Бала асырап алу — заңи акт


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе . . . 3

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Бала асырап алудың құпиялығы . . . 4

2. 2Қазақстан балаларын шетел азаматтары асырап алуы . . . 5

2. 3 Бала асырап алу тәртібі . . . 8

2. 4 Бала асырап алушы бола алатын тұлғаларға қойылатын талаптар. . 12

ІІІ Қорытынды . . . 14

Пайдаланған әдебиеттер . . . 15

Кіріспе

Бала асырап алу - заңи акт. Ол баланың және оны тәрбиелеуге алған адамның арасындағы құқықтық қарым-қатыныстарды айқындайды. Негізінен, кәмелетке толмаған балаларға қатысты әрі солардың мүддесіне орай жүзеге асуға тиіс. 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған ҚР-ның “Неке және отбасы туралы” заңында Бала асырап алудың тәртібі, оның құқықтық салдары, тиісті адамдардың заңи міндеттері мен жауапкершіліктері, т. б. егжей-тегжейлі қарастырылған (12-тарау) . Баланы тәрбиесіне алуға тілек білдірген адамның өтініші бойынша Бала асырап алу ісін сот қарап, азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырады. Заң бойынша ҚР-ның азаматы болып саналатын балаларды, егер ел аумағында тәрбиелеу мүмкіндігі болмаса, шетелдік азаматтардың немесе республика территориясынан тыс жерде тұратын туыстарының асырап алуына рұқсат етілген. Дәстүрлі қазақ қоғамында да Бала асырап алу актісіне жете мән берілген. Көбінесе, ұрпақтар жалғастығы үзіліп қалмасын деген ниетпен перзент сүюге қабілетсіз не ұлы жоқ отбасына ет жақын, сүйек шатыс туыстары бала беріп, қамқорлық жасаған. Бұл актіні кейін құпия ұстауға міндеттенген. Жалпы, қазақ ұғымында “асырау”, “асыранды” сөзі итке, малға қатысты ғана айтылатын, кемсітушілік астары мол лексема саналады. Әдетте, отбасы, тіпті ағайын-туыс арасындағы құпия-сыр ретінде сақталатын осынау құқықтық - адамгершілік іс-әрекетті “бауырына басу”, “баланы көйлекшең туу” деп астарлай жеткізген.

Бала асырап алудың құпиялығы

Бала асырап алудың құпиялығы - бала асырап алудың құпиялылығы заңмен корғалады. Бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар немесе бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялылығын сақтауға міндетті. Бала асырап алудың құпиялылығын оны асырап алушылардың еркіне қарамай жария еткен адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.

Бала асырап алу туралы тұңғыш заң 1851 жылы АҚШ-тың Массачусетс штатында қабылданған. Бұл заң бойынша асырап алынған бала биологиялық балаға тиесілі құқықтарға ие болған. Судья бала асырап алушы ата-аналардың баланы тамақтандыра алу мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ оған білім беру мүмкіндігінің де бар-жоқтығын анықтауға міндетті болатын.

Францияда баланы заңдық асырап алу 18-ғасырдың басында Наполеон кодексінде, ал Ресейде 1 Александрдің патшалық етуі кезінде пайда болған. Ресейлік заңда бала асырап алу мәселесі көптеген шектеулерге толы болды, сонымен бірге жоғары сословие өкілдеріне қатаң талаптар қоюымен ерекшеленеді. Әулетті ақсүйектердің бала асырап алуына тек император рұқсат беретін. Жеке ақсүйектерге, молдаларға, құрметті азаматтарға және көпестерге бала асырап алу рәсімі оңайлау болатын, бірақ олардың да бала асырап алуы Сенатпен бекітілетін. Тек шаруалар мен ұсақ мүдделі адамдарда бала асырап алу «отбасына қоса салу» арқылы жүргізілетін.

1891 жылғы 12 наурыздағы заң барлық сословиелердегі бала асырап алуды, шаруалар мен ұсақ мүдделі адамдардан басқа, аймақтық соттардың құзыретіне берді. Егер шетелдіктер тастанды және ата-тегін білмейтін балаларды православие дінінде тәрбиелейтін болса, оларға баланы асырап алуға рұқсат берілетін.

Халықаралық бала асырап алу тарихындағы ерекше рөлді әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Перл Бак иеленеді. Ол Қытайда пресветериан дінін таратушы американ отбасында өскен. Ол тұрмысқа шыққан ересек жасында екінші отаны болған АҚШ-қа оралады. 1949 жылы аралас нәсілді балаларды асырап алған Перл Бак дүние жүзіндегі тұңғыш халықаралық бала асырап алу жөніндегі Welcome House агенттігін құрған. Оның басты мақсаты азия нәсілді және қаны аралас жетімдерге қамқорлық жасау болды, өйткені ол кезде мұндай балаларды асырап алу американдықтар үшін жат болатын. Оның атындағы қор бүгінгі күні де жұмыс істейді. Бұл қор нәсіларалық бала асырап алуға маманданданған.

1955 жылы АҚШ Конгресі бір отбасының шетелдік бала асырап алулардың санына шектеу қойылуын жойған «Холттар заңын» қабылдады. Берта және Гарри Холттар Орегон штатының баптист-шаруалары. Ол кезде екеуінің жасы елуге келіп қалған еді және олардың туған алты баласы болған. Әкелері американ солдаттары болған корей жетімдері туралы деректі фильм екеуін толғандырғаны соншалықты, олар корейдің сегіз ұл-қыздарын асырап алуға шешім қабылдаған. Алайда, сол уақытта бұған рұқсат беретін ешқандай ашық мүмкіндік болмаған: федералдық заң АҚШ-тың азаматтарына шет елде дүниеге келген екі баланы ғана асырап алуға мүмкіндік беретін.

Қазақстан балаларын шетел азаматтары асырап алуы

2012 жылғы 17 қаңтарда күшіне енген "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексімен шетелдік азаматтармен бала асырап алу үрдісі тұжырымдамалы түрде өзгертілді: Егер бұрынырақ шетелдік бала асырап алушылар тікелей асырап алатын болса, онда қазір асырап алу мәселелеріне тек заңды тұлғалар - агенттіктер, ҚР аумағындағы өздерінің филиалдары мен өкілдіктері арқылы жіберілетін болады.

Бала асырап алушыларды іздеу және бала асырап алу үрдісін рәсімдеу бойынша қызметті жүзеге асыратын агенттіктерге Қазақстанда олардың құқық қабілеттілігін ресми түрде тану үшін балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетте аккредиттеу рәсімінен өтуі қажет болады.

Өтініш берген кезде өз мемлекетінің аумағында аталған салада өз қызметін кемінде он жыл жүзеге асырып жүрген бала асырап алу жөніндегі агенттіктер аккредитациялауға жатады.

Агенттіктер 1 жыл мерзімге аккредиттеледі.

Егер агенттікпен заңда белгіленген барлық талаптар сақталған болса бұл мерзім автоматты түрде созылады.

Аккредиттеу тәртібі, құжаттар тізімі, өткізу мерзімі Кодекспен нақты реттелген.

Аккредиттеу туралы не одан бас тарту туралы шешім 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы бала асырап алу рәсіміне сәйкес, ҚР азаматы болып табылатын баланы асырап алуға үміткер шетел азаматтары, ҚР уәкілетті органдарына (қамқоршы және қорғаншылық) ҚР дипломатиялық және консулдық мекемелері арқылы өтініш білдіреді және келесі қажетті құжаттарды ұсынады:

• баланы асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш;
• қаржылық жағдайы туралы анықтама;
• отбасылық жағдайы туралы анықтама;
• денсаулық жағдайы туралы анықтама;

• қамқоршылық және қорғаншылық органдары немесе мемлекеттік лицензия негізінде осындай қызмет түрлерін жүзеге асыратын агенттіктер беретін, ықтимал асырап алушылардың жеке адамгершілік сапалары туралы есеп.

Қолдаухат материалдарын қарау барысында басқа да құжаттар талап етілуі мүмкін.

Мәселен, асырап алуға кандидаттардың азаматтығы әр түрлі болған жағдайда, олар асырап алуға екі мемлекеттің құзырлы органдарынан қосымша рұқсат, сондай-ақ, ерлі-зайыптылар азаматы болып табылатын елдерге асырап алынған балаға келу және тұру рұқсатын алулары қажет. Сонымен қатар, егер, ҚР азаматы болып табылатын баланы асырап алу және де балаға келу мен тұру рұқсаты, бала асырап алу мәселесімен айналысатын мемлекеттік органның кепілдік хаты ретінде орындалатын болса, жеткілікті.

Барлық аталған құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған және ресмилендірілген немесе апостильденген болулары қажет.

ҚР азаматы болып табылатын балаларды (ұл немесе қыз баланы) асырап алуға ниет білдіруші шетел азаматтарын есепке алу туралы ережеге сәйкес, шет елдердегі ҚР консулдық мекемелерінде шетел азаматтарын арнайы есепке тұрғызу жүргізіледі.

Қолдаухат материалдары қамқоршылық және қорғаншылық органдарға жіберіледі. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан асырап алу мүмкіндігі туралы жауап алынған кезде, мемлекеттер арасында визалық режим болса, ҚР дипломатиялық немесе консулдық мекемесі шетелдікке елге келу үшін арнайы виза береді. Бұл виза тек ҚР Білім және ғылым министрлігінің немесе оның облыстық департаменттерінің шақыру хаттары негізінде берілуі мүмкін. Визалардың басқа санаттары бойынша (мысалы: туристік, іскерлік) асырап алу мақсатымен ҚР-ға келуге рұқсат етілмейді.

ҚР-ға келгеннен кейін екі аптадан кем емес мерзім ішінде шетелдіктер баланы таңдап, онымен тікелей қатынас орнатуға міндетті (баламен және оның қылықтарымен жеке танысу) .

Баланы асырап алуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері бойынша, асырап алу сот арқылы жүргізіледі. Бала асырап алу жөніндегі істердің қаралуын, сот ерекше өндіріс тәртібінде, Қазақстан Республикасының азаматтық іс-жүргізу заңнамасында көзделген ережелер бойынша жүргізеді.

Соттың түпкілікті шешімі шыққаннан кейін, Қазақстанның АХАЖ және көші-қон органдарында асырап алынған балаға асырап алу және туу туралы куәліктер, сонымен бірге, ҚР ұлттық паспорты ресімделеді.

Шетел азаматтары асырап алған бала ҚР заңнамасына сәйкес 18 жасқа толғанға дейін ҚР азаматтығын сақтайтынын есте сақтау қажет. Аталған баланың ҚР азаматтығынан шығуына, тек оның кәмелеттік жасқа толғаннан кейін және оның ниеті бойынша жол беріледі. Осыған сәйкес, баланың Қазақстанға келуі мен кетуі тек ҚР азаматының паспорты негізінде ғана жүзеге асырылуға тиіс.

Баланың тұрақты тұру орны бойынша келгеннен кейін жақын арадағы ҚР өкілдігінде консулдық есепке тіркеу қажет. Бұл рәсім ҚР азаматы болып табылатын баланың қайда орналасқанын білу және қажетті жағдайда оған көмек көрсету үшін қажет. Мысалы: жоғалтылған құжатты қалпына келтіру, паспорт мерзімін ұзарту немесе жаңа паспорт беру және т. б.

Шетел азаматтары ҚР-дан баланы асырап алғанда, оның болашағы үшін өздеріне үлкен жуапкершілік алады. Асырап алынған бала ҚР азаматы болып табылатынын біле тұра, шетел азаматтары өз мемлекетінің заңнамасына және Қазақстанның заңнамасына құрметен қараулары қажет және аталған заңнамада белгіленген барлық талаптарды орындаулары тиіс.

Бала асырап алу тәртібі

Бала асырап алу- заңды түрде баланы отбасына қабылдау. Бала туысқан ретінде ұлы (қызы) болып барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады. Бала асырап алу баланы отбасына орналастырудың басты түрі болып келеді. Ал ата-аналар үшін бұл - бала тағдырына және оның толық дамуына ең жоғары дәрежедегі жауапкершілік.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңының 77- баптың 1) тармағына сәйкес баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді. Өтініш баланың тұрған жеріндегі аудандық сотқа беріледі.

Бала асырап алу туралы өтінішке келесі құжаттарды ұсыну керек:

• қорғаншылық және қамқоршылық органының асырап алу, баланың қызығушылығына сай және негіз бар екендігі жөнінде қорытынды;

• асырап алушылардың тұрмыс жағдайын тексеру актісі;

• баланың туу туралы куәлігі және акті жазбасының көшірмелері;

• асырап алушының денсаулығы, дене және ақыл-есінің дамуы туралы медициналық қорытынды;

• заң бойынша қажет жағдайларда баланы асырап алуға ата-аналарының келісімі;

• 10 жастан бастап баланың асырап алуға берген келісімі;

• өтініш берушінің көзделген баланың асырап алушысы бола алатындығын дәлелдейтін айғақтар (ереже бойынша балалар мекемелерінің - балалар үйлерінің, басшыларының асырап алушының баламен жасаған қарым-қатынасы туралы қорытындысы) .

Қамқорлық пен қорғаншылық- баланы тәрбиелеу және оқыту сонымен бірге құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тәрбиеленуші құқығында отбасына қабылдау. Қамқорлық 14 жасқа дейінгі балаларға, ал қорғаншылық 14 жастан 18 жасқа дейін тағайындалады. Бала өз атын, әкесінің атын сақтайды, ал туған ата-анасы өз баласын асырауға қатысу міндетінен босатылмайды.

Қамқоршы баланы тәрбиелеу, оқыту, асырау және балаға қатысты жауапкершілік сұрақтары бойынша ата-ананың барлық құқықтарын иеленеді.

Қорғаншы және қамқоршы органы баланы асырау, тәрбиелеу және оқыту жағдайларына үнемі бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Кәмелеттік жасқа толған әрекетке қабілетті азаматтар қамқоршы мен қорғаншы бола алады. Сонымен қатар жеке басының мінез-құлқы, жас ерекшелігі, денсаулығы есепке алынады.

Олар қамқолық пен қорғаншылықты қажет ететін тұлғаның мекен-жайы бойынша қорғаншылық пен қамқорлық органына берген өтінішінің негізінде тағайындалады. Жекелеген жағдайларда өтініш қамқоршының (қорғаншының) мекен-жайы бойынша беріледі. Өтінішке келесі құжаттарды қосымша міндетті түрде ұсыну керек:

Қамқоршы үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1. Қамқоршының төлқұжаты (көшірме) .

2. Қамқоршының өтініші.

3. Егер қамқоршы некеде болса, жұбайының келісімі.

4. Қамқоршының денсаулығы туралы анықтама (белгілі үлгіде) .

5. Қамқоршы болғысы келетін тұлға некеде болған жағдайда,
жұбайының денсаулығы туралы анықтама.

6. Қамқоршының тұрмыс жағдайын тексеру актісі (мекен-жайы
бойынша мектеп толтырады) .

7. Жұмыс орнынан атқаратын қызметі және еңбек ақысы туралы
анықтама.

8. Жұмыс орнынан мінездеме (мөр, мінездеме берушінің қолы) . Егер қамқоршы жұмыс істемейтін болған жағдайда 2-3 көршісінен өзі туралы пікір.

9. Отбасының құрамы туралы мекен-жайынан анықтама (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі) .

Бала үшін қажетті құжаттардың тізімі:

1. Туу туралы куәлік (көшірмесі) .

2. Ата-анасының жоқ екендігін дәлелдейтін құжаттар (қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, ата-аналық құқықтарынан айыру туралы, тәрбиесінен бас тарту туралы, мекен-жай анықтамасы және т. б. )

3. 10 жасқа толғаннан бастап баланың қамқорлыққа келісімі.

4. Баланың тұрмыс жағдайын тексеру актісі (мектеп толтырады) .

5. Мүліктерінің тізімі (мектеп толтырады) .

6. Пәтерді жекешелендіру туралы шарттың көшірмесі (егер бала
пәтерді мұрагерліке алған болса) .

7. Жылжымайтын мүлік бойынша орталықтың № 1 ақпараттық
анықтамасы.

8. Баланың оқитындығы туралы мектептен анықтама қағаз.
9. Балаға мінездеме.

Бала асырап алу - алам өміріндегі күрделі әрі жауапты қадам. Бөтен бала үшін шынайы ата-ана болу оңай емес. Әдетте, бұл процесс бала асырап алу, қамқорлық пен патронаттық бойынша қажетті ақпарат жинаудан, заңнамамен танысудан, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың барлық ықтимал нысандары бойынша түсініктемелерден басталады. Көптеген аспектілер бойынша оларға тиімді ресурс - балалар деректерінің Интернет-банкі көмектесе алады.

Қазақстанда «Жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың ашық деректер базасы» жобасы іске қосылды. www. usynovite. kz сайтында балалар үйлерінде және нәрестелер үйіндегі балалардың шағын сауалнама ретінде туынды деректері берілген. Әлеуетті бала асырап алушылар, қамқоршылар үшін кез келген ақпарат құнды, бұл балаларға өздерінің ата-аналарын кездестіруге мүмкіндік беруі мүмкін.

Бала асырап алу үшін қажетті құжаттардың тізімі

бала асырап алу тілегі туралы жазбаша өтініш;

тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру туралы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

бала асырап алуға жақын туыстарының жазбаша келісімі;

достарынан немесе көршілерінен кем дегенде үш ұсыныс хат;

жиынтық табыс көлемі туралы анықтамалар;

отабсы жағдайы туралы анықтамалар;

денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;

сотталмағаны туралы анықтама;

тұрғын үйінің бар-жақтығын растайтын құжат;

бала асырап алуға үміткер ретінде тіркелген жер бойынша органның бала асырап алушы болу мүмкіндігі туралы берген қорытындысы.

Бала асырап алушы бола алатын тұлғаларға қойылатын талаптар

Мыналарды сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;

сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптыларды;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала асырап алу
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша некеге тұруды құқықтық реттеу
Халықаралық бала асырап алу
Мұрагерлік құқық туралы ақпарат
Алиметтік міндеттемелерді құқықтық реттеу
Қазақстанда баланы асырап алудың құқықтық жолдары
Өкілдіктің түсінігі
Ерекше сот өндірісі тәртібінде істерді қарау тәртібі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Азаматтық құқықта – азаматтың жеке басына немесе мүлкіне не заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіргені үшін зиян келтірушінің жәбірленушіге өтеуге міндеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz