Жеміс дақылдарының зиянкестері



1. Жеміс дақылдарының зиянкестері.
2. Беденің зиянкестері.
3. Қант қызылшасының зиянкестері.
4. Дәнді дақылдар зиянкестері.
5. Көп уытты зиянкестер.
6. Өсімдік зиянкестері
Қазақстан Республикасының ауа-райы жағдайы дәнді дақылдардан жоғары сапалы өнім алуға қолайлы. ТМД және Орталық Азия елдерінде үлкен сұранысқа ие. Сондықтанда Қазақстанның дәнді тек өз қажеттілігін қамтамасыз ету мақасатында өндіріп қана қоймай, шет елдерге де экспорттық әлеуеті зор. Осы мақсатқа қол жеткізу дақылдың сау тұқымдарын сеуіп, оларды әр түрлі зиянды ағзалардан тиімді химиялық қорғаудан бастау алады.
Өсімдік шаруашылығы саласында өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғау маңызды орын алады. Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, зиянды ағзалардың (аурулар, зиянкестер, арамшөптер) әрекеті салдарынан жыл сайын ауыл шаруашылық дақылдары өнімінің 1/3 көлемі жоғалады екен, ал бұл жүздеген миллиардттаған доллар шығынға әкеледі.
Ауыл шаруашылық дақылдарының аса қауіпті және кең тараған ауруларының қоздыратын микроағзалардың негізгі таралуы – топырақ және тұқымның бетінде немесе бойында сақталған инфекция көмегімен жүреді. Сондықтан топырақ және тұқым бойындағы инфекциямен күресудің ең тиімді жолы – тұқымдарды себер алдында дәрілеу. Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарын дәрілеу – саңырауқұлақ және бактериалды аурулардан қорғауда негізгі рөл атқарады.
Бұл сөзсіз қажетті және нәтижелі әдіс болып саналады. С.С. Саниннің зерттеулері бойынша дәріленген тұқымдармен себілген танаптар көлемі Ресейдің кейбір аудандарында 80-90 пайызға жеткен.
Бірақ қарқынды тұқым шаруашылығын жүргізгеннің өзінде 50-70 ц/ га деңгейінде өнім алу тек дәрілеумен ғана шектелмейді.
Жоғарыда көрсетілген аурулардың ішіндегі тамыр шірігі ауруынан басқалары
ассимиляцилық және өнімдікті бөліктерін (жапырық, сабақ, масақ) зақымдайды. Оларға жапырақ және масақ септориозы, тат аурулары, ақ ұнтақ, гельминтоспориозды дақтар, қара күйе аурулары және т.б жатады. Қарқынды тұқымшаруашылығында өсімдіктерді химиялық қорғаудың негізі өсімдіктің бүкіл вегетация бойына зиянды ағзалардың зияндылық дәрежесін белгілі бір деңгейден асырмай ұстап тұру болып саналады. Зиянды ағзалар таралуының бұндай шекті деңгейі – экономикалық зияндылық шегі деп аталады. С.С. Саниннің ВНИИФ-те жүргізілген көпжылдық зерттеулері бойынша бидайды аурулардан тиімді қорғау, қарқынды жоғары өнімділікті технологиясының негізі жаздық бидай үшін 3-кезеңді, күздік бидай үшін 4-кезеңді сызбасы болып саналады. С.С. Санин жоғардағы кестесінде дақылды қорғаудың көп кезеңді жүйесі әр түрлі фазада дамитын аурулардың түрлерін анықтап, химиялық препараттармен қорғауға бағытталған.
1.Койшибаев, М. Протравливание семян – важное профилактическое мероприятие/ М.Койшибаев// Защита и карантин растений.- 2008.- №2.-С. 33-34.
2. Шпаар, Д. Рост населения в мире, экологически устойчивое сельское хозяйство и защита расений на рубеже XXI века / Д. Шпаар //Вестник защиты растений.-1991.- №1.- С. 36-43.
3. Аманғалиева, М.Ғ. Жаздық жұмсақ бидай тұқымын дәрілеудің тиімділігі
/М.Ғ.Аманғалиева// Профессор Ә.Ә. Карасевтың 80 жасқа толуына арналған «Ветеринария және мал шаруашылығының нарық жағдайындағы дамуының басты бағыттары: мәселелері,тәжірибе,келешек» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары.-Орал,-2007.-Б.85-88.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Жеміс дақылдарының зиянкестері.
Беденің зиянкестері.
Қант қызылшасының зиянкестері.
Дәнді дақылдар зиянкестері.
Көп уытты зиянкестер.
Өсімдік зиянкестері

Қазақстан Республикасының ауа-райы жағдайы дәнді дақылдардан жоғары сапалы өнім алуға қолайлы. ТМД және Орталық Азия елдерінде үлкен сұранысқа ие. Сондықтанда Қазақстанның дәнді тек өз қажеттілігін қамтамасыз ету мақасатында өндіріп қана қоймай, шет елдерге де экспорттық әлеуеті зор. Осы мақсатқа қол жеткізу дақылдың сау тұқымдарын сеуіп, оларды әр түрлі зиянды ағзалардан тиімді химиялық қорғаудан бастау алады.
Өсімдік шаруашылығы саласында өсімдіктерді зиянды ағзалардан қорғау маңызды орын алады. Көптеген ғалымдардың пайымдауынша, зиянды ағзалардың (аурулар, зиянкестер, арамшөптер) әрекеті салдарынан жыл сайын ауыл шаруашылық дақылдары өнімінің 13 көлемі жоғалады екен, ал бұл жүздеген миллиардттаған доллар шығынға әкеледі.
Ауыл шаруашылық дақылдарының аса қауіпті және кең тараған ауруларының қоздыратын микроағзалардың негізгі таралуы - топырақ және тұқымның бетінде немесе бойында сақталған инфекция көмегімен жүреді. Сондықтан топырақ және тұқым бойындағы инфекциямен күресудің ең тиімді жолы - тұқымдарды себер алдында дәрілеу. Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарын дәрілеу - саңырауқұлақ және бактериалды аурулардан қорғауда негізгі рөл атқарады.
Бұл сөзсіз қажетті және нәтижелі әдіс болып саналады. С.С. Саниннің зерттеулері бойынша дәріленген тұқымдармен себілген танаптар көлемі Ресейдің кейбір аудандарында 80-90 пайызға жеткен.
Бірақ қарқынды тұқым шаруашылығын жүргізгеннің өзінде 50-70 ц га деңгейінде өнім алу тек дәрілеумен ғана шектелмейді.
Жоғарыда көрсетілген аурулардың ішіндегі тамыр шірігі ауруынан басқалары
ассимиляцилық және өнімдікті бөліктерін (жапырық, сабақ, масақ) зақымдайды. Оларға жапырақ және масақ септориозы, тат аурулары, ақ ұнтақ, гельминтоспориозды дақтар, қара күйе аурулары және т.б жатады. Қарқынды тұқымшаруашылығында өсімдіктерді химиялық қорғаудың негізі өсімдіктің бүкіл вегетация бойына зиянды ағзалардың зияндылық дәрежесін белгілі бір деңгейден асырмай ұстап тұру болып саналады. Зиянды ағзалар таралуының бұндай шекті деңгейі - экономикалық зияндылық шегі деп аталады. С.С. Саниннің ВНИИФ-те жүргізілген көпжылдық зерттеулері бойынша бидайды аурулардан тиімді қорғау, қарқынды жоғары өнімділікті технологиясының негізі жаздық бидай үшін 3-кезеңді, күздік бидай үшін 4-кезеңді сызбасы болып саналады. С.С. Санин жоғардағы кестесінде дақылды қорғаудың көп кезеңді жүйесі әр түрлі фазада дамитын аурулардың түрлерін анықтап, химиялық препараттармен қорғауға бағытталған.
С.С. Санин жоғардағы кестесінде дақылды қорғаудың көп кезеңді жүйесі әр түрлі фазада дамитын аурулардың түрлерін анықтап, химиялық препараттармен қорғауға бағытталған.
1-ші кезең. Тұқымды қорғау және алғаш өсіп шығуы-түптенудің басы.
Тұқымды алдымен фунгицидтармен дәрілейді, бұл өсімдікті алғашқы өсу барысында тұқым,топырақ және аэрогенді инфекциялар арқылы таралатын аурулардан қорғайды.
Бұл кезеңдегі негізгі дәрілеуді кажет ететін аурулар тамыр шірігі мен қатты қара күйе болып келеді. Сонымен қатар дәрілеуіш препараттардың кейінгі әсері белгілі бір дәрежеде - күздік дақылдар аурулары, септориоз, ақ ұнтақ сияқты дақылдардың басқа да ауруларының дамуын тежейді.
Тамыр шірігі ауруларын фитопатогенді саңырауқұлақтардың бірнеше түрлері туындатады. Олардың ішінде кең таралғандары фузариозды, гелминтоспорозды, церкоспореллезді және офиоболезді тамыр шірік аурулары. Әр түрлі экологиялық аймақтарда осы аталған немесе басқа қоздырғыштар кездесіп отырады. Тамыр шірік дертіне шалдыққан өсімдіктерді барлық танаптарда да кездестіруге болады. Олардың таралуы ауа-райы жағдайларына, алғы дақылға, топырақты өңдеу жүйесіне, дақыл сорттарының төзімділігіне және тағы баска факторларға байланысты.
Егістікте ауру кең таралған кездерде дақылдардың өнімділігі 10-30 пайызға дейін төмендеп кетуі мүмкін .
2004-2010 жж ВНИИФ-те жоғары өнімді Москва ҒЗИ-нің селекциясында шығарылған Немчиновка күздік бидай сортына дәрілегіш препараттардың жүйесінің өнімділікке әсерін анықтау мақсатында зерттеу жүргізілген, ол қазіргі соңғы технологиямен өңделді. 7 жыл ішінде 17 препаратты 35 вариант тәжірибесінде зерттеді. Алынған мәліметтері химиялық қорғаудың
жоғарғы тиімділігін көрсеткен болатын.
Қазіргі кездегі химиялық препараттардың алуан түрлері ішінде танапты кешенді аурулардан дәрілеу әдісі арқылы қорғайтын отандық және шет елдік препараттарда кездеседі.
В.А. Лавринованың мәліметтері бойынша дәрілегіштерді препараттарды тұқыммен таралатын ауру қоздырғыштар кешенінің әсеріне байланысты таңдау қажет. Топырақ беті инфекцияларын, соның ішінде қатты қара күйені барлық дерлік дәрілеуішер түрі жояды. Ал арпаның тозаң қара күйесіне биологиялық эффектілігі жағынан дивиденд стар, агросил, раксил, раксил ультра, премис, премис двести, колфуго супер колор, комфорт, витавакс 200, витарос препараттары тиімді. Арпаның қаракүйе саңырауқұлақтарына фундазол препаратының әсері төмен, ал биологиялық препараттардың әсері тіптен көрінбейді.
Ал қаракүйе қоздырғыштары болмаған жағдайда, тұқымның аз көлемді гелминтоспорозды-фузариозды инфекцияларына қарсы барлық дерлік дәнді дақылдарға арналған дәрілеуіш препараттарды (дивиденд стар, максим экстрим және т.б) жеке дара өздерін немесе биологиялық препараттармен қоса пайдалануға болады. Бұл жағдайда химиялық препараттардың шығын мөлшерін екі есеге азайтып, биологиялық препараттардың көлемін берілген шығын мөлшерінде пайдаланады. Бұл қоспалар инфекция көздерін жоя отырып, өсімдіктің иммунитетін көтеріп, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділгін арттырып,өнімділікті 2-5,2 цга-ға дейін көтереді. Олардың биологиялық эффектілігі арпадағы патогендер кешеніне лабораториялық жағдайда 86,5 пайызға жеткен. Кешенді патогендерге сондай-ақ раксил, виницит, премис двести, дивиденд стар, витавакс 200 ФФ, суми-8, максим экстрим препараттарының әсері жоғары. Дивиденд стар және премис двести препараттары тамыр шірігіне төзімділігін жоғарлатады.
Қорыта келгенде себер алдында дақыл тұқымдарын дәрілеудің маңызды шара екенін байқадық. Дәрілуіш препараттар көмегімен дақылдың қара күйе, ақ ұнтақ, тамыр шірігі және тағы да басқа ауру түрлерінен тиімді қорғап, өсу барысында қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттыра отырып, дақыл өнімділігінің деңгейін көтеретінін ауыл шаруашылығының зерттеушілерінің мәліметтерінен көруге болады.
Өсімдік зиянкестері - мәдени және жабайы өсімдіктерді зақымдайтын не мүлде құртып жіберетін жәндіктер. А.ш.өсімдіктерінің негізгізиянкестеріне омыртқалы жануарлардан - сүтқоректілер, әсіресе кемірушілер (саршұнақ, қарақас, тышқан, қосаяқ, аламан, т.б.);омыртқасыздардан - бауыр аяқты былқылдақ денелілердің кейбір түрлері,бунақденелілер, өрмекші тәрізділер, көп аяқтылар, жұмыр құрттар, құстар (қарға, қараторғай), кенелер, моллюскілер жатады. Ең көп зиян келтіретіндері - бунақденелілер, олардың түр құрамы көп, өсімтал және жылдам өсіп жетіледі. Өсімдікқоректі жәндіктер мен кенелер қоректі талғап алу дәрежесіне қарай полифагтар (әр түрлі тұқымдасқа жататын өсімдіктермен қоректенушілер), олифагтар (бір тұқымдасқа жататындармен қоректенушілер), монофагтар (бір ғана өсімдік түрімен қоректенушілер, жалаңқоректілер) болып бөлінеді. А.ш. дақылдарына, жайылым мен шабындыққа үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: тікқанаттылардан - шегірткелер, бұзаубастар; қаттықанаттылардан - шыртылдақтар, қара денелілер, жапырақ жемірлері; [[қабыршаққанаттылар қабыршаққанаттылардан]] - күздік көбелек, мақта түн көбелектері, шалғын көбелегі, т.б. Шектеулі қоректілердің де астық тұқымдас өсімдіктермен қоректенетін көптеген түрлері (астық қоңызы, швед шыбыны, т.б.) кездеседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерге аса зиян келтіретіндер - түйнек бізтұмсықтары, асбұршақ биті. Көкөніс дақылдарын капуста ақ көбелегі,капуста қоңыр көбелегі, капуста күйесі, т.б. зақымдайды. Жалаңқоректілердің ішінде аса зияндылары жаздық бидайды зақымдайтын - астық сұр көбелегі, асбұршақ дән қоңызы, алманы зақымдайтын - алма жемірі. Бунақденелілердің өсімдікті зақымдауының негізгі екі түрі ерекшеленеді: 1) ауыз мүшелі кемірушілер; 2) ауыз мүшелерін шаншып сорғыштар.
Бірінші түрлері - жапырақтарды, сабақтарды, өркендерді зақымдап жесе, кейбіреулері ағаш қабығын, тамырын, діңін кеміріп жейді;
Екіншілері - қоректену алдында өсімдікке сілекей бездерінен бөлініп шығатын ферменттерін енгізеді, соның салдарынан биохимиялық өзгеріс туындайды.
Өсімдік зиянкестері а.ш. өсімдіктерінің белгілі бір мүшесіне бейімделіп, сонымен қоректенген болса - тамыр, сабақ, жапырақ, бүршік, гүл, жеміс, т.б. зиянкестері деп ажыратылады. Олардың таралуы және егістіктің белгілі бір өсімдіктерінде зиянкестердің бірнеше түрлерінің шоғырланып қалыптасуы - қоршаған ортаның өзгеру жағдайымен, зиянкестер түрлерінің сол ортаға бейімділігімен тікелей байланысты. Қоршаған орта факторларының үйлесімділігі (жылылығы, ылғалдылығы, жауын-шашыны, жыртқыштары, тоғышарлары) көптеген зиянкестердің көбеюіне әкеліп соқтырады. Оның алдын-алу үшін карантин ережесін сақтай отырып, ұйымдастырушылық, агротехникалық, биологиялық және химиялықшараларды дер кезінде қолдану керек. Өсімдік зиянкестерінен арылу үшін агротехникалық (ауыспалы егіс тәртібін сақтау, тыңайтқыш шашу, арамшөптерді отау, т.б.), биологикалық (Өсімдік зиянкестерінің паразиттерін, табиғи жауларын пайдалану), физика-механикалық (зиянкестердің өсіп-өнуіне тосқауыл қою, олардың жұмыртқаларын құрту), химиялық (улы химикаттарды пайдалану), биофизикалық және биохимиялық шаралар қолданылады. Өсімдік зиянкестерінен қорғанудың теориялық және практикалық мәселелерімен Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты мен респ. тиісті мекемелер айналысады.
Бұршақ тұқымдас дақылдар туралы айтатын болсақ,оның бірнеше оңды қасиеттерін атап өтуге болады. Біріншіден, осы өсімдік тұқымдастары өзінің тұқымдарында, және жасыл жиынтығында өсімдік ақуызын аса мөлшерде сақтау қабілеті бар (малдарды толық азықтандыруда маңызы зор). Екіншіден, бұл өсімдіктердің азотжинақтаушылар сияқты агротехникалық маңызы зор (бұлбұршақ тұқымдас өсімдіктер тамырында орналасатын және ауадан тәуелсіз азотты сіңіріп, оны өсімдіктерге қолайлы қалыпқа аударуына қабілетті түйнек бактерияларының қызметімен түсіндіріледі). Үшіншіден, бұршақ тұқымдастар көптеген астық дақылдарына мүмкіндігі аз, яғни олар астық және де басқа дақылдарға жол салушы, ауыр еритін фосфорлы қоспасына қатысты тамырлы жүйесінің сінімділігі қабілеті бар. Төртіншіден, бұршақ тұқымдастар (асбұршақ, нут) рынокта жоғары бағаны ұстап тұр. Бесіншіден, бұршақ тұқымдастардың дәнді, жарма және техникалық дақылдармен бірлесіп ауыспалы егістікте өңдегенде шаруашылықты ұтымды жүргізуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталғандай, бұршақ тұқымдас дақылдар - жан-жануарлар үшін жақсы азық. Президент Жолдауында аграрлық секторде мал шаруашылығын дамыту бойынша теңдессіз жоба жүзеге асырылады деп айтылған, сондықтанда келешекте Солтүстік Қазақстанда өсірілетін дақылдар арасында бұршақ тұқымдастарға нарықтық сұраныс жетекшілік орын алады.
Қостанай НИИ СХ тәжірибелерінде бұршақ тұқымдастрады өңдеуде қорсақтағыш технологиясы қолданылады. Орылған аяда негізгі өңдеу жүргізілмейді. Егіс алдындағы өңдеуде біріңғай әсердегі гербицидтер қолданылады. Себу амалы - қарапайым. СКП - 2,1 тұқым сепкіші қолданылады. Оңтүстік жеңілсазды қара топырақтарында асбұршақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс шірігі
Орман ағаштары және оларға зиян келтіретін аурулар
Өсімдік зиянкестері
Жидек дақылдарының аурулары
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы – энтомофагтар; гербифагтар
Бақ шаруашылығының қазіргі даму жағдайы. Алматы облысы, Шелек ауданының климаттық жағдайына, топырағына, өсірілетін жеміс – жидектерге сипаттама
Энтомофагтар
Зиянды жәндіктер (зиянкестер)
Пәндер