Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы ашаршылық


МАЗМҰНЫ
І-КІРІСПЕ . . . . . 2-8
І- Тарау
1. 1. Ф. Голощекиннің билік басына келуі және «кіші қазан» саясаты . . . …. …9-17
1. 2. Қазақ жеріндегі күштеп ұжымдастыру саясатының басталуы және аштық алапаты . . . . …. . 17-22
1. 3. Дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі-босқыншылықтың басты себебі22-30
1. 4. Ресей және Орта Азия жеріндегі қазақ босқындарының қайғылы тағдыры . . . 30-39
ІІ-Тарау
- Аштыққа қарсы күрес және Қазақстандағы жаппай босқыншылықты тоқтатуға бағыттылғын іс-шаралар . . . …… . . . 40-47
- Меншіктен айруға және күштеп ұжымдастыруғы қарсы халық наразылығы . . . …. . 47-49
- Қызыл идеологияға қарсы тұрған Қазақ зиялылары және олардың тағдыры . . . ……. 49-55
- Күштеп ұжымдастыру және аштық жылдарындағы Қазақстандағы демографиялық аппатың зардаптары . . . ……55-59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . ……. . 60-62
Пайдаланылған Әдебиетте . . . …… . . . 63-64
ҚОСЫМША . . . ………. 65
Кіріспе.
Тақырыптың өзектiлiгi. Қазақ шаруаларын меншігінен айру мен күштеп ұжымдастыру және мұның нәтижесі болған аштық алапаты мәселесі тарихымызда КСРО кезінде сыңар жақ идеологиямен әкімшіл-әміршіл жүйенің айқындала бастады. Осы ақтаңдақтар арасында Қазақстандағы 1931 қымтауынан шыға алмай келді. Коммунистік идеология үстемдік құрған кезеңде тарихшылар кеңестік жүйені марапаттап, жарқын болашақ пікірін жайумен болды. өйткені әкімшіл-әміршіл жүйе тұсында коммунистік идеологияға көлеңке түсіретін тарихи еңбектердің жарыққа шығуына жол берілмеді. Ондай кітаптарға саяси айып тағылды.
ХХ ғасырдың 80 жылдарында демократия мен жариялылық ықпалымен қоғамда жаңа саяси серпіліс басталып, тарихымыздың беймәлім ақ таңдақтарын ашуға деген құлшыныс пен ықылас зиялы қауымға рухани қозғау салған болатын. Осындай саяси өзгерістер нәтижесінде Қазақ тарихының ақтаңдақтарының ақиқаты -1933 жылдардағы ашаршылық және оның зерттелуі мәселесі де бар.
Біздің тарихымыз бүгінде Қазақстан республикасының идеялық жағынан негіздеп, Республика азаматтарының санасына оның жерінің бөлінбес, бір тұтастығы туралы идеяны сіңіруге қызмет етуге тиіс. Міне сондықтан 20-30 жылдардағы Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және аштық мәселесі жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеліп, зерделенуі тиіс[14] .
Мыњдаѓан жылдардан бері эволюциялыќ µз жолымен баяу дамып келе жатќан ќазаќ халќы µткен ѓасырдыњ 30-шы жылдары большевиктер єдейілеп ойлап тауып, іс-ж‰зіне асырѓан, атап айтќанда, ќазаќтыњ кењ даласын тарылтып, єпшісін ќуырѓан ±йымдастыру саясатыныњ, еркін халыќты казармалыќ µмір салтына зорлыќпен кіріктіруге баѓытталѓан ќасірет эксприментініњ ењ негізгі єрі басты объектісіне айналып ж‰ре берді. Арнайы ±йымдастырылѓан осы зобалањ мен зорлыќтыњ эксперименттік материалына айналѓан халыќтыњ шаруашылыѓы шайќалып, µзі ашаршылыќќа душар болды. Халыќтыњ басына зобалањ тудырѓан алѓашќы зорлыќ актілерініњ бірі - ірі байлардыњ мал-м‰лкін кємпескелеу 1928 жылы басталды. Ќаѓаз ж‰зінде 700-дей отбасы ѓана тіркеуге ілікті, ал т±тастай алѓанда, б‰кіл халыќ зардап шекті. «Аша т±яќ ќалмасын, асыра сілтеу болмасын» деген субъективті ±ранмен µткен айдамал науќан кезінде миллиондаѓан адамдардыњ к‰нелтіс кµзі болып табылатын ќалыптасќан шаруашылыќ ‰рдісі жойылып кетті[12] . Шектен тыс салыќ салу мен мал-м‰лкін тєркілеуге ќарсы халыќ наразылыѓы (жер ауып кµшуі, ќарсылыќ кµрсетуі, т. б. ) НКВД органдары тарапынан аяусыз басып, жаншылды. Жалпы ±жымдастыру жылдары Ќазаќстанда к‰шейе т‰скен тоталитарлыќ-отаршылдыќ режимге ќарсы ќазаќ халќы 372 рет жаппай кµтеріліп, ереуілге шыќты[25] . ¦жымдастыру жєне кµшпелі т±рѓындарды жоспарлы отырыќшыландыру жылдарында ќазаќтардыњ жартысы (2, 5 млн. ) ќырылды. Ашаршылыќ пен репрессиядан бас сауѓалаѓан 1 миллионнан астам адам республикадан тыс жерлерге жер ауа босып, кµшіп кетті [3] . Ұлт жадында өшпестей болып жағымсыз із қалдырып, зорлығы мен қорлығы шаш етектен болған зар заман, бұл егемендікке қол жеткізіп, еңсені тіктегенге дейінгі Ресей империясының, онан кейін оның заңды мұрагері-кеңестік тоталитарлық режимнің қол астында болған заман болды. Осы отаршылдық қамытын киіп ділі, тілі, намысы жаншылған кезеңнің ең ауыр, дауыстап айтуға да жүрек дауламайтын қанқұйлы зұлымдығын қазақ қоғамы өткен ғасырдың 30-шы жылдары басынан өткерді. Бұл көшпелі қазақ халқын ұжымдастырып, отырықшыландырамыз деген желеумен большевиктік режимнің ойлап тауып, практика жүзінде оларды аса қатігездікпен, зұлымдықпен, зорлықпен жоспарлы түрде әдейілеп ашаршылыққа ұшыратып, жер бетінен мүлдем құрытып жіберуге бағытталған іс-әрекетінен туындаған нәубет болатын. Бұл зұлымдық бүкіл дүниежүзі халықтарының жанын түршіктіріп, большевиктік режимге қарғыс айтқызды. Тарих парағына сталиндік репрессиялар, большевиктік геноцид /этноцид/ ретінде жызылып қалды. Әрине, бұған қарап, қазақ халқының қайғы-қасіреті тек ұжымдастыру нәтижесі ғана деп тұжырым жасауға болмайды. Оның алғышарттары Ресей империясы қазақ жерін отарлап, халқын бодандыққа түсірген кезден бастап қалытасты. Сондықтан Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты толғауында айтқандай гәп « . . . патшалы Ресей . . . халықтардың түрмесі . . . КСРО-ның да жұмақ болып жаратқаны шамалы… деп келетін балаң тұжырымды көлденең тартып, белгілі шындықты сарната беруде болмаса керек.
Мәселе басқада - ұлттық тарихқа қатысты аталмыш екі кезеңінің де тек-тамырының ұқсастығында, сабақтастығында жатыр. «Сырттан таңылған бөгеде мәдени һәм шаруашылық жүйесінің салдарынан дәстүрлі шаруашылық салты күйреді және оның өзі әлеуметтік құрылымды өзгертіп қана қоймай, ұлттық сана-сезімнің күйреуіне де әкеп соқты»[1] .
«Тоталитарлық режимнің ұлттық сананы бүлдіруге келгенде бүлікшілік ықпал күшті болған себебі, ол ең әуелі мәдени дәстүрлерді, мінез-құлық үлгілерін, жанұядағы қарым-қатынастарды, т. б. қирата келді»[11] .
«Қазақ қауымдастығының ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік институттары, дәстүрлері, тәрбиелік үлгі-өнегелері, адамгершілік-имандылық қалыптары мен басқа да этникалық құндылықтары жәй ғана өзгеріп қойған жоқ, олар аяусыз жанышталды.
Патшалы Ресейдің, онан кейін оның заңды мұрагері болып саналатын кеңестік тоталитарлық биліктің қол астында кіріптар болып, қапастықта өмір кешкен қазақ елінің зорлық пен қорлықтың, небір адам жаны төзгісіз сәттерінің ең ауыр кезеңі - XX ғасырдың 30-шы жылдары басынан өткерген нәубет-күштеп, қанқұйлы зорлықпен ұжымдастырып, отырықшыландырудың салдары болған аштықтың сойқан себептері мен зардабы қайғы-қасіретке толы болған салдарын зерттеу объектісі ретінде алып, зерделеудің терең мәні маңызы бар.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы. Тұтас бір ұлтты жер бетінен мүлдем құртып жіберу ойластырылып, арнайы ұйымдастырылған осы алапат қырғынды әлеуметтік-гуманитарлық ғылым өкілдері әрқилы мүдделер тұрғысынан қарастырып, зерделеп келеді. Айталық, кеңестік қоғамдық ғылымдар өкілдері бұл зұлматтың ақиқатты шындығын бұрмалап, көшпелі, еңбектенуге қырсыз халықты ұжымдастырып, отырықшыландыру КСРО-ның ел экономикасын өркендетудегі ірі жеңісі болды, себебі осының нәтижесінде ен дала ет, астық, мақта және жүн сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін бай өлкеге, қазақтардың көшпелі тұрмысқа бейімделген ауылдары инфрақұрылымдары жан-жақты жетіліп, гүлденген тұрақшы кенттерге айналды деп марапаттап бақты. Олардың алдыңғы қатарында Г. Ф. Дахшлейгердің, Ж. Жұмабековтың, К. Нұрпейсовтың, В. С. Смышляевті, Б. А. Төлепбаевтың, А. Тұрсыбаевтың және басқалардың еңбектерін атаған орынды.
Ал, бұған керісінше батыстық қоғамтанушы ғалымдар көшпелі қазақ халқын ұжымдастырып, отырықшыландыру большевиктік тоталитарлық режимнің қыспағымен жергілікті халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету арқылы жүзеге асырылғандығын, жалпы кеңестік биліктің одақтас республикаларды билеу тәртібінің патшалы Ресейдің отаршылдық саясатымен сабақтаса жаалғасып жатқандығын кеңестік империализмнің де орыс емес ұлттарды саяси айла-амалдармен қыспақта ұстап, олар орналасқан территорияларды метрополияның шикізат өндіретін қоймалары ретінде қарағандығын, ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін таптап, демографиялық қитұрқылықтар жасағандығын дәлелдеді. Әрі мұның бәрі Ресейдің пайдасына орыс халқы үшін жасалғандығын жасырмайтындықтарын мойындатты. Мұндай ой-пікірлерді батыстық қоғамтанушылар Г. Имрат, Уольтер Коларз, Р. Конвест, М. Олкотт [1], Э. Оллурот, Хьюго Сетон-Уотсон және басқалардың еңбектерімен танысқанда байқауға болады.
Ал, кеңестік империя күйреп, оның шет аймақтарында орналасқан одақтас республикалар өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізіп, егемендік алғалғы бергі қоғамтанушылық ғылыми әдебиет, оның ішінде қазақстандық қоғамтанушы ғалымдарда бар бұрындары ғылыми айналымға түсе қоймаған дерек көздерін пайдалана отырып, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ елін күштеп ұжымдастыру қуғын-сүргінінің қасіретті зардаптарын әшкерелейтін еңбектер жаза бастады. Олардың қатарында М. Қ. Қозыбаев[4], К. С. Алдажұманов[16], М. Х. Асылбеков, Ж. Б. Әбілқожин [23], Д. Кішібеков, М. Қойгелдиев [12], Т. Омарбеков [14], В. П. Осипов, М. Тәтімов [18], А. И. Яковлев, және т. б. еңбектерін атауға болады. Шет ел ғаламдары да бұл мәселелерге назар аударып келгені белгілі. Мысалы, Р. Конвест, М. Олкотт сияқты тарихшылар бұған дәлел бола алады.
ХХ. Ғасырдың 20-30 жылдарындағы Кеңес қоғамындағы күрделі процестерді қарастырғанда, Қазақстанның 1920-30 жылдардағы мәселелер бойынша елеулі еңбектер мен зерттеулер жасап жүрген қазақ тарихшысы Т. Омарбековтің де ұсынғанындай деректердің пайда болуын «адам-қоғам-мемлекет» үштігіне жіктеу жолын басшылыққа алған жөн болар[15] .
Бұл бойынша деректердің алғашқы тобына, жеке адамдар жасаған құжаттар, естеліктер, туындылар, шығармалар жатады. 1931-33 жылдардағы аштақ проблемасы бойынша сол кезде билік басында отырған И. Сталиннің шығармаларында маңызды деректер табуға болады. әсіресе, шығармадағы «астық дайындау және ауыл шаруашылыған өркендетудің келешегі туралы» деген тарауында және еңбектің 11-13 томында біздің зерттеу проблемамамыз бойынша пайдалы деретер бар.
Жеке адамдар жасаған деректік материалдар тобына Ф. Голощекиннің төңірегіндегі жауапты партия және мемлекет қызметкерлері қалдырған құжаттар да жатады.
20-30 жылдар тарихынан шынайы да ақиқат деректер беретін большевиктік партия мен кеңес үкіметі органдарында сол жылдары жауапты қызметтер атқарған Т. Рысқұловтың, Л. Мирзоянның О. Исаевтың Мәскеудегі И. Сталиннің және В, Молотовтың атына жазылған және эзара жасысқан хаттарының, сондай-ақ тарихымызда «бесеудің хаты» деген атпен мәлім болған Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М, Дәулетғалиев, Е, Алтынбеков, Ғ, Қуанышевтің Голощекинге жазған хатының және Ғ. Исқақовтың, І. Қабыловтың, Ж. Арыстановтың, Б. Айбасовтың, Ғ. Тоғжановтың, О. Жандосовтың И. Сталинге және Л. Мирзоянға жазған хатының қазақ шаруаларының жаппай босқыншылыққа ұшырау және аштан қырылу себептерін дәлірек анықтауға ғана көмектесіп қана қоймай, осы апаттың демографиялық көлемін анықтауға қажетті сандық мәліметтер де беретінін ерекше атап көрсеткен жөн[10] .
Әкімшіл-әміршіл тотолитарлық жүйе жағдайында бұл құжаттарды жарыққа шығаруға тыйым салынғандақтан бұларды қазіргі кезде ғылыми айналымға қосу тарихи шындықты толық аша түсуге қызмет етеді.
Сонымен бірге біздің зерттеу алаңымыз болған аштық туралы сол жылдары оқиғаларды көзімен көрген, куәгер сол сұрапыл саясатты өз бастарынан өткізген тірі тарих болып саналатын, адамдардың естеліктері де құнды материал болып саналары даусыз. Бұл естеліктер 1932 жылғы нәубетке 60 жыл толына орай «Ұлы нәубет құрбандарын еске алу» күні қарсаңында жарияланды[ 8] .
Деректік мәліметтердің, құжаттардың келесі екінші тобына партиялық және қоғамдақ ұйымдардың құжаттары жатады. Партия ұйымының сол кездегі саяси-әлеуметтік процеске талдау жасауға мүмкіндік беретін ең басты деректік құжаттары негізінен Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде топтастырылған. Біз де зерттеу барысында осы құжаттардан Т. Омарбековтың 20-30 жылдардағы Қазақ Қасіреті атты еңбегінен алу арқылы қолданамыз. (Зерттеу барысында бұл құжан қысқаша ҚРПА болып көретіледі. ) .
Деректік мәліметтердің келесі үшінші тобын құрайтын мемлекеттік оргондар, мекемелер мен кәсіпорындар құжаттарының да маңызы зор. Бұл түр деректерді айтқанда бірінші кезекте Қазақстан Ресубликасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивіндегі 1929-33 жылдардағы күштеп ұжымдастыру және күштеп мешіктен айруға қарсы халық наразылықтардан нақты мағлұматтар беретін деректер арнайы топтастырылып, жүйеге түсірілген.
Сонымен бірге бұл архивтегі құжаттар күштеп ұжымдастыру жылдарындағы қазақ шаруаларының қоныстарынан ауа көшуі, босқыншылыққа ұшырау қасіретін ашып көрсетеді. Бл деректердің ішінде әсіресе қазақтардың Қытай асуы туралы құнды мәліметтер бар екенін тарихшы Т. Омарбековте баса айтып көрсеткен.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерi. Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы ашаршылық тақырыбы, қазақ ұлтының басынан өткізген тарихының трагедиялы бір беті. Сол себептен бұл мәселе барлық шындығымен ортаға қойылып, тарихи бағасы берілуі тиіс. Жоғарыда да атап көрсетілгендей КССРО кезінде мәселеге коммунистік идеология тұрғысынан қаралып келді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы тәуелсіз тең құқықты мемлекет болған кезде, қолда бар архивтік деректер мен жазба құжаттарды да пайдалана отырып, кең көлемде мағлұмат беруді осы зерттеудің негізгі мақсаты етіп отырмыз. 1980 жылдардағы жариялық пен демократия кезінен бастан тарихымыздың ақтаңдақтары соның ішінде 1931-33 жылдардағы аштықтың себебі мен салдарлары туралы да айтылып-жазылып келе жатқаны шындық. Дегенмен, мәселені дәлелмен, фактімен дұрыс әрі шынайы зерделеген жөн болар.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі. Зерттеу жұмысы 1931-33 жылдардағы ашаршылық кезеңін қамтиды. Сонымен бірге аштықтың себебі ретінде бұл тақырып, ұжымдастыру және бай-кулактарды тәркілеу саясатымен байланысты қарастырылғаны үшін, 1928-29 жылдардағы оқиғалар туралы да мағлұмат беріледі.
Зерттеу жұмысының құрлымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, тараушалардан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
І-ТАРАУ
1. 1. Ф. Голощекиннің билік басына келуі және «кіші қазан» саясаты
1928 жылы БКбП-ныњ Қазақстан өлкелік партия комитетін басқаруға революционер, еврей ұлтының өкілі Филипп Исаевич Голощекин тағайындалды. Ол келе Қазақстанда кіші Октябрь революциясын жасау қажет деген ұран көтеріп, бұл шараны “ұжымдастыру үрдісімен бастауымыз керек” деп шешті. Дегенмен, патриархалдық қазақ қоғамы үшін жаңа қоғамдық құрылыстың белгісіз, түсіндірілуі қиын жақтары көп-тұғын. Ұжымдастыру үрдісін бастамас бұрын көшпелі немесе жартылай көшпелі қазақ халқы мекен ететін аймақтардағы халық саны анықталуы қажет-тін. Өйткені, ұжымдастыру шараларын іс жүзіне асыру көп қаражат бөлуді де талап етеді. Десек те, мұндай шаралар жүргізілмеді.
1929 жылғы алтыншы қарашада болған БКбП Қазақстан өлкелік комитеті VII партконференциясында қазақ шаруаларын ұжымдастыру үрдісі нақтыланғаннан кейін жоспарланған 708 мың шаруа қожалықтарының колхоздастырудың алғашқы бірінші жылы ең аз дегенде шамамен 84 мыңы ұжымдастырылуы керек еді. Дегенмен, бұл шешім орындалмады. Себебі өте шұғыл түрде қабылданған бұл шешімде негізінен қазақ шаруа қожалықтарының шаруашылық жүргізу ерекшеліктері ескерілмеді. Шұғыл түрде қабылданған бұл шешім, қазақ шаруаларын ұжымдастыруды жеделдетуді ғана көздеді. Ұжымдастырудың ең негізгі мақсаты ретінде көшпелі қазақ халқының өзіндік ұлттық салт-дәстүрлерін, шаруашылық жүргізу амалы мен өмір сүру тәсілдерін өзгерту шараларына көп назар аударылды. “Көшпелі тіршілік социалистік өмір салтына сай емес” деп бағаланды [13] .
Қазақ шаруаларын ұжымдастыруға барынша мән берген БКбП қазақ өлкелік комитеті 1930 жылғы 19 қаңтарда тағы да бір жаңа шешім қабылдады. Шешімде “көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын ұжымдастыру процесі тездетілуі және 84 000 қожалығы колхоздастырылуы керек” делініп танылды. Осыған сәйкес сол жылы Қазақстанда 78 000 шаруа отбасы колхоздастырылды. Шешімге қарағанда бұл көрсеткіш жеткіліксіз болатын. Сондықтан, қазақ шаруаларын колхоздастыру үрдісі онан әрі жеделдетіліп, бұл көрсеткіш 84 000-ға жеткізілді. Сөйтіп жоғарыдан берілген нұсқау іс жүзіне толық асырылды. Бұл көрсеткіштің тым жоғары екендігін және азайтылуы керектігін айтқан қазақ зиялыларына “ұлтшыл” деген айып тағылып, тұтқындалды. Абақтыларда жасалынған жолсыздықтар барынша арта түсті. Зиялыларды жаппай тұтқындау басталды. Ұжымдастыруды жеделдету үшін билік басындағылар “бес жылға жоспар” түзді. Алайда алғашқы үш жыл ішінде-ақ ұжымдастырылған шаруа отбасыларының саны шұғыл түрде арта бастады. Оның көрсеткіші төмендегі кестеде көрсетілгендей деңгейде көрінді /қараңыз, кесте №1/.
Кесте 1
1930-1933 жылдар аралыѓында Ќазаќстанда ±жымдастырылған шаруа отбасыларының сандық көрсеткіші
1930 ж. 1 қаңтар-
1931 ж. 1 қаңтар
1931 ж. 1 қаңтар-
1932 ж. 1 қаңтар
1932 ж. 1 қаңтар-
1933 ж. 1 қаңтар
Кесте Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті: Көмекші оқу құралы. - Алматы: Санат, 1997. 228-бет. - алынды.
1928-1930 жылдары аралығында Қазақстанда халықты ұжымдастыру үрдісі шұғыл түрде жүзеге асырыла бастады. Кейбір өте “белсенді” және өте “талапты” аймақтарда колхоздастыру жұмыстары жылдамдатыла жүргізілді. Мысалы, Орал мен Петропавл (бүгінгі Қызылжар) аймақтарында осы мерзім ішінде қазақ шаруа отбасыларының 70 пайызынан астамы колхоздастырылып үлгерілді. Бұл жылдамдықтың артқаны соншалықты 1931 жылдың күзінде-ақ Қазақстанның 122 ауданының 78-інде ұжымдастырылған шаруа отбасыларының саны 70 пайыздан 100 пайызға дейін артты[4] .
Қазақстандағы өткен ғасырдың 30-шы жылдары болған жұт осылайша қолмен, шолақ белсенділердің көмегімен іс жүзіне асырылды. Колхоздарға күштеп біріктіру, зорлық пен зобалањ осылайша басталды[15] .
И. Сталиннің 1930 жылы 21 қаңтарда баспасөз бетінде жарияланған “Кулактарды тап ретінде жою саясаты туралы мәселе жөнінде” атты мақаласында айтылған қағидалық принциптерді басшылыққа алған БКбП Қазақ Өлкелік комитеті 1930 жылғы 10 ақпанда осы шешім негізінде бүкіл Қазақстанда байлар мен бақуатты шаруаларға қарсы күрес науқанын бастады. Бұл шешімге байлар мен бақуатты шаруалар ірі қарсылық көрсетті. Бірақ бұл шешім билік басындағылардың шаруаларды колхоздарға күшпен біріктіруде қолданған соңғы сұрқия тактикасы еді[6] .
Жергілікті билік органдары мен шолақ белсенділер бақуатты шаруа отбасылары мен байларды конфискелеу туралы бұйрықты орындауға құлшына кірісті. Тұрғылықты орындарынан бақуатты шаруалар мен байлардың 3-7 пайызын жер аударып, көшіру қажеттігі жайлы шешім шығарылды[26] .
Жаңадан құрылып жатқан колхоздардың аз уақыт ішінде бар нәрсені оңтайтып кетуі мүмкін емес еді. Экономикалық тұрғыдан колхоздардың аяғынан тік тұрып кетуі қиын болатын. Себебі, шаруашылықты патриархалдық-рушылдық деңгейде жүргізуден бірден оның жаңа типіне ауыстыру мүмкін емес-ті әрі қате еді. Нақты айтар болсақ, ескі укладты шаруашылық жүргізу тәсілдерін эволюциялық жолмен бірте-бірте өсіре отырып, реформалау керек-ті. Сонда ғана шаруа отбасыларын ұжымдастыру жоғары деңгейде жүргізіліп, өз жемісін берер ме еді.
Сондықтан да болар, ұжымдастырудың мұндай тұрпайы түрі қазақ зиялылары арасында ашу-ыза тудырып, қарсы пікірлер де айтыла бастады. Мысалы, 1928-1930 жылдар аралығында зиялы қауым арасында “Қазақ шаруа отбасыларының бұдан әрі тағдыры қалай болады?” деген күпті сұраққа жауап іздеушілер көп болды. Бұл мәселелер бойынша олар ұжымдастырудың кеңес теоретиктері мадақтаған пікірлерінен басқаша пікірлер ұстанды. Мысалы, қазақ зиялылары Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Садуақасов, З. Төреқожин т. б. ұжымдастырудың көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруа отбасылары үшін ауыр болатынын, халықтың ашаршылыққа ұшырайтындығын айтып ескертулер жасады, бірақ оларды тыңдаған ешкім болмады[15] .
Әрине, күштеп зорлықпен ұжымдастыруға жергілікті шаруа отбасылары, жалпы халық қарсылық көрсетуге мәжбүр болды. Қазақстанның әр жерінде жиі-жиі толқулар, бас көтерулер, тіпті билікке қарсы қарулы күрестер өршіді. Бұл толқулар мен қарсылық әрекеттер “мемлекетке қарсы”, “ұлтшылдық” әрекеттер деп бағаланғанымен, билік басындағыларды ойландырып тастады. 1930 жылдың наурыз және сәуір айларында баспасөз беттерінде И. В. Сталиннің “Колхозшы достарға жауап” атты мақаласы жарияланды. Осы мақала ұзақ жылдар бойы тарих ғылымында колхоздастыруды реттеген маңызды құжат ретінде бағаланып келді, бірақ негізінен алып қарастырғанда, бұл мақала тап күресін одан әрі үдетіп жіберді[12] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz