Ультракүлгін жарықтың тірі ағзаға әсері


Ультракүлгін жарықтың тірі ағзаға әсері
Ультракүлгін сәуле
Ол оптикалық диапазонның ең қысқа аймағы 180 нм ден 400 нм дейінгі аралықты алып жатыр. УК сәулені биологиялық әсерлерін байланысты 3 - аймаққа бөледі:
- 400-320 нм, ұзын толқынды УК (ҰУК) «А» аймақ деп аталады;
- 320-280 нм, орта толқынды УК (ОУК) “В” аймақ деп аталады;
- 280-180 нм, қысқа толқынды УК (ҚУК) “с” аймақ деп аталады.
Осы аймақтардағы ҚУҚ сәулесінің денеге терең ене алатын қаблеті жоғары болса, ҚУК сәулесіне сәйкес келетін кванттың энергиясы басқаларынан көп Жалпы УК сәуле квантының энергия басқа сәулелер квантына салыстырғанда жоғары болғандықтан, оның биологиялық денелерге тигізетін әсер ИҚ және КЖ салыстырғанда өзгеше болады.
УК сәуленің квантарының энергиясы жоғары болғандықтан оны жұтқан ұлпаның атомдары мен молекулалары қозған күйде көшеді, кейде мұндай кванттар әсерінен электрондар атомнан ажырап, соның салдарынан дене молекуласының құрылымында өзгерістер орын алады. Сонымен УК сәулесін жұту нәтижесінде ағза ұлпаларында жүретін атомдық және молекулалық құрылымдық өзгерістер жасушаның, ұлпаның, ағза мүшелерінің өмір сүруінің бұзылуына себеп болады. Ультракүлгін сәуленің әсерінен тері тез қызарып, терінің зат алмасуы, қан айналысы жақсарады. Сонымен қатар УК сәулесінің витамин жасаушы да қаблеті бар екендігі анықталды. Мыс: тері қабатындағы 7 - дегридрохолестерин, эргостерин т, б. Витаминге жақын заттар 280-310 нм аралықтағы УК сәуле әсерінен “Д” витаминіне айналады.
УК сәулені кварц-сынапты, газразрядты шамдар арқылы өндіреді. Өндірілетін УК сәуленің қүрамына сәйкес мұндай шамдар: интегралды және селективті болып бөлінеді. Интегралды шам УК сәуленің барлық спектрін, ал селективиі -тек белгілі бір аймағын ғана шығарады. Интегралды УК жарық көзіне ДТР - 100 Вт - ДТР - 000 Вт типті шамдары жатады, ал селективті УК жарық көзіне ЛУФ - 153 шамы жатады, ол 320-400 нм аралықтағы, ал ЛЗ - 153 шамы 310-320 нм жарық толқындарын ондіреді.
Соңғы кездері ашық ыдыстағы, жабық кварц ыдыстағы, кварц ыдыс арқылы аққан немесе насос арқылы кварц ыдыс арқылы аққан қанға УК сәулемен әсер ету арқылы емдеу шараларын өткізеді. УК сәулесін ағзаның түрлі инфекциялық ауруларға қарсы тұруын күшейтуде, балаларда рахит кеселін болдырмауда, тері ауруларын емдеуде, ағзаның иммундік жүйесін қалпына келтіруде қолданады.
Жер бетінде тіршілік басталғаннан бері жасушаға дейінгі бітім және бір жасушалы ағзаларға Күн сәулесі үздіксіз әсер етеді. Күн сәулесін адам ағзасына және жануарларға биологиялық әсеріне сәйкес бірнеше диапазонға бөлуге болады.
Атап айтқанда:
а) инфрақызыл сәулесі (у > 750нм) - жылулық эффект тудырады.
б) көрінетін жарық (у = 400-750нм) - көру және фотопериодизм
в) ультракүлгін сәулесі (у = 200-400нм) үшке бөлінеді:
- А - зонасы (у= 315-400нм), күнге күю, Д витаминін провитаминдерден түзу, фотоаллергиялық және фототоксикалық эффект.
- В - зонасы (у = 280-315нм) - эритема, эдема, күнге күю, көздің күюі, канцорогенез, Д витаминін түзу.
- С - зонасы (у =200-280нм) - эртима, күнге күю, канцерогенез, мутайия, бактерияларды жою эффектісі.
Ағзалар екі жылу энергиясының көзін қолдана алады: сыртқы күннің жылу энергиясын немесе жердің ішкі жылуын және ішкі - ағзада зат алмасу барысында бөлінетін жылу.
Ағзаның жылу балансын реттеуде басым қолданатын энергия көзіне байланысты оларды пойкилотермді және гомойтермді деп бөледі.
Пойкилотермді ағзалар - дене температурасы тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына қарай өзгеріп отыратын ағзалар. Олар микроағзалар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар (балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) жатады. әдетте олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасынан 1-20С - қа жоғары немесе бірдей болады.
Гомойтермді ағзалар - дене температурасын сыртқы ортаның температурасынан тәуелсіз тұрақты дәрежеде ұстап тұра алатын ағзалар. Гомойтермді топқа құстар мен сүтқоректілер және адам жатады.
Ақуыздар, нуклеин қышқылдары және липидтер - тіршіліктің басты құралдары. Липидтердің бос радикалдарының тотығуықарастырылған. Ол процестер УК сәулесіне сәйкес келетін болғандықтан медицина үшін аса маңызды. Жарықтың әсерінен липидтердің тотығуы УК - сәуленің әсерінен туындайтын эритема үшің аса маңызды. Бұл қорытынды екі фактіге негізделген. Біріншіден, адам денесіне антиоксидит жақсы тері көп қызармайды да, эритеманың минималды дозасын арттырады. Екіншіден, адам денесіне қанықпаған липидтер жақса онда терінің эритемалық сезгіштігі артады.
УК сәуленің әсерінен ақуызда және нуклеин қышқылында фотобиологиялық реакйиялар жүреді. Олар ақуыздың және нуклеин қышқылының құрамын бұзады. Бұл фотобиологиялық реакциялар, УК сәуленің әсеріне байланысы жоқ, қосалқы өзгерістер туғызады. Алдымен ДНҚ - ның құрамын және ақуыздардың болмысын өзгертеді. Екінші өзгеріс, болмысы өзгерген ақуыздарды жасушалық ферменттердің ыдыратуының әсерінен болады. Ыдырау өнімдері күрделі рефлекторлық реакцияға келтіретін нерв ұштарын тітіркендіреді.
УК сәулемен ақуыз ертіндісіне әсер еткенде ерітіндінің мөлдірлігі, тұтқырлығы, центрифугада тұну жылдамдығы, поляризацияланған жарықтың таралу жазықтығын бұру қасиеттері өзгереді. Қорыта айтқанда, ақуыздың құрылымының бұзылуы нақты байқалады. Ақуыздың құрылымы бұзылса, онда оның ферментативтік қасиеті де бұзылады, одан кейін жойылып та кетеді. Биологиялық белсенді ақуыздар мен полипептиттерге УК сәулемен әсер етсе, онда ферменттердің, гармондардың, антибиотиктердің биологиялық белсенділігі бірнеше минут ішінде кемиді.
Нуклеин қышқылының азоттық негізі ультракүлгін сәулені жұтады. Сол себепті олар УК сәулемен сәулелендірргенде фотохимиялық түрленуге мәжбүр болады. УК - сәулемен әсер еткенде жүретін реакциялардың ішіндегі ең маңыздысы мыналар: фотохимиялық тотығу, фотохимиялық сулану және фотодимеризация. Фотонның әсерінен екі азоттық негіздің арасында өтетін орнықты химиялық байланыс түзетін реакцияны фотодимеризация немесе қос өлшемді реакция дейді.
УК - сәуленің әсерінен нуклеин қышқылдары биологиялық белсенділігінен айырылады, яғни олар информацияны тарата алмайды. Бұл жағдайда ДНҚ - ны белсенді ету үшін тимин негіздері басты рөл атқарады. Тимин негіздерін димеризациялау процесі басқа фотохимиялық реакциялардан бұрын өтеді. Сулану және тотығу негіздері жинақталмай тұрғанның өзінде ДНҚ - белсенділігі арта бастайды. ДНҚ - ның қос спиральдегі тиминнің екі молекуласы қатар тұрмайды, тіпті олар қарама-қарсы да орналаса алмайды. Сондықтан осы реакцияны димеризациялану деп атайды. УК сәуленің әсерінен ДНҚ талшықтарының жергілікті таралу процесі басталады. Содан кейін талшықтар иіле келіп тимин негіздерін жақындастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz