұстаз- жаңа ғылыми білімдерді іздеуге,меңгеруге дейін,
тез және дұрыс шешім қабылдап алатын, өзінің кәсіби қабілеттілігіне
сенімді,шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде сипатталады.
Болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның өзін іске асыра алу
біліктілігіне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байланысты болады.
Тек осыдан қабілеттілікті қалыптастыру арқылы ғана мұғалім табысты
нәтижеге жетіп, педагогикалық еңбектің шыңына қол жеткізе алады.
Студенттің мұғалімдік кәсіпті таңдауы және болашақ мамандығының маңызын
түсіну. Болашақ кәсіпті тандау адам өміріндегі ең күрделі қадам және
маңызды шешімдердің бірі. Адамның өзіне ұнайтын, өмір бойы айналысатын
кәсібін дұрыс тандай білу үлкен жауапкершілікті талап ететін манызды іс.
Дұрыс тандалған кәсіп адам өмірінің мәнін, табыстылығын анықтайды.
Кәсіпті тандауда адам өзінің қызығушылықтарын, қабілеттерін,ерік-
жігерін, бейімділіктерін, икемділігін ескеру керек. Кәсіптік қабілеттерді
дамыту ешқашанда кеш болмайды, бірақ оны мектеп жасынан бастаған жөн.
Адам өмірінің маңызды құралдарының бірі- еңбек. Еңбек арқылы адам өзінің
ішкі әлеуетін іске асырады, қоғамның, Отанның дамып өркендеуіне өз үлесін
қосады. Өзіне ұнайтын еңбек түрін дұрыс тандау адамның бақытқа жету
жолының бірі. Өйткені тек ұнайтын іс қана адам бойында өмірге деген
құлшынысын оятып, жетістіктерге жетуге ынталандырып, қанағаттандыра
алады. Өзіне ұнайтын іспен айналысқан адам ондай істен ешқашан
жалықпайды, керісінше үлкен шабытпен шұғылданып, рахатқа бөленеді. Осы
айтылған пікірлерді ұлы адамдардың ойларымен негіздей кеткен абзал.

1. Педагог мамандығының пайда болуының себептері қандай?
2. Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәнінің мақсаты, міндеттері қандай?
3. Сіздің педагогикалық мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
4. Педагог тұлғасына қойылатын заманауи талаптар қандай?

4. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика: учебное пособие. -СПб., 2007. -
304 с.
Дәріс №3. Жеке тұлға педагогиканың негізгі мәселесі ретінде.
Мақсаты: студентердің қазіргі білім беру кеңістігіндегі жеке тұлға
мәселесі және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея туралы
көзқарастарын қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, жалпы адамзаттық
құндылықтар, ұлттық құндылықтар, көпмәдени тұлға, толеранттылық.
Жоспары:
1. Жеке тұлға ұғымы және оның қысқаша сипаттамасы.
2. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің концепсиясы.
3. Мұғалім тәрбие мен білім беру саласындағы тәжірибелік жұмысты
жүргізуші тұлға ретінде.
4. Студенттердің болашақ мамандығының маңыздылығын саналы түсінуі мен
қызығушылығы негізінде жеке тұлғаның өсуі үшін мұғалімдік мамандықты
таңдауы.
Жеке тұлға ұғымы және оның педагогикадағы сипаттамасы. Адам мәселесі
барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі
мәселелерінің бірі. Адам мен қоғам өзара қатынастарының нәтижесінде жеке
тұлға ұғымы ерекше орынға ие. Адам деген ұғыммен қатар индивид, даралық,
жеке тұлға ұғымдары жиі қолданылады.
Индивид деген ұғым адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде,
биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырғанда қолданаылады. Индивид-
жекелік, яғни көп адамдардың бірі. Индивид деген терминді қолданғанда
адамның жеке қасиеттері ескерілмейді. Индивид деп жаңа туған баланы да,
қарт адамды да атауға болады. Себебі олардың барлығы адамзат тұқымының
өкілдері.
Даралық- адамды басқа адамдардан ерекшелендіріп тұратын айрықша
қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, оның қайталанбастығы. Адамның даралығы
оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан бөлек, әдеттерінен,
қызығушылықтарынан, танымдық процестерінің сапаларынан (қабылдау, есте
сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял), қабілеттіліктерінен, өзіндік іс-әрекет
стильдерінен байқалады. Дүниеде психологиялық ерекшеліктері бірдей екі
адамды табу мүмкін емес. Адамдардың тіпті физиологиялық жағынан да бірі-
бірін қайталамайтындығы анық. Мысалы 19ғ. сонында ашылған ғылыми жаңалық
жер бетіндегі адамдардың бас бармақтарының үлкейтілген суреттерінің
бірдей болмайтындығының өзі әр адамның физиология тұрғысынан да
қайталанбас жан екендігінің дәлелі. Барлық адамдардың саусақтарының
құрылымы бірдей болса да, барлығыныкі капиллярлардан, теріден,
клеткалардан, бұлшық еттерден, нерв талшықтарынан құралсада сыртқы
терісіндегі суреттері әр адамдыкі әр түрлі болып келетіні ғажап.
Адамның қайталанбастығы- оның даралығында. Даралық пен жеке
тұлға тең мағыналы ұғымдар емес. Даралық ұғымда көбінесе индивидтің
табиғи, туа біткен қасиеттері ескеріледі (темперамент т.б), ал тұлға-
адамның әлеуметтік сипаты. Жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыра алуына,
жетістіктерге қол жеткізуіне, іс-әрекетіне қарап оған баға беріледі.
Даралық адамның жеке тұлғасының бір ғана көрінісі, көп қырының бір жағы.
Мысалы адамның жүйріктігі, шапшандығы, оның даралық қасиеттеріне жатады,
бірақ оның жеке тұлғалық сипаттамасына кірмейді, себебі ол қасиет
индивидтің араласатын адамдарының іс-әрекет және қарым-қатынас түрлерінде
маңызды роль атқармайды.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- жана-жакты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру болып табылады. Психологиялық-педагогиялық әдебиеттерде
К.К.Платонов, Л.С.Выготский, А.Н.Лентев т.б ғалымдар еңбектерінде жеке
тұлға ұғымына түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалары берілген.
Жеке тұлға- қоғамдық өмірдегі күрделі, көп жақты құбылыс, қоғамдық
қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында жеке тұлға деп
белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік
қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның,
ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға- қоғамдық мәні бар адам. Кез
келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық және еңбек іс-
әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Жеке тұлға- индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның
әлеуметтік құндылықтарды менгеруі және сол құндылықтарды іске асыра алу
қабілеттері. Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен, өз
санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлғалық
қаситтері арқылы адам қоғамдық қатынастарға қатысады. Психологиялық-
педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлға туралы тұрақты пікірлер
қалыптасқан:
-әр адам жеке тұлға бола алады.
-жеке тұлға адамды жануарлардан ажыратып тұрады, жануарларға қатысты жеке
тұлға ұғымы қолданылмайды.
-жеке тұлға- тарихи дамудың нәтижесі.
-тұлғалық қасиеттер бір адамды екінші адамнан ерекшелендіріп тұрады.
Жеке тұлғаның өзіндік сипаттамалары бар:
- белсенділік (өзінің іс-әрекет саласын кеңейтуге құлшынысы);
- бағыттылық (ынта, қызығушылықтар, қажеттіліктер, сенімдер жүйесі);
- әлеуметтік топтардың, ұжымдардың өзара әрекеттестігі.
Педагогикалық сөздіктерде жеке тұлға ұғымы- әлеуметтік қатынастардың және
саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Жеке тұлға өзін
мынандай үш бағытта көрсете алады:
- іс-әрекетте;
- басқалармен қарым-қатынаста;
- өзіне деген қатынаста.
Белгілі психолог К.К.Платонов жеке тұлғаның сапаларын жүйелеп, оның
иерархиялық құрылымын қарастырған. Оның пайымдауынша жеке тұлғаның кез
келген сапасында туа біткен (биологиялық, тұқым қуалаушылық) және жүре
біткен (әлеуметтік) құрамды бөліктері болады. Солардың қатынастары
бойынша жеке тұлғаның құрлымында сапалар 4 топқа немесе иерархиялық
деңгейге бөлініп қарастырылады.
4-ші, төменгі биологиялық құрлымы, оған темперамент, адамның жас және
жыныстық ерекшеліттері жатады, бұнда ешқандай әлеуметтік қасиеттері жоқ;
3-ші, құрлымдық деңгейде биологиялық нышандар негізінде жаттығулар
арқылы қалыптасқан психологиялық процестер (сезімдер, қабылдау, қиял,
зейін, есте сақтау, ойлау, ерік) ерекшеліктері жатады;
2-ші, тәжірибелік деңгейге тұлғаны оқыту арқылы қалыптасқан білім,
білік, дағдылары, әдеттері жатады;
1-ші, жоғарғы деңгей, тәрбие арқылы қалыптасқан (сенімдері, дүниетанымы,
көз қарастары, қызығушылықтары, тілектері, мақсаттары, әлеуметтік
ұстанымдары, құндылық бағыттары, моральдық принциптері ) әлеуметтік
бағыттылықтары жатады. Бұл бағыттылықтар адамның қоршаған әлемге
қатынасын көрсетеді.
Жеке тұлғаның өзегі - оның Мен- жүйесі. Әрбір тұлға өзін-өзі
тәрбиелеу арқылы Мен- жүйесін дамытып, жетілдіріп отыруы қажет.
Сондықтан болашақ мұғалімдерде балалар тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін
ең алдымен студенттік жастарынан бастап өздерінің жеке Мен-дерімен
жұмыс істеп, бағыттылықтарын, қабілеттіліктерін дамытып, мінездерің
тәрбиелеулері және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде мәдениеттерін
жетілдіріп отыруы маңызды.
Жеке тұлға және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея.
Жеке тұлға дүниедегі бар нәрсені сол дайын түрінде қабылдап қана
қоймай, өзіндік саналығы, ақылдылығы, белсенді іс-әрекеті негізінде
қоршаған ортаның өзгеруіне, қоғамның дамуына әсер ете алады.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың жедел дамуына байланысты адамдар
жер шарының әр бұрышындағы кез келген ғылыми, экономикалық, әлеуметтік,
психологиялық, медициналық жаңалықтарды біліп отыруларына мүмкіншіліктері
бар. Соның нәтижесінде адамның дүние танымы да кеңейе түсуде.
Әр жеке тұлғаның дүние танымы дегеніміз адамның дүниеге, қоғамдық
қатынастарға, табиғатқа, өзіне деген көз қарастар жүйесі, оның
бағыттылықтарының формасы. Ал адамның дүние танымы арқылы оның
құндылықтары, өмірлік идеалдары мен ұстанымдары байқалады.
Барлық адамдарға ортақ бейбітшілік, адам құқықтары, экология,
ашаршылықтың болмауына кепілдік, денсаулық т.б. құндылықтардың қажет
екендігі сөзсіз.
Ал мұндай жалпыадамзаттық құндылықтар өз бетінше кездейсоқ қалыптаса
алмайды, оны жүйелі тәрбие түрінде ұйымдастыру қажет. Ол үшін жас ұрпақ
тәрбиесінде мынандай міндеттердің орындалуы маңызды орынға ие:
- дүниежүзілік қарама-қайшылықтар қалай болмасын әр адамға әсерін тигізеді,
ондай қайшылықтарды шешуге ат салысуда әр адамның үлесін ескеру;
- жалпы адамзаттық мәселелерді шешуде ұлтаралық, халықаралық,
мемлекетаралық байланыстарды нығайтудың қажеттілігін түсінулерін
қамтамасыз ету;
- жер бетіндегі бейбітшілік үшін, қоршаған табиғатты сақтау үшін ғылым мен
мәдениеттің, барлық елдердің, адамдардың өзара ынтымақтастықтарын
қамтамасыз ету.
Ұлттың болашағы- оның ұрпғы. Олай болса жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың
дүние танымдарының дұрыс қалыптасуына әсер ететін ұлттық бағыттағы іс
шаралар жүйелі жүргізілуі қажет. Жас жас ұрпақа ұлттық тәрбие беруде ұлы
адамдардың құнды ой пікірлерінің, қанатты сөздерінің ұлттық рухтың күшейе
түсуіне ықпалы зор.
Әлемдік білім беру кеңістігінде қажетті көпмәдени жеке тұлғаны
қалыптастыру мәселелері. Әлемдік білім беру кеңістігін не құрайды? Оның
құрмына мақсаттары, міндеттері, мәдени салт-дәстүрлері, философиялық
негіздері бойынша ерекшелінетін ұлттық білім беру жүйелері кіреді.
Осындай әр түрлі білім беру жүйелерінің өзара байланыстар,
әркеттестіктері әр адамның дүние танымының кеңеюіне, рухани тұрғыдан
баюына, мәдениетінің қалыптасуына септігін тигізіп, өздерін әлемдік білім
беру кеңістігінің бір бөлігі ретінде сезіне алуларына мүмкіндік тудырады.
Бірақ осы жағандану процесінде әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт
дәстүрлері, тілі мен дінінің сақталып қалуы басқа мәдениеттер тоғысында
өз орның жоғалтып алмауы өзекті. Қазақстанның да осы бағытта дамуындағы,
өзіндік бет-бейнесін сақтап қалудағы басты жолдардың бірі- ғасырлар бойы
қалыптасқан ұлттық құндылықтарымызды сақтап және білімді де саналы жас
ұрпақ тәрбиелеу. Осыған орай ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай:
Қытайлықтар ұлы қытай қорғанымен, египеттіктер пирамидаларымен,
итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық
құндылықтары мен бай тілін мақтан етеді.
Жеке тұлғаның іс-әректінің табысты және жемісті болуы олардың мәдениетіне
тікелей байланысты, себебі мәдени білімдер оның құндылық бағдарының
негізі. Адам тұлғасының қалыптасуы, оның мәдениеті бала кезіне, білім
алуы, тәрбие алу мекемелерінен басталады. Ұлттық тәрбие дегеніміз әр
адамның тек өзінің ұлттық ерекшеліктерімен, ұлттық мәдениетімен ғана
шектелуі емес. Әрине алдымен әр адам өз ұлтының салт дәстүрлерін, тілін,
тарихын білуге міндетті. Бірақ басқа тілді үйреніп, басқа мәдениеттермен
танысуына шектеу жоқ. Себебі қазіргі таңда адамдардың көп мәдени тұлға
ретінде қалыптасуы өте маңызды.
Көпмәдени тұлғаны қалыптастыру ретінде әр елдің ұлттық ерекшеліктерін
ескере отырып:
- адамның салт-дәстүрлерге бай түрлі мәдениеттер, құндылықтар жағдайына
бейімделуін, икемделуін;
- адамдардың түрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықта өмір сүруге
ұмтылушылықтарын нығайту қарастырылады.
Әр халықтың мәдени өзгешеліктерін сақтай отырып халықтар арасындағы
достықты, түсіністікті нығайту көп мәдениеттілікке тәрбиелеудің маңызды
бағыттарының бірі. Бірақ сол көпмәдени тұлғаны қалыптастыру білім беру
процесінде іске асырылып, оның нәтижелерінің бірі болып табылады. Білім
беру процесі арқылы адам мәдениет әлемімен терең таныса алады, мәдени
құндылықтарды меңгереді.
Білім беру мазмұны әр түрлі халықтардың мәдени мұралары арқылы, үнемі
даму үстіндегі ғылым салалары мен адамның өмірлік тәжірибесі негізінде
байып, өзгеріп, толықтырылып отырады. Қазіргі кезде әрбір тұлға тек бір
ұлттың азаматы емес, ол әлем азаматы болынуына бет бұрыс алу қажет.
Сондықтанда дүниежүзілік білім беру кеңістігі деген көп көніл бөлінуде.
Адами қасиеттерін сақтап, мәдениетті болуы оның ұлттық ерекшеліктеріне
байланысты емес. Қандай ұлт өкілі болсада адам жалпы адамзаттық
мәдениетке сай болуы керек.
Көпмәдени тұлғаның қалыптасуына барлық білім беру мекемелері, тәрбие
жүйелері, әлеуметтік институттар әсер етеді. Бұл үздіксіз жүретін процес.
Ол тек бір мекеме көлемінде емес, адамның өзіндік білім алу барысында,
оның өмірлік тәжірибесі негізінде қалыптасады. Көпмәдени тұлғаның
қалыптасуына бұқаралық ақпараттық құралдардың, өнердің, саясаттың әсері
зор.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және толеранттылық.
Қазіргі таңда адамдардың рухани байлығы, олардың әлеуметтенуі көкейкесті
әселелерге айналып отыр, себебі олардың өмірлік бағыт-бағдарларын
анықтайтын қоғамдық қатынастарға икемделуі тұлға аралық қарым-
қатынастары, ұларалық қарым-қатынастары гуманизм қағидаларына негізделуі
тиіс. Адам баласының тұлға ретінде дамып қалыптасуына оның өскен
отбасылық отасы, ұлттық салт-дәстүрлер, әлеуметтік ортасы көп әсер етеді.
Кезе келген жеке тұлғаның дербес психологиялық ерекшеліктерімен қатар
ұлттық сана сезімдері, ұлжандылығы, ана тіліне деген сүйспеншілігі сияқты
ұлттық ерекшеліктері болады.
Ұлттық тәлім-тәрбие ұлттық тіл арқылы іске асатыны анық. Тіл-
адамдардың байланыс, қарым-қатынас құралы. Ал басқа ұлт мәдениетімен
танысу сол ұлттың тілін білу арқылы іске асырылады. Қазіргі жалпы білім
беру мектептерінде ана тілімен қатар шет тілдерінің де оқытылуы осы
себептен. Шет тілдерді оқыту ол тек білім алу үшін емес, ол практикалық
қажеттілік, ол заман талабы. Бірақ ұлттық сана сезімін дамуының ірге тасы-
ана тіліне деген сый-құрмет. Халық тағдырындағы тілдің маңыздылығын
бағалауға, құндылығын арттыруға байланысты айтылған мынандай ұлағатты
ойлар күн бүгінге дейін өзекті болып отырғаны баршамызға анық:
Қазіргі дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісі барлық
мәдениеттердің ықпалдасуына, ынтымақтастығына негізделеді. Осыған
байланысты ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселесі туындайды.
Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері бірігіп өмір сүруде. Өзіндік
ұлттық ерекшеліктері бола тұра, олар бірі-бірімен қоғамдық, әлеуметтік,
мәдени, тілідік қатынасқа түсіп араласады. Осы қатынастар барысында
ұлттық мәдениет, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz