Буынаяқтылар



1 Буынаяқтылар типі.
Өрмекшітәрізділер класы: кенелер отряды. Жәндіктер класы: тарақандар және қандалылар.
Практикалық маңызы.
Буынаяқтылардың денесі кутикула қабатымен қапталынған, буылтық құрттарға қарағанда құрылысы өте күрделі. Ол үш қабаттан тұрады: астыңғысы - өте жұқа аморфты базальды мембрана, оның үстінде бір қатар эпителиальды клеткалардан құралған гиподерма - тірі қабаты және гиподерма клеткаларының бөлінуінен (өлген клеткалардан) пайда болған -нағыз кутикула қабаты. Кутикула гиподерманың туындысы. Оның өзі үш қабатқа бөлінген: гиподермамен жанасып жататын - эндокутикула, содан кейін экзокутикула және эпикутикула. Эпикутикула ең жоғарғы қабат, липидтерге, балауызға өте бай, ішкі денедегі ылғалды сыртқа шығармай жануарды кеуіп кетуден сақтайды, сондықтан суда тіршілік ететін буынаяқтыларда бұл қабат дамымай, тек құрлықта тіршілік ететін буынаяқтыларда жақсы дамыған. Экзокутикула мен эндокутикула қабаты суларға, минералды тұздарға, органикалық заттарға және әр түрлі түс беретін ферменттерге бай, сондай-ақ олардың құрамында хитин заты көп.Буынаяқтылардың сыртқы қабатын хитинді кутикула деп атайды. Хитин -өспейтін, созылмайтын, ешбірқышкылдарда, майларда, спирттерде, сілтілерде және органикалық ерітінділерде ерімейтін өте берік зат. Хитинді кутикула бөлшектеніп дененің әрбір сегменттерінде қабыршақнемесе тақта ретінде орналасады, сол тақталардың барлығын склерит деп атайды. Олар орналасуына қарай дорза (латынша dorsalis - арқа) немесеүстіңгі тергит деп аталатын тақталарды құрайды, венгра (лат. уепігаіів - қүрсак) немесе төменгі стернит деп аталатын және екібүйіріндегі – плейрит тақталарын құрайды. Барлық склериттер бір-бірімен жұқа жарғақшаларарқылы бірігеді. Склериттер дененің сыртына қарай бағытталған көптегенқылтан тәрізді өсінділерді, ал ішке қарай қатпарларды түзейді. Қатпарларғабұлшықеттері және кейбір ішкі мүшелері бекінеді. Сөйтіп, буынаяқтылардыңхитинді кутикуласы дене жабыны, сыртқы қанқасы болып, ішкі ылғалды сыртқа шығармай, денені әр түрлі механикалық, химиялық әсерлерден қорғайды, әрі тірек қызметін атқарады.
Буынаяқтылар денесінің сегментгері әдетте үш бөлім немесе үш тагмақұрайды - бас (cephalon), кеуде (thorax) және құрсақ (abdomen). Көп жағдайдасегменттерінің жіктелуі түрліше, мысалы, бас пен кеуде сегменттері бір- бірімен тұтасып баскеуде бөлімін құрайды, сонда жануардың денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімнен тұрады. Бұл шаянтәрізділер менөрмекшітәрізділерге тән, бас және тұлға - көпаяқтыларға тән, ал насекомдардың денесі бас, кеуде және құрсақ тагмасына айқын бөлінген.Буынаяқтылардын дене сегменттерінің саны әр түрлі систематикалық топтарда әр түрлі, тек бастың сегменттер құрамы тұрақты. Басы акроннанжәне төрт сегменттен құралады. Акрон арғы тегінің бас қалқаншасы немесепростомиумы (prostomium - ауыз алды сегмент). Акронда сезім мүшелері:антенна немесе мұртшалары, күрделі фасеттік көздері және бірнеше қарапайым құрылысты көзшелері орналасқан, тек өрмекшітәрізділердіңантеннасы жоқ. Акронға денесінің төрт сегменті қосылып бас бөлімінқұрайды. Бас бөлімінің осылайша қалыптасуын цефализация (грекше kephale - бас) процесі деп атайды. Басына қосылған сегменттерінің буындалған аяқтары қорегін ұстау,майдалау, шайнау қызметтерін атқаруға бейімделіп ауыз мүшелеріне немесе ауыз аппаратына айналған, олар жұп үстіңгі жақ - мандибула және астыңғы жақ - максилла I-ші мен максилла ІІ-ші. Максилла Н-ні астыңғы ерін деп театайды.Буынаяқтылардың кеуде сегменттері өте жақсы дамыған, олардың жұп аяқтары жылжу, жүру, жүзу, яғни қозғалысқа (локомоторлы) бейімделген. Құрсақ аяқтары көпшілігінде редукцияға ұшырап, олардың қалдықтарықұрсағының соңында әр түрлі өсінділер ретінде қалған, мысалы, құйрық жіпшелері, церкийлер, грифелькийлер, шаншарлар, жұмыртқа салғыштар,тек өзен шаянының аналықтарында құрсақ аяқтары ұрықтанған жұмыртқаларын жинап ұстауға, ал аталықтарыңда жыныс өнімін аяғынақұйып сақтауға бейімделген. Буынаяктылардың аяқтары арғы тегінің параподия деп аталатынжалған аяқтарынан дамып, эволюция барысында атқаратын қызметіне сай бірнеше буындарға мүшеленген (типтің аты да осыған байланысты).
1. К. Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005.- 373 б.
2. К.Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005. – 379 б.
Қосымша:
1. С.Ә. Әміреев, А.Жаханов, Қ.Құдайбергенұлы. «Медициналық паразитология» С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің 75 жылдығына арналған. Оқулық. Алматы: «Кітап» баспасы, 2005.
2. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Оқулық. – Алматы «НАS», 2006.
3. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 2. Низшие целомические : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. – М. :Асаdemia, 2008. – 448 с.
4. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 3. Членистоногие : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. – М. :Асаdemia, 2008. – 496 с.
5. Шарова, И. Х. Зоология беспозвоночных / И. Х. Шарова. – М. :Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2004. – 592 с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып:Буынаяқтылар типі. Өрмекшітәрізділер класы: кенелер отряды. Жәндіктер класы: тарақандар және қандалылар. Практикалық маңызы.

Мақсаты: Кенелер отряды және өрмекшітәрізділер класының жіктелуі және практикалық маңызы, жалпы сипаттамасын оқу. Жәндіктер класы: қандала және тарақанның отрядтың практикалық маңызы

Оқытудың міндеті:
1.Өрмекшітәрізділер жәнежәндіктер класының ерекшелік белгілерін қарастыру.
2. Өрмекшітәрізділер класының практикалық маңызы.
3. Жәндіктер класының практикалық маңызы.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама беріңіз.
2. Буынаяқтылар негізгі ароморфозын атаңыз.
3. Буынаяқтылардың шығу тегі қандай.
4. Буынаяқтылардың жіктелуін сипаттаңыз.
5. Өрмекшітәрізділер класына жалпы сипаттама береңіз.
6. Өрмекшітәрізділер және жәндіктер класының белгілерінің ерекшеліктерін атаңыз.
7. Кенелердің экологиялық жіктелуіне сипамттама беріңіз.
8. Искодты кененің тіршілік циклы және олардың практикалық маңызы.
9. Қандала отряды, олардың құрылымының ерекшеліктері және практикалық маңызы
10. Тарақан отряды, олардың құрылымының ерекшеліктері және практикалық маңызы.
Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптық семинар: сабақ тақырыбын талқылау және өңдеу, тесттілеу, жүйелік семинар: оқытылатын тақырып бойынша мәселелерді талқылау және терең танысу, оқу сұхбаттасу: берілген тақырыптың сұрақтары бойынша білімін бекітіп және жақсарту үшін арналған сұрақтар.

Ұсынылатын әдебиет:
Негізгі:
1. К. Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005.- 373 б.
2. К.Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005. - 379 б.
Қосымша:
1. С.Ә. Әміреев, А.Жаханов, Қ.Құдайбергенұлы. Медициналық паразитология С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің 75 жылдығына арналған. Оқулық. Алматы: Кітап баспасы, 2005.
2. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Оқулық. - Алматы НАS, 2006.
3. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 2. Низшие целомические : пер. с англ. Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. - М. :Асаdemia, 2008. - 448 с.
4. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 3. Членистоногие : пер. с англ. Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. - М. :Асаdemia, 2008. - 496 с.
5. Шарова, И. Х. Зоология беспозвоночных И. Х. Шарова. - М. :Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2004. - 592 с.

БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Буынаяқтылардың денесі кутикула қабатымен қапталынған, буылтық құрттарға қарағанда құрылысы өте күрделі. Ол үш қабаттан тұрады: астыңғысы - өте жұқа аморфты базальды мембрана, оның үстінде бір қатар эпителиальды клеткалардан құралған гиподерма - тірі қабаты және гиподерма клеткаларының бөлінуінен (өлген клеткалардан) пайда болған -нағыз кутикула қабаты. Кутикула гиподерманың туындысы. Оның өзі үш қабатқа бөлінген: гиподермамен жанасып жататын - эндокутикула, содан кейін экзокутикула және эпикутикула. Эпикутикула ең жоғарғы қабат, липидтерге, балауызға өте бай, ішкі денедегі ылғалды сыртқа шығармай жануарды кеуіп кетуден сақтайды, сондықтан суда тіршілік ететін буынаяқтыларда бұл қабат дамымай, тек құрлықта тіршілік ететін буынаяқтыларда жақсы дамыған. Экзокутикула мен эндокутикула қабаты суларға, минералды тұздарға, органикалық заттарға және әр түрлі түс беретін ферменттерге бай, сондай-ақ олардың құрамында хитин заты көп.Буынаяқтылардың сыртқы қабатын хитинді кутикула деп атайды. Хитин -өспейтін, созылмайтын, ешбірқышкылдарда, майларда, спирттерде, сілтілерде және органикалық ерітінділерде ерімейтін өте берік зат. Хитинді кутикула бөлшектеніп дененің әрбір сегменттерінде қабыршақнемесе тақта ретінде орналасады, сол тақталардың барлығын склерит деп атайды. Олар орналасуына қарай дорза (латынша dorsalis - арқа) немесеүстіңгі тергит деп аталатын тақталарды құрайды, венгра (лат. уепігаіів - қүрсак) немесе төменгі стернит деп аталатын және екібүйіріндегі - плейрит тақталарын құрайды. Барлық склериттер бір-бірімен жұқа жарғақшаларарқылы бірігеді. Склериттер дененің сыртына қарай бағытталған көптегенқылтан тәрізді өсінділерді, ал ішке қарай қатпарларды түзейді. Қатпарларғабұлшықеттері және кейбір ішкі мүшелері бекінеді. Сөйтіп, буынаяқтылардыңхитинді кутикуласы дене жабыны, сыртқы қанқасы болып, ішкі ылғалды сыртқа шығармай, денені әр түрлі механикалық, химиялық әсерлерден қорғайды, әрі тірек қызметін атқарады.
Буынаяқтылар денесінің сегментгері әдетте үш бөлім немесе үш тагмақұрайды - бас (cephalon), кеуде (thorax) және құрсақ (abdomen). Көп жағдайдасегменттерінің жіктелуі түрліше, мысалы, бас пен кеуде сегменттері бір- бірімен тұтасып баскеуде бөлімін құрайды, сонда жануардың денесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы
Буынаяқтылар дара жыныстылар
ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН OҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI
Аталық өрмекшінін
Ішекқуыстылар типі. Екіжақты симметриялы жануарлар бөлімі
Буынаяқтылардың классификациясы
Буынаяқтылар типі жайлы
Жәндіктер
Шаянтәрізділер туралы
Буынаяқтылар типі
Пәндер