Салық салудың принциптері



Жоспары:

1. Салық және салық салуға қатысты түсініктер
2. Салық салу дегеніміз не?
3. Салық салуды ұйымдастыру
Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Бұл Карлл Маркске сол кездегі капиталистік коғам салықтарының мәнін былайша білдіруге негіздеме берді: «Салық - бұл меншікпен, отбасымен, тәртіппен және дінмен қатар бесінші кұдай»; одан ары: «Салықтарда мемлекеттің экономикалық тұрғыдан айтылған өмір сүруі жүзеге асады». Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әркашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыруда заңи және жеке тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-інші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге міндетті телемдерді телеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған. Қайта бөлудің тетігі бола отырып, салықтар бөлу жүйесінде пайда болатын жаңылыстарды «өшіруді» және экономикалық субъектілер кызметін ынталандыруды немесе тежеуді талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
2. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
3. Қаржы оқулығы. (Жоғары оқу орындарына арналған оқулық) – Алматы:2005. – 552 бет. Ілисов Қ.Қ., Құлпыбаев С.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1. Салық және салық салуға қатысты түсініктер
2. Салық салу дегеніміз не?
3. Салық салуды ұйымдастыру

Салық салудың принциптері
Салық және салық салуға қатысты түсініктер
Салықтар - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Бұл Карлл Маркске сол кездегі капиталистік коғам салықтарының мәнін былайша білдіруге негіздеме берді: Салық - бұл меншікпен, отбасымен, тәртіппен және дінмен қатар бесінші кұдай; одан ары: Салықтарда мемлекеттің экономикалық тұрғыдан айтылған өмір сүруі жүзеге асады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әркашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыруда заңи және жеке тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-інші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге міндетті телемдерді телеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған. Қайта бөлудің тетігі бола отырып, салықтар бөлу жүйесінде пайда болатын жаңылыстарды өшіруді және экономикалық субъектілер кызметін ынталандыруды немесе тежеуді талап етеді.
Мемлекет қаншама ғасыр өмір сүрсе, салықтар соншама ғасыр өмір сүреді және мемлекет соншама оңтайлы салық салудың кағидаттары мен әдістерін, яғни салық төлеушілер салық төлеу үшін, ал казына көптен-көп кіріс алу үшін салық жинауды қалай ұйымдастыру керектігін іздестірді.
Мемлекеттік салық салу саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор. Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық. Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.
Салық салу элементтері
Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз - заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
Салық объектісі - табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
Салық көзі - салық салынатын табыс.
Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.
Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.
Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады. Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.
Салық оклады - салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.
Салық төлеу мерзімі - салық төленетін уақыт.
Салық төлеу тәртібі - белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
- салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу; - заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; - салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру. Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:
уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;
Салық салу дегеніміз не?
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 1995 жылғы 24-інде қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы 440-1 заңына сәйкес мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Салық салу не екеніне жоғарыда тоқталған болатынбыз. Ал, салық салу объектісіне келетін болсақ, олар екіге бөлінеді: тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар - салық төлеушінің кіріс мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілерінің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй,жер,кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с) салынады. Жеке тура салықтар - бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылағы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы ен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар - бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлешінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі,экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық салудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу,патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асады.
Мағлұмдама жағдайында салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлерін бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер салық органдарына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-наурызына дейін береді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Кассалық әдіске сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cалықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері
САЛЫҚ САЛУ МЕН ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Салық салудың экономикаға және әлеуметтік салаға әсері
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі салық салу жүйесі, салықтың экономикалық-құқықтық мәні, теориялық негіздері, салық жүйесіндегі заңдылықтар мен тәртіптер, теорияларды жүйелеу, оны жетілдіру ұсыныстарын жасау
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: қалыптасуы және даму кезеңдері
Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі
Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының салықтық жүйесі
САЛЫҚТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ
Салықтардың әлеуметтік экономикалық мәні. Салық нысандары
Пәндер