Табиғат апаттарына қысқаша сипаттама


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Табиғат апаттарына қысқаша сипаттама. Олардың түрлері,
алғашқы құтқару жұмыстары
Табиғат апаттарыың төтенше сипаттары, табиғат көріністері халықтың көп немесе аз бөліктерінің қалыпты өмір сүруінің бұзылуына және өлімге соқтырады. Біздің елімізде географиялық жағдайына қарай келесі апаттар кездесуі мүмкін
1. Жер сілкінісі.
2. Су тасқыны
3. Қар көшкіні.
4. Дауылдар немесе құйындар.
5. Өрттер.
Табиғат апаттары кенеттен пайда болғандықтан олар ғимараттар мен тұрғын үйлерді құрылыстарды бағалы нәрселерді жоюы мүмкін. Өндірістік процестер бұзылады адам немесе жануар өліміне соқтырады.
1. Жер сілкінісі
Жер сілкінісі ең қауіпті табиғат апаты. Ол жер асты немесе жер беті тербелісін шақыратын және көп энергия бөліп шығаратын жердің ішкі күштерінің сыртқа шығуы. Жер сілкінісі жер бетінде кейде жүздеген километр тереңдегі тау жыныстарының орын ауыстыру салдарынан болады. Жер сілкінісі көбінесе таулы аудандарда болып тұрады. Жер сілкінісі салдарынан бірнеше секунд ішінде үлкен қалалар тас-талқан үйіндіге айналуы оп-оңай. Ең қатты сілкініс кезінде жердің жарылуы басталады. Өзендердің арнасы өзгеріп, сарқымалар, көлдер пайда болады. Бір жылда жер бетінде 100 мыңнан астам жер сілкінісі болады. Бізге білінбейтін болмашы жер сілкінісін тек қана сезгіш аспаптар-сейсмографтар байқайды. Жер сілкінісінің тербелу күші 1-ден 12-ге дейінгі балл шкаласымен өлшенеді немесе Рихтер Шкаласы деп аталады.
Өткен ғасырда болған ең ірі жер сілкіністеріне 1923-жылы Жапонияда, 1948-жылы Ашхабадта, 1966-жылы Ташкентте, 1988-жылы Арменияда болған жер сілкіністері жатады. Жер сілкінісі кезінде келесі жағдайлар пайда болады:
1. Жер жарықтарының нәтижесінде елді мекендер бұзылады немее үйінділер пайда болады.
2. Энергетикалық немесе газ жүйелері істен шығады. Өндірістік авриялар немесе өрттер пайда болады.
3. Көлдер, өзендер арнасының өзгеруіне байланыты су топаны пайда болады.
4. Вулканизация атқылау нәтижесінде улы газдар мен улану пайда болады.
5. Ыстық лаваның нәтижесінде елді мекендердің өртенуі немесе адамдардың жарақаттануы пайда болады.
6. Адамдарға ауыр психологиялық әсері.
Жер сілкінісі кездесетін Қазақстанда келесі аудандар есепке алынады. Алматы, Шығыс Қазақтан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
Жер сілкінісі басталған жағдайда немесе хабарланған жағдайда үрейге бой алдырмай тез арада үйдегі жылу приборларын, газды, жанып жатқан отты сөндіру керек. Балаларды, қарттарды тез арада киіндіріп, қолға қажетті заттарды құжаттарды, аз ғана азық-түлік қорын алып сыртқа шығуы керек. Сыртта үлкен ғимараттар мен құрылыстардың жанынан аулақ болу керек. Егер үйден шығып үлгере алмаса есіктің немесе терезенің жанына барып тұру керек. Жер сілкінісі бәсеңдегенде сыртқа шығуға болады. Егер үлкен қабатты үйлер болатын болса, есіктің жанында немесе қабаттарға көтерілетін жердің жанында тұру керек.
2. Су тасқыны
Су тасқыны табиғат күшінің әсерінен құрғақ жердің көп бөлігін сумен алып кету. Су тасқыны-өте қатты нәсерлі жаңбырдың соңын ала, өзен бастауына ұштаса таяу жатқан мұздардың күн ыстығынан шұғыл еруінен, кейде жасанды бөгендер суының жағаны жырып бұзуынан пайда болады. Таудан құлаған лайлы-тасты тасқынның жылдамдығы екундына 5-10метрге дейін жетеді. Екпіндей аққан сел тасқыны салмағы бірнеше тонналық тастарды домалатумен бірге, діңіне адам құшағы жетпейтін биік ағаштарды тамырымен қоса жұлып әкетеді. Су тасқыны келесі себептерден болуы мүмкін.
1. Жауын-шашынның көп түсуі, қардың көп түсуі немесе еруі.
2. Қатты желдің әсерінен мұздақтың суға түсіп еруі.
3. Жер сілкіну, ядролық жарылыс кезінде гидротехникалық құрылыстардың бұзылуы.
Егер жергілікті жер су тасқынына көбірек ұшырайтын болса, онда алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Ол жерге платиналар, су ағысын реттейтін гидротехникалық құрылыстар салу керек.
Сел
Сел тасқыны тау аңғарларына, тау бөктеріне таяу орналасқан елді мекендер, әр түрлі жұмыстар, жолдар, шаруашылық мекен-жайлары, егістік жерлері үшін тым қауіпті. Сел апатынан қорғану үшін қауіпті жерлерге каналдар, көпірлер, су бөгендері, платина салынып, тау беткейлерінде қар ұстайтын ағаштар отырғызылады.
3. Қар көшкіндері
Ол қыс мерзімінде пайда болатын табиғат көрінісі. Оның пайда болу себебі: қардың бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін көп түсуі.
4. Боран және дауылдар
Борандар немесе дауылдар үлкен жылдамдықпен ауа массаның қозғалысы немесе циклондар кезінде пайда болады.
Қай кезде оның жылдамдығы сағатына 118 км, секундына 32, 07м. Дауыл кезінде үйлер, ғимараттар бұзылады, ағаштар қай кезде түбірімен жұлынады, электр байланыс жүйелері бұзылады, әр түрлі техникалық құрылыстар істен шығады. Электр жүйесінің үзілуінен өрттер пайда болады. Адамдар көбінесе бұзылған үйлер мен ғимараттардың астында қалады. Көп жарақаттар пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz