Сапарғали Бегалин
1 Сапарғали Бегалин өмірі
2 Қазақ халқының кемеңгерәрі сүйікті жазушысы Сапарғали Бегалин шығармалары
3 Алданған жолбарыс

Балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сапарғали Бегалин 1895 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Дегелең ауылында туды. Ауылдағы молдадан оқып хат таныған соң, Семей қаласына келеді. "Приходская школаны" 1915 жылы бітіреді.
1916 жылы патша өкіметінің жарлығымен әскер қатарына алынады. Петроград түбінде қара жұмыс істеп, 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін ғана үйіне қайтады.
1925-1928 жылға дейін аудандық халық соты болады.
1935 жылы "Теміржолшы" газетіне әдеби қызметке орналасады.
Әдеби жұмысы Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында, кейінірек Жазушылар одағында жалғасады. Ұзақ уақыт әдеби кеңесші болады. Шыңдап әдебиетке араласуы осы жылдардан басталады.
Өмірі шежіреге толы жазушы жиырма шақты поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар жазған.
Оның әңгіме-повестерінде малшылар өмірі, аң аулау, атбегілік, құсбегілік, мергеншілік сияқты ұлттық кәсіптеріміздің сан қыры қызықты, әсерлі бейнеленеді.
Халқымыздың асыл перзенті Шоқан Уөлиханов туралы "Шоқан асулары" дилогиясы - тамаша адамдар өмірін фактілік негізден ауытқымай, дәл бейнелейтін туынды. Ол Шоқан өмірінің сәтті бір көрінісін таба білген. Бала Шоқан мен мүсінші Мысық деген баланың достығы - "Бала Шоқан" повесінің сюжетінің негізгі бір арқауы.
"Сұрапылда", "Керкиік", "Колхоз бәйгесі" әңгімелерінде ғасырлар бойы мал өсірумен шұғылданған халықтың бәйге атқа сүйіспеншілігі суреттеледі. "Замана белестері" мемуарлық романының басты кейіпкерлері (М.Әуезов, Н.Құлжанов, т.б.) қазақ халқына есімі белгілі адамдар.

(1895-1983)
Балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сапарғали Бегалин 1895
жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Дегелең ауылында туды. Ауылдағы
молдадан оқып хат таныған соң, Семей қаласына келеді. "Приходская
школаны" 1915 жылы бітіреді.
1916 жылы патша өкіметінің жарлығымен әскер қатарына алынады. Петроград
түбінде қара жұмыс істеп, 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін ғана үйіне
қайтады.

Әдеби жұмысы Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында,
кейінірек Жазушылар одағында жалғасады. Ұзақ уақыт әдеби кеңесші болады.
Шыңдап әдебиетке араласуы осы жылдардан басталады.
Өмірі шежіреге толы жазушы жиырма шақты поэма, оннан астам повесть,
жүздеген әңгіме, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар жазған.
Оның әңгіме-повестерінде малшылар өмірі, аң аулау, атбегілік, құсбегілік,
мергеншілік сияқты ұлттық кәсіптеріміздің сан қыры қызықты, әсерлі
бейнеленеді.
Халқымыздың асыл перзенті Шоқан Уөлиханов туралы "Шоқан асулары"
дилогиясы - тамаша адамдар өмірін фактілік негізден ауытқымай, дәл
бейнелейтін туынды. Ол Шоқан өмірінің сәтті бір көрінісін таба білген.
Бала Шоқан мен мүсінші Мысық деген баланың достығы - "Бала Шоқан"
повесінің сюжетінің негізгі бір арқауы.
"Сұрапылда", "Керкиік", "Колхоз бәйгесі" әңгімелерінде ғасырлар бойы мал
өсірумен шұғылданған халықтың бәйге атқа сүйіспеншілігі суреттеледі.
"Замана белестері" мемуарлық романының басты кейіпкерлері (М.Әуезов,
Н.Құлжанов, т.б.) қазақ халқына есімі белгілі адамдар.
"Жамбылдың ата тегі, өмірі", өнер саңлақтары жайлы "Сахара сандуғаштары",
"Халық ақындары" т.б. еңбектері С.Бегалиннің зерттеуші, фольклорист маман
ретіндегі бір қыры.
Ол "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы" ордендерімен марапатталған.
Қазақ халқының кемеңгерәрі сүйікті жазушысы Сапарғали Бегалиннің есімі
елімізде кеңінен танымал.
Сапарғали Бегалин артына мол әдеби мұра қалдырды.
Ол-халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме-аңыздарын, айтыс-
өлеңдерін, шешендік толғауларды жатқа білетін ескінің көзі, оның үстіне
этнограф, әрі тарихшы, қазақ халық ауыз әдебиетінің білгірі және
жинақтаушысы. Ол көптеген халық әндерін, аңыз-ертегілерін, айтыскер
ақындардың айтыстарының мәтінін жазған.
Сапарғали Бегалин-әдебиетіміздің поэзия, проза жанрларында тартымды,
толымды шығармалар берген көрнекті суреткер. Оның шығармашылық сапарында
суреткер қаламынан жиырманың үстінде поэма, оннан астам повесть, жүздеген
әңгіме, бір роман, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар туды.
Ол-сазды лирик, сыршыл ақын. Оның өлеңдеріндегі басты тақырып-туған жерге
деген махаббат, өмірге, тіршілікке деген құштарлық.
Талантты аудармашы. Ол Пушкин, Лермонтов және басқа да көптеген орыс
классиктерінің шығармаларын қазақшаға аударған.
Сапарғали Бегалин драматург ретінде де көпшілікке танымал. Ол оншақты
пьесаның авторы.
Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбылдың шығармашылық өміріне арнаған шығармасы,
С.Бегалиннің ғалымдық еңбегінің үлкен жемісі.
Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей шығармаларын сұрыптап бастырып,
олардың тұңғыш өмірбаянын жазған. Тәттімбет, Әміре, Естай, Майра, Қажымұқан
тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол еңбек сіңірген де Сапарғали Бегалин.
Халық ақындарының шығармаларын сұрыптап Халық ақындары, Өмір жыры, өнер
саңлақтары жөнінде Сахара сандуғаштары атты жинақтар шығарды. Сапарғали
Бегалин 50-ден аса әндерге өлең жазған ақын. Олардың ішінде Ақтамақ (муз.
С.Кәрімбаевтікі), Ақ көгершін (муз. А.Жұбановтікі) сынды әндері халық
әніне айналып кеткен. Ақынның өлеңдері бойынша М.Төлебав, Л.Хамиди,
Е.Ерзакович, С.Мұхаметжанов, Е.Рахмадиев сияқты талантты композиторлар ән
жазды.
Қаламгердің жоғары сауаттылығы, аса зеректігі үшін, басқалардан ерекшелеп,
даралап көрсететін өзіндік қайталанбас сыпайы мінезі мен тиянақтылығы,
ұқыптылығынан, құбылып, өзгермейтін рухани әлемінің кереметтігінен
айналасындағы жақын, жора-жолдастары, қаламдастары, зиялы қауым сыйлы
ақсақал ретінде таныған, оны ұстаз тұтқан, үлгі еткен.
Десек те, ең бірінші Сапарғали Бегалин қазақ балалар әдебиетінің дамуына
көп еңбек сіңірген, оның негізін қалаушы алғашқы көшбасшысы. Оны қазақ
балалар әдебиетінің ақсақалы және классигі деп атайды.
Бүгінде жас ұрпақты Сапарғали Бегалиннің кітаптарын оқуға шақырғанда, біз
алдымен одан халықтың дәстүрлі тіршілігі тудырған кәсіптердің неше түрлі
көріністерін, дала өмірінің сан қилы қызықтарын тамашалауға болатынын еске
аламыз. Оның төрт түлік туралы жырлары, ертегі, аңыз, мысалдары балалардың
өмір тануына, табиғат сырын түсінуге, жан-жануарлар дүниесін ұғып,
сырласуына жол ашады. Көпшілік қауым арасында жоғары баға алған Сәтжан,
Көксегеннің көргендері сияқты тамаша туындылары құсбегілік, саятшылық
өнердің қызықтарына тартпай қоймайды.
Балаларға арнап жазған өлең, әңгіме, повестері ондап, жүздеп саналады.
Сапарғали Бегалин есімін тек қазақ баласына ғана емес, көптеген елдердің
балалары арасында да танымал. Оның балалаға арнап жазған кітаптары көптеген
ел тіліне аударылған.
Бүгінде ақсақалдың Балалар жазушысы деген атағы мәңгілік тарихта қалып
Республиканың балалар кітапханасы 1996 жылдан бастап Сапарғали Бегалин
есімімен аталады.
Жазушы атымен аталатын Республикалық балалар кітапханасы өз тарапынан
жазушының шығармашылығын көпшілік оқырман арасында насихаттаушы
көшбасшылардың бірі ретінде оқырмандармен кітапхана көптеген шаралар
өткізілуде. Солардың ішіндегі ауқымдысы, жыл сайын жазушының туған күні
қарсаңында өтетін Бегалин оқулары.
Міне, осындай көрнекті жазушы, ақын, тарихшы, этнограф, зерттеуші Сапарғали
Бегалиннің туғанына биыл 110 жыл толады. Еліміздің жас жеткіншектері
осындай тамаша жазушының шығармашылығын білулері керек. Жазушының мерейтойы
қарсаңында оның еңбектерін көпшілік арасында насихаттау мақсатымен
еліміздің кітапханаларында әр түрлі шаралар өткізілуде. С.Бегалин атындағы
Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы өз тарапынан жазушының өмірі
мен шығармашылығына арнаған Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы
әдістемелік құралды көпшілік назарына ұсынып отыр.
Құрметті балалар оқуының жетекшілері мен кітапханашылар!
Халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп бүгінге жеткізген ардақты ақсақал
Сапарғали Бегалин - біздің алтын сандығымыз. Ол сандық ашқан сайын көз
қызықтырып, көңілімізді өсіреді. Осы игілікті іске сәт-сапар тілейміз!
Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы
Әңгіме
...Еңсеңді көкке көтере,
Кен есігін кең аштың,
Байлықтың өрін төтелеп
Мақтасам қалай жарастың.
Өсіп ем сенің өріңде,
Қайнарыңнан нәр алып,
Алуан қилы өмірге
Ер жеттім сенде жаралып...,-деп Туған жер атты өлеңінде өзі жырлағандай
Сапарғали Бегалин бұрынғы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Абай
ауданы Дегелең ауылында, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Сапарғали
атаның ата қонысы-Шоқан мадақтаған, қобызға тартып, ән салған, үлкен
эпикалық дастандар тудырған, айтыс ақыны Жанақ жүйрік жырына қосқан Арқаның
киелі мекендерінің бірі- Дегелең таулары. Бағзы қазақ қауымындағы жақсы
дәстүр бойынша, атасы Бегалы немерелері секілді Сапарғалидың да бес жасында
кәлимаға тілін келтіріп, арабша сауатын ашып, өзі оқытқан. Осы алты-жеті
жылға созылған сабақ обал мен сауап, күнә мен қылмыс, жұмақ пен тозақ
секілді мәңгілік сұрақтарға имандай ұйытып жауап беріп, Сапарғалидың мінез-
құлқын, кісілік келбетін, жүріс-тұрысын исламның адамгершілік мұраттары
негізінде қалыптастырып, кейін таулар құлап, дариялар арнасынан ауып, тұтас
қауымдар күйреп жатса да, құбылып, өзгермейтін рухани әлемнің алтын өзегін
жасап берген.
Табиғатына зерек, ұғымтал балаға оқу оқыған, білім алған өте ұнайды. Бала
Сапаштың одан кейінгі білім алуына немере ағасы, сол кездегі оқымысты
Ысмағұлдың ықпалы өте зор болады. Сол жылдары Тәшкенттегі мұсылмандар
медресесін бітірген Ысмағұл туған ауылына қайтып оралған болатын. Оның
қаладан өзімен бірге алып келген шығыс әдебиетіне, тарихқа байланысты және
бастауыш мектебіне арналған оқулықтары ауыл балаларының жаңаша сауатын
ашуларына көп көмегі болды. Сол кезде-ақ, ағасы кішкене Сапаштың
алғырлығына көңіл аударып, оны үнемі жанынан тастамай Қарқаралы, Семей
сияқты қалаларға ертіп жүретін. Немере ағасының көмегімен Сапарғали
Фирдоусидың Шахнамасын, Ахмет Иассаудың Хикметімен, Сайхали мен
Бақырғани өлеңдерін, Жүсіп-Зылиқа дастанын, Мың бір түнді бас алмай,
жастығы астына жастанып оқиды.
Қазан баспасынан шыққан қиссалармен, хикаялармен танысады. Оқыған сайын
өзіне үздіктіретін Қозы Көрпеш- Баян сұлу, Ер Тарғын, Қобыланды
батыр, Қыз Жібек, Ер Көкше жырларынжәне де көптеген ертегілерді
жаттап, жұртқа жаяды.
Осыншама өмірдегі ең бір оқшау бақытты кұндерімнің бірі деп әкем Семейден
Абайдың 1909 жылғы алғашқы жинағын базарлыққа берген күнін айтар едім.
Содан бері ұлы ұстазымыздың ұлағатты сөздерінен екі елі ажырап көрген емен.
Менің ең үлкен ұстазым-халық, ел дәстүрі. Ал әдеби үлгі-өнегем-Абай, -
дейді жазушының өзі.
Жазушының бұдан былайғы өмірі үнемі күреске, тартысқа толы болды.
Шешеміздің айтуы бойынша, салқын күздің аяғында, терістіктен ызғырықтап
жел соғып, ұшқындап қар жауып тұрған суық күні дүниеге келіппін. Табиғаттың
маған еншіге бергені ме, әлде жасағанның бұйрығымен болатын құбылыс па,-
білмеймін, әйтеуір жылда осылай, менің туған күнімде терістіктен жел
ызғырықтап, ұшқындап қар жауып тұратын әдеті. Бүгін де, міне, ауа райының
күрт бұзыла қалғанын көрмейсің бе. Сірә, мені қыспаққа салғысы, сынап
алғысы келетін шығар. Бірақ мен де көне қоймаспын,-дейді жазушы.
Шын мәнінде солай. Табиғаттың да, тағдырдың да Сапарғали ақсақалға тартқан
сыбағасы жеңіл емес. Сапарғали Бегалин өз өмірінің жастық шағын суреттеп,
ертеректе жазған бір өлеңінде былай дейді:
Мен бала боп өскелі,
Елім боп өмір кешкелі,
Қай белесті аспадым,
Қай қиянды баспадым.
Қай азапты көрмедім,
Қай мазаққа көнбедім.
Алаңсыз өмір кешкен бүлдіршін шағынан кейін, ақынның жасөспірімдік шағы
қараңғылық қамаған көңілсіз, жүдеу өмір қыспағында өтеді.
Жұттан қашып, алыстан жұмыс іздеген әкесіне еріп, 1911 жылы қалаға келген
бала пристаньда қара жұмысқа түседі. Содан қазақтың тұңғыш ағартушы-
мұғалімі Құлжанов Нұрғали мен Нәзипаның үйінде атының басын ұстап, делбеші
боп жүріп, орыс-қазақ училищесін 1915 жылы бітіріп шығады. Семейде оқып
жүрген шағында Сапарғали кәдімгі атақты Абай келіп орыс әдебиетінің
классиктері Толстой, Лермонтов, Пушкиндермен тұңғыш танысқан Гоголь
атындағы кітапханадан кітап алып оқиды. Көбінесе Абай өлеңдері мен Тоқай
өлеңдерін қайта-қайталай, ойлана, толғана оқиды. Сапарғали алғаш өлең
жазғанда осы екі ақынға ден қойып еліктей жазады. 1914 жылы жас
Сапарғалидың тұңғыш өлеңі Айқап журналында басылады.
Қыналған киім, сыптай бой,
Қырынған жігіт желөкпе ой,
Киініп кербез ат баптап,
Іздегенің айт пен той.
Барыңды киіп үстіңе,
Қырынып үсті-үстіне,
Ел қыдырып, ет аңдып,
Оныңнан пайда түсті ме...
Бір жілік үшін ел кездің,
Атын алып кербездің,
Алтындай уақыт босқа өтті,
Оныңнан, құрбым не сездің?...
Талапсыз, ойсыз, бос кеуде,
Ермегің елден ет жеуде,
Көп барған үйің мезі боп,
Ұялар бірақ кет! деуге.
Ардақты құрбы, көп інім
Қалса да айттым көңілің,
Бос жүрме ізден, оқу тап,
Босқа өтпесін өмірің.
Бұл өлең өз заманына лайық, өз тұсындағы өзімен құрбылас ауылда қымбат
уақытын босқа өткізіп жүрген жастарға арналған. Жас ақынның алғашқы
туындылары Азамат арманы, Көшер ме тұман серпіліп, Қазақ қыз-
бозбалалары атты өлеңдері болатын.
С.Бегалиннің тырнақалды өлеңдерінен жалындаған отансүйгіштікі, туған елге
деген ұшқындаған жастық сезімдерді байқауға болады:
Сүйем сені, асқар таудың әр басы,
Асылғанда ай толықсып төбеңнен.
Сүйем сені, шыққан күннің шұғыласы,
Жер мен аспан қуанышқа бөленген.
Сүйем сені, жар тастардың қиясы,
Күн сәулесі ойнағанда бетінде.
Сүйем сені, батқан күннің ұясы,
Алтын шапақ ойнағанда шетінде.
1916 жылғы дүрбелеңде окоп қазуға зорлық-зомбылықпен жіберілген жігіттердің
қалың легінде Сапарғали да кете барады. Мұстафа Шоқай басшылығымен Думадан
арнайы шешім алдырып азаматтарды аурудан, өлімнен құтқарып, 1917 жылы елге
оралады.
Бұл тұста жас ақын бірталай өлеңдер жазады. Кейінгі жылдары сотта, газетте,
ғылыми қызметте, Жазушылар Одағында кеңесші болып істейді.
Сапарғали Бегалиннің артына қалдырған мұрасы әжептәуір. Оның шығармашылығы
сонау бозбала кезінде жазған тырнақалды өлеңдерінен бастау алса, ең соңғы
туындысы ғұмырнамалық Замана белестері атты роман. Октябрь революциясының
алғашқы күндеріндегі қазақ ауылындағы, қаладағы әлеуметтік –психологиялық
өзгерістерді көрсететін деректі негізі бар мемуарлық еңбек. Шығарманың
басты кейіпкерлері-белгілі қоғам қайраткері Мұқаметқали Тәтімов, қазақ
әйелінен шыққан алғашқы оқымысты, көзі ашық жандардың бірі-Нәзипа
Құлжанова, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов, тағы басқа аты, есімі мәшхүр адамдар.
С.Бегалиннің бұл романын Сәкен Сейфуллиннің Тар жол, тайғақ кешу, Сәбит
Мұқановтың Өмір мектебі, Ғабиден Мұстафиннің Көз көрген сияқты айтулы
шығармаларымен заңды түрде қатар қоюға болады.
Ақын Сапарғали -әсіресе, поэма жанрында көп көсіліп, ұзаққа, алысқа
сілтеген қаламгер. Бұл саладағы оның көп еңбегі сөз арасында, ат үсті
айтылғанымен, терең талданып, өзіне лайық бағасын алмағандығын өкінішпен
ескерте кетудің артығы жоқ деп білеміз. Халық аңызының ізімен жазылған
әдемі поэма Абақ арманы. Бұл поэманы оқи отырып Абай, Ілияс
құдыреттерімен жасалған тұлпарлар сапына тағы бір сәйгүлік қосылғандай әсер
аласың.
Сапарғали Бегалиннің өткен өмірге арнаған, дерегі, ізі бар материалға
сүйеніп жазған дастандарының ішіндегі ең шоқтығы биігі-дау жоқ, атына
қатысты туған Баян жүрек поэмасы. Қазақ жігіті Сайқым мен қалмақ қызы
Баян арасындағы махаббат, ерегістен ығыр болған екі ел арасындағығы
келіспеушілік, достықпен табысуымен сәтті көрсетілген.
Сапарғали ақсақалдың Ұлы Отан соғысы тұсында, еліміздің үстіне қатер төнген
кезде жазған шығармалары өз алдына ауыз толтырып айтарлық еңбектер. Адамдар
ерлігін, батырлығын мадақтайтын Алтай аңызы (Төлеген Тоқтаров
туралы),Қанатты қазақ (Нүркен Әбдіров туралы), майданда отан қорғау
жолында еңбегімен көзге түскен қазақ әйелі туралы Жәмилә деген,
фашистердің оқ-дәрі жинаған қоймасын ойрандап, өртеп, сол Отан үшін өзі
құрбан болған жас батыр қыз туралы Орыс қызы сияқты тебірене оқитын
шығармалар жазды.
Ақынның Жаз лебі, Көктем бұлты, Нөсер артынан,Сарыжайлау секілді
өлеңдері –сұлу бейнеленген пейзаж үлгілері. Сондай-ақ өзгеше жазылған
Кавказ аңыздары, Бұқара-Самарқанд сапары топтамаларынан да тосын образ,
әдемі деталь, есте қалар бейнелертабуымызға болады.Ұлы Абайға, Мұхтарға,
Қасым Аманжоловқа арналған өлеңдерге жүректің тереңінен шымырлап шыққан
сыр, таза сезім жан бітірген.
Сапарғали Бегалин жиырмасыншы-қырқыншы жылдары ел ішінде қызмет істеген
кездерінде еліміздің кең атырабын көп аралап, ескініңкөздерімен табақтас,
дәмдес, сырлас болған. Осы сапарында ол естіп, іріктеп, екшеп қағазға
түсірген дүниелер-мол қазына. Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей,
Қуат шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған.
Сапарғали Бегалин қазақ халқының ардақты ұл-қыздары Тәттімбет, Әміре,
Естай, Майра, Қажымұқан, Қалыбек тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол
еңбек сіңірген.
С.Бегалиннің зерттеуші, оқымысты, фольклорист ретіндегі ең жемісті, ең
бағалы туындысы-Жамбылдың ата тегі, өмірі деген іргелі зерттеуі деп
білеміз. Жамбылдың көзі тірісінде өзінен, онымен өкшелес қарттардың аузынан
жазылып алынған бұл еңбекте ұлы ақынның өскен ортасы, ата бабасы, алған
тағылымы, мінез-құлық ерекшеліктері туралы аса қызық деректер бар. Мұның
үстіне Жетісу атырабының аңыз-әңгімелері, жүйрік аты, қыран құсы, сал-
серісі, ақын – жырауы, домбырашысы-күйшісі жөніндегі деректер де өте
бағалы, дәл.
Айдос, Ұр, торпақ дастандарынан фольклордың жақсы әсері, өрнек-бедері,
бояу нақышы байқалады.
Жазушының қазақтың көшпелі, бұрынғы тұрмыс-әрекетін жіті білетіндігі
әңгіме, повестерінде мал баққан адамның психологиясы, аңшылардың жан
дүниесі сенімділікпен, шыншылдықпен бейнеленген. Бұл шығармаларда енді
қайталанбайтын, тарих қойнауына кеткен, суреткер қаламы арқылы есте қалар
тарихи жанды суреттер бар.
АЛДАНҒАН ЖОЛБАРЫС
Iленiң Балқашқа құйған сағасы қалың құрақ, жалпақ көгалымен көктемде
ерекше бiр көркiне кiрiп едi. Айдынын аққу, қаз, алуан түрлi үйректер
мекендеген қамыс iшiнiң алаңдарындағы көк үйiрiмдер құс базарына ұқсайды,
күндiз-түнi тынымсыз үн қатады. Бұл мың тоғыз жүз жиырма тоғызыншы жылдың
көктемiндегi Iле құйғанының бiр күнi едi.
Жаңадан ғана ұйымдасқан Құйған колхозының мал фермалары қатарласа
қонған. Олардың ортаға жаңа ұйымдасқан түлiктерi – түйесi боздап, қойы
қоздап, сиыры мөңiреп, осы сағаны думанға бөледi. Көлде құс үнi,
көктiгiнде мал дыбысы, белесiнде егiс дүбiрi Iле сағасынан өмiр үнiн
көтерген. Осы думанның қалың ортасы Ғайни басқарған түйе фермасының
ауылы. Есейiп, отыққан боталарын енесiне ертiп, боталы iнгендерi бiр топ
болып мамырлап өрiсiне барса, бойдақ түйелер боздағы ұштанып, өркештерi
шаншыла өсiп, сұқсұрдай сұлу топ болып, ол бiр бетке өредi. Жаңадан
ұйымдасып, орталығы ойдағыдай салынбаған, мал баздары әзiрше көшпендi
түрдегi кезi. Бiрақ Iле сағасының өрiс қалпына қарай ең қолайлы малы
түйе. Ащылы-тұщылы қара отты қоныстың жайылым малы түйе түлiгi. Осы
жердiң тәңiрiсiндей болған Бозанбайдың қалың түйесiнiң қонысы осы Құйған
болатын. Сол түйенiң көптен бергi бабын бiлер бақташысы Ғайни Бозанбайдың
босағасында өмiр кешiрген малшысы едi. Өткен жыл Бозанбай
конфескеленгенде, оның түйесi тобымен колхозға алынды. Түйе күтiмiне
жетiк Ғайни осы түйе түлiгiн басқарып, жеткiншегi Сейiттi бағып, әкесiнiң
жоқтығын елетпей өсiруге талпынды. Сөйтiп ауыл мек-тебiнен оқытып,
қолында ұстады. Түйе малының әр маусымға қарай өрiсi бар, жазында
жайлау, қысында жайлы қонысы бар. Түйенi баққан кiсi, басқарған иесi
өзiне сай тiлiн бiлмесе тұқымын аздырады, өсiмiн өркендете алмайды. Бұл
Ғайнидың түйе жайы сөз болғанда айтатын мақалы.
Бозанбайдың боз iнгенi – түйесiнiң құты деп қоспақ өркештi, үлкен
аңсағай боз iнгендi байдың көтермешiлерi ерекше мал деп есептейдi. Ал
Бозанбай конфескеленгенде осы боз iнген басқа түйесiмен бiрге колхоз
орталығына тидi. Сол боз iнгеннiң ботасы биыл қос кiндiк болып туды. Мал
дәрiгерiнiң жәрдемiмен қос кiндiгiн қиып, ботаны аман алып қалды. Ал сол
ауру ботаның күтiмiн Сейiт өз мiндетiне алды. Көктемдегi түйе боталар
кезде Сейiттiң оқуы аяқталды. Сабағы бiтiсiмен ол жас боталарды күтiсу
жұмысына ынтасын сала қимылдады. Жас боталарды соншалық қызықтайды.
Боталар қашан есейгенше, енесiне ергенше Сейiт ертелi-кеш соның
айналасында болады. Ал биыл мына ауру ботаны күту аса ауыр келдi.
Мезгiлiмен емiзiп отыру керек. Қолымен ұстап емiзiп, бой жаздыру керек.
Сөйтiп күнде соны iстейдi. Бiрақ Сейiт оған сыр бермей күте бiлдi.
Ферма ауылы бұл жерге көшiп-қонғалы бiраз болды. Осы жерге қонған күнi
боталаған боз iнгеннiң ботасы әлi енесiне еруге жараған жоқ. Жаңада
ұйымдас-қан ауыл шаруашылық артелiне техника жағының жетiмсiз кезi. Әлi
тұрақты жем қоры, келiстiрiп салған қора, сарайы жоқ. Мал көбiнесе
даладағы жайылымда болады. Боз iнген басқа боталы түйелермен бiрге ередi
де, күнiне бiрнеше рет келiп, ботасын емiзiп кетедi. Осы iнгеннiң
жағдайына қарай, түйешi де малды аса алысқа ұзатпайды. Мезгiлiнде ауылға
беттетiп, өзiн айдап жiберiп, ботасына емiздiредi. Ал боз iнген
мезгiлiнен кешiксе, Сейiт жан ұшырып iздеп тауып, айдап келiп емiздi.
Бүгiн түс ауа боталы iнгендер Саға бойының бiр қалың қамыстың мүйiсiне
өрiстедi. Түскi түйе өрерде Сейiт ботаны емiзiп алып, боз iнгендi де
түйемен бiрге өргiзiп, үйге келiп, кiтап оқыды. Ол колхоз қызыл мүйiсiнен
әкелген жаңа газеттердiң хабарларын оқып, ұзақ отырып қалды. Боз iнгеннiң
келiп ботасын емiзетiн уақыты өтiп кеттi. Сейiт жүгiрiп далаға шыққанда,
күн де еңкейiп, батуға барып қалыпты.
Қой фермасына барып қана қайтамын деп кеткен апасы да әлi жоқ. Сейiт
төңiректегi төбелерге шығып боз iнгендi қарады. Маңайдан түйенiң қарасы
көрiнбедi. Таяудағы сиыр фермасының малдары да ауылға келiптi, сауыншылар
да жұмысқа кiрiсiптi. Колхозға биыл ғана МТС-тен келген тракторлар
дүрiлдеп, егiс даласын бауырлай тiлiп жатыр. Мәңгi ұйқыда жатқан бетегелi
белдiң ұйқысы жаңа ашылғандай, ферманың қалың түйесi Қарашеңгел жақта,
алыста. Тек көз ұшынан сағым көтерген топтары алуан түрлi болып көрiнедi.
Сейiт жүгiрiп, ауыл сыртындағы құмжалға шықты. Iле бойының Балқашқа құяр
сағасына дейiнгi кең ал-қапты алақанға қойғандай көрсететiн қырқа –
Сейiттiң боз iнгендi көздейтiн қарауылы. Ол күнде сол жерге шығып, боз
iнгеннiң қарасы көрiнсе, барып айдап келетiн. Осы жолы да соны iстемек
едi, бiрақ ол болмады, түйе көрiнбедi. Құла суын шыр айналдыра жылжыт-қан
Iле арқасы әлдеқайда барып, ақ жайқын Балқашқа түйiседi. Көк бурыл
тартқан қалың қамыстар жарлауланып, Балқаш айдынын бауырына ала жол
тартып, көрiнiп жатыр. Ешбiр қара көзге түспедi.
Сейiт боз iнгендi көздеп көп тұрды. Оның құлағына жалынышты үнмен зарыға
боздаған ботаның даусы үздiксiз келiп тұр. Дамыл-дамыл боздап келiп,
емiзiп тұратын iнген түстен берi ұшты-күйлi жоқ болды. Күн болса батуға
барады. Не iстерiн бiлмей Сейiт бiраз тұрып қалды. Ферманың қалың
түйесiнiң iшiнде боз iнгендi, оның мына жас ботасын Сейiт те, апасы да
сонша жақсы көредi. Осы бота қос кiндiк болып туғанда да баладай мәпелеп,
мезгiлiнде емдетiп, өлiмнен алып қалған апасы. Күтуiне де Сейiттi баулып,
кiрпiк қақпай кезек күтiп мал еттi. Мiне, ендi сол бота зарлап тұр, енесi
жоқ.
Өрiстен оралған қалың түйе де ауылға келдi, оның iшiнде iнген жоқ боп
шықты. Түйешi де көрмептi. Сейiт қатты састы. Апасына не айтпақшы, қалай
ғана көз жазып қалды екен?
Сейiт жүгiрiп сиыр фермасына барды. Түйесiн елдiң бәрiнен сұрады. Түс
мезгiлiнде Iленiң құйғанына таянған қалың қамысқа жайылып барғанын сиыршы
Омар көрiптi. Одан басқа ешбiр хабар ала алмады. Күн батып кеттi. Сейiт
үйге келе бергенде, атып алған бiр топ үйрегi бар Жайықпай да Құмжалдан
асып, үйге қарай жүрдi. Сейiт жүгiрiп алдынан шықты. Түзден атып алған
құстар қандай қызықты! Сейiт келе атасының үйректерiн ұстап көре бастады.
Бiрақ оның құлағына ботасының зарыға боздаған үнi саңқылдап келiп жеттi.
Үйректi қоя салып:
– Су бойынан боз iнгендi көрмедiңiз бе, ата? – деп сұрады.
– Жоқ. Мен мына жоғарғы жайылымға қарай бардым, ол жақта мал жоқ. Өзi
қашаннан келген жоқ? Та-ңертеңгi өргеннен әлi қайтқан жоқ па?
– Түске жақындаған кезде бiр емiзiп кетiп едi, сол өргеннен келген жоқ.
– Қалай кешiктi, суға жығылды ма, қамысқа кiрiп тартпа миға батты ма? –
деген алуан жоруылға салып Жайықбай үйiне қарай жөнеле берiп: – Сейтжан,
мына үйректi апар үйiңе, – деп бiр сұқ-сұр үйректi қолына ұстатты. Үйрек
алған қуанышын тағы да ботасының жыламсырап тыққан боздауы бұзды. Үйiне
таяна бере егiннен қайтқан көп кiсiлердi көрдi. Мүмкiн солар көрген шығар
деп алдарынан шығып сұрамақшы болды, апасы да кешiктi. О да мүмкiн осы
кiсiлердiң iшiнде болар деп ойлады. Қас қарайып, ымырт жабыла бердi.
Алыста батқан күн шапағының қызғылт сәулелерiн қою қара бұлт жауып,
айнала күңгiрттене бердi. Аздап теңiз жақтан жел лебi келiп, судың,
салқын екпiнi Сейiттiң бетiн тоңазытып, көзiн жасауратты. Әлi де ол
айналаны тесiле қарап, боздап келе жатқан боз iнгендi күтедi. Өрiстен оты
қанын қайтқан түйелер ботасын емiзiп, үйiрiле қотанға келiп орнығып
жатыр.
– Сейтжан, неғып тұрсың, мына қолыңдағың не? – деген апасының сұрағына
Сейiт мұңайған пiшiнмен сол-ғын ғана тiл қатты.
– Боз iнген жоқ, ауру бота ашығып жылап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz