Статистикалық көрсеткіштерді графикалық әдіс арқылы бейнелеу



1. Статистикалық графикалық әдіс, оның қолданылуы.
2 Графиктік әдістің негізгі түрлері.
3. Картограмма және картодиаграмма.
4. Статистикалық өзгермеге түсінік және өзгерменің өрісі.
Кестелік әдіс берілген мәліметтерді тез оқуға, әрі жылдам қорытынды жасауға толық мүмкіншілік береді. Графикалық әдісі статистикалық кестенің табиғи жалғасы болып кез-келген кестенін мәліметтерін график түрінде бейнелеуге мүміндік береді.
Статистикалық график - берілген сандық көрсеткштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.
Статистикалық график арқылы сандық көрсеткіштердің өсуін немесе кемуін, олардын өзара байланыстылығын. заңдылығын анықтау үшін, оның алдына қойған мақсатына көңіл аударып, негізгі талаптарын орындау қажет: 1) графикте көрсетілген статистикалық мәліметтер айқын шындықты бейнелеуі керек; 2) графиктің құрылымы көңіл аударарлықтай көрнекті, түсінікті болуы және жеңіл оқылуы тиіс. мүмкіншілігінше көркем бейнеленгені дұрыс; 3) графиктегі бейнеленген көрсеткіштердің мәні мен мазмұнына байланысты оның толық аты, орны, уақыт мерзімі және шартты белгілері көрсетілуі тиіс.
Графикалық әдіс мәліметтерді көрнекті түрде көрсетіп қана қоймай, сол көрсеткіштерге талдау жасауға, яғни жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға және қорытындылауға пайдаланылады.
Геометриялык белгілердің қолданылуына қарай графиктер нүктелі және сызықты болып екіге бөлінеді.
Нүктелі график деп график негізінің жиынтықтары нүкте ретінде. ал сызықтық график деп сызықтардын колданылуына байланысты болатын жол-жолды, төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және т.б. түрінде берілгендерін айтамыз. Кейбір кездерде графиктер геометриялық емес фигуралармен (әр түрлі суреттермен: көмескі, бұлдыр кескіндермен) белгіленеді. Мұндай графиктердің түрлсрін бейнелі график деп атайды.
Сандық мәліметтерді график арқылы бейнелеу үшін, алдымен оның масштабын тандап алуымыз кажет, содан кейін оған шкаласын түсіреміз. Масштаб (мөлшер) деп графикке түсірілетін сандық шаманы шартты өлшеп бірлігіне аустыруды айтамыз. График немесе масштаб шкаласы деп әрбір статистикалық сандық көрсеткіштерді белгілі бір межемен көрсететін жеке нүктелер мен сызықшаларды атайды.
Статистикалық графикте сызылуына қарай түзу сызықты (түзу сызылған сызықтың сактиметрге немесе миллиметрге бөлінуі) және қисық сызықты (шеңбердің 360 градусқа бөлінуі) масштаб шкаласы қолданылады. Сондай-ақ, масштаб шкаласына қарай біркелкі және біркелкі емес болып екі түрге бөлінеді. Біркелкі немесе арифметикалық масштаб шкаласы дегеніміз, әрбір белгілген белгінің сандық мәніне пропорционалды сәйкес екендігін көрсету. Және ол статистикада жиі қолданылады.
Біркелкі емес масштаб шкаласы деп әрбір белгіленген белгінің сандық мәнге сәйкес емес екендігін көрсетуді айтамыз,

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
СТАТИСТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ГРАФИКАЛЫҚ
ӘДіС АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ
Статистикалық графикалық әдіс, оның қолданылуы.
Кестелік әдіс берілген мәліметтерді тез оқуға, әрі жылдам қорытынды
жасауға толық мүмкіншілік береді. Графикалық әдісі статистикалық кестенің
табиғи жалғасы болып кез-келген кестенін мәліметтерін график түрінде
бейнелеуге мүміндік береді.
Статистикалық график - берілген сандық көрсеткштердің мазмұнын
геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу немесе
географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған
сурет.
Статистикалық график арқылы сандық көрсеткіштердің өсуін немесе
кемуін, олардын өзара байланыстылығын. заңдылығын анықтау үшін, оның алдына
қойған мақсатына көңіл аударып, негізгі талаптарын орындау қажет: 1)
графикте көрсетілген статистикалық мәліметтер айқын шындықты бейнелеуі
керек; 2) графиктің құрылымы көңіл аударарлықтай көрнекті, түсінікті болуы
және жеңіл оқылуы тиіс. мүмкіншілігінше көркем бейнеленгені дұрыс; 3)
графиктегі бейнеленген көрсеткіштердің мәні мен мазмұнына байланысты оның
толық аты, орны, уақыт мерзімі және шартты белгілері көрсетілуі тиіс.
Графикалық әдіс мәліметтерді көрнекті түрде көрсетіп қана қоймай, сол
көрсеткіштерге талдау жасауға, яғни жетістіктері мен кемшіліктерін
анықтауға және қорытындылауға пайдаланылады.
Геометриялык белгілердің қолданылуына қарай графиктер нүктелі және
сызықты болып екіге бөлінеді.
Нүктелі график деп график негізінің жиынтықтары нүкте ретінде. ал
сызықтық график деп сызықтардын колданылуына байланысты болатын жол-жолды,
төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және т.б. түрінде берілгендерін айтамыз.
Кейбір кездерде графиктер геометриялық емес фигуралармен (әр түрлі
суреттермен: көмескі, бұлдыр кескіндермен) белгіленеді. Мұндай графиктердің
түрлсрін бейнелі график деп атайды.
Сандық мәліметтерді график арқылы бейнелеу үшін, алдымен оның
масштабын тандап алуымыз кажет, содан кейін оған шкаласын түсіреміз.
Масштаб (мөлшер) деп графикке түсірілетін сандық шаманы шартты өлшеп
бірлігіне аустыруды айтамыз. График немесе масштаб шкаласы деп әрбір
статистикалық сандық көрсеткіштерді белгілі бір межемен көрсететін жеке
нүктелер мен сызықшаларды атайды.
Статистикалық графикте сызылуына қарай түзу сызықты (түзу сызылған
сызықтың сактиметрге немесе миллиметрге бөлінуі) және қисық сызықты
(шеңбердің 360 градусқа бөлінуі) масштаб шкаласы қолданылады. Сондай-ақ,
масштаб шкаласына қарай біркелкі және біркелкі емес болып екі түрге
бөлінеді. Біркелкі немесе арифметикалық масштаб шкаласы дегеніміз, әрбір
белгілген белгінің сандық мәніне пропорционалды сәйкес екендігін көрсету.
Және ол статистикада жиі қолданылады.
Біркелкі емес масштаб шкаласы деп әрбір белгіленген
белгінің сандық мәнге сәйкес емес екендігін көрсетуді айтамыз,
5.2 Графиктік әдістің негізгі түрлері.
Статистикада графиктік әдіс төмендегі мәселерді шешуде қолданылады: 1)
статистикалық көрсеткіштерді салыстыру; 2) зерттелетін жиынтықтың құрамы
мен құрылымын сиппаттау; 3) уақыт мерзіміне сәйкес құбылыстағы болған
өзгерістердің өсіңкілігін бақылау; 4) құбылыстардың өзара байланыстылығын
білу; 5) кеңістіктегі орналасуын және таратпалық дәрежесін
анықтау үшін.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарына сай және кеңістіктің бағытына.
байланысты графикалық әдіс диаграмма және картограмма болып негізгі екі
түрге бөлінеді. Сонымен қатар сәтіне, міндетіне қарай графиктік әдіск,
картодиаграмма да
қолданылады.
Графиктік әдістің ішіндегі ең жиі колданылатын және кен тараған түрі -
диаграмма - (diagramma) - грек сөзі. Ол бейне, сурет, сызба деген мағынаны
білдіреді.
Бұл - статистикалық сандық көрсеткіштердің қарымқатынас мөлшерін
көрнекті түрде көрсететін графикалық сурет немесе геометриялық фигуралар
жүйесі арқылы бейнелетін сызық. Диаграмманы құру үшін жазықтықтар мен
сызықтар, ал кейде геометриялық денелер пайдаланылады. Осыған
сәйкес
диаграммалар бағаналы, сызықты, шаршылы, шеңберлі, секторлы және фигуралы
болып бөлінеді (1 тіркеме).
Бағаналы диаграммада салыстырылып отырған әрбір бағана жеке зерзатты
немесе уақыт мерзімдері бейнелейді. Мұны құрастыру кезінде әрбір
бейнеленген көрсеткіштердің екі бірдей ал биіктігі сандық мәліметтеріне
байланысты әр түрлі, бірақ масштабтары біркелкі болуы қажет.
Құрылымды диаграмма статистикалық жинақтардың құрамын салыстыру үшін
қолданылады. Оның көрсеткіштері жалпы жиынтықтың бөлшектерінің үлесін, яғни
оның бірнеше бөлшектерге бөлінуін бейнелейді, және сандық көрсеткіштері
накты немесе процент түрінде беріледі.
Шаршылы диаграмманың бағаналы немесе жолды диаграммалардан
айырмашылығы, мұнда бейнелеуге құбылыстын көлем мөлшері алынады. Ол үшін
алдымен сандык көрсеткіштердің шаршы түбірден шығатын мәнін тауып алу
қажет.
Шеңберлі диаграмма деп біркелкі берілген негізгі нақты шаманың өзара
қарым-қатынасын шеңбер көлемі арқылы бейнелеуді айтамыз.
Секторлық диаграммада берілген мәліметтер шеңбер арқылы көрсетіледі.
яғни кұрылымның салыстырмалы көрсеткіштері жиынтықтың жеке бөліктерінің
үлесін бейнелейді. Мұнда сызылған шеңбердің 360 градусы 100 пайызға тең деп
алынады.
Сызықтық диаграмма өсіңкілік қатарларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистикалық кестелер
Салыстырмалы шамалар
Статистика туралы түсінік және ғылыми міндеттері мен мақсаттары. Сұрақ-жауап түрінде
Статистикалық график географиялық диаграмма
Салыстырмалы өлшемдер жалпы жəне жеке көрсеткіштер
Қоғамдық денсаулық сақтау ғылым және білім беру пәні ретінде жұмыс бағдарламасының тематикалық жоспарына сәйкес
Гаж және картометриялық зерттеу мен талдау
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Статистиканың жалпы теориясы
Салыстырмалы шамаларды талдау
Пәндер