Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау



1. Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу.
2. Дирекциондық бұрышты өлшеу.
3. Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлау.
4. Шартты белгілер
5. Картада горизонтальдар негізгі қима белгілері.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ам магнитті азимут – магнитті меридианның сағат тілі бағытымен солға бағытталуынан есептелетін көлденең (горизонтальды) бұрыш.
α дирекциондық бұрышы – берілген нүкте арқылы өтетін бағыт пен абцисса осінің сағат тілі бағытымен сол жақ бағытқа қарай есептелетін абсцисса осіне параллель сызықтың арасындағы бұрыш.
Жоғарыда берілген бұрыштардың бәрі де 0º - ден 360º - қа дейінгі мәнге ие болуы мүмкін.
2. Дирекциондық бұрышты өлшеу. Картада жергілікті затқа бағыт сызығы жүргізіледі. Бастапқы пункті жақын жерінен жүргізілген сызықтың кординаттық торы тік сызықтарының бірімен қиылысқан нүктесін алады және оны транспортир ортасына, ал оның сызғышының шетін (0-180 градус сызығы) тік ызықпен беттестіреді. Транспортир шкаласымен шқырымдық сызықтың солтүстік бағытына анықталатын бағытқа дейінгі бұрыш сағат тілінің бағытымен есептеледі. 180 градустан астам бұрыштар кезінде тордың батыс бағытынан есептеледі және алынған мәнге 180 градус қосады.
Дирекциондық бұрыш бойынша бағытты картаға түсіру. Бастапқы нүкте арқылы параллель тік тор сызығына түзу сызық жүргізу керек. Осы сызыққа ортасы бастапқы нүктемен беттесетіндей етіп транспортирді қояды. Ал шкаласы оңға бағыталған бұрыштар кезінде 180 градусқа дейін және солға 180 градустан көбірек болуы тиіс. Тронспортирдегі өлшемге қарсы, дирекциондық бұрышқа сәйкес картада белгі жасайды. Ол бастапқы нүктемен түзуді біріктіреді.
1. Алғашқы әскери дайындық Аманжолов А.А 2006 ж
2. Оқу процесі мен ішкі тәртіпке жалпы әскери жарғылар талаптарын енгізу жөніндегі жұмыс әдістемесі Алматы 2000ж
3. Каргин С.Т., Дошаков С.Х. Бастапқы әскери дайындық негіздері. – Қарағанды, 2002.
4. Проведение занятий по начальной военной подготовке. П.М.Брысин, М.П.Калинин
5. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы 2007 ж
6. Азаматтарды әскери қызметтке шақыруды ұйымдастыру және өткеру ережесін бекіту туралы 2006 ж
7. Аманжолов А.А Алғашқы әскери дайындық 2003 ж
8. Жақсыгельдинов М.Т. Бастапқы әскери дайындық 2003ж
9. Қазақстан Республикасы даму стратегиялық бағдарламасы «Қазақстан-2030»

Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау.
1. Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу.
2. Дирекциондық бұрышты өлшеу.
3. Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлау.
4. Шартты белгілер
5. Картада горизонтальдар негізгі қима белгілері.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау.
Ам магнитті азимут - магнитті меридианның сағат тілі бағытымен солға бағытталуынан есептелетін көлденең (горизонтальды) бұрыш.
α дирекциондық бұрышы - берілген нүкте арқылы өтетін бағыт пен абцисса осінің сағат тілі бағытымен сол жақ бағытқа қарай есептелетін абсцисса осіне параллель сызықтың арасындағы бұрыш.
Жоғарыда берілген бұрыштардың бәрі де 0º - ден 360º - қа дейінгі мәнге ие болуы мүмкін.
2. Дирекциондық бұрышты өлшеу. Картада жергілікті затқа бағыт сызығы жүргізіледі. Бастапқы пункті жақын жерінен жүргізілген сызықтың кординаттық торы тік сызықтарының бірімен қиылысқан нүктесін алады және оны транспортир ортасына, ал оның сызғышының шетін (0-180 градус сызығы) тік ызықпен беттестіреді. Транспортир шкаласымен шқырымдық сызықтың солтүстік бағытына анықталатын бағытқа дейінгі бұрыш сағат тілінің бағытымен есептеледі. 180 градустан астам бұрыштар кезінде тордың батыс бағытынан есептеледі және алынған мәнге 180 градус қосады.
Дирекциондық бұрыш бойынша бағытты картаға түсіру. Бастапқы нүкте арқылы параллель тік тор сызығына түзу сызық жүргізу керек. Осы сызыққа ортасы бастапқы нүктемен беттесетіндей етіп транспортирді қояды. Ал шкаласы оңға бағыталған бұрыштар кезінде 180 градусқа дейін және солға 180 градустан көбірек болуы тиіс. Тронспортирдегі өлшемге қарсы, дирекциондық бұрышқа сәйкес картада белгі жасайды. Ол бастапқы нүктемен түзуді біріктіреді.
Ақиқат азимутты картамен өлшеуге болады. Бірақ оны дирекциондық бұрыш арқылы, меридиандардың гамма жақындауымен А формуласы бойынша есептеп шығару жеңілдеу болып табылады: А =α + ( +-).
Топографиялық карталардағы торлардың тік сызығы ақиқат меридиан-дар бағытымен сәйкес келмейді және меридиандар жақындасуы деп аталатын бұрыш жасайды. Егер вертикальды сызық торының солтүстік ұшы ақиқат меридианынан шығысқа ауытқыса, онда меридиандардың жақындасуы шығыстық ("+" белгісімен), қарама-қарсы жаққа ауытқуы - батыстық (''-'' белгісімен ) болып саналады.
Дирекциондық бұрыш магнитті азимутта мына формула бойынша Ам = α - (+-Бт) қайта есептелінеді, мұнда Бт - бағыттың түзетілуі немесе магнит нұсқараның ауытқуы, яғни координаттық тор тік сызығының солтүстік бағытымене арасындағы бұрыш және магниттік меридиан бағытымен түзету магниттік бұрылудың және меридиандардың жақындасуының белгілерімен алынған: Бт = (+-δ) - (+-γ) айырымы ретінде анықталады.
Бағыт түзетілуінің көлемі және оның көлемдерін қосатындар карта парағы сыртындағы жақтаудың төменгі сол жақ бұрышында сызба және түсіндірме мәтін түрінде орналастырылады.
3. Топографиялық карта бойынша жергілікті жерді зерделеу. Топографиялық карталар жергілікті жер бейнелеуін дәл және толықтай бере алады. Олар жергілікті заттардың өзара орналасуын, олордың пішінін, мөлшерін ,биіктік жағдайын және басқа көптеген сандық және сапалық сипаттамаларын көрнекілік түрінде бере алады.
Топографиялық картада жергілікті жер шартты белгілермен белгіленеді. Топографиялық, картаның шартты белгілері-бұл графикалық, әріптік және сандық белгілеудің жүйесі.Олардың көмегімен картада жергілікті жер объектілерінің орналасқан орны көрсетіледі және олардың сапалық және сандық сипаттамалары беріледі.
Бір затты бейнелейтін шартты белгілер түрлі мастшабтағы карталарда өз сызбасы бойынша бірдей болады және тек мөлшерімен ғана өзгешеленеді.
Карта жасау кезінде жергілікті жер элементтерінің бәрін көрсету мүмкін болғандықтан, кейбір екінші кезектегі, аса маңызды емес жергілікті жер элементтері мүлде көрсетілмейді, ал басқалары жалпылай бейнеленеді.
4. Шартты белгілер - карта әліппесі. Бұл әліппені білмей, картаны оқуға үйрену, демек, ол бойынша жергілікті жерді зерделеу мүмкін емес. Шартты белгілер масштабты, масштабтан тыс және түсіндірмелі болып бөлінеді.
Масштабты шартты белгілер аталған карта масштабында көлемі мен пішіні салынуы мүмкін жергілікті заттарды бейнелеу үшін қызмет етеді. Масштабты шартты белгілер контурлы және сызықты болып бөлінеді.
Контурлы белгілер аталған объектінің шекарасын белгілеуден және объектінің сапалық сипатын бейнелейтін қосымша белгілері бар ауданын бір түсті белгілеуден (штрихтеу, түсті бояу) тұрады. Сызықтық шартты белгілер картада сызықтық сипаттағы - жолдар, шекаралар, байланыс желілері, құбыр өту жолдары, т.б. жергілікті заттарды бейнелеу үшін пайдаланады. Бұл белгілер масштабта объектілердің тек ұзындығы мен формасын бере алады.
Масштабтан тыс шартты белгілермен карта масштабында айқындалмайтын ұсақ жергілікті заттар бейнеленеді. Шартты белгілерді зерделегенде мынаны есте сақтау керек: жергілікті жердің бір объектісі ірі масштабты картада масштабты шартты белгімен, ал ұсақ масштабты картада - масштабтан тыс шартты белгімен бейнелеуі мүмкін.
Түсіндірмелі шартты белгілер жергілікті жер объектілерінің қосымша сипаттамасы үшін қолданылады.
Картада шартты белгілермен бірге толық, қысқартылған жазулар, сондай-ақ графикалық бейнелеуге болмайтын объектілердің сандық сипаттамалары, елді мекендер , өзендер, көлдер, таулар, сайлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геодезиялық өлшеулер туралы түсінік
Координаталар өсімшелерінің ширектегі таңбалары
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Геодезия
Сызықтарды бағдарлау. Нақты, магниттік азимуттар, дирекциондық бұрыш, румб. Магнит тілінің бұрылуы, меридиандардың жақындасуы
Геодезия, жер мәселелері (сұрақ пен жауап түрінде)
Инженерлік геодезиялық торлар
Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық
Бағытты бағдарлау
Пландық геодезиялық торларды құру
Пәндер