Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 6

1. 1 Нарық жағдайында өнім сапасы ұғымы, экономикалық мәні . . . 6

1. 2 Өнімнің сапасын бағалау көрсеткіштері және оны талдау әдістері . . . 9

1. 3 Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар . . . 10

2 «БАЯН-СҰЛУ» АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ.

2. 1 «Баян-сұлу» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау . . . 14

2. 2 «Баян- Сұлу» АҚ -ның бәсекелік қабілеттілігін және өнімнің сапалық қасиеттерін бағалау . . . 20

3 ӨНІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ . . . 31

3. 1 Халықаралық ИСО стандарттарын енгізу . . . 31

Қорытынды . . . 36

Пайдаланылған әдебиеттер көздері . . . 38

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі : Қазіргі кезде өнім сапасын көтеру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Қазақстанның әлемдік нарыққа қосылуы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше болуға ұмтылуы сапа мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті өным шығару үшін де сапаға үлкен мән беру қажет. Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық даму жолына бет алған кезде сол сияқты әлемнің дамыған елу елдің қатарына қосылу міндеті анықталған уақытта отандық тауар өндірушілер өз өнімдерінің сапалық қасиеттеріне мән беруі тиіс.

Бұл орайда Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында мынандай мәселе көтерген болатын: «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.

Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі, әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.

Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті».

Негізінен алғанда сапа тауарды нарықта жылжытудың бірден-бір құралы болып табылады. Сол себептен ел экономикасы тұрақты және тиімді даму үшін сапаға, оның көрсеткіштерінің ілгері жылжуына көп көңіл бөлінуі тиіс.

Жұмыстың мақсаты- нарық жағдайында кәсіпорындағы өнімнің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру болып табылады. Осы қойылған мақсатқа орай жұмыстың келесі міндеттері анықталды:

  • нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелерін қарастыру, сапа ұғымына анықтама беру;
  • «Баян-сұлу» АҚ мысалы негізінде өнімнің сапасына талдау жасау;
  • Өнім сапасын басқаруды жетілдіру бағыттары мен жолдарын қарастыру.

Жұмыстың зерттеу нысанасы - ҚР Қостанай қаласында орналасқан кондитер өнімдерін шығаратын «Баян-сұлу» АҚ.

Негізгі дерек көздер: жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін кәспорындағы өнім сапасын басқарудағы шетелдік, отандық ғалымдардың ойлары және еңбектері, кәсіпорын құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.

Жұмыстың құрылымы: берілген курстық жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Жұмыстың бірінші тарауында нарық жағдайындағы өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелерін қарастырылды. Бұл тарауда өнім сапасына анықтамасын беріліп, оның көрсеткіштеріне талдау жасалды. Сонымен қатар өнім сапасына әсер ететін факторларға талдау жасалды.

Екінші тарауда «Баян-сұлу» АҚ мысалы негізінде кәсіпорындағы өнімнің сапасына талдау жасалды. Бұл тарауда басты назар кәсіпорында өндірілетін өнім сапасын басқару әдістеріне аударылып, өнімнің бәсеке қабілеттілігіне талдау жасалды.

Үшінші тарауда өнеркәсіптік кәсіпорынның шығаратын өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Мәселен, шетелдік тәжирибеде кең қолданылып келе жатқан ИСО-9003 - өнімді бақылау және тексеру, ИСО-9004 сапаны және сапа жүйесін жалпы басқару, және т. б. стандарттарын енгізу.

1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1. Нарық жағдайында өнім сапасы ұғымы, экономикалық мәні

Ғылыми және арнайы әдебиеттерде өнім сапасына берген анықтамалардың түр-түрлерін кездестіруге болады. Дегенмен де әбден қалыптасып, құлаққа үйреншікті стандартты анықтама да баршылық. Өнім сапасы - бұл тауардың тағайындалуына сәйкес белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетімен шартталатын қасиеттер жиынтығы.

1-сурет. Кәсіпорындағы «сапа ілмегі»

Сапа саласындағы белгілі американдық ғалым А. Фейгенбаум өзінің «Сапа билігін басқару» атты еңбегінде өнім немесе бұйым сапасы ретінде келесі түсінік береді: «өнім немесе қызмет көрсету сапасын өнімнің немесе қызмет көрсетудің техникалық, технологиялық және тұтынушылық сипаттамаларының ортақ жиынтығы деп тануға болады…»

Сонымен қатар, автордың дәл атап кеткені, өнім сапасы инженермен емес, тіпті жалпы басқару әдістерімен де емес, тұтынушымен анықталады.

Басқаша айтсақ, сапаның негізін өнімді немесе қызмет көрсетуді пайдаланудағы ұтынушының тәжірибесі жатыр.

Қазіргі кездегі өндірістің өнім сапасын қамтамасыз етудің өзектілігі келесідей негізгі себептерге байланысты:

1. сапа- ірі сатып алушылар үшін басты критериі. Өнімнің бағасы жоғары болғаннан тапсырысты жоғалту, өнімнің сапасы төмен болғаннан жақсырақ.

2. жалпылама сапа. Бәсекеге қарсы тұру үшін, кәсіпорын көптеген жеке шараларды жүзеге асырады. Сапа және сапаны басқару жүйесі кешенді шараларды ұсынады. Өндірістік процестің барлық сатыларын қамтиды- өнім саясаты, жоспарлау, маркетинг, өткізу ұжым, инновация және технология, кәсіпорын нарықта тиімді жұмыс жасауы үшін.

3. сапа- шығындарды төмендетудің басты құралы. Кейіннен қатені жөндегенше, бірден дұрыс жасаған арзанырақ болып табылады.

4. сапа - фирманың нарықта нық тұруын қамтамасыз етеді. Ашық және либералды нарық жағдайында тауар және қызмет көрсету бірін-бірі ауыстыра алады. Өнім сапа деңгейі маңызды болып келеді.

Көптеген отандық зерттеушілер сапаны ғылыми-техникалық ілгері дамудың айнасы деп те атайды. Өнім сапасын - бұл кәсіпорын қызметінің айнасы. Сапаға қарап қолданған техникалық, технология және басқару деңгейі анықталады.

Сонымен қатар, өнім сапасы тек техникалық категория болып қана қоймай, аса маңызды экономикалық категория болып та танылады. Экономикалық категория ретінде ол тұтынушылық құнмен тығыз байланысты. Егер де тұтыныушылық құн тауардың негізгі пайдалылығы болса, онда өнім сапасы өнімді пайдаланудағы нақты жағдайдағы тұтынушылық құнның көріну деңгейі болып табылады.

Өнім сапасы тұтынушылық құнның бір немесе бірнеше қасиеттерін сипаттайды. Сонымен қатар өнім сапасы экономикалық категория ретінде міндетті түрде кәсіпорын қызметінің өзіндік құн, баға, рентабельділік, пайда және т. б. сияқты экономикалық көрсеткіштерін қалыптастырады.

Өнім сапасын арттыру маңызын макро- және микродеңгейлерде қарастыру керек. Макродеңгейдегі өнім сапасын жоғарылату келесі мүмкіндіктерді береді:

  • Тауар мен қызмет көрсетулердің экспортын өсіру;
  • Экспорт құрылымын жақсарту;
  • ҒТП іс жүзіндегі дамуын жылдамдату;
  • Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру;
  • Халық игілігін көтеру;
  • мемлекет беделін көтеру және т. б.

Қарап отырсақ, өнім сапасымен көптеген мәселелер тығыз байланысты болып келеді. Сонымен қатар өнім сапасы кәсіпорынның кез келген меншік түріндегі басты және маңызды көрсеткіштерінің бірі. Қазіргі нарық жағдайындағы кәсіпорындар үшін сапалы өнім шығару әлдақайда маңызды болып келеді. Бұл ең алдымен кәсіпорын беделі мен имиджін қалыптастыруға қажет. Жоғары деңгейлі имидж - бұл танымалдық, сатып алушылардың фирмаға, оның өнімдеріне, жарнамасына деген тұрақты және оң қатынасы. Нарық және бәсеке жағдайында фирма сұранысқа ие сапалы тауар өндірсе, оның болашағы зор болмақ.

Сонымен, кәсіпорынның өнім сапасы мәселесінің шешілілуі - бұл жоғары деңгейлі имидж, сыртқы және ішкі нарыққа шығу, неғұрлым пайда алу, кәсіпорынның тұрақтылығы.

1. 2. Өнімнің сапасын бағалау көрсеткіштері және оны талдау әдістері

Өнімнің сапа деңгейі оның көрсеткіштер жүйесінің негізінде анықталады. Ол деңгейді анықтау үшін әр көрсеткіштің сандық мағынасын біліп, салыстыруға негіз ретінде алынған өнім көрсеткіштерімен салыстыру керек. Өнім сапасының көрсеткіштері ретінде оның сандық мазмұнын табу танылады. Ол үшін іс жүзінде өнім ерекшеліктеріне байланысты бірнеше әдістер қолданылады:

  • өлшеу әдісі (құралдар мен жабдықтар көмегімен) ;
  • тіркеу әдісі, ол тіркеу мен санаққа негізделеді (белгілі оқиғалар, заттар) . Тіркеу әдісі арқылы патенттік-құқықтық, стандарттау, унификациялау сияқты көрсеткіштер анықталады.
  • есептеу әдісі өнім сапасын анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді пайдалануға негізделеді;
  • органолептикалық әдіс адамның сезу, тану мүшелерінің талдауын қарастырады;
  • әлеуметтік әдіс өнім туралы тұтынушылардың көзқарастарының талдауының негізінде жүргізіледі;
  • эксперттік әдіс мамандар (дизайнерлер, дегустаторлар және т. б. ) тобымен іске асырылады.

2-сурет. Өнім сапасын талдау әдістері

Cонымен, осы әдістерді сызба түрінде беретін болсақ, ол жоғарыдай болып келеді.

Сонымен қатар, іс жүзінде өнім сапасын бағалау үшін өнім сапасынның жеке және жалпылаушыларын қамтитын көрсеткіштер қолданылады. Сапаның жалпылаушы көрсеткіштері өнім сапасын бір кәсіпорын бойы тұтастай сипаттайды. Оларға сорттылық, марка, класс, пайдалы заттың болуы, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өнім үлесі және т. б.

Жеке көрсеткіштер түрлі болып келеді де, олар өнімнің өзіндік ерекшеліктерімен байланысты болады. Оларды үлкен екі топқа жинақтауға болады: жеке еңбек құралдарының көрсеткіштері және жеке еңбек қаражат құралдары.

1. 3. Өнімнің сапасына әсер ететін факторлар

Кез- келген кәсіпорында өнім сапасына түрлі факторлар ықпал тигізеді. Сонымен қатар олар дәстүрлі түрде ішкі және сыртқы факторлар болып бөлінеді. Факторлардың атаулы екі түрін де кесте арқылы беретін болсақ, ол мынандай болып келеді:

Кесте - 1. Өнім сапасына әсер ететін факторлар

№:
Факторлар: Факторлар
№:
Факторлар: Ішкі
Сыртқы
№:
Факторлар: Ішкі факторларға кәсіпорынның тиесілі сапалы өнім шығару қабілетімен байланысты факторлар жатады. Олар түрлі болып келеді.
Сыртқы факторлар нарық қатынасы кезінде өнім сапасын қамтамасыз етуде үлкен әсерін тигізеді. Бұлардың қатары көптеген түрлермен толығып отырады.
№: 1
Факторлар: Техникалық. Өнім сапасына тікелей әсер етеді. Сол себептен, жаңа техника мен технологияларды енгізу, жаңа материалдарды пайдалану, неғұрлым сапалы шикізат қолдану бәсекеге қабілетті өнім шығарудың негізі болып табылады.
Нарық және тұтынушылар талаптары.
№: 2
Факторлар: Ұйымдастырушылық. Еңбек және өндірісті ұйымдастырумен, өнім сапасына деген тәртіп пен жауапкершіліктің жоғары болуы, қызметкерлердің сәйкес келген біліктілігімен, сапаны басқару мен оны сертификаттау және т. б. ұйымдастырушылық қызметтермен тығыз байланысты болып келеді.
Бәсекелестік .
№: 3
Факторлар: Экономикалық. Өнім шығару мен оны іске асыру шығындарымен, өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету шығындарымен, баға жасау саясаты және жоғары сапалы өнім өндірісін қамтамасыз ету үшін қызмемткерлерді экономикалық ынталандыру жүйесімен шартталады.
Өнім сапасы саласындағы нормативті құжаттар.
№: 4
Факторлар: Әлеуметік-психологиялық. Ұжымдағы сау әлеуметтік-психологиялық хал-ахуалдың болуына, ыңғайлы жұмыс орынына, қызметкерлердің өз өніміне деген мақтанышының болуына ықпал етеді.
Кәсіпорын имиджі.

Берілген кестедегі ішкі факторларға тоқталсақ, кәсіпорын өндірісіндегі кейбір мәселлерді шешкен кезде қай фактордың басым екенін анықтау қиынға түседі, себебі олар бірін- бірі толықтырып отырады да, өнімнің сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Ал сыртқы факторлар жалпы өндірістің дамуына әсер етеді. Мысалы бәсекелестік факторын алатын болсақ, ол атап кеткен техникалық фактордың іске қослыуын қамтамасыз етеді, яғни жаңа технологияларды, жаңа құрал-жабдықтарды, жаңа материалдарды қолдану мен енгізуді талап етеді, соған дәнекер де болады. Бәсекелестік экономикалық тұрғыдан екі кәсіпорын арасындағы бақталастықты білдіреді. Сол себептен барлық ыңғайлылықтарды ескеріп, шешім қабылдауға жағдай жасайды. Бәсекелестіктің түрлері көп. Олар сала аралық және ішкі салалық болып бөлінеді. Іске асырылуы бойынша бағалық және бағалық емес болып бөлінеді.

Сонымен қатар өнімнің сапасына ықпал етуші факторлардың бірі болып стандарттау танылады. Бұл да дүние жүзіндегі ҒТП жылдамдатушылардың бірі болып табылады. Сыртқы факторлардың құрамына кіретін нормативті құжат стандарт деп аталады. Стандарт стандарттау нысанасының ерекшеліктеріне және оған қойылатын талаптарына байланысты келесідей болып келеді:

  • негізгі стандарттар;
  • өнім мен қызмет көрсету стандарттары;
  • үрдіс стандарттары;
  • бақылау әдістерінің стандарттары.

Стандарттаудың жайылу көлеміне қарай олар келесілерге бөлінеді:

  • ұлттық. Бір елдің стандарттау бойынша ұлттық органымен қабылданған стандарт.
  • Аймақтық. Стандарттау бойынша халықаралық аймақтық органмен қабылданған стандарт.
  • Мемлекетаралық. Стандарттау, метрология және сертификация саласында ортақ келісімге келген мемлекеттер арасында қабылданған стандарт.
  • Халықаралық. Стандарттау бойынша Халықаралық ұйыммен (ИСО) қабылданған стандарт.

2. «БАЯН-СҰЛУ» АҚ-ҒЫ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ

2. 1. «Баян-сұлу» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау

«Баян-сұлу» АҚ Қазақстан Республикасындағы кондитерлік өнім шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Фабрика 1974 жылы құрылып, содан бері өнімдерімен тұтынушыларды қуантып келеді. Атаулы кәсіпорын өзгеріп келе жатқан тенденциялармен қатар аттап, өзінің ұстанымдарын нығайтып келеді.

Атаулы фабрика өнімдерінің ассортименті де баршылық. Олар жоғары сапа талаптарына жауап береді. «Баян-сұлу» АҚ жоғары іскерлік беделіне ірі отандық және шетелдік компаниялармен жасаған келісім-шарттары мен әріптестігі кепіл бола алады. Атаулы фабрика Ресей, Украина, Белорусь, Германия, Польша, Нидерланд, Дания, Финляндия және т. б. мемлекеттерінің кәсіпорындарымен іскерлік қатынаста. Олардан өндірілген өінім ассортименті мен өнім сапасын арттыру мақсатында түрлі қондырғылар мен құралдарды сатып алады.

Сонымен қатар аталған кәсіпорын құрылуынан бастап бүгінгі таңға дейін түрлі технологияларды енгізе отырып, қызмет атқарып келеді.

2-кесте «Баян-сұлу» АҚ-ның қызметтік өмірбаяны

№:
Жылдары: Жылдары
Атқарған қызметі: Атқарған қызметі
№: 1
Жылдары: 1974
Атқарған қызметі: Кәсіпорын құрылды
№: 2
Жылдары: 1975
Атқарған қызметі: Бисквит өндіру цехы іске қосылды, какао өнімдерін қайта өңдеу бойынша құрылғылардың іске қосылды, шоколад өнімдерін өндіру цехтары жұмыс істей бастады.
№: 3
Жылдары: 1977-1980
Атқарған қызметі: Өнімнің жаңа түрлерін шығару мен ассортименттің кеңейтілу жобалары іске асырыла бастады.
№: 4
Жылдары: 1981
Атқарған қызметі: Басшылықтың ауысуына байланысты (Кисилев А. П. ) кәсіпорын жаңа бағытта өнім шығаруға бет алды (жылына 30мың тонна өнім) .
№: 5
Жылдары: 1993
Атқарған қызметі: Қостанай кондитерлік фабрикасы «Баян-сұлу» ашық акционерлік қоғамға айналды.
№: 6
Жылдары: 1996
Атқарған қызметі: Кәсіпорындағы барлық қызмет түрлері компьютерлік техникамен жабдықталып, өндірісті жергілікті басқару жүйесі енгізілді.
№: 7
Жылдары: 1996-1997
Атқарған қызметі: Орамасы бар өнім шығаруға арналған жаңа құрылғы «EDALE E250S»және “EDALE E510i” (Ұлыбритания) .
№: 8
Жылдары: 1998-1999
Атқарған қызметі: Жаңа технология талаптарына жауап беретін құрылғылар іске қосылды (карамель өндіру құрылғылары, орама машиналары; Италия) .
№: 9
Жылдары: 2003
Атқарған қызметі: Балы бар және балсыз шоколад өндіру технологиясы (Түркия) .

«Баян-сұлу» компаниясының ресми дилері ЖШС «Интер Фуд Трейд» компаниясы болып табылады. Өндірілген өнім міндетті түрде кәсіпорынның негізін құрайды, сол себептен, оның қаржылық жағдайын талдауға тоқталайық.

«Баян-сұлу» АҚ-ның қаржы-экономикалық жағдайын талдау оның объективті бағасын ғана беріп қоймай, сонымен қоса экономикалық потенциалды тиімді қолдану жолдарын анықтап, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Тұтынушы нарығының циклді дамуы мен құбылмалылығына байланысты, шығарылған өнім түрлеріне сәйкес нарық конъюнктурасын жүйелі түрде бақылау қажеттілігі туындап отыр. Бұл шығарылған өнім көлемін басқарудың тиімді саясатын қалыптастыру мен кәсіпорынның даму мүмкіндіктерін анықтау үшін қажет.

Талдау жүргізу екі негізгі мақсатты көздейді:

- «Баян-сұлу» АҚ-ның мүлкінің көлемі, құрылымы мен құрамы және оның міндеттемелерінің мөлшері мен жағдайы туралы түсініктеме беру;

- экономикалық тиімділік, төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық сияқты көрсеткіштірді «Баян-сұлу» АҚ үшін тауып, осы көрсеткіштердің даму тенденцияларын анықтау.

3- кесте «Баян Сұлу» АҚ қызметінің технико- экономикалық көрсеткіштерін талдау.

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
өлщем бірлігі: өлщем бірлігі
2004: 2004
2005: 2005
ауытқулар: ауытқулар
№: +-
Көрсеткіштер: %
№: 1
Көрсеткіштер: Өткізілген өнімнен тскен табыс
өлщем бірлігі: мың. теңге
2004: 2550777, 0
2005: 4039594, 0
ауытқулар: 1488817, 0
158, 4
№: 2
Көрсеткіштер: өткізілген өнімнің өзіндік құны.
өлщем бірлігі: мың. теңге
2004: 1984626, 0
2005: 3257934, 0
ауытқулар: 1273308, 0
164, 2
№: 3
Көрсеткіштер: Жалпы табыс
өлщем бірлігі: мың. теңге
2004: 566151, 0
2005: 781660, 0
ауытқулар: 215509, 0
138, 1
№: 4
Көрсеткіштер: Кезен шығыны
өлщем бірлігі: мың. теңге
2004: 289449, 0
2005: 473363, 0
ауытқулар: 183914, 0
163, 5
№: 5
Көрсеткіштер: негізгі қызметтен түскен табыс
өлщем бірлігі: мың. теңге
2004: 276702, 0
2005: 308297, 0
ауытқулар: 31595, 0
111, 4
№: 6
Көрсеткіштер: негізгі емес қызметтен түскен табыс
өлщем бірлігі: мың. теңге
2004: 50257, 0
2005: 9795, 0
ауытқулар: -40462, 0
19, 5
№: 7
Көрсеткіштер: салық салғанға дейінгі табыс
өлщем бірлігі: мың. теңге
2004: 326958, 0
2005: 318092, 0
ауытқулар: -8866, 0
97, 3
№: 8
Көрсеткіштер: таза табыс
өлщем бірлігі: мың. теңге
2004: 200641, 0
2005: 199582, 0
ауытқулар: -1059, 0
99, 5
№: 9
Көрсеткіштер: 1 тг шаққандағы шығын
өлщем бірлігі: теңге
2004: 0, 89
2005: 0, 92
ауытқулар: 0. 03
103, 61
№: 10
Көрсеткіштер: өнім рентабелділігі
өлщем бірлігі: %
2004: 8, 8
2005: 5, 3
ауытқулар: -3, 5
-
№: 11
Көрсеткіштер: сату рентабелділігі
өлщем бірлігі: %
2004: 7, 9
2005: 4, 9
ауытқулар: -2, 9
-
№: 12
Көрсеткіштер: Жұмыскерлер саны
өлщем бірлігі: адам
2004: 432, 0
2005: 450, 0
ауытқулар: 18, 0
104, 2
№: 13
Көрсеткіштер: Бір жұмыскердің еңбек өнімділігі
өлщем бірлігі: мың. теңге
2004: 5904, 6
2005: 8976, 9
ауытқулар: 3072, 3
152, 0
№: 14
Көрсеткіштер: Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры
өлщем бірлігі: мың. теңге
2004: 223065, 0
2005: 230032, 0
ауытқулар: 6967, 0
103, 1
№: 15
Көрсеткіштер: бір жұмысшылардың айлық еңбек ақысы
өлщем бірлігі: теңге
2004: 43029, 5
2005: 42598, 5
ауытқулар: -431, 0
99, 0
№: 16
Көрсеткіштер: негізгі қорлардың орташа жылдық құны.
өлщем бірлігі: мың. теңге
2004: 716448, 0
2005: 1035276, 0
ауытқулар: 318828, 0
144, 5
№: 17
Көрсеткіштер: қор қайтарымдылығы
өлщем бірлігі: теңге
2004: 3, 6
2005: 3, 9
ауытқулар: 0, 3
109, 6
№: 18
Көрсеткіштер: қор сыиымдылығы
өлщем бірлігі: теңге
2004: 0, 28
2005: 0, 26
ауытқулар: -0. 02
92, 9
№: 19
Көрсеткіштер: қормен қарулану
өлщем бірлігі: мың. теңге
2004: 1658, 4
2005: 2300, 6
ауытқулар: 642, 2
138, 7

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның істеп жатқан жұмыстары тиімді ме, әлде тиімсіз бе екенін анықтай аламыз. Егер тиімсіз болса, оған қандай іс шараларды жүзеге асыруға болатындығын анықтауымыз қажет. Яғни кәсіпорын қызметінің тиімсіз болуына әсер еткен факторларды жою. Осы бөлімде 1- кестеде көрсетілген негізгі көрсеткіштерді талдап, оның өсуі мен төмендеуінің негізгі себептерін анықтап білуге тырысамыз.

2 кестені қарастыратын балсақ 2 жыл бойынша мәліметтер арасында біршама айырмашылықтардың бар екендігін байқаймыз. Енді сол өзгерістердің себебін анықтап талдап шығуға тырысайын.

1) Өнімді өткізуден түскен табыс 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанды 1488817, 0 мың тенгеге өсіп тұр, ол 158, 4% құрайды. Оның себебі өнім көлемінің өсуі немесе еңбек өнімділігінің өсуі әсер етуі мүмкін.

2) Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 1273308, 0 мың теңгеге өсіп отыр, ол 164% құрайды, оның себебі шикі зат пен материалдардың бағасының өсуі, кәсіпорында жаңа технологияларды пайдаланбауы және өндіріс рентабельділігінің өсуі әсер етуі мүмкін.

3) Жалпы табыс 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда 215509, 0 мың теңгеге өсіп отыр, ол 138, 1% құрайды. Жалпы табыстың төмендеуінің негізгі себептерінің бірі өнімді шығаруға кеткен шығындардың өсуі болуы мүмкін.

4) Кезең шығындарына тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш 2005 жылымен 2004 жылды салыстырғанда 183914, 0 мың теңгеге өсіп отыр және 163, 5% құрайды. Оның себебі 2005 жылы әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындардың жоғарылауы мүмкін.

5) Негізгі қызметтен түскен табыс 2005 жылымен 2004 жылды салыстырғанда 31595, 0 мың теңгеге өсіп - 111, 4% құрайды. Ол негізгі емес қызметтен түскен табыстың төмендеуі және өткізілген өнімнің өзіндік құнның төмендеуі әсер етуі мүмкін.

6) Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2005 жылмен 2004 жылды салыстырғанда -40462, 0 мың теңгеге кеміп, 19, 5% құрайды.

7) Салық салғанға дейінгі табыс 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда -8866, 0 мың тенгеге төмендеп, 97, 3% құрайды. Оның себебі тауардың өзідік құнының өсуі, жалпы табыстың төмендеуі болуы мүмкін.

8) Таза табыс 2005 жылмен салыстырғанда 2004 жылы -1059, 0 мың теңгеге төмендеп, 99, 5% құрайды. Оның себебі тауардың өзідік құнының өсуімен және жалпы табыстың төмендеуі және салық салғанға дейінгі табыстың төмендеуі әсер етуі мүмкін.

9) Бір теңгеден түскен табыс 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда 0, 03-ге өсіп тұр.

Рентабельділік кәсіпорын табысының қалыптасуының сипаттайтын басты көрсеткіштері болып табылады. Сондықтан да олар қаржылық жағдайына баға беруде және салыстырмалы анализ жасауда міндетті түрде есептеледі. Кәсіпорынға анализ жасау барысында рентабельділік көрсеткіштері инвестициялық саясаттың және баға қалыптасудың инструменті ретінде қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелері жайлы
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтеру
Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестігін арттыру механизмі
Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі
«Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау
Өнім сапасын арттырудың экономикалық тиімділігі
Техникалық құжаттың метрологиялық сараптамасы
Экономикалық қатнастар ортасы экономикалық көрсеткіштері
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz