Саңырауқұлақтық зақымдану



1 Дақылдық әдіс
2 Микоздарға диагноз қоюдың баска әдістері
3 Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы
4 Саңырауқұлақтары жүйелеу (систематика)
Ауыз қуысында болатын микоздар көптеген жағдайларда осы биотопта үнемі мекен ететін резидентгі микрофлораның сапрофиттік саңырауқұлақтарлмен қоздырылады. Шырышты қабықтардың микозы иммундыбиологиялық резистенттіктің факторлары әлсіреген кезде, метаболиттік бұзылыстар болғанда және антибиотикотермен ретсіз емдеу нәтижесінде дамиды. Ауыз қуысының микоздары аутоинфекция түрінде кездеседі, олардың ішінде ең жиі кездесетін түрі - кандидоз.
Ауыз қуысында әдетте жалған мембраноздық каидидоз (ауыз уылуы) кездеседі. Бұл ауру жаңа туған нәристелерде(шалатуғандарда, босану жарақаты бар) мсмесе иммундық тапшылыгы бар ересек адамдарда кездеседі. Аурудың басталу кезенінде шырышты қабықтар қараяды және жарқырайды (лак тәрізді шырыш), содан соң оның үстінде ақ немесе сары түсті кремге немесе ірімшікке ұқсас дақтар пайда болады. Кейін олар бірігіп, үлкен ошақтарға айналады. Дақтар тіл, жұмсақ және қатты таңдай, қызылиек, ұрт, бадамша без, жұтқыншақта орналасуы мүмкін. Дақтар оңай алынады, дақтардың түбінде қанағыштық жаралар ашылады. Науқастарда дәм сезімдері өзгереді, ащы, ыстық тамақтарға сезімталдық жоғарылайды. Диффуздық эритема мен ауыз кебушілігі байқалады. Ауыр иммундық тапшылық болғанда ауыздың бүкіл шырышты қабықтары, бадамша бездер, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, бронхтар және өкпелер зақымданады.
Созылмалы кандидоз көбіне алмалы протез пайдаланғандарда дамиды, хейлит, ауыздық, глоссит түрінде көрінеді.
Гиперпластикалық кандидоз кезінде ақтүсті жайылып қосарланған папулалар пайда болады. Қатерлі ісіктің алдынғы үрдісі ретінде қарастырылады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Саңырауқұлақтық зақымдану
Ауыз қуысында болатын микоздар көптеген жағдайларда осы биотопта үнемі
мекен ететін резидентгі микрофлораның сапрофиттік саңырауқұлақтарлмен
қоздырылады. Шырышты қабықтардың микозы иммундыбиологиялық резистенттіктің
факторлары әлсіреген кезде, метаболиттік бұзылыстар болғанда және
антибиотикотермен ретсіз емдеу нәтижесінде дамиды. Ауыз қуысының микоздары
аутоинфекция түрінде кездеседі, олардың ішінде ең жиі кездесетін түрі -
кандидоз.
Ауыз қуысында әдетте жалған мембраноздық каидидоз (ауыз уылуы)
кездеседі. Бұл ауру жаңа туған нәристелерде(шалатуғандарда, босану жарақаты
бар) мсмесе иммундық тапшылыгы бар ересек адамдарда кездеседі. Аурудың
басталу кезенінде шырышты қабықтар қараяды және жарқырайды (лак тәрізді
шырыш), содан соң оның үстінде ақ немесе сары түсті кремге немесе ірімшікке
ұқсас дақтар пайда болады. Кейін олар бірігіп, үлкен ошақтарға айналады.
Дақтар тіл, жұмсақ және қатты таңдай, қызылиек, ұрт, бадамша без,
жұтқыншақта орналасуы мүмкін. Дақтар оңай алынады, дақтардың түбінде
қанағыштық жаралар ашылады. Науқастарда дәм сезімдері өзгереді, ащы, ыстық
тамақтарға сезімталдық жоғарылайды. Диффуздық эритема мен ауыз кебушілігі
байқалады. Ауыр иммундық тапшылық болғанда ауыздың бүкіл шырышты қабықтары,
бадамша бездер, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, бронхтар және өкпелер
зақымданады.
Созылмалы кандидоз көбіне алмалы протез пайдаланғандарда дамиды,
хейлит, ауыздық, глоссит түрінде көрінеді.
Гиперпластикалық кандидоз кезінде ақтүсті жайылып қосарланған папулалар
пайда болады. Қатерлі ісіктің алдынғы үрдісі ретінде қарастырылады.

Дақылдық әдіс
Микоз қоздырғышын бөліп алып, оның түрін анықтаудың
(идентификациялаудың) дақылдық әдісі диагноз қоюдың алтын стандарты болып
есептеледі.
Ашытқы тәріздес саңырауқұлақтарды идентификациялау үшін бірнеше
физиологиялық және немесе биохимиялық тесттерді жүргізуді қажет етеді.
Осындай тесттерге жатады:
- әр түрлі конидиялардың (артроконидиялар, аннолоконидиялар,
бластоконидиялар), нағыз және жалған гифалар пайда болуын зерделеу;
- нитратты тест (Кристенсен сорпасында 25°-30°С-та 7 тәулік
инкубациялайды) - оң тест тек қана Cryptococcus albidus және Rhodotorula
rubra береді, орта сары түстен қызыл түске өзгереді;
- уреазалық тест (мочевинаны ыдыратады - Can dida lipolytica,
Cryptococcus, Rhodotorula rubra, Trichosporon beigelii) - нәтижесін 48-72
сағаттан және 7 тәуліктен кейін тіркейді;
- циклогексамидтік тест (72 сағаттан кейін өсінді бар-жоғын анықтау);

- кандида саңырауқұлақтарының глюкозаға, галактозаға, мальтозаға,
сахарозаға, лактозаға, трегалозаға (кіші қатар) немесе әр түрлі 22
ингредиенттерге (үлкен қатар) ферменттік белсенділігін тексереді. Кең
таралған саңырауқұлақтардың (негізінде ашытқы тәріздестердің) ферментгік
белсенділігін зерттеу үшін коммерциялық тест-жүйелерді (BBL Мусоі ube,
АРУ20С bio Merieux) қолданады.
1) Саңырауқұлақтардың физиологиялық ерекшелікп ерін зерттеу үшін
бірнеше тесттерді пайдаланады, және де олар қоздырғышты идентификациялауға
көмею еседі.
2) Температуралық тәуелділігін зерттеу (37°С,42°С , 45°С-та өсуі)
-Trychophyton verrucosum 37°С-та өседі.
3) Пигмент түзуін ынталандыру (стимульдеу). Кейбір саңырауқұлақтарды
арнайы қоректік орталарға сепкенде пигмент тұзу қабілеттілігі күшейеді.
Мысалы, Тichophyton rubrum Бореллидің жүгерілік агарында қою-қызыл пигмент
түзеді.
4) Күріш дәндерінде өсуі. Саңырауқұлақтарды суда стерильденген күрішке
себеді. Кейбір түрлерінің өсуі жақсарып, пигмент түзілуі күшейеді. Мысалы,
Місі osporum canis жақсы өседі, мол конидиялар, сары пигмент пайда болады.
Microsporum audouinii баяу өседі, қоңыр пигмент береді.
5) Саңырауқұлақтардың шашты тесіктеуі (перфюрациялауы). Дистилденген
судағы ашытқы экстрактасының шамалы мөлшері құйылған Петри табак иасына
стерильді шаштарды салады. Шаштардың үстіне саңырауқұлақ дақылын себеді. 4
апта бойы 26°С-та инкубациялайды. Содан кейін қандай саңырауқұлақтың шашты
тескілеу қабілеттілігін микр эскопта қарап зерттейді. Мысалы, Trychophyton
interdigitale - шашты перфорациялайды, Trichophyton n brum-ның ондай
қабілеттілігі жоқ.

Микоздарға диагноз қоюдың баска әдістері
1. Бактериялық және вирустық инфекциялар кезнде кең қолданылатын
серологиялық зерттеу әдістері микоздарға диагноз қою үшін сирек
пайдаланылады. Қоздырғыштың тіндік түрлерін бөліп алу өте қиын висцеральдық
микоз жағдайында серологиялық әдістердің диагностикалық маңызы арта түседі.
Басқаларға қараганда РСК, ИЭФ, АР, ELJSA ИФТ жиірек қолданылады.
Антигендер мен антиденелерді анықтау үшін Pastorex Aspergillus, Platelia
Aspergillus, Pastorex Candida, Platelia Candida, Pastorex CryptoPlus
т.б. тест-жүйелер пайдаланылады. Дегенмен, айқас иммунологиялық
реакциялардың болуына, иммунды-тапшылыкха шалдыққан науқастардың иммундық
жауабының төмендеуіне, тест-жүйелердің сапасының нашар болуына байланысты
жалған-теріс нәтижелер пайда болады. Бір мезгілде бірнеше серологиялық
әдістерді пайдаланганда сенімді нәтижелер алынады.
2. Аллергологиялық және биологиялық әдістерді пайдалануға болады.
3. Тәжірибелік микологиялық зертханаларда ДНҚ-ын анықтау әдісі
полимеразалық тізбектеу реакциясы (ПТР-ПЦР) енгізіле бастады. Әртүрлі
молекулалық-биологиялық әдістердің көмегімен микоз қоздырғыштарының 40-тан
астам түрлерін индикциялаудың тест-жүйелері жасалған, олардың
биоматериалдың микромөлшеріндегі C.albicans-тың - бірлі-жарым жасушаларын
табу мүмкіндігі бар. Саңырауқұлақтарды, мысалы Trichophyton rubrum-ды
тікелей индикациялау үшін ПТР-зондтар үсынылған. Дегенмен, тест-жүйелер
құнының қымбат болуы, кейбір жағдайларда жалган-теріс нәтижелер беруі және
т.б. осындай жоғарғы сезімталды экспресс-әдістерді екгізу шектеліп отыр.

Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы
Микоздар-кең таралған жұқпалы аурулар, олардың қоздырғыштары
микроскопиялық организмдері саңырауқұлақтар (Fungi, Mycota, Mycetes).
Саңырауқұлақтар хлорофилы жоқ, цитоплазмасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балауса саңырауқұлактарын сапасын сараптау және санитарлық бағалау
Қызанақтың микрорганизмдік аурулары
Ағаш саңырауқұлақтары
Өсімдіктерді сауықтыру
Жұқпалы аурулардың негізгі топтары мен бактериологиялық зақым ошағына сипаттама. Карантин және обсервация туралы түсінік
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарын
Жұқпалы ауру қоздырғыштар және оның түрлері
МИКОЗДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары туралы ақпарат
Мөлдір қабықтың қабынуы
Пәндер