Қазақстанның қауіпсіздік жүйесіндегі терроризмге қарсы күрес саясатының шаралары, мақсаттары мен бағыттары



І. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
2.1. Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
2.2. Терроризмге қарсы күрестің саяси . заңнамалық тетіктерін қалыптастыру.
2.3. Қазақстанның терроризмге қарсы күресте халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
ІІI.Қортынды
ІV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Әлемдік қауымдастықтың белді мүшесіне айналған Қазақстан әлемдік қайшылықтарды қауіптерді планетарлық мәселелерді әлем халықтарымен бөліседі. Көптеген елдерге қауіп төндіріп отырған терроризм құбылысы да Қазақстанға қауіп әкеледі. Бағымызға қарай Қазақстанда халықаралық террористік ұйымдар жасаған террористік актілер болған жоқ. Террористік топтар ұйымдастыруды мақсат тұтқан шаралар болды деген ақпараттар назарымызға іліккен жоқ. Қазақстан терроризм құбылысынан аман елдердің қатарында. Террористік топтардың елде терактілер жасамауы Қазақстан терроризмнен мүлдем аман тұра береді деген сөз емес. Қазақстанда да терроризм болуы ықтимал. Сондықтан халықаралық терроризмді болдырмаудың, ел аумағына енгізбеудің шараларын қарастыру маңызы арта түседі. Себебі, Қазақстанда террористік шабуылдар обьектісіне айналатын нысаналар өте көп. Олар; ядролық қондырғылар, су, жылу электростанциялары, қару-жарақ қоймалары, ауыз су қоймалары, стадиондар, кинотеатрлар т.б. адамдар көп шоғырланатын кешендер. Елдің көптеген балалар демалатын жаздық лагерлері, спорт базалары, санаторийлер мүлдем күзетсіз қалалардан тысқары жерлерде орналасқан. Террористер жырақ орналасқан шағын елді мекендерді толық басып аламын десе оған сол сәтте қарсы тұрар күштер ешбір аудан, облыс орталықтарынан шыға қоймайды. Терроризмге қарсы күресуші күштер мардымсыз.
Осындай ахуал Қазақстанда болуы ықтимал террористік әрекеттерге қарсы профилактикалық алдын-алу жұмыстарының кешенді шараларын жасаудың маңыздылығын арттыра түсуде. Қазақстанға тікелей мұсылман мемлекеттері қауіп төндіріп отырған жоқ. Мұндай ашық қауіп Ресейден, Қытайдан , АҚШ-тан басқа да әлемдік басым державалардан туып отырған жоқ. Еуроодақ мемлекеттері де Қазақстан шикізатына қызығып, достық құшағын ғана ашуда. Сонда терроризм қаупі қайдан келуі ықтимал деген сұраққа жауап іздеу Қазақстан сарапшылары үшін өте маңызды.
1. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, 2003. – 240б.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Алматы: Білім, 1998. – 98б.
3. Амреева А.А. Діни экстремизм мен терроризм: мәні және Қазақстанға ықпалы. – Алматы: Домино, 2005. – 207 б.
4. Әбсаттаров Р., Отыншиева Ә. Терроризм тамыры қайда және оны қалай қырқамыз? // Ақиқат. – 2003. – № 7 – 6-9бб.
5. Назарбаев Н.Ә. Бүгінгі әлемде жаһандық түйіндерді шешудің қарапайым жолы жоқ. VІ Евразиялық медиафорумда сөйлеген сөзі.// Егемен Қазақстан, 20 сәуір 2007. – 1,3б.
6. Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан, 26 ақпан 2005 . - 4б.
7. Әмірбекұлы С. Орталық Азия елдерінің одағы өзін қорғай ала ма? // Айқын апта, 31 мамыр 2007. - 28б.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның қауіпсіздік жүйесіндегі терроризмге қарсы күрес саясатының
шаралары, мақсаттары мен бағыттары

Жоспар:

І. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім

2.1. Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары

2.2. Терроризмге қарсы күрестің саяси - заңнамалық тетіктерін
қалыптастыру.

2.3. Қазақстанның терроризмге қарсы күресте халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастығы

ІІI.Қортынды

ІV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Әлемдік қауымдастықтың белді мүшесіне айналған Қазақстан әлемдік
қайшылықтарды қауіптерді планетарлық мәселелерді әлем халықтарымен
бөліседі. Көптеген елдерге қауіп төндіріп отырған терроризм құбылысы да
Қазақстанға қауіп әкеледі. Бағымызға қарай Қазақстанда халықаралық
террористік ұйымдар жасаған террористік актілер болған жоқ. Террористік
топтар ұйымдастыруды мақсат тұтқан шаралар болды деген ақпараттар
назарымызға іліккен жоқ. Қазақстан терроризм құбылысынан аман елдердің
қатарында. Террористік топтардың елде терактілер жасамауы Қазақстан
терроризмнен мүлдем аман тұра береді деген сөз емес. Қазақстанда да
терроризм болуы ықтимал. Сондықтан халықаралық терроризмді болдырмаудың, ел
аумағына енгізбеудің шараларын қарастыру маңызы арта түседі. Себебі,
Қазақстанда террористік шабуылдар обьектісіне айналатын нысаналар өте көп.
Олар; ядролық қондырғылар, су, жылу электростанциялары, қару-жарақ
қоймалары, ауыз су қоймалары, стадиондар, кинотеатрлар т.б. адамдар көп
шоғырланатын кешендер. Елдің көптеген балалар демалатын жаздық лагерлері,
спорт базалары, санаторийлер мүлдем күзетсіз қалалардан тысқары жерлерде
орналасқан. Террористер жырақ орналасқан шағын елді мекендерді толық басып
аламын десе оған сол сәтте қарсы тұрар күштер ешбір аудан, облыс
орталықтарынан шыға қоймайды. Терроризмге қарсы күресуші күштер мардымсыз.
Осындай ахуал Қазақстанда болуы ықтимал террористік әрекеттерге қарсы
профилактикалық алдын-алу жұмыстарының кешенді шараларын жасаудың
маңыздылығын арттыра түсуде. Қазақстанға тікелей мұсылман мемлекеттері
қауіп төндіріп отырған жоқ. Мұндай ашық қауіп Ресейден, Қытайдан , АҚШ-тан
басқа да әлемдік басым державалардан туып отырған жоқ. Еуроодақ
мемлекеттері де Қазақстан шикізатына қызығып, достық құшағын ғана ашуда.
Сонда терроризм қаупі қайдан келуі ықтимал деген сұраққа жауап іздеу
Қазақстан сарапшылары үшін өте маңызды.
Бұл деректер Қазақстанға терроризм қаупінің болуының ықтимал жолдарының
бірі - әлемдік басым империялардың арнаулы қызмет органдарының жоспарлы
әрекеттері болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Әсіресе АҚШ-тың Федералдық
барлау орталығының әлемнің әр түкпіріндегі әрекеттері туралы деректер де,
қауесеттер де жеткілікті. Мысалы, Ресейдің осы мәселемен айналысып жүрген
маманы генерал Леонид Шебаршин 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Аль-Кайда
жасаған терактіні американдық арнаулы қызмет органдарының провакациясы деп
есептейді. Себебі, Бен Ладен АҚШ жерімен байланыспай-ақ қалай өте күрделі
операцияға басшылық жасаған, - деген сұрақ қояды. АҚШ басып алған Ауғанстан
мен Ирак террористік әркеттердің нағыз қайнаған қазанына айналды.
Американдықтарды жақтаушы Хамит Карзайдың үкіметіне қарсы терактілерді
талибтер ұйымдастыруда. Ал Иракта АҚШ шейттер мен суниттерді бір-біріне
қарсы қоюда. Өзара жауласушы топтар біріне-бірі жауап беруде. Соның
салдарынан екі елде соңғы 3-4 жылда 200 ден астам терактілер болып ондаған
мың адам жазықсыз қаза тапқан. Осы тас-талқан болған екі мұсылман елінде
терроризмді жаппай құбылысқа айналдырған АҚШ саясаты екендігіне әлем
халықтарының көзі жетіп келеді. Сондықтан Қазақстан АҚШ - тың Орталық Азия
аймағында жүргізіп отырған саясаты біртіндеп отаршылдық саясатқа ұласып
кетуінен сақтануы қажет. Ол үшін халықаралық құқық нормаларына сәйкес,
елдің заңдарына сәйкес басқа мемлекеттердің Қазақстан жеріндегі қандай да
болмасын заңсыз әрекеттеріне қорықпай, қатаң тиым салып отыру қажет. Басым
державалардың өзі Қазақстан мемлекеті өзінің ұлттық қауіпсіздігі жолында
тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында қандай күшті елмен болмасын қарулы
күреске дайын екендігін білуі міндет. Халқы тастүйін, қорғаныс қаруы
бүгінгі күнге сай Қазақстанға жаулап алу үшін кіру ешбір басым державаға
оңай болмайды. Бұлай болуы терроризм қаупін де минимумдік деңгейге
түсіреді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы бөлімдерінің міндеті
басым державалардың Қазақстанға қатысты құпия жоспарларын және астыртын
әрекеттерін батыл әшекерелеп отыру.
Мысалы, басым державалар Орта Азия елдерінің арасындағы түрлі
қайшылықтарды қоздырып ойын жүргізуі ықтимал. Трансұлттық өзендердің су
ресурстарын пайдалану, шекара даулары, энергетикалық көздер, еңбек
іздеушілердің миграциясы, наркотрафик, қару-жарақтың заңсыз сатылуы сияқты
көптеген мәселелер Орта Азия регионында Қазақстанмен басқа көршілес
мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды қарулы қақтығыстарға, немесе
террористік әрекеттерге ұластырып жіберуі әбден мүмкін жағдай.
Басым державалар Қазақстанға қатысты тек әділетті саясат ұстанады деп
ойлау қателік. Ресей империясы Қазақстанда 300 жыл тонаумен болғаны шындық.
Өздерінің ұлттық мүддесі үшін бүгінгі Ресей Федерациясы басшылығы
Қазақстанды қайтадан аяққа салуға дайын. Ондай пиғылды Ресей элитасының
өкілдері Солженицын, Жириновский, Миронов т.б. БАҚ-та әлденеше рет ашық
айтқан. Сондықтан Ресейдің арнаулы қызмет органдары Қазақстандағы түрлі
діни ағымдарға, сепаратистік топтарға, сектанттық ұйымдарға қолдау көрсету
арқылы терроризмге ұласатын діни экстремизмді қоздыруы ықтимал. Мұндай
әрекеттерге, Қытайдың, АҚШ-тың, Өзбекстанның басқа да көршілес
мемлекеттердің құпия жұмыстармен айналысатын қызмет органдары баруы
мүмкін. Олар бұл істе Қазақстандағы көпконфессионалдық ахуалды
пайдаланатыны байқалуда. Түрлі діни топтардың Қазақстанның егемендігіне
нұқсан келтіру мақсатында саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді шайқалтуды
көздейді. Мысалы, Қазақстанды 2010 жылға дейін евангелилендіру жоспары
бары анықталған. Бұл жоспарды жасаған АҚШ-тың халықаралық миссионерлік
ұйымдары. Қазақстанда сектантизм құбылысының күшейе түсуінің түрлі
себептері бар. Біріншіден, елдегі басым көпшілік ұстанатын мұсылман діні
де, христиандық проваславие діні де өзіне халықты қарату мақсатында аса
белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, елдің арасына шығып түрлі
шаралар өткізбейді. Бұл жағынан дәстүрлі діндер белсенді емес. Екіншіден,
қазақстандық дін басшылары сектанттық ұйымдардың түпкілікті мақсаты кең
байтақ қазақ жерін әлемдік басым державалардың билігіне көшіру немесе
трансұлттық корпорациялардың меншігіне айналдыру екендігін жоққа
шығармайды. Дін тек бет перде ғана. Сектантизм мен терроризмнің арасы тым
жақын екендігін әлемдік саяси тәжірибе үнемі дәлелдеп келеді. Діни
сарапшылар Қазақстанда жұмыс жасап жатқан діни секталардың мормондардың,
иеговистердің және елуіншілердің артында ірі қаржылық -олигархиялық топтар
тұрғандарын айтады. Ал сайентологтар тіптен зор қаржылық империя.
Мақсаттары қазақстандық азаматтарды өздеріне тарта отыра оларды дәстүрлі
діннен және қазақстандық патриотизмнен безіндіру. Діні мен Отанынан
безінген, санасы уланған адам қарсы қандай да болмасын әрекеттерден
тайынбайтыны белгілі.
Үшіншіден, сектанттыққа қарсы мемлекеттік заң мен күресудің кешенді
бағдарламасы қажет-ақ. Теледидардың коммерциялық каналдары ақша табу
мақсатында эфирді тиым салынған сектанттық топтарға, тіптен дәстүрлі
діндерді мойындамайтын топтардың қайсысына болмасын беруін тоқтату қажет.
Мұсылман дінін, православие дінін насхаттауға көмек жасау жолдарын белгілеу
маңызды. Балабақшаларда, мектептерде, колледждерде дәстүрлі діндер бойынша
сабақтар берудің де мезгілі жетті. Оларды кестеден тыс консультативтік
сабақтар ретінде ұйымдастырудың мүмкіндіктері бар. Осындай дәріс
сабақтарында сектантизмнің қаупі туралы, олардан терроризм қаупі
туатындықтары жайында жастарға түсіндіруге болады. Кришнаиттар,
ваххабистер, хизбутшылар, мормондар, иеговистер, сайентологтар Қазақстан
халқы үшін ешқандай жақсылық жасаған жоқ. Олар зор қаржылық қоры бола тұра
елде бірде-бір әлеуметтік мекеме аурухана, балабақша, монша, дүкен т.б.
салмаған. Тек діни кітаптар мен уағыз айтатын ғимараттарды ғана көркейтеді.
Осы ісінен ғана олардың түпкілікті мақсаты Қазақстан халқын гүлдендіру емес
бағындырып, тобырға айналдыру екені көрініп тұр.
Төртіншіден, сектантизм діни экстремизммен туыстас. Қазақстан сияқты
атеизм кең жайлаған халықты дәстүрлі діндерден алшақтатып секталарға
енгізу оңай. Поликонфессиялық және полиэтникалық Қазақстан халқы ұлттық
идеялар мен қазақстандық патриотизм идеологиясы төңірегінде де әлі толық
топтасып болған жоқ. Сондықтан діни экстремистік топтар Қазақстан халқын
оңай бөлшектенетін тобыр ретінде қарастырады. Әлемдік терроризм мен діни
экстремизмнің тірегіне айналдыруды мақсат тұтады.
Бесіншіден, Қазақстандағы дәстүрлі діндердің сектантизм мен діни
экстремизмге қарсы шараларын ұйымдастыратын арнаулы бейресми ұйым қажет.
Оның ролін Қазақстан халықтары Ассамблеясы ойдағыдай атқарар еді. Ассамблея
тек мәдени, ұлттық - этникалық шаралармен шектелмей дәстүрлі діндердің
елдегі позициясын нығайту шараларымен де айналысқаны абзал. Ассамблея
шеңберін де діни экстремизммен, сепаратизммен, терроризммен күрес
шараларының мемлекеттік шараларға қосымша бейресми шараларын жасаудың
мүмкіндіктері бар. Ол үшін Ассамблея басшылығының және дін басшыларының
бірлескен әрекеттерге деген ниеті ғана керек.
Сондықтан Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатына икемделіп және
негізделіп жасалған Қазақстан Республикасының әскери доктринасын 2007
жылы сәуір айында қайтадан қабылдады. Қазақстанның жаңа әскери доктринасы
бұрынғы доктринасы сияқты қорғаныстық сипатта. Жаңа әскери доктринаның
қабылдануына әскери сарапшы Владимир Райхель айтқандай, -әлемдік ахуалдың
өзгеруі себеп. Терроризммен күрес мәселесі жаһандық сипат алды. Сонымен
қатар түрлі қауіптерге қарсы күрес мүмкіндіктерінің мемлекеттік қуаты өсті.
Қарулы күштер компонентерінің мүмкіндіктері қазіргі қауіптерге адекватты
болуы маңызды.
Қазақстанның дамуына қазіргі кезеңде аймақтың және әлемдік экономикалық
және қаржылық тұрақсыздық, мұнай, газ бағаларының өсуі тектес құбылыстардың
аса ауыр салдары жоқ. Себебі, экономикалық әлемдік коньюктурасының
өзгеруіне қарсы Қазақстанда 14 млрд АҚШ долларын құрайтын ұлттық қор бар.
Елдің шикізаттық ресурстары қомақты. Мұнай мен газ экспортын ауыстыратын
астық пен ет экспорты дайындалуда. Сондықтан әлемдік экономикалық
тұрақсыздықтан сақтанудын жолдарын Қазақстан қарастырған. Ал, саяси
тұрақсыздық пен терроризм қауіпі күшейе түсуде. Әлемдік геоэкономикалық
және геосаяси мүдделерінің біріне-бірінің әсер етуінің күшейе түсуі
Қазақстанның көптеген әлемдік үрдістерге еркінен тыс тартылуына әкеледі.
Бұл құбылыстардың табиғаты туралы Қазақстан Республикасының әскери
доктринасында былай делінеді: Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол
ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіпсіздігіне кепілдік беруді
батыл шеше отырып, Қазақстан Республикасының бейбітшілікке бейімдігін
айқындайды, ассиметриялық қатерлерге: терроризмге, экстремизмге, есірткі
тасмалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші - қонға қарсы күресті ескере
отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды дамыту
шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.
Қазақстан Республикасының әскери доктринасында халықаралық
терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары сараланып көрсетілген. Олар,
біріншіден, нақты террористік әрекеттер. Елдің территориясында тікелей
террористік әрекеттер жасалынған жоқ. Алайда, олардың болмауы арнаулы
мемлекеттік қауіпсіздік органдарының алдын-алу шараларының пәрменділігі мен
нәтижелігіне байланысты. Мысалы, 2007 жылдың басында Интерфакс Қазақстан
агентігінің хабары бойынша қазақстандық сот алғаш рет өзінің заң
жүргізушілік практикасында терроизмді қаржыландыру ісіне байланысты
қылмыстық іс қарады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасының орынбасары, Терроризмге қарсы күрес орталығының
басшысы Владимир Божконың хабарында шетелдік арнаулы қызмет органдарымен
біріге отыра ҚР ҰҚҚ қызметкерлері Түркістан ислам партиясының екі
терроризмді уағыздаушы жетекшісін ұстап Қазақстанға экстрадициялаған.
Оларға қазақстандық азаматтарды террористік әрекеттерге тартты деген айып
тағылған. Бұл қылмыстық істе, Владимир Божконың айтуынша, елімізде алғаш
рет террористік әрекеттерді қаржыландыру жайындағы қылмыстық іс қаралуда.
Мұнда құбылыстардың Қазақстаннан орын ала бастағандығы туралы
терроризмге қарсы күрес мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияда
айтылды. Терроризм мәселесіне байланысты мәселелерді 2002 жылдан бастап жыл
сайын Алматыда өткізіліп келе жатқан Евразиялық медиа-форумда да талқыланып
отырды. Мысалы, 2007 жылы сәуірде өткен VI Евразиялық медиа-форумда
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев халықаралық терроризмнің
Қазақстанға қауіп төндіруінің себептерін ашып берді. Президенттің пікірінше
әлемдік қауіптер мен шиеленістер бізді айналып кетпейді. Себебі Қазақстан
әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналды. Өкінішке орай,
Қазақстанның бейбітшілікті әлемдік деңгейде нығайтуға бағытталған
міндеттемесін әлем мемлекеттері қолдамай отыр. Қазақстаннның 1992 жылы
біржақты ядролық қарудан бас тартуын, Республика территориясын ядролық
қарудан таза зона деп жариялауын көптеген мемлекеттер қолдамай отыр. Соның
кесірінен ядролық қаруды иемденуші мемлекеттер саны өсе түсуде. АҚШ, Ресей,
Ұлыбритания, Франция, Қытай сияқты дәстүрлі ядролық мемлекеттер қатарына
Үндістанның, Пәкістанның, Солтүстік Кореяның, Израильдің т.б.
мемлекеттердің кіруі әлемдегі әскери қақтығыстарды көбейте түсуде. Үшінші
дүние елдерінің ядролық державаларға қарсы қарсылықтарын, соның ішінде
түрлі террористік актілермен жауап беруін өршіте түсті. Әлемді қамтыған
террористік психоз Қазақстанға да өз қаупін төндіруде.
Терроризм қауіпінің жалпылық сипаты туралы Н.Ә.Назарбаев 2003 жарық
көрген Сындарлы он жыл атты кітабында жазды. Сол кітаптағы ойларын
Евразиялық медиа-форумда жалғастыра келе : Бүгінде мән-маңызы әлемнің
өзара тәуелділігіне келіп тірелетін қазіргі дамудың бірегейлігі назардан
тыс қалуда. Егер қандай да бір ел тұрақтылықтан айрылса, онда күллі
жаһандық тыныштыққа қауіп төнгені. Ауғанстанды есеңгіреткен халықаралық
терроризм жер жүзіне жайылып барады. Жаппай қырып-жою құралдарына деген
әуестік науқаны ауру секілді жаңа аймақтарды жаулап алып, бейбітшілік үшін
тосын тауқыметттер туғызуда,-деп жазады Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстанның терроризмнің қаупінен сақтануы үшін елдің ішкі қауіпсіздік
шаралары жеткіліксіз. Сондықтан халықаралық қатынастар мен халықаралық
қауіпсіздік жүйесін қозғайтын жаһандық тетіктер өзгеруі тиіс, -деп
есептейді Н.Ә.Назарбаев.
Біріншіден, қазіргі дүниені біртұтас жанды организм деп ұғыну
халықаралық саясатта жаһандық бәсеке парадигмасының, жаһандық жауапкершілік
парадигмасына тұғырнамалық ауысуды талап етеді. Жаһандық пайымды ой мен
жаппай жауапкершілік қағидаттарымен қаруланатын кез келді,-дейді Елбасы.
2.1 Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
Кең масштабтағы терактілердің зияны бейбіт жатқан Қазақстанға да
зиянды әсерлерін тигізуі ықтимал. Себебі, Қазақстан жоғарыда аталған
мемлекеттердің барлығымен де тығыз экономикалық, сауда және саяси
байланыста. Олар Қазақстан экономикасына инвистицияны ең көп мөлшерде
салушы елдер. Аталмыш мемлекеттердің ондаған ірі компаниялары мен фирмалары
Қазақстанда жұмыс істеуде. Демек, осы ірі компаниялардың қайсысы болмасын
террористердің нысанасына айналуы мүмкін. Ондай жағдайда терактілердің
тікелей Қазақстан жеріне келуі болады. Оған дәлел ретінде тағы да
Н.Назарбаевтың пікірін келтіруге болады: Шағын екі ел Палестина мен Израил
арасындағы қақтығыс жарты ғасырдан астам уақыт бойы әлемнің көптеген
өңірлеріндегі ахуалды тұрақсыздандырып отыр. Шағын екі мемлекет Ауғанстан
мен Ирактағы оқиғалар терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратудың
негізгі факторына айналды. Бастапқыда жергілікті мәселе болған осынау
тауқыметтерді бүкіләлемдік қауымдастық көп уақыттан бері жоя алмай келеді.
Жаһанданудың екінші жүзі осындай,-дейді Елбасы.
Ашық, демократиялық қоғам құрудың кейбір жақтары ел қауіпсіздігіне
қиыншылықтар тудырады. Азаматтық мемлекет принциптері Қазақстан
Республикасы Конституциясында нақты белгіленген. Мысалы, 19 бапта әркімнің
өзінің қай ұлтқа, қай партияға, және қай дінге жататынын өзі анықтауға,
және көрсету-көрсетпеуге хақылы делінсе 22 бапта әркімнің ар ождан
бостандығына құқығы бар. Ар - ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы
адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге
байланыста болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. делінген. Конституцияның
аталған және басқа да баптары елдің есігін түрлі діндерге, саяси
қозғалыстар мен түрлі бағыттағы ұйымдарға ашады. Бұлай болуы әлемдік
өркениеттілік белгісі. Алайда көптеген шетелдік ұйымдар елдің өмір сүруінің
конституциялық принциптеріне өздерінің арами, жымысқы пиғылдарына
пайдалануды көздейді. Террористік пиғылдағы идеологияны басшылыққа алатын
экстремистік топтар да осы жағдайды пайдаланып Қазақстан жеріне кіруді және
саяси экономикалык тұрақтылықты шайқалтуды мақсат тұтады.
Осындай топтар көздеген істерін жасап та жатыр. 2004 жылы Хизб-ут-Тахрир
тобының діни экстремистік әрекеттері әшкереленіп ұйымның ел аумағындағы
қызметіне тыйым салынғаны белгілі. Соған қарамастан 2005 жылы Көкшетау
университетінде олар үгіт насихат жүргізген. Өзбекстан мен Ресейден қуылған
кришнайттар ұйымдары да Қазақстанға ендеп кіріп алған. Бейресми
мәліметтерге қарағанда Қазақстанда 2010 жылы шамамен 3500 дей
кришнаиттіктер болған. Зерттеуіміздің алдыңғы тараушасында айтқанымыздай
Қазақстанға 2009 жылға 3420 діни бірлестік пен 413 шетелдік миссионерлік
ұйымдар кіріп үлгерген.
Кейбір баспасөз мәліметтеріне сүйенсек Қазақстандағы түрлі діни
ұйымдардың, секталардың, миссионерлік ұйымдар мен топтардың жалпы саны 5,5
мыңға жеткен. Аталған деректер Қазақстанда азаматтық, құқықтық мемлекет
негіздерін тұрақты қорғайтын, елдегі саяси діни ахуалға адекватты жауап
беретін жаңа Қазақстандағы дін және діни бірлестіктер туралы заң қажеттігін
дәлелдейді.Сондықтан ел Парламенті жедел түрде Діни сенім бостандығы және
діни бірлестіктер туралы Заңына түбегейлі өзгерістер енгізуі қажет, немесе
осы заңның жаңа редакциясы қабылдауға тиісті. Онсыз Қазақстанда террористік
әрекеттердің қаупін ауыздықтау тіптен мүмкін емес. Себебі, Қазақстандағы
терроризм тек діни сипатта болуы мүмкін. Саяси билікке қарсы тікелей
террористік әрекеттер де, топтар да байқалған емес. Көкшетауда, Шымкентте,
Алматыда және Ақмола облысында ұсталған саяси жүйені өзгерту мақсаты бар
топтардың барлығы діни сипатта болған. Олар Хизб-ут-Тахрир, Таблиғи
Жамағат, Сүлейманши, Дағуатшылар, Бозғұрт сияқты діни топтар.
Өкінішке орай осы топтар қатарында Каирде, Карачиде, Тегеранда, яғни мұсыл-
ман елдерінде білім алып келген қазақ жастары кездеседі деген мәліметтер
бар.
Астыртын діни ұйымдар ең алдымен Қазақстан жастарының санасын улауды
көздейді. Олар өздерінің үгіт насихат жұмыстарын түнгі клубтарда, диско
барларда, ірі спорттық кешендерде, бильярд клубтарында белсенді жүргізіп
келгендіктері белгілі болып отыр. Сондықтан, жастардың бұқаралық демалыс
орындарының терроризм қаупінен сақтануы мәселелеріне құқық қорғау
органдарының ерекше назар аудару қажеттігі туды.

2.2 Терроризмге қарсы күрестің саяси - заңнамалық тетіктерін қалыптастыру
Әлемдік жаһандық қауіптердің біріне айналған терроризмге қарсы тиімді
күрес жүргізудің кепілі сапалы заңдар қабылдау және оларды іске асыру болып
табылады. Қазақстан Республикасы Президенті, Парламенті мен Үкіметі осы
қажеттілікті білді. Сол себепті Қазақстан егемен мемлекет бола салысымен
ресми билік елді терроризмнен қорғаудың кешенді шараларын қолға алды.
Құқықтық мемлекет қалыптастыру барысында халықты терроризм құбылысынан
сақтаудың заңдық базасын жасау маңызға ие болды. Терроризм құбылысын заңсыз
деп бағалау ел көлемінде оған тосқауыл қоюдың шешуші факторы болатындығын
басқарушы элита жақсы түсінді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті терроризмді ауыздықтаушы мемлекеттік орган ретінде терроризмге
қарсы заңдар жобаларын Парламент назарына ұсынып отырды.
Қазақстан саяси басшылығы тәуелсіздік алған соң әлемдік қауіптердің
бірі ретінде терроризммен күресудің халықаралық заңнамасына қосылудың
қажеттілігін білді. Қазақстан БҰҰ-ның барлық он екі терроризмге қарсы
күрес конвенцияларына қосылды:
1. 1963 жылғы әуе кемелері портында жасалған қылмыстық немесе басқа да
актілер туралы Токио конвенциясы ;
2. 1570 жылғы әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы Гаага
конвенциясы ;
3. 1971 жылғы азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз
актілерге қарсы күрес туралы Монреал конвенциясы;
4. 1973 жылғы халықаралық қорғау құқығын ие, соның ішінде дипломатиялық
агенттерде қарсы қылмыстардың алдын алу және тазалау туралы конвенция;
5. 1979 жылғы кепілдікке алумен күрес туралы халықаралық конвенция;
6. 1980 жылғы ядролық материалдарды физикалық қорғау туралы конвенция;
7. 1988 жылғы халықаралық авиацияға қызмет көрсететін аэропорттардағы
заңсыз зорлық актілеріне қарсы күрес туралы хаттама;
8. 1988 жылғы теңіз кемесі жүру қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз
актілермен күрес туралы Рим конвенциясы;
9. 1988 жылғы құрлықаралық мүйістерде орналасқан стационарлық
платформалардың қауіпсіздігіне қарсы жасалған заңсыз актілермен күрес
туралы Рим хаттамасы;
10. 1991 жылғы пластикалық жарылғыш заттарды тауып алу мақсатында
маркировка жасау туралы конвенция;
11. 1988 жылғы бомбалық терроризмге қарсы күрес туралы конвенция;
12. 2000 жылғы терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенция.
Жоғарыда аттары аталған терроризммен күрестің түрлі аспектілерін
қамтитын заңдар, конвенциялар, хаттамалар мен келісімдер негізінде, олардың
талаптарын ескере отыра Қазақстан Үкіметі, Парламенті мен арнаулы
қауіпсіздік қызметі органдары терроризмге қарсы күрестің ұлттық заңнамасын
жасады. Сарапшылардың пікірі бойынша терроризммен күресте құқық қорғау
органдарының әрбір саласының өзінше корпоративтік мүдделері бар. Ішкі
істер министрлігі, Президент күзеті қызметі, прокуратура, наркобизнеспен
күрес мекемелері, қаржы министрлігі әр мекеме заңнамада өздерінің
корпоративтік мүдделерін өткізгісі келеді, іске асырғысы келеді. Мысалы,
наркобизнеспен күресушілер наркотиктерді таратушыларды ұстағанда куәгерлер
институтының болуын жұмысқа зор бөгет тудырады деп есептесе, сот пен
прокуратура куәгерлер болуы қылмыскердің ісін заңды қарауды қамтамасыз
етеді, - деп есептейді.
Қазақстан басшылығы терроризм қаупіне қарсы күресті заңдық алаңда батыл
және тиімді жүргізу мақсатында 1999 жылы 13 шілдеде Терроризмге қарсы
күрес туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады. Мүдделі органдар
осы заң жобасын алдын-ала бір айдай мерзімде жан-жақты талқылаудан өткізді.
Заң жобасына қатысты берілген ескертпелер, толықтырулар, ұсыныстар мен
идеялар арқасында заң қазіргі саяси шындық пен халықаралық ахуалға жауап
беретін деңгейге жетті деп есептеуге болады. Терроризмге қарсы күрес
туралы эаңы мемлекеттік арнаулы органдардың терроризмге қарсы күрес
қызметін заңмен реттейтін маңызды механизмге айналды.
Заңда Қазақстандағы терроризммен күрес мәселесі тікелей халықаралық
терроризмге қарсы күрес мәселесімен байланыста екендігі есепке алынған.
Себебі: осы уақытқа дейін Қазақстанда ішкі саяси - әлеуметтік ахуалға
қатысты терроризм құбылысы болған емес. Қазақстан аумағына келген
террористік ниеттегі топтардың қайсысы болмасын шетелдік, немесе
халықаралық террористік топтардың өкілдері болып табылады. Сол себепті
Заңда бір мемлекеттен көп мемлекеттердің жерінде және мүдделеріне қарсы
террористік әрекеттер халықаралық терроризм құбылысы қатарына жатқызылады.
Қазақстандағы терроризммен күрестің негізгі, заңдық тірегі Қазақстан
Республикасы Конституциясы болып табылады. Конституцияның елдегі қоғамдық
қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған конституциялық нормалар террористік
әрекеттерге заңдық тосқауылдар негіз бола алады. Мысалы, Ата Заңның 5
бабының 3- ші тармақшасында Мақсаты немесе іс - әрекеті Республиканың
Конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет
қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік
- топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер
құруға және олардың қызметіне, сондай - ақ заңдарда көзделмеген
әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.
Конституция шетелдік түрлі ұйымдардың, қорлардың, діни басшылықтардың
мемлекеттің ішкі ісіне араласуға тыйым салуға ерекше көңіл бөлді. Себебі,
терроризм құбылысын Қазақстанда түрлі шетелдік ұйымдар, қорлар, миссиялар
астыртын қолдауы, қаржыландыруы, насихаттауы орын алуы мүмкін. Сол себепті
Конституцияның 5-ші бабының 5-тармақшасында шетелдік діни бірлестіктердің
Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың
Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың
тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады.
Терроризмге қарсы күрес туралы Заңның 3 бабында терроризммен күрестің
мақсаттары мен принциптері анықталады. Террористік актілер болған жағдайда
қауіпсіздік органдары ең алдымен террористер әрекетінің құрбаны болған
бейкүнә адамдардың өмірінің және денсаулығының сақталуын бірінші кезекке
қоюлары керек. Бұл принцип ең қымбат қазына адаммен оның өмірі делінетін
Конституциялық талапқа сай келеді. Әлемдік тәжірибеде террористерді жою
барысында көп жағдайда бейбіт өмір сүріп жатқан, саяси тартыстарға ешқандай
қатысы жоқ бейкүнә адамдар қаза табады. Мысалы, Испания соты баск
сепаратистік тобының ЭТА террористік ұйымның екі мүшесін 12-43 жылға
соттаған. Олар 1995 жылы жасаған терактіден 6 адам қаза тауып, 40 адам
жараланған. Испания полициясының деректері бойынша ЭТА террористері қолынан
40 жыл ішінде 800 бейкүнә адам қаза болған. Мұндай мысалдар Беслан
қаласындағы мектепті басып алу оқиғасынан анық көрінеді. Жүздеген оқушылар
мен ата - аналар бір сәтте өздеріне ешбір қатысы жоқ террористердің
кепілдігіне алынып қырылды. Сондықтан Қазақстандық заңнамада бейкүнә
адамдарды қорғау мәселесі, адам өмірін, денсаулығын сақтау мәселесі ерекше
назарда болды. Террористер бейкүнә адамдарға жасайтын зорлық, үрейлендіру
және жәбірлеу әрекеттері үшін аяусыз жаза алатынын білулері керек.
Қазақстан заңдарында адамдардың жазықсыз өліміне әкелген террористік
әрекеттер жасағандар үшін ғана өлім жазасы әзірше сақталып отыр. 2007 жылы
қараша айында Астанада өткен Қазақстанда өлім жазасына кесуді тоқтату
туралы Комиссияның 3-ші жиыны өтті. Бұл жиында елдің әділет министрі Зағипа
Балиева террористерге қарсы және соғыс жағдайында жасалған ауыр қылмыстар
үшін өлім жазасын қалдыру мәселесіне құқық қорғау органдары қарсы емес
екендігін баса айтты. Тек Республиканың өлім жазасын алу туралы, БҰҰ
азаматтық және саяси құқықтар мәселесі жөніндегі Халықаралық пактісіне
қосылуы бұл мәселені шешуді әлі де кейінге қалдырып отырғандығын ескертті.
Қазақстанның Конституциялық және стратегиялық даму мақсаты құқықтық
мемлекет орнату. Сол себепті қандай қайшылықтар, қиын оқиғалар мен
құбылыстар болмасын заңмен реттеуге тиісті. Терроризмге қарсы күрес
туралы Заңның ұстанатын принципі осы күрделі құбылыспен күресте заңдылық
принципін сақтау болып табылады. Террористер қандай ауыр зұлымдық
қылмыстарын жасамасын, адамдарды жазықсыз қырмасын, олар тек Заң алдында
жауап беруі тиіс. Олардың жазасын атулы тобыр емес, қаталда бұрмаланбайтын
Заң тартқызуға тиісті. Заңдық принциптің сақталуы террористік қозғалысқа
тосқауыл қоюдың ең бір оңтайлы жолының бірі болып табылады. Террористер
міндетті түрде заңмен жазаланатынын білгенде, сезінгенде ғана өз
әрекеттерінен аулақтай бастайды. Ал тобырдан қашып кетуге, тығылып қалуға
болады. Заң террористердің әлемнің қандай да болмасын нүктесінен тауып
алуға және жазасын беруге құдіреті бар.
Қазақстанда терроризммен күрестің келесі маңызды принципі -
терроризмнің алдын алу шараларының басым жағдайын қамтамассыз ету.
Террористік актінің алдын алу мемлекетті және азаматтарды зор қауіптерден,
материалдық шығындар мен психологиялық соққы зардаптарынан құтқара алады.
Терроризмнің алдын алу үшін тұрғылықты халық оның қаншалықты қайғы –
қасірет, зиянды шығындар әкелетіндігін білгені маңызды. Сонда ғана әрбір
азамат террористік әрекет құбылыстарын байқауға және арнаулы орындарға осы
қауіптер жайында хабарлауға дайын болады. Терроризммен айналысатын
зерттеуші Германияның жетекші криминалисті А.Пораль-Траугбер терроризмнің
міндетті компоненттеріне: саяси мақсаттың болуы, үрейлендіру үшін мақсатты
түрде зорлықты пайдалану, ұйымдық құрылымның болуы, террористік қызмет
субъектілерінің қоғамдық томаға тұйықтығын жатқызады.
Терроризмді ауыздықтаудың принциптерінің бірі - террористердің өз
әрекеті үшін міндетті түрде жазаланатынын білуі. Ол үшін халық терроризмге
қарсы заңнамалық актілердің бар екендігін, олардың нақты қолданыста
екендігін білуі маңызды. Қазақстан халықаралық терроризмге қарсы
конвенцияларға түгел дерлік қол қойғаны белгілі. Демек, елдегі халықаралық
террористік топтар әрекеттеріне қарсы халықаралық терроризмге қарсы
Заңнамалық актілерді қолдануға болады. Сонымен бірге Қазақстан
Республикасының ұлттық Заңнамасының терроризмге қарсы күресті
ұйымдастырудағы рөлі күшейе түсті.
Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы күрес туралы заңында
терроризммен күресте профилактикалық, құқықтық, саяси әлеуметтік -
экономикалық, насихаттық шараларды кешенді қолдану принципі басшылыққа
алынады. Себебі, терроризмге қарсы біржақты күрес жүргізу жеткіліксіз.
Маңыздысы - ел халқының террористік әрекеттердің қандай түрде болмасын,
қандай себептерге байланысты болмасын түрлерін қабылдамауы, заңсыз,
гуманистік қоғамға жат, заңды құбылыстар ретінде бағалауы болып табылады.
Мемлекетте терроризмге себеп болатын құбылыстардың болмауы үлкен рөл
атқарады. Әсіресе саяси билікке талас өркениетті әдістер шеңберінен шықпауы
қажет. Қазақстанға жақын орналасқан Ауғанстан, Пәкістан мемлекеттеріндегі
ахуал терроризмге қарсы күресте кешенді шараларды іске асырудың зәрулігін
дәлелдейді. Әсіресе, елдегі әлеуметтік - экономикалық жағдайдың түзелуі
маңызды. Ауғанстан сияқты героин өндірумен шұғылданатын елде тек
қылмыскерлік пен терроризм орын алатыны белгілі. Әлемдік наркотикалық
өнімдердің 2007 жылы 93 пайызын беріп отырған Ауғанстан әлемдік терроризм
мен наркобизнестің отанына айналып отыр. АҚШ-тың әскері Ауғанстанды
жауласа Ауғанстан героины АҚШ жастарын жаулауда.
Қазақстанның Терроризмге қарсы күрес туралы заңына сәйкес
Республикадағы барлық терроризмге қарсы күштер мен шараларды үйлестіретін
және қатаң орталықтандырып басқаратын Терроризмге қарсы комитет құрылды.
Ол Комитетті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің
бірінші орынбасары тікелей басқаратын болып бекітілді.
Терроризмге қарсы күрес туралы заңда көрсетілген алты принциптердің
әрқайсы маңызды. Біз қысқаша талдау жасаған принциптерде терроризмге қарсы
күрестің әлемдік тәжірибесі синтезделген. Сондықтан аталған принциптерді
ойдағыдай орындап отыру, терроризмге қарсы күресте тікелей басшылыққа алу
бұл істің тиімділігін арттырады, күшті терроризмге қарсы күрес саясатын
жолға қоюға көмектеседі.
Қазақстанда тікелей терактілер құбылысы орын алмағанымен олардың
болуының ықтималдығын ешкім жоққа шығара алмайды. Сол себепті заңда
терроризммен Республика көлемінде күрес жүргізетін құзырлы органдар нақты
көрсетілген. Бұл тізімді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
бастайды. Одан соң Ішкі істер Министрлігі, Қазақстан Республикасы
Президенті күзет қызметі және Қорғаныс Министрлігі. Сонымен бірге терроризм
құбылыстарын анықтауға және олардың жолын кесуге басқа да мемлекеттік
органдар қатынаса алады.
Қазақстан заңында террористік әрекеттердің алуын алуда, олар болған
жағдайда олармен күресу мақсатында мүдделі органдардың барлығы өз
қызметтерін үйлестіруге міндеттеледі. Террористік топтар халықаралық құқық
қорғау ұйымдарымен Қазақстанның сол мемлекеттермен қол қойған келісім
шарттарына сәйкес, халықаралық терроризмге қарсы күрес құжаттарына сәйкес
ынтымақтасып жұмыс жүргізеді.
Заңда Елбасының және экс-президенттің түрлі террористік қауіптерден
қорғалуы мәселесі де ерекше назарда. Бұл істе Президенттің күзет қызметінің
нақты міндеттері белгіленеді. Заң Қазақстан жерінде терроризмді
насихаттауға, заңсыз террористік және әскери ұйымдардың болуына тиым
салады. Ел аумағына бұрын террористік қозғалысқа, немесе жұмыстарға
қатысқан азаматтардың кіруіне де тиым салынады. Әрбір қазақстандық азамат
оларға террористік әрекеттер туралы мәлімет, немесе дайындалып жатқан
теракт туралы ақпарат белгілі болса олар туралы қауіпсіздік органдарына
міндетті түрде хабарлауға тиісті.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы 13 шілдеде қабылдаған Терроризмге
қарсы күрес туралы Заңында террористік актіден болатын түрлі салдарлар мен
қиыншылықтарға қатысты мәселердің барлығын дерлік заңдық негізде реттеу
мәселесін шешу көзделген. Терроризмге қарсы операция жүргізіліп жатқан
зонада болатын негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Халықаралық қауіпсіздік мәселесі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
ХХІ ғасырдағы орталық азия қауіпсіздік мәселесін нығайту мен жетілдіру жолдары
Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы зерттеу
Қазіргі халықаралық саяси қатнастардың геосаяси талдауы және дүниежұзлік глобальды мәселелер
Пәндер