Эмоция және сезім түрлері



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сезім және оның түрлері
2. Эмоцияның түрлері
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Эмоция және сезім - бұл адамның айналадығы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым – қатынасы.
Сезімдер мен эмоциялар бейнеленетін заттардың ерекшеліктеріне тәуелді.
Сезімдер мен эмоциялар адамның таным және іс – әрекетінен тыс болмайды. Олар іс – әрекет барысында пайда болады және оның жүзге асуына әсер етіп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келдуі – келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түріе, сезім деп атайды.
Сезімдер өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым - қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады.
Сезімдерден эмоцияны дұрыс айыра білу қажет.
Біздің сезімдеріміз екі - реттеуші және сигналдық қызмет атқарады.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдар көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Адамның осылайша шамадан тыс зарлауын психологияда стресс (стресс – ағ. сөзі шамадан тыс зарлану деген мағынаны береді) деген терминмен белгіленеді.
1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
3. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
4. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сезім және оның түрлері
2. Эмоцияның түрлері
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Эмоция және сезім - бұл адамның айналадығы өмір шындығына және өз
басына деген өзіндік қарым – қатынасы.
Сезімдер мен эмоциялар бейнеленетін заттардың ерекшеліктеріне тәуелді.
Сезімдер мен эмоциялар адамның таным және іс – әрекетінен тыс болмайды.
Олар іс – әрекет барысында пайда болады және оның жүзге асуына әсер етіп
отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес
келдуі – келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің
түріе, сезім деп атайды.
Сезімдер өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның
тіршілік қажетіне, өзара қарым - қатынасына байланысты сан алуан формаларда
көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады.
Сезімдерден эмоцияны дұрыс айыра білу қажет.
Біздің сезімдеріміз екі - реттеуші және сигналдық қызмет атқарады.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдар көбінесе қолайсыз эмоциялар
туғызады. Адамның осылайша шамадан тыс зарлауын психологияда стресс (стресс
– ағ. сөзі шамадан тыс зарлану деген мағынаны береді) деген терминмен
белгіленеді.

Сезім және оның түрлері

Сезімдер өздерінің мазмұны және мәні жағынан әртүрлі және сан қырлы
болады.
Психологияда сезімді – моральдық (адамгершілік), интелектуальды
(танымдық) эстетикалық сезімдер болып бөлінеді.
Моральдық сезімдер. Моральдық сезімдер дегеніміз – жеке адамның
адамдардың өзінің мінез құлқын деген эмоциялық қатынасы. Өршіл сезімдер
арасынан моральдық сезім ерекше орын алады. Интелектуальды сезімдер. Ақыл
ой әрекеті процесінде пайда болатын тебіреністерді интелектуалды сезім деп
атабйды.
Эстетикалық сезімдер – адамның әсемдікті қабылдауы және қолдан жасауы
барысында туады және сұлулықты қабылдай отырып, адам көз қызықтырып,
сүйсіне тамашалап, қарау ынтасын тудыратын, өзіне тартқан үстіне тарта
түсетін эстетикалық әсемдік сезімін бастан кешіреді.
Жоғарғы сезімдер. Жоғарғы сезімдер адамғағана тән. Осы топқа
адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.
Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адамның мінез-құлқынан жиі көрінетін
сезімдердің бірі - моральдық немесе адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік сезімдерінің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс,
борыш, жауапкершілік, ұят т.б.
Интеллектік сезімдер: тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен байланысты
білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, болжау.
Ар-намысты қорғау - аса жарасымды қасиет. Сезімнің осы түрі көбінесе
қайсар, өжет, табанды әрі көздеген мақсаттарына жетпей тынбайтын адамдардан
жиі байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық - екінің бірінде
кездесе бермейтін қасиет. Мұның адам психологиясына қатты әсер етіп, терең
із қалдыратындығы сонша - кісі кейде кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай
алмай ұйқыдан, тамақтан қалатыны да болады. Ұятты адамның іштей ашулануы,
өзінше ашу шығаруы деген екен.
Ал Абай ұяттың 2 түрі бар дейді: оның бірі - надандықтан туатын,
екіншісі - жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу. Оның ұғымынша, ұялмас
нәрседен ұялу бұл - надандық, ынжықтық, жігер-қайрат осалдығы, білім мен
тәжірибенің пайыздығы. Шын ұят ақыл - парасаттың ісі.
Борыш сезімі. Бұл - қоғам, ұжым, жанұя алдындағы міндеттердің санадан
туған әсерлері. Бұл сезім адамды өз борышын орындауға шақырады. Мұны
орындауға ар-ұят атты ерекше әсер көмектеседі. Адамға борыш сезімі білдіріп
тұрғанды орындамай тастап, арамдық жасап, лайықсыз іс істесе, қоғамның
моральдық нормаларын бұзатын әрекет жасаса, оның ар-намысына тиеді және
опық жегізеді. Сезімтал адамдар мұндай жағдайлардың қасіретін тартады және
осылардың салдарынан өз мінез-құлқын жақсылық жағына өзгертеді.
Ұжымдық, достық және жолдастық сезім. Мұндай сезім қоғамда кеңінен
дамыған. Шынайы достық сезім мен үстірт, дос-жарлық пен өтірік достықта
болатын әсерлерді шатастыруға болмайды. Кейбіреулер, дос болу деген -
адамның айтқанына жүру, оның ойлаған тілектерін, тіпті ол тілектері
моральға жат бола тұрса да орындау деп есептейді. Істеген ағаттықтарына сай
жаза тартқызбас үшін, досын қорғауға ұмтылғандар - оған жақсылық жасамай,
жамандық жасағаны. Шынайы достық жақын адамдарға әділдікпен қарауды қажет
етеді. Сол дос адам, жолдасының кемшіліктерін алдымен ашып көрсетіп, оған
сол кемшіліктерді жоюға көмектесуі керек.
Сүйіспеншілік сезім. Бұл достық сезімге жақынырақ. Шынайы сүйіспеншілік
- адамды шаттандыратын тамаша сезім, ол парасаттылықңты арттыруға септігін
тигізеді, адамды тек сүйікті адамы үшін ғана емес, сондай-ақ басқа адамдар
бақытты болуы үшін ерлік жасауға шақырады. Сондықтан да бірін-бірі шын
сүйген адамдар, бұдан да жақсы болуға талпыңады.
Мәселен, "жақсы ән мен тәтті күй", яғни жақсы музыкалы әуеннің адамның
эстетикалық сезімдерінің қалыптасуында ерекше маңыз алатындығын
С.Торайғыров былайша сипаттайды: "Халықтың арғы-бергісін қозғап естеріне
түсіріп, мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі дауысымен
құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңіл болса да жібімей қоймайды.
Халықтың қайдағы жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары қайнап, тіпті
арқалары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастары моншақтап, бойлары
балқығандай, шарт-шұрт қол шапалақтасып тарқайды". Осы үзіндіде ақын жақсы
ән мен тәтті күйдің қандай тас көңілді болса да жібітіп жіберетінін, қанды
қайнататынын, көзден жас ағызатынын, бойды балқытатынын, адамды ләззатқа
бөлейтінін айтып отыр.
Жоғары сезімдердің бүдан да басқа бір түрі - интеллектік сезімдер.
Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз
байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне: таңсықтау, білімге
құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, болжау т.б. сезімдер жатады.
Мұғалімнің басты міндетінің бірі - оқушылар санасында интеллектік
сезімдерді қалыптастыру болып табылады. Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқусыз
ешбір мақсатқа жете алмайтынымызды оқушыларға түсіндіру керек. "Оқу инее
мен құдық қазғандай", ол оңайлықпен қолға түспейді. Оған жан-тәніңмен
берілмесең, тиянақты еңбек етіп, зейін қоймасаң болмайды. Қарама-қарсы
сезімдер: адамдарды жек көру, тіпті өшпенділік, эмоциялық, салқындық -
адамды қайырымсыз, жаны ашымайтын, парықсыз, менменшіл етеді. Мұндай
адамдарды тәрбиелеу қажет, олар ұжымдағы тату-тәтті тіршілікке кесірін
тигізеді.
Адамның сезім сапаларының да бірталай манызы бар. Өмір барысында және
іс-әрекет процесінде сезімнің мұндай ерекшеліктері адамның жеке басының
қасиетіне айналып отырады. Сезімнің бағытталғандығы, принциптілігі, сондай-
ақ әсерлілігі адамды ісі мен сөзі бір жерден шығатын біртұтас адам
тұлғасына айналдырады..
Оны үнемі толықтырып отыру да қажет. "Адамның көңіл-күйі шын
мейірленсе, - дейді Абай, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп тезірек
қолға түседі. Жүрдім-бардым үйренетін адамдарга ғылым тұрақтамайды.
Өйткені, ғылым өзіне түгелдей берілуді қажет етеді". Интеллектік сезімдер
адамның сана сезімінен орын алса, шындықты аша түсуге құмары арта түседі,
мұндайда ол асыл мұрат үшін күреске белді бекем байлайды. Шығармашылық
жұмыстың қайсысы да интеллектік сезімдермен байланысты болады.
Әуесқой болу және соған сай қанағаттану осындай эмоциялар туғызады.
Ондайлар тек ересек оқушыларда болып қоймай, сондай-ақ жас оқушыларда да
болады. Балалар мұғалімнен: "Бізге есептің қалай шығарылатынын айтпаңыз,
өзіміз ойластырайық", - деп сұрайды, бұл олардың оқу процесінде жақсы
интеллектік сезім үстінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сезім мен эмоция жайлы
Адамның сезімдік сферасының дамуы
Эмоцияның түрлері
Эмоция функцияларының түрлері
Эмоция ұғымына жалпы түсінік
Эмоцияның пайда болуы, дамуы, сипаттамасы
Тұлғаның сезім мен эмоцияларына қатысты психикалық процестер
Сезім мен эмоция туралы
Таным процестер және олардың жас маманның жетілдірудегі рөлі
Адамның психикалық іс-әрекеті
Пәндер