Сайт жасаудың негізгі әдістері


Сайт жасаудың негізгі әдістері

Интернетті қолданушылардың қажетіне сай келетін, қызықты сайт жасау үшін сайтты құрастырушы адамның белгілі бір дәрежеде білімі, компьютерлік сауаттылығы болуы қажет.

Сайт құрастыру үшін төмендегідей екі әдісті қолдануға болады:

1. Microsoft Front Page, Adobe (Macromedia) Dreamweaver секілді визуальды HTML редакторларды қолданып, жеткілікті дәрежеде жақсы сайт құрастырып, оны интернетте орналастыруға болады. Егер сіз интернет желісінде іскерлікпен айналысып, өз сайтыңызды осы мақсатта қолдансаңыз, онда Microsoft Front Page секілді программалардың өзін ғана қолдана отырып, көлемі шағын, көрнекі сайттар жасауға болады. Ал интернетте сайт жасаудың нағыз маманы болу үшін бір ғана Front Page немесе Adobе Dreamweaver программасын білудің өзі жеткіліксіз. Бірақ та айта кету керек, бұндай редакторлар - сайт жасауды жаңадан үйренушілерге таптырмайтын құрал.

Бұл программалардың басты артықшылықтары қандай?

Біріншіден, сізге HTML тілін (Hypertext Markup Language - гипермәтіндер тілі) жоғары дәрежеде білудің қажеті жоқ.

Екіншіден, бұндай программалардың көмегімен қарапайым, шағын сайтты аз ғана уақыттың ішінде құрастыруға болады.

Үшіншіден, бұндай программалармен жұмыс жасай жүріп, сіз Web-сайт жасаудың негізгі принциптерін игересіз, яғни Front Page немесе Adobе Dreamweaver программасын жеткілікті дәрежеде үйренгеннен кейін басқа да осы секілді немесе бұдан күрделі программаларды игеріп кету сізге аса қиынға соқпайды.

Сайтты құрастыру визуальды HTML редакторларда қалай іске асады?

Бұндай программаларды қолдану барысында, аспаптар панелінің көмегімен сурет, мәтін, гиперсілтеме сияқты т. б. объектілерді сайттың жекелеген парақтарына сауатты, дұрыс орналастыра білу қажет. Ал программа браузерге қажетті HTML кодты өзі жазады. Сіз тек қана сайттың жалпы сыртқы түрі мен дизайнын қадағалап отырасыз.

Microsoft Front Page, Macromedia Dreamweaver секілді HTML редакторларда сайтты жасап шығаруға және оны интернетке орналастыру үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Мысалға Microsoft Front Page 2003 программасы HTML-кодты қатесіз және қолданушының тікелей араласуынсыз өзі ғана жаза алады. Программаның сыртқы келбеті, басқаша айтқанда интерфейсі қарапайым Word мәтіндік редакторын еске түсіреді. (Егер екі программаны да американдық Microsoft корпорациясы шығаратынын ескерсек, бұған таң қалудың қажеті жоқ) . HTML кодын білмей-ақ, бұл программаның көмегімен мазмұнды, көрнекі сайттар жасап шығаруға болады.

Енді жоғарыда айтылған екінші әдіске тоқталайық:

Екінші әдіс HTML тілін терең білуде жатыр. HTML тілін жеткілікті дәрежеде меңгерген маман Microsoft Front Page, Macromedia Dreamweaver секілді редакторларда жұмыс жасай білсе де, білмесе де кез-келген сайтты құрастыра алады. Әрине оларға браузерге қажетті HTML кодты басынан аяғына дейін өзіне жазуға тура келеді. Қателерді де өзі түзетіп, HTML-анықтамаларын қолдана алады.

HTML тілі сайт жасаудың негізі болып табылады. Егер сіз web-сайт құрастырушы нағыз маман боламын десеңіз, онда сізге HTML тілін үйренуге тура келеді.

Сайт құрастырудың негізгі кезеңдері

Әрине кез-келген маңызды істі бастап кету кімге де оңайға соқпайды. Егер сіз жасағалы отырған сайтыңызды қалай және неден бастау керек екендігін білмесеңіз, онда сайтыңызды құрастырудың негізгі кезеңдерін әуелі ойша жоспарлап көріңіз.

Сонымен, сайтымызды құрастыруды бастамас бұрын белгілі бір мақсатқа жеткізетін тиянақты жоспарымыз болуы қажет. Алдын-ала жоспарсыз жасалған жұмыс көздеген мақсатқа жеткізбейді. Әуелі сіз құрастырғалы отырған сайтыңыздың болашақта қызметі, қолдану саласы, сізге және өзгелерге тигізер пайдасы қандай болмақ, соны анықтап алу қажет. Бұл - ең бастысы және сіз бұл сұраққа жауапты білсеңіз келесі кезеңге көшуге болады. Екіншіден, сіздің сайтыңызда мәліметтердің қандай түрі негізгі болмақ (мәтін, сурет, анимация т. б. ), оның дизайны, сыртқы келбеті қандай болмақ, жекелеген парақтарының ені мен ұзындығы, экранда орналасуын екінші кезеңде-ақ ойластыру қажет.

Қазір интернет желісінде көріп жүрген кез-келген web-сайттың, олардың әрқайсысының мазмұны мен қызметтері әртүрлі болғандығына қарамастан олардың барлығының ортақ қасиеті бар. Кез-келген сайттың бірінші кезекте ішкі келбеті, басқаша айтқанда қаңқасы болады. Онда сайттың негізін құрайтын мәтін, графика, гиперсілтемелер, т. б. өзінің қажетті жеріне орналасып, сіздің сайтыңыздың сыртқы келбетін жасайды.

Сайтты құрастырудың ең тиімді әдістерінің бірі қарапайым кестелерді қолдану. Қазіргі кезде кестелік дизайн ұғымы жиі кездеседі. Осыған тоқтала кетейік.

Егер сіздің сайтыңызда қарапайым мәтіннен басқа жарнама, суреттер, гиперсілтемелер т. б. мәліметтер орналасатын болса, онда жасағалы отырған парағыңыздың бос бетіне әуелі кестені орналастырған тиімді. Кестедегі ұяшықтарды, бағандар мен жолдарды парақтағы мәліметке сәйкесінше өзгерту үшін көптеген html-редакторларда барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Мысалы төмендегі кестеге назар аударайық:

1:

1

1:

2

3

4

1:

5

Интернет желісінде осындай әдіспен құрастырылған сайттар көптеп кездеседі. Жоғарыда орналасқан 1-ші ұяшықта сайтыңыздың аты, тақырыбы орналасады. Әртүрлі графикалық редакторларды қолданып тақырыпты талғамыңызға сай әдемі, көрнекі түрде жазып, орналастыруға болады. Сол жақ ортада орналасқан 2-ші ұяшықта сайтыңызға кірген адамның жүріп-тұруы оңай болуы үшін навигация батырмаларын (бастапқы бет, форум, кері байланыс т. с. с. ), басқаша айтқанда сайттағы барлық мәліметтердің қысқаша мазмұнын орналастырасыз. Егер Web-сайт бірнеше парақтан тұратын болса онда навигация батырмаларын міндетті түрде орналастыру қажет. Ортада орналасқан 3-ші нөмірлі ұяшықта сайтыңыздың негізгі ақпараты орналасады. 4-ші ұяшыққа жарнама, дауыс беру секілді қосымша объектілерді орналастыруға болады. Және соңғы 5-ші ұяшықта сайт авторы туралы қысқаша мәлімет т. б. ақпаратты орналастыруыңызға болады.

Келесі кезең - Web-сайттың жекелеген парақтарын қажетті ақпаратпен толықтыру. Сайт жасаудың ең маңызды аспектісі десем артық болмас. Сіздің сайтыңызда орналасқан мәлімет басқалардың сұранысын қанағаттандыратындай қызықты болуы қажет. Тиісінше оған кірушілердің саны да көп болады. Бұл кезеңді сайт жасаушының ізденісін қажет ететін шығармашылық кезең деуге де болады.

Соңғы қадам дайын сайтты Интернет желісіне орналастыру. Өйткені сіздің сайтыңыздағы мәліметке басқалардың қол жеткізуі керек қой. Ол үшін домен аты, хостинг, ftp-клиент секілді ұғымдармен танысуыңыз қажет. Бұл сөздердің мағынасын білмесеңіз сіз сайтыңызды желіге орналастыра алмайсыз.

Сайт жасаудың негізгі кезеңдері осылар деуге болады. Әрине, әрбір кезеңнің өзі бірнеше сатылардан тұрады. Өзгелердің ықыласына бөленетін қызықты сайт жасау үшін сайтты құрастырушы адамның белгілі бір дәрежеде білімі, компьютерлік сауаттылығы

Сайт құрастырудың негізгі қағидалары

1. Бірінші кезекте болашақ сайтыңызға қандай мәлімет, ақпарат орналастырасыз, соны анықтап алу қажет. Мысалға, сіз мектепте жұмыс жасайсыз делік және сіздің өз мектебіңіз туралы жазғыңыз келеді. Егерде сіз сайтыңызға кірушілердің саны көбейсін десеңіз, сайтыңызға бірінші кезекте өзіңіз емес, өзгелердің көңілінен шығатын ақпаратты орналастыру қажет . Мектебіңізде қандай ерекше салт-дәстүрлердің қалыптасқанын, қандай жаңалық енгізіп жатырғандарыңызды, қандай жетістіктерге жетіп, оған қалай қол жеткізгендеріңізді көрсетіңіз. Өзге мектептің мұғалімдері мен оқушыларына қызықты болатын сабақ жоспарларын, ғылыми жұмыстардың үлгілерін, әр түрлі мерекелік шаралардың сценарий, жоспарларын, мектепте оқытылатын кейбір пәндерге қажетті қосымша материалдарды орналастырсаңыз - сіздің сайтыңызға кірушілердің саны күн санап артпаса, азаймайтандығына мен кепілдік беремін. Ал егер сайтыңыздың әрбір бетіне мектептегі мұғалімдердің фотосы мен жетістіктерін тізіп жазып, сайыстарда алған орындарыңызды, онда түскен фотосуреттеріңізді, мұғалімдердің санаты, еңбек стажы т. с. с. басқаларға қажеті шамалы ақпаратпен толтырсаңыз, өзіңіз ойлап қараңызшы, сіз өзгелердің осындай сайтына келесіде кірер ме едіңіз? Әрине кірмейсіз. Бұндай сайттар адамды жалықтырып жібереді. (Жасыратыны жоқ, бұндай аты бар да, заты жоқ сайттар интернетте кездесіп жатады) . Сондықтан сайтыңызды өзгелерге қажеті шамалы құнсыз ақпаратпен толтырмай, онда қысқа да нұсқа қажетті ақпаратты орналастырыңыз. Бұдан сіздің сайтыңыздың орасан зор желіде өздігінен жоғалып кетпей өзгелердің қажетіне жарап, көпке дейін өмір сүретіндігі анық.

2. Екінші, сайтыңыздағы жекелеген мәліметтерді қоғамның қай аудиториясына арнайсыз, соны білу қажет. Бір ғана тақырыпты бірнеше қырынан көрсетуге болады . Мысалы сіз сайтыңыздың бір парағында сабақ жоспарын жаздыңыз делік.

• Егер сіз оны мұғалімдерге арнап жазған болсаңыз, сабақты қысқаша жоспар түрінде көрсетіп, қажетті оқулықтар мен материалдарға, параграфтарға сілтеме жасайсыз. Басқа мұғалімдердің өз пікірін, көзқарасын білдіріп тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасаңыз (материалдың астына өзіңіздің электронды адресіңізді, анкета, форум, т. с. с. орналастыру қажет) .

• Егерде сабақ оқушыларға арналса, онда тақырыпты олардың барынша игеруін басты назарда ұстаңыз. Кейбір терминдерді мұғалімдер білгенімен оқушылар түсінбейді, сондықтан тақырыпты оқушы түсінетіндей қылып барынша аша білу керек.

• Егер материалды жоғарғы оқу орнына түскелі жүрген абитуриенттерге арнап жазған болсаңыз, сабақты барынша қысқартып, осы сабаққа қажетті қосымша оқулықтар мен сайттарға сілтемелер орналастырыңыз.

3. Сайтыңыздағы барлық мәлімет жүйеленген, белгілі бір ережеге бағынатындай жинақы болуы қажет. Яғни, сіздің сайтыңызға кірушілердің өзіне қажетті ақпаратты жылдам іздеп табуына барлық мүмкіндікті жасаңыз. Егер сіздің сайтыңыз бірнеше парақтан немесе бірнеше бөлімнен тұратын болса, онда парақтың бір бөлігіне навигация батырмаларын орналастыру қажет(басы, келесі, артқа т. с. с. ) . Қарапайым мысал: кітаптардың немесе газет-журналдардың бірінші немесе соңғы бетінде оның қысқаша мазмұны жазылатыны белгілі. Оқырман өзіне қажетті тарауды оның мазмұнынан іздеп тауып, қай бетте орналасқанын анықтайды. Ал интернетте гиперсілтемені шертудің өзі жеткілікті. Сондықтан, көлемі шамадан тыс үлкен мәліметті түгелімен бір бетке орналастырмай, бірнеше тарауларларға бөліп оларға гиперсілтемелер қойған жөн.

4. Сайтты жасап болған соң міндетті түрде тексеруден өткізіңіз . Орфографиясын, әртүрлі экрандарда, браузерлерде бейнеленуін т. б. қадағалап отыру қажет.

• Сөздердің дұрыс, қатесіз жазылуын басты назарда ұстаңыз. Бұл жерде мәселе адамның сауатсыздығында емес, техникалық себебінде жатыр. Мәтінді терген адам бірнеше рет тексерсе де, кейде көз алдындағы қателерді байқамай қалады. Сондықтан мәтінді теріп болған соң, басқа біреудің тексеріп шығуын сұраңыз. Өзіңіз көрмеген қатені сырт көздің бірден байқауы мүмкін.

• Кейбір web-cайттар әртүрлі браузерлерде әртүрлі көрінуі мүмкін. Браузер дегеніміз - интернет желісінде html тілімен жазылған web-парақтарды өзімізге түсінікті қарапайым тілге аударып көрсететін программалар. Қарапайым тілмен айтқанда, интернетте саяхат жасау үшін қолданылатын программа. Ең танымал браузер - Microsoft Internet Explorer программасы (кейбір деректерге с‰йенсек, интернетті пайдаланушылардыњ 70 %-і осы программаны ќолданады) . Сонымен қатар Mozilla Firefox (15%), Оpera (15%) браузерлері де танымал. Интернетке кірушілердің барлығы бірдей Internet Explorer программасын қолданбайтынын есте сақтаған жөн. Сондықтан, жасаған сайтыңызды басқа браузерлермен де ашып көріңіз. Кейде Internet Explorer программасында тамаша күйде көрініп тұрған сайтыңыз Mozilla Firefox-та бытыраңқы күйге көшуі мүмкін. Оның басты себебі - бәсекелес Microsoft және Mozilla фирмалары html 3. 2 cтандартынан өзге өздерінің жеке тэгтерін ойлап шығарады. Сол себепті кейде Internet Explorer программасы оқитын тэгтерді Mozilla Firefox программасыныњ аудара алмайтын кездері де болады.

5. Сайтыңызды үнемі жаңартып отырыңыз . Интернет - ұшы-қиыры жоқ қалың орманға ұқсайды, ал сіздің сайтыңыз сонда өмір сүретін тірі организм секілді. Ол орасан зор интернет желісінде сұраусыз жоғалып кетпей, бәсекелестікке төтеп беруі қажет. Ізденіңіз, еңбектеніңіз, үнемі жаңалықтарды, өзгерістерді қалт жібермей бақылап отырыңыз. Біріншіден, сайтыңыздың мазмұнын, ондағы ақпаратты үнемі жаңартып отырыңыз. Уақыт талабына сай келетін жаңасын қосып, ескісінен арылып отырыңыз. Екіншіден, сайтыңыздың көркемделуін(оформление, дизайн), сыртқы келбетін арасында өзгертіп отырыңыз. Әрине, бұл бұрынғыны түгелімен жойып жіберіп, қайтадан басқаша жасау керек деген сөз емес. Кез-келген сайттың оны өзгелерге ұқсатпайтын өзіндік ерекшеліктері, өзгермейтін атрибуттары болады. Сіздің сайтыңызды бір рет көрген адам келесіде тағы бір кіріп, ештеңенің өзгермегенін, бұрынғы қалпында тұрғанын байқаса, ол үшіншіде мүлдем кірмей, сіздің сайтыңыздың бар-жоғын ұмытып кетуі мүмкін.

Сайт жасаушы маман негізгі деген осы бес ережені басшылыққа алып отыруы қ

Web-сайтты интернетке орналастыру

Домен және хостинг

Web-cайтты жасап бітірген соң оны интернетке орналастыру қажеттілігі туындайды. Дайын сайтты интернетке орналастыру үшін сізге белгілі бір мөлшерде виртуальды кеңістік қажет болады және интернеттегі басқа сайттар секілді оның да өзіндік бірегей мекен-жайы - URL адресі болуы қажет. Сайттың URL адресін оның домені деп те атайды. Кез-келген сайтты интернет желісінен осы домен адресі бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады:

http://www. домен аты[/каталог аты/подкаталог/файл аты]

Бірінші болып қолданылатын хаттама көрсетіледі, мысалы, http. Содан кейін www (world wide web - дүниежүзілік өрмек) жазылады да, одан кейін домен аты тұрады, мысалы, microsoft. com. Адрес соңында кейде сервердегі каталог(бума) аттары немесе файл аттары(web-парақтар) жазылады, мысалы, /mpress/cpnew. htm. Тік жақша ішіндегі адрес бөлігі жазылмаса да болады. Бірнеше нақты адрестерден мысал келтірейік:

http://www. microsoft. com

http://www. elitehouse. nursat. kz

http://www. translate. ru/ras/cpnew. htm

Домен аттары 2-4 сөздерден тұрады, оң жақта орналасатын шеткі домен мемлекет атына сәйкес келеді немесе мекеме типін (АҚШ-тағы) көрсетеді.

Аймақтық домен аттары

kz: kz
Қазақстан: Қазақстан
kz: ua
Қазақстан: Украина
kz: ru
Қазақстан: Ресей

Қызмет бабына қарай қойылған домен аттары

Домен: Домен
Мекеме типі: Мекеме типі
Домен: com
Мекеме типі: Коммерциялық ұйымдар
Домен: edu
Мекеме типі: Білім мекемелері
Домен: gov
Мекеме типі: Мемлекеттік ұйымдар
Домен: mil
Мекеме типі: Әскери ұйымдар
Домен: org
Мекеме типі: Басқа мекемелер
Домен: net
Мекеме типі: Желіні басқару мекемелері
Домен: int
Мекеме типі: Халықаралық ұйымдар

Сайтыңызға осындай домен атын беріп оны интернетке орналастыру үшін хостинг қызметін пайдалану қажет. Хостинг деп дайын тұрған сайтты интернетте орналастыру үшін сізге қажетті мөлшерде виртуальды кеңістікті жалға беретін қызмет түрін айтады.

Интернетте хостингтердің тегін және ақылы түрлері кездеседі. Тегін хостингтер ретінде Қазақстанның http://forever. kz, Ресейдің www. narod. ru, www. ucoz. ru, E2E. ru, шетелдің http://spaceports. com/, http://imageshack. us (графикалық файлдарды ғана орналастыруға рұқсат етеді), http://www. youtube. com (видеофайлдардан басқаларын орналастыруға рұқсат етпейді) сайттарын айтуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР. ИНТЕРНЕТ. HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жобаны құрудың әдістемесі
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кезеңдері
Web - қосымшаларды жасаудың аспаптық құралдары
Сайт дизайнын жасау
Интернет желісінде сайтты тестілеу және орналастыру
Django жобасының негізгі каталогы
Web - бетті құру жалпы ережелер
Интернет дүкендердің жетістіктері мен кемшіліктері
Электрондық курстың құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz