Өрт туралы түсінік



Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім
1.1 Өрт туралы жалпы түсінік
1.2 Өрттен сақтану шаралары
1.3 Қ.Р.ның өрт қауіпсіздігі туралы заңдары

III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Өрт үлкен материалдық шығын әкеледі және кейбір жағдайларда адам өліміне де әкеледі. Сондықтан өрттен қорғау қоғамның әрбір мүшесінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.
Өрт дегеніміз – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.
Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдардың көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.
Өрт салдарлары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:
- жанған затқа оттың тікелей әсері;
- сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;
- жану зонасында иісті газбен улану;
- жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;
- құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім
1. Өрт туралы жалпы түсінік
2. Өрттен сақтану шаралары
3. Қ.Р-ның өрт қауіпсіздігі туралы заңдары

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Өрт үлкен материалдық шығын әкеледі және кейбір жағдайларда адам өліміне де
әкеледі. Сондықтан өрттен қорғау қоғамның әрбір мүшесінің маңызды
міндеттерінің бірі болып саналады.

Өрт дегеніміз – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке
зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін,
қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да
зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде
болады.  Сонымен бірге, адамдардың көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу
қаупі бар.
Өрт салдарлары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады.
Оларға жататындар:

-   жанған затқа оттың тікелей әсері;

-   сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге
қашықтықтық әсері;

-   жану зонасында иісті газбен улану;

-   жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;

-   құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың
жарақат алуы немесе қаза болуы.

1.1 Өрт туралы жалпы түсінік

Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын
тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған
ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да
зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде
болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі
бар.Өрт салдарлары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады.
Оларға жататындар:

-   жанған затқа оттың тікелей әсері;

-   сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге
қашықтықтық әсері;

-   жану зонасында иісті газбен улану;

-   жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;

-   құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың
жарақат алуы немесе қаза болуы.

Орман өрттері, яғни, орманның кенеттен бақылаусыз жануы өте көп зақым
тигізеді. Осындай апаттар мен одан пайда болған төтенше жағдайлар елдің
көмтеген аймақтарында болып тұрады. Бұл жағдайлар кейде адамдардың іс-
әрекеттерінен де болады.Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде
айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кезіндерінде,
егер жауын-шашын 15-18 күн бойы болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз
жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман
өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер,
аршалар т.б.  жатады.

Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады,
бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен
жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен
зардап шектіреді.Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-
жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының
ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі
материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.Жарылыс кезінде өртті
болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына
мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына  кедергі жасау керек.

Өрттен қорғанудың мақсаты — өрттердің алдын алу үшін ең тиімді,
экономикалық жағынан пайдалы, техникалық  жағынан дәлелденген тәсілдер мен
құралдарды іздестіру және өрт сөндірудің техникалық құралдары мен күштерді
тиімді пайдалана отырып, өртті аз шығынмен тоқтату.

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда
болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің
қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану
болып саналады.Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді
өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрт профилактикасы болып өртті
болдырмау немесе оның салдарларын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені
саналады.  Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті
жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:

-   құрылыстық-жобалау;

-   техникалық;

-   ұйымдастырушылық;

-   өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары.

Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа
төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын,
жанбайтын болып бөлінеді).  Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың
әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі
шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік
шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне
байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі
қашықтықтар белгіленеді.

Техникалық шараларына мыналар кіреді:

-   өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан
кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;

-   құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер
парамертлерін сақтау;

-   әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.

Ұйымдастырушылық шаралар құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт
қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.Өрт сөндіру тәсілдері мен
құралдары

Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:

1.      ыстық  жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;

2.      ауадағы оттегі концентрациясын азайту;

3.      ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан
төмендету.

Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын
газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.

Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:

-   қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест
жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті
от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер;
хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);

-   өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар;
автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру
жүйелері).

Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ
үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай
қатаң түрде жүзеге асыру қажет.Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда
нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда
шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде
кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек.
Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын
сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға
болмайды.

2. Өрттен сақтану шаралары

  Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі
мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту.
Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден
тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.

1. Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті
сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын енкейіп (өйткені түтін
жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
2. Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз,
ауа өртті күшейтіп жібереді.
3. Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан
қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез
келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу
мүмкін.
4. Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық)
болса, онда шатырға көтеріліңіз.
5. Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық
жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты
дауыс беріп көмекке шақырыңыз.
6. Егер сізге біреуді өрттен кұтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен
орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді
жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен
мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.
7. Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды
дем беріңіз.
ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.
1.      Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан
кейін үстінен су кұйыңыз.
2.      Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен
орап қойыңыз.
3.      Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың
себепкері болады.
4.      Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.
  ЖИҺАЗ ЖАНУЫ
        Казіргі жиһаз синтетикалық материалдардан жасалынады және
синтетикалық смоламен сіңірген, сондықтан бұл жиһаз жанған жағдайда қауіпті
болады.
         Жанып жатқан жиһазды балконға шығармаңыз, өйткені ауа одан да
қатты оны жандырып жібереді.
          Егер жиһаз қатты жанып тұрса, оны ылғал шүберекпен жаппаңыз
немесе сумен төкпеңіз. Мұндай жағдайда пәтерден тез шығуыңыз керек. 
    АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ
         Адамды тез ғана жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына
баруына жол жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңыз.
Отты абайсыз қолданудан болатын (шылым шегу, алаулар, шырақтар, пілтелер,
көмір, күл, т.б.) өрттердің қалай алдын алу.
Шылым шегуден және ашық оттан болатын өрттердің оңай алдын алуға
болады. Тек қана әр тұрғын өртке қарсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Өрт туралы
Ғимараттағы инженерлік құралдарға қойылатын өртке қарсы талаптар
Өрт сигнализациясы
Массивтерді программалау
Құрылыс құрылымдарын, материалдарды оттан қорғау тәсілдері
Күштік трансформаторлардын негізгі параметрлері
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері
Жоғарғы температура қолданылған төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру
Жарылыс, жарылыстың меншікті күші, жарылыс қауіпті жүйе
Пәндер