Балалар бақшаларын ашу


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Балалар бақшаларын ашу

C:\Users\Михаил\Desktop\images.jpeg

Мазмұны

Кестелер тізімі3

Суреттер тізімі4

Резюме5

Кіріспе7

1. Жобаның тұжырымдамасы8

2. Өнімнің (тауардың) сипаттамасы9

3. Өндірістер бағдарламалары10

4. Маркетингтік жоспар11

4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы11

4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер13

4. 3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер15

4. 4 Маркетинг стратегиясы16

5. Техникалық жоспарлау17

5. 1 Технологиялық процесс17

5. 2 Ғимараттар мен құрылыстар17

5. 3 Жабдық және инвентарь18

5. 4 Коммуникациялық инфрақұрылым19

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам20

7. Жобаны іске асыру21

7. 1 Іске асыру жоспары21

7. 2 Жобаны іске асыру шығындары21

8. Пайдалану шығыстары22

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар23

10. Қаржыландыру қажеттілігі25

11. Жобаның тиімділігі26

11. 1 Cash-flow проекциясы26

11. 2 Пайда мен залалдар есебі26

11. 3 Баланс проекциясы26

11. 4 Қаржы индикаторлары26

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер28

12. 1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні28

12. 2 Қоршаған ортаға әсер28

Қосымшалар29


Кестелер тізімі Суреттер тізімі Резюме

Жобаның тұжырымдамасы балалар бақшасы қызметтерін көрсету кәсіпорындарын құруды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мәні болашақ ұрпақты тәрбиелеу саласында сапалы және кәсіби қызмет көрсету болып табылады. Жоспарланып отырған кәсіпорынның нысаналы тобы орташа табысы бар отбасылары болып табылады.

Балалар бақшасында балалардың жалпы саны 120-ға дейінгі 6 топ ұйымдастыру жоспарлануда. Осындай балалар санын ескере келе балалар бақшасының түсімі жылына 64 800 мың теңгені құрайды (2014-2018 жж. ) .

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Шығыстар, мың теңге
2 012
Шығыстар, мың теңге: Негізгі капиталға инвестициялар
2 012: 12 711
Шығыстар, мың теңге: Айналым капиталы
2 012: 3 861
Шығыстар, мың теңге: Барлығы
2 012: 16 572

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлдануда.

Қаржыландыру көзі, мың теңге
Сомасы
Кезең
Үлесі
Қаржыландыру көзі, мың теңге: Өз қаражаты
Сомасы: 4 972
Кезең: 01-06. 2012
Үлесі: 30%
Қаржыландыру көзі, мың теңге: Қарыз қаражаты
Сомасы: 11 601
Кезең: 01-06. 2012
Үлесі: 70%
Қаржыландыру көзі, мың теңге: Барлығы
Сомасы: 16 572
Кезең:
Үлесі: 100%

Кредиттеудің мынадай шарттары қабылданды:

Кредит валютасы
теңге
Кредит валютасы: Пайыздық ставка, жылдық
теңге: 12%
Кредит валютасы: Пайыздар мен негізгі борышты төлеу
теңге: ай сайын
Кредит валютасы: Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
теңге: 6
Кредит валютасы: Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
теңге: 6
Кредит валютасы: Өтеу түрлері
теңге: тең үлестермен

Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері

Активтердің рентабельділігі
21%
Активтердің рентабельділігі: Міндеттемелерді өз капиталымен жабу коэффициенті
21%: 5, 2

13% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың таза дисконтталған кірісі 10 707 мың теңгені құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR)
39%
Ішкі кірістілік нормасы (IRR): Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге
39%: 10 707
Ішкі кірістілік нормасы (IRR): Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл
39%: 2, 8
Ішкі кірістілік нормасы (IRR): Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл
39%: 3, 4

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

  • жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты пайда табуына мүмкіндік береді;
  • мектепке дейінгі білім беру саласында сапалы қызметтер көрсету;
  • Астана қаласының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.

Әлеуметтік әсерлердің арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  • халықтың мектепке дейінгі мекемелерде жас ұрпақты тәрбиелеу қызметтеріне деген сұранысын қанағаттандыру.
Кіріспе

Қазіргі уақытта балалар бақшасын ашудың болашағы бар, оның себептері мынадай:

  • біріншіден, жалпы оң үрдіс адамдардың мемлекеттік балалар бақшасы мекемелерінің тәрбиешілері бір топтағы балалар санының көптігі және бюджеттің шектеулі болуы сияқты объективті себептерге байланысты көрсете алмайтын тиісті назарды балаларына көрсетсе болды өз балаларының тәрбиесі мен бос уақыты үшін ата-аналардың мүмкіндіктерінің бар екенін және ақы төлей алатынын болжайды;
  • екіншіден, сапалы және стандарты емес (массаж кабинеті, тіс емдеу кабинеті, бассейн, хореография студиясы және т. б. ) қызметтерді ұсынатын жеке меншік балалар бақшасының қазірдің өзінде барынша кең тараған құбылыс екенінің растығы;
  • үшіншіден, жаңа бақшаны ашу инновациялық қызметтерді пайдалануды қалайтындарды көптеп тартатын болады;
  • төртіншіден, балалар бақшасы қызметінің бағдарламасына тілдерді оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың енгізілгендігі. .

Қалада бизнестің осы түрін ашу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Осы уақыт кезеңінде мемлекеттік сияқты жеке де балалар бақшасының жетіспеушілігі қатты сезілуде, алайда адамдар өз балаларына барынша қымбат назарды сатып алуға қазірдің өзінде дайын. Орын босайды деп күту өзекті болмай қалды, халық өз қаражатын өз балалары үшін «сүйіспеншілік пен адалдыққа» орынды жұмсауға әзір, тек өкінішке орай осындай өтініш білдіретін орын жеткіліксіз болып отыр.

1. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы бала бақша қызметтерін көрсететін кәсіпорын құруды көздейді.

Кәсіпорын қызметінің мақсаттары болашақ ұрпақты тәрбиелеу саласында сапалы және кәсіби қызметтер көрсету болып табылады. Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы орташа табысы бар отбасылары болып табылады.

Балалар бақшасында балалардың жалпы саны 120-ға дейінгі 6 топ ұйымдастыру жоспарлануда. Осындай балалар санын ескере келе балалар бақшасының түсімі жылына 72 000 мың теңгені құрайды (2014 жылдан бастап) .

Кәсіпорын қызметтердің толық кешенін көрсететін болады - күту, тәрбиелеу, білім беру. Ұсынылатын қызметтердің түрлері мен нысандары:

  • Икемді жұмыс кестесі бар жыл бойғы режим;
  • Көптеген үйірмелер мен сабақтар: Оқыту - тілдер, математика, қисын, т. б. . ;
  • Эстетичкалық даму- ырғақ, музыка, би, живопись, ән айту;
  • Педиатр, массаж кабинеті, спорт залы;
  • Күніне әр түрі режимді қолдану;
  • Балалар мерекелері мен таңертеңгіліктерін өткізу;
  • Қуыршақ театрына, драма театрына және балалар қойылымдарына саяхат ұйымдастыру;
  • Жануарлар мен құстар көрмелеріне саяхат ұйымдастыру.

Осы қызметтер аясы балалардың ата-аналарына ұсынылатын болады және олар өз тілектері бойынша балалары үшін қажеттісін таңдай алады.

Қызметтерді осы саладағы тәжірибесі мол, өз ісін жетік білетін білікті мамандар көрсететін болады.

Балалар бақшасы аумағы 240 м2 алаңдағы жалға алынған үй-жайда орналасатын болады, ауласы бар, онда балалар алаңын, спорт кешенін және басқа да жабдықтарды орналастыру жоспарлануда.

Идея сәтті іске асырылған жағдайда қаланың басқа аудандарынан да осындай балалар бақшаларын ашу жоспарлануда.

2. Өнімнің (тауардың) сипаттамасы

Балалар бақшасы қала тұрғындары балаларының бос уақыттарын өткізуді қамтамасыз етуге деген қажеттілікітерін қанағаттандыру үшін жасалады. Жаңадан құрылған балалар бақшасының икемді жұмыс кестесі, білікті қызметкерлері, әрбір баламен жеке жұмыс жасау мүмкіндігі болады. Топта 20 баладан болған кезде әрбір балаға жеткілікті назар аударылатын болады.

Болашақ жас клиентерге компания ауқымды қызметтер аясын ұсынады. Бос уақытты өткізу қызметі жұмыс басталған 8. 00 сағаттан бастап «соңғы клиент» келгенге дейін белгілі стандарт бойынша жүргізіледі, оған сәбилерді 4 рет тамақтандыру, ойындар мен сабақтар өткізу, серуендеу, күндізгі ұйқы, балалардың бос уақытын ұйымдастыру кіреді.

Тамақтандыру таңертеңгі асты, түскі асты, түстен кейінгі тамақ және кешкі асты қамтиды. Барлық тамақ өнімі жоғары сапалы, белгілі дәрумендер құрамы бар және балалардың ерекшеліктері (аллергиялық әсер ету және т. б. ) ескеріледі, ас мәзірі әр кезеңге арналып жасалады.

Балалардың күндізгі ұйқысы (15. 00-ден 16. 00-ге дейін) балалар бақшасының күнделікті міндетті шарты болып табылады, ол балалардың мықты денсаулығы мен жақсы дамуын қамтамасыз етеді.

Олардың ой-өрісін дамытатын ойындар, ұйірмелер, дене шынықтырулар (жаттығу, спорттық ойындар) өткізу үшін арнайы әдістеме әзірленген. Жарыстар ұйымдастыру, театрларға, жануаралар, құстар көрмелеріне саяхаттар және т. б. қарастырылған. Балалар мерекелерін (Жаңа жыл, балалардың туған күндері және т. б. ) мен таңертеңгіліктер (ата-аналардың келісімімен) өткізіледі. Сондай-ақ ата-аналармен және олардың балаларымен бірге пикниктерге шығуға болады (қалаулары бойынша) .

Балалар бақшасының бірінші оқу жылындағы мақсаты ағылшын тілін оқыту әдітемесін енгізу болып тбылады.

Кіші топтар - балалардың қарым-қатынасы, әңгімелер, ертегілер оқу.

Орта топтар - қарым-қатынас тілін дамыту деңгейін көтеру, еңбекке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Дайындық тобы - мақсаты - дене тәрбиесі және сана-сезімін тәрбиелеу, қарым-қатынас тілін дамыту.

3. Өндірістер бағдарламалары

Балалар бақшасында балалардың жалпы саны 120-ға дейінгі 6 топ (әр топтан 2-ден: кіші, орта және дайындық) ұйымдастыру жоспарлануда. Жұмыс уақыты - аптасына 6 күн, дүйсен, біден сенбіге днйін, 8-ден 20. 00-ге дейін. Осындай балалар санын ескере келе балалар бақшасының түсімі жылына 64 800 мың теңгені құрайды (2014-2018 жж. ) .

Топтарды біртіндеп толықтыру ескерілген.

Көрсеткіш\Жыл
2 012
2 013
2014 - 2018
Көрсеткіш\Жыл: Топтардың орташа толықтырылуы
2 012: 70%
2 013: 98%
2014 - 2018: 100%
Көрсеткіш\Жыл: Көрсентілген қызметтен түсім, мың теңге
2 012: 34 020
2 013: 63 450
2014 - 2018: 64 800

Жобаның бірінші жылында топтар бірінші айда 55%-дан басталып 75% толықтырылатын болады деп болжануда. Жобаның содан кейінгі жылдарында топтарды 100% дейін толықтыруға жеткізу жоспарлануда.

1 балаға төленетін ақы айына 45 мың теңгені құрайды. Қызметтердің құны кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін және топтардың жеткілікті толықтырылуын қамтамасыз ету үшін орташа нарықтан төмен деңгейде қабылданды.

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.

4. Маркетингтік жоспар 4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу мүмкіндіктерін жасайды. Бұл қаржыландыру деңгейінде ғана емес (елдің жалпы білім беру бюджетінің 9, 5), сонымен бірге балалардың толық бір күн болуына немесе қысқа уақыт болуына негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі үлгілерін құрудан көрінеді: міндетті аналар мектебі, сәбилерге, 3-тен 5-ке дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және күту топтары.

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жай-күйі

Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететін «Балапан» бағдарламасы қолданылуда.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында өңірлерде 35 бала бақша салынды, 1 534 мектепке дейінгі шағын-орталықтар құрылды, 137 жеке меншік балалар бақшасы ашылды.

Бұдан басқа, бұдан бұрын жекешелендірілген мектепке дейінгі ұйымдарды қайтару, тұрғын үйлердің 1-ші қабаттарынан ашу, жалға алынған бөлек тұрған коммуналлдық меншік ғимараттарын босату, өзге де ғимараттар мен орын-жайларды беру есебінен 172 балалар бақшасы ашылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 448 қаулысына сәйкес 2012-2014 жылдары «Балапан» бағдарламасын қаржыландыруға 216, 3 млрд. теңге, соның ішінде республикалық бюджет есебінен - 213 млрд. теңге және жергілікті бюджет есебінен - 3, 2 млрд. тенге. көзделген. Бұл ретте 2010 жылы 21, 5 млрд. теңге бөлінді және игерілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2011 жылдың басында 6 446 мектепке дейінгі ұйым, соның ішінде - 2 261 балалар бақшасы мен 4 185 мектепке дейінгі шағын-орталық жұмыс істеуде. Балалар бақшалары мен шағын-орталықтар 446, 4 мың балаға қызмет көрсетуде.

Республикада 2010 жылғы 1 қаңтарға контингенті 373, 1 мың баланы құрайтын 4 972 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеуде, олар осы мектепке дейінгі балалардың 38, 7% қамтамасыз етеді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда на 3, 1 % көп.

Балалар бақшасымен қамтудың ең жоғары көрсеткіші - Қостанай (90, 3%), Қарағанды, (69, 6%), Ақтөбе(64, 3%), төмен көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан(14, 4%), Алматы (21, 5%) облыстарында қалыптасқан (ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректерін ескере келе) .

271 мыңнан астам бес-алты жастағы балалар немесе жалпы санының 83% (қалалық жерде - 85%, ауылдық жерде - 82 %) мектеп алдындағы дайындықпен қамтылған. 6 430 жалпы білім беретін мектептің базасында 10 754 мектеп алдындағы сыныптар ұйымдастырылды, оларда 68, 7 мың бала оқуда. 1 271 мектепке дейінгі ұйымда 3 480 мектепке дейінгі топ жұмыс істейді, оларда - 102, 6 мың бала бар (ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректерін ескере келе) . .

Астана қаласындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жай-күйі

2010 жылы Астана қаласында 94 тұрақты мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді, оларда 18 973 бала тәрбиеленді. 2009 жылмен, салыстырғанда ұйымдар саны 28 бірлікке (1, 4 есе), ал тәрбиеленушілер саны - 4 646 балаға (32, 4%) ұлғайды. Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санының 89-ы немесе 94, 7% жалпы сипаттағы ұйым, 2 ұйым (2, 1%) - санаториялық, 3 (3, 2%) - арнайы сипаттағы. Жалпы сипаттағы ұйымдарда 17 730 бала (немесе тәрбиеленушілердің жалпы санының 93, 4% ), санаториялық ұйымда - 322 бала (1, 7%), арнайы ұйымда - 921 бала (4, 9%) тәрбиеленді. Астана қаласы бойынша орташа 100 орынға 120, 9%, Алматы ауданы бойынша 123, 4%, Есіл - 101, 8%, Сарыарқа - 123, 1% баладан келеді.

2006
2007
2008
2009
2010
: Тұрақты жұмыс істейтін мекемелер саны, бірлік
2006: 47
2007: 51
2008: 61
2009: 66
2010: 94
: Балалар саны, адам
2006: 13 118
2007: 13 758
2008: 14 642
2009: 14 327
2010: 18 973

Ақпарат көзі: Астана қаласының статистика департаменті

51 (54, 3%) мектепке дейінгі ұйымда қарым-қатынас 3 тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді, ал балалар саны - 11 939 (62, 9%) құрады. Қарым-қатынас тек қазақ тілінде жүргізілген мектепке дейінгі ұйымдар саны 37 (39, 3%) құрады, оларда 6598 (34, 8%) бала және орыс тілінде - 6 (6, 4%), бала саны - 436 (2, 3%) оқыды және тәрбиеленді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы қызметкерлер саны 3 616 адамды құрады, соның 47, 6% - педагогтар құрамы, 17, 1% - тәрбиешілердің көмекшілері, 4, 7% - аспазшылар, 3, 3% - мейірбикелер, , 27, 3% - басқа да лауазым иелері. .

Барлық мектепке дейінгі ұйымдар үлгі жоба бойынша салынған ғимараттарда орналасқан 18, 1% күрделі жөндеуді және 26, 6% косметикалық жөндеуді қажет етеді, 55, 3% жөндеуді қажет етпейді.

Орналасқан орын-жайдың аумағы 157 926 шаршы м, соның ішінде 88 713 шаршы м. топтасқан орын-жпйларды құрайды. Астана қаласы бойынша әрбір балаға мектепке дейінгі ұйымдарда орташа 4, 7 шаршы м. келеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Астана қаласын мектепке дейінгі балалар мекемесімен қамтамасыз етуге байланысты жағдайға егжей-тегжейлі талдау жасалды.

Бүгінгі күнге қажеттілік 38 мың орынды құрайды. 10 170 орын бар, яғни нормативті қамтамасыз етілу 37, 4% құрайды. Балалар бақшасындағы топтардың тығыздығы нәтижесінде нақты қамтамасыз етілу 39, 2% құрайды.

Тапшылық - 31 535 орын.

Мемлекеттің қабылдаған шаралары деографиялық өсуді ескере отырып мектепке дейінгі ұйымдар желісін 2010-2012 жылдары - 2 310 бірлікке (217 мың орын), 2013 жылы - 282 бірлікке (34, 6 тыс. мест) ұлғайтуға мүмкіндік береді.

4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері Астана қаласының ұқсас ауданында орналасқан жеке меншік сияқты мемлекеттік те балалар бақшасы болып табылады.

Кәсіпорынның атауы
Мекенжайы
№: 1
Кәсіпорынның атауы: «Мурзилка» ЖШС
Мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы Иманбаев көшесі, 1-үй, 57-пәтер
№: 2
Кәсіпорынның атауы: ««Ақбулақ» балаларды дамыту орталығы» ЖШС
Мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы Мухтумкули көшесі, 3/1-үй
№: 3
Кәсіпорынның атауы: «Бәйтерек» балалар бақшасы ЖШС
Мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы Момышұлы көшесі, 18/1-үй, 11-офис
№: 4
Кәсіпорынның атауы: «Мұрагер-Астана» білім кешені» ЖШС
Мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы Романтиков көшес, 21-үй
№: 5
Кәсіпорынның атауы: «Сәби Әлемі» ЖШС
Мекенжайы: Күмісбеков көшесі, 8-үй
№: 6
Кәсіпорынның атауы: «Болашақ-БА-2007» ЖШС
Мекенжайы: Астана қаласы 6-шағын аудан, Вавилов көшесі, , 15
№: 7
Кәсіпорынның атауы: « «Абзал» балалар ЖШС
Мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы 3-шағын аудан, 21-үй, 2-пәтер
№: 8
Кәсіпорынның атауы: «Бостон-НС» балалар бақшасы «Аққайнар 1» ЖШС
Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қараөткел кенті, 2, 61-үй
№: 9
Кәсіпорынның атауы: «Next-NT» ЖШС
Мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы Окбябрьдің 70 жылдығы, Пригородный кенті, 2910-үй
№: 10
Кәсіпорынның атауы: «Мерцана-Астана» «Айналайын» балалар бақшасы» ЖШС
Мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, № 70 көше, 31-үй, 10
№: 11
Кәсіпорынның атауы: «Бақыт» ясли-бақша
Мекенжайы: Астана қаласы, Рысқұлбеков, 8/3
№: 12
Кәсіпорынның атауы: «Ақ көгершін ДОК» ЖШС
Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Талапкер көшесі, 31-үй
№: 13
Кәсіпорынның атауы: Самал - 2008
Мекенжайы: Астана қаласы, Момышұлы даңғылы, 28/12
№: 14
Кәсіпорынның атауы: «Айкен» құрылыс компаниясы», ясли-бақша «Ақниет»
Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Ы. Дүкенұлы көшесі, 37/2-үй, ВП-3, ВП-4, ВП-5, ВП-6.
№: 15
Кәсіпорынның атауы: «Алтын бесік Астана»
Мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Комсомол даңғылы, Қыз Жібек көшесі, . 25-үй
№: 16
Кәсіпорынның атауы: «Бақытты шақ»
Мекенжайы: Астана қаласы,, Оңтүстік-Шығыс ауданы, м-н 18, 11-участок
№: 17
Кәсіпорынның атауы: «Сос»
Мекенжайы: Алматы ауданы, Абылайхан даңғылы, 40-үй
№: 18
Кәсіпорынның атауы: «ГиД НТ» «Керемет»
Мекенжайы: Алматы ауданы, вип қалашық, 37-пер., 2-үй
№: 19
Кәсіпорынның атауы: «Почемучка» бастауыш мектебі
Мекенжайы: Астана қаласы, Дружба көшесі, 36.
№: 20
Кәсіпорынның атауы: «Международный колледж непрерывного образования» (МКНО) білім беру мекемесі
Мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Молодежный ш-а, 2-үй
№: 21
Кәсіпорынның атауы: «Голубой парус» білім беру мекемесі
Мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Абылайхана даңғылы, 22/1-үй.
№: 22
Кәсіпорынның атауы: Астана қаласындағы «Фонд образования Нурсултана Назарбаева» қоғамдық қорының филиалы, «Балалар бақшасы» «Мирас»
Мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Ғабдуллин көшесі, 10-үй
№: 23
Кәсіпорынның атауы: Бал-Бөбек-2008
Мекенжайы: Энергетик ш-а, Саргүл көшесі, . 15-үй
№: 24
Кәсіпорынның атауы: Ару-Ай
Мекенжайы: Комсомолький кенті, Жұбан ана көшесі, 4-участок
№: 25
Кәсіпорынның атауы: «Балалар бақшасы «Елжас-АЖ» ЖШС
Мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс ш-а
№: 26
Кәсіпорынның атауы: «Ақбөпе-2009» ЖШС
Мекенжайы: Минский қысқа көшесі, №4 үй
№: 27
Кәсіпорынның атауы: «Қуаныш» ЖШС
Мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Жайық көшесі, 16-үй

Ақпарат көзі: Астан қаласының сайты

Кәсіпорынның атауы
Мекенжайы
№: 1
Кәсіпорынның атауы: № 7 «АҚҚУ» балалар бақшасы
Мекенжайы: Астана қаласы, Абылайхан даңғылы, 8/1-үй
№: 2
Кәсіпорынның атауы: №32 «Балдәурен» балалар бақшасы
Мекенжайы: Астана қаласы, Абылайхан даңғылы, 23/1-үй
№: 3
Кәсіпорынның атауы: № 37 «Арман» балалар бақшасы
Мекенжайы: Астана қаласы, Абылайхана даңғылы, 5/1-үй
№: 4
Кәсіпорынның атауы: «Абзал» балалар бақшасы
Мекенжайы: Астана қаласы, VIP-қалашық, 37, 3-үй.

Ақпарат көзі: Астан қаласының сайт

Балалар бақшасы қызметтерінің бағасы айына 20 000 - 80 000 теңге арасында қалыптасқан.

Кәсіпорынның атауы
Қызметтің айлық ақысы, теңге
№: 1
Кәсіпорынның атауы: «Центр развития ребенка «Ақбулақ» ЖШС
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 45 000
№: 2
Кәсіпорынның атауы: «Бәйтерек» балалар бақшасы ЖШС
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 35 000
№: 3
Кәсіпорынның атауы: «Киндертаун» балалар бақшасы
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 50 000
№: 4
Кәсіпорынның атауы: «Сәби Әлемі» ЖШС
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 35 000
№: 5
Кәсіпорынның атауы: «Болашақ-БА-2007» ЖШС
Қызметтің айлық ақысы, теңге:

1, 5 - 2, 5 жас - 35 000

2, 5 жасқа - 40 000

№: 6
Кәсіпорынның атауы: «Я сам» балалар бақшасы
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 40 000
№: 7
Кәсіпорынның атауы: «Ай - Айголек» балалар бақшасы
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 30 000
№: 8
Кәсіпорынның атауы: «Next-NT» ЖШС
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 35 000
№: 9
Кәсіпорынның атауы: «Зерек» Балаларды дамыту орталығы
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 20 000
№: 10
Кәсіпорынның атауы: «Бақыт» ясли - бақшасы
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 55 000
№: 11
Кәсіпорынның атауы: «Байтерек» балалар бақшасы
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 35 000
№: 12
Кәсіпорынның атауы: «Елдана» балалар бақшасы
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 35 000
№: 13
Кәсіпорынның атауы: «Наурыз» балалар бақшасы
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 35 000
№: 14
Кәсіпорынның атауы: «Балапан» балалар бақшасы
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 40 000
№: 15
Кәсіпорынның атауы: «Почемучка» бастауыш мектебі
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 45 000
№: 16
Кәсіпорынның атауы: «Международный колледж непрерывного образования» (МКНО) білім беру мекемесі
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 60 000
№: 17
Кәсіпорынның атауы: «Голубой парус» білім беру мекемесі
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 60 000
№: 18
Кәсіпорынның атауы: Астана қаласындағы «Фонд образования Нурсултана Назарбаева» қоғамдық қорының филиалы, «Балалар бақшасы» «Мирас»
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 80 000
№: 19
Кәсіпорынның атауы: Бал-Бөбек-2008
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 45 000
№: 20
Кәсіпорынның атауы: «Қуаныш» ЖШС
Қызметтің айлық ақысы, теңге: 40 000

Ақпарат көзі: компаниялардың сайттары

Мыналар кәсіпорынның бәсекелестер алдындағы негізгі басымдықтары болып табылады:

  • Қызметтер бағасының салыстырмалы төмендігі;
  • Ұсынылатын қызметтер сапасының жоғарылығы;
  • Заманауи құрал-жабдықтарды пайдалану;
  • Жобаны іске асыру үшін білікті еңбек ресурстарының болуы;
  • Көрсетілетін қызметтің көп бейінділігі;
  • Тілдерді оқытудың инновациялық технорлогияларын пайдалану.
4. 3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер

Астана қаласы әкімдігінің мәліметтері бойынша астанадағы мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалардың жалпы контингенті - шамамен 16 мың адам. Алайда, 6 жасқа дейінгі 35 мың бала қаладағы балабақшаларға кезекке тіркелген.

Әкімдікте бұл жағдайды сұраныстың ұсыныстан неғұрлым жоғары екендігімен түсіндіреді. Атап айтқанда, Астанада жаңа туған сәбилердің саны жылдан жылға ұлғаюда.

Мәселен, 2010 жылы 16 482 бала дүниеге келген, бұл өткен жылғыдан 369 сәбиге көп (1 суретте) .

1-сурет - Астана қаласында туған балалардың саны, адам

Ақпарат көзі: Астана қаласының әкімдігі

Астанаға тұрақты тұруға келуші азаматтардың легі ұлғаюда.

Қала тұрғындары санының үнемі ұлғаюы және туу санының ұлғаюы мектепке дейінгі білім беру саласы қызметінің қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

4. 4 Маркетинг стратегиясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін қызмет түрін таңдап, SWOT талдау жасау туралы ақпарат
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ БАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
Балалар мекемесінің гигиеналық талаптары. Қазіргі кезеңдегі балалардың мектепке дейінгі мекемелерін салудың гигиеналық аспектілері
Бала бақшаның жер учаскесінің көгалдандырылуы
Әлеуметтік сала дамуының негізгі бағыттары
Халық педагогикасында тәрбие мәселесі
Отанымыздағы инвестициялық жобаларды басқарудағы көрсеткіштердің деңгейін анықтау
Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған іс-әрекетінен жұмыс жоспарын құру және ұйымдастыру әдістері
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz