Табу мен эвфемизмдердің әлемдік деңгейдегі зерттелу тарихына шолу
КІРІСПЕ
I ТАРАУ
ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНА ШОЛУ

Табу мен эвфемизмдер- кез келген халықтың тілінен орын алған ауқымы кең этнографиялық лексика. Сондықтан да оларды этнография мен лингвистиканың шектес аймағын зерттейтін этнолингвистика ғылымының объектісіне жатқызған жөн. Басқа ғылымдармен, оның ішінде тіл білімімен салыстырғанда, этнолингвистика - әлдеқайда жас әрі жаңа сала. Өйткені ең алғашқы этнолингвистикалық ой-пікірлер И. Г. Гердер (XVIII г.) мен В. Гумбольдтам (XIX ғасырдың басы) тарағанымен, жеке ғылым ретінде ол XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Оның негізін кезінде Американың байырғы халықтарының жазба нұсқалары қаланбаған тілдерін әлгі халықтардың мәдениетімен байланыстыра зерттеген этнограф Ф. Боас, лин¬гвист әрі этнограф Э. Сэпир және олардың ізбасары Б. Уорф салған болатын (Ethnolinguistics: Boas, Sapirand Warf. Revised cditon by M. Mathiot, The Hague, 1979).
Орыс тілінде бұл салада жарық көрген ғылыми басылымдардың ішінен «Национальный язык и национальная культура» (М. ,1978); Н. И. Толстойдың «Некоторые пробле¬мы и перспективы славянской и общей этнолингвистики» (Известия АН СССР, серия Литература и язык, 1982. Т. 41. № 5. С. 397-405; «Ареальные исследования в языкознании и этнографии: Язык и этнос». Л., 1983 т.с.с. еңбектерді атауға болады. Этнолингвистика - гректің этнос (халық, тайпа) және лингвистика деген ұғымдарынан туындайтын, тілді оның мәдениетке қатысы тұрғысыман зерделейтін әрі лингвистикалық, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардын біте қайнаса келіп, тілдің кызметі мен дамуына тигізетін әсерін зерттейтін тіл білімінің саласы. Кең мағынада этно¬лингвистика мәдениеттің, психологияның және мифологияның парқын лингвистикалық әдістердің көмегімен зерттейтін күрделі ғылыми арна (Лингвистический энциклопедический словарь. М.: Советская энциклопедия, 1990. С. 597).

Табу мен эвфемизмдер- кез келген халықтың тілінен орын алған ауқымы
кең этнографиялық лексика. Сондықтан да оларды этнография мен
лингвистиканың шектес аймағын зерттейтін этнолингвистика ғылымының
объектісіне жатқызған жөн. Басқа ғылымдармен, оның ішінде тіл білімімен
салыстырғанда, этнолингвистика - әлдеқайда жас әрі жаңа сала. Өйткені ең
алғашқы этнолингвистикалық ой-пікірлер И. Г. Гердер (XVIII г.) мен В.
Гумбольдтам (XIX ғасырдың басы) тарағанымен, жеке ғылым ретінде ол XIX
ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Оның негізін
кезінде Американың байырғы халықтарының жазба нұсқалары қаланбаған
тілдерін әлгі халықтардың мәдениетімен байланыстыра зерттеген этнограф
Ф. Боас, лингвист әрі этнограф Э. Сэпир және олардың ізбасары Б. Уорф
салған болатын (Ethnolinguistics: Boas, Sapirand Warf. Revised cditon by M.
Mathiot, The Hague, 1979).
Орыс тілінде бұл салада жарық көрген ғылыми басылымдардың ішінен
Национальный язык и национальная культура (М. ,1978); Н. И. Толстойдың
Некоторые проблемы и перспективы славянской и общей этнолингвистики
(Известия АН СССР, серия Литература и язык, 1982. Т. 41. № 5. С. 397-405;
Ареальные исследования в языкознании и этнографии: Язык и этнос. Л., 1983
т.с.с. еңбектерді атауға болады. Этнолингвистика - гректің этнос (халық,
тайпа) және лингвистика деген ұғымдарынан туындайтын, тілді оның
мәдениетке қатысы тұрғысыман зерделейтін әрі лингвистикалық, этномәдени
және этнопсихологиялық факторлардын біте қайнаса келіп, тілдің кызметі мен
дамуына тигізетін әсерін зерттейтін тіл білімінің саласы. Кең мағынада
этнолингвистика мәдениеттің, психологияның және мифологияның парқын
лингвистикалық әдістердің көмегімен зерттейтін күрделі ғылыми арна
(Лингвистический энциклопедический словарь. М.: Советская энциклопедия,
1990. С. 597).
Белгілі тіл маманы, академик Ә.Т.Қайдаров этнолиигвистикаға арнаған бір
мақаласында (Білім және еңбек, 10, 1985 ж.) этнолингвистиканың қазақ тіл
білімінде де ең жас әрі жаңа сала екенін айта келіп, оның мақсаты мен
обьектісі жөнінде былай дейді: Ана тіліміздің ұшан-теңіз байлығын,
ғасырлар бойы толассыз толығып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып, мұра болып келе
жатқан асыл қазынасын мүмкіндігінше толық меңгеріп, ел игілігіне
айналдыруды мақсат ететін ғылым салаларының бірі - осы этнолингвистика.
...Этнолингвистика, егер оның тұп-тамырына терең үңілсек, этнография мен
лингвистиканың жай қосындысы емес... Бұл ғылым саласының бір кереметтігі
де, бүгінгі таңдағы ғылыми-практикалык маңызы да - оның момолиттік
тұтастығында, бір-біріне етене жақын, тіпті бірінсіз бірін толық тусінуге
болмайтын объект екендігінде. Ол объект - этнос және оның тілі. Ѳйткені
тілсіз этнос, этноссыз тіл өмір сүре алмайды.
Осы анықтамалар тұрғысынан қарағанда, табу мен оларды алмастырып
отыратын эвфемизмдерді этнографиялық лексикаға жатқызган дұрыс. Ѳйткені
кез келген этнографиялық лексиканың сыртында белгілі бір этнографиялық
ұғымдардың, тұратыны сияқты табу мен эвфемизмдердің сыртында да олармен
ұштасып, астарласып жататын этнографиялық ұғымдар, атап айтқанда, дәстүрлі
наным-сенімдер, мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, қоғамда
қалыптаскан тіл мәдениетімен байланысты этикалық нормалар тұрады.
Мәселен. түркі тілдерінің көпшілігінде табуға айналған қасқыр, бөрі,
құрт деген сөздер меп олардың орнына қолданылып жүрген қазақ тіліндегі: uт-
құс, қара-құлақ, серек-құлақ, теріс азу, қара ауыз, ұлыма; өзбек тіліндегі:
итқұш (ит-құс), қаршықұл (қарсы қол); тува тіліндегі. ыт (ит), чер ыъды
(жер иті), кызыл карак (қызыл көз), yзун кудурук (ұзын құйрық); түрікмен
тіліндегі: месдан ит (дала иті), ады жітен (аты жоқ), хырыдар (аңшы),
жанавар (жануар); әзербайжан тіліндегі: жанавар немесе ағзыгара (қара ауыз)
деген сөздер мен сөз тіркестерінің бәрі де этнографиялық мәнгс ие болған
лексика. Өйткені олардың лексикалық мағыналарының сыртында да дәстүрлі
наным-сенімдерден туындайтмн атым атаса, қасқыр малға шабады немесе адамға
қастандық істейді деген сияқты этнографиялық ұғымдар жатыр әрі ондай
лексика түркі тілдерінде аз емес. Олар — сездік қордың ерекше қабатын
құрайтын бір жүйеге жататын топ. Демек, оларды этнография мен лингвистика
тұрғысынан жеке-жеке қарастырғаннан гөрі этнолингвистикалық біртұтас объект
ретіндс бірге зерттеу анағұрлым ұтымдырақ.
Miнe, дәл осы тұрғыдан мән беретін болсақ, белгілі этнолингвист
Н.И.Толстойдың: Этнолингвистика есть раздел языкознания..., ориентирующее
исследователя на рассмотрение соотношения и связи языка и духовной
культуры, языка и народного менталитета, языка и народного творчества, их
взаимозависимости и разных видов их корреспонденции. ...Связь слова с
обрядом, мифом, тем или иным звеном древней... духовной культуры может
снабдить слово дополнительной информацией, необходимой для его
лингвистической сратиграфии, - деген пікірінің (Толстой Н.И. О предмете
этнолингвистики и ее роли в изучении языка и этноса А реальные
исследования в языкознании и этнографии: Язык и этнос. Л., 1983. С. 184-
190) табу мен эвфемизмдерге де тікелей қатысы бар екенін және соңғылардың
нағыз этнолингвистика ғылымынык объектісі екенін анық аңғарамыз.
Табу мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық құбылыс екендігінің және бір
айқын белгісі орыс тілінде жарық көрген салиқалы лингвистикалық
энциклопедиялык сөздікте оларға берілген төмендегі анықтамалардан да айқын
байқалады: Табу (полинезийское) - запрет на употребление тех или иных
слов, выражений или собственных имен. Явление табу связано с магической
функцией языка (речи), т.е. с верой в возможность непосредственного
воздействия на окружающий мир при помощи языка. Табу характерны для
языков народов с архаичной культурой (Африка, Австралия, Океания, народы
Севера и др.), однако в большей или меньшей степени встречаются во всех
языках. Табу - не специфически языковое явление (бывают табу на те или иные
акты поведения, контакты с определенными людьми, употребление какой-либо
нищи, питья, употребление некоторых предметов и материалов)... В
современных языках к табу можно отнести тенденцию не говорить прямо о
смерти, тяжелой болезни, избегать упоминаний о неприличных предметах и
т.п. Понятие табу тесно связано с понятием эвфемизма (Лингвистический
энциклопедический словарь. М., Советская энциклопедия, 1990. С. 501).
Демек, табу деген терминнін мағыналық ауқымы тек тыйым салынған
сѳздермен ғана шектелмейді. Табу, сонымен қатар, адам тарапынан
жасалмауға тиісті кейбір іс-әрекеттерге, белгілі бір адамдарга, ішіп-
жеуге болмайтын ас-суға, пайдалануға болмайтын заттар мен бұйымдарға
салынатын тыйымдарды да түгел қамтиды. Олай болатын болса, лингвистикалық
табуды жалпы этнографиялық табудың ішіндегі белгілі бір бѳлігі гана десек,
шындықтан алыс кетпейміз. Ал табудың эвфемизмдерге қандай қатысы бар деген
мәселеге келетін болсак, оған берілетін нақты жауапты да жоғарыда
көрсетілген лингвистикалық сөздіктен табамыз. Онда былай делінген:
Эвфемизмы (греч. euphemismos, от ей - хорошо и phemi - говорю) -
эмоционально нейтральные слова или выражения, употребляемые вместо
синонимичных им слов или выражений, представляющихся говорящему
неприличными, грубыми или нетактичными. Например: рус. пожилой вместо
старый, уклониться от истины вместо соврать; франц. executer
казнить (букв. исполнить) вместо mellre a mort предать смерти:
польск. pomoc domowa (букв, —домашняя помощь) вместо sluzaca служанка.
Эвфемизмы характеризуются высокой степенью подвижности.
Ими заменяются также табуированные названия, архаичные (рус. хозяин
вместо медведь, шут с ним вместо черт с ним, франц. parbleu вместо
pardieu) и новые (летальный исход вместо смерть, новообразование
вместо опухоль) (590-6.). Демек, жоғарыдағы анықтамалардан айқын көрініп
тұрғандай, табу мен эвфемизмдердің арасындағы байланысты себеп пен салдар
деп қараған жөн. Өйткені эвфемизмдерді тудыратын — табу. Сондықтан да олар
бірінсіз бірі жүре алмайды. Сосын табу эвфемизмдерді тудырып қана қоймай,
оларға үнемі өз орнын беріп, өзі солардың тасасына бой жасырады.
Осы арада басын ашып айта кететін тағы бір мәселе –этнолингвистикалық
табу ұғымдарга салынатын тыйым емес, тек сол ұғымдардың тілдегі атауларына,
яғни сөздерге салынатын тыйым екендігі. Өйткені кез келген мәдениет пен
тілде өзінің тиісті орны бар белгілі бір ұғымға ешкім де тыйым сала
алмайды. Бірақ кейбір себептермен әлгі ұғымның тура атауы ашық қолдануға
қолайсыз болса, ол сөз айналымнан шығып, табуға айналады. Бірақ оны
өзгертіп, басқаша атауға, дәлірек айтқанда, эвфемизммен ауыстыруга адамнын
да, тілдің дс мүмкіндігі әбден жетеді. Ендеше, бұл тұрғыдан алып қарағанда,
эвфемизмді оның айналдырған табу немесе тура атауына тыйым салынған ұғымның
бет пердесі, бүркеніші немесе табудың жасапды синонимі деуге әбден болады.
Табу мен эвфемизмдерге байланысты есте болагын және бір мәселе бар. Ол
мынау: бірде-бір тіл еш уақытта ешбір сөзді шетгетпейді, ешбір сөзге
өздігінен тыйым сала алмайды. Тіл үшін барлық сөз бірдей, тілге ешбір
сөздің өгейлігі немесе бөтендігі жоқ. Ендеше, табуды тудыратын себептер
тілдің өзінде емес, сол тілді катынас құралы ретінде пайдаланатын қоғамда,
әртүрлі әлеуметтік ортада, яғни адамдарда жатыр. Демек, бұл тұрғыдан алып
қарағанда, табу мен эвфемизмдер тек этнолингвистикалық құбылыс қана емес,
сонымен қатар олар - тіл мен қоғамның өзара байланысын сипаттайтын
социолингвистикаға да қатысы бар құбылыс. Өйткені табу мен эвфемизмдер -
адамдардың қоғамдағы әлеуметтік, мәдени және экологиялық ортаға байланысты
калыптасқан
наным-сенімдерінің, салт-дәстүрлерінің принциптері мен нормаларының
тілдегі орныққан көріністсрі. Бұл пікірдің негізсіз емес екенінің дәлелдері
де жоқ емес. Мәселен, баска тілдер сияқты түркі тілдерінде, оның ішінде
қазақ тілінде де, табу (кейбір анатомиялық атаулар, ауру атаулары, былапыт
сездер, физиологиялық табиғи процсстер мен жыныстық қарым-катынастарға
байланысты кейбір ұғымдардың тура атаулары т.с.с.) ауызекі тілде де,
ақпарат құралдарында да, көркем әдебиетте де ашық қолданылмайды, тіпті олар
сөздіктерге де кіргізілмейді. Алайда солай екен деп, табу, яғни белгілі бір
себептермен ашық қолдануға тыйым салынған сөздер, тілден, сөздік қордан
біржолата түсіп қалды немесе аластатылды деуге ешбір негіз жоқ. Өйткені
оларды сөздікке кіргізбеген тілдің өзі емес, тілшілер, яғни сѳздікті
құрастырушылар немесе авторлар. Ал соңғыларды солай істеуге итермелеп
немесе мәжбүр етіп отырған - қоғамда қалыптасқан ресми цензура немесе
этикалық нормалар. Демек, табу сѳздерді әртүрлі әлеуметтік себептермен
байланысты қолдануға шартты түрде қоғам шек қойған немесе тыйым салған
сөздер десек, артық айтқандық болмайды. Ѳйткені бұл топқа жататын сѳздер
сөздіктерден табылмағанымен, тілдің сөздік корында, халықтың жадында, ана
тілі сүтпен дарыған әр адамның көкейінде мызғымастан баз қалпында тұрады.
Этнолингвистикалық табу мен эвфемизмдердің табиғатына тән тағы бір
ерекшелік бар. Атап айтқанда, табудың салдарынан айналымнан шыкқан сѳздерді
алмастырып отыратын эвфемизмдер әлеуметтік ортада неғұрлым жиі қолданысқа
түсетіп болса, бірте-бірте олар да табуға айналып, ендігі жерде олардың
орнын жаңа эвфемизмдер басып отырады. Бұл процесс еш уақытта толастамайды.
Бұл тұрғыдан алып қарағанда, табу - кез келген тілдің сөздік қорын үнемі
неологизмдермен, дәлірек айтқанда, - эвфемистік синонимдермен, омонимдермен-
байытын отыратын ерекше этнолингвистикалық құбылыс. Сөзіміз дәлелді болу
үшін айта кетейік, дәл бүгінгі таңда ағылшын тілінде ресми түрде арнайы
сөздіктерде тіркелген мас (drunk) деген ұғымды білдіретін эвфемистік
неологизмдердің ұзын саны екі мыңның үстіне шығып кеткен.
145
Қазақ немесе сонымен туыстас басқа тілдерде табу мен эвфемизмдердің
арнайы сөздіктері әлі күнге дейін жасалмаған. Бұл - өз кезегін күтіп тұрған
мәселелердің бірі. Ал басқа тілдерде, мәселен ағылшын тілінде, ондай
сөздіктер әлдеқашан жарық көрген. Бұған мысал ретінде Америка Құрама
Штаттарында, Ұлыбритания, Австралия және Жаңа Зеландияда басылған, осы
жұмыстың библиографиялық көрсеткішінс енгізілген ондаған арнайы
сөздіктердің бар екенін айтсақ та жеткілікті.
Эвфемизмдерге жоғарыда берілген лингвистикалық анықтамадан олардың тек
діни нанымдардың негізінде тыйым салынған (табу) сөздерді ғана емес,
сонымен қатар дерекі, ұят, ыңғайсыз немесе белгілі бір себептермен әдепсіз
саналатын сөздерді де алмастырып отыратынына көз жеткіземіз. Керісінше,
лингвистикалық сөздіктегі табудың анықтамасына жете зер салсак, бұл
терминнің де тек діни нанымдардың негізінде тыйым салынған сөздермен ғана
шектелмей, әлеуметтік ортада ашық қолдануға этикалық тұрғыдан тыйым
салынған, дөрекі немесе әдепсіз саналатын сөздерді де қоса қамтитынын аныө
аңғаруға болады.
Табу мен эвфемизмдердің шығу тегі адамзат тарихының терең түкпіріне
қарай жетелейді. Тереңірек бойласақ, табу мен эвфемизмдер адам баласының
рухани мәдениетінің бастапқы сатыларынан бастам күні бүгінге дейін
қалыптасқан дәстүрлі наным-сенімдермен де, әдет-ғұрып, салт-саналармен де,
қазіргі заманның басты діндерімен де, тіпті өзіміз өмір сүрін отырған дәл
осы замандағы тіл мәдениетімен де тікелей байланысты екеніне көз
жеткіземіз.
Табу о баста этнолингвистикалық ұғым ретінде полинезияның тонга тілінен
тарағанымен, бұл. күнде ол - әлем тілдерінің бәріне дерлік еніп үлгерген
халықаралық термин. Дәлірек айтканда, taboo немесе tabu деген сөздерді
алғаш ағылшын тіліне ендірген - 1768-1779 жылдар арасында жер шарын кемемен
үш рет орап өтіп, Тынық мұхитының көптеген аралдарын, Авсгралияның шығыс
жағалауын және басқа да географиялық жаңалықтар ашқан, бұл күнде есімі
әлемге әйгілі жиһангер Джеймс Кук (Капитан Кук) болатын. Табу деген
терминнің кейін басқа тілдерге тез тарап, оңай сіңіп кетуінің ең басты
себептері, біріншіден, ағылшын тілі ол кезде әлемнің тең жартысын билеп
тұрған ең ірі империя тілі болуында жатса, екіншіден, сан қилы тыйымдардың,
ягни табудың кез келгсн мәдениетпен тілге тән этнолингвистикалық құбылыс
екендігінде жатыр. Міне, сондықтан да табуға көптеген ғалымдардың назары
ауып, этнографиялық тұрғыдан да, лингвистикалық тұрғыдан да арнаулы
еңбектер жарық көрген. Олардың ішінде ағылшын, неміс, француз, испан, орыс,
грузин, әзербайжан, өзбек, түрікмен, қазақ тілдерінде жазылған еңбектермен
қатар жекелеген диссертациялық зерттеулер де, мақалалар да кездеседі.
Олардың бәрін бұл жерде тізіп жатудың реті жоқ, өйткені олармен осы
жұмыстын барысында танысуға немесе қолданылған әдебиеттер тізімінен
байқауға да мүмкіндік әбден жеткілікті.
Енді осы арнайы зерттеу жұмысының негізгі объектісі ретінде Түркі
тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер (салыстырмалы этнолингвистикалық
зepmmey) деген тақырып неліктен тандалып алынды деген мәселеге келетін
болсақ, біріншіден, жекелеген кандидаттық диссертациялар мен мақалалар
болмаса, бұл - жалпы түркілік деңгейде әлі күнге дейіи толық қамтылмаған,
салыстырмалы түрде жете зерттелмеген соңы тақырып. екіншіден, осы уакытқа
дейін жарык көрген, аталмыш тақырыпқа қатысы бар ғылыми жұмыстардың басым
көпшілігінде табу мен эвфемизмдер бір жақты, атап айтқанда, не таза
этнографиялық тұрғыдан. не таза лингвистикалық тұрғыдан ғана қарастырылады.
Ал шыңдап келі енде, олар, жоғарыда атап ѳткендей, этнографияға да, тілге
де, тіл мәдениетіне де, тіпті социолингвистикаға да тікелей қағысы бар
ғылымның бірнеше саласының басын бір жерге тоғыстыратын ауқымы кең
этнолингвистикалық мәселе. Демек, бұл тақырыптың сонылығы да,
көкейкестілігі де осы жерден айқын байқалады.
Еске сала кететін және бір мәселе - табу мен эвфемизмдерді тудыратын
әлеуметтік себептер негізінен ұқсас болып
келетіндігіне қарамастан, олардың жекелеген мәдениеттер мен тілдердегі
көріністері, атқаратын қызметтері тек сол мәдениеттер мен тілдерге ғана тән
ерекшеліктермен сипатталады. Мұны қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен,
әзербайжан, татар, тува, хакас, алтай, шор, якут (саха) т.б. ірілі-ұсақты
түркі тілдерінен келтірілген этнолиигвистикалық материалдардан анық
байқауға болады.
Miнe, осы айтылғандардыц бәрі де түркі халықтарының, атап айтқанда,
қыпшақ, оғыз, қарлұқ және алтай тобына кіретін халықтардың мәдениеті мен
тілдеріндегі табу мен эвфемизмдерге жете мән берудің қажет екендігіне көз
жеткізеді. Әрине, олардың бәрін егжей-тегжейіие жеткізе қамту мүмкін емес,
сондықтан біз оларды қазақ тіліндегі тиісті этнолингвистикалық
параллелдерді дендей саралаудың бірегей ғылыми-танымдық кепілі ретінде
қарастырдық.
Зерттеу кезінде біздер түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдерді қол
жеткен мүмкіндіктердің шеңберінде сипаттама, тарихи-салыстырмалы және
семантикалық талдау сияқты тіл білімінде жиі пайдаланылатын тәсілдермен
қатар этнография мен лингвистика ғылымдарында қолданылып жүрген топтастыру,
жүйелеу және типология принциптерінің көмегімеи олардың сан алуан
қырсырларына барынша тереңірек бойлауға тырыстық. Осындай мақсаттарды
негізге ала отырып, жұмысты бес тарауға бөліп, бірінші тарауда: табу мен
эвфемизмдердің әлемдік деңгейде зерттелу деңгейін көрсететін ғылыми
жұмыстарға шолу; екінші тарауда: табу мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық
жүйесі және олардың этномәдени негіздері; үшінші тарауда: дәстүрлі
моральдық-этикалық катынастар саласында қалыптасқан табу мен эвфемизмдердің
классификациясы, атап айтқанда, өліммен байланысты табу мен эвфемизмдер;
анатомия мен физиологиялық процестерге қатысты табу мен эвфемизмдер; саяси
табу мен эвфемизмдер; тѳртінші тарауда: эвфемизмдердің жасалу жолдары, яғни
эвфемистік метафоралар; эвфемистік метонимия; эвфемистік синекдоха;
эвфемистік символ; эвфемистік ирония; эвфемистік парафраза; фразалык
тіркестерден болған эвфемизмдер; есімдіктерден болған эвфемизмдер; эвфемизм
тудырудың басқа тәсілдері: деформация; көп нүкте; кірме сөздер; бесінші
тарауда: табу мен эвфемизмдердің тіл байлығын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz