Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Шығыс елдері



1. Түркияның герман блогына қосылуы.
2. Екі соғыс коалициясының Иран бейтараптылығын бөзуы.
3. Қытайда демократиялық қозғалыстың күшеюі.
4. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Индия.
Бірінші дүниежүзілік соғыс капиталистік державалардың соқтығысы болып табылады. Империалистік қайшылықтардың күшеюі соғысқа әкеліп соқтырды. Бұл соғыстың басты себебі- ол отарларды және отарлық иеліктерді бөлу мәселесі еді. Империалистік дәуірде капиталистік елдердің дамуы бірыңғай емес еді. XIX ғасырдың соңында Англия және Франция секілді елдерді Германия, АҚШ, Жапония алдынғы позициялардан ығыстырды.
Капиталистік әлемнің тарихында герман империалистік мемлекеті ерекше роль атқарды. Герман империясы құрылған кезінен бастап-ақ Шығысқа басқыншылық саясатын жүзеге асыруға тырысты. XX ғасырдың басындағы "Дранг нах Остен!" ("Шығысқа!") деген ұраны неміс буржуазиясының негізгі тірегі еді. Әрине неміс буржуазиясы Ресей, Түркия, Иран, Арабтық Шығыс, Индия, Ауғанстан т.б. елдер есебінен территориясын ұлғайтуға тырысты.
Соғыс жылдары қару-жарақ, азық-түлік, киім-кешек, металл, шикізатқа деген сұраныс күшейді. Осыған байланысты метрополиялар Азия және Африкадағы иеліктерін одан әрі қанауға ұшыратты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Түркия әлсіз, ішкі қайшылықтарға толы мемлекет еді. Елде саяси реакция үстемдік етті. Жас түріктер үкіметі түрік емес халықтарға қысым көрсетті, түрік халыктарының демократиялық қозғалысын басып-жаншыды. Ауыл шаруашылығы құлдырады, Ұлттық өнеркәсіп жоқ есебі еді. Шет ел капиталы түрік экономикасына бақылауын күшейтті. Елде француз және ағылшын капиталы басым еді. Соғыстың алдында герман империализмі түрік экономикасына және саясатына енуін күшейтті. 1913 жылы Түркияға Лиман фон-Сандерс басқарған герман әскери миссиясы келді. Ол елде түрік армиясына бақылау орнатты.
Бұл соғыс Түркияны Антанта елдері бөліске салатындығын немесе елдің герман империалистерінің отары болып қалатындығын шешу керек еді. Соғыс қарсаңында Германия Түркияны ез жағына тартуына мүдделі болды. Түркияның министрі Энвер-пашаның қолдауының нәтижесінде герман империализмі өз мақсатына жетті.
Әдебиеттер:

1. Губер А.А., Ким Г.Ф., Хейфец А.Н. Новая история стран Азии и Африкы. М., 3982
2. ВасильевЛ.С. История Востока. Ч. 11 .М., 2000
3. Розалиев Ю.Н. Новая и новейшая история стран Азии и Африки.
4. История стран Азии и Африки в новое время. Ч. 11. М., 1991

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Шығыс елдері

1. Түркияның герман блогына қосылуы.
2. Екі соғыс коалициясының Иран бейтараптылығын бөзуы.
3. Қытайда демократиялық қозғалыстың күшеюі.
4. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Индия.

Әдебиеттер:

1. Губер А.А., Ким Г.Ф., Хейфец А.Н. Новая история стран Азии и Африкы. М., 3982
2. ВасильевЛ.С. История Востока. Ч. 11 .М., 2000
3. Розалиев Ю.Н. Новая и новейшая история стран Азии и Африки.
4. История стран Азии и Африки в новое время. Ч. 11. М., 1991

1. Бірінші дүниежүзілік соғыс капиталистік державалардың соқтығысы болып табылады. Империалистік қайшылықтардың күшеюі соғысқа әкеліп соқтырды. Бұл соғыстың басты себебі- ол отарларды және отарлық иеліктерді бөлу мәселесі еді. Империалистік дәуірде капиталистік елдердің дамуы бірыңғай емес еді. XIX ғасырдың соңында Англия және Франция секілді елдерді Германия, АҚШ, Жапония алдынғы позициялардан ығыстырды.
Капиталистік әлемнің тарихында герман империалистік мемлекеті ерекше роль атқарды. Герман империясы құрылған кезінен бастап-ақ Шығысқа басқыншылық саясатын жүзеге асыруға тырысты. XX ғасырдың басындағы "Дранг нах Остен!" ("Шығысқа!") деген ұраны неміс буржуазиясының негізгі тірегі еді. Әрине неміс буржуазиясы Ресей, Түркия, Иран, Арабтық Шығыс, Индия, Ауғанстан т.б. елдер есебінен территориясын ұлғайтуға тырысты.
Соғыс жылдары қару-жарақ, азық-түлік, киім-кешек, металл, шикізатқа деген сұраныс күшейді. Осыған байланысты метрополиялар Азия және Африкадағы иеліктерін одан әрі қанауға ұшыратты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Түркия әлсіз, ішкі қайшылықтарға толы мемлекет еді. Елде саяси реакция үстемдік етті. Жас түріктер үкіметі түрік емес халықтарға қысым көрсетті, түрік халыктарының демократиялық қозғалысын басып-жаншыды. Ауыл шаруашылығы құлдырады, Ұлттық өнеркәсіп жоқ есебі еді. Шет ел капиталы түрік экономикасына бақылауын күшейтті. Елде француз және ағылшын капиталы басым еді. Соғыстың алдында герман империализмі түрік экономикасына және саясатына енуін күшейтті. 1913 жылы Түркияға Лиман фон-Сандерс басқарған герман әскери миссиясы келді. Ол елде түрік армиясына бақылау орнатты.
Бұл соғыс Түркияны Антанта елдері бөліске салатындығын немесе елдің герман империалистерінің отары болып қалатындығын шешу керек еді. Соғыс қарсаңында Германия Түркияны ез жағына тартуына мүдделі болды. Түркияның министрі Энвер-пашаның қолдауының нәтижесінде герман империализмі өз мақсатына жетті.
1914 жылы қазан айында Германия Түркияға 100 миллион суммасында заем берді. Бұл Түркияның соғысқа қатысуы үшін берілген ақша есебінде еді. 1914 жылы 29 қазанда герман-түрік кемелері адмирал Сушонның басқаруымен Севастопольге соққы берді. Түркия бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып Германияның жағында болды. Соғысқа кірген соң Түркия Германияның жартылай отарына айналды. Жас түріктер көсемдері соғыстан пайда табуға тырысты.
2. Соғыс қарсаңында Иранның шет ел державаларына тәуелділігі күшейді. Соғыстың алдында Иранда Германия белсенді саясатын жүргізе бастады. Иранның қалаларында көптеген неміс фирмаларының бөлімшелері қызметін жүргізді. Герман империалисттері Бағдад теміржолының салынуы Түркиямен қатар Иранды да тәуелді етуге мүмкіндік береді деп ойлады.
Соғыс алдында Англия және Россия Иран үшін талас жүргізді. Бұл елдер Иранда бір-бірінің позицияларын әлсіреіуге тырысты. 1914 жылы 2 қарашада Түркия соғысқа енгеннен кейін-ақ Иран үкіметі ресми түрде бейтараптылығын жариялады, бірақ ешбір соғысып жатқан әскери коалиция Иранмен санасқысы келмеді.
Германия Иранды өз жағына тарту үшін неше түрлі пиғылдарды жүзеге қосты. Иранға түрік әскерін жіберді, көшпелі тайпалардың хандарын сатып алуға тырысты, халықтың Англияға және Россияға деген наразылығын өз пайдасына шешті.
1917 жылдың басында бүкіл Иранның территорнясы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Ұлы отан соғысы (1941-1945 жж.)
Бірінші дүниежүзілік соғысты қорытындылау
Екінші дүниежүзілік соғыс туралы
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Фашистік қозғалыстың пайда болуы, а.гитлердің үкімет басына келуі
Ұлыбританиядағы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуал
ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы
1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Пәндер