Шағын жанрлар


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Шағын жанрлар

Фольклорльқ жанрдың біреуі-аңыз-әңгімелер. Әуел баста тарихта болған, келе-келе халықтың ауызша айтатын аңыздарына айналған Алдар Көсе, Қожанасыр, Жиренше, Асанқайғы, Қорқыт секілді фольклорлық образдардың айпаласында неше алуан қызық-қызық салт ертегілері бар. Аталған, аңыз-әңгімелерді мазмұнына
қарай екі топқа бөлеміз: бірі - күлдіргі, тапқыр әңгімелер; екіншісі - заман мен адамның арасыңдағы қатынасты сарабдал сьнға салатын ойшыл әңгімелер. Әлбетте, күлдіргі; тапқыр аңыздарға Алдар Көсе мен Қожанасырдың аттарымен аталатын аса мазмұнды
оқиғаларды жатқызам.

Алдар деген атау бір ғана қазақта емес, көрші. татар, башқұрт хальқтарыпың аңыздарында да аталады. Әр елдің-ұлттық ерекшеліктеріне қарай Алдардың жүрген жері, өмір сүрген ортасы, әр басқа болып келеді. Мәселен, қазақтың Алдары сырт пішінінен, көселігінен алыстап аңғарылады. Ол көшпелі ауылдың тұсында, тау мен даланың арасындағы кеңістікте жүреді, ал башқұрттың Алдары қалың орманның, өзен-көлдің жағасында әрекет етеді. Екі елдің Алдар Көсесінде алдымен діннің қағидалары сынға ұшырайды. Алланың жердегі пендесінің жүріс-тұрысын бақылап тұратын Жәбірайл мен аттаған адымындағы кемшілікті үдетіп әкететін шайтандар бар-мыс деген діни нанымдарды екі халықтың Алдары жоққа шығарады, оны күлкіге айналдырады.

Алдар Көсе әдетте алдымен бай-манаптарға, хан-билерге тиіседі.

Олардан халықтың өшін алып береді. Оның Алдар деген әйгілі атын қу мен сұм, бақсы мен балгер, сараң мен саудагер, құпсыз бен келеңсіздер қозы көш жерден қорқады. Себебі, ол сырымды, сиқырымды ел көзінше айтып, ашады деп сескенеді. Ол қарсы болған адамдарына бірден ұрынбайды, туысы бөлек, тұлғасы басқа адам болып келеді. Оның өз сырын өзіне әшкере еткізеді. Сондықтан ол жан дүниесіндегі жасырып жатқан жамандығын жасыра алмайтұғын халге жетеді. Оқиғаның соңы опыр-топыр күлкімен, Алдар-Көсенің мазағымен бітеді. Алдар Көсе образы хальқтың сыншыл сергек ойынан туған өлмес елдің өшпес күші.

Қазақ фольклорында басқа халықтардың ауыз әдебиетінен алынған бірлі жарым сюжеттер кездеседі. Ондай сюжеттер сауда-достық, мемлекеттік қатынастар, ел мен елдің араласуы арқылы тараған. Соның айғағы деп эпостан «Қөрұғлыны», аңыз-әңгімелерден «Қожанасырды» атауға болады. Әсіресе, Қожанасыр көп елдерде айтылады. Шығыс халықтарьнда ондай әңгімелерді латифа, зарифа, нодира, аджиба (арабша - әзіл-тапқыр әңгімелер) атаса, батыс әдебиетінде анекдот деп аталады. Анекдот деген сөз-грекше жарияланбаған, баспаға шықпаған, ауызша айтылған өткір сөз деген ұғымды білдіреді. Бұл атауды алгаш рет әдебиетте қолданған Рим тарихшысы П. Кисарийский. Тарихта бұл жанр парсылардан, арабтардан тараған деген аңыздар бар. Бұған кесімді байлау айту өте қиын. Себебі, әр елдің өзіне тән Қожанасыры бар. Бір елдерде, Қожанасырды оқымысты, ұстаз деп айтса екінші елде молда, әпенде екен деп санайды Қожанасырдың тарихта болған, болмағаны туралы әр түрлі болжамдар бар. Мәселен, түрік ғалымдары Қожанасыр 1207-1285 жылдары Түркияның Ақшаһар деген қаласында өмір сүрген деп дәлелдеуге тырысады. Жоқ, Қожанасыр деп жүргеніміз - XIII ғасырда өмір-сүрген-Азербайжанның белгілі-ғалымы Насреддин Туси Хажы дейді. Ал ендігі бір деректерде Қожанасырды Ақсақ Темірдің тұсында XIV-XV ғасырларда өмір сүріпті деп аңыздайды. Тәжік, араб әдебиеттерінде Қожанасырды Джуха деген адамның атымен байланыстырады. Рас оныншы ғасырда «Джуха» туралы анекдоттар» («Китаб наводир; Джуха») деген күлдіргі әңгімелер жарияланған. Парсылардан тараған Джуха, келе-келе түріктерше Молла. Насреддинге айналған-мыс.

Қазақтар айтатын Қожанасырдың өзін екі тарауға бөліп қарау керек} а) ұлттық топырақтан туған Қожанасыр; ә) басқа елдерден, дүние жүзінен ауысқан Қожанасыр. Қожанасыр өте сезімтал, тауып айткыш. Қожанасырдың ақыл-күшінің алдында еш нарсе төтеп бере алмайды, бір-ақ сөзбен, жалғыз ауыз өткір оймен жүйеге жығады. Көнбеске, иланбасқа шара қалмайды. Заттың, құбылыстың ішкі-сыртқы бояуын, мән-мағынасын, себеп-салдарын өзара байланысын, оның ақырғы кілтін логикалық оймен дәл шешеді. Ерекше аңыз-ертегінің адамы - Асанқайғы. Ол туралы фольклорлық шығармалар екі салада дамыған: а) ойшыл, данышпан; ә) шешен, ақын. Бұл бейненің айналасында Асан айтты деген сын-қорытынды, барлау, болжаулар бірінші орында тұрады.

Асан малға мекен, елге ырыс жер іздеп, желмаямен дүниенің төрт бұрышына тыным таппай шарқ ұрады. Оның арманды жері - «Жерұйық», «Жерұйық - қой үстінде бозторғай жұмырқалаған», бақ пен берекенің, татулық пен тыныштықтың мекені деп аталады. Асан қалың елін «суы - сүт», «жағасы - балқаймақ». жеріне бастамақ. Оның мақсаты: табиғатпен тартыста «өтпелі халықтар сан түрлі күтпеген кездей соқтыққа ұшырайды, елді сондай ауыр халден құтқарудың жолы деп гүлденген, жасыл дәулетті жер іздейді. Асанқайғы жел маяға мініп, ну орманды, көк орай шалғынды, сулы жерді барлап жүргенде жақсы, жаман қонысқа баға беріп отырады.

Фольклорлық Асан аңызының тарихи тегі туралы екі түрлі деректер бар: аңыздар және ғылым болжамдар. Аңыздардың айтуына қарағанда Асан Шыңғыс хан тұсында өмір сүрген Майқы бидің алтыншы ұрпағы, ол Алтын Орданың дәуірінде Еділ бойында, Сарай қаласында, Ақ Орда (Жетісу) жерінде, Жиделібайсын елінде болған-мыс; Асанқайғы XIV-XV ғасырларда Ор өзенінің бойын мекендеген, Торғайда, Ырғызда тұрған; ол Ақтөбедегі «Асан ата» атымен аталатын жерде көз жұмған деген әр алуан топшылаулар бар.

Оны халық құрметтегендіктен, әрбір жыршылар Асанды өздерінің туған жеріне жақындатып айтуға әуес-ақ.

Ғалымдар Г. Н. Потанин, М. Әуезов, М. Вяткин, М. Марғұландар Асанқайғы XV ғасырда, Жәнібек ханның тұсында тарихта болған дейді. Екінші біреулер Асанқайғы 1330 жылы туып, 1450 жылы қайтыс болыпты деп, дәлдік жыл сандарын айтуға да батылдық көрсетеді. Мұның барлығы тарихтағы соңғы сөз емес, болжамдар ғана. Бір шындық бар: ол - Асанқайғының елге, халыққа қамқор болғаны хақ. Асанның тарихи бесігін халықтың әр замандағы әр алуан аңыздары көмескілендіріп жіберген де, оның адамгершілігі, сәуегейлік қасиеттері, ойшылдық сипаттары халық арасында құстың сүтімен жазылып қалынған.

Шешендік өнердің қазақ елінде кең қанат жаюының екі түрлі
басты себебі болған: біріншіден - көшпелі халық табиғатқа өте
жақын жүрген, табиғаттың сұлулығы халықтың көркемдік көзқарастарының жоғары дәрежеде қалыптасуына әсереткен; екінші-ол дәуірде заң және қоғамдық ережелердің барлығы ауызша шығарылып, ауызша «ақталған. Мәселен, дау-жанжалдар, бітім-келісімдер сөз арқылы шешілген, сөзге тоқтаған. Сөз - шындық пен адамның арасын жалғастырушы, байланыстырушы деп білген. Сөз арқылы қазақтар аңдардың тіршілігінен алыстаған, соның нәтижесінде заңдар орнатқан, көркем өнерді ойлап тапқан. Көркемөнердің
ішінде сөз өнері - өнер атаулыдан өте жоғары қойылған. Сөз білетін, жөн білетін адамға елдің ішкі, сыртқы мәселесін шешуге толық право берген. Сондықтан «өнер алды - қызыл тіл» деп санаған Әрбір сөйлеушінің алдында екі түрлі мақсат болған: а) тыңдаушының сезімін ояту; ә) ойанасына қозғау салу. Шешендік сөздің, яғни айтылатын ойдың негізгі кілті -мазмұнға байланысты. Халық кеңістіктен, уақыттан тыс тұрған дерексіз, бұлдыр, көмескі ойдыжоққа шығарған, нені айтса да сендіретіндей, иландыратындай дәлелмен сөйлеген, сөздің шашыранды болмағанын мақұл көрген ол үшін айтылатын пікірдің белгілі жүйесін сақтаған. Шешендіктіңтағы бір сыры - орындауда. Орындауға дауыс ырғағы; қимыл-қозғалыс жатады.

Топтап қарағанда қазақтардың шешендік өнерін үшке бөлуге болады: а) салтанатты, екпінді сөздер; е) " нақтылы, қысқа, түйінді сөздер; б) майда, биязы, сыпайы сөздер.

Заманында алғыр ақылымен, шешендік сөзімен ел есінде сақталған тарихи адамдар мыналар: Асанқайғы, . Абыз, Жиренше, Қарашаш, Орманбет, Қаздауысты Қазыбек, Едіге, Мөңке-би, Төле би, Әйтеке би, Назым, Меңдісұлу, Байдалы, Айтқожа, Досбол, Сүйінбай, Сырым, Есет, Ізбасты, Қарамеңде, Алшағыр, т. б.

Қазақтың шешендік сөздерін жинап, Европа елдеріне табыстыруда В. Радловтың еңбегі өте зор. Сол сияқты фольклорист Э. Дибаевтың да бұл саладағы еңбектері елеулі деп аталады. Совет дәуірін-

Қазақтың шешендік сөздерінің түрлері мен тектері:

а. Тектері
ә. Түрлері
а. Тектері:

1 Саяси-әлеуметтік шешендік сөздер

2 Шешендік дау сөздері

3 Тұрмыс-салтқа байланысты айтылатын шешендік сөздер

ә. Түрлері:

- патриотизм сарынындағы елдің рухани көсемдерінің сөздері

- көрші мемелекеттермен саяси қарым-қатынас мәселесін шешуге арналған елшілердің сөздері

- шаруашылық-әлеуметтік мәселелерді талқылау

- заман туралы философиялық толғау сөздер

- жер дауы, жесір дауы, құн дауы

- адамның ары мен ұжданына қысым жасалғанда, оларды қорғау, үкім шығару, билік айту.

- ру мен рудың, тайпа мен тайпаның арасындағы барымта, тартыс

- хандардың, феодалдардың психологиялық және экономикалық үстемдігіне қарсы кедей-шаруалардың наразылық білдіруі

- арнау сөздер

- қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана тойларында айтылатын шешендік сөздер

- үй ішіндегі семьялық мәселелерді талқылау

- ас пен тойдағы салтанатты сөздер

- ата-аналардың баталары

- жақсылық, жамандық туралы ойшылдардың сөздері

- әдет-ғұрып заңдары

де шешендік өнердің жанрлық ерекшеліктері мен көркемдік құрылысы туралы М. Әуезов, С. Сейфуллин, Ә. Мәметова, Б. Адамбаев жолдастар құнды еңбектер жазды.

  • Шешендер айтылатын ойдың көркемдік кестесі үшін метафора, эпитет, теңеулерді орнымен қолданған. Мысалы:

- Көп ішінде сөйлеген,

Жас жігіт саған қарасам, -

Қара лашын-тұйғынсың.

Асылыңа қарасам,

Құс алатын-қырғисың.

Мұнда-шешен адамның образы тұйғынға, қырғиға теңелген. Бірақ, шешендердің толғау, дау, арнау сөздерінде ретсіз қолданылған эпитеттер, беталды теңеулерге әуестенушілік оншама байқала бермейді. Әдетте, шешендік сөздер неғұрлым тұжырымды, логикалық болып келсе, соғұрлым сөздің мағынасы нысанаға, мақсат-мұратқа жетті деп саналған.

Әдемі, сұлу сөйлеуге құштарлық мақал мен мәтелді орынды жерде пайдалануға байланысты. «Мақалды тудырушы - еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазынасы», -дейді советтік фольклористика ғылымының жұлдызы профессор Мәлік Ғабдуллин. Халықтың мақалдары мен мәтелдерін жинауда, зерттеудеи В. Радлов, Ш. Уалиханов, А. - Васильев, П. М. Мелиоранский, Ә. Дибаев, Ө. Тұрманжанов, С. Аманжолов секілді ғалымдардың еңбегі зор.

Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі - қазақ халқы. Қазақ мақалдары XIX ғасырда-ақ Европа халықтарына мәлім бола бастаған. Белгілі бір жүйемен берілген, өте көлемді еңбек деп 1899 жылы Орынборда басылып шыққан В. Катаринскийдің «Сборник Киргизских пословиц» деген кітабын санаймыз. В. Катаринский жинағына мың жарымнан артық мақал-мәтелдер енгізілген. Олар бірнеше тақырыптарға жіктелген,

Қазаң мақалдары мен мәтелдердің тақырыптары әр алуан: туған жер, ел - отан, еңбек, төрт түлік мал, егіншілік кәсібі, ынтымақ, ерлік, батырлық, жақсы адам және жаман адам, қожа-молдаларды сынау, үстем тап өкілдері, таптық тартыс, т. б. Мақал мен мәтел құстың екі қанаты секілді бір-бірімен байланысты; бірақ олардың араларында аздаған өзгешеліктері мен айырмашылықтары болады. Мәселен, мақал сөзде адамның нәзік сезімдері мел терең ойлары анық айтылады, дәлме-дәл көрсетіліп, бейнеленеді. Ал, мәтел сөздің сыры: белгілі бір құбылысты астарлап, жұмбақтап бейнелеп айтады. Образдылык, басым.

Мысалы, «адам мен адамның арасы, жер мен көктей» дейді халық мақалы.

Мәтел сөзге бір мысал: «Сауысқан тоты боламын деп, жүрісінен жаңылыпты». Сөз сауысқан туралы емес: сауысқан тектес, әсіреқызыл, еліктегіш, әсершіл адамды сынаған.

Фольклорист М. Әуезов қазақ мақалдары мен мәтелдерінің көпшілігі өлең түрінде келетіндігін, ондағы ассонанс, аллитерациялардың мол болатындығын атап көрсеткен. Соған бір мысал келтірелік-

Туған елдің қадірін,

Шетте жүрсең білерсің.

Тепкі көріп тентіреп,

Текке жүрсең білерсің.

Сол сияқты: «тозған қазды - топтанған қарға алады», «сұлу сұлу емес, сүйген сұлу». Аталған мақал-мәтелдердің көркемдік құрылымы олардың ұйқастары мен ырғақтарында. Жұмбақ фольклорлық ұсақ жанрға жатады. Жұмбақтар мыналарға топталады: 1) жаратылыс- табиғат, 2) адамның анатомиясы және іс-әрекеттері, 3) жан-жануарлардың тіршілігі. Мысалы:

Көріп едім бір үлкен дарияны

Барша қыз мекен етіп жатыр оны.

Ішінде ерлі-зайыпты екі аққу бар,

Жарықтық, жеті сары бас балалары.

Мұндағы дария - аспан, қыздар - жұлдыздар, қос аққу - ай мен күн, жеті сары бас балалары - Жетіқарақшы. Жұмбақ айтушы мен шешушінің тапқырлығын байқататын өнер. Әдетте, сұлулығымен, ақылдылығымен даңқы шыққан қыздар жігіттерді таңдғанда алдымен оларға әр түрлі жұмбақтар айтқан. Кімде-кім шешуін тапса, соған өз еркімен жар болуға ант еткен.

Жұмбақтың көбірек қолданатын орны - айтыс өнерінде. Жұмбақ айтысы екі түрлі жағдайда айтылады: айтысатындар бірін-бірі жеңе алмай, тең түскен тұста, жеңудің, құлатудың әдісі ретінде бейтаныс жұмбақ жайларды өлеңге қосады. Ал, жұмбақпен басталған айтыс жұмбақпен аяқталады. Мәселен, жұмбақ айтысына Нұржан мен Сапарғалидың Ырысты мен алты ақынның, Тұрмағамбет пен Шәді төренің айтыстары жатады.

Тапқырлықтың ақындықтың ең жоғарғы сатысы - импровизаторлық айтыс. Батыс, Шығыс әдебиет тарихы айтыстың әр елдерде ертеректе болғандығы туралы мәлімет береді, бірақ айтыстың қазақ арасындағыдай кең дамығандығы туралы дәл, деректі бере алмайды.

Айтыс күллі көпшіліктің қатысуымен өтетін театрлық өнердің бір түрі. Мәселен «Жар-жар», «Бәдік» айтыстарын жігіттер мен қыздар екі топ болып айтқан. Бұған көпшілік халық қатынасқан. Сондай-ақ тақ, жұп болып айтысатын ақындардың тыңдаушылары, өзіндік бағалаушылары бетпе-бет, қатар отырады. Яғни, өнерпаз бен өнерді қабылдаушы жұртшылықтың арасында еш уақытта, үзіліс болмайды. Бұл айтыстың бүкіл халықтық сипатын көрсетеді.

Айтыстың төмендегідей түрлері бар: а) әдет-салт айтысы ә) ақындар айтысы. Түр ерекшеліктеріне қарай айтыстар: түре айтыс, сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Түре айтыс - шапшаң бір-бір шумақпен қысқа қайырылып айтатын өлеңге бейімі бар көпшілік қолдапатын айтыс. Сүре айтысқа айтыстың қыры мен сырын жақсы меңгерген, ысылған, өлеңге әбден төселген шын жүйрік, майталман дарынды ақындар қатысқан. Түре айтыстың, яғни көпшілік қатысатын айтыстың «қайымдасу» түрі ел арасына көбірек тараған, Мысалы:

Қыз:

Атымды шешем сүйіп қойған Еркін,

Той болса түзетемін, кәмшат бөркім.

Қолыңда еркің болса мені алғандай,

Неше жүз үйіңде бар сенің жылқың.

Ж і г і т:

Атыңды шешем сүйіп қойған Еркін,

Той болса түзетесің кәмшат бөркің.

«Ер күшінен - тау аударылар» деген бар ғой,

Алармын болмаса да, жалғыз жылқым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газет тілінің және ондағы шағын жанрлардың орны
Газет тілінің ерекшелігі
Газет тілінің лексикалық ерекшелігі
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
Көркем деректі жанр түрлері
Талдамалы публицистикалық жанр
Рецензияны журналистика жанры ретінде қарастыру
«Айқын» басылымы: тақырып және талғам
Тележурналситика жанрлары мен пішіндері
Жанрлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz