Қазақстандағы қаржы жүйесі



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Ι Қаржы жүйесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 н ұйымҚазақстандағы қаржы жүйесідастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру барысындағы шетелдік тәжірибеге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ΙΙ Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері ... ...16

2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
Кіріспе

Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.
Бүгінгі, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай жүргізуге себін тигізетін, ал қаржылық құқық әлеуметтік – экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім болып отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар болу және қайта бөлу процестері шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.
Мемлекеттік қаржылардың материалдық негізін ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.
Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық тұрғыдан қарастырылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің және жергілікті жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.
Ал материалдық мағынасында мемлекеттік қаржылар мемлекеттің және қоғамның тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады. Қаржылардың функцияларына ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау – есептеу функциялары жатады.
Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржылық жүйесінің ауқымында ғана жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік – құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.
Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән – жайларына байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастырылу тұрғысынан қарастырылады. Материалдық мағынасында қаржы жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Экономикалық мағынасында қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық – экономикалық институттар жиынтығынан тұрады. Ұйымдастырылу мағынасында қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді. Мемлекеттің қаржылық жүйесінің қазіргі кезде атқаратын қызметі мемлекеттік және жекеменшік қаржылар аясындағы мүдделердің біршама болса да теңдестірілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі әр түрлі қаржылардың функциялары тек мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыттарында жүзеге асырылады. Мемлекеттің қаржылық қызметі деп мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдаланылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады. Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру;қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары: мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу, мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру, мемлекеттің қаржылық ресуірстарын бөлу және пайдалану барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттің қаржылық қызметі аясындағы уәкілетті органдар жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыретін белгілеу, айналымға ақшалар және бағалы қағаздар шығару, қаржылық жоспарларды жүзеге асыру болып саналады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Әубәкіров " Экономикалық теория негіздері " Алматы 1994 ж.
2. Мәдешев Б " Нарықтық экономика теориясына кіріспе " Алматы 1995 ж.
3. Эдвин.Дж. Доллан " Макроэкономика" Москва 1995 ж
4. Мельников В.Д " Экономика Казахстана " Алматы 1995 ж
5. Тобаяқов Б "Егемен елдің экономикасы "
6. Алматы 1995 ж.
7. 6. Қаржы - қаражат 1999 № 1
8. 7. Қаржы - қаражат // 2000 № 9
9. 8. Қаржы - қаражат // 2002 №3
10. Егемен Қазақстан 2003 № 15 қараша
11. Казахстан в цифрах 2003, 20004
12. Статистикалық бюллетень 2004
13. Қазақстан Республикасының «Бюджетке төленетін салықтық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Ι Қаржы жүйесін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .5

1.1 Қазақстандағы қаржы жүйесін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру барысындағы шетелдік тәжірибеге
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ΙΙ Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері ... ...16

2.1 Қаржы министрлігі және оның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі
бюджет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 23

ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .44

Кіріспе

Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен
еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының
материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам
мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру,
экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға
сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ
әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.
Бүгінгі, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай
жүргізуге себін тигізетін, ал қаржылық құқық әлеуметтік – экономикалық даму
аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім болып
отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар болу және қайта бөлу процестері
шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын
экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.
Мемлекеттік қаржылардың материалдық негізін ақша нысанындағы құнның
біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға
байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.
Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық тұрғыдан
қарастырылады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің
және жергілікті жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын
атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және
пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын
айтамыз.
Ал материалдық мағынасында мемлекеттік қаржылар мемлекеттің және
қоғамның тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет
меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша
қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы,
сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады.
Қаржылардың функцияларына ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай
ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау – есептеу функциялары жатады.
Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалануды
ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржылық жүйесінің ауқымында ғана жүзеге
асырылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық
қатынастар, ал нормативтік – құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.
Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және
басқа да мән – жайларына байланысты материалдық, экономикалық және
ұйымдастырылу тұрғысынан қарастырылады. Материалдық мағынасында қаржы
жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай
қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Экономикалық мағынасында қаржы
жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық –
экономикалық институттар жиынтығынан тұрады. Ұйымдастырылу мағынасында
қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын
көрсетеді. Мемлекеттің қаржылық жүйесінің қазіргі кезде атқаратын қызметі
мемлекеттік және жекеменшік қаржылар аясындағы мүдделердің біршама болса да
теңдестірілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі
әр түрлі қаржылардың функциялары тек мемлекеттің қаржылық қызметінің
басымды бағыттарында жүзеге асырылады. Мемлекеттің қаржылық қызметі деп
мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам
мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән
функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-
ақ пайдаланылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін
айтамыз.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік –
экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы
жағдай жасау жатады. Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері
қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын
қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән
қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды
қалыптастыру;қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын
қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары: мемлекеттің ақшалай
қорларын қалыптастыру, мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу, мемлекеттің
қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру, мемлекеттің қаржылық
ресуірстарын бөлу және пайдалану барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды
жүзеге асыру, мемлекеттің қаржылық қызметі аясындағы уәкілетті органдар
жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыретін белгілеу, айналымға ақшалар
және бағалы қағаздар шығару, қаржылық жоспарларды жүзеге асыру болып
саналады.

Ι Қаржы жүйесін ұйымдастыру

1.1. Мемлекетің қаржылық қызметі және оны реттеу
Мемлекеттің қаржылық құрылысы өзара байланысқан 1. тиісті қаржылық-
экономикалық институттармен көрсетілген мемлекеттің ақшалай қорларының
жиынтығы ретіндегі мемлекеттің қаржы жүйесінен 2. мемлекеттің қаржылық
органдарының жүйесінен 3. мемлекеттік қаржылық реттеуден тұрады.
Мемлекеттің қаржы жүйесін құрайтын қаржылық - экономикалық институттар:
бюджет жүйесі, бюджеттен тыс мақсатты қорлар, мемлекеттік сақтандыру
қаржылары, мемлекеттік банктердің қаржылары, мемлекеттік кәсіпорындар мен
мекемелердің және мемлекеттік басқару органдарының қаржылары түрінде
көрініс табады.
Мемлекеттің қаржылық құрылымын арнайы мамандандырылған және өздеріне
тиесілі қаржылық өктем өкілеттіліктерін жүзеге асыратын мына мемлекеттік
органдар:
1. ҚР Қаржы министрлігі;
2. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қаржы дақылау комитеті
және Қазынашылық комитеті;
3. ҚР Қаржы министрлігінің құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен
облыстық қаржылық басқармалар;
4. ҚР Ұлттық банкі;
5. ҚР Ұлттық банкінің банктік және сақтандыру қадағалау
департаменті, бағалы қағаздар рыногын реттеу департаменті,
төлемдік баланс және валюталық реттеу департаменті;
6. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құрайды.
Мемлекеттік қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің ойдағыдай
қызмет атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара қарым-
қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында оған
ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.
Қаржылық реттеудің әдістеріне: мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын
қалыптастыру; қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақшалай қорлардың түрлері
мен бағдар-бағыттырын айқындау: мемлекеттің кірістерді қаржы жүйесі
буындарының арасында бөлу: мемлекеттік шығыстарды қаржы жүйесі буындарының
арасында бөлу; өз қарамағына бекітілген ақшалай қордың функциясын
қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; ақшалай
қорларды қалыптастыру және бөлу процестерін жоспарлау; мемлекеттік
қорлардан бөлінетін ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру; мемлекеттің
ақша қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жүргізу; қаржылық заңдарды
бұзғаны үшін қаржылық – құқықтық жауапкершілік белгілеу және заңда
белгіленген тәртіппен осы жауапкершілікке тарту жатады.
Ақша жүйесінің құқықтық негіздері еліміздің ақша жүйесінің, соның
ішінде ұлттық валюта жүйесін белгілейтін, сондай-ақ оның қоғам мен мемлекет
мүдделеріне сай тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ететін қаржылық
құқықтың институты болып табылады.
Осы институт реттейтін обьект ретінде мына: ақша жүйесінің құрылымы;
ақша жүйесін ұйымдастырудың қаржылық – құқықтық аспектілері; валюталық
реттеу сияқты үш элемент көрініс табады.
Ақша жүйесі деп тарихи қалыптасқан және тиісті ұлттық заңдармен
бекітілген еліміздегі ақшалар айналымын ұйымдастыру нысанын айтамыз. Ақша
жүйесінің элементтеріне: ресми ақша бірлігі, ақша түрлері, ақшаларды шығару
тәртібі, валюта айналымы режимі, ақша айналымын ұйымдастыру жатады.
Ақша бірлігі еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөніндегі
қызметті атқаратын және ұлттық валюта аталымын көрсететін мемлекет
тарапынан белгіленген ақша, яғни ҚР Ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесі
болып табылады.
Ақшалардың түрлері дегеніміз заңды төлем құралы болып табылатын ақшалар
мен олардың номиналдары.Ақшалар қағаз ақшалар және металл монеталар түрінде
көрініс табады.
Мемлекетіміздегі бірден-бір негізгі эмиссиялық орталық алтынмен
қамтамасыз етілмеген банкноттарды және ұсақтаушы монеталарды мемлекет атына
шығаруды жүзеге асыратып Қазақстанның Ұлттық банкі болып табылады.
Ақша айналамы тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер мен есеп айырысу
айналысына қызмет көрсететін қолма-қол және қолма-қол емес нысандағы
ақшалардың қозғалысын білдіреді. Ақша айналымын реттеу әдістеріне ақшалай
операцияларды жүргізу тәртібі мен қағидаларын белгіеу, нақты ақшалай
операцияларды реттеу және ақшалай операцияларды жүзеге асыру тәртібін
айқындау жатады.
Мемлекеттік қаржылар аясындағы ақшаларға тән функциялар қаржылық
міндеттемелер бойынша есеп айырысу құралы және мемлекеттің ақша қорларына
жұмылдырылуына байланысты қазына жинақтау құралы сипатында болады.
Ақша айналымын тұрақтандыру ақша реформаларын жүргізу арқылы жүзеге
асырылады.
Ақша реформаларын жүргізу кезінде: нуллификация, деноминация,
девальвация және ревальвация сияқты әдістер қолданылады.
Нуллификациялау – айналымнан құны жойылған ақшаларды алып тастап, оның
орнына жаңа валюта енгізу, деноминациялау – айналымдағы ақшаларды белгілі
бір ара қатынастарын қолдана отырып жаңадан шығарылған ақшаларға
айырбастау, ақшалар құнын өзгерту және массасын азайту, девальвациялау –
айналымдағы ұлттық валютаның ресми курсын төмендету, ревальвациялау –
ұлттық валюта курсын, басқа елдердің валюталарымен салыстырғанда ресми
түрде жоғарылату сипатында жүргізіледі.
Ақша жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлттық валюта жүйесі жатады. Ұлттық
валюта жүйесі деп халықаралық валюталық құық нормаларын есепке ала отырып
ұлттық валюталық заңдармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру
және реттеу нысанын айтамыз.
Ұлттық валюта жүйесі халықаралық валюталық жүйемен тығыз өзара қарым-
қатынаста және еліміздің экономикасы мен сыртқы экономикалық
байланыстарының даму дәрежесіне тәуелді болады.
Халықаралық валюта жүйелердің тарихи даму кезеңдеріне орай мынадай
түрлері болған:
1. Париж валюталық жүйесі (1867 ж)
2. Генуя валюталық жүйесі (1922 ж)
3. Бреттон-Вуд валюталық жүйесі (1944 ж)
4. Ямайка валюталық жүйесі (1976 - 1978 ж)
5. Европалық валюталық жүйесі (1979 ж)
Ұлттық валюта айналымына, сондай-ақ шетелдік валюталарға қатысты
мемлекет тарапынан белгіленіп, қойылған шеектеулер валюта айналымының
режимі деп аталады.
Валюталар толығымен айналыста болатын, жартылай айналатын, айналысқа
түсетін болып бөлінеді. Қазақстан валютасы жартылай айналыста болатын
валюталар қатарына жатады.
Валюталық монаполия валюталық құндылықтармен мәміле жасау жөнінідегі
текекмемлекеттің құзырындағы нарықтық айрықша қатынастар мен халықаралық
валюталық қордың талаптарына сәйкес шектелген құқық болып табылады.
Қазақстандағы валюталық құндылықтарға: шетелдік валюта, номиналдары
шетел валютасымен көрсетілген төлем құжаттары мен бағалы қағаздар,
толығымен тазалау процесінен өткен алтын құймасы және резиденттер мен
резидент еместердің арасындағы операцияларды жүзеге асыру кезінде
пайдаланылатын ұлттық валюта, сондай-ақ номиналдары ұлттық валютамен
көрсетілген бағалы қағаздар мен төлемдік құжаттар жатады.
Мемлекеттің валюталық монополиясының обьектілері ретінде мынадай
төлемдік құжаттар мен бағалы қағаздар:
1. Шетелдік банктердің чектері, аккредитивтері және пластикалық
карточкалары;
2. Шетелдік банктердің депозиттік сертификаттары;
3. Шет мемлекеттердің заемдық облигациялары;
4. Шет мемлекеттердің қазыналық бондары мен вексельдері;
5. Шетелдік акционерлік қоғамдар мен компониялардың акциялары;
6. Шетелдік заңды тұлғалардың облигациялары түрінде көрініс табады;
Валюталық реттеудің негізгі әдістері: валюталық реттеу обьектілерін
айқындау; валюталық операцияларды жүргізудің қағидаларын белгілеу;
мемлекеттің валюталық монополиясының обьектілерін айқындау; мемлекеттің
валюталық монополиясының обьектілерімен жасалатын операцияларды жүзеге
асыруға хақы бар мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; валюталық
операцияларды, оның ішінде шетелдік валютамен жасалатын операцияларды
жүзеге асыруға хақы бар заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу; валюталық
операцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметтерді лицензиялау:
резиденттердің тысқары жерлерден шетел валютасымен беретін және алатын
ссудалары мен кредиттерін тіркеу; валютамен жасалатын операцияларға бақылау
жүргізу; белгілі бір валюталық операцияларды жүргізуге салынатын тыйымдар
мен қойылатын шектеулерді белгілеу сипатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару мемлекеттік қаржыларға қатысты
тиісті қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік және арнайы
қаржылық органдардың жүйесін айқындайтын, сондай-ақ олардың осы саладағы
құзыреттерін белгілейтін қаржылық – құқықтық институт болып табылады.
Мемлекеттік қаржылар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар
жүйесінде:
А. Мемлекеттегі өкілді билік органдар:
1. Жоғарғы заң шығарушы және өкілді орган – ҚР Парламенті.
2. Жергілікті өкілді органдар – Мәслихаттар.
Ә. Мемлекеттің атқарушы билік органдары:
1. Жалпы құзыретті орталық атқару органы – ҚР Үкіметі.
2. Орталық салалық құзыретті органдар – ҚР министрліктері мен
ведомствалары.
3. Жалпы құзыретті жергілікті атқару органдары - Әкімдіктер.
4. Жергілікті салалық және функционалдық органдар.
5. Министрліктер мен ведомствалардың аумақтық органдары.
6. Жергілікті әкімдіктердің бөлімдері мен басқармалары.

Б. Мемлекеттің арнайы мамандандырылған қаржылық – экономикалық
органдары:
1. ҚР Қаржы министрлігі, оның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері.
2. ҚР Ұлттық банкі; оның құрылымдық бөлімшелері мен оған бағынышты
кредиттік – қаржылық ұйымдар.
3. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі көрініс тапқан.
Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару деп мемлекеттік қаржылар
аясындағы өзекті мәселерді шешуге, алға қойылған мақсат – міндеттер мен
күтілетін нәтижелерге қол жетізу үшін қаржылық механизмінің ынталандыру
тәсілдері мен басқа да жолдарын және санкцияларын қолдану арқылы
мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы барлық субьектілердің, сондай-ақ
қарамағында мемлекеттің ақша қаражаттары бар уәкілетті органдардың жүріс-
тұрыстары мен іс-қимылдарына жоспарланған және бағдарланған негізде
реттеуші-ұйымдастырушы ықпал етуді айтамыз.
Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері қаржылық жоспарларды әзірлеу,
қарау, бекіту, атқару және жабу жөніндегі негізгі қағидаларды белгілейтін
қаржылық – құқықтық институт болып табылады.
Қаржылық жоспарлау мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және
қайта бөлу жөніндегі экономикалық процестерді, сондай-ақ қаржылық
жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын ұйымдастыру процестерін
жоспарлы түрде басқару, немесе қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту
және атқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті және арнайы мамандандырылған
органдардың тиісті заңдарда көзделіп, белгілеген қызметтері түрінде көрініс
табады.
Қаржылық жоспарлау обьектісі ақшалай қор болып табылды. Ал ақшалай
қорлардың жиынтығы мемлекеттің қаржылық ресурстарын құрайды.
Қаржылық жоспарлардың міндеттері: ақшалай қорлардың қалыптастырылу
көздері мен жалпы көлемін анықтау, ақшалай қорларды пайдаланудың басымды
бағыттарын айқындау, қажетті қаржылық резервтерді құру, орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары мен экономика секторлары мен
салаларының және әкімшілік – аумақтық құрылымдардың арасында бөлудің ұтымды
пропорциясын белгілеу болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері деп қаржылық
бақылауды жүргізуге уәкілетті органдардың жүйесін айқындайтын және олардың
мемлекеттік қаржылық бақылау аясындағы құзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ
қаржылық тексерулерді жүргізу тәртібі мен нысандарын белгілейтін қаржылық –
құқықтық институтын атаймыз.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс
қорлардың атқарылуын, ақша айналымының ұйымдастырылуын, кредиттік
ресурстардің пайдаланылуын, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызы мен
мемлекеттік резервтердің жайын қаржылық және салықтық жеңілдіктердің
берілуін тексеру түрінде жүзеге асырылатын қызмет болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі міндеттеріне: 1. қаржылық
заңдардың сақталуын қамтамасыз ету; 2. қаржы жүйесінің тиісінше қызмет
атқаруын қамтамасыз ету; 3. қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету; 4.
мемлекеттің қаржылық ресурстарын заңды және тиімді пайдалануды қамтамасыз
ету; 5. қаржылық тәртіптің бұзылуын жою; 6. мамандандырылған қаржылық
органдардың өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай атқаруына қоолғабыс
ету; 7. қаржылық қатынас субьектілерінің мемлекет алдындағы өз
міндеттемелерін уақтылы және мүлтіксіз орындауларына қолғабыс ету жатады.

1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру барысындағы шетелдік тәжірибеге шолу.

Франция, США және Германияға қарағанда унитарлы мемлекет және бюджет
жүйесі екі буыннан тұрады;

- Мемлекеттік бюджет;

- Жергілікті бюджет;

Елде бюджеттік жүйені бірлігі жоқ. Барлық бюджеттер формалды
оқшауланған. Әрбір административтік бірліктің бюджеті атқарушы билік
органмен бекітіледі. Францияның қаржы жүйесінде мемлекеттік (орталық) және
жергілікті бюджеттерден басқа бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік
кәсіпорын қаржысы кіреді.

Францияда бюджет түсінігінің өзі 1862 жылы Декркт қаржы туралы
заң және бюджет туралы заң түсініктерін нақты шектеді. Біріншісі
экономикалық және қаржылық тепе-теңдікті есепке ала отырып, мемлекеттік
шығындар және ресурстардың көлемін белгілеу анықталады. Екінші мәселе –
қаржы туралы заңның жалпы жағдайын бөлшектеу және мәнін ашу болып табылады.

Мемлекеттік бюджет.

Франция бюджеті – мемлекеттік қаражаттарды басқарудың маңызды
инструменті. Мемлекет бюджеттік жүйе арқылы ЖІӨ-нің 20% дейін және ұлттық
табыстың 50%-ын қайта бөліп, қалыптастырады. Француздық қаржылық жүйесінің
барлық табыстар мен шығындардың шамамен 80%-ы мемлекеттік бюджет бөлігіне
тиесілі.

Орталық бюджет екі бөлімнен тұрады:

I. 90% - соңғы сипаттағы операциялар (қайтарымсыз қаржыландыру),
яғни ағымдағы, азаматтық, капиталдық және әскери шығындар болып бөлінеді;

II. 10% - уақыт сипатындағы операциялар (несиелер).

Орталық бюджет шығындары тағы екі бөлікке бөлінеді:

* ағымдағы, бұл өз кезегінде әскери әлеуметтік және т.б. болып
бөлінеді;

*капиталдық, бұл әскери (әскери объекттердің құрылысы, әскери
техникаларды сатып алулар), шетелдік істерге байланысты шығындар
(емшілікті құру, шекарадан тыс консульствалар сонымен қатар халықаралық
қаржы – немесе мекмелеріне салымдар) және т.б. кіреді.

1998 жылы Францияның мемлекеттік бюджет шығындардың негізгі баптары
келесідей пайыздық (%) прапорцияларда болды:

* орта және жоғарғы білім – 27,8;

* қорғаныс – 19,8;

* әлеуметтік министерстволар (жұмысбастылық, соғыс ардагерлері) –
17,6;

* құрал - жабдық, транспорт, үй – 10,4;

* қаржылық қызметтер – 3,9;

* ғылыми зерттеулер және технологиялар – 3,3;

* ауыл шаруашылығы, балық кәсіпшілігі – 3;

* әділеттілік – 2,1;

* шетел істері және қызметтестік – 1,7;

* өнеркәсіп -1,4;

* мәдениет пен байланыс -1,3;

* басқа да министрліктер -1,4;

Мемлекеттік бюджетте ерекше орынды ірі ғылыми - зерттеулер және
экономикалық бағдарламаларды қаржылындыру жатады және озық техникалар мен
технологиялардыңдамуына аса көңіл бөлінеді. Басты осындай бағдарламаларға
ЭСПРИТ (ESPRIT), РЭЙС (RACE), БРАЙТ (BRITE), ЕВРОМАТ (EVROMAT),
ЭВРИКА (EVRIKA) жатады.

Соңғы он жылдықта мемлекет экономика өміріне араласуды күшейте
түсті. Егер ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында ЖІӨ-дегі
мемлекеттікшығындар бөлігін 10-15% (1870 жылы – 12,6%, ал 1913 жылы - 17%)
құрса, ал 1960 жылда бұл көрсеткіш 34,6%-ға өсті, 1998 жылы 54.3%-ды
құрады.

Мемлекеттік бюджет кірісі 90% салық есебінен құрылады, яғни қару –
жарақты сатудан түскен түсімнен, мемлекеттік кәсіпорын қаражаттарынан,
заемдар және басқа да көздерден түскен түсімдер есебінен құрылады.

1975 жылдан бастап Францияның орталық бюджеті теңестірілмеген
болды және осы күнге дейін созылмалы дефицитпен жабылып келеді. Егер 1991
жылы шығындардың кірістерден асып түсуі ЖІӨ -нің – 19% құрса, ал 1993 жылы
4,9% көрсетті. 1997 жылы Маастрихстік келісім талаптарына сәйкес бюджет
тапшылығы – 3% құрды.Басқа европа елдерінің үкіметі сияқты Франция үкіметі
мемлекеттік бюджет дефицитімен байланысты конвергенция бағдарламасын жүзеге
асырды. Осы бағдарлама негізінде мемлекеттік қарызды төмендету және
жұмыссыздықты қысқарту мақсатымен байланысты жеке іс-шараларды өткізуден
бас тартпай, шығындарды қатаң түрде реттеуге көшті.

Мемлекеттік шығынның айрықша бөлігі міндетті аударымдар –
салықтар және әлеуметтік жарнадан көбейеді, сонымен қатар, ЖІӨ-нің 58%
жеткен мемлекеттік қарыздың көбеюіне әкеледі. Көптеген европа елдеріне
қарағанда бұл көрсеткіш сөзсіз төмен, бірақ мемлекеттік қарыз бойынша
пайыздық төлем қазіргі уақытта 14%-дан жоғары көрсеткішті құрды.

Бюджеттік процесс.

Францияның бюджеттік процесі 1959 жылғы декреттер, регламенттер,
нұсқаулар, бюджеттік операциялардың ұлттық шот жүйесінде көрініс табуы,
бюджеттік процесс пен бақылауға қатысты орталық және аймақтық билік
органдардың ролі мен функциясы және көптеген заңдар констетуция баптар
қатарымен реттелінеді. Францияда бюджеттік дайындау, қабылдау, атқару және
атқарылғаны туралы есеп құру 3 жылға созылады.

Француздық бюджеттік процестің бірінші сатысы бюджет жобасын
жасау – елдің басты қаржы органы экономика және қаржы Министрлігімен
бақыланады. Бюджеттік дайындық бюджеттік шешімдерді ұтымды таңдау атауына
ие мақсатты – бағдарламалық әдісті қолданумен жүреді. 9 ай ішінде әрбір
министрліктер мен ведомстволар нұсқаулар мен бақұылау сандарды жетекшілікке
ала отырып өзіндік смета құрастырады. Содан кейін барлық сметалар
ұштастырғаннан кейіналдын ала үкіметпен қабылданып, бюджеттік жоба
жасалынады, ол өз кезегінде парламентке беріледі.

Бюджеттік процестің екінші сатысы – бюджеттік қабылдау өз
кезегінде 3 айға созылады. Бюджеттік жоба парламент қаржы камиссиясының
әрбір палатасымен иқарастырылады. Бастапқы кезде төменгі палата – ұлттық
жиналыста жоба талқылаудан өтеді. Сонан кейін жоба жоғарғы палата – сенатқа
беріледі.

Егер бюджеттік жоба парламент екі палатасының біріккен
талқылауынан кейін қабылданбаған жағдайда президент бюджетті заң ретінде
жарлық беруге құқылы.

Үшінші саты – бюджеттік атқарылу. Кассалық атқарылу Франция
банкінде шоты бар және бюджеттік. Кассалық – есеп-айырысу операциялары
жүргізіліп, қазынашылық кассалар жүйесі арқылы жүзеге асады.

Бюджеттік атқарылуын бақылау үш түрге бөлінеді: әкімшілік,
соттық және парламенттік.

Әкімшілік бақылау. Есеп жүйесі иерархиялық құрылымы бойынша
жүргізіледі, яғни жоғарғы деңгейдегі бухгалтер өзінен төменгі деңгейдегі
бухгалтерлерді бақылап, ал өздері басты қазынашылыққа бағынады. Францияда
қаржы министрлігінің кабинетімен байланысты, бірақ басқаруда бұл
министрліктің бірде – біреуіне кірмейтін қаржылық бақылаушы – инспекторлар
корпорациясын білдіретін басты қаржылық инспекция әрекет етеді. Қаржылық
бақылаушылар мемлекеттік қаржылардың барлық буындарын, оның ішінде мекеме
және қызметі қазынашылық мүддені қозғайтын жеке ұйымдар мен кәсіпорындардың
есеп жағдайын тексеруге құқылы. Мысалы ретінде транспорттық және құрылыс
компаниялар т.б. жатады.

Соттық бақылау – ұйымның есеп және есеп беру жағдайын тексеруі
шот поштасымен жүзеге асырылады. Шот палатасының юрисдикциясы несиелермен
иеленетін басты бухгалтерияларға таралған. Мәліметтің толық немесе нақты
еместігіне атқарушы органның жетекшілері жауапты өз мойнына алады.

Парламенттік бақылау – бюджеттік атқарылуды қамтамасыз ететін
шот палатасының доклады мен есеп органның орталық шоттары туралы жалпы
деклорация және жеке министрліктің есеп беруі жоғарыда көтерілген құжатта
негізінде бюджеттің атқарылғаны туралы заңды қабылдау мен талқылау
барысында жүзеге асырылады.

Францияда бюджеттік (қаржылық) жыл колендарлық жылмен сәйкес
келеді, яғни 1 қаңтардан басталады.

Францияның макроэкономикалық жағдайы.

Француздық экономика әлемдік шаруашылықта жетекші орын алады. ЖІӨ
көлемі бойынша Франция әлемдік 4 орынға ие. Франция территориясы мен
тұрғындар саны бойынша Еуропада ірі мемлекеттердің бірі. Елдің территориясы
– 551 мың кв.км., халық саны – 58млн. адам. Оның ішінде 95% - француздар,
қалғаны британдықтар, баекілер, каталондықтар, немістер, алжирліктер,
итальяндық, португалдықтар, түркілер.

Елдің экономикалық дамуын сипаттаушы басты көрсеткіш – нақты ЖІӨ
өсімі. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш оң динамиканы көрсетеді. Егер 1993 жылғы
экономикалық рессецияны ескермеген жағдайда. Осы себепке байланысты 2002
және 2003 жылдары нақты ЖІӨ өсімі оң қарқыны қысқарғаны байқалады.
(11.кесте).

Францияның нақты ЖІӨ өсімі (%)түрінде

1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999
2000 2001 2002 2003

0,8 1,3 -1,5 2,9 2,7 2,2 2,3 3,2
3,2 3,2 2,6 1,0 2,0

Басқа жылдары, әсіресе 1990 жылдың соңына қарай ішкі сұраныстың өсу
себебінен тұрақты экономикалық өсу болды. 1998 жылы бұл параметрдің
есебінен ЖІӨ өсімі ¾-ке жетті. Ішкі сұраныстың өсуі дайын өнім секторына
тұрақты оң әсерін тигізді. 1997 жылдың ортасынан бастап жеке тұтынудың
кеңейуі тұтыну негіздегі тауар секторының конъюктурасын ұстап тұрды.
Сонымен қатар жинақ нормасы (нақты ақша табысының жинаққа қатынасы) 14%
дейін қысқаруы, ішкі сұраныстың өсуіне әкелді. Саясат біртіндеп пайыз
қойылымын тұрақты төмендеуіне себепкер болды. Осындай жинақ депозиттердің
номиналды қойылымы 1998 жылы соңына қарай 3,2% дейін төмендеді. Нәтижесінде
(1986 жылы қарағанда рекордтық көрсеткіш) тұтыну өсімі 4 рет көбейді.

Ішкі сұраныстың екінші құрамдас бөлігі – инвестиция. Өз кезегінде
динамикалық түрде дамыды. 1997 жылмен салыстырғанда олардың қарқыны 1998
жылы 6% дейін көтерілді. 2000 жылы болжамдалған экономикалық өсу қарқыны 3%
дейін төмендеуіне қарамастан бұл көрсеткіш өзгермеді және евро аймақтағы
жетекші үш елдер арасында жоғарғы көрсеткіш болып қала береді. 2001 жылы
нақты ЖІӨ өсімінің төмендеуі әлемдік ынтымақтастыққа экономикалық өсудің
болулығымен түсіндіріледі.

2005 жылға дейінгі Францияның дамуы батыс еуропа аймағының жалпы
тенденциясына сәйкес келетіні ықтимал. Атап айтқанда орташа жылдық өсу
қарқыны 2,4-2,6% болжамдалады.

Соңғы он жылдықта француз экономикасында маңызды фактор-инфляция
деңгейінің төмен болуы. 1994 жылы Франция экономикалық саясаттың бағыты
информацияны 2% төмен деңгейде баға тұрақтылы болған. Мониторлық саясаттың
нәтижесінде 1996 жылы инфляция 2,1% құрды, ал 1997 жылы 1,1% болды. Бұл
көрсеткіштер соңғы 40 жыл ішінде ең төмен болып есептелінеді. 2% жылдың
инфляцияны және ЖІӨ өсімі 3% болатын болжамға жету үшін Франция банкі
жиынтық ақша массасының жалпы жылдық өсімін 5% дейін шектеді. Сөйтіп 1997
жылы жиынтық акция масса өнімі 1,5%-дан аспады, инфляция деңгейі -1,1%, ал
нақты ЖІӨ өсімі -2,3% құрды. 1998 жылы азиялық қаржылық кризис арқасында
инфляция деңгейі 0,7%, ал 1999 жылы 0,6% дейін төленеді. 2000 жылы инфляция
1,8% өсті. 2001 жылы инфляция деңгейі 1,0-1,6% деп болжамдады.

Қолайлы экономикалық конъюктура Франциядағы жұмыссыздық деңгейін
төмендеуіне себепкер болды. (1.2 кесте).

Жұмыс күші саны % бойынша жұмыссыздық деңгейі.

1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000
2001 2002 2003

9.4 10.4 11.7 12.5 12.5 12.3 12.5 11.8
11.2 9.7 8.8 8.6 8.5

Жұмысссыздар санының қысқаруы үкіметтің жаңа жұмыс орнын құрумен
байланысты болды. 1997 жылы 190 мың жұмыс орны құрылды, сонымен қатар
мемлекет арнайы жастар үшін 40 мың жұмыс орнын құру үшін қаражаттар бөлді.
1998 жылы жұмыс орындары 300 мың орынға жетті, оның ішінде 100 мың жұмыс
орны арнайы жастар үшін құрылған. Нәтижесінде жастар жұмыссыздығы 1998
жылдың 10 ай ішінде 8,5% дейін қысқарылды.

Француздық экономика сыртқы байланыстар үшін кең түрде ашық
қызметтермен ауылшаруашылық өнімдер экспорт бойынша Франция әлемде 2 орында
келеді. Өндірістік өнімдер (негізіне құрал-жабдықтар) экспорты бойынша 4
орын. Францияның басты сыртқы экономикалық әріптестері еуроодаққа мүше
мемлекеттер болып табылды. ЕО мемлекеттеріне елдің тауар айналымының 63%
және экспорттың 60% келеді. Францияның ЕО-пен оң сальдосы 1998 жылы
63млрд.франкқа жетті (9,6 млрд. евро). Германия – Францияның басты сауда
әріптесі болып табылады. (Экспорт 16%, импорт 20%). Екінші орында Италия
(12%), артынша Ирландия мен Нидерланды елдері Францияның сауда айналымында
АҚШ-тың үлес салмағы 6,1% құрайды.

Елдің жалғаспалы экономикалық өрлеуінің бір себебі экспорттың
қарқынды өсуі (1997 қорытындысы бойынша 12% құраған) болып табылады. 1997
жылы ағымдағы төлем балансының оң сальдосы 220млрд. франктан асып түсті,
бұл алдыңғы 5 жыл ішінде үлкен көрсеткіш болды. 1999 жылы оң сауда сальдосы
124млрд. франкка жетті (18,9млрд. евро). 1998 жылы өнім экспортта ЖІӨ-нің
26%, яғни 276,61 млрд. евро болды.

Франция үшін тікелей инвестиция және капитал экспорты тенденциясына
тән құбылыс. 1997 жылы шетелде Франция француздық инвестиция портфелі
413,5млрд. франкті құрады, оның 257,4 млрд. франк облигацияны сатып алуға
жұмсады. Француз резидентті тұлғалары 158 млрд. франкті басқаруда қатысуға
құқық беретін шетелдік акциялар мен басқа да құнды қағаздарды сатып алуға
жұмсалған. 1997 жылы француз резидентті тұлғалары шетелдің тікелей
инвестициялардың соммасы 181 млрд. франкты құрады. Шетелдік тікелей
инвестиция көлемі бойынша Франция Япония мен қатар әлемде алдыңғы орынды
алады. Сонымен қатар мемлекет шетелдік әріптестері үшін инвестициялық
мүддені сақтап келеді. 1997 жылы шетелдік тікелей инвестиция көлемі бойынша
Француз әлемде АҚШ, Ұлыбритания және ҚХР кейін 4 орында келеді. 1997 жылы
резидентті емес тұлғалар 257млрд. франкті француздық құнды қағаздарға
салды. Резидентті емес тұлғалар азияның қор нарығында басталған
кризистерден кейін белсенді түрде өз қаражаттарын құнды қағаздарға сала
бастады. Осыған байланысты шетел әріптестердің арқасында Францияда
инвестициялық өрлеу қамтамасыз етілді, бұл туралы жоғарыда айтылып кетті.
Францияда 1997 жылы 360 ірі инвестициялық жоба шегінде 24 мың жұмыс орны
құрылды. Франция Банкісінің мәліметі негізінде 1997 жылы 1-қаңтарда
шетелдік тікелей инвестиция соммасы 753,8 млрд. франкты құрды. Олар
негізінен 64% ЕО елдерінен түсті. Инвесторлар ішінен АҚШ бірінші орын алады
(20.2% немесе 152,3 млрд. франк).

Елдің 2015 жылға дейін экономиканың оң динамикасы үшін ең
болмағанда экспорттың бастапқы көрсеткіштерін сақтап қалу қажет. Үлкен
көлемді алдыңғы қатарлы озық өнімдердің мәні күшейіп, әлемдік сұранысқа
белсенді бейімделуі билік алдына қойылған мәселенің бірі болып табылады.
Бұл жөнінен Франция әлі болсада артта қалуда. Ұлттық экспорттың машина және
жабдық бөлігіне 48% келеді. Бұл көрсеткіш АҚШ және Германияға қарағанда
айрықша аз. Керісінше басты бәсекелестерге қарағанда өнімнің үлес салмағы
аз, ал өңдеу дәреже жоғары болып табылады.

ΙΙ Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері

2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк)
басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған
қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiк өз
қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк
құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi
туралы ережe сәйкес жүзеге асырады.  Министрлiк мемлекеттік мекеменiң
ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Министрлiктiң
мынадай ведомстволары бар:
– Қазынашылық комитеті;
– Кедендiк бақылау комитетi;
– Салық комитетi;
– Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi;
– Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті;
– Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi.
ҚР Қаржы министрлігінің негізгі міндеттері: мемлекеттiк бюджеттiң
атқарылуы, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және
мемлекеттік сатып алу, темекi өнiмдерiнiң, этил спирті мен алкоголь
өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның
айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсiмi,
дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, мемлекеттiк меншiктi
басқару, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілік және аудит саласындағы
мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету;
      Мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы, бюджеттік есепке алу, кедендiк,
салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу, темекi
өнiмдерiнің, этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерiнiң
жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу,
банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
қоспағанда), борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi, мемлекеттiк меншікті
басқару, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, бухгалтерлiк
есеп, қаржылық есептілiк және аудит саласындағы салааралық үйлестiру мен
әдiстемелiк басшылық жасау болыптабылады
       
Министрлiктiң функциялары мен құқықтары
 Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн
стратегиялық функцияларды:
      тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге,
сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды
iске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын
әзiрлеуге қатысуды;
      мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының
стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-
экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын, негiзгi макроэкономикалық
көрсеткiштердi әзiрлеуге қатысуды;
      бюджетке түсiмдердi болжауға және мемлекеттiк бюджетке кiрiс
түсiмдерi саласында мемлекеттік саясат мақсаттары мен басымдықтарын
анықтауға қатысуды;
      заңнама қолдану практикасына талдауды, оны жетілдiру жөнiндегi
ұсыныстарды дайындауды, өз құзыретi шегiнде нормативтік құқықтық
кесiмдердің жобаларын әзiрлеудi және дайындауды (немесе қабылдауды);
      өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк, салалық (секторалдық)
бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етудi;
      2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функцияларды:
      республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етудi және жергiлiктi
бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi;
      түсiмдердiң жиынтық жоспарын бекiту мен оған өзгерiстер енгізiлуiн
және республикалық бюджеттi қаржыландыруды қамтамасыз етудi;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнен қарыз алуды, пайдалануды, тiркеудi,
өтеудi және қызмет көрсетудi, бағалы қағаздарды ұйымдастыру рыногiне олар
шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатудың
жүзеге асырылуын, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген мемлекеттiк емес
қарыздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi;
      ұтымды үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды, сондай-ақ
мемлекеттік борыштың басқарылуын қамтамасыз етудi;
      келiссөздер жүргiзудi, Қазақстан Республикасының Үкiметi қарыздарының
шарттарына қол қоюды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк
эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруды, мемлекеттiк емес қарыздары бойынша
мемлекеттік кепiлдiктер берудi ұйымдастыруды;
      мемлекеттiк кепiлдiктермен тартылған үкiметтік қарыздар, мемлекеттiк
емес қарыздардың және жергiлiктi атқарушы органдар қарыздарының шарттарына
қаржылық сараптама жүргiзудi;
      республикалық бюджетте көзделген және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес инвестициялық жобаларға, мемлекеттiк
бағдарламаларға және өзге де iс-шараларға кредит берудi;
      үкіметтiк сыртқы қарыздар туралы келiсiмдердi бекiтуге қажеттi
құжаттарды дайындауды;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша конкурстық
негiзде үкiметтік қарыздарға мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес
қарыздарға және кейіннен үкiметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет
көрсету үшiн екiншi деңгейдегi банктердi, бастапқы дилерлердi, лид-
менеджерлердi және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөнiндегi басқа да
әрiптестердi iрiктеудi;
      уәкiлеттi банк-агенттермен бiрлесіп республикалық бюджеттен
оқшауландырылған қаражатты өндiрiп алу жөнiнде түпкi қарыз алушылармен
жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргiзудi;
      түпкі қарыз алушылар мен екiншi деңгейдегi банктердiң үкiметтік
қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкiметінің бiрлесiп
қаржыландыру үлесiн республикалық бюджетке қайтару туралы iшкi кредит
келiсiмдердiң жобаларын дайындауды;
      республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджеттiк кредиттердiң
берiлуiн, қызмет көрсетілуiн және мақсатты пайдаланылуын бақылауды, олардың
есебiн, мониторингі мен қайтарылуын қамтамасыз етудi;
      республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттiк
бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды;
      бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі есептіліктi жасауды, сондай-ақ
мемлекеттік қаржы және меншiк бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының қалыптасуы және пайдаланылуы туралы статистикалық есептердi
жасауды;
      бюджет есебiнiң жүргiзiлуiн қамтамасыз етудi;
      бюджет жүйесiнде бюджеттiк және бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi
дамытуды және жетілдiрудi;
      қаржылық бақылау мәселелерi бойынша есептілiк нысандарын, оны жасау
мен берудiң тәртiбiн әзiрлеудi;
      бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы, оның iшiнде өз құзыретi
шегінде аудиторлық қызметтi лицензиялау саласындағы функцияларды орындауды;
      мемлекеттік сатып алу процесiн үйлестiрудi және мемлекеттiк сатып
алудың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
сатып алу туралы заңнамаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етудi;
      салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң түсiмдерiн және бюджетке түсетiн өзге де түсiмдердi, мiндеттi
зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына
әлеуметтiк аударымдардың толық және уақытылы аударылуын, шикiзат секторы
ұйымдарынан бюджетке түсетiн түсiмдер бөлiгiнiң Қазақстан Республикасы
Ұлттық Қорына аударылуын қамтамасыз етудi;
      этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, темекi өнiмдерiнiң, мұнай
өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен айналымының мемлекеттік
реттелуiн және салықтық бақылауды қамтамасыз етудi;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнiндегі есеп
пен есептіліктің атқарылуы, жүргізiлуi, олардың атқарылуына баға беру,
гранттардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың,
мемлекеттiк мекемелердiң иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды,
қызметтердi) сатудан түскен ақшаның пайдаланылуы бөлiгiнде мемлекеттік
қаржылық бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасының
заңнамаларына сәйкес келуiн тексерудi қамтамасыз етудi;
      республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық
жоспарларын бекіту және оларға өзгерiстер енгiзу, республикалық бюджеттік
бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар беру, мемлекеттiк мекемелердiң
азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу, мемлекеттік мекемелердiң
мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегі жұмыстарды
ұйымдастыруды;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердi
қаржыландыру жоспарларын жасаудың дұрыстығын мемлекеттік бақылауды және
бекiтілуiн қамтамасыз етудi;
      Қазақстан Республикасында кеден iсінің басшылығын жүзеге асыруды және
Қазақстан Республикасының кеден және орындалуын бақылау кеден органдарына
жүктелген өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз етудi;
      банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiн (банктерді және сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттiк бақылауды, соттан тыс рәсiмде
дәрменсiз борышкердi таратуды, сондай-ақ дәрменсiз борышкерлерге қатысты
оңалту рәсiмдерiн қолдану жөнiндегi іс-шараларды қамтамасыз етудi;
      мемлекеттік меншіктi басқару және жекешелендiру жүйесiн
ұйымдастыруды;
      мемлекеттiк кiрiстер бойынша мемлекеттік есептілік алымының нысандары
мен әдiстерiн жетiлдiрудi;
      өз құзыретi шегiнде жұмылдыру жұмыстары мен мемлекеттiк құпияларды
қорғауды қамтамасыз етудi;
      Министрлiк ведомстволарының мiндеттерi мен функцияларының орындалуын
үйлестіру мен қамтамасыз етудi жүзеге асырады. Министрлiктiң:
      мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан
Министрлiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажеттi ақпараттарды
сұратуға және алуға;
      өз құзыретi шегінде барлық мемлекеттiк органдардың, өзге де
ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк
құқықтық кесiмдердi шығаруға;
      Министрлiктiң қарамағындағы комитеттер мен мемлекеттiк ұйымдардың
бұйрықтарын, өзге де кесiмдердi жоюға немесе тоқтата тұруға;
      акционерлiк қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық
меншiктегi басқа да мүлiкке иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ заңнамалық
кесiмдермен және Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген жағдайларда
билiк етуге;
      Министрлiктiң қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды
мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;
      бюджеттік заңнамада көзделген жағдайларда бюджет қаражаттарын
қайтарып алуды және қаржыландыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге;
      жергілікті атқарушы органдардан облыстың, Астана және Алматы
қалаларының бекiтілген бюджетi туралы жиынтық деректер мен олардың
атқарылуы туралы ай сайынғы есептердi, сондай-ақ республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден - шығыстар сметаларының
атқарылуы туралы ай сайынғы есептердi алуға;
      республикалық және жергілікті бюджеттердiң атқарылуы туралы Қазақстан
Республикасының бюджет заңнамаларының талаптарының бұзылу себептерiне баға,
сондай-ақ бекiтiлген республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi
бағдарламалардың) тиiмділiгi мен орындылығына баға беруге;
      Министрлiктiң құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асыруға құқығы бар.
ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері
Салық комитеті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi
- Комитет) өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және
Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық
және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы iске асырушылық және
бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгінiң ведомствосы болып табылады.
      Комитеттің басты мiндеттерi мыналар болып табылады:
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң толық
түсуiн, мiндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк
сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын
қамтамасыз ету;
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген
тәртiпте салық бақылауын жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң, темекi өнiмдерiнiң, мұнай
өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк
реттеудi қамтамасыз ету;
      Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
      Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына жән е
заңнамаларына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң
кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi туралы Ережеге сәйкес
жүзеге асырады.
     Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды
тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауымен мөрi және мөртаңбасы,
белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында бюджеттік
шоттары және Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексiнде, Қазақстан
Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда қарастырылған жағдайларда өзге
де шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
 Комитеттің функциялары мен құқықтары
      Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
      Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн
жүргізу;
      салық төлеушiлердi, салық салу объектілерiн және салық салуға
байланысты объектiлердi есепке алудың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу және
жүргiзу;
      салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық
және жергілікті мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;
      этил спиртiнiң, алкоголь өнiмдерiнiң және темекi өнiмдерiнiң
өндiрiлуi және айналымы саласында есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру;
      салық төлеушiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiне, мұнай өнiмдерiн
өндірушілердiң, мұнайды жеткiзушілердiң және мұнай өнiмдерiн базалардан
сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ темекi өнiмдерiн өндiретін
тұлғалардың қызметіне мониторинг;
      өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті
төлемдердiң түсуi мәселелерi бойынша, сондай-ақ акцизделетiн өнiмнің
өндiрiсi мен айналымы саласында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау
және ынтымақтастық;
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген
тәртіппен салықтардың, өсiмақы мен айыптар есептелген сомасы бөлігінде,
сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды тұлғаларының әрекетi
(әрекетсiздiгi) бөлiгiнде салықтық тексерулердiң кесiмдерi бойынша
хабарламаларға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау;
      салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша
Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн орындау;
     
2) Бақылау-қадағалаушылық функциялары:
      салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердiң түсуiнiң
толықтығын көздейтiн заңнаманың сақталуын бақылауды;
      нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген құзыретi шегінде салықтық
емес төлемдердiң түсуiн бақылауды (мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасының
үлесiнен, мемлекеттiк меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiне
дивидендтерден, "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшін жалгерлiк төлемнен,
республикалық мемлекеттiк мүлiктi жалға беруден және сатудан, мемлекеттiк
меншiк объектілерiн жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден, капиталмен
жасалған операциялардан алынатын түсiмдерден басқа);
     қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес таңбалауға жататын акцизделетiн
өнiмдер бойынша акциздiк алым маркiлерiнің сақталуын, сатып алынуын және
есепке алынуын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркiлерiнiң жасалуын,
сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын бақылауды;
     өз құзыретi шегінде нормативтiк құқықтық кесiмдердiң сақталуын
бақылауды;
      мұнай өнiмдерiнiң айналымына мұнай өнiмдерiнің өндiрiсi және айналымы
бойынша iлеспе жүкқұжаттар мен декларациялар арқылы бақылауды.
Салық органдарына салық төлеушілердің міндетті зейнетақы төлемдерін
және салықытық міндеттемелерін уақытылы және толық түрде төлеулерін
қамтамасыз ету тапсырмалары жүктеледі.
Салықтық тексеру – салық органдарының салық міндеттемелерінің жүзеге
асуын тексеру.
Салықтық тексерулер келесідей түрлерге бөлінеді:
1) құжаттық тексеру; 2) рейдтік тексеру.
Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кешенді тексеру – салықтардың және басқа да бюджетке төленетін
міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттемелердің
орындалуын тексеру;
2) мазмұндық тексеру - салықтардың және басқа да бюджетке төленетін
міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салықтық міндеттемелердің
орындалуын тексеру;
3) қарсы тексеру - салықтық тексеру барысында салық органына үшінші
тұлғаларға байланысты салық төлеушінің орындаған операцияларын салықтық
есепте дұрыс көрсетілуі туралы ақпарат қажет болған жағдайда аталған
тұлғаларды тексеру.
Рейдтік тексеру бұл салық қызметі органдарымен заңнамалардың жекелеген
талаптарын сақту мәселелері бойынша жекелеген салық төлеушілерге байланысты
жүргізіледі.
Тексеру негізі бұйрық болып табылады.
Салықтық тексеру аяқталуымен салық органының лауазымды тұлғасы
мыналарды көрсете отыра салықтық тексеру актісі толтырылады:
1) салықытық тексеру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Қр-да жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқару
Қазақстандағы ипотеканы заңнамалық реттеу
Несие жүйесі туралы түсінік
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметі және халықаралық экономикалық жүйесіндегі ролі
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын
Пәндер