Өкпенің диссемнацияланған туберкулезі



1. Өкпенің диссемнацияланған туберкулезі
2. Өкпенің диссеминацияланған туберкулезінің таралуы
3. Патогенезі және патологиялық анатомиясы.
4. Клиникалық белгілер.
5. Ренгенологиялық көрінісі.
6. Туерберкулинді диагностика.
7. Зертханалық тексерістер.
8. Бронхоскопиялық зеттеулер
9. Тыныс және қан айналым қызметтін зерттеу.
10. Диагностикасы.
11. Емі.
Өкпенің диссемнацияланған туберкулезі ТМБ-ның қан (гемотогенді) лимфогенді немесе лимфогематогенді жолдары арқылы таралуы салдарынан өкпеде көбінесе қабынудың продуктивті түрінде өтетін көптнген туберкулезді ошақтардың пайда болуымен қатар,әртүрлші дәрежедегі өкпе қабынуы ауруларына тән клиникалық көріністердің байқалуымен сипатталады.
Өкпенің диссеминацияланған туберкулезінің таралуы
Гематогенді - қан арқылы туралуы
Лимфогенді - лимфа тамырларымен
Лимфогематогенді
Диссеминацияланған туберкулез фибринозды түзеліспен Өкпе туберкулезімен алғашқы рет ауырған науқастардың ішінде диссемнацияланған туберкулез 5-12 %, ал туберкулез диспасерінде есепте тұратын аурулардың арасында 12-15 %-ке дейін кездеседі.Балалар мен жасөспірімдер диссемнацияланған туберкулезбен сирек ауырады.
Туберкулездің осы түрімен балалар мен жасөспірімдердің науқастануы оларды қоршаған ортада туберкулез инфекциясының көп таралғандығын көрсетеді. Диссемнацияланған туберкулез егде адамдардың және өте қарт адамдардың арасында көп кездеседі,әсіресе имунды тапшылығы барлар жиі аурады.
Диссемнацияланған туберкулездің басқа туберкулез түрлерінің ішінде өлімге себеп болуы 3-10 % - ке дейін жетеді.
Диссеминацияланған туберкулез мынандай клиникалық турлерге бөлінеді:
• өкпенің жедел(милиарлы) диссеминацияланған туберкулез;
• өкпенің жеделдеу диссеминацияланған туберкулез;
• өкпенің созылмалы диссеминацияланған туберкулез;
• жайылған гемотогенді диссеминацияланған туберкулез;

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Өкпенің диссемнацияланған туберкулезі
2. Өкпенің диссеминацияланған туберкулезінің таралуы
3. Патогенезі және патологиялық анатомиясы.
4. Клиникалық белгілер.
5. Ренгенологиялық көрінісі.
6. Туерберкулинді диагностика.
7. Зертханалық тексерістер.
8. Бронхоскопиялық зеттеулер
9. Тыныс және қан айналым қызметтін зерттеу.
10. Диагностикасы.
11. Емі.

Өкпенің диссемнацияланған туберкулезі
Өкпенің диссемнацияланған туберкулезі ТМБ-ның қан (гемотогенді)
лимфогенді немесе лимфогематогенді жолдары арқылы таралуы салдарынан өкпеде
көбінесе қабынудың продуктивті түрінде өтетін көптнген туберкулезді
ошақтардың пайда болуымен қатар,әртүрлші дәрежедегі өкпе қабынуы ауруларына
тән клиникалық көріністердің байқалуымен сипатталады.
Өкпенің диссеминацияланған туберкулезінің таралуы
Гематогенді - қан арқылы туралуы
Лимфогенді - лимфа тамырларымен
Лимфогематогенді
Диссеминацияланған туберкулез фибринозды түзеліспен

Өкпе туберкулезімен алғашқы рет ауырған науқастардың ішінде
диссемнацияланған туберкулез 5-12 %, ал туберкулез диспасерінде есепте
тұратын аурулардың арасында 12-15 %-ке дейін кездеседі.Балалар мен
жасөспірімдер диссемнацияланған туберкулезбен сирек ауырады.
Туберкулездің осы түрімен балалар мен жасөспірімдердің науқастануы
оларды қоршаған ортада туберкулез инфекциясының көп таралғандығын
көрсетеді. Диссемнацияланған туберкулез егде адамдардың және өте қарт
адамдардың арасында көп кездеседі,әсіресе имунды тапшылығы барлар жиі
аурады.
Диссемнацияланған туберкулездің басқа туберкулез түрлерінің ішінде
өлімге себеп болуы 3-10 % - ке дейін жетеді.
Диссеминацияланған туберкулез мынандай клиникалық турлерге бөлінеді:
• өкпенің жедел(милиарлы) диссеминацияланған туберкулез;
• өкпенің жеделдеу диссеминацияланған туберкулез;
• өкпенің созылмалы диссеминацияланған туберкулез;
• жайылған гемотогенді диссеминацияланған туберкулез;
Патогенезі және патологиялық анатомиясы.
Диссемнацияланған туберкулез көбнесе өкпеге ТМБ-ның қан
(лимфогематогенді) жолдармен таралуы арқылы пайда болады,ал лимфа жолдармен
таралуы сирек кездеседі.
Бастапқы туберкулездің асқынған ағымында туберкулез процесінің таралуы
мүмкін,туберкулез инфекциясының алғашқы кезеңіне тән бактериемия
(бактерияның қанға түсуі) өкпеде және басқа органдарда көптеген ошақты
диссеменация пада болуымен асқынады (инфекцияның ерте таралуы).Бастапқы
туберкулезде ТМБ-ның таралу көзі кеудеішілік казеозды өзгерген лимфа
түйіндері болып табылады.Өйткені лимфа түйіндері топографиялық орналасуы,
қызметі жағынан қан және лимфа жүйелерімен тығыз байланысты.
ТМБ-ның организмге алғаш жұғуы салдарынан пайда болған бастапқы
туберкулез өздігінен немесе ем алудың нәтижесінде жазылғаннан кейін бірнеше
жылдан соң диссемнацияланған туберкулез пайда болуы мүмкін (таралуы).ТМБ
бастапқы туберкулездің жазылған ошақтарының (әктенген лимфа түйіндер,Гон
ошағы) өкпеден тыс органдар туберкулезінің өршуіне байланысты
таралады.Микобактериялардың сырттан денеге түсуі организмдегі ошақтардың
өршуіне мүмкіндік тудырады.Сөйтіп микробтардың жайылып кетуіне кетуіне
тіеклей себепкер болады.
Өкпенің диссемнацияланған туберкулезі көбнесе ТМБ қан тамырлакрына
түсіп,бактериемияның пайда болу нәтижесінде дамиды. Қан айналымының кіші
шеңберіне өкпедегі лимфа түйіндеріндегі белсенді немесе өршіген туберкулез
ошақтарындағы микобактериялар жақын жатқан өкпе қан тамырларына түсіп,оның
ішкі қабатында туберкулез қабынуын тудырады.
Бастапқы немесе өршіген туберкулездерде көбінесе бактеримия кіші
шеңберден басталады,өйткені ТМБ көкірек қуысындағы лимфа түйіндерден
кеуденің лимфа өзегі арқылы бұғана асты көктамырға, одан соң жүректің оң
жақ бөлігіне және өкпе артериясына (лимфа-қан арқылы), әрі қарай өкпеге
тарайды.
Өкпеден тыс мүшелерден ТМБ өкпе тамырларына өтуі алдында микробтың
қанға түсуі байқалады.ТМБ қан арқылы (гемотогенді)таралғанда,туберкулез
ошақтары екі өкпеде біркелкі (симметриялы) орналасады да өкпенің барлық
бөліктерінде немесе тек жоғарғы бөлігінде ғана пайда болады.
ТМБ-ның қанға және лимфаға түсуі (қан лимфогенді) өкпеде
диссемнацияланған туберкулездің пайда болу үшін жеткіліксіз.Бұл үшін адам
организімінде ауруға табиғи түрдегі қарсыласуының төмендеуі,туберкулезге
қарсы жалпы және жергілікті иммунитеттің төмендеуі,сонымен бірге өкпе
тінінің өкпенің қан және лимфа тамырларының туберкулез инфекциясына жоғары
сезімталдығы болуы қажет.
Диссемнацияланған туберкулез балалар арасында БЦЖ вакцинасы
егілмеген,туа біткен немесе жүре пайда болған иммунды тапшылығы
бар,организмнің гормоналды қайта құрылуы кезеңніңде,ашыққанда,жұқпалы
аурулармен ауырған кезде,физиотерапия тәсілімен емделгенде (кварц,балшықпен
емдеу) күн өткенде,бактерия бөліші науқастармен тызыз қарым-қатынаста
болғандарда жиі пайда болады,
Патоморфологиялық тексеру қортындысы бойынша өкпенің диссемнацияланған
туберкулезінің клиникалық көріністері де әралуан болатын бірнеше түрі
анықталады.
Жайылған диссемнацияланған туберкулездің экссудативті-казеозды ошақтары
көптеген органдарда орналасуы өте сирек кездеседі,оның пайда болуына
туберкулезге қарсы иммуниттетің күрт төмендеуі және инфекцияның көлемді
мөлшерде сырттан түсуі,қанға ТМБ-ның көп мөлшерде өтуі,мысалы,казеозды
өзгерген лимфа түйіндерден қан тамырларына таралуы әсер етеді.
Диссемнацияланған туберкулездің клиникалық көрінісі жағынан
туберкулезсепсисіне ұқсас түрде өтуі өте сирек кездеседі(осы науқастан
өлген адамдарды сойып тексергенде ішкі ағзалардың көпшілігінде казеозды
өзгерген ошақтар мен көп мөлшердегі ТМБ табылады).Өкпенің диссемнацияланған
туберкулезінің жаңа жедел басталған түріндегі микробтар қан арқылы
таралғанда көптеген ұқсас (2мм-ге жуық) тары дәніңдей (лат.miluum-тары)
ошақтар табылады.Туберкулездің осы түрін бөртпе (милипрлы) туберкулез деп
атайды.
Өкпеде ошақтардың пайда болуы алдында уақ қан тамырларының айқын
гиперергиялық реакциясы жүреді,коллаген талшықтары бұзылады және қан
тамырларының қабырғалары фибринді шіріиді (некроз),қан және лимфа
такмырлары қабынады,-осының бәрі ұсақ – қан (капиллярлар) тамырларының
қабырғасының өткізгіштік қабілетін арттырады да, микобактериялардың қаннан
өкпеге қарай өтуіне жағдай туғызады .
Ұсақ қан тамырларының альвеола қалқаса маңайында және альвеола ішінде
сұрғылт түсті,тары тәріздес төмпешектер пайда болады,өкпені пышақпен
кескенде оның бетінен көтеріліп шығып тұратын төмпешекті өзгерістер
байқалады.Әдетте төмпешектердің диаметрі 1-2 мм болып келеді.Төмпешік
шірікті (казеозды), экссудативті, экссудативті, продуктивті болуы
мүмкін.Өкпенің милиарлы туберкулезінде ошақтар көбнесе продуктивті болып
келеді.Микроскоппен зерттеу кезінде төмпешектің ортасында (казеоз)шірік
байқалады,ол эпителиоидты және бірен-саран алып жасушалармен қоршалған,ал
шетінде лимфоиды жасушалар қатарлы болады.
Жаңа жеделдеу және қан арқылы таралу кезінде туберкулездің өкпедегі
ошақтарының кңөлемі орташа немесе ірі болып келеді (5-10 мм-ге
дейін).Мұндай процесс үлкендеу қан тамырларының өкпе артериясының
бөлікшеішілік көктамыры мен бөлікаралық тармақтары зақымданғанда пайда
болады.Милиарлы туберкулездегі диссеминация сияқты ошақтарда көбінесе
қабыну пролиферативті түрде өтіп,перифокалды қабыну аздап қана білінеді.Қос
өкпе өн бойында (түгелдей) біркелкі жарақаттанады, кей жағдайда ғана
жарақатөкпенің тек жоғарғы бөлігінде орналасады.Ошақтар өкпенің қыртыс
қабатында орналасады.Ошақты диссеминация өкпеде ғана шектеліп қоймайды,ол
висцералды плевраға да ауысады.Сол себептен диссеминацияланған туберкулез
көбнесе экссудативті плевритпен асқынады.
Өкпеде пайда болған ошақтардан басқа,альвеолааралық қалқаның жасушалық
инфильтрациясы және ісіну байқалады,бұл өкпе тінің серпімділігін
(эластикасын) төмендетеді,соның салдарынан диффузды өкпе кернеуі
(эмфизема) пайда болады.
Милиарлы диссеминацияланған туберкулезде қабыну өзгерістерінің
сорылуынан және өкпе тінің серпімділігі қалпына келуіне
байланысты,эмфизема де кері қайтады,ал жеделдеу түрінде орташа ошақты
диссеминацияда альвеола қабырғасындағы склерозды-атрофиялық өзгерістердің
және қан,лимфа тамырларының продуктивті-облитерациясы қабынуының пайда
болуы салдарынан өкпе эмфиземасының қайтып бұрынғы орнына келуі мүмкін
болмайды.
Өкпенің созылмалы диссеминацияланған туберкулезі ТМБ-ның қан немесе
лимфа арқылы қайталанып таралуында,ол дер кезінде анықталмағанда немесе
жаңа диссеминацияланған туберкулезді нәтижесіз, тиімсіз емдегенде
қалыптасады. Созылмалы диссеминацияланған туберкулездің патоморфологиялық
көріністері полиморфты (көп морфты,әр алуан) ошақтардан, интерстициалды
склероздан және аумақты фиброзды учаскілерден,эмфиземадан тұрады,Әсіресе
өкпенің жоғарғы бөліктері мен қыртыс асты аймағы жиі бүлінеді.Ошақтардық
көлемі әртүрлі,морфологиялық құрамы да әртүрлі (жаңадан пайда
болған,айналасында қабыну реакциясы бар ошақтардан бастап,кальцийленген
ошақтарға дейін) болады
Кейбір науқастардың өкпесінде жұқа қабықты үш қабатты мөрге ұқсас қуыс
(каверна)байқалады.Қуыстың маңайында аздаған қабыну анықталады.Морфолгиялық
өзгерістердің ала-құлалығын периваскулярлы және перибронхиалды тіннің
фиброзды, васкулиттер,тамырлардың бітелуі нәтижесінде пайда болған
плеврадағы тыртықтар толықтырады.Кіші қан айналу шеңберінде артериялық
қысымның артуы (гипертензия) нәтижесінде оң жақ жүрек қарыншалары қалыптан
тыс (гипертрофия) ұлғаяды.Кейбір науқастардың денесінде алысқа шашылған
өкпеден тыс туберкулез ошақтары пайда болады
Клиникалық белгілер.
Аурудың патогенезі мен патоморфологиялық өзгерістерінің әр алуан болуына
байланысты диссеминацияланған туберкулездің клиникалық түрлерінің
өзгешеліктері де құбымалы болады. Диссеминацияланған туберкулез
науқастардың 23 бөлігінде,олардың хал-жағдайының нашарлауына байланысты
тексергенде, ал 13 бөлігі кездейсоқ, профилактикалық,флюрографиялық
тексеріс жасағанда табылады.Өкпенің жедел диссеминацияланған милиарлы
туберкулезі кенеттен басталып,сырқаты күшейіп,тамақа тәбеті нашарлайды,ас
қорту бұзылады (диспенсия) және бас ауруы пайда болады.Дене қызуы бірнеше
күн ішінде 38-40 С көтеріледі,науқаста әлсіздік,қатты ентікпе, жүректің
жиі соғуы,көгеру (ционоз) құрғақ жөтел пайда болады.Әрі қарай уланудың
күшеюінен (токсикоз) дәрменсіздік,есінің бұзылуы,кейде сандырақтау пайда
болады.Науқастың сырқатының ауыртпалығына байланысты оның киникалық
көрінісінде ОНЖ интоксикациялық белгілері басым түседі.Милиарлы
туберкулездің осы түрі іш сүзегіне ұқсайды,сол себептен оны шартты түрде
іш сүзегі түрі (тифоидты түрі) деп атайды.
Өкпенің жедел диссеминацияланған туберкулезінің ауыртпалығы күшті тыныс
жетіспеушілігінің дамуына себепші болады,сондықтан науқаста интоксикация
белгілермен қатар ,ауыр түрдегі ентікпе,құрғақ жөтел,көгеру,іркіліп
үлкейген бауыр,жүрек соғуының жиелеуі анықталады.Аурудың осы түрін
өкпелік түрі деп атайды.Өкпеде орташа және үлкен көлемді ошақтар пайда
болғанда,әдетте диссеминацияланған туберкулез аурудың жеделдеу түрінде
өтеді.Ауру адамды жалпы әлсіздік ,шаршағыштық,жұмыс істеу қабілетінің
төмендетуі,тітіргенгіштік,тәбеттің төмендеуі, аруқтау, кейде дене қызуының
көтерілуі, аздаған жөтел мазалайды.Кейде науқас өкпеден қан кету
байқалғанда,дәрігерге қаралуға барады.Жеделдеу диссеминацияланған
туберкулездің бірінші клиникалық белгісі-бүйірдегі ауруды сезінуі,ол
плевраның қабыну реакциясы басталғанын білдіреді.Өкпедегі қакбыну
процесінің көп жайылуына қарамастан диссеминацияланған туберкулездің осы
түрі науқастың көңіл-күйінің қанағаттанарлық жағдайында өтуі
мүмкін.Науқастың қанағаттанарлық жалпы жағдайының,өкпедегі ауыр бұзылысқа
үилеспеуі диссеминацияланған және басқа туберкулез түрлерінің өту
ерекшелігі болып табылады.
Созылмалы диссеминацияланған өкпе туберкулезінің клиникалық көрінісі
аурудың даму сатысына,аурудың пайда болған мерзіміне (көнелігіне)
байланысты.Процестің өршуі жоқ кезде,ол клиникалық көрініссіз өтеді.Аурудың
өршуі кезінде интоксикация белгілері жалпы әлсіздік,тұрақсыз ден қызуның
көтерілуі,тәбеттің бұзылуы,арықтау түрінде байқалады.Көп уақыт бойы ауратың
адамдардың өкпесінде тіннің қатаюы (пневмосклероз) , өкпенің кернеуі
(эмфизема) пайда болып үлгергенде,соған сәйкес оларда ентігу ,қақырықты
жөтел,қимылдағанда жүрек соғуының күшеюі анықталады.
Өкпенің диссеминацияланған туберкулезінің алғашқы клиникалық
көріністері оның асқынуларының белгілерін көрсетуі мүмкін; дауыстың өзгеруі
және тамақтың ауырсынуы-көмей туберкулезінің пайда болғанын,ал аяқ
буындарының,омыртқа жотасының ауруы-сүйек буын және омыртқа
туберкулезінің,зәрде лейкоциттердің болуы және гематурияның (грекше haima-
қан;uron-қаның зәрде болуы) анықталуы- бүйрек туберкулезінің,бедеулік
жыныс мүшелерінің туберкулезінің пайда болғанын білдіреді.Көбнесе өкпенің
диссеминацияланған туберкулезі пайда болуы алдында плеврит
анықталады.Өкпенің диссеминацияланған туберкулезінде ТМБ қан-ми
тосқаулынан өтіп,мижың жұқа қабығын зақымдауы мүмкін,бұл жағдайда
уберкулезді менингитке тәе клиникалық белгілер пайда болады.
Жаңа диссеминацияланған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қақырық анализі. Туберкулез
Алғашқы туберкулез кешені: анықтамасы, сатылары, рентгенологиялық сипаттамасы. Клиника. Диагностика. Асқынулар
Өкпенің ошақты туберкулезі
Өкпенің ошақты туберкулезі және өкпенің инфильтративті туберкулезінің ажырату диагностикасы
Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы
Балалардағы өкпе туберкулезі
Туберкулездің эпидемиологиясы
Туберкулез
Туберкулез ауруының алдын алу
Туберкулез патоморфозы
Пәндер