Қазақстанның бюджет жүйесі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

І Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері.

1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық ролі ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы ... .11
1.3. Бюджет тапшылығы мемлекеттік қарызының ел
экономикасының дамуына ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ІІ Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

2.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің құрлымы...20
2.2. Қазақстан республикасындағы мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе

Республикалық бюджеттің түсім көздері - салықтар мен басқа да міндетгі төлемдерді құқықтық реттеу — республикалық деңгейдегі салық салу аясында салық механизмдерін қолдану, тұрақты бекітілген салыктық түсімдерді — салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді алу, сондай-ақ олардың белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне уақтылы және толығымен түсуіне тексеру жүргізу барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін салықтық құқықтың ерекше бөлімінің институты. Республикалық бюджеттің салықтық түсімдері аясындағы материалдық салыктық қатынастарды құқықтық реттеудін мақсатты бағдары мемлекеттік, сондай-ақ корпораииялық (және жеке меншік) шаруашылық жүргізу ауқымында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастардың тиімді қалыптасуына қол жеткізуге бағытталады. Мемлекет меншігіндегі республикалық бюджеттін ресурстары Қазақстан Республикасындағы саяси құрылыстың тұрақтылығын, әлеуметтік мүдделерді және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ орын алуы мүмкін келеңсіз ішкі және сыртқы экономикалық факторларды болдырмауға септігін тигізеді. Сонымен, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4б-бабы 1-тармағының 1),2),3),4),5)-тармақшаларына сәйкес мына салықтар: Заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығы; 2.Қазақстан Республикасы аумағында орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызмет-терге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағына импортталынатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы; Импортталынатын тауарларға және газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайға салынатын акциздер; Жер койнауы пайдаланушылар төлейтін үстеме пайда салығы.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығыңда жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет " ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, 1990 жыл.
2. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» Алматы 1991 ж.
3.Әубәкіров «Экономика теория негіздері» Алматы, 1999жыл.
4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б., Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев «Экономикалық теория» Алматы, 1999жыл.
5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, 2001ж.
6. «Заң» Республикалық құқықтық, ғылыми практикалық
журнал Астана 2000ж №9
7. Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994ж.
8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. А, 2003ж.
9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы
мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992ж.
10. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000ж.
11.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы
және кәсіпкерлік» Алматы, 2002ж.
12. Ілиясов Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003ж.
13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001ж.
14. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А,2002ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

І Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері.

1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық ролі ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы ... .11
3. Бюджет тапшылығы мемлекеттік қарызының ел
экономикасының дамуына ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ІІ Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің құрлымы...20
2. Қазақстан республикасындағы мемлекеттік бюджет жүйесін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе

Республикалық бюджеттің түсім көздері - салықтар мен басқа да міндетгі
төлемдерді құқықтық реттеу — республикалық деңгейдегі салық салу аясында
салық механизмдерін қолдану, тұрақты бекітілген салыктық түсімдерді —
салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді алу, сондай-ақ олардың белгіленген
тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне уақтылы және толығымен түсуіне
тексеру жүргізу барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін
салықтық құқықтың ерекше бөлімінің институты. Республикалық бюджеттің
салықтық түсімдері аясындағы материалдық салыктық қатынастарды құқықтық
реттеудін мақсатты бағдары мемлекеттік, сондай-ақ корпораииялық (және жеке
меншік) шаруашылық жүргізу ауқымында туындайтын мемлекеттік қаржылық
қатынастардың тиімді қалыптасуына қол жеткізуге бағытталады. Мемлекет
меншігіндегі республикалық бюджеттін ресурстары Қазақстан Республикасындағы
саяси құрылыстың тұрақтылығын, әлеуметтік мүдделерді және елдің
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ орын алуы мүмкін
келеңсіз ішкі және сыртқы экономикалық факторларды болдырмауға септігін
тигізеді. Сонымен, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4б-бабы 1-
тармағының 1),2),3),4),5)-тармақшаларына сәйкес мына салықтар: Заңды
тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығы; 2.Қазақстан Республикасы
аумағында орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызмет-терге, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы аумағына импортталынатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығы; Импортталынатын тауарларға және газ конденсатын қоса
алғанда шикі мұнайға салынатын акциздер; Жер койнауы пайдаланушылар
төлейтін үстеме пайда салығы.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығыңда жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
"мемлекеттік бюджет " ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.

І Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық ролі
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіңдегі оның өмір сүруінің
объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өңдірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырьшған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтандырьшған қаржы ресурстары
мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз
етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің
экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды
дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне
шоғырландырылады.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып,
құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты
қоғамдық арналымды орындайды — жалпымемлекеттік қажеттіліктерді
қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке
ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән:
бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге
асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіңдік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
езгеше белгілермен сипатталады:
мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшау-ландырумен және оны
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік
қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материаддық өндіріс
қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашьшығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасыңда құнды қайта бөлуге арналған;
қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты
емес құндық бөліністің стадиясын біддіреді және одан белгілі үзілісте
жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік
емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды біддіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында
өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор — бұл қоғамдық өнім мен ұлттық
табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы
өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару
жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттаңдыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі
қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың
қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның
қозғалыс процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылган ақша қорын жасау және оны удайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қогамдық
өнімнің қүнын бту және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын
білдіреді. Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияла-рын орындайды. Бұл
функциялардың іс-қимылы, мазмүны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының
қаралған айрықшалығымен айқыңдалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының
негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде
қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді
қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру;
әлеуметгіксаясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының
орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты
сипатты функцияларды орьшдайды. Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық
экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы
ин-ституттары салықтар, мемлекетгің шығыстары, мемлекетгік кредит,
мемлекеттік қарыздар және т.т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан
бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты
кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджетгің кірістерін, шығыстарын,
орталықтандырылған қаржы ресурстарыньщ шешуші бөлігінің қозғалысын
аньгқтайды. Бюджетгі негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты
қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіңдегі басымдық
жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы ендірістегі айрықша рөлін айқындайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып
табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика
Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына
сәйкес сөзсіз орындауға жатады. Мемлекетгік бюджет ұлттық экономиканы
басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекетгің
орталықтаңдырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен
әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді.
Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіңдегі бюджеттің рөлі осыңда
көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорыньщ сандық көлемін
анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің ат-
қарылу процесіңце қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады
(мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда
айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жен Мемлекеттік бюджет — ұлттық
табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі қүралы. Мемлекеттік
бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі
өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді және қайта бөлінеді.
Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағыңда өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды
орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып
салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады. Нарықтық механизмге
көшу жағдайында мемлекеттік бюджетгің қаражаттары ең алдымен экономиканың
қүрылымын қайта қүруды, кешенді мақсатты бюджетгік бағдарламаларды қаржылан-
дыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметгік дамуды тездетуге
және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен ин-вестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік багыттылыгының зор маңызы бар.
Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар — халықтың табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп түруы.
Қаржылық жоспарлау процесіңде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және үжымдармен етене байланысқан.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесіңде ұлттық
шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық
қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану
процесінде бюджеттік бақы-лаудың маңызы күшейе түсуде.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық ролінің артуы

1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
Мемлекеттің шығыстары бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша
шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып,
жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін болумен және тұтынумен байланысты
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары — мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы,
оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға
байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының
өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмүны мен сипаты
мемлекеттің экономикалық, әлеуметгік, басқару, қорғаныс жөне т.т.
функцияларымен тікелей байланысты.
Шығыстардың диалектикасы "кірістер" үғымында қаралғанға ұқсас болып
келеді (11-тарауды қараңыз). Бүдан басқа, "шығыстар" үғымының қос мағынасы
бар:
1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша
пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесіңде тікелей
рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікгі табыстардың есебінен
жүзеге асырылатын өңдірістік және оңдірістік емес сфера кәсіпорындары мен
үйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға:
орын толтыру қорына, қорлану қорына, түтыну қорына ыдырайды.
2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан
белгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шы-
ғыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды
пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым
бойынша болген кезде: ақша шығыстары барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың
негізі болып табылады.
Бұл екі аспект "шығыстар" ұғымының оның "шығындар" ұғымына түрленген
кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер "шығыстар"
түпкілікті рәсуаны, тұтынуды ("табыстарға" қарама-қарсы) қажет ететін
болса, "шығындар" "есепке жатқызылатын" алдымен, келешектегі табысты немесе
пайданы күтудегі шығындарды біддіреді.
Мемлекеттің шығыстары мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын
мемлекеттің тікелей шығындары мен өндірістік және өндірістік емес
салалардың мемлекеттік кәсіпорындарының, ұйым-дарының, мекемелерінің
шыгындарынан тұрады.
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл)
және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның
функциялары мен қызмет саласы өзгеріл отыратындықтан, бұған сәйкес
мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп
отырады.
Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік
бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен үйымдардың, өндірістік
және өндірістік емес сфералар меке-мелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар
кіреді: өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығыңдар;
ұлғаймалы үдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым
капиталдарына) жүмсалатын шығындар; бюджетке және бюджеттен тыс қорларға
төленетін төлемдер; көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын
аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) ауыспалы айналымымен
байланысты және өндіріс шығыңдарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады
және шартты түрде шығыстарға жатады ("шығындар" терминінің мағынасын
қараңыз). Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың
екінші және үшінші топтарын қамтиды.
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік
меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен
анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік
процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және
бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет
шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін
қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында
мемлекеттік сектордың үлесі шүғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бүл
үлес 30-40% (табиғи ресурстарды есепке алумен) шегінде қалады, мұның өзі
дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан "мемлекеттің шығыстары"
категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді жөне
келешекте өзінің маңызын сақтайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі
қоғамдық тауарды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе
олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының
рөлін айқыңдайды. Әлеуметтік-мәдени максаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін
қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфра-құрылымдық кәсіпорыңцары мен
ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет,
сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктік тауарлармен
және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы
қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Бағыттары мен мақсатты арналымы
бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының
жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне
орталықтандырылған немесе мемлекетгік кәсіпорындардың қарамағында болатын
қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіңдік
құнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома
мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін
қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір
бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың
қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін
негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және
кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді
кредиттері тартылады. Мемлекеттің шыгыстарын үйымдастыруга оларды болжау,
сондай-ақ оларды қаржылаңдыру мен қаражатгарды пайдаланудың қатаң тәртібін
белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру
қағидаттарының бірі жоспарлылық болып табылады. ұлттық шаруашылықты
баланстандырьшмалы дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру
мақсатында мемлекет жалпы қоғамдық онім мен ұлттық табысты өндірістік және
өндірістік емес сфералар, салалар, экономикалық аудандар арасында белуге
және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі
баланстық әдіс болып табылады. Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың
экономикалық мағынасын, құрамы мен мақсатгы бағыттылығпн, қалыптасу
қағидаттарын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге
мүмкіндік береді. Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қарай
мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады:
мемлекеттік кәсіпорындар мен үйымдардың табыстарынан;
жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;
халықтың салық төлемдерінен;
4)кооперативтік және үжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;
5)қоғамдық үжымдардың сальгқ түсімдерінен.
Жасалу сфераларына байланысты мемлекеттің кірістері:
материалдық өндіріс сферасында қалыптасатьш кірістер;
өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып жіктеледі.
Қаржылық мазмүны бойынша мемлекеттің кірістері:
салықтық;
Салыққа жатпайтын болып бөлінеді (мемлекет иелігінен алудан және
жекешелендіруден түсетін қаражаттар, ақшалай-заттай лотереялардан түсетін
табыстар және т.т.).Салықтық кірістерді жұмылдыру жағдайыңда меншік
нысандарының ауысымы болуы мүмкін. Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып жіктеледі.

Жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс құнының жеке құрамды бөлігі үкіметтің де,
соңдай-ақ мемлекетке қарасты шаруашылық құрылымдардың да мемлекеттің
кірістері мен қаржы ресурстарының жүйесін қалыптастырады. Олардың арасыңда
негізгі орынды мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы, қосылған құнға
салынатын салық, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар,
әлеуметтік қажеттерге (зейнетақы қорларына) аударыла-тын аударымдар
түріндегі қогамның таза табысы алады. Бұған сонымен қатар ауыл шаруашылығы
өнімінің бағасыңдағы айырмашылықтарды реттеу жөніндегі шаруашылық
үйымдардың өзара қарым-қатынастарының сальдосы да жатады. Табыстардың бұл
түрлері бөлгіштік процестерге түрліше қатыса отырып, меншіктің түрлі
нысандарының кәсіпорындарында жасалынады. Егер қосылған қүнға салынатын
салықтан, кеден баждарынан түсетін түсімдер түгеддей мемлекет қарамағьша
берілсе, мемлекеттік кәсіпорыңдардың таза табысы әлеуметтік мұқтаждарға
аударылатын аударымдар тек ішінара беріледі.Қоғамның таза табысы ақша
нысанында қосымша өнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу (өтім) кезінде
қосымша өнім таза табыстың нысанын алады. Қосымша өнімнің және тиісінше
таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің таза
табысы болып табылады. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық
жақтары неғұрлым толық бейнеленеді. Сондықтан таза табыс өндіріс
тиімділігінің маңызды қүндық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

1.3 Бюджет тапшылығы мемлекеттік қарызының ел
экономикасының дамуына ықпалы
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар — бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құңдық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджетгің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетгі қажетгі ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекетгік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы
нақты әлеуметгік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын
мемлекетгік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты
болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді
қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін
пайдаланады.Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік
бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорыңдардың ақша жинақтарына
негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы со-масының 90% құрады және
негізінен екі толемнен — айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден
түрды. Бүл жүйе 1930 жыддан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары
енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы
түріндегі пайдадан алынатын нормативті төлемдер қодданылып жүрген төлемдер
жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне
бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер
болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің
құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қодданыстағы жүйесімен және
салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
1)түсімдерден:
-кірістерден;
-алынған ресми трансферттерден (гранттардан);
-бұрьш бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуден;
2)шығыстардан және кредит беруден:
шығыстардан;
кредит беруден;
3)бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4)бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржы ландырудан.
Оз кезегінде кірістер:
салықтық түсімдер;
салыққа жатпайтын түсімдер;
Капиталмен жасалатын операциялардан альшатын кірістер болып бөлінеді.
Бюджетгік түсімдердің бүл үш категориясы алынған ресми трансферттер
болігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер
көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге
байланысты емес тегін және қайтарылмайтьш толемдермен толықтырылады.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша
(қайтару негізінде берілген — бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекетгік
шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі
болып табылады. Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың
шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады.Әр бюджетте оның кіріс және шығыс
бөлігін теңдестірген, яғни баланстандырған дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік,
бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен
шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің
шығыстардан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік құқықтық қатынастар 7 3. Мемлекеттік борыш 13
Бюджеттің экономикалық маңызы мен рөлі
Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары
Экономикалық өсімнің тұрақты қарқындарын ұстауға жәрдемдесу
Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның әлемдік тәжірибесі
Қазақстанның жаңа бюджеттік саясаты
ҚР мемлекеттік бюджеті және оның құрылымы
Мемлекеттік қаржылық-бюджетке түсінік
Пәндер