Терроризм



1 Терроризм
2 Шахид
«Терроризм» араб тілінде «ирхаб» деп аталады, яғни қорқыту мағынасына саяды. «Ирхаб» сөзі Құран-Кәрімде бірнеше жерде қолданылған. Дегенмен, қазіргі біздің түсінігіміздегі терроризм мағынасында емес. Мысалы: «Уа, Израил ұрпақтары! Берген нығметімді еске алыңдар! Уәделеріңді орындаңдар. Мен де серттеріңді орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар (фархабун)». (Бақара-2).
Шариғат ғұламалары «ирхабты» (қорқыту) «рұқсат етілген» және «тыйым салынған» деп екі түрге бөледі. Ал шариғатта заңдастырылған қорқытудың үш түрі болады:
Біріншіден, әскери әрекет етумен дін дұшпандарын қорқыту немесе оларды талқандау. Бұндай оқиғалар тарихта кәпірлердің шабуылынан қорғану және «фатх» жорықтары кезінде орын алғаны белгілі.
Екіншісі екіжүзділер мен бидғат (Исламға теріс жаңалықтар енгізу) жасаушыларды ақыреттік азаптың болатынын ескертумен қорқыту. Ислам илаһи құндылықтардың сақталуы үшін оған селкеу түсіретін жайттерге де осылайша тыйым салады.
Үшіншісі қылмыс жасаушыларды шариғатта белгілеген жазаларды (уһудат) қолданумен қорқыту. Яғни, қылмыскерге жаза тағайындаумен тәрбиелеуді және теперіш көрген тараптың мүддесін қорғау мақсатында мұсылмандық сот жаза тағайындайды.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Терроризм

Терроризм араб тілінде ирхаб деп аталады, яғни қорқыту мағынасына
саяды. Ирхаб сөзі Құран-Кәрімде бірнеше жерде қолданылған. Дегенмен,
қазіргі біздің түсінігіміздегі терроризм мағынасында емес. Мысалы: Уа,
Израил ұрпақтары! Берген нығметімді еске алыңдар! Уәделеріңді орындаңдар.
Мен де серттеріңді орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар (фархабун).
(Бақара-2).
Шариғат ғұламалары ирхабты (қорқыту) рұқсат етілген және тыйым
салынған деп екі түрге бөледі. Ал шариғатта заңдастырылған қорқытудың үш
түрі болады:
Біріншіден, әскери әрекет етумен дін дұшпандарын қорқыту немесе
оларды талқандау. Бұндай оқиғалар тарихта кәпірлердің шабуылынан қорғану
және фатх жорықтары кезінде орын алғаны белгілі.
Екіншісі екіжүзділер мен бидғат (Исламға теріс жаңалықтар енгізу)
жасаушыларды ақыреттік азаптың болатынын ескертумен қорқыту. Ислам илаһи
құндылықтардың сақталуы үшін оған селкеу түсіретін жайттерге де осылайша
тыйым салады.
Үшіншісі қылмыс жасаушыларды шариғатта белгілеген жазаларды (уһудат)
қолданумен қорқыту. Яғни, қылмыскерге жаза тағайындаумен тәрбиелеуді және
теперіш көрген тараптың мүддесін қорғау мақсатында мұсылмандық сот жаза
тағайындайды.
Көріп отырғандарыңыздай, шариғат қорқытуды қоғам және жеке адамның
игілігі үшін ғана қолданады. Демек, дүниелік мұратты көздеп, бейбіт өмірге
сына қағатын терактілерді ұйымдастыру белгілері Хақ дінде ада-күде жоқ
деген сөз.
Шахид болу араб тілінен аударғанда дін үшін жан тәсілім ету
ұғымын білдіреді. Хақ жолында қан төккен шахидтердің қиямет-қайым күні
барлық күнәлары кешіріліп, жаны жаннаттан жай табады деген деректің
Исламның түп-негіздерінде (Құран мен Сүннет) бар екені рас. Алайда, өзін-
өзін жарып жіберудің шахид болумен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Дін
негіздерінде мұндай қанды-қасап амалды интихад деп атайды. Яғни, өз-өзіне
қол салу мен шахид болудың бір-біріне еш қатысы жоқ. Керісінше, бір-біріне
мүлде керағар ұғымдар. Дін негіздері бойынша өз-өзіне қол салу ауыр
күнәлардың санатына жатады. Хақ-Тағала Құран-Кәрімде: Бір-біріңді
өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды
дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз (Ниса, 30) деп
бұйырады. Ал Алла Елшісі (с.а.у.): Мүмінді лағынеттеу оны өлтіргенмен тең,
кім мүмінге кәпірсің деп жала жапса, оның өлтірушісі сияқты болады. Және
кім өз нәпсісін (өзін) бір нәрсемен өлтірсе, сол себепті Алла оны қиямет
күні азаптайды (Бухари мен Муслим риуаяты), – деп, өз-өзіне қол салудың
қате екенін қатаң ескертеді. Ұлы Жаратушы себепсізден-себепсіз өз-өзіміздің
жанымызды қию былай тұрсын, бізге он екі мүшеміз бен ағзамызды ақыретте
қайта сұрау үшін аманатқа берген. Олай болса, аманатқа қиянат жасаудың
ауыр күнә (хадис) екенін ескерсек, шахид белбеуін тағып, шімірікпестен
өзін-өзі жарып жіберу – орны толмас зор қателік.
Әлеуметтанушылардың зерттеуіне қарағанда, терроризмнің орын алуының
көптеген себептері бар. Әлбетте, әрбір дәуірдің қайшылықтарына орай
себептер де өзгеріп отырады. Бүгінгі күнгі терроризмнің негізгі себептері
ретінде мынадай факторларды атап көрсетуге болады:
Біріншіден, дінге таңылған түрлі ағымдардың теріс танымдағы
әрекеттері. Бұл категорияға христиан, ислам, иуда, будда діндерінің атын
жамылған экстремистік пиғылдағы діни топтардың радикальді іс-қимылдарын
айтуымызға болады. Мәселен, Испаниядағы ЭТА-БАСК тобы, Ирландиядағы ИРА
ұйымы, Токиодағы метрода улы газ шашқан Аум Синрике сектасы, Бен Ладеннің
жетекшілігіндегі әл-Қайда секілді ұйымдар діннің атын жамылған
террористік топтар санатына жатады.
Екіншіден, ұлтаралық қатынастардағы теңсіздіктер. Өткен тарихымызға
назар аударар болсақ та, дәл қазіргі күні де бір ұлттың келесі бір ұлтқа
үстемдік етуі терроризмнің туындауына түрткі болып келеді. Мәселен,
Шешенстандағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терроризм: оның ұғымы және түрлері
Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
Терроризмге қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі
Терроризммен күресудің қылмыстық құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Халықаралық құқықтағы терроризм және оған қарсы күрес
Терроризм жайында
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Халықаралық терроризм әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде
Терроризмнің халықаралық құқықтағы алатын орны
Пәндер