Файлдарды, каталогтарды көшіру және олардың орнын ауыстыру


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Файлдарды, каталогтарды көшіру және олардың
орнын ауыстыру
Файлды көшіру - жаңа каталогта онын тағы бір көшірмесін алу, ал файлдың орнын ауыстыру - оның бір каталогтан екінші каталогқа көшірмесін алып, ескі орнынан жою. Бұл әрекеттер әдетте тышқанмен оңан, әрі жылдам орындалады.
Файлдардың көшірмесін алу не орнын ауыстыру кезінде сол жақ терезеде керекті каталог (не бума) көрініп тұруы тиіс. Ол үшін дискіні таңдап алып, тышқанды екі рет шертсек, оның құрылымы ашылған күйде болады және осы тәсілмен бумаларды да тізбектей ашып, керекті мәлімет алынатын каталог құрылымын бейнелей аламыз.
Файлдар әрқашанда бір каталогтан екінші каталогқа көшіріледі. Сол себепті оң жақ терезеге көшірілетін файл бар каталогты (беретін каталог) орналастырып, екінші терезеге сол файлдың көшірмесш қабылдайтын каталогты (алатын каталог) шығарып қойған жөн. Одан кейін орындалатын эрекеттер біртектес болады, олар: көшірілуге тиіс файл немесе файлдар тобы ерекшеленеді, сонан кейін тышқан арқылы беретін каталогтан алушы каталогқа сол ерекшеленген мэліметтер жеткізіледі.
Файлдармен жұмыс істеу кезінде көбінесе бір файл емес бірден бірнеше файл өңделеді (көшіріледі, жойылады және т. с. с) . Сол үшін өңделуге тиіс файлдар алдын ала ерекшеленуге тиіс.
Бір файлды ерекшелеу қиын емес - сол файлдың белгішесінде тышқанды бір рет шерту керек. Қатар орналасқан бірнеше файлды ерекшелеу үшін:
- бірінші тұрған файлдың бөлігінде тышқанды бір рет шерту керек;
- Shijt пернесін басын ұстап тұру қажет;
- соңғы файлға тышқан курсорын жеткізіп, тағы да шерту керек. Ерекшелеуді керісінше алып тастау үшін, сол файлдар атына
немесе бос орынға тышқан курсорын алып барып, оны бір рет шерту керек.
Бума (каталог) ішінде әр жерде орналасқан файлдарды ерекшелеу үшін:
- бірінші файл белгісінде тышқанды шерту керек;
- Сtrl пернесін басып, ұстап тұру керек; - керекті файл аттарына тышқан курсорын алып барып, оны біртіндеп шертіп отыру керек. Ерекшелеуді алып тастау үшін курсорды сол файлдардан тысқары жерге алып барып, тышқанды бір рет шерту қажет.
Файлдармен бірге ішкі бумаларды (каталогтарды) да ерекшелеуге болады.
Енді таңдап алынған файлдардың орнын ауыстыру үшін курсорды сол ерекшеленген объектінің бір шетіне алып барып, тышқан батырмасын басу керек, сонда файлдармен әрекет жасалатынын көрсететін жылжымалы белгіше пайда болады. Тышқан батырмасын сол басулы күйінде ұстап тұрып, жылжымалы белгіні файл көшірілуге тиіс бума белгісіне жеткіземіз де, батырманы қоя береміз. Осының нәтижесінде файлдың орнын ауыстыру (жылжыту) орындалады, егер ол ұзақ уақыт жүргізілетін болса (файл көлемі үлкен болғанда), 1. 2-суреттегідей көрініс экранда бейнеленіп әрекеттің ұзақтығын көрсетіп тұрады. Мұның нәтижесінде мәліметті көшіру немесе орнын ауыстыру әрекетінің орындалуы, келісім бойынша, информацияны беретін және оны алатын объектілердің орнына байланысты болады
Егер файл (ерекшеленген файлдар) бір орыннан екінші орынға бір диск көлемінде тасымалданған болса, онда, келісім бойынша, ол файл жылжытылады, яғни ескі орыннан алынып тасталады. Ал, егерде файл (ерекшеленген файлдар тобы) бір дискіден екінші бір дискіге тасымалданған болса, онда ол файлдың тек көшірмесі алынады, яғни ол ескі орында да сақталады.
Файл немесе файлдар тобын ауыстыру кезінде компьютерге керекті әрекетті нақты түрде білдіруге болады, Ол үшін бір диск көлемінде-ақ файлдар көшірмесін алу қажет болғанда, тышқан батырмасымен бірге Сtrl пернесін басып тұру керек, әрекет аяқталғанда екеуін де бірдей қоя беру керек.
Ал, бір дискідегі файлдарды екінші бір дискіге жылжытып, орнын ауыстырып жіберу қажет болса, тышқан батырмасымен бірге Shift пернесін қоса басып тұру керек.
Өз ісіңізге сенімді болу үшін қателеспеуге мүмкіндік беретін тағы бір тәсілді білген артық болмайды. Тасымалдау кезінде тышқанның сол жақтағы емес, керісінше, он жақтағы батырмасын басып тұратын болсақ, онда операция соңында көшірме алу қажет пе, жоқ әлде орын ауыстыру қажет пе, соған -нақты тұрде жауап беруді талап ететін операция қасиеттерінің менюі экранға шығады. Сол меню арқылы керекті әрекетті курсормен нақты тұрде көрсетуге міндетіміз.
Файлдарды, каталогтарды жою және қалпына келтіру
Каталогтарды немесе файлдарды дискіден жою тек Сілтеу терезесінде емес, кез келген ашық түрегі бумада (мысалы, Му Соmputer программасында), іске қосылып тұрған қолданбалы программаларда да жүргізіле береді. Бұл әрекетті тышқанмен атқарған қолайлы, бірақ бұл әрекет пернелермен де жойылатын информацияны алдын ала ерекшелеу арқылы жүзеге асырылады. Бірнеше файлды ерекшелеу жоғарыда айтылғандай Сtrl және Shift пернелері арқылы жүргізіледі.
Сонымен файлдар мен каталогтарды жою үшін:
- терезелердің бірінен сол каталогты немесе файлды таңдау керек; -Deietе пернесін басу қажет немесе Файл=>Жою командасын
орындау қажет;
- сұхбаттасу терезесінде жою әрекетінің орындалатынын тағы растау керек.
Осы мақсатта Drag g droр технологиясын да қолдану мүмкіндігі бар, ол үшін ерекшеленіп жойылуға тиіс объектіні тышқанмен Қоржын (Корзина-Recycie Віп) белгісіне жеткізсе болғаны.
Мәліметтерді жоюды қолданбалы программалармен жұмыс істеу барысында файлдарды ашу сақтау кездерінде орындауға болады, ол үшін де жойылатын файлдарды ерекшелеп алып, Deietе пернесін басса болғаны. Осы айтылған әрекеттердің бәрінде де жойылған мәліметті қайта қалпына келтіру мүмкіндігі бар, өйткені жойылған файлдар толық жойылмай, уақытша Қоржынға салынады (11. 3-сурет) .
Қоржын бөлек программа рөлін атқарады, ол жойылған информация туралы мәліметті есте сақтап, олардың үстіне басқа ешнәрсе жаздырмайды. Әрине ол дискіден біраз орын алады, келісім бойынша, қоржын диск көлемінің 10%-ше дейін пайдалана алады. Оның көлемін, қажет деп тапсаңыз, Қоржын программасының опцияларын өзгерту мүмкіндігі бар. Егер файлдармен көп жұмыс істеп, қоржындағы орын толтырылса, онда ең бұрынғы өшірілген мәлімет біржола жойылады. Бірақ мәлімет сирек жойылса, онда онын алдыңғыларын әрқашанда Қоржыннан қайта шығарып алып, бастапқы қалпына келтіре аласыздар. Ол үшін қоржын ішінен керекті файлды тауып алып, қалпына келтіру ісін орындай саласыз. Есте сақтайтын бір жайт, алғашқы қалпына тек Wndows жүйесінде жойылған файлдар ғана келе алады (NС арқылы жойылса, қалпына келмейді) . Қалпына келтіру ісі қоржынды оны тазалау (очистить корзину) Empty Recycie Віn командасымен (динамикалық меню) оны тазалағанға дейін орындала береді, ал оны тазалаған соң дискідегі орын кеңігенмен, мәліметтеріңіз ұшты-күйлі жоғалады.
Файлды көшіру, жылжыту және жою
Word-та файлдарды көшіру үшін Жылжыту ж2не Қалдыру әдісін қолдану мүмкін емес. Оны алмастыру буфері не тышқанның оң түймесін пайдалану арқылы төмендегіше орындауға болады:
-файлды ерекшелеу;
-оны буферге енгізу үшін тышқаннын оң түймесін шертіп, экранда көрінген жанама мәзірдің Көшіру (Копировать) пунктін таңдау (Редакциялау - Көшіру командасын беруге не Сігі + С пернелерін басуға да болады) ;
-файл енгізілетін буманы ерекшелеу;
-тышқанның оң түймесін басып, экранда көрінген мәзірдің Кірістіру (Вставитъ) пунктін таңдау (Редакциялау - Кірістіру командасын беру не СtгІ+V пернелерін басу да мүмкін) .
Жоғарғы әдістер бойынша файлды басқа бумаға көшіріп, бұрынғы орындағысын өшіріп тастау, яғни файлды жылжыту қиын емес. Ол үшін Копироватъ орнына Вырезать командасын беруге не СtгІ +Х пернелерін басуға болады.
Файлды дискетке көшіру үшін атауын таңдап, тышқанның оң түймесін шерткен соң көрінетін мәзір пункттерінен Жіберу -> Диск 3. 5[А] командасын беру жеткілікті. Ал бірнеше файлды бірден көшіру қажет болса, алдымен оларды таңдап алса болғаны.
Файлды жою үшін оны таңдап, Dеі пернесіи басу жеткілікті. Ал, жалпы түрде орындалатын әрекеттер:
-Файл - Ашу командасын беріп, ашылған терезеде файл атауын тандау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz