Балалардың киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар
1 Балалардың киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар
2 Сыртқы жылы киімдер
3 Балалардың аяқ киімі
4 Киім.кешек және аяқ киім тазалығы (гигиенасы)
5 Көбінесе кім табан микозымен ауырады?

Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды, киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 280С- 340С мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0,006-0,097% мөлшерінде болып келеді. Киімдер киім асты микроклиматын қалыптастыра отырып, организмнің жылу жоғалтуын біршама төмендетіп, дене температурасының тұрақтылығының сақталуына жағдай жасайды, терінің термореттеу қызметін жеңілдетіп, тері арқылы газ алмасу процессін қамтамасыз етеді.
Балалық шақта термореттеу механизмі жетілмегендіктен, организмнің салқындауы немесе ыстықтауы денсаулық жағдайының жедел бұзылуына әкеліп соғатындықтан, балалар организмі жылу өндіруі 3-4 есеге дейін жоғарылайтын өте жоғары қимыл-қозғалыс белсенділігінде болатындықтан, балалар терісі өте нәзік, жылдам жарақаттанғыш келетіндіктен, зат алмасуда терінің тыныс алуының меншікті үлесі ересектерге қарағанда үлкен болатындықтан киімнің қорғаныштық қасиетінің балалар үшін маңызы өте зор.Балалар киімі өзінің конструкциясы және материалының физикалық-гигиеналық көрсеткіші бойынша жас мөлшерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелігіне, іс-әрекеттің түріне және метеорологиялық жағдайға сәйкес болуы керек, және оңай киіліп, оңай шешілетін, бала тәрбиесінде эстетикалық таным қалыптастыруға жағдай жасауы керек.
Балалар киіміне баға беру үшін, санитарлық-гигиеналық экспертизаға балалар киімін даярлауға арналған - киімнің сыртқы қабатына, ортаңғы қабатына және ішкі астарына арналған маталардан әрқайсысының размері 1м2 алынған бір бумасын және даяр болған өнімдерді жібереді.
Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.), жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді.

1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.,

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы, кеуектілігі, ауа- және буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне байланысты болады.
Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бәтес-0,1мм, драп-5мм, табиғи жүн-30-50мм).
Матаның массасы - матаның белгілі ауданына (1м2 немесе 1см2) алынған грамм көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бәрі (мыс. крепдешин-25гм2, драп-77гм2, табиғи жүн-1000,0гм2) сақталған және массасы төмен болып келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп саналады.
Көлемдік масса - матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын анықтайды, 1см3 матаның граммен алынған массасы. Бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның массасы жеңіл болады. Көлемдік масса сонымен қатар, қалыңдығы бірдей маталардың жылусақтау қасиетінің критерийі болып табылады, яғни, көлемдік массасы төмен маталар жылылау болып келеді (мыс. жүн трикотаж-0,07гсм3, брезент-0,6-0,7гсм3).
Кеуектілік - кеуектілік көлемінің берілген матаның жалпы көлеміне пайызбен алынған қатынасы арқылы анықталады және ол көлемдік масса көрсеткішімен тығыз байланыста болып келеді. Матаның кеуектілігі оның жылылық қасиетін анықтайды (мыс. драп-50%, жүн трикотаж-93-95%, жартылай жүннен жасалған ватин-97%, мақта мата-99%, мақта матадан жасалған ватилин-99%).
Ауа өткізгіштік - дециметр кубы (дм3) арқылы өлшенеді және 1м2 матаның кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді. Әртүрлі киімдерді өңдеуге арналаған маталардың, ауа өткізгіштігі әртүрлі болады. Мысалы, салқын ауадан сақтану үшін күз және қыс киімдерінің сыртқы қабатының ауа өткізгіштігі төмен болуы керек. Жаздық киімдер жақсы желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталардың ауа өткізгіштігі секундына 111дм3м2, табиғи жібек секундына-341дм3м2, капрон секундына-125дм3м2).
Бу өткізгішітік - 1м2 матадан сағатына өтетін су буының көлемі, граммен өлшенеді және матаның киім астында тұрақты түрде пайда болып тұратын су буларын (мата талшықтарына сіңірілуі арқылы) өткізу қабілетін анықтайды. Әсіресе, жылу беруі, негізінен булану арқылы жүретін ыстық климаттық аймақтарға арналған киімдердің бу өткізгіштігі өте жоғары болғаны дұрыс (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталар сағатына-16,2гм2, табиғи жібек сағатына-4,62гм2, капрон сағатына-1,09гм2 бу өткізедіт.с.с.).
Гигроскопиялылық - матаның су буларын сіңіру қасиеті, пайызбен алынады. Жақсы гигроскопиялылық іш киімдерге арналған маталардың жақсы қасиетіне жатады. Тері сыртына пайда болатын тер тамшыларын сіңіреді. Атмосфералық ылғалдылықтан, жылу жоғалту қасиетінен сақтану үшін, қыс және күз киімдерінің сыртқы қабатына арналған маталардың гигроскопиялылығы төмен болғаны дұрыс (мыс. бәтес, шыт-90%, мақта матадан жасалған мадополам-18%, жеңілдетілген драп-17,2%, табиғи жібек-16,5%, репс-7-8%, су өткізбейтін заттармен қанықтырылған репс-1,2%, капрон-5,7%, лавсан-0,5% т.с.с.).
Су сіңіргіштік - матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен алынады. Ылғалдық әсер еткен кезде ауаөткізгіштікті белгілі деңгейге жеткізіп, жылылық қасиетінің өзгеруін төмендететіндіктен, матаның кеуектілігінің белгілі бөлігінің бос болуының маңызы өте зор.
Гидрофильділік - матаның суды толық және жылдам сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Дененің тері қабатына тиіп тұратын және тері бетіне пайда болатын су буларын сіңіретін маталардың гидрофильділігі жоғары болғаны дұрыс .
Гидрофобтық (суланбайтын) - гидрофильділікке қарама-қайшы қасиет. Сыртқы киімдерге әсіресе қар, жаңбыр, тұмандардан қорғануға арналған киімдердің гидрофобтығы жоғары болуы керек.
Липофильділік - матаның тері бетіндегі майларды өзіне сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Әсіресе синтетикалық маталарға тән қасиет, талшықтар арасындағы ауа өтетін кеуектіліктер тығыздалып, матаның физикалық-гигиеналық қасиеттері төмендейтіндіктен, олардың нашар қасиеті болып табылады. Жылуөткізгіштік - матаның жылусақтау қасиетін сипаттайды; бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның жылылық қасиеті жоғарылайды.
Жылулық қарсылық - жылуөткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура өзгерісі 10С болған жағдайда, 1м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен (сағатпен) өлшенеді және жылу өткізгіштікке кері шама болып табылады.
Балалар киімін дайындау үшін табиғи талшықтардан жасалған маталар және қатал түрде СанНменЕ сәйкес келетін химиялық талшықтар қосылған маталар алынады. Балаларға арналған басқадай заттарға жасанды жүндер мен синтетикалық жылу сақтағыштарды (желімденген, көлемдік, ине өтетін) қолдануға болады.
Жаңа туған сәбилер мен сәбилер жасындағы балалардың (28 размерге дейін) іш киімдеріне химиялық жіп қосылмаған болуы керек, бастауыш мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың киімінде ол 30%-ға, одан жоғары жастағы балалардың киімінде 50%-ға дейін рұқсат етіледі. 30 размерге дейінгі суға түсуге арналған костюмдер мен спорт киімдері тек қана табиғи жіптерден жасалуы керек.
Іш киімдер - тері қабатымен тікелей байланыста болатындықтан, киім астындағы аралықта пайда болып отыратын зат алмасу заттарынан (ылғалдылық, май, газдар) тазартып отыруға қатысады және олар ыңғайлы, кең, киім асты аралығының желдетілуіне, терінің "тыныс алуының" қамтамасыз етілуіне жағдай жасауы керек. Іш киімдер үшін ауа-, ылғал-, буөткізгішітігін, гигроскопиялылықтың және гидрофильділіктің жоғары болуын қамтамасыз ететін жұқа, жұмсақ, құрылысы тоқыма-трикотаждық маталар алынады. Жаңа туған нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі сәбилердің киімінің ішкі қабаты тек табиғи талшықтардан (кендір, мақта, жібек) немесе вискозадан жасалуы керек. Мектепке дейінгі жастардағы балалардың іш киімдерін дайындауға мақта-сиблон маталарын (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.
Балалар киімдерінде қалың, ыңғайсыз тігістер, қатты, тар резеңке баулар болмауы керек. Жазда климаттық және метеорологиялық жағдайларға байланысты балалар бір немесе екі қабат киім киеді. Бірінші қабаты - іш киімдер, екінші қабаты - көйлек, жейде, шолақ шалбар, юбкалар. Жаздық жейде, көйлектерге арналған маталардың да қасиеті, іш киімдікі сияқты жұмсақ, ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсіңіргіштігі, гидрофильділігі, жылуөткізгіштігі жоғары болуы керек. Жаздық киімнің пішімі кең және киім асты аралығын жақсы желдететін болуы керек. Жаз киімдеріне қысып тұратын белбеулер, резеңкелер, биік жағалар салуға болмайды.
Қыс кезінде ауа температурасы 200С жоғары жылы бөлмелерде балалар жаз киімдеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін 2 қабат киім киіп жүреді. Егер бөлме температурасы 190С төмен болса, үй киімі үшін қалыңырақ, жүн талшықтарынан жасалған, жылусақтау қасиеттері жоғары маталар алынады. Мұндай жағдайда киімдер үш қабатқа дейін киінуге болады.
Сыртқы жылы киімдер - олардың негізгі міндеті денеге қажетті жылуды сақтау және оны атмосфералық жел мен ылғалдылықтан қорғау болып табылады. Ол 3 қабаттан тұрады. Сыртқы, жабын қабаты ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сіңіргіштігі төмен, яғни, суық атмосфералық ауаның киім астындағы аралыққа дейін өтіп кетуін тежейтін, қар мен жауын суынан сақтайтын, жылу қорғау қасиеті жоғары матадан тігіледі. Балаларға арналған қыстық киімдердің сыртқы қабатын су өткізбейтін заттармен қанықтырылған табиғи талшықтардан жасалған маталардан немесе синтетикалық жолдармен алынған маталардан тігуге болады. Ортаңғы жылусақтағыш қабаты кеуектілігі жоғары, ауаны ұстап қалатын (мақта, ватин, ватилин, синдипон т.б.), табиғи, жасанды немесе синтетикалық талшықтардан жасалған маталардан тігіледі. Бұл қабаттың жылусақтағыш қасиеті жоғары болуы үшін және ол денеге тиіп тұрмайтындықтан, мұнда синтетикалық талшықтардан жасалған маталарды қолдануға болады. Ішкі қабат (астары) - ауа-, буөткізгіштігі, ылғалсіңіріуі және гигроскопиялылығы жоғары, яғни, киім асты аралығында қолайлы гигиеналық жағдай жасауға қажетті маталардан даярланады.
Балалардың қыс киімдерінің конструкциясы киім асты аралығындағы ауа айналымын және қоршаған ортамен ауа алмасуын барынша төмендетуді қамтамасыз етуі қажет. Бұл жағдай киім асты аралағын - капюшон, манжет, белбеулермен бекіту арқылы жасалады. Бала үшін ең жақсы қыстық киім белі биіктеу жасалған шалбар, етегі ұзындау келген, капюшоны бар күртеше болып саналады. Киімнің осындай конструкциясы жылу қорғау тиімділігін жоғарылатады, жылуды денеге бірқалыпта ұстап тұрады және баланың қимыл-қозғалысына кедергі жасамайды.
Киімнің жылу қорғағыш қасиетіне физиологиялық-гигиеналық баға берілуі қажет. Киімнің жылу сақтау қасиеті туралы толығырақ мәліметті энергия шығынын, тері температурасының көлемін, жылу ағынының тығыздығын - радиация және конвекция арқылы, дененің белгілі аумағынан белгілі уақытта жоғалатын жылу санын анықтау арқылы алуға болады. Киімнің жылу қорғағыш қасиеті дегеніміз, оның жылу ағынының тығыздығын төмендету қасиеті. Жылу ағыны қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне және киімнің жылу қоғағыш қасиетіне байланысты болады. Жылу беру көлеміне, терінің орташа алынған температурасына, метеорологиялық (микроклиматтық) жағдайға байланысты киімнің организмінің жылу беруіне "қарсыласуына", яғни, киімнің жылулық қасиетіне сандық баға беруге болады.

Әдебиеттер

3.

Балалардың аяқ киімі
Аяқ киім - киім комплектісінің негізгі бөлігі болып табылады. Ол организмдерді салқын тиюден, ыстық өтуден қорғайды, табанды механикалық жарақат алудан сақтайды, аяқтың бұлшық еттері мен буындарына табан құрамын дұрыс ұстау үшін көмектесу арқылы аяқтардың рессорлық, амортизаторлық функциясын атқаруға жағдай жасайды. Аяқ киім жүрудің дұрыстығына, балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігіне әсер етеді, табанның көптеген ауруларының және деформациясының себебі болып табылады. Балаларға арналып әр түрлі аяқ киімдер шығарылады: жыл бойы киюге болатын, жаздық, қыстық, көктем-күздік. Сонымен қатар күнделікті киетін, сәндік, үйде киіп жүретін, жолға киетін, ұлттық, спорттық т.б.
Гигиеналық тұрғыдан аяқ киім - бала организмін метеорологиялық қолайсыз әсерлерден және механикалық жарақаттанудан сақтауы керек; бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне (әсіресе табанның) сәйкес болуы керек; табанға қажетті қолайлы микроклимат қалыптастырып, қоршаған ортаның микроклиматтық жағдайларына қарамастан, қажетті температуралық-ылғалдылық тәртібін сақтауға жағдай жасауы керек.
Балалар мен жасөспірімдердің аяқ киімдеріне арналған гигиеналық талаптар өсу кезеңіндегі табан құрылысының ерекшеліктерімен анықталатын аяқ киім конструкциясына қойылатын талаптардан және аяқ киім жасалатын материалдарға қойылатын талаптардан тұрады.
Балалардың табаны бақайларының басы өте кеңейіп келетін, доғалдау формамен сипатталады. Балалар табанының, өкше мен аяқтың басына қарай алынған қатынас ересектердікіне қарағанда басқаша, яғни, өкше жағы ұзындау болып келетіні, аяқ киімін жасаған кезде (әсіресе балалар аяқ киімі үшін қалыптар жасағанда) ескерілуі керек. Балалардың табанының қаңқа сүйектері, негізінен шеміршектен тұрады. Сүйектенуі бой өсуінің жетілуіне қарай аяқталатындықтан, баланың табанына берілетін механикалық әсерлер оны жылдам деформацияға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, аяқ киімнің қалыңдығын, иілгіштігін, сапасы мен жылу сақтау қасиетін гигиеналық нормаландыру қажеттігі туады.
Балаларға арналған аяқ киімдер табан ұзындығына сәйкес анықталатын өлшем арқылы (өкшенің ең дөңестеу келген шетінен бастап, ең ұзын бақайдың басына дейінгі аралық) алынады Өлшем бірлігі ретінде миллиметр алынған, нөмірлер арасындағы айырмашылық 5мм болуы мүмкін.
Аяқ киімнің негізгі элементіне аяқ киімнің үсті (басы, қонышы, балтыры) және асты (табаны, ұлтарағы, өкшесі) жатады. Балалар аяқ киімнің бас жағы, бақайларға дейінгі буындардан кеңірек болуы керек. Табанының (ұлтарақ, табан, өкшелері) қаттылығы дұрыс деңгейде болуы керек, қарсыласуы (килограммен алынған) І және Ү- бақайға дейінгі сүйектерді қосатын иілу сызығы бойынша пайда болған бұрыш, 250 - қа дейін жетуі керек.
Ұлтарақ - аяқ киімнің табан терісімен тығыз байланыста болатын және аяқ киім ішіндегі температуралық-ылғалдық комфорттың сақталуына жағдай жасайтын ішкі бөлігі болып табылады. Ол жұмсақтау иілгіш, жылу, және ылғалдан қорғау, гигироскопиялығы және желдету қасиеті сақталатындықтан тек табиғи теріден жасалуы керек.
Табан - аяқ киімнің төменгі бөлігінің негізгі элементі болып табылады және оның иілгіштігі, қалыңдығы, массасы және жылу сақтау қасиеттері өте жақсы болуы қажет. Аяқ киімнің иілгіштігі регламенттеледі және сәбилерге арналған аяқ киімдерге - 7Hсм, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған аяқ киімдерге - 10Hсм, ұл балаларға арналған мектептік аяқ киімдерге - 9-13Hсм, қыз балалардың мектептік аяқ киіміне 8-10Hсм есебінен алынады. Табанның қалыңдығы пайдаланылған материалдар мен аяқ киім түріне байланысты алынады. (25 кесте).
Балалар аяқ киімдерін бекіту үшін, бас жағының улкен иілгіштігін, жеңілдігін, аяқ киімнің ішкі аралығының ауа өткізгіштігі мен желдетілуін қамтамасыз ету үшін арнаулы жіптерді және аралас тәсілдерді қолдануға болады.
Кеуекті резеңке, полиуретан және басқа материалдарды қолданған кезде бекітудің желімдеу және біртұтас құю тәсілдерін қолдануға болады.
Табан материалдарының жылу сақтағыш қасиеті олардың жылу өткізгіштігіне байланысты болады. Материалдардың жылу өткізгіштігі төмен болған сайын, олардың жылу сақтағыштық қасиеті жоғары болады. Қазіргі кездерде қолданылып жүрген материалдардың ішінде кеуекті резеңке жылусақтағыштық қасиеті бойынша табиғи тері мен кеуексіз құйма резеңкеден жоғары. Мұнда қоршаған ортаның ылғалдылығы жоғарылаған сайын табиғи тері мен жүннің (пималар) жылу жоғалту қасиеті жоғарылайды, ал кеуекті резеңкенің жылусақтағыштық қасиеті өзгермейді. Бұл жағдай тек жылусақтағыштық қасиеті үшін ғана емес, сонымен қатар қажетті қалыңдықты, иілгіштікті және аяқ киімнің тайғанақтауына қарсы қасиеті болғандықтан да, балалар аяқ киімінің табанын кеуекті резеңкеден жасауы дұрыс.
Өкше - табанның артқы жағын жасанды түрде көтереді, оның рессорлығын жоғарылата отырып, өкшенің жерге соғылып ауыруынан сақтайды және аяқ киімнің жылдам тозбауына жағдай жасайды. Тек ерте жастағы сәбилердің аяқ киімнің өкшесі(пинеткалар) болмайды.
Өкшенің биіктігі: мектепке дейінгі жастардағы балалар үшін - 5-10мм, 8-10 жастағыларға - 20мм жоғары емес, 13-17 жастардағы ұл балалар үшін - 30мм, 13-17 жастардағы қыз балалар үшін - 40мм дейін жасалуы керек. Бой жеткен қыз балаларға күнделікті биік өкшелі (4см-ден жоғары) аяқ киім киіп жүру, ауырлық орталығын алдыға қарай ауыстырып, жүруді қиындататындықтан, зиянды болып табылады. Өйткені, мұндай жағдайда бел омыртқасының иіні ұлғайып, жамбас аймағының орналасуы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Биік өкшемен жүргенде тұрақтылық орнықты болмай, өкше алдыға қарай жылжиды, аяқ басындағы бақайларға жүктеме түсетіндіктен жұмылып, табан жалпақтынып, бақайлар деформацияланады.
Аяқ киім табанды қысып, қан және лимфоайналуын бұзып, аяқтың табиғи дамуына кедергі келтірмеуі керек. Аяқ киімнің биіктігі оның түріне байланысты нормаланады.
Қоныш - аяқ киімнің формасын сақтау үшін өкше жағына орналасқан, аяқ киімнің үстіңгі жағының негізгі деталі. Аяқ киім қонышы өкшенің деформациясының алдын алып, табанның алға қарай жылжуын болдырмауы үшін қажет. Қонышты даярлау үшін қалыңырақ табиғи теріден жасайды.
Аяқ киімнің бас жағы- бақайлар мен бақайларға дейінгі буындардың үстін жауып тұратын үстіңгі бөлігі. Аяқ киімнің бас жағында оның формасын сақтау үшін астары мен сыртқы қабатының аралығына арнаулы қаттылау келген деталь салынады және ол бақайларды жарақаттанудан сақтайды.
Балалар аяқ киімін қозғалуға кедергі келтірмейтіндей етіп, аяқтарына мықтап бекітуге арналған бекітпелері болуы керек. Ол үшін әр түрлі бекіткіштер: аяқ киімнің бауы, жылжымалы "молния", арнаулы жабысқыштар т.б. қолданылады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға бекітпесі жоқ, жылдам шешіліп қалатын үсті ашық аяқ киімдер жасауға болмайды.
Аяқ киімнің массасы бекітпелерінің түріне, конструкциясына және пайдаланылған материалдарына байланысты болады. Бәтеңкелердің массасының нормасы шолақ бәтеңкеге қарағанда - 10гр., сәбилер аяқ киімдеріне қарағанада - 15гр., естиярларға - 20гр., балалар аяқ киімінен - 15гр., мектептік - 25гр., ұл балаларға - 30гр. ұлғаяды.
Жылдың барлық мезгілінде киілетін балалар аяқ киімі табиғи теріден жасалғаны дұрыс. Жаздық аяқ киімге теріден басқа, әртүрлі тоқыма материалдардың өзі немесе олардың терімен араласқан қоспалары пайдаланылады. Жылыландырылған аяқ киімдердің үстіңгі жағы мауыты, шұғадан, драп, жартылай жүн, жүн материалдардан, киізден т.б. жасалады. Астарлыққа табиғи тері және мақта маталар пайдаланылады.
Балалар аяқ киімін жасау үшін полимерлік материалдар немесе химиялық талшықтар қосылған табиғи материалдар қолданылуы мүмкін. Соңғысы санитарлық нормалар мен ережелерде регламенттеледі.
СанНменЕ көрсетілген материалдарды өндірісте тек қана санитарлық-гигиеналық бағасына байланысты қажетті рұқсат берілгеннен кейін ғана пайдалануға болады. Ол үшін зерттеу жүргізетін мекемеге өнімнің саны 10-нан кем болмайтындай үлгісі, зерттелетін материалдардың ғылыми-техникалық құжаты (3 м2 ) және технологиялық процесстің тәртібі әкелініп берілуі тиіс.

Киім-кешек және аяқ киім тазалығы (гигиенасы)
Адамның барлық денесі, киім-кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Киімге қарап кездестіруіңіз керек, ақылға қарап қоштасуыңызға болады. Ең алдымен аяқ киім көзге түсуі керек. Ол әдемі жаңа, киюге өте қолайлы болғаны дұрыс. Аяқ киім аяқты қыспауы керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяк дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдардан жасалады.
Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілінуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде Джинсовый дерматит деген дерт пайда болуы мүмкін, үнемі тар джинсі киіп жүргендіктен. Жұмыс киімдері өте кең болуы керек. Жұмыс киімі мақтадан тігілген болу керек. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, көк, сирен түсті киімдерді кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.
Балалардың киіміне өте назар аударған жөн. 15-16 жастағы қыздар өте әсем киінгені дұрыс. Әсіресе аяқ киімдері дұрыс болғаны жөн. Театрларда, басқа да сауық кештерінде киім тіпті көз тартатындай болуы керек. Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ дейді қазақ. Бұл нақыл сөз бекерден-бекер айтылмаса керек. Өмір қағидасынан алынған болуы ықтимал.
Клиенттерге
Балалар аяқ киімін дұрыс таңдау принциптері

* Қауіпсіз аяқ киімнің негізгі принциптері (медициналық жағынан)
* Аяқ киімнің пішіні мен үлгісі
* Үстіңгі материалы
* Аяқ киімнің ұлтарағы
* Сірісі
* Аяқ киім үстінің үлгісі
* Аяқ киімнің икемділігі
* Аяқ киімнің амортизациялық қасиеттері
* Табаны
* Аяқ киімнің салмағы
* Әдетте ата-аналар біле бермейтін немесе қызықты фактілер
Ересектер мен балаларға арналған ыңғайлы және медициналық жағынан қауіпсіз аяқ киімнің тұжырымдамасына белгілі бір принциптер кіреді. Бұл принциптер заманауи ғылыми жаңалықтар негізінде құрылады және дәрігерлер мен аяқ киім өндірушілерінің бірлескен жұмыс тәжірибесін пайдалану арқылы жасалады. Ортопедиялық дұрыстығын, медициналық қауіпсіздігін, талап етілетін физика-механикалық қасиеттері мен гигиеналық зарарсыздығын қамтамасыз ететін ең басты критерийлердің бірі өндіріс кезінде пайдаланылатын материалдардың түрі мен сапасы болып табылады.
Барлық балалардың шамамен 98%-ының дүниеге келгенде аяғы сау болады. Әрі қарай есейген шағында олардың 40%-ы түрлі аяқ ауруларына шалдығады, олардың ішінде шамамен 12%-ы медицинаның көмегімен емделмейді және операция санын талдау көрсеткендей, бұл үрдіс өсіп келуде. Бұрын балалардың аяғымен байланысты жарақаттар мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz