Түркістан өңірі тұрғындарын енді Ресейдің кару күшімен басып алудағы негізгі мақсатын айналымға түскен жаңа құжаттар мен деректер негізінде көрсету


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ТАРАУ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ І ЖАРТЫСЫНДА ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ . . .

1. 1 Қала мен өңірінің сипаттамасы және экономикалық жағдайы

1. 2 Түркістан өңірінің Қоқан хандығы қол астына өтуі . . .

1. 3 Қоқан қоластындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы . . .

  1. ТАРАУ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ІІ ЖАРТЫСЫНДА ТҮРКІСТАН

ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ . . .

  1. Түркістан өңірі Қоқан-Ресей қатынасының шиеленісу жылдарында . . .
  2. Ресей қол астына өткеннен кейінгі Түркістан өңірі . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Өркениетке бет алған қай халық болсын өзін өзі танып, білуі тиіс. Өткен тарихын, бүгінге қалай жеткенін, оның басынан кешкен небір қиындықтар мен ерлік істерін білмейінше оның қадір-қасиетін біле бермейді. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін тарихымызды тереңінен зерттеп, ұзақ жылдар бойы айтылмай келген жайларды ашық айтуға, өткен оқиғаларға жаңа ұлттық-тарихи көзқарас арқылы баға беруге мүмкіндік туды.

Тарих таным, тағылым, тәрбие, бабалар тәжірибесі, туған топырағыңды танудың кілті. Отаныңа деген сүйіспеншіліктің ақ бастауы. Қазақстан тарихының өзіне ерекше назар аудартатын іргелі тақырыптарының бірі - қалалар тарихы.

Кең байтақ даламыздың тарихы, бізге өз халқының атақ-даңқын аспандатқан ұлы тұлғаларымен, олардың кіндік қаны тамып, білім нәрін алған, өркениеттің ежелгі ескерткіштерін жинақтаған қалалармен тығыз байланысты. Ғасырлар бойында ғұмыр кешкен арғы ата-бабалар, тұтас бір халықтар, кейінгі ұрпақтарына бүкіл адамзат игілігіне айналар төлтума мәдениетін мұра етіп қалдырды. Далалық өлкені Батыспен жалғастырған, Ұлы керуен жолында кент-бекіністер, қамалдар, мазар-кесенелер мен тұтас бір қалалар кешені бой түзеді. Соның бірі қасиетті Түркістан қаласы.

Баршамызға белгілі, қаншама жылдар бойы қазақтардың Ресейге тәуелді болуы, одан кейнгі тоталитарлық жүйе, әлбетте халықтың жандүниесіне әсер етті. Біртіндеп, зорлықпен танылған көзқарас мүлде дұрыс делініп, үстемдік алды. Бұл әрбір қазақтың еркін ойлап, белсенді қимыл көрсетуіне кедергі жасады. Осының барлығы халқымыздың өткен тарихына деген дұрыс көзқарасынан айырылып қалуына алып келді.

Бұл күні, енді тәуелсіз ел ретінде, мұндай көзқарастың біржола азат болу қажеттігі туды. Қазақ халқының өзіндік төл тарихын оқыту, әсіресе, оны ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттігін қазіргі өмір шындығы көрестіп отыр. Оның үстіне бұл күні Қазақстан Республикасымен іргелес орналасқан елдер ғана емес, сондай-ақ шалғайда жатқан мемлекеттер халқымыздың өткен тарихын білуге айрықша көңіл бөліп отырған тұста әдейі бұрмаланған мәселелерді қалпына келтіру өте қажет.

Әрине, тарихымызды жазғанда Кеңес Одағынының тарап, бұрыңғы одақтас республикалардың өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекеттер болуынан кейін өткен тарихты қайта жазған кезде көршілес жатқан елдермен айтыс-тартыс туғызады-ау деген мәселелерді дұрыс қарастырудың өзінің маңызы зор. Осындай байыппен қарайтын мәселелердің бірі бірі - қазақ жерінің оңтүстік өңірін соның ішінде Түркістан қаласын Қоқан хандығының басып алуы, кейіннен олардан Ресей империясының қару күшімен тартып алуы.

Кеңес өкіметі жылдарында Қоқан хандығының Қазақстанның оңтүстігін билеген кезінде қазақтарға құлақ есітіп, көз көрмеген ауыр азабы да терең жазылмады. Біздің қарастырып отырған мәселеміз - ХІХ-ХХ ғ. ғ. Түркістан қаласының тарихы. Бұл кезеңде Ресей империясы мен Қоқан хандығының арасындағы оңтүстік өңірі үшін жарты ғасырдай уақытқа созылған текетіресінде патша үкіметінің мақсаты бұл өңірдегі қазақтарды қоқандықтардың билігінен азат ету емес, керісінше, бүкіл Орталық Азия халыктарын күштеп бағыңдыру еді.

Дегенмен сол кезде қазақ халкының бір бөлігі Қокан, Бұкара, Хиуа, екінші бөлігі Ресей қол астында, ал шағын ғана бөлігі Қытай империясына қарап, бір казақ беске бөлінді. Өткен тарихымызға зер салып, зерттей қарайтын болсақ оның себебі сол кезде бірлік пен ынтымактың болмағандығы. Бұл жөнінде сөз болғанда еліміздін Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «Казақ халқы бесінші империяның -Ресейдің кұшағына тап болды. Бұл жолы тағы да ішкі алауыздыктан, бірліктің жоктығынан, қазақ жерінің ұсақ хандыктарға бөлініп кеткендігінен барлық талпыныс жеңіліске ұшырады. Өйткені сыртқы шапқыншылыкты тойтару, сыртқы жауға карсы тұру мүмкіндігі әркашанда ішкі күшке негізделеді, керісінше болмайды»[1], - деп атап көрсетуінің өзі осыны меңзеп тұр емес пе!

Тақырыптың зерттелу деңгейі . ХІХ-ХХ ғ. ғ. Түркістан қаласының тарихы мәселесіне орыс ғалымдары мен зерттеушілері сол кездің өзінде көңіл бөлген. Көптеген орыс саяхатшылары мен арнаулы мекеме қызметкерлері халқымыздын тұрмыс-салты, шаруашылығы мен мәдениетімен танысып, бұл өлке туралы өздеріне дейінгі жазылғандарды байыптап, жаңа мәліметтер косып отырды. Олардын зерттеулерінің негізгі мақсаты орыстардың отарлау саясатын ақтау, осы өңірдегі жасаған барлық істерінің тек жақсы жақтарын ғана жазу болғаны белгілі.

ХІХ ғасырдың ортасындағы Түркістан өңірінің тарихы бүкіл оңтүстік қазақтарының тарихымен тығыз байланыста болды. Аталған кездегі оңтүстік өңірінін жағдайы жөнінде сөз болғанда Ресей жөне Қокан текетіресі карсаңындағы оңтүстік казактарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде терең талдаулар жасаған А. И. Левшинді айналып өте алмаймыз [2] . Ол XIX ғасырдың 30-жылдарына дейінгі қазақ халқының саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, халық тұрмысы мен шаруашылығы, қазақ даласының жағрафиясы жөнінде көптеген, мейлінше бағалы мәліметтер калдырды.

Сол кездегі Ұлы жүз бен Орта жүз казактарының Цин империясына жақын шекарада көшіп-қонып жүргендерінің жағдайы жөнінде едәуір мағлұматтар берген Ресей Сырткы істер министрінің азиялық департаментінің белгілі кызметкері Е. Ф. Тимковскийдің XIX ғасырдың 20-жылдарының басындағы Қытайға жасаған саяхаты жөнінде жазылған еңбегі де аса маңызды [3] . Мұнда аталған өңірде тұратын казактардың шаруашылығы мен хал жағдайы жөнінде көптеген құнды мәліметтер бар.

Ресей империясы мен Қоқан хаңдығының XIX ғасырдың 50-жыддарьгаың басындағы карым-катынастарының шиеленісуі, Казақстан мен Орталық Азия иеліктерінің аракатынастары туралы маңызды енбектер жазған, сонымен бірге өзі осы өңірді жаулап алу соғысына белсене қатыскан белгілі зерттеуші А. И. Макшеев көптеген мәліметтер калдырған. 1853 жылгы генерал В. А. Перовскийдің Ақмешітті алу экспедициясына катыскан ол, осы камалды орыстардың калай тартып алғанын гана емес, Сыр бойындағы казактардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, шаруашылығы, тұрмысы жөнінде де мәліметтер береді [4] .

Аталған кездегі емес, оған дейінгі кезеңге дейінгі Сырдария өңіріндегі Казалы, Ақмешіт, Түркістан, сондай-ақ Әулиеата жоне Шымкент туралы, оларды алуда қандай шайқастар болганы жөнінде жан-жакты мағлұматтар беретін А. И. Добросмысловтың [5] мазмұнды еңбегінін де өзіндік орны бар. Оның Сырдария облысының калалары жөнінде жазған еңбегінде Түркістан генерал-губернаторлығының мұрағатында сақталған бай материалдарды, баспа бетінде жарияланған еңбектер мен жер-жерде халық арасында сақталған аңыздарды да жинактап жазылғандыктан, қалалар тарихы жөнінде таптырмайтын дерек көзі болып табылады. Ал П. И. Пашино Сыр бойы казактары өмірімен таныса келіп, олардың орыстарға сеніммен қарайтынын, бірақ калаларды басып алғандағы орыс әскерлерінің жергілікті тұрғындарға жасаган жауыздық әрекеттерін әшкерелейді [6] .

Қокан хандығының басқыншылық саясатын, Әлімхан мен Омарханның Алатау бөктеріндегі казактар мен қырғыздарға жасаған жорықтарын В. Наливкин накты фактілермен дәлелдеп береді. Ол, сонымен бірге, XIX ғасырдың ортасындағы қазақ, өзбек, қырғыздар арасындағы қарым-катынастарға токталып, бұл халықтардың сол кездегі саяси жағдайын және қоғамдық құрылысын баяндайды [7] .

Түркістанның өткен тарихына алғашқылардың бірі болып ден қойған, Орынбор өлкесін зерттеуші П. И. Рычков болды. Ол өзінің еңбегінде аудармашы Оразалының айтқан аңызын келтіреді: "Бұл қаланы парсылардың төртінші патшасы Жамшид-шах салдырған . . . , ол өз әскерімен ұлы Татарияға келді, қажеттілік негізінде, әскерді орналастыру үшін үш қаланы салуды бұйырды. Оның біріншісі Түркістан, келесілері Утрар, үшіншісі Сауран . . . " П. И. Рычков Түркістанның бұрынғы Иассының орнында екендігін айтады.

XIX ғ. 60-жылдарының ортасынан бастап Түркістан қорымдарын зерттеуге деген қызығушылық оянды, оның басты себебі Қожа Ахмет Иассауидің ханакасы (мүрдесі орналасқан жер) болды.

1865-1866 ж. Түркістанға келген Уфалық сот қызметкері М. Бекчуриннің "Әзірет сұлтан мешіті" жайында қалдырған мәліметтері аса құнды деректер береді. Бұл еңбекте алғашқылардың бірі ретінде Қожа Ахмет Иассауи кешенінде жерленгендердің жатқан орнын көрсетеді.

Ал, 1866 жылы Сауран, Ясы (Түркістан), Қарнақ, Сайрам (Испиджаб) қалаларының үйінді орнын географ А. К. Гейнс қарап шыққан болатын.

Келесі бір зерттеу еңбегіне тоқталар болсақ П. И. Лерхтің еңбегін атап өтуіміз керек. Ол өз еңбегінде, Түркістан қаласының қазіргі орнында бұрын Ясы қаласы болғандығын, археологиялық материалдар арқылы негіздеді. Сонымен қатар Лерхтің есебінде ХIV-ХVI ғ. Сырдария бойындағы қалалар жайындағы жазба деректер мәліметі де келтіріледі, Қожа Ахмет ханакасы ішіндегі құлпытастар суреттеледі.

Қоқан ханының аталығы болган, Ресей әскерлеріне карсы шайкастарда бас қолбасшысы қызметін де аткарған Әлімқүл мен Түркістанды қарудың күшімен алған НА. Веревкин, Әулиеата, Шымкент, Ташкент калаларын басып алған М. Г. Черняев әскерлерінің шайкастары жөнінде белгілі өлкетанушы Е. Т. Смирновтың баспаға дайыңдап, кейінірек жарық көрген Ахмет сұлтан Кенесарыұлының "Кенесары жөне Сыздық сұлтандар" деген кітапшасында аталған калалардағы жөне Шымкент маңындагы Ақбұлак, Көкбұлақ, Алтынтөбе шайкастары жөнінде аса құнды материалдар бар [8] .

1859-1860 жыддардағы Қоқан хандығы әскерлерінің соғыска дайындығына арнайы зерттеу жұмысын жүргізген штабс-капитан М. Л. Венюков Іле бойы мен Шу жағындағы казактардың жағдайы, олардың орыстарга кдлай қарағаны, қокан бекіністерінің сол кездегі қорғаныс кабілеті туралы едуәір мәліметтер [9] берген.

XIX ғ. 90-шы жылдарынан бастап Түркістанның өткен тарихына зерттеуді, Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі мүшелері П. Н. Ахмеров, Н. С. Лыкошин, С. Г. Маллицкий, А. А. Диваев [10] және басқалар жүргізе бастады .

Революцияға дейінгі зерттеулер ішінде шығыстанушы В. В. Бартольд пен А. И. Добромысловтың еңбектерін атаған жөн. В. В. Бартольд Ясы-Түркістан-Шавгар қалаларының бір екендігін айтты [11] . Ал, А. И. Добромысловтың еңбегі революцияға дейінгі кездегі, Түркістан қаласының тарихы жөніндегі алғашқы монографиялық зерттеу болып табылады.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары Түркістан қаласының тарихы негізінен Қожа Ахмет Иассауи кесенесін қалпына келтіру мен қорғауға байланысты зерттелді. Ол негізінен А. А. Семенов, Т. В. Савельева еңбектерінде көрсетілген. Алғашқы археологиялық зерттеулер 1928 жылдың жазында М. Е. Массонның бастауымен цитаделде жүргізілді. Нәтижесінде М. Е. Массон қазіргі Түркістан қаласының орнында Ақсақ Темір дәуіріне дейін-ақ ХІІ-ХІІІ ғғ. үлкен қала болғандығын айқындады [12] . Ұлы Отан соғысы нәтижесінде тоқтап қалған зерттеулер 1947-1951 жылдары Н. А. Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмысымен қайта жанданды. Ол Түркістаннан 8 шақырым қашықтықта орналасқан Шойтөбе қалашығының Шаугар-Ясы болу мүмкіндігін айтқан болатын.

Осы экспедицияның материалдар жинақтап, монографиялық еңбекті жариялағандар Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевич еді. Археологиялық мәліметтерге сүйене отырып, олар қазіргі Түркістан қаласы ауданына Оңтүстік Қазақстанның ежелгі егіншілік-отырықшылық аймағы болғандығын дәлелдеді.

1958 жылдары Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің айналасындағы жерлерде Н. Б. Немцова қазба жұмысын жүргізді. Оның зерттеуі нәтижесінде қазақ хандарының мазарларының орны табылды.

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1972 жылғы арнайы қабылдаған жарлығында, Түркістан қаласын ғылыми-зерттеу мен қалпына келтіру жұмыстарын жақсарту мәселесі көтерілді. Бұл үшін кешенді бағдарлама жасалып, археологиялық жұмыстар, қаланың сәулеттік тарихын, салыну құрылысы, технологиясы және басқа да бағыттар бойынша зерттеу жүргізу жоспарланды.

1972-74 жылдары Түркістан қаласында ҚазССР ҒА-ның Тарих, археология және этнография институты мен ҚазССР Мәдениет министрлігімен бірлесіп отырып (отряд бастығы Т. Н. Сенигова) кең көлемдегі археологиялық зерттеу жұмыстары басталды. Алынған мәліметтерді жинақтаған және оны ғылыми талдауға алған Т. Н. Сенигованың бірнеше еңбегі жарық көрді [13] . Түркістан қаласында табылған монеталар - қаланың ақша айналымы мен әр түрлі кезеңдегі, әр елмен экономикалық байланысын көрсететін зерттеулерде Р. З. Бурнашеваның еңбегі зор [14] .

Л. Б. Ерзакович, Б. Нурмуханбетов, А. Ордабаев, А. Н. Марьяшев, Ю. А. Мотов еңбектерінде Түркістан тарихи археологиялық жағынан зерттелген еді [15] .

Кесенеден 300 метр оңтүстік-шығысқа таман орналасқан Күлтөбе төбешігінде Е. А. Смағұловтың жүргізген қазба жұмысы нәтижесінде бұл төбешіктің - б. д. 1 мың жылдығында болған Иассы мекені мен кейінгі Түркістанның көне орыны екендігі анықталған [16] .

Кейінгі қазба жұмыстарын Б. Х. Адильгереев, А. О. Итенов жүргізіп Түркістан қаласы тарихы мен Қожа Ахмет Иассауи кесенесі жайындағы мәліметтердің баюына өз үлестерін қосты. [17] .

1985-1986 жылғы Түркістан отрядының бастығы Б. Х. Адильгереев болса, 1987 жылдан бастап оны А. О. Итенов алмастырды. Бұрынғы Иассыдан да тарихы әрі кететін Шауғар қаласының тарихын зерттеу барысында, Түркістан қаласынан 8 шақырым жерде орналасқан Шойтөбе қалашығына археологиялық қазба жұмыстары ұйымдастырылған болатын.

1992 жылдары Шойтөбе қалашығында жүргізілген қазба жұмысын отряд бастығы Ә. Қ. Шашаев басқарған болатын [18] . Жинақталған материалдар негізінде оның көне Шауғар қаласының орны екендігі анықталған еді.

К. М. Байпақовтың ортағасырлық қалалар жайындағы көптеген еңбектерінде Түркістан, Иассы, Шауғар қалаларының тарихы археологиялық мәліметтер арқылы жан-жақты қарастырылған [19] .

Біз үшін құңды еңбектердің бірі, Сәйден Жолдасбайұлының монографиялық зерттеуі болды [20] . Бұл еңбекте Шауғар қаласы, Иассы мен Түркістан қалалары тарихына қатысты мәліметтер берілген.

Ортағасырлық Түркістан тарихын тыңғылықты зерттеуге алған Е. Смағұлов [21] пен М. Тұяқбаевтың [22] аттарын ерекше атауға тиіспіз. Түркістан тарихы тереңінен басталғандығын деректер негізінде сараптай отырып, ондағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі жазуларын оқып мәліметтердің тың көзін ашқан. Бұл саладағы ірі еңбектердің бірі ретінде Б. Т. Тұяқбаеваның көп жылдық еңбегін атап өтуіміз қажет [23] . Эпиграфикалық мәліметтердің құндылығын аша отырып, оларды Түркістан қаласы қорымдарында жерленген адамдардың ата-тегін анықтауға пайдалануға, қала тарихындағы рөлін сараптауға қажет мәлімет көзі ретінде қарауды арабтанушы-ғалым Әбсаттар Дербісәлі ұсынған болатын [24] . Осы мәселеге қатысты Түркістанда жерленген қазақ хандары жайындағы мәліметтер И. В. Ерофееваның зертеуінде келтірілген [25] .

Түркістан қаласы мен ондағы тарихи-мемориалдық Қожа Ахмет Иассауи кешені тарихына қатысты, жекелеген зерттеулер жеткілікті. Әлмашұлы Жолтай, Қожа Мұхтар, Әбіласан Әбілхан, Берекет Кәрібай, Сабира Сайфулмаликова еңбектері мәселенің әр қырынан тарихи түрде кең қарастырған [26] .

Жеке жинақтық еңбектермен қатар мақалалар жинағы, конференциялар материалдары да қажетті мол мағлұматтарға толы болатын. Біз негізінен аса қажетті деген зерттеулерге ғана тоқталдық.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты ХІХ ғ. Түркістан қаласының тарихын, оның ішінде Қокан хандығы карудың күшімен басып алып, ауыр алым-салыктар төлетіп, аяусыз әлеуметтік және ұлттық езгіге ұшыратқан оңтүстік қазактарын, нақты айтқанда Түркістан өңірі тұрғындарын енді Ресейдің кару күшімен басып алудағы негізгі мақсатын айналымға түскен жаңа құжаттар мен деректер негізінде жаңаша көзқарас тұрғысында көрсету. Сондықтан, осы мәселелерді шешу барысында мынадай міндеттерді назарга алдык:

- Қокан хандыгынын Казақстанның оңтүстігін басып алганнан кейінгі қазактарға жасаған катыгездігін және казактардың олардың езгісіне карсы наразылыктарын көрсету;

- Казақстанның оңтүстігін басып алу мақсатын қойған Ресей империясының қокандықтар жағынан жергілікті тұрғындарга жасаған озбырлығын калай пайдаланғандығын аныктау;

- Орталык Азия хандыктары мен Ресей империясы арасындағы текетіреске басқа, батыс европалык жөне азиялық елдердің қалай қарағанын, кейбірін оған араласуының себептерін анықтау;

- Қокандықгар басып алған казак жерлерін XIX ғ. 40-50 жж. біртіндеп Ресей империясының жаулап ала бастауын және ол жерлерде орыс отарлауының күшею процесін көрсету;

- Ресей мен Қокан хандығының арасындағы Казакстанның онтүстігі үшін текетіресінің патша үкіметінің пайдасына шешілгенін, бұл өңірдің бүкіл казак жері сиякты біржола отарға айналуын накты мысалдар негізінде көрсету;

- Түркістан қаласының тарихындағы қарастырылып отырған ХІХ ғ кезеңнің жалпы тұстары мен нақты өзгерістерге ұшырауын көрсету.

Жұмыстын хронологиялык ауқымы . Жұмыстың тақырыбы бойынша хронологиясы мен ауқымдық шенбері 1839 жылдан ХХ ғ. дейін қамтиды. Оның себебі XIX ғасырдың 20-жылдары Қоқан хандығы Казақстанның оңтүстігін жаулап алуды аяктап, Сыр бойында, Бетпакдалада, Жетісу өнірінде орыс әскерлері тұрған жерлерге дейін жетсе, 1839 жыддың қысындағы Хиуаға жорықтан бастап Ресей жөне Қокан хандығының арасында осы аймак үшін тікелей текетірес басталды. Акырында, 1853 жылы Ақмешітті алып, 1864 жылы Алатау жақтан келген орыс өскерлері Әулиеатаны, Сыр бойымен келген әскерлері Түркістанды алғаннан сон, көп кешікпей киыр түстіктегі Шымкент каласы да тізе бүкті. Сөйтіп, қыска мерзімде казак жерлерінен біржола айрыла бастаған қокандыктардың мейлінше кұты кашты. 1865 жылы Ташкент каласы шабуыл нәтижесінде алынып, Қоқан хандығының XIX ғасырдың алғашкы онжылдыктарында басып алған казактың байырғы жерлері енді түгелдей Ресейдің қоластына көшті.


1 тарау

ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Қала мен өңірінің сипаттамасы және экономикалық жағдайы

Тарихта қалалар бірден пайда болмаған. Олардың қалыптасуы қоғамының даму жүйесіндегі терең, сапалық өзгерістерге байланысты болды. Қаланың қалыптасу алғы шарттары «қоғамның қарқынды дамуымен (белгілі бір тарихи және табиғи жағдайларда), жан-жақты еңбектің бөлінуімен байланысты болды. [13] . Көне урбанизмнің ошағы мен орталығы болып саналған алғашқы қалалық елді мекендердің қалыптасуы дәл осындай қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты жүзеге асты.

1867 ж. құрамына Жетісу және Сырдария облыстары кіретін Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы өлкедегі әскери-саяси жағдайды өзгертуге септігін тигізді. Қазақстанның Ресей қоластына кіру үдерісінің аяқталуы патшалықтың өлкедегі әскери-отарлау саясатына өзгерістер алып келді. Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы нәтижесінде өлкедегі экономика мен сауданың дамуына бөгет болған тайпа, руаралық қақтығыстар мен феодалдық бытыраңқылық жойылып, өлкенің жекелеген облыстарында мүшкіл экономикалық жағдай қалпына келе бастады. Жалпы ресейлік және әлемдік сауда-саттыққа қосыла отырып, өлке шаруашылық тұрғыдан да дамыды.

Осылайша, ХІХ ғ. екінші жартысында Түркістан өлкесіндегі отырықшы және көшпелі халықтардың сауда-экономикалық байланысы дамып, соның нәтижесінде ішкі нарық қалыптасады, қазақ және өзбек халқы арасындағы еңбек айырбасы дамып, олардың арасында өзара байланыс дамиды.

Өлкенің Ресейлік геоэкономикалық кеңістігімен байланыс орнатуы нәтижесінде мал шарушылығы саласының тауарлануына ықпал етті. Мәселен 1912 ж. Ташкент-Орынбор темір жолы арқылы Қазақстаннан 120 мың бас мал сыртқа шығарылды [14] . Ауыл шаруашылығы саласының және жеке шаруашылық өндірісінің тауарлануы әр түрлі бағыттағы сипатта болды. Мұндай сәйкессіздік аграрлық экономиканың екіжақтылығымен байланысты болды, өйткені ол өзінің капитализмге дейінгі табиғатын сақтай отырып, капиталистік қатынастар ықпалына ұшыраған болатын. Бірақ мұндай заңдылықтарға қарамастан, экономикада біршама оң өзгерістер де байқалады.

Түркістан тарихында қаланың әрі қарай дамып, оның мәдени өмірінің өрлеуіне ықпал еткен жаңа дәуір басталады, ол реформаға дейінгі кезеңде өлкедегі капиталистік қатынастардың дамуымен байланысты болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХIX ғасырдағы Түркістан тарихы
XIX ғ. II жартысындағы Түркістан қаласындағы отарлық билік жүйесінің қалыптасуы мен қызметі
А. Г. Серебренников мұрағаты, патшалық Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дерек көзі (1840-1870 жж. )
Түркістан қаласының тарихы (ХІХ –ХХ ғ.ғ.)
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
ХИУА ХАНДЫҒЫМЕН ҚАЗАҚТАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
1916 жылғы Сыр өңірі қазақтарының ұлт - азаттық көтерілісі
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Жетісудағы саяси жағдай және 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz