1 жасқа дейінгі балалардың физиологиялық ерекшеліктері мен балалар үйі жағдайында дене шынықтыруға тәрбиелеу


1 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН БАЛАЛАР ҮЙІ ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУҒА ТӘРБИЕЛЕУ
Балалар үйінің негізгі міндеті - толық және өз уақытында балалардың физиологиялық ерекшеліктерін, психологиясын, дене тәрбиесін дер кезінде қалыптастыру. Сонымен бірге, қоршаған ортадағы өмірге және осы балалар үйіндегі ортаға үйренуге жеңілдік жасау. Сондықтан балалар үйіндегі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралдары:
1. Күн тәртібі
2. Гигиеналық шаралар
3. Таза ауада болу
Алғашқы дүниені біліп сезу, қоршаған ортаны сезінуі балада оның көзінің қозғалысы арқылы, естуі, саусақ пен қолдарының қимылы арқылы, тілінің қимылы арқылы дамиды.
1 жасқа дейінгі баланың физиологиялық ерекшеліктері 4 кезеңнен тұрады:
- 10 күннен 3 айға дейінгі кезең
- 3 айдан 6 айға дейінгі кезең
- 6 айдан 9 айға дейінгі кезең
- 9 айдан 12 айға дейінгі кезең
10 күннен 1 айға дейінгі балада ең алдымен көру және есту реакциясы бейімделеді. Осы кезде бала қозғалған затқа көз қозғалысы арқылы және тарс еткен дыбысқа селк ету немесе бетін тыржиту арқылы жауап береді.
1 айға толғанда мінез құлқы мен сезімі бейімделеді. Қозғалған затқа ұзақ қарайды. Үлкендердің дауысына, ойыншықтың сыңғырын ұзақ уақыт тыңдайды. Үлкен адамның сөйлегеніне күліп жауап беру сезімі (эмоциясы) оянады. 2-3 айлығында жалпы қозғалысы дамиды. Сергіту кезінде екбетінен жатқызсақ мойнын ұстап басын көтеруге талпынады. Сөйлеуге дайындық белсенділігі, дыбысқа гуілдеп жауап беру сезімі оянады. 3 айлығына дейін баланың ұйқысы мен сергіту кезеңі қалыптасады. 3 айдан 6 айға дейінгі кезеңде баланың күн тәртібіне бейімделгені қалыптасып, тамақ ішу кезінде белсенділігі байқалады. 4 айлығында құмыраны өзі ұстап аузына апарады. Қасықпен қою ботқа, пюре жейді. 4 айлығында бала ойыншықтың сылдырын тез тауып алады. Көңілі ауған затқа ұзақ қарайды. Осыдан барып баланың бақылауы және балалармен қарым- қатынасы қалыптасады.
6 айлығында дауыс ырғағынан өз атын айтқанды түсінеді. Шашылып жатқан ойыншықты қолына алып, аузына салып, көріп, лақтырып, домалатады. Осы кезде сөйлеуге дайындық белсенділігі (актив. развитие речи) өтеді. 5-6 айлығында дауысты, дауыссыз дыбыстарды п, б, м, д, т айта бастайды. Жалпы қозғалысы дамиды. Шалқасынан ішке қарай, іштен шалқасына қарай аунайды. Еңбектеуге талпынады. Әр түрлі ойыншықтарға қызығушылығы артады. 6 айынан 9 айға дейінгі кезеңде баланың күн тәртібі күрделене түседі. Шайды кеседен ішуге, қолына печенье, нан берсең жей бастайды. Қолын бетін жуған кезде суға қолын созады, өз бетімен отырады. 7 айлығында өз бетімен әр түрлі бағытқа қарай еңбектейді. Еңбектегенде баланың белсенділігі ж. е. қозғалысы арта түседі. Домалаған допқа еңбектеу арқылы баланың қол, аяқ, арқа, мойын бұлшықеттері нығаяды. 8 айлығында бала манежден ұстап тұрады. 9 айлығында бір қолынан ұстасаң жүреді. Бірнеше заттың атын біледі. Өз атын атап, «қайда?» деп сұрасаң өзін көрсетеді. Жерде жатқан ойыншықты сұрасаң тауып әкеледі. Өзіне түсінікті сөздерді «отыр», «тұр», «қолыңды бер» сөздерін түсініп іс әрекет жасайды.
9 айлық балада затпен іс-әрекеті дамиды. Үлкендерге еліктеп қақпақты жауып, ұсақ ойыншықтарды шелекке жинайды. Аптасына 2 рет музыка сабағы болады. Музыкаға еліктеп қол, аяқ қимыл қозғалысын жасайды. Қуанады. 9 айлықтан 1 жасқа келген кезінде баланың тамақтану кезеңіндегі тамақтану белсенділігі артады. Кесені 2 қолымен ұстап шайды, сүтті немесе шырынды өзі ішеді. Горшокқа өзі отырады. Бала 10-11 айлығында өз бетімен тұруды үйренгенде жүре бастайды. «Болмайды» деген сөзді түсінеді. Өз дене мүшелерін, балалардың аттарын біледі. Кубиктерді біріне үстіне бірін жинайды. Білезікке сақиналарды салып, қайта шығаруды үйренеді. Балалар үйі жағдайында дене шынықтыруға тәрбиелеу.
Физиологтар іс-әрекет, қимыл-қозғалысты адам баласына туа біткен қажеттілік деп есептейді. Әсіресе бұл қажеттілік мектеп жасына дейінгі сәбилерге нағыз өсіп жетіле бастаған кезде қажет.
Дәрігерлер мен педагогтардың сараптамасы бойынша іс-қимылсыз, әрекетсіз дені сау бала өсуі мүмкін емес.
Қозғалыс - ең тиімді ем. Баланың іс-әрекеті дамыған сайын оның нерв жүйесі мен психикасы да күрделене түседі. Қимыл қозғалыстағы бала қоршаған ортаны ерте танып біліп, оған деген көзқарасы дәл айқындалады.
Ертеңгісін күнделікті ауамен шынықтыру басталады. Бөлменің t-20-22 болуы тиіс. Баланы шешіндіріп 1-2 мин, одан кейін t-36 суда жуындырамыз. Киіндіреміз. Ұйықтар алдында бөлменің терезесін 10-15 мин. ашып қоямыз. Суық верандада бөлменің t-15-18 болғанда қапқа салып күніне 2 рет таза ауада ұйықтатамыз.
Жазда даладан серуендеп келген кезде балалардың беті-қолын үй температурасында жуып, t-28 жылы суда денесін шайқап, құрғақ орамалмен сүрту. 2-3 күнде температураны 1 градустан төмендетіп отыру баланың денесін шынықтырады. Жазда ыстық жерге, құмға жалаң аяқ жүргізу өте
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz