Тұрғын үйлер мен қоныстар


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тұрғын үйлер мен қоныстар

Татарлардың ата-бабалары көшіп қону дәстүрін отырықшылыққа көшкеннен кейінде жалғастырылғаннан. Жылы уақыттан бастап адамдар қысқы қоныстарын тастап табиғаттың әсем жеріне орналастырылған киіз үйлерге көшетін болған.

Татар ауылдары ХІХ ғасырпға дейін бұрынғы кездегі қоныстану дәстүрін ұстанған. Үйлер шарбақтың ең түпкі жағында болған көшелері тар келген.

Қазақтардың түрғын үйлері. Қазақ халқының түрғын үйі - киіз үй материалдың мәдениеттің тамаша ескерткіші. Ол қысқы және жазғы болып белінді, үлкендігі және құрылысы женінен бір-бірінен айырмашылығы болды.

Киіз үй - ағаш және киізден дайындалатын, ағаш керегелерден, шаңырақтан, уықтардан тұратын жиналмалы тұрғын үй. Киіз үйдің үлкен-кішілігі қанаттарының (керегелер) санына байланысты болады. 12 қанаттан түратын киіз үйдің ауданы 100-120 шаршы метрге тең болған. 12-15-18 қанатты киіз үйлерді XII ғасырдан бастап пайдаланған. Әрбір кереге 36 сағанақтан тұрған. Керегелер тор көз, жел көз болып екіге бөлінген. Оңтүстікке қарап ашылатын есік "сыңырлауық" деп аталған. Керегелер сырты тоқылған шимен жабылған. Сырты киіз "туырлықпен", одан жоғары орналасқан уықтардың үсті "үзікпен", шаңырақ үсті киіз "түндікпен" жабылған. Аталған киіз бөліктер әр түрлі түсті "белдеулермен" бекітілген. Киіз үйдің іші кілемнен, киізден, тоқыма әдісімен дайындалған басқұрлармен, баулармен бекітілген. Өздерінің қолданылуына қарай киіз үйлер үшке бөлінген. Қонақ қабылдауға арналған салтанаттың киіз үйлер ауданының үлкенділігімен, әдемілігімен ерекшеленген. Салтанаттың киіз үйлер кемінде 12 қанаттан тұратын болған, үстін жібекпен, ақ киізбен көмкерген. Өте әдемілігімен тойға арналған киіз үйлер - отаулар ерекшеленген. Күнделікті тұрмысқа арналған киіз үйлердің аудандары да шағын болған. Оларды көшіп-қонған кезде бір түйеге артып жүре беретін болған. Сонымен қатар қазақтар тұрғын үй үшін күркені жене күймені пайдаланған.

Киіз үйдің ортасына тамақ дайындау үшін және салқын кезде үй жылыту мақсатымен ошақты орналастырған. Есікке қарама-қарсы қонақтар мен құрметті адамдар үшін төр болған. Есіктің екі жағы босаға деп аталған, оң жақ босағада ыдыс-аяқ, құрал-сайман, сол ұсақ босағада ат әбзелдері сақталған. Босағадан оң жақта үй-иелерінің кереуеті орналасып, ол шымылдықпен бөлінген. Киіз үйдің ішкі жасауы әр түрлі ағаш, тері дүниелерден, кілемдерден, шиден, киізден тоқылған заттар мен нәрселерден тұрған. Киізден дайындалған текеметтер, сырмақтар, түкті кілемдер түрлі-түстілігімен, ою-өрнегімен, әдемілігімен көздің жауын алатын болған. Қабырғаға ілінетін ою-өрнекпен, тігіспен әдіптелген киіз-кілем түскиіз деп аталған.

Ыдыс-аяқ және ас-су құралдары ілінетін аяқ-қаптарда, екі қалталы қоржындарда, киіз жәшіктерде (шабданда) сақталған. Ағаш заттар - жүк аяқтар, ас салатын кебежелер, көркем оюлармен әдеміленген.

Жықпалы, тікпелі байырғы киіз үй қазақтардың ең қолайлы баспанасына айналды. Киіз үй жабыннан және оның сүйегінен (ағашынан) құралады. Жабынына - туырлық, үздік, түндік, есік аталатын киізіжатты. Сүйегіне шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық (есік) делінетін ағаш қаңқасы жатты. Кереге түйенің шикі таспасынан жасалған "кереге көгі" деп аталатын таспамен үстатылады. Керегесінің санына қарай киіз үй алты, сегіз, он, он екі қанатты деп, сырт керінісіне қарай: ақорда, қоңыр үй, қараша үй, отау, абылайша, т. б. деп аталды. Мұнымен бірге, арба үстіне орнатылатын жылжымалы үй түрі де болды. Ол туралы Рузбехан Исфаһани: "қазақ үйлері арба түріндежасалып, доңғалаңда орнатылады, . . „түйе, ат жегеді. Осы арбалар керуендегі түйедей түзіліп . . . көшіп отырады . . . арбалар жүздеген моңғол фарсангісіне созылып жатады деп" жазады. Жылжымалы үйдің жеңіл түрі "Қозы Көрпеш", "ҚызЖібек", "Қобыланды" жырларында сән-салтанат үйі - күйме түрінде суреттеледі.

Шошала қыста тұратын үйдің ең ескі түрі болды. Формасы жағынан киіз үйге ұқсас, жартылай жертөленің төбесі сүйірлене шығарылып, құрылыс іргесі жерге 50-60 сы қазылып салынды. Екі-үш бөлмелі болды. Таулы жерлерде тастан қалап түрғызылды. Аумағы төрт қанатты киіз үйден аспайтын еді. Бұлармен бірге халық шым, кірпіш, балшық, қамыс, ағаштан жасалған аласалау үйлерде де тұрды. Бұл үйлердің ауыз үй деп аталатын кіре беріс бөлмесінде ас дайындалды, жас төлдер ұсталды. Ертіс, Алтайда мұндай 2-3 бөлмелі үйлер көбіне ағаштан, Сыр бойында қамыс, балшықтан, т. с. с. жерлерде құрылыс материалының жағдайына қарай салынып отырды. Мұндай қыстаулар әдетте ықтасынды отын-суы мол жерлерге орналасты.

Қысы жазы бірге көшіп-қонып жүретін үйлер ауыл делінді. "Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі - тірлік" деген мәтел оның қоғамдық сипатын аша түскен. Ауыл алғашқыда аталастық, туыстық жақындыққа. қарай құралғанмен, кейін келе бұл шарт орындалып отырмаған. Оған басқа рудың адамдары да келіп, қоқсы, кірме болған. Онда 5-6 үйден, 10-15 шаңыраққа дейін түтін тұрды, ауылдастар бірге көшіп, бірге қонды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуірі жайлы ақпарат
Тас ғасырының қоныстары мен қола дәуірі кезіндегі баспана мен қоныстар( б. з. д XIII-VIII)
Қазақстан жеріндегі тұрғын үйлер мен баспаналардың даму тарихы
Қазақстанның орта ғасырлардағы қалалары мен қоныстары
Қола дәуіріндегі қазақстан тайпалары
Қола ғасыры археологиялық дәуір ретінде
ҚАЗАҚТЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІШҢ ДАМУЫ
Андронов дәуірінің қоныстары мен тұрғын үйлері
Энеолит дәуіріндегі әлеуметтік және шаруашылық ұйым
Ғұн және Усун мемлекеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz