Шағын жинақты мектептердің жай-күйі мен негізгі проблемалары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1. Шағын жинақты мектептердің жай.күйі мен негізгі проблемалары ... ... ... ... .. 3
1.1 Оқу.тәрбие процесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Кадрлық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.3 Нормативтік.құқықтық және бағдарламалық.әдістемелік қолдау ... ... ... ... ... . 5
1.4 Материалдық.техникалық жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
2. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3. Шағын жинақты мектепті дамытудың әдіснамалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... 6
4. Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері 7
5. Шағын жинақты мектептерді дамытудың басым бағыттары және оларды іске асырудың тетігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
5.1 Білім беру процесінің мазмұны мен технологизациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
5.2 Білім беру процесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
5.3 Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
5.4 Шағын жинақты мектепті дамытудың нормативтік.құқықтық негіздері ... ... .. 10
5.5 Кадрлармен қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
5.6 Білім беру процесін ғылыми.әдістемелік қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
5.7 Қаржылық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
6. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері мен күтілетін нәтижелер ... ... ... ... ... .. 13
6.1 Дайындық кезеңі (2010.2011 ж.ж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
6.1.2 Нормативтік.құқықтық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
6.1.3 Кадрмен қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
6.1.4 Ұйымдастыру шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
6.1.5 Қаржылық.материалдық шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
6.2 Тұжырымдаманы іске асыру кезеңі (2012.2020 ж.ж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
Глоссарий ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
Кіріспе

Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді (бұдан әрі - ШЖМ) дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) шағын жинақты мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын, оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін стратегиялық даму жоспарымен, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасымен айқындалған білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін дамытады.
Бұл тұжырымдама қолданыстағы білім туралы нормативтік-құқықтық құжаттармен қатар әрбір білім алушының сапалы білім алудағы конституциялық құқығын іске асыруына жағдай жасау бойынша шаралар кешенін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Тұжырымдама жалпыұлттық басымдық ретінде шағын жинақты мектептерді дамытуды айқындайды және Қазақстан Республикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына және қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қалыптастырады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
1. Шағын жинақты мектептердің жай-күйі мен негізгі 3
проблемалары ... ... ... ... ..
1.1 Оқу-тәрбие процесін 4
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
1.2 Кадрлық қамтамасыз 5
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
1.3 Нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік 5
қолдау ... ... ... ... ... .
1.4 Материалдық-техникалық 5
жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
2. Тұжырымдаманың мақсаттары мен 6
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Шағын жинақты мектепті дамытудың әдіснамалық 6
негіздері ... ... ... ... ... ... . ..
4. Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен 7
принциптері
5. Шағын жинақты мектептерді дамытудың басым бағыттары және оларды іске
асырудың 8
тетігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
5.1 Білім беру процесінің мазмұны мен 8
технологизациясы ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
5.2 Білім беру процесін 9
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
5.3 Әлеуметтік әріптестікті 10
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
5.4 Шағын жинақты мектепті дамытудың нормативтік-құқықтық 10
негіздері ... ... ..
5.5 Кадрлармен қамтамасыз 11
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
5.6 Білім беру процесін ғылыми-әдістемелік 12
қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.7 Қаржылық қамтамасыз 12
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
6. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері мен күтілетін 13
нәтижелер ... ... ... ... ... ..
6.1 Дайындық кезеңі (2010-2011 13
ж.ж.) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
6.1.2 Нормативтік-құқықтық қамтамасыз 13
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6.1.3 Кадрмен қамтамасыз 13
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
6.1.4 Ұйымдастыру 14
шарттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
6.1.5 Қаржылық-материалдық 14
шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .
6.2 Тұжырымдаманы іске асыру кезеңі (2012-2020 14
ж.ж.) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
Глоссарий ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді (бұдан әрі - ШЖМ)
дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі -
Тұжырымдама) шағын жинақты мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік
саясаттың жалпы стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, білім беру
процесінің мазмұны мен технологияларын, оларды іске асыруды дамыту мен
шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Білім
туралы, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы Қазақстан
Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін
стратегиялық даму жоспарымен, Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасымен айқындалған білім
беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі
принциптерін дамытады.
Бұл тұжырымдама қолданыстағы білім туралы нормативтік-құқықтық
құжаттармен қатар әрбір білім алушының сапалы білім алудағы конституциялық
құқығын іске асыруына жағдай жасау бойынша шаралар кешенін әзірлеу үшін
негіз болып табылады.
Тұжырымдама жалпыұлттық басымдық ретінде шағын жинақты мектептерді
дамытуды айқындайды және Қазақстан Республикасын дамытудың мемлекеттік
бағдарламасына және қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар
енгізуді қалыптастырады.

1. Шағын жинақты мектептердің жай-күйі және негізгі проблемалары

Қазақстан Республикасының білім беру саласында барлық деңгейде сапалы
білім алуға кең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұлттық модельді дамыту
үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.
Ең маңыздысы - мазмұнын, басқару және ресурстық аспектілерді жаңғырту
негізінде ШЖМ-ны дамыту.
Шағын жинақты мектеп – бұл біріктірілген сынып-комплект пен оқу
сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар шағын контингентті білім
алушылардан тұратын жалпы білім беретін мектеп.
Қазіргі таңда ШЖМ:
- біріктірілген сынып-комплектілерімен;
- сынып-комплектілермен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.
Статистикалық деректер бойынша, жалпы республика бойынша
біріктірілген 1-4 сыныптар 4398 (33250 бала), 5-9 сыныптар - 2012 (15201),
10-11 сыныптар – 17 (110). Қазақстанның 7576 жалпы білім беретін ұйымының
4288-і - ШЖМ. Бұл жалпы санның 56,5 %-ын құрайды. Ауылдық жерлерде 6032
жалпы білім беретін мектеп бар. Оның 4139-ы ШЖМ. Бұл барлық санның 68,6 %-
ы. 1913 қала мектебінің 149-ы - ШЖМ. Бұлар оқушы санының аздығымен,
сыныптарды біріктірумен, мұғалімдердің көп пәннен сабақ беруімен
сипатталады.
Елдегі халық тығыздығының әркелкілігі аталған проблеманың өңірлік
аспектісіне негізделген: ШЖМ-ның басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан
(облыстағы барлық мектеп санының 88,1 %-ын құрайды), Ақмола (81 %),
Қостанай (77,5 %), Павлодар (76,5 %), Батыс Қазақстан (72,9 %), Ақтөбе
(67,5 %), Шығыс Қазақстан (67,9) Қарағанды (58,9 %) облыстарында.
Соңғы 15 жылда ШКМ-ның саны күрт өсті. Әр төртінші мұғалім ШЖМ
жағдайында жұмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында
оқиды.
Қазақстанда ШЖМ-ның ғылыми негізделген және бекітілген балама
модельдерінің болмауына байланысты материалдық-техникалық жабдықтаудың
өңірлік жүйесі, педагогикалық процестерді ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдер
қолдану жүзеге асырылуда.
Бір аймақта жақын орналасқан ШЖМ-ны бірыңғай білім беру кеңістігінде
біріктіретін ресурстық орталықтар; мектеп-кешені (мектеп-балабақша,
мектеп-мектепке дейінгі білім беретін шағын орталық, мектеп-мектеп
жанындағы интернат-мектепке дейінгі шағын орталық); құрамына ауыл
кітапханасы, медициналық пунт, пошта, клубтар кіретін мектеп-әлеуметтік
мәдени орталық; ауылшаруашылық бейіні бойынша тереңдетілген теориялық
және практикалық дайындық өткізілетін мектеп-агро-биолаборатория; әртүрлі
жастағы оқушылармен ұжымдық оқыту сабағы негізінде педагогикалық
процестерді ұйымдастыруды болжайтын оқытудың сыныптық-сабақтық түріне
жатпайтын мектептер құру тәжірибесі бар.
Жекелеген мектептердің локальдық оң тәжірибесі мен қызметтерінің
табысты нәтижелерінің болуына қарамастан, жалпы мемлекеттік аралық бақылау
мен ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінен, бітірушілердің алдағы өмірін
талдауынан ШЖМ оқушыларының жалпы білім дайындығының төмендігі анықталды.
Басты себеп - ШЖМ-да білім беру процесін ұйымдастырудың әдіснамалық,
мазмұндық, әдістемелік, технологиялық компонентерінің нашар әзірленуі.
ШЖМ проблемалары тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Батыс Еуропа,
Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Ресей, Өзбекстан және т.б. елдерде
де өзекті болып табылады. ШЖМ проблемаларын шешудің оңтайлы жолын анықтау
бәсекеге қабілетті ұлттық жүйені қалыптастырудың қажетті шарты болып
табылады, сондай-ақ халықаралық деңгейде вариативті модель ретінде
қарастырылады.
Қазақстандағы ШЖМ–ны дамытудың негізгі проблемалары ретінде келесі
мәселелерді бөліп көрсетуге болады:
1.1. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру:
- аз толтырылған сыныптарда оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің артық
болуы;
- гипербақылауға және нәтижесінде білім алушының мазасыздануына алып
келетін педагогикалық процестің нәтижелерін бағалаудың тиімсіз
жүйесі;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нашар пайдалану;
- білім алушылар санының аздығына байланысты сапалы бейінді оқытуды
ұйымдастыру мүмкіндігінің жоқтығы;
- қосымша білім беру ұйымдарының және мәдени орталықтардың жоқтығы.
1.2 Кадрлық қамтамасыз ету:
- педагогтердің-пән оқытушыларының толық оқу жүктемесімен қамтамасыз
етілмеуіне, басқа мамандық иелерінің пәндерді жүргізуіне себепші болатын
жоғары оқу орындарында, арнаулы оқу орындарында мұғалімдерді даярлаудағы
мамандандырудың бір бейінділігі;
- педагогтерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін
арттырудың арнайы білім беру бағдарламаларының жоқтығына негізделген ШЖМ
жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне мұғалімдердің
дайындықсыздығы;
- ШЖМ мұғалімдерінің бірнеше пән бойынша сабаққа дайындалу және
біріктірілген сынып-комплектілеріндегі білім беру процесінің тиімділігін
қамтамасыз ету үшін жұмсалатын уақыттары мен интеллектуалдық ресурстарына
сай еңбекақы төлеу, ынталандыру және қолдаудың болмауына байланысты
педагогтер ынтасының төмендігі.
1.3 Нормативтік-құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау:
- ШЖМ-ның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаның
жетілмегендігі;
- ШЖМ-ға арналған үлгілік оқу жоспарының жоқтығы;
- ШЖМ оқу жоспарының вариативті және жеке компоненті бойынша білім
беру оқу бағдарламаларының жоқтығы;
- мұғалім үшін қазақстандық білімді дамытудың үрдістері мен
перспективаларын есепке алатын қазіргі заманғы педагогикалық және
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде ШЖМ жағдайында білім
беру процесін ұйымдастырудың құралдары мен әдістемелік ұсынымдамаларының
жоқтығы.
1.4 Материалдық-техникалық жағдай:
- ШЖМ-нің жартысынан көбінің ыңғайластырылған ғимараттарға орналасуы;
- 90 мектептің апаттық жағдайы;
- 786 мектеп ғимаратының күрделі жөндеуге қажеттілігі;
- арнайы оқу зертханалары мен шығармашылық шеберханалардың, қазіргі
заманғы жиһаздардың, техникалық құралдардың, спорт мүкәммалдарының, оқу
залы бар электронды кітапханалардың жоқтығы. 948 мектепте асхана, 822
мектепте спорт залы жоқ; медициналық кабинеттердің жабдықтары қазіргі
заманғы талаптарға сәйкес келмейді;
- телекоммуникациялардың ескірген инфрақұрылымы; кең жолақты
Интернетке 10,3% ШЖМ қосылған, 44% ШЖМ интерактивті жабдықтармен
жарақтандырылған, 1130 негізгі және орта ШЖМ-да физика, 1410 химия, 1576
биология, 85 информатика кабинеті жоқ.
Осылайша, ШЖМ оқушыларының сапалы білім алуына және табысты
әлеуметтенуіне мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу; ШЖМ-
ны дамытудың концептуалды, нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық-
экономикалық негіздерін қалыптастыру; олардың инфрақұрылымы мен ресурстық
қамтамасыз етілуін жаңғырту Қазақстан Республикасында шағын жинақты
мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеудің
өзектілігі мен қажеттілігіне негізделеді.

2. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: ШЖМ-ны дамыту стратегияларын және оқушылардың сапалы білім
алуға конституциялық құқықтарын іске асырудың тетіктерін айқындау.
Негізгі міндеттері:
1. Сапалы білім алу мен табысты әлеуметтенуге бірдей қол жеткізу мен
тең мүмкіндіктердің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
2. ШЖМ-ны дамытудың нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық-
экономикалық негіздерін қалыптастыру;
3. ШЖМ-ның басқару, ғылыми-әдістемелік, оқу-дидактикалық және
ақпараттық-коммуникациялық ресурстарын дамытудың пәрменді тетігін
әзірлеу;
4. ШЖМ-ны білікті кадрлармен қамтамасыз ету тетігін айқындау;
5. ШЖМ инфрақұрылымын жаңғыртуды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес
жүзеге асыру.

3. Шағын жинақты мектептерді дамытудың әдіснамалық негіздері

Ұлттық білім беру жүйесін дамыту тұлғаға бағытталған, қызметтік
білім берудің, ізгіліктің, адамның басты құндылығын мойындаудың, оның өзін-
өзі тану құқығы мен үздіксіз дамуының әдіснамасы мен философиясына
негізделеді.
Гуманизация – елдің білім беру жүйесінің әлеуметтік аз қорғалған
буыны ретінде ШЖМ-ны дамытуға негізделген тұжырымдамалық тәсілдің негізгі
әдіснамалық жағдайының бірі.
ШЖМ-да білім беруді гуманизацияландыру:
- бала тұлғасын педагогикалық процестің ортасына қою, оқытуды оған
бағдарлау, өзін-өзі тану, дамыту, жетілдіру үшін мүмкіндіктермен
қамтамасыз ету;
- білімдік бағдарланған тәсілден дамушы, тұлғалық бағдарланған,
құзыретті білімнің пайдасы үшін бас тарту;
- қатаң пәндік және жеке білімнен пәнаралық интеграцияға - әлеуметтік
пәнаралық байланыстарды (мазмұнды-ақпараттық, процессуалдық-қызметтік,
ұйымдастыру-әдістемелік) нақты педагогикалық процесте жүзеге асыру үшін
мектептің оқу жоспарының пәндерін біріктіруге ауысу.
- оқыту мен тәрбиелеуді оңтайлы жекелеу және дұрыс жіктеу:
оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттері ескерілетін оқыту мен
тәрбиелеу технологияларын таңдау;
педагогикалық процесті психологизациялау: уақытылы психикалық түзеу;
қалыптастырылып жатқан тұлғаны мақсатты бағытталған диагностикалау және
т.б.
- тұлға мен қоғамның өзара әрекетін оңтайландыру, барлық әлеуметтік
институттарды тұлғаны жан-жақты дамыту процесіне енгізу, оларды әлеуметтік
әріптестікке жатқызу;
- мұғалімді озық гуманистік даярлауды: педагогикалық гуманизммен,
эмпатиямен меңгеру; оны оқушылармен диалогқа, ынтымақтастыққа даярлау;
шығармашылық өзін-өзі тану қажеттілігіне қалыптастыру арқылы іске
асырылады.
ШЖМ-ны дамытудың тұжырымдамалық жағдайы табиғи және мәдени сәйкестік
принциптеріне қатысты, ол жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтар бағытына,
өңірлік және тұлғалық компоненттерді есепке алуға негізделеді.
Синергетикалық тәсілдерге сәйкес ШЖМ қызметінің теориясы қауыммен, ауылдың
мәдени орталығының функциясын орындаушы ұйымдармен, өндірістік
құрылымдармен, халықпен әлеуметтік әріптестік үшін ашық кіші жүйе ретінде
қарастырылады.
Тұжырымдамалық идеялардың бірі ШЖМ мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби
дамуы туралы жағдай болып табылады.
ШЖМ проблемалары бүтіндей басқару ұстанымында, тәсілдердің
кешенділігінде көрсетілген жағдайда олар тұтас маңыздылыққа ие болады.
Аталған проблемаларды шешу мақсатқа бағытталған қызметті ұйымдастыру,
мектеп ортасы үшін білім беру процесінің сыртқы және ішкі субъектілеріне
әсерін келісу тұрғысынан қарастыру қажет.
Осылайша, ШЖМ-да білім беру процесін ұйымдастыру тұлға тұжырымдамасы
қызметінің басымдығы негізінде құрылады.

4. Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері

Мақсаты: әрбір білім алушының өмір бойы табысты әлеуметтенуіне, кәсіби
тұрғыда өзін-өзі тануына, өзін-өзі қалыптастыруына, өзін-өзі жетілдіруіне
ықпал ететін қазіргі заманғы сапалы білім алуы үшін жағдайлар жасау.
Міндеттері:
- өмірлік маңызды құзыреттілікті қалыптастыру;
- білімнің даралық және жіктелген кең спектрін қамтамасыз ету;
- білім беру процесінің құнды бағдарлығы мен дамушы әлеуетін
арттыру;
- педагогикалық процесті жүйелі қызметтік тәсіл, технологияландыру,
оқытудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін оңтайлы үйлестіру
негізінде жобалау;
- ішкі және сыртқы ресурстарды пайдалану есебінен ШЖМ-ның ақпараттық
білім беру ортасын ұйымдастыру;
- әлеуметтік әріптестікті іске асыру арқылы білім алушының тұлғасын
қалыптастыру және әлеуметтендіру ортасын жасау.
ШЖМ қызметін ұйымдастыру принциптері:
- әрбір оқушы, оның ішінде ерекше қажеттілікті талап ететін балалар
үшін сапалы білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ететін
демократияландыру, білім беру процесі субъектілерінің ынтымақтастығы;
- білім беру процесі мен социум субъектілерінің өзара белсенді іс-
әрекетін қамтамасыз ететін әлеуметтік әріптестік;
- білім алушының тұлғалық өсуіне қажеттілікті қанағаттандыруға ықпал
ететін білім берудің дамытушылық және шығармашалық сипаты;
- білім берудің жеке-тұлғалық және жалпымәдени аспектілерінің бірлігін
қамтамасыз ететін жан-жақтылық;
- топтық үлгі бойынша білім беру деңгейінің үздіксіздігі мен
сабақтастығы;
- білім беру процесінің мазмұны мен технологияларының икемділігі,
вариативтілігі;
- өзгеретін әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі жетілдіру қабілетінің
дамуын қамтамасыз ететін бейімделгіштік;
- ШЖМ-дағы әлемдік практиканың қазіргі заманғы педагогикалық
жетістіктерін енгізуге мүмкіндік беретін жаңашылдық.

3. Шағын жинақты мектептерді дамытудың басым бағыттары және оларды іске
асырудың тетігі

ШЖМ-ны дамытудың басым бағыттарына білім беру мазмұнының тұлғалық
бағдары, білім беру процесінің технологиязациясы, әлеуметтік әріптестіктің
мүмкіндіктерін пайдалану, нормативтік және қаржылық қамтамасыз ету және
т.б. жатады.
5.1. Білім беру процесінің мазмұны мен технологизациясы
Білім беру мазмұны білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік білім
беру стандартымен анықталады. ШЖМ-ның үлгілік оқу жоспарының ерекшелігі жас
ерекшеліктері әртүрлі жастағыларды біріктірілген сынып-кешендерде оқыту
негізінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшелігін айқындау болып
табылады, яғни вариативтік және оқушылық компонент сағаттарының көбейтілуін
анықтайды.
Оқу жоспарының вариативтік бөлігі бейіналды даярлық пен бейінді
оқытуды көрсетеді, білім алушылардың оқу зертханалары мен
шеберханаларындағы оқу-танымдық және зерттеу қызметін ұйымдастыру арқылы
таңдау бойынша курстардың практикалық бағыттылығын күшейтеді.
Материалдық-техникалық базаның нашар жарақтандырылуы, ШЖМ
жағдайындағы кадрлардың жеткіліксіздігі білім алушылардың кәсіби бағдарын
ескере отырып, оларды таңдау бойынша бейінді пәндермен және курстармен
қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бермейді. Аталған проблеманы шешу үшін
ішкі және сыртқы ресурстарды шоғырландырған орынды. Сыртқы ресурстарды
тартудың бір нұсқасы ретінде жеке білім беру траекториясы негізінде білім
алушылардың өзіндік жұмысының үлес салмағын арттыруды қарастыратын оқытудың
желілік нысанын қарастыруға болады.
Құнды-әрекетті білім беруді іске асыру педагог пен оқушының қойылған
мақсатқа жету жолындағы өзара қатынас тәсілдерін реттеуді қарастыратын жеке
тұлғалық бағыт пен оқыту процесінің технологизациясы арқылы жүзеге асады.
ШЖМ жағдайында деңгейлеп жіктеудің педагогикалық технологиясын, жас
ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды, сын тұрғысынан ойлауды, оқытудың
ұжымдық тәсілдерін, топтық-үдемелі, модульдік, жобалық оқытуды, ақпараттық-
коммуникациялық оқытуды және оқытудың басқа да технологияларын пайдаланған
орынды. Технологияландыру арқылы білім беру процесінің компоненттері
нәтижелердің толықтығына, кешенділігіне, болжамдылығына ие болады.
5.2. Білім беру процесін ұйымдастыру
ШЖМ-дағы білім сапасы көбінесе сыныптардың дұрыс жинақталуымен
анықталады.
Екі сыныпты бір сынып-комплектіге жинақтағанда оқушылар саны 15
адамнан аспау керек. Бірінші сынып оқушыларын, сондай-ақ мектепалды
даярлық сыныптарын сынып-комплект құрамына қоспаған жөн. Бұл кезеңде
баланың психофизикалық денсаулығына және мінез-құлқына ықпалын тигізетін,
психикалық қобалжуын күшейтетін жаңа жағдайға бейімделуі жүріп жатады. Егер
бірінші сынып оқушыларының саны 3 адам болса, сабақ жеке режимде
жүргізіледі.
Контингенттің жетіспеушілігіне қарамастан 9-сынып оқушыларын
бітірушілер ретінде басқа сыныптармен қосуға болмайды, себебі бұл оқушылар
санатының соңғы емтихандарға дайындалуы үшін ерекше көңіл бөлуді қажет
етеді.
Жоғары сыныптарды (10-11) біріктіруге жол берілмейді, яғни қорытынды
аттестаттауға және бейінді оқыту кезінде білім беру мазмұнының
вариативтілігіне байланысты негізделген.
Қазіргі заманғы технологиялар дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйемен
қатар білім беру процесінің баламалы нысандары мен әдістерін қолдануға
мүмкіндік береді. Білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті оқу материалын
өтудің және алынған нәтижелерді өлшеудің жеке білім беру бағдарламалары мен
технологиялық карталары арқылы басқарылатын арнайы ұйымдастырылған өзін-өзі
оқытуды қарастырылады. ШЖМ-нің білім беру процесін ұйымдастыруда
республиканың барлық мектебін кең жолақты Интернетке қосуды талап ететін
қашықтықтан және теле-оқыту мүмкіндіктерін пайдаланған орынды.
Мұндай жағдайда мұғалімнің рөлі өзгереді (педагог-эдвайзер, педагог-
тьютор және т.б.), мұғалімнің іс-әрекеті мәліметтерді өндіруге емес,
оқушыға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге және оны оқу-танымдық
процесте алып жүруге бағытталады. Оқу материалдарын өз бетінше меңгеру
қабілеті мен дағдыларына ие болған оқушылар да мұғалім-тьюторлардың
көмекшісі бола алады. Бұл ретте деңгейлеп жіктеу іске асады, оқушыларда
танымдық іс-әрекет тәсілдері қалыптасады, оқушының жеке тұлғалық өсуін
объективті бағалау қамтамасыз етіледі.
Білім беру процесін ақпараттық қамтамасыз ету үшін әрбір мұғалімнің
және оқушының сұранысын қанағаттандыратын, соның ішінде ерекше білім алу
қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқу-ақпараттық ресурстар құрылады. ШЖМ
жағдайында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру назар аударуды талап етеді.
Бейіналды даярлық және бейіндік оқыту жағдайында тірек мектебі-
ресурстық орталықтың мәні арта түседі, оның базасында шағын жинақты
мектептердің ақпараттық, кадрлық, оқу-әдістемелік ресурстарын интеграциялау
жүзеге асырылады. Арнайы ұйымдастырылған білім беру процесі оқытудың
сессиялық және сессияаралық түрін қарастырады. Сессияаралық кезеңде оқу-
танымдық процесс технологиялық карталарды қолдана отырып және ақпараттық-
коммуникациялық қатынас жасай отырып, жеке оқыту негізінде жүзеге асады.
Шығармашылық зертханаларда және шеберханаларда, соның ішінде жобалық-
зерттеу жұмысын пайдалана отырып оқыту есебінен сессиялар практикалық
бағытталуды күшейтеді.
Педагогикалық процесті ұйымдастырудың вариативті түрлері мынадай
үлгідегі білім беру кешендерінде табысты іске асады: мектеп-балабақша,
мектеп-мектепке дейінгі білім беретін шағын орталық, мектеп-мектеп
жанындағы интернат, мектеп-әлеуметтік мәдени орталық, сыныптық-сабақтан тыс
үлгідегі мектеп және т.б. Ауылдағы ШЖМ таңдап алынған білім беру кешеніне
қарамастан ұзартылған күн режимінде жұмыс істеуі тиіс.
5.3 Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру
Мектептің, отбасының және әлеуметтік ортаның өзара сабақтастығы шағын
жинақты мектептің дамуының міндетті шарты болып табылады. Мектеп отбасы,
өзге де білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, мәдени-сауықтыру
орталықтары, шаруашылық субъектілері, құқық қорғау органдары, мемлекеттік
емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар және т.с.с. әртүрлі институттармен
әлеуметтік әріптестіктің белсенді қатысушысы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақты мектептердің жай - күйі және негізгі проблемалары
ҚР шағын комплектілі мектеп мәселесі-талдау
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Түркістан облысындағы шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы мен болашағы
Шағын жинақты бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мәселелері
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралары
Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы. Оқу құралы
Пәндер