Патшалық ресейдің Қазақстанның оңтүстік өңірінде жүргізген қоныс аудару саясатының тұрғындардың ұлттық құрамының өзгеруіне әсері
1 ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕ ЖҮРГІЗГЕН ҚОНЫС АУДАРУ САЯСАТЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘСЕРІ
2 ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҰЛТТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТАРИХЫНАН
3 Пайдаланылған әдебиеттер:

XІX ғасыр 70-жылдарынан бастап, Оңтүстік Қазақстанда жүргізген қоныс аудару саясаты, яғни қазақ жерлерінің ең құнарлы және көлемді бөлігін қоныс аудару қорына тартып алып, онда ішкі Ресейден келген орыс мұжықтарын орналастыруы өлкеміздің демографиялық ахуалына үлкен әсер етті. Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан территориясын мекендеген тұрғындардың ұлттық құрамы өзгеріп, қазақ ұлтының үлес салмағы мен табиғи өсімі төмендей бастады. Бұл жағдайға Қазақстан және Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұражайында сақталған 1867 жылы құрылған Түркістан генерал-губернаторына қарасты Жетісу және Сырдария облыстары әкімшіліктерінің қоныс аудару басқармаларының жылдық есептерінен, статистикалық және облыстық шолулардан, сол уақыттардағы жеке зерттеушілердің еңбектерінен көз жеткізуге болады. Осы арада бір айта кететін жай, жергілікті әкімшілік сырттан келіп қоныстанушы еуропалық нәсілдердің нақты саны, олардың жылдық өсімі, орналасуы туралы мәліметтердің анықтығын қадағалап отырғанымен, жергілікті тұрғын-көшпелі қазақтар арасында тууы және өлімі жайлы тіркеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, қазақтардың саны және өсімі шамамен алынды /1/.
Алайда, тіпті анық жүргізілмеген статистиканың өзі қазақ халқының табиғи өсімі келімсектерге қарағанда төмен екендігін дәлелдейді.Бұл жағдайға себеп, сол уақыттардағы ресми деректердің өзінде көрсеткендей, Ресей империясының отарлауы салдарынан қазақ халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының нашарлауы еді.
Облыстық шолулармен 1897 жылғы империя көлемінде жүргізілген алғашқы халық санағы материалдарына қарағанда Жетісу облысында 1870 жылы барлығы 392593 жан, 1897 жылы-515006 қазақ тұрған. 1914 жылы 609910 қазақ өмір сүріп, олардың жылдық табиғи өсімі 1%-ті құраған. Ал Сырдария облысында 1870 ж.-481914, 1897 ж.- 893361, 1914 ж. - 1058005 қазақ өмір сүріп, жылдық өсімі 0,9%-ке тең болады. Дәл осы уақыт аралықтарында өлкемізге сырттан келген келімсектердің саны қазақтарға қарағанда тез өсіп отырды. Өлкеміздің алғашқы отарлаушылары болған патша үкіметінің әскери тірегі казак-орыстар 1848 жылдан бастап, Жетісу облысына қоныстана бастаған еді. Олардың жылдық табиғи өсімі 1,8%-ке тең болып /2/, 1870 жылы Жетісу облысында 17111 казак-орыс өмір сүрсе, 1897 жылы - 33757, 1914 ж.-64350-ге жетті. Қазақ орыс отарлаушылары Сырдария облысында тек әскери бекіністерде ғана өмір сүріп, олардың үлес салмағы 0,33%-ін ғана құрады.

1. ӨР ОММ., 19-қ., 1-т., 1760-іс, 23-п.
2. Лединев Н.З. История Семиреченского казачего воиска. -Верный, 1908. -С. 98.
3. Материалы к характеристике народного хозяйства в Туркестанском крае ... К.Паленом. ч.ІІ. -Спб., 1911. -С. 24.
4. Галузо П. Аталған еңбек. 45-б.
5. Смирнов Е. Сыр-Дарьинская область. -Спб., 1887. -С. 64.
6. Материалы к характеристике народного хозяйства в Туркестанском крае ... К.Паленом. ч.ІІ. -Спб., 1911. -С. 6-7.
7. ҚР ОММ., 44-қ., 12-т., 4-іс, 44-п.
8. Терентьев М.А. Статестические очерки среднеазиатской России. -Спб., 1874. табл. 1.
9. Алексеенко Н.В. Население до революционного Казахстана. -Алма-Ата, 1981. -С. 70.
10. Бекмаханова Н.Е. Многонациональное населения Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма. -М., 1986. -С. 171.
11. ӨР ОММ., 1-қ., 1-т., 769-іс, 18-п.
12. Зарубин И.И. Список народности Туркестанского края. Л., 1925. -С. 7-20.
13. ҚР ОММ., 74-қ. 11-т., 236-іс, 7-п.
14. Предварительные итоги сельскохозяйственной переписи 1916 г. -Пг., 1917. вып. 2,-С. 4-75;
15. Первая всеобщая перепис населения. Сыр-Дарьинской области. 1905. -Т. 86. -С. 190-191.
16. Вопросы колонизации. 1911. N9, -С.218.
17. Зарубин И.И. Аталған еңбек. 11-б.
18. Материалы Всероссиской переписи 1920 года. -Ташкент, 1923. таб. 11

Динашева Л.С.
ХҚТУ т.ғ.к., аға оқытушы
ПАТШАЛЫҚ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕ ЖҮРГІЗГЕН ҚОНЫС
АУДАРУ САЯСАТЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘСЕРІ
ВЛИЯНИЕ ПЕРЕСЕЛЕНЧЕСКОЙ ПОЛИТИКИ ЦАРСКОЙ РОССИИ НА ИЗМЕНЕНИЕ
НАЦИОНАЛЬНОГО СОСТАВА ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА
Резюме
В статье расссматривается вопрос об искусственном изменении
национального состава Южного Казахстана, об уменшение числа представителей
казахской национальности
XІX ғасыр 70-жылдарынан бастап, Оңтүстік Қазақстанда жүргізген қоныс
аудару саясаты, яғни қазақ жерлерінің ең құнарлы және көлемді бөлігін қоныс
аудару қорына тартып алып, онда ішкі Ресейден келген орыс мұжықтарын
орналастыруы өлкеміздің демографиялық ахуалына үлкен әсер етті. Нәтижесінде
Оңтүстік Қазақстан территориясын мекендеген тұрғындардың ұлттық құрамы
өзгеріп, қазақ ұлтының үлес салмағы мен табиғи өсімі төмендей бастады. Бұл
жағдайға Қазақстан және Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік
мұражайында сақталған 1867 жылы құрылған Түркістан генерал-губернаторына
қарасты Жетісу және Сырдария облыстары әкімшіліктерінің қоныс аудару
басқармаларының жылдық есептерінен, статистикалық және облыстық шолулардан,
сол уақыттардағы жеке зерттеушілердің еңбектерінен көз жеткізуге болады.
Осы арада бір айта кететін жай, жергілікті әкімшілік сырттан келіп
қоныстанушы еуропалық нәсілдердің нақты саны, олардың жылдық өсімі,
орналасуы туралы мәліметтердің анықтығын қадағалап отырғанымен, жергілікті
тұрғын-көшпелі қазақтар арасында тууы және өлімі жайлы тіркеу жұмыстары
жүргізілмегендіктен, қазақтардың саны және өсімі шамамен алынды 1.
Алайда, тіпті анық жүргізілмеген статистиканың өзі қазақ халқының
табиғи өсімі келімсектерге қарағанда төмен екендігін дәлелдейді.Бұл
жағдайға себеп, сол уақыттардағы ресми деректердің өзінде көрсеткендей,
Ресей империясының отарлауы салдарынан қазақ халқының экономикалық және
әлеуметтік жағдайының нашарлауы еді.
Облыстық шолулармен 1897 жылғы империя көлемінде жүргізілген алғашқы
халық санағы материалдарына қарағанда Жетісу облысында 1870 жылы барлығы
392593 жан, 1897 жылы-515006 қазақ тұрған. 1914 жылы 609910 қазақ өмір
сүріп, олардың жылдық табиғи өсімі 1%-ті құраған. Ал Сырдария облысында
1870 ж.-481914, 1897 ж.- 893361, 1914 ж. - 1058005 қазақ өмір сүріп, жылдық
өсімі 0,9%-ке тең болады. Дәл осы уақыт аралықтарында өлкемізге сырттан
келген келімсектердің саны қазақтарға қарағанда тез өсіп отырды. Өлкеміздің
алғашқы отарлаушылары болған патша үкіметінің әскери тірегі казак-орыстар
1848 жылдан бастап, Жетісу облысына қоныстана бастаған еді. Олардың жылдық
табиғи өсімі 1,8%-ке тең болып 2, 1870 жылы Жетісу облысында 17111 казак-
орыс өмір сүрсе, 1897 жылы - 33757, 1914 ж.-64350-ге жетті. Қазақ орыс
отарлаушылары Сырдария облысында тек әскери бекіністерде ғана өмір сүріп,
олардың үлес салмағы 0,33%-ін ғана құрады.
Оңтүстік Қазақстанда шеттен келген орыс емес қоныс аударушылардың денін
Жетісу облысында 1881-1886 жылдар аралығында 1881 жылғы 12-ақпандағы
Петербург келісіміне сәйкес Қытайдан келген ұйғырлар мен дүнгендер құрады.
1897 жылғы халық санағы материалдарында Жетісу облысына 55999 ұйғыр және
14130 дүнген тіркелген. Жетісу облысының статистикалық комитеттерінің
деректері бойынша 1907 ж. облыста 74660 ұйғыр, 20032 дүнген өмір сүрген
3. 10 жылда ұйғырлар 7466, дүнгендер - 5902 адамға көбейген. Осы
көрсеткіштерден ұйғырлардың жылдық өсімін 746 адам, дүнгендерді 590 адам
деп алсақ, 1914 жылы облыста 68687 ұйғыр, 24162 дүнген өмір сүрген деуге
болады. Белгілі тарихшы П.Галузоның мәліметіне қарағанда ұйғырлар мен
дүнгендер ХІX ғасырдың соңында 673,6%-ке өссе, ХХ ғасырдың басында 77,1%-ке
өскен 4. Ұйғыр және дүнген қоныс аударушы өлкеге тек бір уақытта ғана
келді де кейінгі уақыттарда олар тек табиғи жағынан ғана өсіп отырды.
1882-1883 жылдары Сырдария облысына өзбек халқы өкілдері қоныс
аударды. Е.Смирновтың мәліметіне қарағанда 1866 жылы облыстың солтүстік
уездерінде - Шымкент және Әулиеатада, 19000 өзбек өмір сүрсе, 1885 жылы
олардың саны 48500 адамға жетіп, 17 жыл ішінде екі жарым еседей көбейген
5. 1897 жылы облыстың 5 қазақ уездерінде 63677 өзбек тіркелген. Дәл осы
уақытта осы уездерде өзбектерден басқа 7863 азиялық ұлттағылар өмір сүрді
6.
XІX ғасырдың 70-жылдары Ресей әкімшілігі Түркістан өлкесін отарлауда
ішкі Ресейдің “басы артық” шаруаларын қоныс аударту тиімді деп санап,
мұнда орыс, украин, беларусь шаруаларын көптеп қоныстандыра бастады. Өлкеге
Еуропалық шаруалармен бірге, көпестер, шенеуніктер және қала еңбекшілері де
қоныс аударып, тез өсіп отырды. 1870 жылы славян ұлтындағылар Жетісу
облысында 28033 адам 7, Сырдария облысында 340 адам болса 8 1897 жылғы
есепте 71962 жан қоныс аударушылар Жетісу облысына, 21033 жан Сырдария
облысына тіркелді. 27 жыл ішінде Жетісу облысындағы келімсектер 156%-ке,
ал Сырдария облысында 484% өскен. Патша үкіметі бұл процесті ХХ ғасырдың
басында одан әрі тереңдете түсті. 1902 жылы қоныс аударушы еуропалық
нәсілдегі шаруалардың саны Жетісу облысында 83208 жанға, 1914 жылы 180989-
ға жетіп, 12 жыл ішінде 117,5% өсті. Ал Сырдария облысында 1906 ж. 37627
қоныс аударушы шаруалар болса, 1913 жылы 7 жыл ішінде 102,2%-ке өсіп,
олардың саны 76875 жанға жеткен. Қоныс аударушы орыс, украин, беларусь
шаруаларының Оңтүстік Қазақстан облыстарында жылдық табиғи өсімі 2,1%-ке
тең болды 9.
Өлкеде тұрғындар санының артуы Оңтүстік Қазақстанда халықтардың
орналасу тығыздығына үлкен әсер етті. Жетісу облысында 1870 ж. әрбір шаршы
километрге 1,9 адамнан тура келсе, 1914 жылы 4,4 адамнан келді. Ал Сырдария
облысында бұл көрсеткіш 1870 ж.-2,2-ге, 1914 жылы - 3,7-ге тең болды.
Осылайша, патша үкіметінің өлкемізде жүргізген қоныстандыру саясаты
нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының саны XІX ғасыр соңы - ХХ
ғасырдың басынды үлкен қарқынмен өсті. 1870 жылы Жетісу облысында 42096
адам өмір сүрсе, 1914 жылы 973589 жанға жеткен, ал Сырдария облысында 1870
жылы - 379573 адам, 1914 жылы-1166116 адам өмір сүрді. Жоғарыда
көргеніміздей шеттен келгендердің үлес салмағы, жылдық табиғи өсімі осы
жылдары қазақтарға қарағанда тез өсіп отырған. Ал қазақтардың үлес салмағы
1897 жылы Жетісу облысында 80,4% болса, 1914 жылы - 60,5% болып 19,9%-ке
төмендеді. Сырдария облысында 1897 жылы қазақтардың үлес салмағы жалпы
халықтың 64,4%-ін құраса, 1914 жылы 2,1%-ке кеміп, 62,3% болды.
Қазақстан мен Қырғызстандағы демографиялық ахуалды зерттеген
Н.Е.Бекмаханованың дерегіне қарағанда 1897-1917 жылдар аралығында орыс
халқы 539,7 мыңнан 1439,1 мыңға дейін өскен, ал үлес салмағы 1897 жылы осы
аймақта өмір сүретін халықтардың 10,94%-ін құраған болса, 1917 жылы бұл
сандық көрсеткіш 18,91%-құрады 10.
Осылайша, орыс халқы 1917 жылы Қазақстан мен Қырғызстанның жалпы
тұрғындарының 15 бөлігін құрады. Ал біз зерттеп отырған Жетісу облысында
орыстар 7,49%-тен 19,41%-ке дейін, Сырдария облысында 2,55%-тен 6,56%-ке
дейін өсті. Дәл осы уақытта Ресейден қоныс аударып келген украин
ұлтындағылар Жетісуда жалпы тұрғындардың 2,35% құрады. Ал Сырдария
облысында 16,2 мың украин өмір сүрді. 1920 жылғы санақ бойынша Жетісу
облысында өмір сүрген шығыс славян ұлтындағылар жалпы халықтың 11,7%-ін
құрады. Оның ішінде орыстар 9,3, украиндар 2,2%, беларустар 0,2%, еді. Ал
Сырдария облысында орыстар 8,0%, украиндар 8,7%, беларустар 0,2% болды
11. Бұл мәліметтердің барлығы XІX ғасыр соңы ХХ ғасырдың басында орыс-
украин қоныс аударуы үлкен қарқынмен жүргендігін делелдейді.
1915-1917 жылдар аралығында Қазақстан мен Орта Азияда қазақтардың саны
4753,8 мыңнан 4061,3 мыңға дейін азайып кетті, ал үлес салмағы 2,69%-тен
2,30% дейін төмендеді 12.
1905-1916 жылдарда Жетісу облысында қазақтардың үлесі 92,9%-тен 80%-ке
азайған 13. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң бұл сан одан да
төмендеп кетті. Бұл жылдары қазақтардың шет мемлекеттерге және Өзбекстан,
Түріменстан елдерінде ішкерірек қоныс аударуы үдейе түскен еді. Кейбір
зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда бұл кезеңде қазақтар мен Орта Азия
халықтарының ассимиляциялану процесі де елеулі болды. Төменде берілген
кестеде 1916-1917 жылдарда Жетісу және Сырдария қазақтары санының өзгеруі
көрсетілген 14.
Облыстар мен уездер Саны мың адам есебімен Үлес салмағы, %-пен
1916 1917 1916 1917
Жетісу облысы
Верный 174,2 160,8 58,71 54,87
Жаркент 102,8 46,7 64,43 42,15
Қапал 168,6 171,7 82,75 78,25
Лепсі 134,0 129,9 65,59 78,25
Сырдария облысы
Шымкент 335,8 277,5 82,97 66,00
Әулиеата 304,7 195,9 75,64 52,23
Перовск 178,5 151,5 96,59 79,21
Қазалы 240,5 122,6 93,88 51,17
Бұл кесте екі облыста да қазақтар санының күрт төмендеп кеткендігін
аңғартады.
Осы жылдары өзбек уездерінде де қазақтар саны азайып кетті. Мысалы,
Сырдария облысына қарасты Ташкент уезіндегі 28 болыстықтың 17-сінде қазақ
ұлтындағылар өмір сүрді. ХХ ғасырдың басында Ташкент уезінің 64,1% халқын
қазақтар мен құрамалар құрады. Егер жеке-жеке алып қарасақ, Ресей империясы
өлкені жаулап алған кезде 1868 жылы уезде қазақтар 144970, құрамалар
77301, өзбектер 34636 болған. Ал 1897 жылғы санақ бойынша қазақтар 163098-
ге, өзбектер 109079-ға жеткен. Тек қаланың өзінде 73793 өзбек ұлтындағылар
тұрған. Ал орыстардың саны 2851, уезде 17611 болды 15.
ХХ ғасыр басында патша үкіметінің жүргізген қоныс аудару саясаты
негізінде көшпенділер иелігінен құнарлы жерлердің алып қойылуы нәтижесінде
қазақтар шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Себебі, патшалық Ресейдің
отар елдерде жерлерді алу туралы заңдары бірінші кезекте көшпенділерге
тиісті еді. Ал заң бойынша отырықшы тұрмыстағы халықтың жерлері переселен
қорына алынбайтын болды. Және де бұл уақытта жергілікті халыққа жоғарыдан
қарайтын орыс үкіметі, қазақтарды отырықшы немесе көшпенді тұрмыста өмір
сүретіндер деп бөліп қарамай, барлығын “көшпенділер” деп санады 16.
Қазақтарды көшпенділер деп есептеу олардың жерін ашық түрде, “заң
негізінде” еркінен тыс преселен қорына деп алуына мүмкіндік берген еді. Бұл
жағдай отырықшы басқа ұлт өкілдерімен көрші тұратын уездердегі қазақтардың
сол көрші облыстарға, мемлекеттерге көшіп немесе ассимиляцияға түсіп
кетуіне алып келді. Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстандағы қазақтардың бір
қатарының Өзбекстанға көшіп кетуі, немесе ассимиляцияға түсуі және тіпті
қолындағы ұлтарақтай жерінен айырылмау үшін басқа ұлт өкілі болып жазылып
кету процесі әлі толық зерттелмеген. Дегенмен, біз зерттеп отырған уақыт
аралығында, патша үкіметінің осы өлкеде жүргізген қоныс аудару саясаты
нәтижесінде Ташкент уезіндегі қазақтар саны жылдан жылға кеми берді. Егер,
жоғарыда көрсеткеніміздей, 1897 жылы мұндағы қазақтар саны 163098 болса,
1917 жылы-156879 17, 1920 жылы - 147511 адам болып кеміген 18.
Жалпы алғанда Ресей империясын казак-орыстар арқылы және Орталық
Ресейдегі славян ұлтындағы шаруалар арқылы отарлау саясаты мұндағы
демографиялық ахуалдың өзгеруіне, жергілікті халықтың үлес салмағының және
табиғи өсімінің азаюына алып келген еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ӨР ОММ., 19-қ., 1-т., 1760-іс, 23-п.
2. Лединев Н.З. История Семиреченского казачего воиска. -Верный,
1908. -С. 98.
3. Материалы к характеристике народного хозяйства в Туркестанском крае
... К.Паленом. ч.ІІ. -Спб., 1911. -С. 24.

6. Материалы к характеристике народного хозяйства в Туркестанском крае
... К.Паленом. ч.ІІ. -Спб., 1911. -С. 6-7.
7. ҚР ОММ., 44-қ., 12-т., 4-іс, 44-п.
8. Терентьев М.А. Статестические очерки среднеазиатской России. -Спб.,
1874. табл. 1.
9. Алексеенко Н.В. Население до революционного Казахстана. -Алма-Ата,
1981. -С. 70.
10. Бекмаханова Н.Е. Многонациональное населения Казахстана и Киргизии в
эпоху капитализма. -М., 1986. -С. 171.
11. ӨР ОММ., 1-қ., 1-т., 769-іс, 18-п.
12. Зарубин И.И. Список народности Туркестанского края. Л., 1925. -С. 7-
20.
13. ҚР ОММ., 74-қ. 11-т., 236-іс, 7-п.
14. Предварительные итоги сельскохозяйственной переписи 1916 г. -Пг.,
1917. вып. 2,-С. 4-75;
15. Первая всеобщая перепис населения. Сыр-Дарьинской области. 1905. -Т.
86. -С. 190-191.

ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҰЛТТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТАРИХЫНАН
ИЗ ИСТОРИИ НАЦИОНАЛЬНОГО ВЗАИМООТНОШЕНИЯ ТУРКЕСТАНСКОГО КРАЯ
Резюме
В статье рассматривается вопрос об услажнение национального
взаимоотношения жителей казахских уездов Туркестанского края из за
колониальной политики царской России.
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Түркістан генерал-
губернаторлығына қарасты қазақ уездеріне қоныс аударып келген келімсектер
мен жергілікті тұрғындар арасындағы қатынас мәселесі тарихына үңілер
болсақ, мұнда көп жағдайда, әсіресе жер және су мәселесі төңірегіндегі
ұлттық қатынастардың шиеленісіп отырғандығы туралы сол кездің өзінде үкімет
шенеуніктерінің өздері де жоғарыға берген есептерінде, хатттарында баспа
беттерінде, жарияланған мақалаларында ренішін білдіріп отырды. Онда олар
орыс шаруаларының жергілікті халыққа қатынас мәселесі өздерін қатты
қобалжытатынын жаза келіп, “В большенстве случаев на туземца смотрят
пренебрижительно и очень часто совершенно без основании обижают. К труду
населения и к его собственности относятся без уважения и в то время
оберегают свою. Бывали случай, что крестьяни ссужают киргиза пшеницей, но
при этом выговаривают себе у киргиза земли под распашку. Киргизы- народ
добрадушный и легко идет на примерение, умышленно обижать побуждении
крестьян не имееют и охотно ведет знакомство с обходительными и степными
крестьянами” 1 - деді.
Бұл хатта үкімет шенеунігі орыс шаруаларының өздеріне жоғары билік
тарпынан берілген артықшылықтарға сүйене отырып, ешқандай негізсіз, қалаған
уақытында жергілікті халықты жәбірлейтіндігін, өз меншігін қорғай отырып,
олардың мүлкіне ешқандай жанашырлық көрсетпейтіндігін және де қазақтар
өзінің табиғаты жуас, мейірімді болғандықтан орыс шаруаларының мұндай
қорлығына ешқандай қарсылық көрсетпейтіндігін ашық мойындаған.
Шенеунік жоғарыдағы жағдайларды баяндай келе, орыс шаруаларына үкімет
ешқандай қысым немесе қазақтарға істеп отырған жәбіріне шаралар
қолданбайтындығын білгендіктен, өздерін жергілікті тұрғындардан артық қояды
деп қорытындылайды. Өзінің бұл ойын ол былай береді: “Но в глазах русского
крестьянина без наказанное отношение власти к местным жителям делает
возможным и такое их отношение. Пристав может самостоятельно и безнаказанно
карать, чего не имеет права делать в отношении русского кретьянина, и
крестьяне многие считают себя привелигированными, а потому отношение к
коренным народам соответственное” 2. Ұлттардың қарым-қатынасын реттеу
үшін олардың құқын теңестіру қажет деген ойды хат авторы үкіметке ұсынады.
Алайда, отар елдерде “русские переселенцы не могут явиться хозяевами
бедными, захудалыми и приниженными. Политическое приобладение в Туркестане
русской народности должно быть закреплено и хозяйственной ей силою” 3 -
деп санаған империяның жоғарғы билігі, өзінің түпкі мақсатына жетуде артқа
шегінгісі келмеді. Ұлттық қатынастардың шиеленісуі көп жағдайлармен
негізделді, олардың ішінде ең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz